Байланыс формасы

"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 679 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 244-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 1), 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы шеңберінде талдамалық, консультациялық, ақпараттық, техникалық қолдау көрсету;

      2) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;";

      "4) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде ортақ сауда режимiн құру және үшінші елдермен еркiн сауда аймақтарын құру туралы келісімдер жасау жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады