Павлодар облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жер учаскесін ауыстыру және беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 270 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 105, 138 және 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Павлодар облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы босалқы жер санатынан жалпы ауданы 159,4 гектар жер учаскесі өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі "ӘЖ-500 кВ ПС 1150 кВ Екібастұз-ПС 500 кВ Семей" салу үшін "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамына (бұдан әрі – акционерлік қоғам) 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында берілсін.

      3. Акционерлік қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджет кірісіне өтесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 17 мамырдағы
№ 270 қаулысына
қосымша

"KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында берілетін жер учаскесінің экспликациясы

Р/с №

Жер учаскесінің жалпы ауданы, гектар

оның ішінде:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқық беру мерзімі

жайылым

басқа алқаптар

1

2

3

4

5

6

1

159,4

159,4

-

"ӘЖ-500 кВ ПС 1150 кВ Екібастұз-ПС 500 кВ Семей" құрылысы үшін

5 жыл

Барлығы:

159,4

159,4

-




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады