Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 397 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "1. Қазыналық кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын:

      "3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын

      Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады