"Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 325 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама)бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) үш ай мерзімде әзірлесін және бекітсін.

      3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы

      Мазмұны

      Кіріспе

      1-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму үрдістері мен пайымы.

      1.1. Ағымдағы ахуалды талдау

      1.2. Діни ахуалдың негізгі даму үрдістері

      1.3. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту пайымы

      2-бөлім. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері

      2.1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі қағидаттары

      2.2. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың жалпы тәсілдері

      2.3. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер

      3-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Кіріспе

      Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша ресми көзқарастар жүйесі болып табылады.

      Осы Тұжырымдамада дін саласындағы негізгі үрдістер мен ерекшеліктерді талдау негізінде, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2020 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттары мен негізгі бағыттары айқындалды.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" "Коммерциялық емес ұйымдар туралы", "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Тұжырымдаманың құқықтық негізін құрайды.

      Осы Тұжырымдаманы әзірлеу қажеттілігі "Қазақстан-2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясында Қазақстан Республикасы Президентінің "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" Ұлт жоспарында, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауының "Институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес" бесінші басымдығын, Мемлекет басшысының дін саласын реттеу мәселелері жөніндегі тапсырмаларында айқындалған міндеттерден, сондай-ақ конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекетті конституциялық емес деп тану туралы Конституцияның 39-бабының 2-тармағын іске асырудан туындайды.

      Осы Тұжырымдама Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңінің беталысын басшылыққа ала отырып, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің әлем мойындаған қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту, нормативтік құқықтық актілер жүйесі мен елдегі дін саласын реттеу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқарушылық шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылады.

      Тұжырымдама құқықтық, әдістемелік және ұйымдастыру шараларын қоса алғанда, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың пайымына кешенді тәсілдерді болжайды.

      Осы Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының күшін шоғырландыруға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ерекшеліктеріне негізделген мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделін одан әрі дамытудың бағыт-бағдарын тұжырымдауға арналған.

1-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму үрдістері мен пайымы

1.1. Ағымдағы ахуалды талдау

      Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде әлемдік қауымдастық мойындаған, дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді табысты ілгерілетуде бірегей тәжірибесі бар егеменді мемлекет ретінде қалыптасты.

      Сан ғасырлар бойы әртүрлі этностар мен конфессиялар өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірін мәдени тұрғыдан өзара байыта отырып, республика аумағында алғаш рет Қазақстан халқының мәдениетін және дәстүрлі рухани құндылықтарын дамыту үшін қажетті саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты.

      Еліміздің Конституциясына сәйкес тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында теңдік қағидаттарына және әрбір азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі қалыптасты.

      Жалпы қабылданған әлемдік нормаларға сәйкес мемлекет азаматтарының құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздіктің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында діни ұйымдардың қызметін реттеуге құқылы.

      Мәселен, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы халықаралық құқық пен еліміздің Конституциясында көзделгендей әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын іске асыруға бағытталған, ол дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың және ұлттық мүддені қорғаудың құқықтық негізі болып табылады.

      Қолданыстағы заңнама аясында діни бірлестіктердің қызметі реттелген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру, діни іс-шараларды, дінтану сараптамаларын жүргізу, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату тәртібі айқындалған.

      Мемлекет дін саласында тұрақтылықты сақтау, қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, кез келген түрдегі және көріністердегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылдауда.

      2017 жылғы 1 қаңтарда ресми тіркелген 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3658 діни бірлестікпен олардың филиалдарының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасалуда.

      Олардың ішінде саны жағынан ең көбі ханафи мазхабындағы ислам мен православиелік христиан діні. Сондай-ақ католиктер және протестанттар конфессиялары, иудейлер, буддашылар және басқа да қауымдар бар.

      Республикада 3464 ғибадат үйі тіркелген, оның ішінде 2550 мешіт, 294 православие және 109 католик шіркеуі, 495 протестант храмы мен ғибадатханасы, 7 иудей синагогасы, 2 буддашылар храмы, 7 "Кришна санасы қоғамы" және бахаи қауымының ғибадатханасы бар.

      Жұмыс істеп тұрған 2550 мешіт "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" республикалық діни бірлестігінің (бұдан әрі – ҚМДБ) меншігіне кіреді.

      Соңғы жылдары ҚМДБ филиалдарының саны, әсіресе, Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көбейгені байқалады.

      "Қазақстан православие шіркеуі" республикалық діни бірлестігі (бұдан әрі – ҚПШ)өкілдерінің саны жағынан екінші орында. Оның құрамына 325 діни субъект, оның ішінде 301 приход, 9 епархия және 294 діни құрылыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Митрополит округі кіреді.

      Республика аумағында Армян апостол шіркеуі, шетелдегі Православие шіркеуі, Помор православие шіркеуі және 3 ескі ғұрыптық шіркеу жұмыс істейді.

      Қазақстандағы Рим католик шіркеуі (бұдан әрі – РКШ) 85 діни қауымнан тұрады, оның 5 қауымы Грек католик шіркеуіне қарайды.

      РКШ орталығы Католик шіркеуі провинциясына (митрополия) жататын Астана қаласындағы Әулие Мариям Архиепархиясы болып табылады.

      РКШ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 19 мамырдағы № 141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісім негізінде 1998 жылдан бері жұмыс істейді.

      667 протестанттық діни субъект қызмет атқарады. Ең ірі протестанттық қауымға елуіншілер шіркеуі, інжіл христиан-баптистер шіркеуі, пресвитериан, жетінші күн адвентистері және інжіл-лютеран шіркеулері жатады.

      Республикада 13 конфессияның 531 миссионері тіркелген. Тіркелген миссионерлердің арасында саны жағынан РКШ өкілдері басым (257). Православиені 84 миссионер насихаттайды, оның басым көпшілігі Ресей Федерациясының азаматтары болып табылады.

      Қазақстанда 15 діни білім беру ұйымы, мешіттер мен жексенбілік мектептер жанындағы 400 бастауыш курс, ғибадат үйінен тыс діни іс-шараларды өткізуге арналған 383 үй-жай, оның ішінде намазхана, ғибадат бөлмесі және шіркеулер бар.

      Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған 257 арнайы стационарлық үй-жай айқындалды.

      Діни қатынастардың барлық тіркелген субъектілер өз қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады, бейбітшілік пен келісім жолында, қоғамды дамыту, мемлекетті нығайту үшін қызмет етеді.

      Діни бірлестіктердің басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының, орталық және жергілікті деңгейдегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмыстарына белсене қатысады.

      Республикада Құрбан айт және Иса Пайғамбардың туған күні діни мерекелері демалыс күндері