2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 283 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. 2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 283 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруды және өзге де пайдалануды қоса алғанда, зияткерлік меншікті басқару саласындағы ынтымақтастықтың қажеттілігін түсіне отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Кіріспенің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "зияткерлік меншікті тиімді құқықтық күзету, қорғау және басқару осындай ынтымақтастықты дамытудың міндетті шарттары болып табылатынын мойындай отырып,".

      2. Кіріспе төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруды және өзге де пайдалануды қоса алғанда, зияткерлік меншікті басқару тетіктерін жетілдірудің маңыздылығын ескере отырып,".

      3. 1-баптың бірінші абзацы "Зияткерлік меншікті күзету мен қорғаудың мемлекетаралық жүйесін" деген сөздерден кейін ", зияткерлік меншікті басқару тетіктерін" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 1-баптың а) тармағында "зияткерлік меншікті күзету мен қорғау" деген сөздер "зияткерлік меншік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 1-баптың б) тармағында "зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау" деген сөздер "зияткерлік меншік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 1-баптың в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "в) экономика, сауда, ғылым, техника және мәдениет саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде зияткерлік меншікті күзетуге, қорғауға және зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруды және өзге де пайдалануды қоса алғанда, зияткерлік меншікті басқаруға байланысты мәселелерді келісу, сондай-ақ тиісті халықаралық шарттар жасасуға жәрдемдесу;".

2-бап

      Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Ереженің І бөлімінің 1.1-тармағының бірінші абзацы "зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет ету" деген сөздерден кейін ", зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруды және өзге де пайдалануды қоса алғанда, зияткерлік меншікті басқару тетіктерін жетілдіру үшін жағдай жасау" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Ереженің II бөлімінің 2.1-тармағы "зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау тетіктерін құру, дамыту және жетілдіру," деген сөздерден кейін "зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруды және өзге де пайдалануды қоса алғанда, зияткерлік меншікті басқару" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Ереженің II бөлімінің 2.2-тармағында "Зияткерлік меншікті күзету мен қорғау" деген сөздер "Зияткерлік меншік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Ереженің II бөлімінің 2.3-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "зияткерлік меншікті құқықтық күзету, қорғау және басқару тиімділігін арттыру;".

      5. Ереженің II бөлімінің 2.3-тармағының үшінші абзацында "зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау" деген сөздер "зияткерлік меншік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. Ереженің II бөлімінің 2.4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТМД Үкіметі басшыларының кеңесі мен ТМД салалық ынтымақтастық органдарының отырыстарында қарау үшін зияткерлік меншікті құқықтық күзету, қорғау және басқару мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау.".

      7. Ереженің II бөлімінің 2.5-тармағында "зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау" деген сөздер "зияткерлік меншік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. Ереженің IIІ бөлімінің 3.3-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "зияткерлік меншікті құқықтық күзету, қорғау және зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруды және өзге де пайдалануды қоса алғанда, зияткерлік меншікті басқару тетіктерін іске асыру үшін қажетті халықаралық шарттар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу, зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарға және контрафактілі өнімдерді таратуға қарсы әрекет етудің тиімді тәсілдерін әзірлеу;".

      9. Ереженің IIІ бөлімінің 3.3-тармағының сегізінші абзацы "зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау жүйесін" деген сөздерден кейін ", зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруды және өзге де пайдалануды қоса алғанда, зияткерлік меншікті басқару тетіктерін" деген сөздермен толықтырылсын.

      10. Ереженің IV бөлімінің 4.1-тармағының бірінші абзацы "зияткерлік меншікті күзету мен қорғау" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және өзге де пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

3-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттарды депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      ____________________ ____________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Армения Республикасының
Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін

Түрікменстан
Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін

Украина Үкіметі үшін

Молдова Республикасының
Үкіметі үшін



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады