Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.06.2023 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 30 қазандағы
№ 687 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу коэффициенттеріне сәйкес лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін өтілге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезге дейінгі мемлекеттік қызметте болған бүкіл уақыт енгізіледі.

      3. Лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу үшін, сондай-ақ мына:

      1) Қазақстан Республикасының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген уақыт, сондай-ақ арнайы оқу орындарында оқу және арнайы бастапқы оқу кезеңі;

      2) құқық қорғау органдарында, оның ішінде мемлекеттік фельдъегерлік қызметте, қаржы полициясында (салық полициясында (милицияда), мемлекеттік өртке қарсы қызметте, қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның, бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде лауазымға тағайындалған күннен бастап (оның ішінде тағылымдамашы лауазымында) қызмет өткерген уақыт, сондай-ақ арнайы оқу орындарында оқу және арнайы бастапқы оқу кезеңі;

      3) арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген уақыт, оның ішінде арнаулы (әскери) оқу орындарында оқу кезеңі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбек қызметі өтілі еңбек сіңірген жылдарына есептелген уақыт;

      4) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның судья лауазымында және сот аппараттарында (кеңселерінде) мемлекеттік (жауапты) лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;

      5) мемлекеттік қызметтегі адамдардың бала үш жасқа толғанға дейінгі оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын әлеуметтік демалыстың басқа да түрлерінің уақыты;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның аумақтық бөлімшелеріндегі қызметші ретінде, сондай-ақ КСРО Мемлекеттік банкі жүйесінде жұмыс істеген уақыт;

      7) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол органдарында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;

      8) мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда басшы лауазымдарда немесе нақты мемлекеттік әкімшілік лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;

      8-1) мемлекеттік саяси қызметшілер, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, сондай-ақ "Б" корпусының А-1, А-2, В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін квазимемлекеттік сектор және/немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінде басшы лауазымдарда немесе нақты мемлекеттік лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;

      9) егер осы лауазымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылған болса, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсеткен және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз еткен қызметкерлер лауазымдарында жұмыс істеген уақыт;

      10) егер қызметші тағайындауға дейін тікелей мемлекеттік қызметте болса, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың жолдамасы бойынша халықаралық ұйымдарда немесе басқа мемлекеттерде жұмыс істеген уақыт;

      11) Еуразиялық экономикалық комиссияда және Еуразиялық экономикалық одақтың Сотында жұмыс істеген уақыт;

      12) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарда жұмыстан қол үзіп оқыған, сондай-ақ қызметші оқуға түскенге дейін мемлекеттік қызметте болса және оны аяқтаған соң мемлекеттік қызметке қайтып келсе, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жолдауы бойынша шетелде оқыған уақыт;

      13) Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, сондай-ақ тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асырған уақыт;

      14) мемлекеттік органның құрылуы кезінде, сондай-ақ арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарған адамдардың жұмыс істеген уақыты;

      15) мемлекеттік қызметшілерді заңсыз қызметтен шығару кезінен бастап олар мемлекеттік қызметке қайта орналастырылғанға дейінгі уақыт;

      16) мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кіру кезіндегі сынақ мерзімінен өту уақыты кіреді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.09.2019 № 684 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін өтіліне құқық қорғау органдарында қызмет өткерген және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген уақыты кіреді.

      5. Лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін өтілді еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды, оның құрамын мемлекеттік органның қызметкерлерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам бекітеді.

      Лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін өтілді белгілеу мәселесін қарау үшін:

      1) мемлекеттік қызметшінің өтініші;

      2) мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органдағы мемлекеттік лауазымға тағайындау негіздер болып табылады.

      Лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін өтілді белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оның көшірмесі бухгалтерияға беріледі.

      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің талап етуі бойынша үш жұмыс күні ішінде оған комиссия шешімінен үзінді береді және оны растайды.

      6. Лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін өтілді айқындау үшін еңбек кітапшасы немесе қызметтік тізім негізгі құжаттар болып табылады.

      Еңбек кітапшасы, қызметтік тізім болмаған кезде, сондай-ақ қажетті жазба болмаған не жұмыс кезеңдері туралы қате немесе дәл емес жазбалар болған жағдайда лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін еңбек өтілін растауға еңбек шарты, жұмыс берушінің актілерінен үзінділер, қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінділер, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер, жұмыс орнынан анықтамалар немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама, сондай-ақ әскери билет қабылданады. Лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін еңбек өтілін куәлардың айғақтарымен растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      6-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының 8-1) тармақшасында көрсетілген ірі кәсіпкерлік субъектісіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат ірі кәсіпкерлік субъектісі мына өлшемшарттардың біріне немесе екеуіне сәйкес келетіні: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатыны туралы мәлімет болып табылады.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.09.2019 № 684 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Күнтізбелік бір ай ішінде лауазымдық айлықақыны арттыруға құқығы пайда болған қызметшілерге лауазымдық айлықақыны өтілін есепке алумен есептеу осындай құқық пайда болған күннен бастап жүзеге асырылады.

      8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға сәйкес лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеумен есепке алынады.

On approval of the Rules for calculating the service length of civil servants, entitling for setting an official salary

Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated October 30, 2017 No. 687. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 06/16/2023 No. 479

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 06/16/2023 No. 479 (effective from the date of its first official publication).

      In accordance with paragraph 6 of Article 53 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 23, 2015 On the Civil Service of the Republic of Kazakhstan, the Government of the Republic of Kazakhstan hereby RESOLVES:

      1. To approve the attached Rules for calculating the service length of civil servants, entitling for setting an official salary.

      2. This resolution shall be enforced from the day of its first official publication.

      Prime Minister
      of the Republic of Kazakhstan B. Sagintayev

  Approved
by Resolution No. 687
of the Government
of the Republic of Kazakhstan
dated October 30, 2017

Rules

of calculating the service length of civil servants, entitling for setting an official salary

      1. These Rules for calculating the service length of civil servants entitling for setting an official salary (hereinafter - the Rules) are developed in accordance with paragraph 6 of Article 53 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 23, 2015 On the Civil Service of the Republic of Kazakhstan and govern the procedure for calculating the service length of civil servants, entitling for setting an official salary.

      2. The service length entitling for setting an official salary in accordance with the coefficients for calculating official salaries and benefits for health improvement of public servants, established on the basis of the unified system of remuneration for employees of the bodies of the Republic of Kazakhstan, supported at the state budget expense, approved by the Government of the Republic of Kazakhstan in coordination with the President of the Republic of Kazakhstan, includes the entire time in public service, which is calculated from the moment of appointment or election to a public post until termination of the public service in the procedure established by the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of public service.

      3. In calculation of the service length entitling for setting a salary, time shall also be included of:

      1) military service in the Armed Forces, other troops and military units of the Republic of Kazakhstan, the former Union of Soviet Socialist Republics (hereinafter -the USSR), as well as the period of study at special educational institutions and special initial training;

      2) service from the date of appointment (including internship) in law enforcement bodies, including the state courier service, financial police (tax police (police), state fire service, penal system, including the former USSR, the former State Investigative Committee of the Republic of Kazakhstan, as well as the training time in special educational institutions and special initial training;

      3) service in special state bodies, including the period of study at special (military) educational institutions, also the length of service of employees counted as seniority in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on special state bodies;

      4) service as judges and in state (responsible) posts in the offices (chancery) of the courts of the Republic of Kazakhstan and the former USSR;

      5) unpaid leave for childcare up to the child’s age of three years, as well as other types of unpaid social leaves for persons in the civil service;

      6) employment in the National Bank of the Republic of Kazakhstan and its subsidiaries, also in the system of the State Bank of the former USSR;

      7) work in elected and other senior positions in the party, trade union and Komsomol bodies of the Kazakh Soviet Socialist Republic and the Republic of Kazakhstan until January 1, 1992;

      8) work in state institutions and state enterprises in managerial positions or posts corresponding to the functional areas of a particular administrative public position;

      8-1) work in entities of the quasi-public sector and / or large business in executive positions or positions corresponding to the functional areas of the held public office for political civil servants, administrative civil servants of corps “A”, as well as corps “B” of categories A-1, A-2, B-1, B-2, C-1, C-2, C-O-1, C-O-2, C-R-1, CR-2, D-1, D-2, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2, ER-1;

      9) work in the positions of technical support and maintenance of state bodies and their offices, if this work refers to the positions of public servants in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan;

      10) work in international organizations or other states in the direction of state bodies and state organizations, if before the appointment the employee had been in the public service proper;

      11) work in the Eurasian Economic Commission and the Court of the Eurasian Economic Union;

      12) time in off-the-job training, retraining and advanced training courses for the personnel, as well as studying abroad in the direction of state bodies and organizations, if the employee had been in the public service before returning and after returning to the public service;

      13) exercise of the powers of a deputy of the Parliament of the Republic of Kazakhstan, as well as a deputy of maslikhat working on a permanent basis;

      14) holding an interim appointment filling up a vacant administrative state post during the period of the state body creation, and also pending the special audit results;

      15) from the moment of unlawful dismissal of civil servants until their reinstatement in the civil service;

      16) work while on probationary period upon admission to the state and law enforcement services.

      Footnote. Clause 3 as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 11.09.2019 No. 684 (shall be enforced from the date of its first official publication).

      4. For law enforcement servants, the service time in law enforcement bodies and military service in the Armed Forces, other troops and military units of the member states of the Commonwealth of Independent States shall count in the service length entitling for setting an official salary.

      5. The service length entitling for setting an official salary shall be determined by the commission for setting seniority, the membership of which is approved by a person authorized to appoint and dismiss employees of a state body.The grounds for considering seniority entitling for fixing an official salary shall be:

      1) application of a civil servant;

      2) appointment of a civil servant to a public position in a state body.

      Decision of the commission on establishment of seniority, entitling for setting an official salary, shall be drawn up in minutes, a copy of which is directed to the accounting department.

      At the civil servant’s request the human resources service (personnel service) shall issue an extract from the decision of the commission to him within three working days and certify it.

      6. The main documents for determining the service length entitling for setting an official salary are an employment record book or a track record.

      In the absence of an employment record book, track record, or a necessary record or in the event of incorrectly or inaccurately recorded work periods, an employment contract, extracts from acts of the employer, extracts from the payroll list, extracts from the unified accumulative pension fund of the listed mandatory pension contributions, information from the State Social Insurance Fund on the social deductions, letter of employment verification or archive transcript containing information about the person’s employment history, as well as the military card shall be accepted to confirm the length of service entitling for establishment of an official salary. Confirmation of the seniority giving the right to establish an official salary by witness testimony shall be carried out in accordance with the procedure established by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

      6-1. A document confirming the length of service in a large business entity specified in subparagraph 8-1) of paragraph 3 of these Rules shall be information that a large business entity meets one or two of the following criteria: average annual number of employees more than two hundred and fifty people and (or) average annual income the size of more than three million-fold monthly calculation indicator established by the law on the republican budget, effective as of January 1 of the corresponding financial year.

      Footnote. The rules are supplemented by paragraph 6-1 in accordance with the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated September 11, 2019 No. 684 (shall be enforced from the date of its first official publication).

      7. For employees who, within a calendar month, acquire the right for a rise in the official salary, the calculation of the official salary, taking into account the length of service, shall start from the day such a right arises.

      8. Service length entitling for setting an official salary in accordance with these Rules, shall be calculated in chronological order, unless otherwise provided by the legislation of the Republic of Kazakhstan.