Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 632 қаулысы

      Қырғыз Республикасында қалыптасқан табиғи-климаттық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.      

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті тасымалдау Қырғыз Республикасындағы межелі пунктке дейін және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 9 қазандағы
№ 632 қаулысына
қосымша

Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі

Р/с

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем
бірлігі

Мөлшері

1

2

3

4

1

Кесілген тақтай

метр³

1 500

2

Металл илегі

тонна

150

3

Ағаш бағаналар

дана

1 280


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады