"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 578 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжат; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2015 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы,):

      19-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуге жатады.";

      4-1-тармақ алып тасталсын.

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; № 23, 112-құжат, 2009 ж.; № 24, 129-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 ж.; № 7, 29, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжат; № 2, 21, 25-құжат 2011 ж; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат ; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжат; № 5, 36, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжат; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжат; № 21-II, 130, 132-құжат; № 22-I, 140, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; 2015 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 49-баптың 1-тармағында:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) теле-, радиоарнаның, мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның есепке қойылғаны үшін алым;";

      23) тармақша алып тасталсын;

      2) 50-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "салық түсімдері болып табылады." деген сөздер "салық түсімдері;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасында жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым болып табылады.";

      3) 51-баптың 1-тармағында:

      14) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу үшiн лицензияны пайдаланғаны үшін төлем;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы орынжайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы;";

      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

      "24) Қазақстан Республикасында жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін салық түсімдері болып табылады.";

      4) 52-баптың 1-тармағында:

      10) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу үшiн лицензияны пайдаланғаны үшін төлем;";

      5) 52-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) жеке тұлғалардың аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында салық органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы:

      дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – орналасқан жері;

      қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері;

      2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан осы салықты салу объектісі бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

      3) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын елдi-мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

      4) мыналардан:

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағы тұрғылықты жері болып табылатын жеке тұлғалардан алынатын;

      өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін орналасқан жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдарына салынатын салық;

      5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

      аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі орынжайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады.";

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      273 және 285-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "273-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту";

      "285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы";

      2) 169-бапта:

      тоғызыншы бөлік алып тасталсын;

      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы баптың жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      биоотын тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3) 246-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық қорытынды жасауы –

      аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз пайызы, бірақ кемінде бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз елу пайызы, бірақ кемінде алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу

      Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа жеке кәсіпкердің және (немесе) заңды тұлғалардың пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы –

      төлемдi жүзеге асырған тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 272-бапта:

      үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық тіркелімдерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      салық мониторингіне жататын салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын бақыланылатын шетелдік компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      6) 273-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "4. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы, дұрыс ұсынбауы немесе толық ұсынбауы, бас тартуы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін он екі ай мерзім ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 278-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асыру, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      ic жүзiндегi салықтың асып кеткен сомасының жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      ескертпелердің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 742-бабының 3-тармағына және (немесе) 745-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету;

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 297-бабына сәйкес айқындалатын бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелетін корпоративтік табыс салығы есепке алынбайды.";

      8) 281-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;

      9) 282-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру және оның айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi декларацияларды ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) тармақшаның үшінші бөлігі алып тасталсын;

      сегізінші және тоғызыншы бөліктер алып тасталсын;

      10) 285-бапта:

      бірінші бөлікте:

      7) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:

      "7) бұл ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған әрекетсіз салық төлеушіге, салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банк шотын ашуы,-";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) уәкілетті органға салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін және (немесе) инкассолық өкімді, сондай-ақ салық органы жіберген жоғарыда көрсетілген өкімдерді жоятын немесе кері қайтарып алатын құжаттарды электрондық нысанда алғаны туралы оларды алған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес хабарламауы -

      банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында бекітілген міндеттерді орындамауы кезеңiнде салық төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша мемлекеттік кіріс органдарына тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді ұсынбауы;";

      11) 285-1-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Коллекторлық агенттіктердің талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді ұсынбауы, уақытында ұсынбауы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.";

      12) 684-баптың бірінші бөлігіндегі "282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1" деген цифрлар мен сөздер "282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)," деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;

      13) 720-баптың бірінші бөлігіндегі "282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)" деген цифрлар мен сөздер "282 (бірінші, екінші, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 283, 283-1 (бірінші, екінші, үшінші және он екінші бөліктерінде)," деген цифрламен және сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124-құжат, 126; 2017 ж., № 9, 21-құжат; 2017 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы);

      1) мазмұнындағы 124-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу";

      2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

      1. Жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.

      2. Дара кәсіпкер ретінде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiреуiне сай келетiн:

      1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;

      2) жеке кәсiпкерлiктен республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын жалақының 12 еселенген ең төменгі мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі бар жеке тұлғалар жатады.

      Осы баптың 3-тармағында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбеленген дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.

      3. Жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай кірістер:

      1) салық салынатын төлем көзінен кірістер;

      2) мүліктік кіріс;

      3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден кірістер;

      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан кіріс алатын үй жұмыскерлерінің кірістері;

      5) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттің өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;

      6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;

      7) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға тиіс) Қазақстан Республикасының резиденттері – үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің кірістері;

      8) салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың кірістері;

      9) салық салынуға жататын, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның дұрыс емес мәліметтерді салық органына ұсынуына орай жүргізілмеген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылықтар бойынша есепке алу кітабында есепке алынбаған жеке қосалқы шаруашылықтан кірістер алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.

      Осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған адам салық агенті болып танылады.";

      3) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кірістер органына немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама жібереді.";

      4) 38-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады." деген сөздер "деп танылған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) мәжбүрлі тәртіппен қызметтің тоқтатылуын көздейтін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.";

      5) 44-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      6) 116-баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) араққа және ерекше арақтарға, күшті ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бағаларды белгілеуге;

      8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;";

      7) 124-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда
бағаларын белгілеу

      Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.";

      8) 144-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;";

      9) 147-баптың 6-тармағының екінші бөлігінде;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналар:

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде тауарларды өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

      Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде;

      Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және тауарлар санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі міндетті;".

      10) 148-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын салықтық тексерулерді қоспағанда, тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.";

      11) 159-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерiстер тараптардың келiсуi бойынша жылына бiр рет енгiзiлуі мүмкін.

      3. Инвестициялық қызмет объектісіне барып тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға енгізілгеннен кейін алты ай кезеңінде жүргізіледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы екі ай ішінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар:

      1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;

      2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;

      3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;

      4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Егер инвестициялық келісімшартта инвестициялық субсидиялар ұсыну көзделсе, инвестициялық келісімшартты жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы екі ай ішінде уәкілетті органға аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган белгілеген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін ұсынады.";

      12) 283-бапта:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық субсидия.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар түрінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әкелу кедендік баждарын және салық салудан босату (бұдан әрі – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар) ұсынылады.";

      13) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "284-бап. Инвестициялық жоба

      Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.

      Инвестициялық басым жоба деп:

      заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жаңа өндірістерді құру бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселік мөлшеріндегі инвестициялық жоба;

      негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнімді шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (қайта жаңарту, қайта құру, жаңғырту) заңды тұлғаның инвестицияларды іске асыруын көздейтін жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшеріндегі инвестициялық жоба түсініледі.

      Жаңа өндірістерді құру бойынша және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін қызметтердiң белгiлi бiр басым түрлерi бойынша заңды тұлға жүзеге асырады.

      Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба түсініледі.";

      14) 285-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      15) 286-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық преференциялар:

      1) инвестициялық жоба, инвестициялық басым жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;

      2) арнайы инвестициялық жоба бойынша – инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан, арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойма иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғаға беріледі.

      2. Инвестициялық басым жобаны iске асыру бiр инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде ғана жүзеге асырылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 462-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) және 6) тармақшаларында көзделген акцизделетiн тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар шығару жөнiндегi қызмет.";

      5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күні әрекет ететiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылса;

      2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық жоба бойынша) немесе бес миллион еселенген (істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңарту бойынша) мөлшеріндегі инвестицияларды жүзеге асырса;

      3) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырса;

      4) заңды тұлға:

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып табылмаса;

      5) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі жиырма алты пайыздан аспаса, беріледі.

      Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан ол (олар) толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.

      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;

      6) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық талаптарымен бөлінетін ақшаны қоспағанда, инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмаса;

      7) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылса, беріледі.

      5-1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай талаптардың біріне сәйкес келуге:

      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркелген;

      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген;

      3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болуға;

      4) заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнің тiзбесiне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын болуға тиіс.";

      16) 287-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс бағдарламасы өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн білдіреді.";

      17) 289-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 286-бабының 2-тармағында көрсетілген инвестициялық басым жобаларды іске асыратын, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:";

      18) 290-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық жобаларды және арнайы инвестициялық жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.

      2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:

      1) инвестициялық басым жобалар үшін:

      есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;

      жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

      мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;

      2) инвестициялық басым жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін – инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдың импортын қосылған құн салығынан босату;

      3) арнай инвестициялық жобалар үшін – инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдың импортын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығынан босату.";

      19) 291-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "291-бап. Инвестициялық субсидия

      1. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге және инвестициялық басым жобаны іске асыруға өтінім берілген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшеріндегі инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі инвестициялық субсидия болып табылады.

      2. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.

      Инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық субсидия беру үшін айқындаған басым қызмет түрлері бойынша беріледі.

      3. Инвестициялық субсидия инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдық сатып алу құнының отыз пайызын өтеу арқылы беріледі.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жабдық сатып алудың іс жүзіндегі шығындары бойынша инвестициялық субсидияны төлеу растайтын құжаттардың, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалауалды құжаттамада көзделген шығынның құнынан аспайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      4. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген алғашқы есепке алу құжаты;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;

      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар инвестордың іс жүзіндегі шығынын растайтын құжаттар болып табылады.

      5. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық келісімшарт шеңберінде кемінде үш жыл, бірақ инвестициялық келісімшарттың қолданыс мерзімінен аспайтын кезеңге тең үлеспен инвестициялық субсидияны бөлу арқылы белгіленеді.

      6. Инвестициялық субсидияны төлеу жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша, инвестициялық келісімшартта белгіленген өндірістік көрсеткіштер орындалған жағдайда өндіріс толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      7. Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      20) 292-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және инвестициялық субсидия беру көзделген болса, инвестор жобалауалды және (немесе) жобалау құжаттамасының заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған мемлекеттік сараптама қорытындысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді.";

      21) 293-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға қарауға берiледi, ол осы Кодекстің 285 және 286-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес өтiнiм тiркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде шешiм қабылдайды.

      Инвестициялық субсидия түріндегі инвестициялық преференция беруге арналған өтінімді қарау мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Инвестициялық субсидия беру қағидаларында белгіленеді.";

      21) 295-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде және инвестор келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін құжаттарды ұсынбаған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган хабарлама жіберілген кезден бастап үш ай өткен соң бір жақты тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.

      Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келісімшарт бойынша төленген инвестициялық субсидияның сомасын толық көлемде өтейді.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56-құжат, 67; № 15, 138-құжат, 139; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55-құжат, 58; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат, 33; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат, 18, 21; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат, 96; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат, 143; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2017 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 11-1 бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Еншілес ұйымды құруға, иемденуге және ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алым алынады, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын рұқсат бергені үшін алымды төлегенін растайтын құжат;";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Капиталға қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.";

      2) 11-2-баптың 5-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алушы еншілес ұйымды құруға, иемденуге рұқсат алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 13-1) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі, сондай-ақ:";

      3) 17-1 бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-2- тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін алым төленеді, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.";

      4-тармақтың 5) тармақшасындағы "мәлімдемесін табыс етеді" деген сөздер "мәлімдемесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) төлеу мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты табыс етеді.";

      4-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 4-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2), 3-3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 4-тармағының 1),2), 3), 3-1), 6) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 1-1), 1-2), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      4) 20-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісімге қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін алым алынады, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.";

      5) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығының бақылау шоттары бойынша ақпаратты ұсыну үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзімен өз ақпараттық жүйелерінің интеграциясын тікелей жүзеге асырады.";

      6) 43-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      7) 50-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 1-5) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) банктердің және банктік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тек салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша, коллекторлық агенттіктердің шарттарына сәйкес мәліметтерді салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып, мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуы;

      1-4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен клиенттердің экспорттық немесе импорттық операциялар бойынша мемлекеттік кіріс органына ақпарат ұсыну;

      1-5) мемлекеттік кіріс органына салықтың тексеру және деңгейлес мониторингті жүргізу кезінде қажетті мәліметтерді және құжаттарды ұсыну;";

      "4-4) банктің салықтық әкімшілендіру шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарына қосылған құн салығын есепке алу үшін ашық болатын ағымдағы шоттарының иелері мен нөмірлері туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуы;";

      6-тармақтың "д)" тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;".

      6. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж. № 4, 7-құжат):

      1) 3-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Салықтық берешегі бар қайтыс болған адамның мұрагерлері туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.";

      2) 30-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 617-бабының 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген адамдар;".

      7. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжат; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 26 бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін алым төленеді, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.":

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады;";

      6-1-тармақтын 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 6-тармағының 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      2) 32-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Еншілес ұйымды құруға, иемденуге рұқсат бергені үшін алым төленеді, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) төлеу мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты;".

      11-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұйымның капиталына иемденуге рұқсат бергені үшін алым төленеді, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріле ұсынылады, оны төлеу мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Егер банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының заңнамасында капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген еншілес қаржы ұйымын құратын немесе иеленетін не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленетін жағдайда, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, уәкілетті орган осы бапта көзделген тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ сақтандыру холдингіне қаржы ұйымының акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде иеленуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге құқық беретін тиісті құжатты бере отырып, бір мезгілде еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсат береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады.";

      3) 34-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін алым алынады, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.".

      8. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат, 142; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат, 4; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек – мерзімінде есептелген және аударылмаған әлеуметтік аударымдар сомасы, сондай-ақ өсімпұлдардың төленбеген сомалары;";

      2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшері

      1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiс әлеуметтiк аударымдар:

      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 1,5 пайыз;

      2006 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2 пайыз;

      2007 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3 пайыз;

      2009 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз;

      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3,5 пайыз;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз мөлшерде белгiленедi.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi:

      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 1,5 пайызын;

      2006 жылғы 1 қаңтардан бастап – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 2 пайызын;

      2007 жылғы 1 қаңтардан бастап – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 3 пайызын;

      2009 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайызды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 4 пайызын;

      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайызды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 5 пайызын;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3,5 пайызды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 3,5 пайызын;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайызды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 5 пайызын құрайды.";

      3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін төлеушінің жауапкершілігі

      1. Уақтылы аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндiрiп алады немесе оларды төлеушi мерзiмi өткен әр күн үшiн (Қорға төлеген күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса Қордың шотына аударуға тиiс.

      2. Салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы агентке берешек сомасы туралы хабарламаны жібереді.

      Хабарлама нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы мыналардың:

      1) өзіне хабарлама берілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;

      2) өзіне хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банк шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындауға міндетті.

      Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Қорға келіп түсетін қолма-қол ақшаны аудару арқылы олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей төлеушінің сөзсіз орындауына жатады.

      Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кірістер органының төлеушінің банк шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кірістер органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы мұндай берешектің сомаларын мыналардың:

      1) өзіне хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;

      2) өзіне хабарлама берілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банк шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеушілердің банк шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кірістер органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банк шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен алып қоюды жүргізеді.

      Төлеушінің банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргізіледі.

      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомаларын Қорға Мемлекеттік корпорация арқылы осы сомалар төлеушілердің банк шоттарынан есептен шығарылған күні аударуға міндетті.

      7. Мемлекеттік кірістер органдары бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімдерін агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын көрсете отырып жыл сайын жариялайды.".

      9. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      4-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қордың басшы жұмыскерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін алым алынады, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.".

      10. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

      9-бапта:

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;

      Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленуші;

      Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес тұрақты мекеменің ретінде қаралатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін — тіркеу куәлігі болып табылады.";

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналар:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;

      шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес тұрақты мекеме ретінде қаралатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын;

      филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын;

      Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленуші;

      резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент емес заңды тұлғаларды салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кірістер органында тіркеу кезінде жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 650-бабының
8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резиденттің немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акцияларының, қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 пайызын және одан астамын құрайтын, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші консорциумның орналасқан жері бойынша;".

      11. "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 32), 33), 34), 35), 36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32) халықаралық топ – қаржылық есептілігі негізгі компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне қамтылған, өзара бақылау және (немесе) қатысу арқылы байланысқан, негізгі компанияның қатысушылары болып табылатын негізгі компанияны қоса алғанда, бақылау және (немесе) қатысу арқылы байланысқан, бірақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын өзге де қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған стандарттарына сәйкес не мұндай есептілік екі және одан да көп мемлекетте, оның ішінде Қазақстан Республикасында есепті кезеңде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сауда-саттыққа бағалы қағаздарды жіберу мақсаты үшін қор биржаларының талаптарына сәйкес халықаралық топтың жасалатын шоғырландырылған қаржылық есептілікте тұлғаның немесе деректердің мөлшеріне орай ғана шоғырландырылған қаржылық есептілікте ескерілмейтін тұлғаларды қоса алғанда, тұлғалар жиынтығы;

      33) халықаралық топтың қатысушысы – мына шарттардың біріне сәйкес келетін:

      халықаралық топтың негізгі компаниясы;

      егер сол тұлғаның бағалы қағаздары қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберілсе, қаржылық есептілігі халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілген не шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілуге жатқызылатын (мұндай болмаған жағдайда), кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға;

      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына не бағалы қағаздарын сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге халықаралық деңгейде танылған стандарттарына сәйкес осы тұлғаның мөлшеріне немесе деректердің мәнділігіне орай халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне қаржылық есептілігі енгізілмеген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға;

      осы тармақшаның екінші және (немесе) үшінші абзацтарында айқындалған тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің немесе тұрақты мекемесінің қызметін реттейтін мемлекеттің (аумақтың) заңнамасына сәйкес оған қатысты жеке қаржылық есептілік жасалатын, осындай құрылымдық бөлімше немесе тұрақты мекеме болатын тұлға;

      34) халықаралық топтың негізгі компаниясы – бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      мұндай қатысушы халықаралық топтың басқа қатысушыларының жарғылық капиталына тікелей және (немесе) жанама түрде қатысатын және мұндай қатысудың үлесі басқа қатысушылардың қаржылық есептілігі шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілуге жату үшін жеткілікті шаманы құрайтын;

      мұндай қатысушының басқа негізгі компаниясы болмайтын;

      халықаралық топтың бірде-бір өзге қатысушысы осы тармақшада көрсетілген шарттарға бір мезгілде барлық талабына сай келмейтін халықаралық топтың қатысушысы;

      35) халықаралық топтың уәклетті қатысушысы – халықаралық топтың негізгі компаниясы болып табылмайтын, бірақ мыналарға:

      халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілетті еткен және еларалық есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда халықаралық топтың негізгі компаниясы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын;

      халықаралық топтың өзге қатысушысы негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топтың қатысушысы резиденті болып табылатын не тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топтың қатысушысы құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топтың қатысушысы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын мемлекетте (аумақта) халықаралық топтың немесе осындай қатысушының атынан дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілетті еткен халықаралық топтың қатысушысы.

      Осы Заңда реттелетін құқықтық қатынастардағы халықаралық топтың уәкілетті қатысушысының әрекеті (әрекетсіздігі) халықаралық топтың уәкілетті қатысушысына тиісті өкілеттіктер берген халықаралық топ қатысушысының әрекеті (әрекетсіздігі) болып танылады;

      36) бақылау – қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына не сауда-саттыққа бағалы қағаздарды жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау;

      37) қаржы жылы – халықаралық топтың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын кезең.

      "Бақылау" деген түсінік трансферттік баға белгілеу бойынша есеп мақсаты үшін пайдаланылады.";

      2) 4-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) осы Заңның 7-2 және 7-3-баптарында белгіленген жағдайларда халықаралық топтың қатысушысына есептік қаржы жылына негізгі және (немесе) еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жіберуге құқылы.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның ережелері қолданылатын мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топ қатысушыларының құқықтарын сақтауға;";

      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

      1. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топ қатысушыларының:

      1) уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;

      2) уәкілетті органдардан Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы жөнінде ақпарат және түсініктер алуға;

      3) бақылауды жүзеге асыруға байланысты туындайтын мәселелер бойынша жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өз мүдделерін білдіруге;

      4) бақылауды жүзеге асыру және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағым жасау барысында қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты уәкілетті органдарға беруге;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру актілері жөніндегі хабарламаларға және уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      6) тексеруге дейін мәміленің бағасын және (немесе) салық салу объектілерін, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерді дербес түзетуге;

      7) уәкілетті органдармен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға;

      8) халықаралық топтың қатысушысы басқа халықаралық топтың қатысушысына өзінің атынан еларалық және (немесе) негізгі және (немесе) жергілікті есептілікті әзірлеп және (немесе) ұсынуға құқығы бар.

      2. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топ қатысушыларының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

      3. Мәмілеге қатысушылар және халықаралық топ қатысушылары:

      1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;

      3) қолданылатын мәміле бағасының негізділігін растайтын есептілік пен құжаттаманы жүргізуге;

      4) осы Заңның 5-1-бабына сәйкес уәкілетті органға халықаралық топқа қатысу туралы хабарлама ұсынуға;

      5) егер халықаралық топтың қатысушысына жергілікті және (немесе) негізгі және (немесе) еларалық осындай есептілікті ұсыну міндеті жүктелген немесе талабы қойылған болса есептілікті ұсынуды жүргізуге;

      6) осы тармақтың 7) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның ережелеріне сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті уәкілетті органға ұсынуға;

      7) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша негізгі және (немесе) еларалық есептілікті табыс етуге міндетті.

      Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттер халықаралық топтың қатысушыларына ғана қолданылады;

      8) уәкілетті органдарға мәмілелер мониторингі бойынша ақпаратты және есептілікті, сондай-ақ өзге де құжаттарды осы Заңда көзделген тәртіппен беруге міндетті.

      Уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша мәмілеге қатысушы күнтізбелік тоқсан күн ішінде ақпаратты және қолданылатын мәміле бағасының негізділігін растайтын құжаттарды береді;

      9) уәкілетті органдардың талап етуі бойынша тексерулер жүргізу барысында қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге міндетті.

      4. Мәмілеге қатысушылар және халықаралық топ қатысушылары осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындайды.";

      4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш

      1. Халықаралық топтың қатысушысы уәкілетті органға есептік қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей, өзінің халықаралық топқа қатысуы туралы өтінішті ұсынуға міндетті.

      Өтініш нысанын және оны толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      2. Халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті беру міндеті халықаралық топтың мынадай қатысушыларына:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;

      2) халықаралық топтың уәкілетті қатысушысына (егер трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті халықаралық топтың уәкілетті қатысушысының ұсынуы тиіс болған жағдайда);

      3) осы Заңға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсыну бойынша міндеттер немесе талаптар болған кезде халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы болып табылмайтын резидентке;

      4) осы Заңға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсыну бойынша міндеттерді немесе талаптар болған кезде халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын және құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.

      3. Халықаралық топтың қатысушысы мәліметтердің толық еместігін, халықаралық топқа қатысу туралы ұсынылған хабарламаны толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда, халықаралық топтың мұндай қатысушысы ақпараты жаңартылып түзетілген хабарламаны ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім түзетілген хабарламаның ұсынылуына қолданылмайды.

      4. Халықаралық топ қатысушысының халықаралық топқа қатысу туралы хабарламаны ұсынбауы немесе халықаралық топтың осы қатысушысының уәкілетті органға дұрыс емес мәліметтері бар өтінішті ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.";

      6) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Халықаралық топтың қатысушысы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік

      1. Халықаралық топтың қатысушысы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік халықаралық топқа қатысу туралы өтініштен және есептіліктің мынадай түрлерінен:

      1) жергілікті;

      2) негізгі;

      3) еларалық есептіліктен тұрады.

      Трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік нысанын және оны толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      2. Осы бапта көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын есептілік мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтымайтын бөлігінде ұсынылады.

      3. Халықаралық топтың қатысушысы мәліметтердің толық еместігін, ұсынылған есептілікті толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда мұндай қатысушы жаңартылған ақпаратты есепке ала отырып, түзетілген есептілікті ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте, осы Заңда белгіленген есептілікті ұсыну бойынша мерзімдер түзетілген есептіліктің ұсынылуына қолданылмайды.

      4. Халықаралық топ қатысушысының осы бапта көзделген есептілікті ұсынбауы немесе дұрыс емес мәліметтері бар есептілікті ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.";

      7) мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3 және 7-4-баптармен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Жергілікті есептілік

      1. Халықаралық топтың қатысушысы есептік қаржы жылына жергілікті есептілікті уәкілетті органға есептік қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жергілікті есептілікті ұсыну бойынша міндет халықаралық топтың мынадай қатысушыларына:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;

      2) халықаралық топтың уәкілетті қатысушысына (егер жергілікті есептілікті халықаралық топтың уәкілетті қатысушысының ұсынуы тиіс болған жағдайда);

      3) халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы болып табылмайтын резидентке;

      4) халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын және Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.

      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының ережелеріне қарамастан, егер жергілікті есептілікті халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаның атынан ұсынған болса, жергілікті есептілікті ұсыну бойынша міндетті осы тұлға орындады деп есептеледі.

      3. Осы баптың ережелері жалпы кірісі жергілікті есептілік жасалатын есепті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының өзінің қаржылық есептілігіне сәйкес тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында қолданылатын және белгіленген 5 миллион еселік айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын және есепті қаржы жылында осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелерді жасаған қатысушыға қолданылмайды.

      7-2-бап. Негізгі есептілік

      1. Есептік қаржы жылы үшін негізгі есептілікті халықаралық топтың қатысушысы уәкілетті органға оның талап етуі бойынша ұсынады.

      Есептік қаржы жылы үшін негізгі есептілікті халықаралық топтың қатысушысы уәкілетті органға халықаралық топтың қатысушысы негізгі есептілікті беру туралы талапты алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның талабы бойынша негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топтың мынадай қатысушыларына:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;

      2) халықаралық топтың уәкілетті қатысушысына (егер негізгі есептілікті халықаралық топтың уәкілетті қатысушысының ұсынуы тиіс болған жағдайда);

      3) халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы болып табылмайтын резидентке;

      4) егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы (егер негізгі есептілікті халықаралық топтың уәкілетті қатысушысының ұсынуы тиіс болса) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын және құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылады.

      Егер негізгі есептілікті халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлға қатысушысы болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаның атынан халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде ұсынған болса, негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндетті осы тұлға орындады деп есептеледі.

      3. Осы баптың ережелері жалпы кірісі негізгі есептілік жасалатын есептік қаржы жылының алдындағы қаржы жылының өзінің қаржылық есептілігіне сәйкес тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында қолданылатын және белгіленген 5 миллион еселік айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын және есептік қаржы жылында осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелерді жасаған қатысушыға қолданылмайды.

      7-3-бап. Еларалық есептілік

      1. Есептік қаржы жылына еларалық есептілікті осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық топтың қатысушысы уәкілетті органға есептік қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады.

      Есептік қаржы жылына еларалық есептілікті осы баптың 3-тармағында көрсетілген халықаралық топтың қатысушысы уәкілетті органға оның талабы бойынша халықаралық топтың қатысушысы еларалық есептілікті ұсыну туралы талапты алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынады.

      2. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топтың мынадай қатысушыларына:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;

      2) халықаралық топтың уәкілетті қатысушысына (осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың осындай қатысушысына еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген болса) жүктеледі.

      3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның талабы бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топтың мынадай қатысушыларына:

      1) мынадай шарттардың бірі сақталған:

      - халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың мұндай қатысушысына еларалық есептілікті беру жөніндегі өкілеттіктерді ұсынған болса) Қазақстан Республикасының резиденті болмаған және оның өзі резиденті болған немесе болып табылатын мемлекеттің (аумақтың) заңнамасына сәйкес еларалық есептілікті ұсыну бойынша міндеттемесі болмаған;

      халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың мұндай қатысушысына еларалық есептілікті беру жөніндегі өкілеттіктерді ұсынған болса) еларалық есептілікті беру бойынша өз міндеттемелерін орындамаған (уәкілетті органның ақпараты, оның ішінде шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органынан алынған ақпараты болған кезде);

      - халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың мұндай қатысушысына еларалық есептілікті беру жөніндегі өкілеттіктерді ұсынған болса) резиденті болып табылатын мемлекеттің (аумақтың) Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды көздейтін қолданыстағы халықаралық шарты болмаған;

      - халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың мұндай қатысушысына еларалық есептілікті беру жөніндегі өкілеттіктерді ұсынған жағдайда) резиденті болып табылатын мемлекет (аумақ) уәкілетті органмен автоматты түрде ақпарат алмасу бойынша міндеттемелердің жүйелі түрде орындалмауына жол берген кезде халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компания немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы болып табылмайтын резидентке;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттарға ұқсас шарттардың бірін сақтаған кезде халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын және құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылады.

      Осы тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацының мақсаттары үшін автоматты түрде ақпарат алмасу бойынша міндеттемелерді жүйелі түрде орындамау деп ең болмағанда бір қатысушысы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және (немесе) кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасындағы құрылымдық бөлімшесі, тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын, уәкілетті орган тиісті сұрау салу жібергеннен кейін екі жыл ішінде Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды көздейтін халықаралық шарт бола тұрып, шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы уәкілетті органға еларалық есептіліктің мәліметтерін ұсынудан бас тартқан немесе шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы уәкілетті органмен кемінде ең болмағанда бір қатысушысы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және (немесе) құрылымдық бөлімше, тұрақты мекем арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тиісті сұрау салуды уәкілетті орган жібергеннен кейін екі жылдан аса кезеңде халықаралық топқа қатысты еларалық есептіліктің деректері бойынша автоматты түрде ақпарат алмасуды жүзеге асырмаған жағдайлары түсініледі.

      4. Осы баптың ережелері, егер халықаралық топтың жиынтық кірісі еларалық есептілік ұсынылатын тікелей есептік қаржы жылы алдындағы қаржы жылы үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша тиісті қаржы жылында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бекітілген валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып, жеті жүз елу миллион еуро баламалы сомасын қарайтын болса, халықаралық топтың негізгі компаниясына немесе халықаралық топтың уәкілетті органына (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың осындай қатысушысына еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген болса) немесе уәкілетті органның талабы бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген халықаралық топтың өзге қатысушысына қолданылады.

      5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды көздейтін халықаралық шарт бола тұрып, ең болмағанда бір қатысушысы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және (немесе) құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын халықаралық топтың қызметіне қатысты еларалық есептіліктің деректерін осындай халықаралық шарттың тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімде жыл сайынғы негізде есептік қаржы жылы аяқталған соң автоматты түрде ақпараттар алмасуға сұрау салуға және оның ұсынылуын талап етуге тиіс.

      6. Уәкілетті орган тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін қолданыстағы халықаралық шарттың (келісімнің) негізінде Қазақстан Республикасында халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы ұсынған еларалық есептіліктің деректерін халықаралық топтың қатысушысы резиденті болып табылатын және (немесе) құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органына шет мемлекеттің сұрау салуы бойынша осындай халықаралық шарттың тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімде, шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы өзаралық қағидатын сақтаған кезде автоматты түрде ақпарат алмасу бойынша жіберуге міндетті.

      Осы баптың мақсаттары үшін өзаралық қағидаты деп уәкілетті органның және шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органының бір-біріне еларалық есептілікті ұсынуы түсініледі.

      7-4-бап. Салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті пайдалану

      Салық органдары трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті салық салу мақсатында пайдаланылуға құқылы.".

      12. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, .94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 11, 52-құжат; 2015 ж.,№ 20-IV, 113-құжат):

      16-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін нысандарды қоспағанда, уәкілетті органмен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісуге;".

      13. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж.,№ 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж.,№ 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конститутциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы "тыйым салу туралы сот қаулысы." деген сөздер "тыйым салу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) мемлекеттік кіріс органын жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабардар ету туралы сот қаулысы.";

      2) 55-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті өндіріп алу мүлікке құқықтарға бұрын пайда болған ауыртпалықтардың басымдығы ескеріле отырып жүргізіледі.";

      3) 57-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Борышкерде кепілге салынбаған мүлкі жеткіліксіз болған кезде борышкердің мүлкіне кепіл құқығы жоқ өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін, қамтамасыз етілген облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті, ипотекалық тұрғын үй қарызы міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүлікке өндіріп алу сот ұйғарымы негізінде талаптары кепіл ұстаушының талабынан басым болатын, кепіл ұстаушылар болып табылмайтын өндіріп алушылардың мүдделеріне қолданылуы мүмкін. Өндіріп алуды кепілге салынған мүлікке қолдану туралы сот ұйғарымы кепіл ұстаушыны, өндіріп алушыны және борышкерді сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар ете отырып, сот орындаушысының өтініші бойынша сот отырысында шығарылады. Мүлікті өткізу кепілге салынған мүлікті өткізу қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда талаптар осы Заңның 110, 111, 112-баптарында белгіленген кезектілік тәртібімен өткізілген мүліктің құнынан қанағаттандырылады.".

      14. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конститутциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      65-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әуеайлақ қызметінің құрамына тізбесін табиғи монополия саласында басшылық ететуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін тауарлар, жұмыстар, әуежайда және жерде көрсетілетін қызметтер кіреді."

      15. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 8-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы жүзеге асыратын екі және одан көп тұлғалардың бір мезгілде мұнай өнiмдерiн сақтау және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.".

      16. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015ж., № 19-I, 99-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;";

      2) 32-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы қызметтiң мынадай түрлерi:

      1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру;

      2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

      3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен ендіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.".

      17. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 15-баптың 14-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын иеленетін, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.";

      2) 20-баптың 9-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын иеленетін, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.".

      18. "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      14-бапта:

      1-тармақтың 8) тармақшасындағы "көшірмесін береді." деген сөздер "көшірмесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) микроқаржы ұйымын есептік тіркеуден өткізу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынады;";

      мынандай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымы мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төлейді.".

      19. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15,
78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек – осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалған (есебiне жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ өсімпұлдардың төленбеген сомалары;";

      2) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауапкершілік

      1. Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі бар санатқа жатқызылған агенттің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мыналардың:

      өзіне хабарлама берілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі бар санатқа жатқызылған агенттің;

      өзіне хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі бар санатқа жатқызылған агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салық берешегі және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі агенттің келіп түсетін қолма-қол ақшаны Мемлекеттік корпорацияға олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей аудару арқылы сөзсіз орындауына жатады.

      Агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кірістер органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын мыналардың:

      өзіне хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі бар санатқа жатқызылған агенттің;

      өзіне хабарлама берілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі бар санатқа жатқызылған агенттің банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті агенттердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен алып қоюды жүргізеді.

      Агенттің банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

      7. Мемлекеттік кіріс органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын көрсете отырып міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан асатын мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жариялайды.".

      20. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 29-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 10), 12), және 13) тармақшаларында белгіленген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістер;

      3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 654-бабының 10) тармақшасында белгіленген кірістер;

      4) гранттар қаражаты есебінен төлемдер (жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

      5) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, қызметкерлер жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақы төлемдері.";

      2) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудармағаны үшін төлеушінің жауапкершілігі

      1. Аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және оларды төлеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әр күн үшін (қорға төлеген күнді қоса алғанда) есептелген өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі бар санатқа жатқызылған төлеушінің аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мыналардың:

      өзіне хабарлама берілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі бар санатқа жатқызылған төлеушінің;

      өзіне хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салық берешегін және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі келіп түсетін қолма-қол ақшаны олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Қорға аудару арқылы төлеушінің сөзсіз орындауына жатады.

      Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кірістер органының төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелген күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын мыналардың:

      өзіне хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі бар санатқа жатқызылған төлеушінің;

      өзіне хабарлама берілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі бар санатқа жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

      Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеушілердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен алып қоюды жүргізеді.

      Төлеушінің банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын Қорға осы сомалар төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

      7. Мемлекеттік кірістер органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан асатын мерзімде өтелмеген берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жариялайды.

      8. Осы баптың мақсаттары үшін төлеуші деп аударымдарды төлеушілер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар түсініледі.".

      21. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; № 22, 116-құжат):

      1-баптың 3-тармағында:

      1) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "283-1-бап. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарында тауарлар атауының сәйкес келмеуі, санын (көлемін анық емес көрсету), сол сияқты тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарында мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімдерінің, биоотынның жеке идентификациялық нөмір-кодын анық емес көрсету";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мынадай мазмұндағы 283-1-баппен толықтырылсын:

      "283-1-бап. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарында тауарлар атауының сәйкес келмеуі, санын (көлемін анық емес көрсету), сол сияқты тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарында мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімдерінің, биоотынның жеке идентификациялық нөмір-кодын анық емес көрсету

      1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекетттер –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарында тауарлар атауының сәйкес келмеуі, санын (көлемін анық емес көрсету), тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарында мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімдерінің, биоотынның жеке идентификациялық нөмір-кодтарының анық емес көрсету –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемеу,сол сияқты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімдерінің, биоотынның тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатынсыз айналымы –

      әкімшілік құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, темекі бұйымдарын, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімдерін және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, темекі бұйымдарын, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімідерін және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      22. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына):

      1) 25-бапта:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалатын күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша қосылған құн салығының төлеушісі ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығының төлеушісі ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа жеке кәсіпкерлер пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар арасындағы төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырылады.".

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Банктер "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығының ағымдағы шоттарының иелері туралы мәліметтер, ашу және жабу, қосылған құн салығының ағымдағы шоттары бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақша қозғалыстары және қалдықтары туралы ақпаратты береді.";

      23. 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) талап ету құқығын басқаға беру бойынша мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы қамтамасыз ету саласына жетекшілік ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейiнгi екінші айдың жиырма бесінші күнінен кешiктiрмей ұсынады.

      Талап ету құқығын басқаға беру бойынша мәліметтерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау, анық емес немесе толық емес ұсынылғаны үшін коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады;".

      2-бап. 2018 жылғы 2 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабы 6-тармағының

      бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың төлнұсқалылығы;".

      3-бап. 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда халықаралық топтың қатысушысына есептік қаржы жылына еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жіберуге құқылы".

      4-бап. 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:

      "8) халықаралық топтың қатысушысы басқа халықаралық топтың қатысушысына өзінің атынан еларалық есептілікті әзірлеуге және (немесе) ұсынуға құқығы бар.".

      5-бап. 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:

      "3. Мәмілеге қатысушылар мен халықаралық топтың қатысушылары:

      1) осы Заңға сәйкес міндеттерді уақытында және толық көлемде орындауға;

      2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;

      3) мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын есептілікті және құжаттаманы жүргізуге;

      4) еларалық есептілікті ұсыну жүргізуге, егер қатысушы халықаралық топтың міндеті жүктелген немесе талабы бойынша осындай есептілікті беретін болса;

      5) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген міндеттер халықаралық топтың қатысушыларына ғана қолданылады;

      6) уәкілетті органдарға мәмілелердің мониторингі бойынша ақпаратты және есептілікті, сондай-ақ өзге де құжаттарды осы Заңда белгіленген тәртіппен ұсынуға міндетті.

      Уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша мәмілеге қатысушы мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын ақпаратты және құжаттарды күнтізбелік тоқсан күн ішінде ұсынады;

      7) уәкілетті органдардың талабы бойынша тексерулер барысында қолданылатын бағаның экономикалық негіздеуін, оның ішінде мәміленің бағасы мен дифференциалын растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаларды растайтын басқа да ақпаратты ұсынуға міндетті.".

      6-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3. Мәмілеге қатысушылар мен халықаралық топқа қатысушылар:

      1) осы Заңға сәйкес міндеттерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;

      3) мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын есептілікті және құжаттаманы жүргізуге;

      4) осы Заңның 5-1-бабына сәйкес халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті уәкілетті органға ұсынуға;

      5) егер халықаралық топқа қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну міндеті немесе талап жүктелген болса осындай есептілікті жүргізуге;

      6) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттер халықаралық топқа қатысушыларға ғана қолданылады;

      7) осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға мәмілелердің мониторингі бойынша ақпаратты және есептілікті, сондай-ақ өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.

      Уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша мәмілеге қатысушы мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын ақпаратты және құжаттарды күнтізбелік тоқсан күн ішінде ұсынады;

      8) уәкілетті органдардың талабы бойынша тексерулер барысында қолданылатын бағаның экономикалық негізділігін, оның ішінде мәміленің бағасы мен дифференциалын растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаларды растайтын басқа да ақпаратты ұсынуға міндетті.".

      7-бап. 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7-бап. Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік

      1. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік мынадай ақпаратты:

      1) мыналарды:

      тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді;

      мәмілеге қатысушының кәсіпкерлік қызметінің, мәмілеге қатысушы өз қызметін жүзеге асыратын саланың сипатталуын және нарық шарттарын;

      баға белгілеуге ықпал ететін факторларға қатысты ақпаратты қоса алғанда, болжамдарды, бизнес стратегиясын, трансферттік баға белгілеудің әдістемесін;

      функционалдық талдауды, тәуекелдерді талдауды, материалдық және материалдық емес активтерді;

      халықаралық стандарттар бойынша есептерді, оның ішінде қаржылық есептілікті қоса алғанда, баға қолдану негізділігін растайтын құжаттаманы;

      2) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдісті;

      3) ақпарат көзін;

      4) шарттардан (келісімшарттардан), шот фактуралардан (инвойстардан), кедендік жүк декларацияларынан алынған мәліметтерді, қаржы ұйымдары ұсынатын мәліметтерді, сондай-ақ дифференциалды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелер бойынша ақпаратты;

      5) физикалық сипаттамасын, сапасы мен нарықтағы сұранысын, шығарылған және өндіруші елін, тауар белгісінің болуын және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапалық сипатына байланысты басқа да ақпаратты қоса алғанда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипатталуын;

      6) шарттық талаптарды;

      7) іскерлік операциялар жүргізу стратегиясын;

      8) маржаны, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің

      комиссиялық (агенттік) сыйақысын не олардың

      сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақыларды қамтиды. Бұл ретте, егер мәмілеге қатысушылар үшін маржаның құрамдастарын ашатын ақпарат қолжетімді болса, мәмілеге қатысушы мұндай

      ақпаратты ұсынады және егер маржа сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысын не сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақыны қамтитын жағдайда, уәкілетті органдар бұл құрамдастарды бақылауды жүзеге асыру кезінде есепке алмайды;

      9) мәміле бағасын қолданудың дұрыстығын негіздейтін және мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа да деректерді қамтиды.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпарат осы Заңда реттелетiн мәмiлелерді жасау кезінде мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына әсер ететiн осындай шарттар мен деректер болған жағдайда мемлекеттік кіріс органдарына берiледi.

      2. Мәмілеге қатысушылар, оның ішінде осы Заңға сәйкес мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттаманы жүргізуге және оны уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша уәкілетті органдарға беруге міндетті.

      3. Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік еларалық есептіліктен тұрады.

      Еларалық есептіліктің нысанын және оның толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      Осы тармақта көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын есептілік мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтымайтын бөлігінде ұсынылады.

      Халықаралық топқа қатысушы мәліметтердің толық еместігін, ұсынылған есептілікті толтыруда нақты еместікті не қателерді анықтаған жағдайда мұндай қатысушы жаңартылған ақпаратты есепке ала отырып, түзетілген есептілікті ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте осы Заңда белгіленген есептілікті ұсыну бойынша мерзімдер түзетілген есептіліктің ұсынылуына қолданылмайды.".

      8-бап. Осы Заң:

      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының жиырма бірінші – отыз сегізінші абзацтарын;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы, 5-тармағының 7) тармақшасының төртінші абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының екінші – жиырмасыншы абзацтарын;

      3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 2), 8) және 9) тармақшаларын, 4-тармағының 8) тармақшасын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады