"Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 496 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 40, 249-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларында:

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайта өңдеуге арналған қорытындыда "Қорытынды нәтижесі" деген жолда мынадай жазу енгізіледі "Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы және мүмкін еместігі расталады", мұндай жағдайда тауар кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінде кедендік декларациялануға тиіс.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады