Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 330 қаулысы.

      Қаулы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы Заңы) байланысты Қазақстан Республикасы өзіне алған міндеттемелерді орындау мақсатында әзірленген.

      Осы Конвенцияның 35-бабына сәйкес "әрбір қатысушы мемлекет Комитетке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы олардың осы Конвенция бойынша өз міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қабылданған шаралар туралы және тиісті қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жылдың ішінде осы тұрғыда қол жеткізілген прогресс туралы жан-жақты баяндама ұсынады".

      Қазақстан Республикасы үшін Конвенция 2015 жылғы 21 мамырда қолданысқа енді. Осыған орай, еліміз 2017 жылы Конвенцияның ережелерін орындау туралы алғашқы ұлттық баяндаманы дайындап, БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетіне жолдауы тиіс.

      Баяндама БҰҰ-ның 2009 жылғы 19-23 қазанда екінші сессияда Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеті бекіткен басшылыққа алынатын қағидаттарға сәйкес әзірленді.

      Осы баяндама 2012 – 2016 жылдар кезеңін қамтиды.


      Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз