"Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 786 қаулысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 147 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 703-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық спорттық жарыстардың тізбесінде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 18 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 686 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай
көтермелеу мөлшері

Р/с

Халықаралық спорттық жарыстардың атауы

Иеленген орын

Спортшыны теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері

Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері

1

2

3

4

5

1.

Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары

1-орын

250000

250000

2-орын

150000

150000

3-орын

75000

75000

4-орын

30000

30000

5-орын

10000

10000

6-орын

5000

5000

2.

Әлем чемпионаты (ересектер арасында): олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша

1-орын

15000

10000

2-орын

7000

5000

3-орын

5000

3000

олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша

1-орын

2300

2300

2-орын

1800

1800

3-орын

1100

1100

3.

Жазғы, қысқы
Азия ойындары, Параазия ойындары

1-орын

10000

5000

2-орын

5000

3000

3-орын

3000

2000

4.

Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада

1-орын

15000

15000

2-орын

10000

10000

3-орын

5000

5000

5.

Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары

1-орын

10000

5000

2-орын

5000

3000

3-орын

3000

2000

6.

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты

1-орын

2300

2300

2-орын

1400

1400

3-орын

900

900

7.

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) Әлем чемпионаты

1-орын

3500

3500

2-орын

2300

2300

3-орын

1100

1100

8.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату


5000

3000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады