"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 295 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

      "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1016-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия), сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың (бұдан әрі – өңірлік комиссиялар) қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

      Астана, Ақорда, 2017 жылғы

      №

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады