Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 712 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Балқаш су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      2) "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      реттік нөмірі 87-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

87

Ішкі су жолдарындағы кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ертіс және Жайық-Каспий бассейндерінде, Іле өзені, Қапшағай су қоймаларында және Балқаш көлінде кеме қатынасы ішкі су жолдары учаскелерінде кеме жүрісінің кепілді габариттерін навигациялық жабдық белгілерін қою (алу) және күту, түбін тереңдету, түзету, түбін тазарту, арналық жобалық іздестіру, навигациялық жабдықтар мен құрылғылардың белгілерін әзірлеу және жөндеу, кеме қатынасы
шлюздері мен техникалық флот кемелерін ұстау және жөндеу, техникалық флот кемелерін жаңарту және жаңғырту бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз ету

Қазақстан Республика сының Инвестициялар және даму министрлігі

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

092 "Су көлігін және су инфрақұрылымын ұстау, дамыту"
100 "Су жолдарының кеме жүретін жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздерді күтіп-ұстау"

6 835 863

      ";

      реттік нөмірі 88-жол алып тасталсын.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады