"Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 230 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 230 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 маусымдағы
№ 618 қаулысымен
бекітілген

Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптасатын лот бағасы;

      2) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) борышкер – өзінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкі Салық кодексіне сәйкес кепілге салынған немесе салық берешегін, кеден төлемдері мен салықтар, өсімпұл бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКО) шешімі бойынша мүлкіне билік етуі шектелген жеке немесе заңды тұлға;

      4) кепілдік жарна – борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукционға қатысуға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға енгізген ақшалай сома;

      5) компания – салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті орган айқындаған уәкілетті заңды тұлға;

      6) лот – бір немесе бірнеше бірдей және (немесе) біртекті заттардан тұратын борышкердің мүлкі не бөлінуі заттардың шаруашылық мақсатының (функцияларының) өзгеруіне әкеп соқтыратын заттар кешені;

      7) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;

      8) сату бағасы – электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген, мүліктің бағалау құнының 65 пайызынан кем болмауға тиіс лоттың түпкілікті бағасы;

      9) мүлік – шартқа және (немесе) МКО қаулысына сәйкес салық берешегі, кеден төлемдері мен салықтар, өсімпұл бойынша берешек есебіне өндірілетін, билік етуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлік;

      10) мүлікті өткізу бойынша шығыстар – компанияның бұйрығымен күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында белгіленген және тиісті күнтізбелік жылдың ішінде қолданылатын лотты бағалау бойынша жұмсалған шығындар мен оны өткізуге байланысты өзге де шығыстар;

      11) сатып алушы – сатып алу-сату шартына қол қойған сауда-саттық жеңімпазы;

      12) жеңімпаз – лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған және сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған электрондық аукционға қатысушы;

      13) уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті есепке алуды, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және басқа да органдар, ұйымдар;

      14) электрондық аукцион – қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария мәлімдейтін тізілімнің веб-порталындағы сауда-саттық нысаны;

      15) ұйымдастырушы – борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу жөніндегі электрондық қызмет көрсету туралы компаниямен шарт жасасқан мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;

      16) қатысушы – тиісті лот бойынша электрондық аукционға қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      17) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға (бұдан әрі – дерекқор) кіретін бірыңғай нүктені беретін www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс;

      18) техникалық істен шығу – ең болмағанда бір қатысушының электрондық аукцион рәсіміне қатысу мүмкіндігін және (немесе) электрондық аукцион өткізудің техникалық мүмкіндігін жоққа шығаратын тізілім веб-порталының жағындағы техникалық ақаулар.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Мүлікті өткізуге беру

      4. Борышкердің кепілге салған және (немесе) билік етуі шектелген мүлкін өткізуді компания тізілімнің веб-порталында электрондық аукцион ұйымдастыру жолымен жүзеге асырады.

      5. МКО салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулысы және (немесе) мүліктік кепіл туралы шарт борышкердің мүлкін сату үшін негіз болып табылады.

      6. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау кестесін бұзған және (немесе) салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде МКО:

      1) салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан кезде:

      салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулының;

      мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің;

      мүлiктің тізімдеме актісінің;

      мұндай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың, баланстың (олар бар болса);

      міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке ауыртпалықтардың бар немесе жоқ екені туралы мәліметтердің;

      2) салық төлеуші (салық агенті) салық міндеттемесін орындау кестесін бұзған кезде:

      мүлік кепілі туралы шарттың;

      кепілге салынған мүліктің нарықтық бағасы туралы бағалаушы есебінің электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, борышкер және оның мүлкі туралы мәліметтерді (ЖСН/БСН; заңды мекенжайы және орналасқан жері, банктік деректемелер) дерекқорға енгізеді.

      7. Компания мен бағалаушы МКО құжаттарды дерекқорға енгізген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің қатысуымен мүліктің нақты болуын тексеріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасайды, ол екі жұмыс күнінен кешіктірілмей МКО-ға жолданады. Қажет болған жағдайда мүліктің нақты болуы МКО өкілінің қатысуымен тексеріледі.

3. Лоттың бастапқы бағасын айқындау

      8. Лоттың бастапқы бағасы осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бар екені расталған мүлікке оның бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттардың біреуінің негізінде айқындалады:

      1) бірдей және (немесе) біртекті тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған бағалау туралы қолдағы бар есептің негізінде компанияның мүліктің нарықтық бағасын белгілеу туралы қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды). Компания қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мүліктің техникалық сипаттамасын, сыртқы түрін жан-жақты және көзбен көріп бағалауға мүмкіндік беретін кемінде бес фотосуретін қоса бере отырып жасайды. Бағалау туралы есептің деректері осындай есеп жасалған күннен бастап Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде айқындалған мерзім өткен күнге дейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, қолданылады;

      2) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы компанияның немесе тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есеп (борышкерде мұндай есеп бар болса).

      Компания мүліктің бастапқы бағасы айқындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

      1) тиісті МКО-ның қарап көруі үшін дерекқорға қорытындының немесе компанияның тапсырысы бойынша бағалаушы жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есептің көшірмесін енгізеді;

      2) борышкер бағалау туралы есеппен таныса алатын тізілімнің веб-порталдағы дәл URL-мекенжайын көрсете отырып, борышкерге мүлікті өткізу туралы хабарлама жібереді.

      9. Бірдей тауарларға олардың өздеріне тән негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, оның ішінде тозу дәрежесі, сапасы мен нарықтағы беделі, шығарған ел, өндірушісі, тауар белгісі бірдей тауарлар жатады.

      Егер қалған жағынан бұл тауарлар осы тармақтың талаптарына сәйкес болса, сыртқы түріндегі елеусіз сәйкессіздіктер тауарларды бірдей деп танымау үшін негіз болып табылмайды.

      10. Біртекті тауарларға бірдей емес, бірақ ұқсас сипаттамалары бар (шығарылған елі, тозу дәрежесі, сапасы) және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар жатады, бұл оларға бір функцияны орындауға және олармен өзара алмасымды болуға мүмкіндік береді.

      Бағаланатын тауарлардың өндірушісіне қарағанда басқа тұлға өндірген біртекті тауарлар тек сол өндірушінің біртекті тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға қолайлы деп есептелмеген жағдайда ғана назарға алынады.

      11. Бірдей немесе біртекті тауарларға борышкердің мынадай мүлкін жатқызуға болмайды: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, арнайы техника.

      12. Егер бағалау нәтижелері бойынша борышкердің барлық мүлкінің құны оларды өткізу бойынша болжамды шығыстардан төмен болған жағдайда, компания мүлікті одан әрі өткізуді жүргізбейді. Бұл ретте компания лоттардың бастапқы бағасын айқындау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкердің барлық мүлкін өткізуден бас тарту туралы хабарламаны дерекқорға енгізеді.

4. Мүлікті өткізуге дайындау

      13. Компания лоттың бастапқы бағасы айқындалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорда өткізуге жататын мүлік туралы ақпаратты өзектілендіреді.

      14. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейін компания тізілім веб-порталында әрбір лот бойынша мынадай ақпаратты дерекқорға енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) мүлік бойынша мәліметтер;

      2) мүліктің орналасқан жері;

      3) мүлікті бағалау туралы мәліметтер (бағалау күні, бағалау құны, бағалаушының атауы);

      4) ауыртпалықтардың (тыйым салудың) бар-жоғы туралы мәліметтер;

      5) компанияның шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      Енгізілген ақпаратқа қосымша компания тізілім веб-порталындағы дерекқорға мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) мүлікті бағалау туралы есеп;

      2) мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (бар болған жағдайда);

      3) техникалық жай-күйі туралы көріністі қамтамасыз ететін кемінде бес дана фотосурет.

      15. Тізілім веб-порталында электрондық аукцион өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін компания электрондық аукцион өткізу күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын әрбір лот бойынша дерекқорға:

      1) электрондық аукционның күні мен уақытын;

      2) лот атауын;

      3) лоттың бастапқы бағасын;

      4) кепілдік жарнаның мөлшерін;

      5) ұйымдастырушының банк деректемелерін;

      6) өтінімдерді қабылдау мерзімін;

      7) ұйымдастырушы мен компанияның телефонын және мекенжайын;

      8) компанияның шешімі бойынша қосымша ақпаратты енгізеді.

      16. Ұйымдастырушы компания дерекқорға мәліметтерді енгізген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қателіктердің бар-жоғын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады және тізілім веб-порталына сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялайды.

      Ұйымдастырушы тізілім веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада, астанада орналасқан аумақтық бөлімшелер арқылы консультациялық көмек көрсетеді.

      Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы тізілім веб-порталында орналасқан борышкердің мүлкі туралы ақпаратқа ниет білдірушілердің барлығына еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      17. Қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

5. Электрондық аукционға қатысу шарттары және қатысушыларды тіркеу тәртібі

      18. Электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға мынадай әрекетті жүзеге асырады:

      1) электрондық аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының банктік шотына кепілдік жарнаны енгізеді. Бұл ретте кепілдік жарналардың кез келген мөлшерін енгізуге жол беріледі. Бір кепілдік жарна сауда-саттығына қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға осы кепілдік жарнаны енгізген лотты сатып алу құқығын береді.

      Әрбір лот бойынша электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна лоттың бастапқы бағасының 15 пайызын құрайды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) тізілім веб-порталында мыналарды:

      жеке тұлғалар үшін: ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);

      заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауын, лауазымды тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);

      кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банк шоттарының деректемелерін;

      байланыс деректерін (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail) көрсете отырып, тіркейді.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда жеке немесе заңды тұлға бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді;

      3) ЭЦҚ қол қойылған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      19. Өтінім тізілім веб-порталында тіркелгеннен кейін автоматты режимде өтінім берілген лот бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтің болуына тексеру жүргізіледі.

      Дерекқорда ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда тізілім веб-порталы өтінімді қабылдауды және жеке немесе заңды тұлғаны сауда-саттыққа жіберуді жүзеге асырады. Дерекқорда ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда тізілім веб-порталы жеке немесе заңды тұлғаның өтінімін қабылдамайды.

      20. Жеке немесе заңды тұлғаның осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түспеуі өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      21. Өтінім берген жеке және заңды тұлғалар үшін борышкердің мүлкі бойынша қолда бар қосымша мәліметтерге ақысыз қол жетімділік, сондай-ақ:

      1) сатылатын мүлікті алдын ала қарау;

      2) өтінім беру мерзімінің өту уақытынан кешіктірмей оны кері қайтару;

      3) жеке немесе заңды тұлғаны қатысушы ретінде тіркеуден бас тарту себептері жойылған жағдайда өтінімді қайта беру мүмкіндігі беріледі.

6. Электрондық аукцион

      22. Электрондық аукцион тізілім веб-порталында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс, мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығындағы кезеңде өткізіледі.

      23. Электрондық аукцион Астана қаласының уақытымен сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі уақыт аралығында өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Астана қаласының уақытымен сағат 15.00-ден кешіктірмей басталады.

      Электрондық аукцион қатысушылары аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ қолдана отырып, аукцион залында тіркеледі. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытында аукцион залында лоттың бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыру арқылы басталады. Егер аукцион басталған уақытта аукцион залында лот бойынша аукционға екеуден аз қатысушы тіркелген және болған жағдайда, бұл лот бойынша аукцион өткізілген жоқ деп танылады.

      24. Электрондық аукцион қатысушылардың баға ұсынысын беру әдісімен өткізіледі және қатысушылардың бірі ең жоғарғы баға ұсынғанға дейін өткізіледі. Бұл ретте бағаның өзгеру қадамы былайша белгіленеді:

      1) 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 10 пайыз мөлшерінде;

      2) 20 000-нан 50 000-ға дейін еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 7 пайыз мөлшерінде;

      3) 50 000-нан 100 000-ға дейін еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 5 пайыз мөлшерінде;

      4) 100 000-нан 250 000-ға дейін еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде;

      5) 250 000-нан 500 000-ға дейін еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 1 пайыз мөлшерінде;

      6) 500 000-нан және одан жоғары еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      25. Электрондық аукцион мынадай тәртіппен өткізіледі:

      1) электрондық аукцион басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, бұл олардың шарттарды сақтай отырып, лотты сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптасады;

      2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі;

      3) егер электрондық аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі ағымдағы ең жоғарғы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      4) егер электрондық аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың біреуі басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген қадамға ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

      5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растамаса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      6) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.

      Осы Қағидалардың 23-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда компания ЭЦҚ қолдана отырып тізілім веб-порталында қалыптастырылатын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды. Компания өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қойған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн өткен соң осы Қағидаларға сәйкес өткізілмеген мүлік бойынша қайтадан аукцион өткізуді ұйымдастырады.

      26. Тиісті лот бойынша электрондық аукцион:

      1) компанияның электрондық мекенжайына сауда-саттық өткізу басталғанға дейін мүлікті өткізудің күшін жою туралы МКО хаты келіп түскен;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің күші жойылған;

      3) сот органдарының шешімдері, ұйғарымдары болған жағдайларда өткізілмейді.

      27. Электрондық аукцион барысында техникалық ақау туындаған кезде ұйымдастырушы техникалық ақау болуы фактісін тіркейді және аукционның барлық қатысушыларын тізілім веб-порталында ақпарат орналастыру арқылы хабардар етеді.

      Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында техникалық ақау болған кезде электрондық аукцион жалғаса береді.

      28. Электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін тізілім веб-порталында техникалық ақау фактісі болған жағдайда, ұйымдастырушы тез арада ол туралы компанияны хабардар етеді және тізілім веб-порталында ақпарат орналастыру және тізілім веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды осы электрондық аукционның жалғасатын күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, ұйымдастырушы техникалық ақауды түзеткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционды жалғастыруды ұйымдастырады.

      29. Әрбір сатылған лот бойынша аукцион нәтижелері компания мен қатысушы сауда-саттық өткізу күні ЭЦҚ пайдалана отырып тізілім веб-порталында қол қоятын сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді.

      30. Кепілдік жарна шегерілген сату бағасын электрондық аукционның жеңімпазы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушының есеп шотына енгізеді.

      Ұйымдастырушы кепілдік жарна мөлшерін қоса алғанда, сату бағасын сауда-саттық өткізу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның банк шотына аударады.

7. Электрондық аукцион қорытындысы бойынша шарт жасасу

      31. Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен борышкердің не борышкердің атынан МКО өкілінің сату бағасы бойынша лотты сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сату бағасы компанияның банк шотына енгізілгеннен кейін қол қойылады.

      Қатысушы белгіленген мерзімдерде сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған не осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген сату бағасын енгізу мерзімін бұзған жағдайларда, компания ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және лот қайтадан аукционға шығарылады.

      32. Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама негізінде МКО:

      1) компанияның электрондық мекенжайына – мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын аудару үшін деректемелерді және осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген жағдайда борышкердің деректемелерін;

      2) борышкерге – пошта немесе өзге де байланыс ұйымдары арқылы не хабарламаны жіберу фактісін растайтын өзге тәсілмен жеңімпазбен мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.

      33. Борышкер мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан не ол хабарлама жіберілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келмеген жағдайларда, борышкердің атынан мүлікті сатып алу-сату шартына МКО өкілі қол қояды.

8. Кепілдік жарнаны қайтару, шығыстарды өтеу және мүлікті сатудан түскен соманы бөлу тәртібі

      34. Ұйымдастырушы қатысушының кепілдік жарнасын (электрондық аукционда жеңген қатысушыны қоспағанда) тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған кепілдік жарналарды қайтаруға арналған өтінішке қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      35. Электрондық аукционда жеңген қатысушы енгізген кепілдік жарна ол осы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарында айқындалған сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қою және (немесе) сату бағасын енгізу тәртібі мен мерзімін бұзған жағдайларда кері қайтарылмайды және компанияның кірісіне есепке жатқызылады.

      Жеңімпаз осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан не сатып алушы сатып алу-сату шартының міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда компания кепілдік жарнаны кері қайтармайды және тізілімнің веб-порталы қалыптастырған сауда-саттықтың нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.

      36. Осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес электрондық аукцион өткізілмеген жағдайда, лоттың бастапқы бағасын айқындау бойынша компанияның шығыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борышкер өтейді.

      37. Мүлікті сатып алуға байланысты шығыстар сатып алушыға жүктеледі.

      38. Компания мүліктің сатылған бағасынан мүлікті өткізу бойынша шығыстарды өтейді және мынадай мөлшерде сыйақы ұстап қалады:

Борышкердің мүлкін өткізуден алынған сома

Сыйақы мөлшерлемесі

1

2

3

1.

3 000 000 теңгеге дейін

10 %

2.

3 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін

8 %

3.

7 000 000 теңгеден 15 000 000 теңгеге дейін

5 %

4.

15 000 000 теңгеден жоғары

3 %

      39. Компания сауда-саттық өткізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде МКО көрсеткен деректемелер бойынша борышкердің берешегін өтеу есебіне ақшаны мемлекеттік бюджетке аударады.

      40. Мүлікке билік етуді шектеу туралы тиісті шешімде көрсетілген салық берешегін, кеден төлемдері мен салықтар, өсімпұл бойынша берешегі ішінара өтелген жағдайда, МКО мемлекеттік бюджетке ақша түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде тиісті уәкілетті органдарға иелену құқығы немесе мәмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын өткізілген мүліктен не мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктен ауыртпалықты алу туралы хат немесе электрондық құжат жолдайды.

      41. Барлық талаптарды қанағаттандырғаннан кейін қалған сома, осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджетке ақша аударылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкердің банк шотына аудару жолымен оған қайтарылады.

9. Қорытынды ережелер

      42. Биржалық тауарлар тізбесіне енетін мүлік "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізіледі.

      43. Осы Қағидаларда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 230 қаулысына
2-қосымша
  Салық төлеушінің және (немесе)
үшінші тұлғаның кепілге салған
мүлкін, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің) билік
етуі шектелген мүлкін – салық
берешегі есебіне, төлеушінің –
кедендік төлемдер және салықтар
бойынша берешектің,
өсімпұлдардың есебіне өткізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт

      20__ жылғы "__" _______                               № _______

      _____ жылғы "__" __________ № ____________ шарт негізінде әрекет ететін ______________________________________________ компаниясының атынан

      _____________________________________________________ бірінші тараптан

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      және _______________________________________________________ атынан ___________________________________________ бағалаушы екінші тараптан

      ____ жылғы "___" _______ № ___ борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының қаулысына және (немесе) кепіл мүлкі туралы шартқа сәйкес ____________________________________________________________
____________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), БСН/ЖСН, e-mail және банк деректемелері)

      мүлкін өткізу мақсатында мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы осы

                              (қажетінің асты сызылсын)

      актіні жасады.

      Тізімдеме актісіне және (немесе) 20 ___ жылғы "___" ___________ № ______________ кепіл мүлкі туралы шартқа қосымшаға сәйкес тізімделген және (немесе) кепілге салынған мүліктің тізбесі:

Р/с№

Мүліктің атауы

Саны (дана)

Тізімдеме актісі бойынша құнының жиыны

Мүліктің нақты болуы немесе болмауы ия/жоқ

Мүліктің орналасқан жері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7






















      Мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы актіні:

      ____________________________________________________________________

      (компания өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      ____________________________________________________________________

      (бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      _____________________________________________________________________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің, лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, қол қойған күні)

      борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен жасады.

      Борышкер және (немесе) үшінші тұлға болмаған немесе ол қол қоюдан бас тартқан жағдайларда, акт мемлекеттік кірістер органы өкілінің және куәгерлердің (актіге жеке куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі) қатысуымен жасалады:

      __________________________________________________________________

      (куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, қол қойған күні, бар болса ұялы телефон №)

      __________________________________________________________________

      (куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, қол қойған күні, бар болса ұялы телефон №)

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, қол қойған күні)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 230 қаулысына
3-қосымша
  Салық төлеушінің және (немесе)
үшінші тұлғаның кепілге салған
мүлкін, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің) билік
етуі шектелген мүлкін – салық
берешегі есебіне, төлеушінің –
кедендік төлемдер және салықтар
бойынша берешектің,
өсімпұлдардың есебіне өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы қорытынды

      20__ жылғы "____" _________                   № _______________

      Осы қорытындыны

      __________________________________________________________________________
_____________________________________________________________
(уәкілетті заңды тұлғаның атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысымен бекітілген Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалардың 8-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________________________________________________ мүлкіне қатысты

      (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), БСН/ЖСН, e-mail және банк деректемелері)

      салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының 20___жылғы "___" ___________ № _________ қаулысына сәйкес жасады.

      Ескертпе: кепілге салынған мүліктің нарықтық құны кепіл мүлкі туралы шартта белгіленуіне байланысты кепілге салынған мүлікке қатысты мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы қорытынды талап етілмейді

      Билік етуі шектелген мүліктің сипаттамасын көрсете отырып, оның атауы:

      ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Билік етуі шектелген мүліктің нарықтық құны: ____________________________

      _______________________________________________________________ теңге

      (цифрмен және жазбаша түрде)

      Қорытынды жасау үшін негіздеме:

      20__ жылғы "____" _________ № ____________ бағалау туралы есеп

      бірдей тауар

      біртекті тауар

      бірдей және (немесе) біртекті мүліктің сипаттамасын көрсете отырып, оның атауы:

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      бірдей және (немесе) біртекті мүліктің нарықтық құны: ____________________

      _______________________________________________________________ теңге

      (цифрмен және жазбаша түрде)

      Қосымша: бірдей және (немесе) біртекті мүліктің фотосуреттері (саны)

__________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) және қолы)

      __________________________________________ Мөр орны

      (уәкілетті заңды тұлға басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 230 қаулысына
4-қосымша
  Салық төлеушінің және (немесе)
үшінші тұлғаның кепілге салған
мүлкін, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің) билік
етуі шектелген мүлкін – салық
берешегі есебіне, төлеушінің –
кедендік төлемдер және салықтар
бойынша берешектің,
өсімпұлдардың есебіне өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мүлікті өткізуден бас тарту туралы хабарлама

      20__ жылғы "____" _________                               № _______________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысымен бекітілген Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалардың 12-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлғаның атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), БСН/ЖСН)

      қатысты шығарылған 20__жылғы "___" __________ № ____ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының қаулысы және (немесе) кепіл мүлкі туралы шарт бойынша мынадай мүлікті өткізуден бас тартатыны туралы хабарлайды.

Р/с №

Мүліктің атауы

Саны

Мүліктің орналасқан жері

Мүліктің жиынтық құны, теңгемен

Ескертпе

тізімдеме актісіне сәйкес

мүліктің құнын бағалау туралы қорытындыға немесе есепке сәйкес

1

2

3

4

5

6

7






















      Қосымша (көрсетілсін):

      Мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы компанияның қорытындысы

      Бағалаушының мүліктің құнын бағалау туралы есебі


      Борышкер ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есебі


      20____жылғы "___" __________________ № ________________ құжат

      (мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы компания қорытындысының

      немесе мүліктің құнын бағалау туралы есептің күні мен нөмірі)

      __________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлға қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) және қолы)

      __________________________________________ Мөр орны

      (уәкілетті заңды тұлға басшысының

      (басшы орынбасарының)

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 230 қаулысына
5-қосымша
  Салық төлеушінің және (немесе)
үшінші тұлғаның кепілге салған
мүлкін, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің) билік
етуі шектелген мүлкін – салық
берешегі есебіне, төлеушінің –
кедендік төлемдер және салықтар
бойынша берешектің,
өсімпұлдардың есебіне өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Электрондық аукционға қатысуға өтінім

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің мүлкін – кеден төлемдері мен салықтар, өсімпұл бойынша берешек есебіне өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысымен бекітілген Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) танысып,

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлға үшін: атауы)

      ____________________________________________________________________ тізілімнің веб-порталында 20__ жылғы "__" _________ сағат __ өткізілетін электрондық аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) электрондық аукционға қатысу үшін _____________________

      ____________________________________________________________________

      (есеп шоттың деректемелері көрсетіледі)

      ұйымдастырушының есеп шотына жалпы сомасы ___________ (________) теңге

                                                (цифрмен) (жазумен)

      _____ кепілдік жарнаны енгіздім (енгіздік).

      (саны)

      Енгізілген кепілдік жарна(-лар) туралы мәлімет:

Р/c №

Кепілдік жарнаның мақсаты және электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген мүліктің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1

2

3

4

5

1





2






Жиыны




      3. Мен (біз):

      1) электрондық аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға қойылатын ерекше шарттар мен (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін жеке (заңды) тұлға;

      2) ұйымдастырушы;

      3) компания қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы хабардармын (хабардармыз).

      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз) электрондық аукционда қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), нәтижесінде мен (біз) қол қойған сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (келісеміз).

      5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпазы болып танылған жағдайда, сауда қорытындылары туралы хаттамаға аукцион өткен күні ЭЦҚ қоюға, Қағидаларда белгіленген мерзімде сату құнын төлеуге және Қағидаларда белгіленген мерзімде сатып-алу сату шартына қол қоюға міндеттенемін (міндеттенеміз).

      6. Мынадай:

      1) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға ЭЦҚ қоюдан бас тартқан;

      2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан;

      3) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған;

      4) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған;

      5) белгіленген мерзімде сату бағасын енгізу мерзімі бұзылған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және компанияда қалатынына келісемін (келісеміз).

      7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күші бар.

      8. Өзім (із) туралы мынадай мәліметтер ұсынамын (ұсынамыз):

      Жеке тұлға немесе дара кәсіпкер үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):______________________________________

      ЖСН:_______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлімет (нөмірі мен берілген күні): _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ________________________________________________

      Банк деректемелері:

      ЖСК: _______________________________________________________________

      БСК:________________________________________________________________

      Банк атауы:_________________________________________________________

      Кбе:_________________________________________________________________

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы: _____________________________________________________________

      БСН: ______________________________________________________________

      Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): __________________________

      Мекенжайы: ________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ________________________________________________

      Банк деректемелері:

      ЖСК: _______________________________________________________________

      БСК:________________________________________________________________

      Банк атауы:__________________________________________________________

      Кбе:_________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қолы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы 20__ жылғы "__" _________ __ сағат __ минутта қабылданды.

      Қатысушының аукциондық нөмірі ______________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады