Байланыс формасы

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 243 қаулысы.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2017 жылғы 3 мамырдағы
  № 243 қаулысымен
  бекітілген

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен мүмкіндіктерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау мақсатында жүргізіледі.

      3. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін ранжирлеу – кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін жиналған деректердің салыстырмалы маңыздылығын (ең қолайлы) белгілеу рәсімі;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау – тәуекелдер деңгейлерін кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін жиналған деректерді талдау тәсілімен айқындау;

      жұмыс топтары – Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу үшін мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын топтар;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер жинау – кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен ақпарат алу процесі;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін құрылымдау – оларды кейіннен талдау үшін кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін жиналған деректерді топтастыру және жинақтау;

      қаржы мониторингінің субъектілері – Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектілері;

      мемлекеттік органдар – Заңның 14-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Заңның 18-бабына сәйкес уәкілетті орган өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар.

2. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу тәртібі

      4. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу он сегіз айдан аспайтын мерзімге созылады.

      Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне кейінгі бағалаулар кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне алдыңғы бағалау басталған күннен бастап 36 ай өткеннен кейін жүргізіледі.

      5. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау мақсатында уәкілетті орган:

      қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) қатерін бағалау;

      ұлттық осалдықтарды бағалау;

      банк секторының осалдықтарын бағалау;

      бағалы қағаздар нарығы секторының осалдықтарын бағалау;

      сақтандыру секторының осалдықтарын бағалау;

      өзге де қаржы мекемелерінің осалдықтарын бағалау;

      қаржылық емес сектордың осалдықтарын бағалау;

      терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен осалдықтарын бағалау жөніндегі жұмыс топтарын құрады.

      Жұмыс топтарының мүшелері жұмыс топтарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті біліктілігі бар мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады.

      Уәкілетті орган жұмыс топтарына енгізу үшін мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан өкілдердің кандидатуралары жөнінде ұсыныстар сұратады.

      Жұмыс топтарының жетекшілері олардың мүшелерінің ішінен тиісті жұмыс тобының бірінші отырысында ішкі дауыс беру арқылы сайланады және зерттейтін саласына байланысты айқындалады.

      6. Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

      7. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үш кезеңді қамтиды:

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер жинау;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректерді өңдеу және талдау;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды анықтау.

      8. Жұмыс топтарының құрамына өкілдер ұсыну туралы сұрау салуды уәкілетті орган әрбір кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау басталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар көрсетілген ұсынысты алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қызмет саласына сәйкес жұмыс топтарының құрамына өз өкілдерін енгізу туралы ұсыныс жібереді.

      9. Уәкілетті орган мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өкілдерін жұмыс топтарының құрамына енгізу туралы берілген ұсыныстардың негізінде жұмыс топтарының құрамын бекітеді.

      10. Уәкілетті орган жұмыс топтарының құрамы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Жұмыс топтарының отырыстарын өткізу кестесін (бұдан әрі – кесте) бекітеді және танысу үшін жұмыс топтарының мүшелеріне жібереді.

      Жұмыс топтарының отырыстары кестеге сәйкес, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.

      11. Қажет болған жағдайда жұмыс топтарының отырыстары уәкілетті органның, жұмыс тобы жетекшісінің бастамалары бойынша өткізіледі.

3. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер жинау тәртібі

      12. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер жинауды уәкілетті орган Заңның 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер жинау жөніндегі әдіснамаға (бұдан әрі – әдіснама) сәйкес жүзеге асырады.

      13. Уәкілетті орган әрбір кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау басталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қаржы мониторингінің субъектілеріне кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер ұсыну туралы сұрау салу жібереді.

      14. Мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, сондай-ақ қаржы мониторингінің субъектілері 30 (отыз) жұмыс күні ішінде әдіснамаға сәйкес кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін алдыңғы үш жылдық кезеңдегі деректерді Қағидалардың 13-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе Microsoft Office Excel форматында электрондық тәсілмен ұсынады.

      15. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер болмаған жағдайда мұндай деректердің болмау себептері көрсетіледі.

4. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректерді өңдеу және талдау тәртібі

      16. Уәкілетті орган барлық деректерді алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін:

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін ұсынылған деректердің сәйкестігі және толықтығы тұрғысынан кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін жиналған деректерді салыстыру;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін жиналған деректерді құрылымдау;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін жиналған деректерді ранжирлеу арқылы жиналған деректерге өңдеу жүргізеді.

      17. Уәкілетті орган кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректерді өңдегеннен кейін оларды 5 (бес) айдан аспайтын уақытқа созылатын талдауды жүзеге асырады, оны жүргізу кезінде:

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің көзін;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің сипатын;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің ықтималдылығын;

      кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің салдарларын анықтайды.

      18. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректерді талдау кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзара бағалау және прогресс туралы есептер мен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың баяндамаларынан ақпарат та пайдаланылады.

      19. Жиналған деректерді талдау қорытындылары бойынша уәкілетті орган кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті қалыптастырады, онда:

      1) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері сипатының, көзінің, ықтималдылығы мен салдарының сипаттамасы;

      2) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері үшін жиналған деректер талдауының қорытындылары қамтылады.

      20. Уәкілетті орган кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау бойынша есепті қалыптастырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны жұмыс топтарына береді.

5. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау мен кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды анықтау тәртібі

      21. Жұмыс топтары кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті алған күннен бастап 5 (бес) айдан асырмай қарайды және тәуекелдің мынадай:

      "өте жоғары";

      "жоғары";

      "елеулі";

      "орташадан жоғары";

      "орташа";

      "орташадан төмен";

      "төмен";

      "өте төмен";

      "елеусіз тәуекелдері бар";

      "тәуекел жоқ" деңгейлердің бірін береді.

      22. Жұмыс топтары қарау және тәуекелдің тиісті деңгейлерін беру қорытындылары бойынша кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау бойынша қорытынды есептерді (бұдан әрі – қорытынды есеп) қалыптастырады, онда:

      1) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау сипаттамасы;

      2) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау бойынша тұжырымдар;

      3) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар қабылдау туралы қорытынды қамтылады.

      23. Жұмыс топтары қорытынды есептер қалыптастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті органға береді.

      24. Уәкілетті орган қорытынды есептерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      25. Мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қорытынды есептерді алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ескертулер мен ұсыныстарды жібереді не олардың жоқтығы туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар Қорытынды есепке ескертулер мен ұсыныстар берген жағдайда, уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан әрі пысықтау үшін жұмыс топтарына жібереді.

      26. Мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген мерзімде ұстанымдарын ұсынбаған жағдайда қорытынды есептер келісілген деп есептеледі.

6. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау тәртібі

      27. Уәкілетті орган қорытынды есептерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 358 бұйрығымен құрылған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) отырыстарының мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен келісілген кестесіне сәйкес қарауға және мақұлдауға ВАК отырысына шығарады.

      28. Уәкілетті орган ВАК мақұлдағаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қорытынды есептерді жинақтайды және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің ресми интернет-ресурсының жабық бөлігінде орналастырады.

      29. Уәкілетті орган кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар кешенін әзірлейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады