Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 491 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:

      15-тармақта:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар хаттама жобасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын немесе хаттама жобасын қоса бере отырып, мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс;";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Материалдары осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін отырыстың күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:      

      "18. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және хаттама жобасын қоса бере отырып, оларды жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын жұмыс тобының мүшелеріне жібереді.

      19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық және/немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссияның/жұмыс тобының отырысында осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға/жетекшi дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуға және осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның/жұмыс тобының есеп-хатына қоса берілуге тиіс.

      Комиссияның/жұмыс тобының отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде төраға және хатшы қол қоятын хаттама жасалады.

      Қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру парағында көзделмеген шешімдер болған жағдайда, комиссия хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдеп, комиссияның/жұмыс тобының мүшелеріне дауыс беру үшін жібереді.

      Хаттама жобасын алғаннан кейін Комиссияның/жұмыс тобының мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды жіберу арқылы дауыс беруі қажет. Комиссияның/жұмыс тобының мүшесі белгіленген мерзімде дауыс бермеген жағдайда, хаттама жобасына ескертулерсіз дауыс берілді деп саналады.

      Комиссияның/жұмыс тобының құрамында ЭЦҚ-сы жоқ жекелеген мүшелер болған жағдайда, дауыс беру дауыс беру парағын толтыру не хаттама жобасына бұрыштама қою арқылы жүргізіледі.".

      2. "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік ақпаратты және/немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына және Кеңседе қолданылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмаған кезде – бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам), өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қойған, толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады.

      Премьер-Министрдің атына жіберілетін, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша хат-хабар бірінші басшының қолтаңбасымен ғана жіберіледі.

      Бірінші басшының іссапарға кетуіне, науқастануына, демалыста болуына байланысты мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған, Премьер-Министрдің атына жіберілетін хат-хабарды енгізуге жол беріледі.

      Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушының қолтаңбасымен енгізілген хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге жатады.

      Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының мөртаңбамен расталған көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, сауалға жауап қайтару немесе тапсырмалардың орындалуы туралы есепте (ақпаратта) Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуға тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күнге сәйкес келетін құжаттарды (басқа жерден поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды.

      Орындаушының тегі, аты-жөні, телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы, Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ құжат даналарының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышта немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469, Asanov.S@ukimet.kz (Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі). Құжатқа қосымшаларды құжатқа қол қойған немесе оны дайындаған адам (құжатты орындаушы) дәйектеуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының Президентіне, Президент Әкімшілігіне, Парламент депутаттарына, Бас прокуратураға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жіберілетін жауап жобаларын аталған жауап жобасын әзірлеген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам дәйектейді.

      Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда жауап жобаларын бірінші басшы Үкімет пен Кеңсе басшылығына жіберілетін құжаттарға қол қоюға ресми түрде уәкілеттік берген адам не оның міндетін атқарушы адам жауап жобасын мемлекеттік органның бірінші басшысымен – Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келіскеннен кейін ғана дәйектейді.

      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуге тиіс (қажет болған жағдайда орыс тілінде қол қойылған бланкісіз нұсқасы қоса беріледі).

      Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарынан, өзінің құзыреті шегінде жауапты хатшысынан төмен емес деңгейдегі адамның немесе оның міндеттерін атқаратын адамның қолтаңбасымен ұсынылуға тиіс.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде дана саны ескерілмейді.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында келіп түсетін құжаттарды (тек электрондық нысанда) Кеңсе сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен құжаттар Кеңсе Басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауымен ғана қабылданады.";

      13-тармақтың 6) тармақшасындағы "құжаттар Кеңседе қабылдауға жатпайды." деген сөздер "құжаттар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымының болмауы мәселесі бойынша бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамаларын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктерді жою хаттамаларын, дәлелденген негіздемелер мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымын қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары Кеңседе қабылдауға жатпайды.";

      29-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокурорлық қадағалау актілері бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарларының жобалары мен Үкіметтің жауаптары Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімімен қосымша келісіледі.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өтініштері мен қаулылары бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарларының жобалары мен Үкіметтің жауаптары Әлеуметтік-экономикалық бөліммен қосымша келісіледі.";

      35-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарының (қызметтік жазбахаттың немесе жауап жобасын) жобасын жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің орындаушысы қаралатын мәселенің нақты ашылуын ескере отырып әзірлейді, оған орындаушы, құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі бұрыштама қояды.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарар (қызметтік жазбахат, жауап немесе әзірленген құжат) жобасының сапасыз дайындалғаны үшін жауапкершілік Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.";

      36-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігінің Парламент қарайтын және Үкіметтің қызметіне қатысы бар заң жобаларының өтуі және басқа мәселелер туралы ақпараттық жазбалары Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің келісуінсіз ұсынылады және мемлекеттік органдарға жіберіледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесінде қарардың (қызметтік жазбахаттың, әзірленген құжаттың) жобасын дайындау және келісу мерзімі тікелей орындаушы құжатты алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Мемлекеттік органдардың тұрақты негізде берілетін есептік ақпаратына қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасын дайындау және Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесінде келісу мерзімі тікелей орындаушы құжатты алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасын бірлесіп орындаушы бөлімде келісу мерзімі құжат бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасы бойынша бірлесіп орындаушыда ескертулер болған жағдайда, бірлесіп орындаушылар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған жазбаша дәлелді ұсыныстар мен қарсылықтарды ұсынады және құжат бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орындаушыға жібереді.";

      84-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістері, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі – жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, "Үкімет үйі" мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық, сол сияқты оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін айқындау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей, ал таныстырылымдардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы 2 (екі) күннен кешіктірмей енгізеді.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілетін хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, Microsoft Power Point форматындағы таныстырылымдардың кемінде 6 (алты) данасын (көлемі 2 (екі) мегабайттан аспайтын және қаріп мөлшері 20-дан кем емес түрлі-түсті слайдтар), түрлі-түсті принтерде басып шығарылған ақпараттық (талдамалық) материалдарды, баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын), қатысушылардың тізімін және Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуға тиіс.

      Қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары болған жағдайда, олардың іске асырылу барысы туралы тиісті ақпарат слайдтарда, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларында көрініс табады.

      Әкімдердің және өңірлердің басқа да өкілдерінің баяндамаларын Өңірлік даму бөлімі Үкімет мәжілісінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

      Үкімет отырысын және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында не Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өтетін кеңестерді, оның ішінде консультативтік-кеңесші органдардың кеңестерін өткізуге және оларға материалдарды дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі өткізілетін күні міндетті түрде материалдар топтамасын (хаттамалық шешімнің жобасы, анықтамалар, салыстырма кестелер, слайдтар, ақпараттық (талдамалық) және отырыста қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар, қатысушылардың тізімі), хаттамалық шешімді (қол қойылған күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде) ЭҚАБЖ дерекқоры әкімшілік жұмыс орнының (ӘЖО) "Инфопанель" қосымша парағында орналастырады (жабық режимде өткізілетін мәжілістер мен кеңестерге дайындалатын материалдарды қоспағанда).";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өтетін кеңеске материалдарды, оның ішінде шақырылғандардың тізімін, кеңесті жүргізу тәртібін, хаттаманың жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.

      Кеңесті ұйымдастыруға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында кеңестің өткізілетіні туралы телефонограммаларды жіберуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымы болған жағдайда, кеңес өткізуге бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттігі туралы негіздемемен бірге бірыңғай ұстанымның болуын растайтын мемлекеттік органдардың хаттары қоса берілген хат енгізеді.

      Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған мәселе бойынша мемлекеттік органдарда бірыңғай ұстаным болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасы, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасы және мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары қоса берілген, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттігі туралы дәлелді негіздемелері бар тиісті хат енгізіледі.

      Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.";

      мынадай мазмұндағы 125-1-тармақпен толықтырылсын:

      "125-1. Мемлекеттік органдар кеңестерге материалдарды – 3 (үш) жұмыс күні бұрын, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына – 7 (жеті) жұмыс күні бұрын және мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын енгізеді.

      Материалдары осы тармақта белгіленген мерзімдерді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін мәжілістің күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.

      Ұсынылатын кандидатуралар мен кеңестерге материалдардың сапасы үшін жауапкершілік жетекшілік ететін бағыттар бойынша мемлекеттік органның бірінші басшыларының орынбасарларына жүктеледі.

      Ерекше жағдайларда жоспарланып отырған кеңеске не консультативтік-кеңесші органдардың отырысына кандидатураны ауыстыру Үкімет пен Кеңсе басшылығымен келісу бойынша кеңес басталғанға дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түріндегі хатты Кеңсеге жіберу арқылы жүргізіледі.";

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Хаттаманы ресімдеуді, құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзімдер көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей – Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі, консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі (сырттай шешімдер), "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті отырыстарының хаттамалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей консультативтік-кеңесші органның хатшысы жүргізеді.

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.

      Құрылымдық бөлімше Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімдейді.

      Хаттама жобасын ресімдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше электрондық құжат нысанында әзірленген жобада құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған бақылаудағы пункттердің нөмірлерін және оларды орындау мерзімдерін көрсетеді.

      БҚҚБ Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы Кеңсе Басшысын тоқсан сайын хабардар етеді.";

      135-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын бірінші басшы Үкімет пен Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға ресми түрде уәкілеттік берген адам не оның міндеттерін атқарушы адам тиісті жобаларды бірінші басшымен – Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келіскеннен кейін ғана дәйектейді.";

      157-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) БҚҚБ-ның бақылау секторына "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері қағаз жеткізгіштерде беріледі, қалған Үкімет қаулылары ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-бөліммен толықтырылсын:

      "8-1. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасау

      166-1. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары бар құжаттардың көшірмелерін және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратқа жататын мәліметтерді қамтитын басқа құжаттарды, бүлінген және ескірген елтаңбалы бланкілерді, басқа қатаң есептегі бланкілерін, жедел сақтау мерзімі, бірақ кемінде 1 (жыл) өткеннен кейін іріктелген өзге де құжаттарды (оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мәлімет үшін келіп түскен және тіркеусіз қабылданған хаттарының түпнұсқаларын) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасай отырып, жою үшін қалыптастырады (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Актілер жасалғаннан кейін БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісіледі.

      Елтаңбалы бланкілердің бүлінген және/немесе ескірген тізбелерін қамтитын актілер БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісілуге жатады.

      166-2. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) екі данада жасалады. Актілер бекітілгеннен кейін БҚҚБ іс жүргізу және архив секторына есепке алу үшін беріледі.

      166-3. Осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісілген құжаттарды жоюға бөлу туралы акті қабылданғаннан кейін ғана жойылуға жатады. Қарап тексеруден кейін іріктелген құжаттар шредерлік (қағаз кесетін) машиналарда ұсақтау немесе жағу арқылы жойылуы мүмкін.

      166-4. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар мен басқа материалдарды осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен актіні (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) ресімдемей, тұтас түрде жоюға тапсыруға тыйым салынады.

      166-5. Осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар және басқа, оның ішінде анықтамалық және қолжазба құжаттар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінде тіркеуге және сақтауға жауапты адамның қатысуымен шредерлік (қағаз кесетін) машиналарды пайдалана отырып ұсақтау немесе қажет болған жағдайда оларды жағу арқылы жойылады.

      Шредерлік (қағаз кесетін) машиналарда әрбір фрагменті 2,5 ш. мм-ден аспайтын фрагменттерге кесілген (ұсақталған) немесе жағылған құжаттар кепілді түрде жойылған болып саналады.

      Бұл ретте жоюға іріктелген "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттар немесе істер мәтінді оқу мүмкіндігін болдырмайтындай дәрежеде міндетті түрде ұсақталады.

      166-6. Жоюға іріктелген "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттар, істер және басылымдар жеке актімен ресімделуі немесе жоюға іріктелген құпия емес құжаттармен бірге жалпы актіге (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) енгізілуі мүмкін. Бұл ретте актінің 2-бағанында істің (құжаттың) тақырыбынан кейін "ҚБП" белгісі қойылады.

      166-7. "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар істер жойылғаннан кейін тіркеу есепке алу нысандарында "Жойылған. № акті (күні)" белгісі қойылады.";

      174-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеңестер хаттамаларына құжаттар мен материалдар әрбір хаттамаға қалыптастырылады. Кеңестерге тиісті құжаттар мен материалдар болмаған кезде хаттамаға қабылданған (келіп түскен) ақпарат қоса беріледі.";

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 10-1-қосымшамен толықтырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін, Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша кеңестерді;";

      4-тармақта:

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен келісу бойынша құжаттар бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Құрылымдық бөлімшелер арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру бөлімге түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кеңсе Басшысының қарары негізінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте ЭҚАБЖ дерекқоры бойынша жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберілген бақылаудағы құжат ("ҚБП" белгісі бар құжаттарды қоспағанда) 1 (бір) жұмыс күні ішінде аталған құжатты тікелей орындауды жүзеге асыратын жауапты орындаушыға (орындаушыларға) берілуге жатады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты Кеңседегі орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардан хаттар және/немесе жауаптар алғаннан кейін есепке олардың уақтылығы, орындалу толықтығы мен сапасы тұрғысынан талдау жүргізеді.

      Қараудың нәтижелері бойынша жауапты орындаушы нақты тұжырымдары мен ұсыныстары бар қызметтік жазбахат (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың бақылаудағы әрбір тармағы бойынша) және/немесе тиісті қарар жобасын дайындап, Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді. Бақылаудағы және бақылауға алынбаған құжаттар бойынша қарардың және/немесе қызметтік жазбахаттың жобасын дайындау және Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына енгізу мерзімі олардың Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелгенінен кейін 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау қорытындыларының нәтижесіне байланысты жауапты орындаушы орындау мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет және Кеңсе басшылығына:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министрдің не оның орынбасарларының атынан Мемлекет басшысының атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің не Президент Әкімшілігінің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігінің атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

      3) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және басшылықтың тапсырмалары бойынша – хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына қызметтік жазбахатты, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тәртібімен түскен мемлекеттік органдардың ақпараты (деректері) негізінде бақылаудан алу, мерзімін ұзарту немесе үкіметтік шешімді, хаттаманы немесе басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстары бар талдау нәтижелерін ескере отырып, орындалуы туралы қорытынды ақпаратты дайындайды не бақылаудан алу туралы қарар жобасын ресімдейді (Заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).

      Бақылаудан алу, нақты орындау мерзімін көрсете отырып мерзімін ұзарту бұдан бұрын тиісті тапсырма берген лауазымды адамның не тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру тапсырылған адамның қарарымен жүзеге асырылады.

      Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын бақылаудан алуды, мерзімін ұзартуды Премьер-Министр ғана жүзеге асырады.

      Бұл ретте мемлекеттік органдар тапсырманы орындау мерзімінің ұзартылғаны немесе үкіметтік шешімдерді және басшылықтың тапсырмаларын нақты орындау мерзімі көрсетіле отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылғаны туралы дереу хабардар етіледі;

      4) мемлекеттік органның Үкімет басшылығының тапсырмасын сапасыз орындағаны немесе орындамағаны белгіленген кезде Кеңсенің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет басшылығының атына тиісті қарар не жазбахат дайындайды.

      Жазбахатта:

      1) тапсырманы қамтитын құжаттың атауы (хаттама, қаулы, Премьер-Министрдің өкімі және т.б.), құжаттың нөміріне, күніне және тапсырманың тармағына сілтеме;

      2) жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;

      3) бастапқы орындау мерзімі;

      4) орындаудың ұзартылған мерзімдерінің күндері (егер болса);

      5) "орындалды", "ішінара орындалды", "орындалған жоқ" деген нақты тұжырымдармен тапсырманы орындау нәтижелері бойынша бағалау;

      6) орындау мерзімін ұзарту немесе орындаудың жаңа мерзімін белгілеу туралы ұсыныс;

      7) Үкімет басшылығының тапсырмасын орындау мерзімін қайта ұзартқан жағдайда, жауапты мемлекеттік саяси қызметші – мемлекеттік органдардың бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану туралы ұсыныс көрсетіледі.

      БҚҚБ Үкімет басшылығы немесе Кеңсе Басшысы қарарының негізінде ЭҚАБЖ деректер базасында орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты белгілейді (орындаудың жаңа мерзімі белгіленген кезде мемлекеттік органға ұзарту көрсетілмейді);

      5) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша – Парламент депутаттарына жауап жобасын немесе белгіленген тәртіппен дайындалған Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын ұсынады.

      Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты жіберу қажет болған жағдайда, Кеңсе Басшысына құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған, аралық ақпаратты жіберу қажеттілігінің себептері мен негіздері, сондай-ақ жүргізілген жұмыс, талап етілетін шаралар және орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген қызметтік жазбахат енгізіледі.

      Премьер-Министр және оның аталған мәселеге жетекшілік ететін орынбасары болмаған жағдайда, жауапты орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты Кеңсе Басшысының не оның міндеттерін атқаратын адамның қол қоюына енгізеді.

      Хат-хабардың Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына қол (бұрыштама) қоюға уақтылы ұсынылуы, сондай-ақ хат-хабарға қол қойылғаны туралы орындаушыларды уақтылы хабардар ету үшін жауапкершілік жоғарыда тізбеленген лауазымды адамдардың кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне жүктеледі.

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде бұрыштама қояды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Осы Нұсқаулықтың 12-тармағында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті тапсырманы орындауға және оны Кеңседе алып жүруге тікелей жауапты мемлекеттік саяси қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. БҚҚБ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына бақылау жүргізуге құқығы бар.

      Тиісті қорытындылар, кінәлі лауазымды адамдарға, оның ішінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты шаралар қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар бақылаудың нәтижесі болып табылады.

      БҚҚБ Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде бақылау жүргізудің жоспар-кестесін ресімдеп, Кеңсе Басшысына бекітуге енгізеді.

      Келесі есепті жылға арналған жоспар-кесте орталық және жергілікті атқарушы органдарда алдыңғы жылдағы орындаушылық тәртіп көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша бекітіледі.

      Бұл ретте жоспар-кесте қажеттілігіне қарай түзетілуі мүмкін.";

      18-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары) бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері апта сайын әр жұмада сағат 16.00-ден кешіктірмей бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адам қол қойған бақылаудағы әрбір тармақ бойынша ақпаратты БҚҚБ-ге береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына БҚҚБ апта сайын әр бейсенбіде сағат 12.00-ге дейін жібереді.";

      19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Тапсырмада "келісілген", "бірыңғай" деген анықтауыштар болған жағдайда, жауапты мемлекеттік орган қажет болған жағдайда аталған мәселе бойынша тапсырмада тізбеленген бірлесіп орындаушы барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өткізуді қамтамасыз етеді.

      Тапсырмада тізбеленген мемлекеттік органдар аталған мәселе бойынша тиісті ұстанымның әзірленуін және кеңеске шешімдер қабылдауға уәкілетті адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі Кеңседе тіркелген күнінен бастап мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырманы үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал "өте шұғыл" деген белгісі бар тапсырманы – дереу, "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күні ішінде Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді.

      Мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған өзге де хаттар бойынша мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырмаларды құрылымдық бөлімшелер 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға береді.";

      28-тармақ алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кеңсенің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, "Үкімет үйі".";

      12-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;

      "12) орталық және жергілікті атқарушы органдарға бара отырып, Президенттің, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына бақылау жүргізуге;";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы қол қойған қызметтік куәліктер олардың иелеріне Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдар мен мекемелерді, режимдік объектілерді, сондай-ақ күзетілуін Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелері немесе арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда, "Үкімет үйі", "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараттарына, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттарына кіру құқығын береді.".

      4. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiнде:

      8-15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-15. Мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кеңсе Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе тиісті бұйрық болған кезде бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам, құзыретіне жататын мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қойған құжаттарды қабылдайды.

      Премьер-Министрдің атына жазылған, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша хаттар бірінші басшының қолымен ғана қабылданады.

      Бірінші басшының іссапарға кетуіне, науқастануына, демалыста болуына байланысты мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған, Премьер-Министрдің атына жіберілетін хат-хабарды енгізуге жол беріледі.

      Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушының қолтаңбасымен енгізілген хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге жатады.

      Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, СТК белгісі бар құжаттардан басқа) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында қабылданады және жолданады.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) орталық атқарушы органдардың арасында тұжырымдамалық сипаттағы (бірінші басшылардың қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің келiспеушiлiктер хаттамасын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келіспеушіліктерді жою жөніндегі хаттаманы қоса бере отырып) және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;";

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет мүшесінің мәжіліске қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, тиісті орынбасарларының және/немесе жауапты хатшылардың немесе министрліктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшы өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамдарының қатысуы мәжіліс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен алдын ала келісіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдардың тізбесі мен ресімделуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Үкімет мәжілісін өткізуге және оларға материалдарды дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі ол өткізілетін күні ЭҚАБЖ дерекқоры әкімшілік жұмыс орнының (ӘЖО) "Инфопанель" қосымша парағында міндетті түрде материалдар топтамасын (хаттамалық шешімнің жобасы, анықтамалар, салыстырма кестелер, слайдтар, ақпараттық (талдамалық) және отырыста қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар, қатысушылардың тізімі) орналастырады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Елтаңбалы бланкіге ауыстырылғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін бес күн мерзімде ол Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінішхаты бойынша келісуші мемлекеттік органдарда туындаған келіспеушіліктерді қарау мақсатында Үкіметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Премьер-Министрде және оның орынбасарларында кеңестер өткізілуі мүмкін.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер Кеңсенің Басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Премьер-Министрге баяндалады.

      Тиісті хат түріндегі кеңес өткізу туралы өтінішхат Кеңсеге:

      1) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасын;

      2) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасын;

      3) мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын қоса бере отырып, Үкімет басшылығында немесе Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттілігінің негіздемелерімен бірге енгізіледі.

      Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.";

      мынадай мазмұндағы 53-5-тармақпен толықтырылсын:

      "53-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде ескертулер болған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмасы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Үкімет қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің жобасын жұмыс тәртібімен пысықтайды.";

      54-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері бойынша жобаны жұмыс тәртібімен пысықтауға бөлінген 3 (үш) жұмыс күні мерзімі бұзылған жағдайда қайтарылуы мүмкін.";

      60-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған, Үкімет резервінен қаражат бөлуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету мәселелеріне байланысты, сондай-ақ Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының жазбаша не ауызша тапсырмасы бар жобаларды қоспағанда, Үкімет мәжілісіне қаулы жобалары Кеңсеге түскенінен кейін кемінде 10 (он) жұмыс күні өткен соң шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Мемлекеттік органдардың ведомстволық актілерін және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын қабылдауға байланысты, тиісті заңнамалық актіні іске асыру үшін әзірленген тапсырмаларды бақылаудан алу Кеңсеге Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы ақпарат түскеннен кейін жүзеге асырылады.";

      84-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органның бастамасы бойынша жоспарда көзделген заң жобаларын алып тастаған не мерзімдерін ауыстырған жағдайда, бірінші басшысының заң жобасын әзірлеуге тікелей жауапты орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның жауапкершілігі мәселесі қаралады.";

      85-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Үкіметтің ағымдағы заң жобалау жұмыстарының жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулыларының жобаларын Кеңсенің жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі Үкіметтің Парламенттегі өкілдігімен келіседі.";

      95-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) осы Регламентке 5-3-қосымшаға сәйкес Парламентте заң жобасын сүйемелдеуге жауапты тұлғалардың жеке құрамының тізбесі.";

      98-1 және 98-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-1. Заң жобаларын таныстыру, әдетте, Үкімет мәжілісінен кемінде 1 (бір) күн бұрын өткізіледі және заң жобасының негізгі ережелерін таныстыру, қарау және талқылау, олардың заң жобасымен реттелетін салаларда жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкестігін айқындау мақсатында, сондай-ақ заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына одан әрі енгізу үшін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары таныстырылуға жатады.

      Сондай-ақ:

      1) Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша Үкімет қорытындысының жобалары;

      2) Парламент палаталарының қарауындағы заң жобалары бойынша Парламент палаталары депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобалары;

      3) Парламент палаталарының қарауындағы заң жобаларына мемлекеттік органдардың бастамашылық жасаған салыстырма кестелер түріндегі түзетулері міндетті таныстырылуға жатады.

      Әдетте, халықаралық шарттарды ратификациялау мен күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобалары бойынша таныстырылым өткізілмейді.

      98-2. Таныстырылымға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды адамдары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары, Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігінің өкілі, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптама жүргізуді жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің басшылары заң жобаларының таныстырылымына міндетті түрде қатысады.

      Қажет болған жағдайда таныстырылымда мүдделі мемлекеттік органдардың, оның ішінде ақпарат және коммуникациялар (бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін дамытуды және қамтамасыз етуді қалыптастыруға ықтимал әсер ету бөлігінде) әрі дін істері және азаматтық қоғам (ішкі саяси тұрақтылыққа, жастар саясатына және діни қызметке ықтимал әсер ету бөлігінде) саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тыңдалады.";

      98-3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарының болжамдарын, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін.";

      98-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-6. Таныстырылымға Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам төрағалық етеді, ол:

      1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын, оның ішінде қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін тыңдайды;

      2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын, оның ішінде қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін тыңдайды;

      3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді;

      4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.";

      101-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізер алдында Парламентте заң жобасын сүйемелдеуге жауапты адамдардың дербес құрамы айқындалады, бұл ретте тізбеге әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы, заң жобасын әзірлеуге жауапты оның орынбасары, заң жобасына ғылыми сараптама жүргізген ғалымдар (келісім бойынша) және басқа да мүдделі адамдар (келісім бойынша) міндетті түрде қосылады.

      Осы Регламенттің 109-2 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес лауазымды адамдар заң жобасын сүйемелдеуді жүзеге асырады.";

      101-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 3)-5), 7)-9), 12), 14), 20) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.";

      104-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінінің теңтүпнұсқалы болмағаны үшін жауапкершілік заң жобасын әзірлеуге тікелей жауапты бірінші басшысының орынбасарына жүктеледі.";

      105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке осы Регламентке 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заң жобалары Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) отырысында қаралуға тиіс.

      Қорытынды дайындауға жауапты деп айқындалған мемлекеттік орган Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы бойынша алдын ала қорытындыны Ведомствоаралық комиссияның отырысына дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын Әділет министрлігіне ұсынады, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, Ведомствоаралық комиссияның қарауына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.

      Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің, оның орынбасарының не Кеңсе Басшысының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне кіретін мемлекеттік орган әзірлейді, ол мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны бірінші басшылардың ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды ұсыну не бірінші басшылардың бұрыштама қоюы арқылы міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен келіседі. Қажет болған кезде әзірлеуші қорытынды жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.

      Қорытынды жобасында республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, заң жобасында ұсынылатын нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтер, оларды қабылдаудың орындылығы, сондай-ақ реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін нормалар, ықтимал теріс әлеуметтік-экономикалық салдар туралы мәліметтер қамтылады.

      Осы Регламентке сәйкес дайындалған Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсеге енгізген кезде әзірлеуші оларға Ведомствоаралық комиссияның электрондық құжат нысанындағы хаттамалық шешімінің көшірмесін, қорытынды жобасында олардың бұрыштамалары болмаған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса береді, сондай-ақ қажет болған кезде әзірлеуші қорытынды жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдауды реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік басқару саласында немесе аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

      106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасында өзге анағұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Кеңседе тіркелген күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде электрондық құжаттар форматында) Кеңсеге енгізіледі.

      Егер Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген болса, онда осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытынды дайындауға жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 106-1-тармақпен толықтырылсын:

      "106-1. Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі Үкімет қорытындысының жобасын Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесіне түскен кезінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, қорытынды жобасын Президент Әкімшілігіне келісуге жібергенге дейін қарайды.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.

      Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қорытынды жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет мәжілісіне не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылғанға дейін осы Регламентте көзделген тәртіппен алдын ала таныстырылады, содан соң оған жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі, Кеңсе Басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі және Кеңсе Басшысы бір күн мерзімде бұрыштама қояды.

      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша материалдар жолданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Кеңсеге өздерінің пікірін білдіретін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы жауаптар жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Үкімет мүшесі қорытынды жобасының қабылдануына дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      Егер қорытынды жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі жобаның қабылдануына дауыс берсе, сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      Үкіметтің дауыс берілген қорытындысының жобасы бір жұмыс күні ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына енгізіледі.";

      108-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет басшылығымен келіспей көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келіскені үшін Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ бірінші басшылардың аталған заң жобасы үшін тікелей жауапты орынбасарлары жауапты болады.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Регламенттің осы тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарын жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.";

      108-1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді, сондай-ақ осындай фактілер туралы ақпаратты мерзімді түрде жинақтайды және мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарын жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.";

      109 және 109-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Осы Регламенттің 108 және 108-1-тармақтарының талаптарын орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар Үкімет басшылығының атына заң жобаларына енгізілетін түзетулерді келісу туралы өтінішпен хаттар жібереді.

      Бұл ретте заң жобасын әзірлеуші немесе мүдделі мемлекеттік орган заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйіндемемен бірге Кеңсеге енгізеді, оны Үкімет басшылығы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің алдын ала ұстанымын әзірлеу үшін Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      Бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалған мемлекеттік органдар заң жобасына енгізілетін түзетулерге өз ұсыныстарын немесе қарсылықтарын, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.

      Қажет болған кезде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган немесе мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымын қалыптастыру үшін тиісті өзгерістер мен толықтыруларды Республикалық бюджет комиссиясының не Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына жібереді.

      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган немесе мүдделі мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде заң жобасына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымын қалыптастырады және Кеңсеге енгізеді.

      Кеңсеге енгізілген мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымын Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс кеңесіне шығарады.

      Жұмыс кеңесі мүдделі мемлекеттік органдардың, жауапты құрылымдық бөлімше, Заң бөлімі және БҚҚБ меңгерушілерінің қатысуымен өткізіледі.

      Жауапты құрылымдық бөлімше жұмыс кеңесін өткізуді, ұйымдастыруды және тиісті материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.

      Қажет болған жағдайда жұмыс кеңесіне ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және тиісті реттеу салаларындағы сарапшылар (келісім бойынша) шақырылуы мүмкін.

      Жұмыс кеңесінде қалыптастырылған бірыңғай ұстанымды қараудың нәтижелері осы Регламенттің ережелерінде көзделген тәртіппен міндетті таныстырылуға жатады.

      Таныстырылымнан кейін қалыптастырылған бірыңғай ұстаным Кеңсе Басшылығының тиісті тапсырмасымен Парламентте заң жобасымен жұмыс істеу кезінде одан әрі ескеруі үшін әзірлеуші мемлекеттік органның, мүдделі мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың назарына жеткізіледі.

      Үкімет басшылығының тапсырмасын уәкілетті мемлекеттік органдар Парламент палаталарында мүлтіксіз орындауға тиіс.

      109-1. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент депутаттары түзетулер (оның ішінде оның тұжырымдамасын өзгертуге байланысты, республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін) енгізген жағдайда, Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган осы Регламентке 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үкімет қорытындысының жобасын әзірлейді.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша Парламент депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындысы осы Регламентке 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері) тапсырма түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлеуші мемлекеттік органға мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тиісті хаттарды жолдау арқылы Үкімет қорытындысының жобасын келіседі.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, Парламент депутаттары енгізген түзетулердің Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі, оларды қабылдаудың орындылығы туралы мәліметтер, олардың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі, әлеуметтік-экономикалық дамуға, ішкі саяси тұрақтылыққа, діни қызметке, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігіне әсері, түзетулер қандай нысаналы топтарға бағытталғандығы туралы мәліметтер, сондай-ақ реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін нормалар туралы мәліметтер қамтылған Үкімет қорытындысының жобасын енгізеді.

      Қажет болған кезде қорытынды жобасына: республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептеулер; Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалары қоса беріледі.

      Кеңсеге енгізілген қорытынды жобасын Кеңсенің қорытынды жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс кеңесіне шығарады, онда қорытынды жобасының толықтығы және Үкіметтің заң жобасына түзетулер бойынша ұстанымына сәйкестігі қаралады.

      Жұмыс кеңесі мүдделі мемлекеттік органдардың, қорытынды жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше, Заң бөлімі және БҚҚБ меңгерушілерінің қатысуымен өткізіледі.

      Қорытынды жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше жұмыс кеңесін өткізуді, ұйымдастыруды және тиісті материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.

      Қажет болған жағдайда жұмыс кеңесіне ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және тиісті реттеу салаларындағы сарапшылар (келісім бойынша) шақырылуы мүмкін.

      Жұмыс кеңесінде қаралғаннан кейін Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.

      Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет қорытындысының жобасы осы Регламенттің ережелерінде көзделген тәртіппен міндетті түрде таныстырылуға тиіс.

      Үкімет қорытындысының жобасы таныстырылымнан кейіннен дауыс беру үшін Үкімет мәжілісіне не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша материалдар жолданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Кеңсеге өздерінің пікірін білдіретін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы жазбаша жауаптар жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар ұсынылмаған жағдайда, Үкімет мүшесі қорытынды жобасының қабылдануына дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      Егер қорытынды жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі жобаның қабылдануына дауыс берсе, сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Үкіметтің мақұлданған қорытындысының жобасы бір күн мерзімде Премьер-Министрдің қол қоюына енгізіледі.";

      109-2-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарыда көрсетілген адамдардың осы тәртіпті сақтауын, сондай-ақ Үкімет уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының Парламентке келуін, оның ішінде Парламентте өткізілетін үкіметтік сағаттарға, парламенттік тыңдауларға және басқа да іс-шараларға қатысуын бақылауды Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі жүзеге асырады. Аталған тәртіп бұзылған не келмеген жағдайда Өкілдік Премьер-Министрдің қарауына кінәлі лауазымды адамдарды жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарының отырыстарына қатысатын орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары депутаттар қойған сұрақтарға толық және негізделген жауаптар беру мақсатында аталған отырыстарда қаралатын мәселелер бойынша кәсіби түрде дайын болуға міндетті.

      Лауазымды адамдар дайындығының сапасы және олардың Парламент палаталарындағы отырыстарға келуі үшін жауапкершілік орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.";

      111-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өкілдіктің Парламентпен өзара іс-қимылының тиімділігі үшін Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарын кез келген түзетулерді Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігімен келісуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Мемлекет басшысы, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларының және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі, Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келіспей тұрақты хабардар етіп отырады және мемлекеттік органдарға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 111-1-тармақпен толықтырылсын:

      "111-1. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкіметте Парламентпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде депутаттардың қатысуымен өткізілетін іс-шаралар туралы Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігін міндетті түрде хабардар етіп отыруға тиіс.";

      113-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорытындының мазмұны мен оны Үкіметке ұсыну мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және олардың қорытындының мазмұны мен оны ұсыну мерзімдеріне жауапты орынбасарлары жауапты болады.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:

      1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;

      2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді әзірлеудің және Кеңсеге енгізудің немесе әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберудің заңнамалық акті күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауға тиіс немесе әділет органдарында мемлекеттік тіркеудің үш айдан аспауға тиіс нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкім жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге жатпайтын құқықтық актілерінің қабылданған уақыты оларды әзірлеу мерзімі болып саналады;

      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы;

      4) осы актілерді реттеу саласына жетекшілік ететін құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, жауапты хатшыларының, аппарат басшыларының нұсқауын көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      Қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген құқықтық актінің жобасын әзірлеу және/немесе әділет органдарында тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган құқықтық актінің жобасын әзірлеуге жауапты, жауапкершілігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын лауазымды адам бойынша ақпарат енгізеді.

      Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтіні, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса берілуі қажет.

      Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Премьер-Министр өкімінің белгіленген тәртіппен келісілген жобасын Кеңсеге енгізеді.

      Кеңсеге енгізілген Премьер-Министр өкімінің жобасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарымен немесе Кеңсе Басшысымен келісу бойынша әзірленетін өкім жобасының орындалуын үйлестіру жүктелетін лауазымды адам айқындалады.

      Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.

      Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.

      Мемлекеттік органдар ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпарат береді.

      Әділет министрлігі тоқсанның қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, қорытындылайды және келесі тоқсандағы айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.

      Заңға тәуелді актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өздерінің құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.

      Үкімет қаулыларының және/немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсеге енгізудің не ведомстволық актіні қабылдаудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда, Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органның кінәлі жауапты лауазымды адамын жазалау туралы ұсыныс енгізеді.";

      6-8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-8. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарында директорлар кеңесінің, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі";

      115-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі), "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырысына Директорлар кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша өзге де адамдар шақырылады.";

      115-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "115-2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы", акционерлік қоғамдары, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті (бұдан әрі – қоғамдар) мыналарды:

      1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;

      2) Директорлар кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;

      3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;

      4) Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын;

      5) қоғамның атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;

      6) қажет болған кезде өзге де қосымша құжаттарды (мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың таныстырылымдарын, шешімдерінің көшірмелерін, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізуді негіздейтін анықтамалық материалдарды және басқаларды) қамтитын Директорлар кеңесінің/басқарушы комитеттің отырысына материалдарды отырыс күніне дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.";

      115-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115-6. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы ол өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.";

      127-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:      

      "4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің өкілдерімен бірге жергілікті жерге барып, бақылаудағы тапсырмалардың орындалу уақтылығы мен сапасына мониторинг жүргізу;";

      131-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:      

      "6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкімет қаулылары, Премьер-Министр өкімдері, Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында өткен кеңестер хаттамалары, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының тапсырмалары, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалары;";

      141-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы белгілеген мерзімдер бұзылған жағдайда, Кеңсе мемлекеттік органдардың ақпаратын жауапкершілігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын нақты лауазымды адамдар бойынша ақпарат енгізілген кезде ғана қабылдайды.";

      141-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты жіберу қажет болған жағдайда, Кеңсе Басшысына жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған, аралық ақпаратты жіберу қажеттілігі туралы себептер мен негіздер, жүргізілген жұмыс, талап етілетін шаралар және нақты орындау мерзімдері туралы ақпарат көрсетілген қызметтік жазбахат енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 141-5-тармақпен толықтырылсын:      

      "141-5. Тапсырма уақтылы, сапалы орындалмаған немесе мерзімін ұзарта отырып орындалған жағдайларда, жауапты құрылымдық бөлімше тапсырма жобасының мәтінінде кемшілік түрін көрсете отырып, тиісті тапсырма жобасында кінәсінен кемшілікке жол берілген жауапты мемлекеттік органдарды көрсетеді.";

      көрсетілген Регламентке 9-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Регламентке 5-3-қосымшамен толықтырылсын.


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 19 тамыздағы
  № 491 қаулысына
  1-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
10-1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі

Бекітемін

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі

Құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі

_________________ (Т.А.Ә.)

201_ жылғы "___" _____________

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы

№ ___ АКТІ

      Астана қ. 201_ жылғы "___" _____________

      20__ жылғы "_________ құжаттар тізбесінің" негізінде мынадай құжаттар практикалық мәнін жоғалтқандар ретінде жоюға іріктеп алынды:

Р/с №

Істің немесе құжаттың тақырыбы, жылдар

Істердің саны

Тізбелер бойынша баптардың №

Ескертпе

1

2

3

4

5







Жиыны:









      Құжаттар саны ____________________________________________________________

      (актіні ресімдеген адамның лауазымы, Т.А.Ә.) __________________________________

      БҚҚБ келісті ___________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" РМК Жөндеу-ресімдеу қызметіне тапсырылды (лауазымы, Т.А.Ә. ______________ _____________)

      Күні 201_ жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысына
2-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
9-қосымша

      Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі/Сенаты

Қазақстан Республикасының Үкіметі/Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған

"________________________________________"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының түзетулеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі/Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған "__________________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Парламент Мәжілісі/Сенаты депутаттарының түзетулерін қарап, мынаны хабарлайды.

      1. Парламент депутаттары ұсынған, Үкімет қолдайтын түзетулердің жеке немесе өзара байланысқан топтар бойынша қысқаша мазмұны.*

      * Егер қолдау тапқан түзетулер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюына немесе кіріс бөлігінің қысқаруына әкеп соғатын болса, онда Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар мақұлданған отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      2. Ескертулер мен ұсыныстар бар түзетулер:

      Түзетудің мазмұны оның мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін, түзетулердің қандай нысаналы топтарға бағытталғанын (түзетулер қозғайтын нысаналы топтарды сипаттау: азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет) сипаттай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға, ішкі саяси тұрақтылыққа, діни қызметке, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігіне әсері туралы мәліметтерді сипаттай және мына нұсқалардың бірін: (ішінара қолдау табады/қолдау таппайды) көрсете отырып қысқаша жазылады.

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Мемлекеттік органдардың пікірлері ескерілген ескертулер мен ұсыныстар әрбір түзету бойынша жеке немесе өзара байланысқан түзетулер тобы бойынша дәйекті түрде жазылады және ұсынымдық сипатта көрсетілуге тиіс, бұл ретте:

      1) егер түзету ішінара қолдау тапса, түзетудің бұл бөлігі айқын көрсетіледі;

      2) Конституцияға, өзге де заңнамалық актілерге, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, басқа да құжаттарға қайшылықтары көрсетіле отырып, түзетуді тұтастай немесе оның бір бөлігін қабылдамаудың себептеріне сілтеме жасала отырып, Үкімет ұстанымының негіздемесі қысқаша көрсетіледі;

      3) түзетуді қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президенттің тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының мақсаттарына, оның ішінде мемлекеттік шығыстардың ұлғаюын немесе мемлекеттік кірістің қысқаруын көздейтін тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты мақсаттарына сәйкес келмеуі);

      4) егер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюы немесе кіріс бөлігінің қысқаруы себебінен түзетулерден бас тартылса, онда Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар қолдау таппаған отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі;

      5) қажет болған жағдайда, Үкімет түзетудің редакциясын ұсынуы мүмкін**

      **Түзетудің редакциясы депутаттардың түзетулері қозғайтын немесе мазмұны бойынша олармен тікелей байланысқан заң жобасының құрылымдық элементтері бойынша ғана берілуі мүмкін.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының немесе олардың міндетін атқарушы адамдардың қолдары.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысына
3-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-3-қосымша

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамдардың дербес құрамы

Р\с №

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамның Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамның лауазымы

Жұмыс топтары

1.


- департамент директоры немесе комитет төрағасы

2.


- департамент директоры немесе комитет төрағасы

...



Бас комитеттердің отырыстары

1.


- бірінші басшының орынбасары

2.


- бірінші басшының орынбасары

...



Жалпы отырыстар

1.


- орталық атқарушы органның бірінші басшысы

2.


- орталық атқарушы органның бірінші басшысы

...




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады