"Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стратегиялық объектісіне ауыртпалық салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 384 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне стратегиялық объектіге (Кеңқияқ – Құмкөл магистральді мұнай құбырының талшықты-оптикалық кабелінде орналасқан төрт бір модты оптикалық талшықты "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамына жалға беру бойынша) ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады