"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сату бойынша екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс өткізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 266 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 425 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2019 № 425 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 103-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 100 % (жүз) пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін ең жоғары баға ұсынған қатысушыға сату бойынша екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс өткізсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады