Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 543 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      "2017 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;

      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесі күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы ағымдағы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бекітілген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын аударуды;

      2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.

      4.Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 543 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Нысаналы трансферттер облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен 099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы, 117 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша бөлінеді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі – білім беру саласындағы уәкілетті орган;

      2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      3) тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы – физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне төленетін қосымша ақы.

      4.Нысаналы трансферттер тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеу үшін пайдаланылады.

2-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      5.Нысаналы трансферттер тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшердегі жұмыс берушінің жарналарын (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар) ескере отырып, қосымша ақы төлеуге пайдаланылады. Қосымша ақыны есептеу 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүргізіледі.

      6. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аударуы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен бөлінген тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін нысаналы трансферттердің сомалары келесі қаржы жылының 1 наурызына дейін жоғары тұрған бюджетке қайтаруға жатады.

      8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

      1) жеке қаржыландыру жоспарларына және осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады;

      2) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органға облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы тоқсан сайын есеп береді.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 сентября 2017 года № 543

      Примечание РЦПИ!
Настоящее постановление вводится в действие с 1 сентября 2017 года.

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 29 ноября 2016 года "О республиканском бюджете на 2017 2019 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам.

      2. Акимам областей, городов Астаны и Алматы обеспечить:

      1) своевременное и целевое использование выделенных целевых текущих трансфертов;

      2) представление в Министерство образования и науки Республики Казахстан отчетов об использовании выделенных целевых текущих трансфертов ежеквартально до пятого числа месяца, следующего за отчетным периодом.

      3. Министерству образования и науки Республики Казахстан обеспечить:

      1) перечисление утвержденных сумм целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в установленном законодательством порядке;

      2) мониторинг использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета бюджетами областей, городов Астаны и Алматы.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 сентября 2017 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 6 сентября 2017 года № 543

Правила
использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами,
бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам, (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 29 ноября 2016 года "О республиканском бюджете на 2017 – 2019 годы" и определяют порядок использования целевых текущих трансфертов (далее – целевые трансферты) областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам.

      2. Целевые трансферты выделяются областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы из республиканского бюджета по республиканской бюджетной программе 099 "Обеспечение доступности качественного школьного образования", подпрограмме 117 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам".

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) администратор республиканской бюджетной программы - уполномоченный орган в области образования;

      2) местные исполнительные органы областей, городов Астаны и Алматы - коллегиальные исполнительные органы, возглавляемые акимом области, города республиканского значения и столицы, осуществляющие в пределах своей компетенции местное государственное управление на соответствующей территории;

      3) доплата учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам, - доплата учителям организаций образования, реализующим учебные программы основного и общего среднего образования по предметам физики, химии, биологии, информатики на английском языке.

      4. Целевые трансферты используются на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам.

Глава 2. Порядок использования целевых текущих трансфертов
областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы
на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам

      5. Целевые трансферты используются на доплату учителям государственных организаций среднего образования, прошедшим стажировку по языковым курсам, с учетом взносов (социальный налог, социальные отчисления в Государственный фонд социального страхования, фонд социального медицинского страхования) работодателя в размере, установленном в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан. Начисление доплаты производится с 1 сентября 2017 года.

      6. Перечисление целевых трансфертов нижестоящим бюджетам администраторами республиканских и местных бюджетных программ осуществляется в соответствии с бюджетным законодательством.

      7. Неиспользованные (недоиспользованные) по итогам финансового года суммы целевых трансфертов на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам, выделенные из республиканского бюджета, подлежат возврату в доход вышестоящего бюджета до 1 марта следующего финансового года.

      8. Местные исполнительные органы областей, городов Астаны и Алматы:

      1) используют суммы целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета по целевому назначению в соответствии с индивидуальными планами финансирования и настоящими Правилами;

      2) представляют в центральный уполномоченный орган в области образования ежеквартальный отчет об использовании целевых трансфертов из республиканского бюджета областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам.