Байланыс формасы

"Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 232 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 574 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 574 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 313-құжат);

      2) "Қарағандышахтатарату" pecпубликалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 522-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 232 қаулысымен
бекітілген

"Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидалары

      Осы "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес әзірленді және "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – "Қарағандышахтатарату" ЖШС) берілген, таратылған шахталар жұмыскерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу тәртібін (сомалар мөлшерін айқындау, оларды қайта есептеу және төлеу тәртібін) айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Зардап шеккен жұмыскер жоғалтқан, онда болған не ол анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулығына зақым келтiруден туындаған шығыстар (дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексерілуге, оңалтуға, бөгде адамның оны бағып-күтуiне, протез салғызуға, банктердің, поштаның қызметі және өзгелері), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтелуге тиіс.

      2. Жұмыскер қайтыс болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 940-бабында көрсетілген адамдардың залалды (зиянды) өтетiп алуға құқығы бар.

2-тарау. Залалды (зиянды) өтеу және қаражатты қайтару тәртібі

      3. "Қарағандышахтатарату" ЖШС-ға берілген, таратылған шахталар жұмыскерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.

      Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.

      4. Өтелуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) пайыздарымен анықталады.

      5. Таратылған шахталар жұмыскерлеріне "Қарағандышахтатарату" ЖШС төлейтін залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түріне қарамастан, Қарағанды облысының аумағында орналасқан, жерасты тәсілімен тас көмірді өндірумен айналысатын ұйымдарға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер бойынша инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.

      6. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді "Қарағандышахтатарату" ЖШС жүргізеді.

      7. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күніне дейін "Қарағандышахтатарату" ЖШС-ны қаржыландыруды жүзеге асырады.

      8. "Қарағандышахтатарату" ЖШС залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.

      9. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріне жөнелту залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар жұмыскерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

      "Қарағандышахтатарату" ЖШС-ға банк, пошта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызмет көрсету шарттарымен айқындалады.

      10. "Қарағандышахтатарату" ЖШС Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне бөлінген қаражат бойынша ай сайын келесі айдың 20-күніне дейін өткен айдың есебін ұсынады.

      11. Залалдың (зияның) өтемін алатын, таратылған шахталардың жұмыскерлері "Қарағандышахтатарату" ЖШС мыналарды:

      Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар – тоқсанына бір рет (тоқсанның бірінші айының 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын азаматтар – жылына бір рет (ағымдағы жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ айына бір рет (айдың 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер ұсынады.

      12. Пайдаланылмаған бюджеттік қаражатты қайтару Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігіне берілген,
таратылған шахталардың
жұмыскерлеріне келтірілген залалды
өтеуге берілетін қаражатты пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

Лауазымдар мен кәсіптер тізбесі

Р/с №

01-2005 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жіктеуішінің қызметтер сыныптауышына сәйкес лауазымдар мен кәсіптердің атауы

Өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілердегі және кәсіптік улану мен кәсіптік ауруды тергеп-тексеру актілеріндегі лауазымдар мен кәсіптердің атауы

1

2

3

1

Учаске бастығы (өнеркәсіпте)

Учаске бастығы, учаске бастығының көмекшісі, аға механик, тиеу бастығы

2

Тау-кен жұмысшылары және жерасты және ашық тәсілмен пайдалы қазбалар өндіру жөніндегі басқа да кәсіптер жұмысшылары

Жерүсті тау-кен жұмысшысы

3

Жерасты тау-кен жұмысшысы

Жерасты тау-кен жұмысшысы, жерасты такелажнигі, жерасты қондырғыларының машинисі, шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші, тау-кен қазбаларын жөндеу жөніндегі тау-кен жұмысшысы, моторист, плиташы, жол жұмысшысы

4

Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы

Тазартушы забойының тау-кен жұмысшысы, үйінді уатушы

5

Жерасты тау-кен монтажшысы

Жерасты тау-кен монтажшысы, монтажшы

6

Жүк тиеуші

Жүк тиеуші

7

Қазандық машинисі (кочегар)

Күлші

8

Бекітуші

Бекітуші

9

Электровоз машинисі

Электровоз машинисі

10

Тау-кен қазу машиналарының машинисі

Тау-кен қазу машиналарының машинисі, комбайншы, көмір комбайнының машинисі, комбайншының көмекшісі

11

Бұрғылау қондырғысының машинисі

Бұрғылау станогының машинисі

12

Үңгілеуші

Үңгілеуші

13

Оқпаншы (жерасты)

Оқпаншы

14

Сылақшы

Сылақшы-маляр

15

Жерасты электр слесарі

Жерасты электр слесарі, кезекші слесарь

16

Кезекші және жабдықты жөндеу жөніндегі электр слесарі (слесарь)

Электр слесарі, электрик

17

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

Электр слесарі - автоматшы

18

Басшы

Директор

19

Геолог

Геолог

20

Таразышы

Таразышы

21

Тау-кен шебері

Тау-кен шебері, ЖМ үлестіруші

22

Учаске шебері

Көмірді байыту шебері

23

Жарушы

Жарушы-шебер

24

Механик

Механик

25

Еңбекті нормалау жөніндегі инженер

Жерасты хронометражшы


  "Қарағандышахтатарату"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
берілген, таратылған шахталардың
жұмыскерлеріне келтірілген залалды
өтеуге берілетін қаражатты пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

Шахталар тізбесі

      "АрселлорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы

      1. Қазақстан.

      2. Шахтинск.

      3. Ленин атындағы.

      4. Тентек.

      5. Саран.

      6. Абай.

      7. Күзембаев атындағы.

      8. Костенко атындағы.

      "ГЕФЕСТ" көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы

      1. Западная.

      2. "Батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      "Рапид" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы Шахта ұңғылау тресті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады