Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы " "
№ Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 10, 115-құжат).

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 371 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 976-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 689 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 679-құжат).


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы " "
№ Жарлығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1-бөлім. Кіріспе

      Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін орта мерзімді даму жоспарын білдіреді. Ол Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің лигасына ілгерілеуін қамтамасыз етеді.

      2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған, саяси және институционалдық өзгерістерді, қоғамдық сана мен экономиканың өзгерістерін қамтитын Елдің үшінші жаңғыру процестерін іске қосады. Ол жаңғырту процестерін іске асыруға бағытталған және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр.

      2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары) алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын жойды және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне ауысуды жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда.

      Екшелген экономикалық саясаттың арқасында біздің еліміз соңғы жылдардың құрылымдық дағдарысынан ойдағыдай өтті, сондай-ақ оң экономикалық өсу қарқынын және халықтың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етті. Бірақ қазіргі кезең экономиканың шикізаттық моделі артықшылықтарының төмендеуі, жаһандық экономикадағы протекционизмнің өсуі, цифрлық қоғамның қарқынды дамуы, технологиялық парадигманың өзгеруі, Индустрия 4.0 дамуы сияқты сын-қатерлер қойып отыр – ол Қазақстаннан әлемдегі түбегейлі өзгерістерге жедел ден қоюды талап етеді.

      2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізінде экономиканың өнімділігін және күрделілігін арттыру, адами капиталды дамыту және бәсекелестіктің өсуі жағдайында жекеменшік қаражатты тарту, жеке сектордың көшбастаушы рөлі мен ел өңірлерінің даму әлеуетін іске асыру есебінен экспортқа бағдарланған өндірісті ынталандыруға негізделген жаңа экономикалық өсу моделі қамтылған. Экономикалық өсудің жаңа моделі экономиканың өсу қарқынын әлемдік орташа деңгейден жоғары деңгейде қамтамасыз етеді және "орташа кіріс тұзағын" еңсеруге мүмкіндік береді.

      2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдар әл-ауқатының әлемнің дамыған отыз елінің лигасына кіру жолында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің деңгейіне шығуына алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты көтерілуіне қол жеткізу. Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Экономикалық өсу халықтың өмір сүру сапасының артуымен, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдар әрі – БҰҰ) тұрақты даму мақсаттарына және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес қатар жүруге тиіс.

      2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың айналасында құрылған, олар 2025 жылға дейін экономикада және елдің әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылуға тиіс. Елдің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін түйінді ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.

      2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың ойдағыдай іске асырылуы мемлекеттік органдардың, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдерінің үйлестірілген іс-қимылын талап етеді.

2-тарау. Ағымдағы ахуалды және жаһандық үрдістерді талдау 2.12020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды іске асыру қорытындылары

      2010 жылы қабылданған 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар өз міндетін 2007 – 2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін ел экономикасында қалыптасқан ахуалды тұрақтандыра отырып орындады. 2016 жылдың қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) көлемі 2009 жылға қатысты 36,5%-ға өсті, бұл экономиканың өсуі бойынша стратегиялық мақсатқа мерзімінен бұрын қол жеткізуді қамтамасыз етті.

      Макроэкономикалық тұрақтылық сақталды. 2016 жылы инфляция 8,5%-ға дейін төмендеді. Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің көлемі 90,7 млрд. АҚШ долларын құрады және ЖІӨ-ден 66,1%-ға дейін ұлғайды.

      2010 – 2016 жылдар кезеңінде шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілерінің жалпы қосылған құнының (бұдан әрі – ЖҚҚ) үлесі 20,6%-дан 26,8%-ға дейін ұлғайды. ШОБ-тың белсенді субъектілерінің саны екі есе өсті, 256,7 мың жұмыс орны сақталып, 81,1 мың жұмыс орны құрылды.

      Қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыруда айтарлықтай жақсартуларға қол жеткізілді, бұл 2014 – 2017 жылдары Қазақстанның Doing Business 2018 рейтингінде 17 позицияға – 36-орынға жоғарылауымен расталып отыр.

      Экономиканың шикізат емес секторларына отандық және шетелдік инвестициялар 64,3%-ға дейін ұлғайды. ЖІӨ-дегі тікелей шетелдік инвестициялардың үлесі 15,6 пайыздық тармаққа өсті.

      Сенімді құқықтық орта қалыптастыру мақсатында тегін заң көмегін ұсынуға бағытталған заңдар қолданысқа енгізілді, судьяларды іріктеудің біліктілік талаптары мен тетіктерін қатаңдату мәселелері регламенттелді, сондай-ақ Судьялардың жаңа әдеп кодексі бекітілді. Осы жылдары "соттардың дербестігі" көрсеткіші бойынша Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингінде 30позицияға көтеріліп, 79-орынға ие болды.

      Экономиканы жедел әртараптандыру үшін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығы аяқталды және екінші бесжылдықты іске асыру жалғастырылуда. 7 жылда Индустрияландыру картасының шеңберінде 900-ден астам жоба енгізіліп, 90 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды. Экономиканың энергияны қажет етуі 6 жылда шамамен 30%-ға төмендеді.

      "Агробизнес" бағдарламасының шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде (бұдан әрі – АӨК) АӨК субъектілерін субсидиялау 2 есеге ұлғайды. Қабылданған шаралар өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 31,7%-ға, агроөнеркәсіптік кешенде 3,6 есеге өсуіне мүмкіндік берді.

      "Нұрлы жол" инфрақұрылымды ауқымды дамыту бағдарламасы шеңберінде 1,6 мың км-ге жуық автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды, Жезқазған – Бейнеу теміржол желісі мен логистикалық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистральдық көлік дәлізі іске қосылды.

      2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі бағыттарының бірі білім беруге, ғылымға және денсаулық сақтау саласына инвестициялар болып табылады.

      Мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту арқылы 3-6 жастағы балаларды қамту 85,8%-ға дейін өсті. Орта білім беруде жоғары қамту деңгейі байқалуда (98,1%). Бастауыш мектептердегі білім беру сапасы бойынша Қазақстан TIMSS рейтингінде үздік 15 елдің қатарына кіреді. QS WUR әлемдік рейтингілерінде қазақстандық 8 жоғары оқу орны атап өтілді, оның 2-уі топ-300 және топ-400 құрамына кірді.

      Денсаулық сақтау саласында бірыңғай ұлттық жүйе қалыптастырылды. Жеті жылда қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 3 жылға артып, 2016 жылы 72,3 жасты құрады. Аналар өлім-жітімінің деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге, нәрестелер өлім-жітімі 2 еседен астамға азайды.

      Мемлекет қабылдаған азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі кешенді шаралардың арқасында 2009 – 2016 жылдар кезеңінде табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 8,2%-дан 2,6%-ға дейін төмендеді. Өткен жылдары жұмыссыздық деңгейі тұрақты – 5%-ға жуық болды.

      Ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастар тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Ар-ұят еркіндігіне құқықты одан әрі іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерінің еркін дамуы үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Этносаралық және конфессияаралық даулардың профилактикасы мен оларды ерте алдын алудың тиімді жүйесі құрылды. Қазақстан халықаралық қатынастардың белсенді субъектісі болып табылады және әлемдік саясат үшін маңызы бар шешімдер қабылдауға қатысады. Еліміз Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымы (бұдан әрi – ДСҰ) сияқты өңірлік және жаһандық экономикалық жүйелерге белсенді түрде интеграциялануда.

      Сонымен бірге 2014 жылдан бастап жаһандық қайта өндірісі бар "жаңа болмыс" ретінде және осының салдары ретінде әлемдік мұнай бағаларының айтарлықтай төмендеуімен сипатталатын кезең басталды. Бұл еліміздің орнықты дамуы үшін жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерді туындатты.

      2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың іске асырылуынан бастап Мемлекет басшысы орта мерзімді перспективада стратегиялық міндеттерді іске асыруды қайта қарау жолдарын талап ететін "Қазақстан-2050" Стратегиясы, Ұлт жоспары–бес институционалдық реформаны жүргізу жөніндегі 100 нақты қадам, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және Қоғамдық сананы жаңғырту сияқты маңызды саяси құжаттарға бастамашылық жасады.

      2.2 Қазақстанды дамыту үшін бәсекелі артықшылықтар мен салалар

      Бүгінгі күні Қазақстан – бұл экономикалық дамуда ерекше серпіліс жасаған және мемлекеттің институционалдық негізін қалыптастырған ел. Қазақстан табыс деңгейі орташа ел ретінде танылады: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 26 048 халықаралық долларды құрайды.

      Экономикалық өсу

      2010 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде ЖІӨ өсуі жылына 5-7%-ды құрады. 2014 жылдан бері әлемдік экономикада ахуалдың күрт өзгергені байқалды, нәтижесінде 2015 – 2016 жылдары Қазақстанның экономикалық өсуі жылына 1-1,2%-ға дейін баяулады. 2017 жылдың басынан бері ел экономикасы шамамен 4% жоғары өсу траекториясына қайта оралды, бұл экономиканың жаңа даму шарттарына бейімделгенін айғақтап отыр.

      Өсудің тұрақтылығы іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қолдау үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана отырып контрциклдік макроэкономикалық реттеу саясаты есебінен қамтамасыз етілді.

      2000 жылмен салыстырғанда экономиканың құрылымында сапалы өзгерістер болды. ЖІӨ құрылымында көрсетілетін қызметтер саласының үлесі 2000 жылғы 48,3%-бен салыстырғанда 57%-ға дейін ұлғайды, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 10%-дан 11,8%-ға дейін, көлік және логистика үлесі 6%-дан 8%-ға дейін өсті. Бұл ретте Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында өңдеу секторының өсу қарқыны тау-кен өндіру өнеркәсібінің өсу қарқынынан асып түсті. Қазақстанда бұрын өндірілмеген 500-ден астам жаңа өнім түрлері жасалды. Олардың ішінде жүк және жолаушы вагондары, электровоздар, жүк, жеңіл автомобильдер мен автобустар, трансформаторлар, рентген-аппаратура, жарықдиодты жарықшамдар, титан құймалары және қорытпалар, дәрілік заттар, сүт өнімдері және басқалары бар. Өңделген тауарлардың үлесі 23,3%-дан 30,3%-ға дейін, тауарлық позициялардың үлесі 777-ден 824-ге дейін өсті.

      "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыратын елдің экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған тиімді көлік-логистика инфрақұрылымы қалыптасты.

      Агроөнеркәсіп секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұсақ және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперциясына кеңінен тартуға, отандық ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының өсуіне, су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған АӨК дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Соңғы 7 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару 2,5 есе өсті.

      Экономиканы әртараптандыру жөніндегі шараларға қарамастан Қазақстан экономикасының күрделілігі индексі -0,52-ні құрады, мұның өзі Ресей (0,21) және Малайзия (1,08) деңгейлерімен салыстырғанда төмен.

      Экономиканың өсуін тежейтін негізгі факторлардың бірі экономика салаларындағы еңбек өнімділігінің деңгейі бойынша ілесе алмау болып табылады. Мысалы, ауыл шаруашылығында мұндай ілесе алмау деңгейі 12-15 есеге, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 5-10 есеге, өңдеу өнеркәсібінде 2-4 есеге жетеді. Өнімділіктің өсуін қазіргі заманғы технологиялардың жеткіліксіз енуі мен дамуы, негізгі құралдар тозуының жоғары деңгейі мен жоғары емес технологиялық деңгейі тежеп отыр, ол негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 2007 жылы ЖІӨ-нің 30,6%-дан 2016 жылы 25,3%-ға дейін төмендеуінің салдарынан болды. Меншікті технологиялардың дамуы Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) дамуының төмен деңгейімен шектеледі (Қазақстанда ҒЗТКЖ шығындары ЖІӨ-нің 0,15%-ы, Ресейде – 1,2%-ды, Малайзияда – 1,3%-ды, Австралияда – 2,2%-ды құрайды).

      Қаржы саласында экономиканың нақты секторын қаржыландыруды тежейтін өзекті проблемалар сақталуда. Қарыз алушылардың жоғары тәуекелдері мен банк активтерінің төмен сапасынан банктік кредит беру көлемі шектелуде. Банктердің балансында шетел валютасының айтарлықтай жоғары үлесі сақталуда, бұл олардың теңгемен қаржыландыруды ұсыну мүмкіндіктерін төмендетеді. 2017 жылғы қаңтарда жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі 6,7%-ға дейін төмендегеніне қарамастан, активтердің сапасы төмен болып қалуда. Баламалы қаржыландыру көздері (бағалы қағаздар нарығы, венчурлық қаржыландыру, факторинг, лизинг сияқты және өзгелері) жеткілікті дамымаған.

      2014 – 2016 жылдары фискалдық ынталандыру шаралары нәтижесінде салық-бюджет саласындағы көрсеткіштердің нашарлауы байқалды.
2017 жылға қарай мұнай емес тапшылық 9%-ға дейін ұлғайды, мемлекеттік борыш ЖІӨ-нің 20%-ына дейін артты. Сонымен бірге жалпы бюджет тапшылығын 3%-дан аспайтын деңгейде және Ұлттық қордың активтерін
ЖІӨ-нің 30%-ынан астам деңгейде ұстап тұрудың арқасында елде тұрақты фискалдық жағдай сақталып отыр.

      Бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту

      Кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-климатты жақсарту, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнес құру және мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін оңайлату бойынша түбегейлі шаралар қабылданды.

      2017 жылғы Doing Business рейтингінде Қазақстан реформалардың ең көп санын – кәсіпкерлікті ынталандыруға және экономикалық қызметтің белсенділігін арттыруға бағытталған ықтимал он бағыттың жетеуінде 48 реформаны жүзеге асырған мемлекет ретінде танылды. Нәтижесінде Қазақстан рейтингте ЭЫДҰ-ның Бельгия, Италия, Израиль, Грекия және Түркия сияқты елдерінен басып озды.

      Соңғы үш жылда Қазақстан экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту саясатын белсенді түрде жүргізіп келеді. Жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде 2014 – 2017 жылдар аралығында 125 млрд. теңге сомаға 433 объекті өткізілді. "Yellow Pages Rule" қағидаларын орындау мемлекет қатысатын субъектілер қызметінің түрлерін 47%-ға – 652-ден 346-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру басталды. Осы мақсатта 2015 жылы "Өзін-өзі реттеу туралы" заң қабылданды, нарықтың дайындығын талдау енгізілді, институционалдық тетіктер құрылды.

      Қабылданған шараларға қарамастан, мемлекет қаржы ресурстары мен білікті кадрларды өзіне тарта отырып, нарықтарда маңызды рөл атқарады (ЖІӨ-де ЖҚҚ үлесі 18,6%-ға дейін).

      ШОБ субъектілерінің экономикаға қосқан үлесі салыстырмалы түрде төмен 24% деңгейінде қалып отыр, орташа кәсіпорындар саны қысқаруда (2014 – 2016 жылдары 41%-ға). Бизнестің дамуын тежейтін факторлар қаржыландыруға шектеулі қолжетімділік, бизнес жүргізу жағдайында өңірлер арасындағы елеулі алшақтық, заңнамадағы кемшіліктер болып қала береді, бұл бизнесті ірілетудің орнына оның бөлшектенуіне әкеп соғады.

      ШОБ секторының экспорттық әлеуетін дамыту үшін экспортты ілгерілету жөніндегі шаралардың кең топтамасы ұсынылады. Алайда, ірі нарықтардан қашықтығы жоғары логистикалық шығасыларға әкеп соғады және қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

      Әлеуметтік саясат

      Экономика мен әлеуметтік дамудағы жетістіктер нәтижесінде халық саны 5 жыл ішінде шамамен 1,5 миллион адамға ұлғайды. Бір мезгілде денсаулықты да, жалпы өмір сүру деңгейін де сипаттайтын халықтың өмір сүру ұзақтығы 2000 жылдан бастап 6,8 жылға біртіндеп өсіп, 2016 жылы 72,3 жылды құрады.

      Елде бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптасты. Жүйелі түрде жүргізілетін скрининг азаматтардың денсаулығын қорғаудың неғұрлым пәрменді әрі тиімді шараларының біріне айналды. Қатерлі ісіктерді ерте анықтау нәтижесінде онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштері 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 99,49-дан 2016 жылы
88,79-ға дейін азайды.

      Сонымен бірге денсаулық сақтауды қаржыландырудың жеткілікті болмауы және өңірлер бойынша қаржы ресурстарының біркелкі бөлінбеуі орын алып отыр. Шалғай өңірлерде медицина персоналының жетіспеушілігі әлі де байқалады, қалалар мен ауылдардың кадрлармен қамтамасыз етілуі арасындағы айырмашылық 4 есеге жетеді. Медициналық көрсетілетін қызметтердің жеткіліксіз сапасы және жоғары білікті медициналық көмектің қолжетімділігі байқалады.

      Қазақстанның білім беру жүйесі халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануға бағытталған, жоғары білімнің Болон жүйесіне көшуі жүзеге асырылып, зияткерлік мектептер желісі мен халықаралық деңгейдегі университет Назарбаев Университеті құрылды, "Болашақ" халықаралық бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстанда орта біліммен толық қамту қамтамасыз етілдіжәне 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 86%-ға дейін ұлғайтылды.

      Қазақстанның PISA рейтингі бойынша орташа балы ЭЫДҰ елдерінің ұқсас көрсеткішінен 10%-ға төмен екендігін ескере отырып, орта білім беру сапасының көрсеткіштері жақсартуды талап етеді. Қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының айырмашылықтары сақталуда, бұл ауыл мектептерінің ҰБТ-ның орташа балы бойынша шамамен 10%-ға артта қалушылығынан көрініс табады.

      Техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесінде дуалды білім беру жүйесі енгізіліп, халықаралық стандарттар енгізілуде. Сонымен қатар, ТжКБ жүйесі инженерлік-техникалық кадрларды даярлау үшін қажетті практикалық дағдыларды қамтамасыз етпейді, материалдық-техникалық база ескірген, ал білім беру бағдарламаларының көпшілігі әлі де халықаралық білім стандарттарына сәйкес келмейді.

      Елде ЖОО-лардың көп болуына қарамастан, QS World University Rankings 2016 халықаралық рейтингінде тек 8 университет ұсынылған, ал еліміздің үздік жоғары оқу орны (ҚазҰУ) ЖОО-ларда білім беру сапасын жақсарту мүмкіндігін айғақтайтын 236-орынды иеленеді.

      Сонымен бірге бүгінгі таңда ел халқының тек 11%-ы жоғары білікті зияткерлік жұмысты, шығармашылықты және тұрақты емес міндеттерді шешуді көздейтін білім экономика саласында жұмыс істейді. Бітіруші кадрлардың құзыреттілік деңгейі де жақсарту алаңы болып табылады, өйткені ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (бұдан әрі – ЖБИ) Қазақстан орта білім беру сапасы бойынша 138 елден 68-орынды, жоғары білім беру сапасы бойынша 63-орынды, менеджмент мектептерінің сапасы бойынша 100-орынды және персоналды дайындау және дамыту деңгейі бойынша 70-орынды иеленеді. Бұл кəсіптік білім беру жүйесінің, оның жаңа экономиканың қажеттіліктерімен байланысының, сондай-ақ еңбек нарығын реттейтін əлеуметтік– еңбек инфрақұрылымының алдында күрделі міндеттер қояды.

      Білім берудің өзге де проблемалары арасында педагогикалық мәртебенің беделді еместігін және осы саладағы жоғары емес еңбекақыны, ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда білім беру жүйесін қаржыландырудың жеткіліксіздігін белгілеуге болады.

      Әлеуметтік салада табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 25 жыл ішінде 15,6 есеге азайды, соңғы 20 жылда Қазақстан халқының орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 32 есеге өсті.

      Жұмыссыздық деңгейі шамамен 5% деңгейінде қалып отыр, алайда өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан 25% деңгейінде жоғары үлесі сақталып отыр. Әсіресе, ауылдық жерлерде өзін-өзі өнімді емес жұмыспен қамту ерекше алаңдаушылық туындатады.

      Зейнетақымен қамсыздандыру саласында ынтымақты зейнетақылардың төленуін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері инфляция қарқынынан басып оза отырып, жыл сайын индекстеледі. Тұтастай алғанда, 25 жылда орташа айлық зейнетақы мөлшері 227 есеге артып, соңғы 10 жылда зейнетақы мөлшері орташа есеппен жылына 15,7%-ға ұлғайды.Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және халықтың жұмыспен бейресми қамтылған топтарының жинақтаушы зейнетақы қорымен толық қамтылмау проблемасы сақталып отыр.

      Өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші тұрғын үймен қамтамасыз етілу болып табылады. Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың арқасында жыл сайын шамамен 10 млн ш.м тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгінгі күні тұрғын үймен қамтамасыз етілу жан басына шаққанда 21 ш.м-ге дейін өсті, бұл Шығыс Еуропа елдерінің деңгейінен кейін қалып отыр (жан басына шаққанда 25 ш.м). "Нұрлы жер" бағдарламасының шеңберінде 2025 жылға дейін 85,4 млн. ш.м астам тұрғын үйдің пайдалануға берілуі күтіледі.

      Мемлекеттік басқару және заң үстемдігі

      Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам шеңберінде жүргізілуде.

      2017 жылы мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған конституциялық реформа жүзеге асырылды. Парламенттің рөлі мен оның үкіметті бақылауы күшейтілді. Азаматтар алдында жауапты "ықшам үкімет" қалыптастырылуда. Функциялар мен көрсетілетін қызметтердің бір бөлігі төмен тұрған деңгейлерге және бәсекелі ортаға берілді.

      Мемлекеттік қызмет саласында меритократия қағидаттары, мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Этика жөніндегі уәкілетті тұлға лауазымы енгізілді. Соңғы 5 жылда мемлекеттік құрылымдардың тиімділігі 25%-ға (Дүниежүзілік банктің WGI индексі бойынша, 2015), ал халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 2014 – 2015 жылдардағы бағалау қорытындысы бойынша тек соңғы 2 жылдың ішінде 20%-ға артты.

      Дегенмен 2015 жылы Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес мемлекеттік құрылымдардың тиімділік индексі 100 балдан 41 балды құрады, ал аса дамыған 30 ел тобының көрсеткіші 75 балды құраған болатын. Ағымдағы саясат инновацияларды қолдамайды, нәтижесінде мемлекеттік органдар жұмысындағы табысты өзгерістер нақтылық сипатқа ғана ие болып, кеңінен таралмайды. Қазіргі кезде бақылау тетіктері басым түсіп отыр, олар көп жағдайда нәтижеге емес, процеске бағдарлануды ынталандырады.

      Мемлекеттік институттардың есеп беруін, ашықтығын және айқындығын күшейту мақсатында сараптамалық талқылау мен қоғамдық ауқымды консультациялар жүргізу көзделген. Аудит пен қызмет тиімділігін бағалаудың, сондай-ақ азаматтарды тарту институттарының жаңа жүйесі енгізілуде. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесі "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясын құра отырып толық жаңғыртылды. Сонымен бірге, халық пен бизнес мемлекет жұмысына әлі де болса әлсіз тартылған – азаматтық белсенділік индексі ықтимал 100 балдан 39 балды құрайды.

      Заң үстемдігін және сот төрелігін қамтамасыз ету үшін сот жүйесі реформаланды. Істерді қарау мерзімдері жартысына қысқарды, оңайлатылған сот ісін жүргізу мен реттеудің баламалы шараларын пайдалана отырып шешілген істер саны өсуде. Судьяларды іріктеудің біліктілік талаптары мен тетіктері қатаңдатылды.

      2000 жылдардың басынан бері бірқатар қылмыстық істер құрамын қылмыстық сипаттан арылтудан, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдетуден, депенализациялаудан, жазалау, баламалы бас бостандығынан айыру шараларын кеңінен қолданудан тұратын қылмыстық саясатты ізгілендіру кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. 2017 жылғы шілдеде бизнеске қылмыстық-құқықтық қысымды төмендету, адал кәсіпкерлерді қылмыстық процесс шеңберіне тартуды азайту бойынша қосымша шараларды көздейтін Заң қабылданды.

      Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа жүйесінің негізін қалады, оның басымдықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу жөніндегі шаралар болып табылады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң қабылданды, мұнда алдын алу құралдары енгізілді. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы ратификацияланды. Қазақстан ЭҰДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың Стамбул жоспарына қатысушы болды және 19 ұсыныстың 14-інде прогресс байқалып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сенім білдірген қазақстандықтардың саны 2015 жылы 60%-дан
2016 жылы 73%-ға дейін өсті.

      Оң серпінге қарамастан, заңдардың сақталу деңгейі әлі де жеткіліксіз. Мысалы, 2016 жылы Дүниежүзілік банктің Заң үстемдігі индексінде Қазақстан көрсеткіші ықтимал 100 балдың 41 балын құрады, бұл ретте алдыңғы қатарлы елдердің көрсеткіштері 75 балдан жоғары. Transparency International индексінде сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейі алдыңғы қатарлы елдердің 55 балымен салыстырғанда, 100-ден 29 балды құрайды.

      Өңірлік саясат

      Өңірлік саясат өңірлердің теңгерімделген дамуына, экономикалық өсу орталықтарында еңбек және қаржы ресурстарын аумақтық шоғырландыруды ынталандыруға, тұратын жеріне қарамастан, жұмыспен қамтуды және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

      Ұлттық деңгейде Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе сияқты ірі агломерацияларда экономикалық өсу орталықтары бар макроөңірлер қалыптастырылуда. Өңірлік деңгейде облыс орталықтары мен Семей және Түркістан қалалары, перспективалық моно- (27) және шағын (41) қалалар, тірек ауылдар (6660-тың 314-і) мен шекара маңындағы аумақтар өсу нүктелері ретінде айқындалды. Басқарылатын урбандалуды жүргізу үшін инвестицияларды тарту, инновацияларды, жайлы қалалық ортаны дамыту, ішкі көші-қонды басқару бөлігінде агломерацияларды дамытуға аса көңіл бөлінеді. Моно- және шағын қалаларды дамытуда экономиканы әртараптандыру және ШОБ-қа қолдау көрсету жөніндегі шараларға екпін жасалған.

      Бір мезгілде Қазақстан халықтың орналасу тығыздығы төмен болуымен (орташа есеппен шаршы км-ге 6,6 адам) және урбандалудың орташа деңгейімен (Ресейдегі 74%-бен, Малайзиядағы 77%-бен салыстырғанда, 54%) сипатталады, бұл әлеуметтік қызметтерді көрсету және инфрақұрылымды салу құнын ұлғайтады.

      Өңірлердің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы сәйкессіздік негізгі проблема болып қалуда. Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) бойынша ең көп үлес Алматы қаласына (20%-дан астам), ең аз үлес Солтүстік Қазақстан облысына (2%) тиесілі. Өңірлердегі халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең жоғары (Атырау облысы) мәндері ең төменгісінен (Оңтүстік Қазақстан облысы) 7 есе ерекшеленеді.

      Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерге жүргізілген орталықсыздандыру нәтижесінде тиісті штат саны бар функциялардың басым бөлігі кезең-кезеңімен жергілікті деңгейге берілді, ауылдық округтер әкімдіктерінің аппараттары құрылды. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін арттырды. Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық (селолық) округтерде оларды аудандардың (қалалардың) мәслихаттарында сайлау арқылы әкімдердің сайлауы өткізілді. Мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі енгізілуде, жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджет көздері кеңейтілді.

      Көпшілік функциялардың жергілікті деңгейге берілуіне байланысты өңірлерді институционалдық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуді нығайту талап етіледі. Бюджетаралық қатынастар, субвенцияларды бөлу және алып қою жүйесі өңірлерді өзін-өзі ұйымдастыруға және ішкі ресурстарды дамытуға, экспорттық әлеуетті және салық салынатын базаны өсіруге, инвестициялар тартуға жеткіліксіз деңгейде ынталандырады. Бұл ретте жоспарлау шешімдер қабылдау кезінде жергілікті жерлердегі мүмкіндіктер мен шектеулер туралы толық хабардар болмау жағдайларында "жоғарыдан төменге" қағидаты бойынша орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.

      Сыртқы экономикалық интеграция

      Сауда қатынастарының әлемдік жүйесіне интеграциялану мақсатында Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты ойдағыдай жүргізуде.

      Қазақстанның 2015 жылғы қарашада ДСҰ кіруі сауда ашықтығы саясатының басты жетістігі болды. ДСҰ-ға мүше болуының арқасында Қазақстан сыртқы нарықта неғұрлым қолайлы жағдайларға, сондай-ақ сауда дауларын реттеу және кемсітушілік шаралардың алдын алу құралына қол жеткізді.

      Өңірлік экономикалық интеграция шеңберінде Қазақстан Кеден одағынан ЕАЭО дейінгі жолдан өтті. Қазақстанның еуразиялық интеграция процесіне қатысуы – бұл экономиканы әртараптандырудың, шикізаттық емес секторларға инвестициялар тартудың және өткізу нарығын кеңейтудің тиімді құралдарының бірі.

      Ұлттық бірегейлік

      Қоғамдық сананы жаңғыртудың базалық қағидаттары "Мәңгілік ел" патриоттық актісінде, Мемлекет басшысының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам", "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақалаларында көрініс тапқан және қол жеткізілуде.

      Қазақстанның бәсекелес артықшылықтарының арасында елдің бірлігі мен мәдени алуантүрлілігі, айқын ұлттық бірегейлілігі, толеранттылығы және ең үздігін ғана меңгере отырып, өзгерістерге бейімделе білу қабілеті атап көрсетіледі.

      Қазақстандық қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделі әлемдегі неғұрлым сәтті модельдердің бірі деп танылды. Республикамыз азаматтардың жеке және ұлттық қауіпсіздігі деңгейі бойынша жоғары позицияларға ие. Қазақстандық этносаясаттың артықшылықтары: этникалық және діни тиесілілігіне қарамастан, азаматтық теңқұқылықты іске асыру тетіктері, азаматтық қағидаты бойынша қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту, этностардың тілін, дәстүрлері мен мәдениетін дамытуға жағдай жасау мен қолдау көрсету болып табылады.

      Мемлекет гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін жыныстық белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандарын еңсеру және еңбек, қоғамдық және жеке өмірдің барлық салаларында әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктерін толыққанды іске асыру жағдайын жасайды. Қазақстан БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қорғау саласындағы негіз құрайтын құжаттарына қосылды.

      Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін құқықтық және институционалдық жағдайлар жасалды. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде қоғамдық кеңестер жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қаржыландыру тетіктері жетілдірілуде. Жергілікті өзін-өзі басқару құралдары дамып келеді.

      Халық бастамашылдығы деңгейінің төмен болуы (халықтың сауалнамаларына сәйкес олардың тек 10%-ы өз әлеуеттеріне сенеді) проблема болып табылады. Әлеуметтанушылық сауалнамалардың деректері бойынша халықтың 30%-ы ел дамуына белсенді қатысуға дайын, бұл ретте жастар арасында осы көрсеткіш шамамен 60%-ды құрайды.

      Жасыл экономика және қоршаған орта

      Қазақстан энергияны көп қажет ететін экономикасы бар ел болып табылады, сондықтан бүгінгі күні тұрақты ұзақ мерзімді даму жолына өту үшін қадамдар қажет.

      Қазақстан жаңғыртылатын энергия көздеріне көшу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін кешенді түрде шешетін "Жасыл экономика" тұжырымдамасын іске асыруда. 2050 жылға қарай балама және жаңартылатын энергияны пайдалану үлесінің 50%-ына қол жеткізу мақсаты қойылды.

      Қазақстан Париж келісіміне қосылып, парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін 15%-ға төмендету жөнінде мәліметілген жарналарға қол жеткізуге міндеттенеді.

      Жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК), энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін дамыту үшін заңнамалық және экономикалық тетіктер құрылды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде жиынтық қуаты шамамен 300 МВт ЖЭК-ті пайдаланатын 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 2016 жылы өндірген электр энергиясының үлесі 1%-ды құрады.

      Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі қалаларда 82%-дан 88%-ға дейін, ал ауылдық елді мекендерде 42,5% -дан 52,3% -ға дейін өсті.

      Қоршаған ортаның жай-күйіне байланысты проблемалар әлі шешілмеуде: жерлердің тозуы, су ресурстарының тапшылығы, қалаларда ауа ластануыныңжоғары деңгейі, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату.

2.3 Болашақтың мүмкіндіктері мен сын-қатерлері: мегатрендтер мен жаһандық даму сценарийлері

      2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде 100-ден астам жаһандық мегатрендтер зерделенді және жаһандық даму сценарийлері әзірленді. Жаһандық мегатрендтерге орта мерзімді перспективада Қазақстанға тікелей әсер ететін, қазірдің өзінде жаһандық деңгейде бұрыннан бар үрдістер кіреді. Жаһандық даму сценарийлері өз кезегінде болашақтың айқынсыздығын ескереді және неғұрлым ықтимал, сонымен қатар біздің еліміз үшін маңызы бар 2025 жылға дейінгі әлемдік өзгерістердің түрлі полярлы нұсқаларын қамтиды.

      Қазақстан үшін өзекті жаһандық мегатрендтер

      Мегатрендтердің бүкіл алуан түрінен 5 негізгі топ таңдап алынды: әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, экологиялық және саяси.

      Әлеуметтік мегатрендтер

      Көптеген дамыған және дамушы елдер, сондай-ақ ірі компаниялар адами капиталды дамытуға басты назар аударған. Бүкіл әлем бойынша білім беруге инвестициялар өсіп келеді. Бұл салаға мемлекеттік инвестициялар 2012 жылы 4,4 трлн. АҚШ долларынан 2016 жылы 5,9 трлн. АҚШ долларына дейін 34%-ға өсті. Жеке инвестициялар да арта түсуде: 2017 жылы кадрларды дамыту саласындағы бес жүз көшбасшының қатарына кіретін жекеменшік компаниялардың 27%-ы өз қызметкерлерін оқытуға арналған бюджеттерін ұлғайтты. Білімді халықтың үлесі 2050 жылға қарай қазіргі 66%-дан 77%-ға дейін өсуге тиіс, бұл ретте жоғары білімі бар адамдар саны екі есеге дерлік өседі.

      Жаңа экономикалық тәртіп – "білім экономикасының" қалыптасуы жүріп жатыр. Айқынсыздық жағдайында жұмыс істей алатын, шығармашылық тәсілді талап ететін күрделі талдамалық міндеттерді орындауға қабілетті адамдар көптеген кәсіби артықшылықтарға ие болуда. Озық елдердің жұмыспен қамту құрылымында мұндай форматтағы адамдар қазірдің өзінде кемінде 25%-ды құрап отыр, бұл ретте дамушы елдер үшін – 8-17%. Ақпаратқа жеңіл қол жеткізудің пайда болуымен адам жинақтаған білім деректер іздеу мен өңдеу дағдысына орын бере отырып, өз құндылығын жоғалта бастады. Әлем өз тарихында алғаш рет мамандарды әзір нарықта жоқ мамандықтарға даярлауға мәжбүр болып отыр. Тиісінше, сыни тұрғыдан ойлай білу, деректердің ауқымды көлемімен жұмыс істеу, командамен тиімді жұмыс істеу, өзгерістерге тез бейімделу сияқты. "ХХІ ғасырдың әмбебап дағдыларын дамытуға" баса назар аудару арқылы білім берудің жаңа құрамдауышы туралы мәселе туындап отыр.

      Білім беру моделінің өзі де өзгеруде. Дәстүрлі білім беру жүйесінде енді білімге деген монополия жоқ, цифрлық технологиялардың арқасында өзін-өзі жетілдіру рөлі артуда. 2015 жылы АҚШ-та академиялық сағаттардың жалпы санының 22%-ы онлайн режимде оқыту үлесіне тиесілі, 2005 жылы бұл сан небары 7%-ды құраған болатын. Осыған байланысты соңғы 20 жылдың ішінде білім беру технологияларына жеке инвестициялардың көлемі ерекше қарқынмен өсті және 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде бұрын-соңды болмаған 32%-ға жетті. 2015 жылға қарай әлемдік білім беру саласында 3 100-ден астам компания жұмыс істеді, олардың базасында әртүрлі ойындар, әлеуметтік тұғырнамалар, оқу қоғамдастықтары, сондай-ақ тіл үйрету және сауаттылықты арттыру бағдарламалары жасалды. Салыстыру үшін 1995 жылы мұндай компаниялар 800-ден кем болған.

      Урбандалу және көші-қон жаһандық аумақта күшейіп келеді. Жаңа технологияларды енгізу және ауқым әсері елішілік және трансшекаралық көші-қон көлемінің өсуіне алып келеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні бүкіл әлемде трансшекаралық мигранттар саны үш еседен астамға өсті: егер
1960 жылы олар 80 миллионнан аз болса, 2016 жылы ол шамамен төрттен бір миллиардқа жуық болды. Бұл тұрғылықты оқитын, жұмыс істейтін жерін іздеген кезде мүмкіндіктер ауқымының едәуір кеңейгендігін білдіреді. Неғұрлым талап етілетін кәсіп алу құқығына бәсекелестік деңгейі өңірлік деңгейден жаһандық деңгейге ауысты. Этникалық толеранттылық ерекше рөлге ие болуда: 2015 жылы халықаралық мигранттардың саны 244 млн адамға жетті, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 41%-ға артық.

      Елдер шегінде адамдар қалаларға көшуде. Айталық, 1960 жылы қала халқының үлесі тек 34%-ды құраса, 2015 жылы ол 54%-ға дейін өсті, ал 2050 жылға қарай болжам бойынша 70%-ға дейін ұлғаяды. Қалалар әлемдік ЖІӨ-нің 70%-дан астамын және жаңа жұмыс орындарын құруға ұқсас үлесті қамтамасыз етеді. Бұған дамыған инфрақұрылым, тұрғындардың жоғары өмір сүру, тұтыну және шоғырлану деңгейі ықпал етуде. Бұл ретте 2030 жылға дейін халықтың ең көп өсуі мегаполистерде және олардың агломерацияларында күтіледі. Мегаполистер саны 2012 жылы 20-дан 2025 жылы 37-ге дейін өсетіні көзделеді.

      Z ұрпағы – бұл жаңа құндылықтарға ие және жаңаша ойлайтын адамдар ұрпағы. 2025 жылға қарай Z ұрпағының немесе екі мыңыншы жылдар ұрпағының (1995 – 1997жылдары және кейінірек туған адамдар) өкілдері бүкіл жұмыс күшінің жалпы көлемінің шамамен 25%-ға жуығын құрайтын болады. Бүгінгі күні алдыңғы буын "жаңа технологиялар" деп есептейтін, Z ұрпағы үшін олардың бүкіл саналы өмірі сонымен өткен жалғыз шындық. Олар – бала кезден бастап цифрлық технологияларды (digital natives деп аталатын) пайдаланатын және ақпаратқа шектеусіз қол жеткізе алатын адамдар. "Зет" үшін жеке тұлға ретінде өсу, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік қаржылық сыйақы мен мансапқа қарағанда, басымырақ. Алдыңғы ұрпақтарға қарағанда, "зеттер" жұмыс берушілерді ғана емес, қызмет салаларын да, тіпті тұрғылықты жерін де оңай өзгертеді. Жаңа қызметкерлер үшін күресте ұйымдарға Google, Apple, Amazon сияқты және басқа да ең ірі корпорациялар жасаған құндылықтарға бейімделуге тура келеді.

      Технологиялық мегатрендтер

      Жаңа технологиялар әлемдік экономикаларды, тиісінше, еңбек нарықтарын да өзгертеді. "Индустрия 4.0", заттар интернеті, робот техникасы, нанотехнологиялар, автономды көлік құралдары, 3D басып шығару сияқты және басқа да технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Роботтандырылған шешімдердің құны төмендейді: 2005 жылы дәнекерлеуші роботқа арналған шығындар 182 мың АҚШ долларын, 2014 жылы 133 мың АҚШ долларын құрайды, алдын ала бағалау бойынша 2025 жылға қарай 103 мың АҚШ долларына дейін тағы 23%-ға төмендейді. Әлемде пайдаланылатын роботтардың жалпы саны 2017 жылы 1,6 миллионнан асты және бағалау бойынша 2 жылдан соң олардың саны 2,5 миллионға дейін 56 %-ға өседі деп болжануда.

      Әлемдік еңбек нарығындағы технологиялық серпілістен кейін жаһандық "дағдылардағы алшақтық" байқалуда. Жұмыс процестерін автоматтандыру және цифрландыру кәсіпорындардың біліктілігі орташа және төмен кадрларға деген қажеттілігін жойса, жоғары білікті қызметкерлерге деген сұраныс күрт жоғарылауда. Нәтижесінде әлемдік жұмыс берушілердің орташа есеппен
35%-ы білікті персоналды іздестіруде қиындықтарға ұшырауда, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 85 %-ға жетіп отыр.

      Әртүрлі бағалау бойынша бизнес-процестердің басталған автоматтандырылуы мен цифрландырылуы таяу арада қазіргі кездегі барлық кәсіптердің 9%-дан 50%-ға дейін жоғалу қаупіне әкеп соқтырады. Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауы бойынша 2020 жылға қарай 7,1 миллион жұмыс орны жойылып кетеді. Қазірдің өзінде қысқартуға ұшырағалы отырған кәсіптерге талдамашылар, бухгалтерлер, заңгерлер, трейдерлер, рекрутерлер, әкімшілік персонал және басқалары жатады. Сақталып отырған "дәстүрлі" кәсіптердің мәні айтарлықтай өзгереді. Біліктілігі, құзыреті мен өзгерістерге қабілетсіздігі жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік бермейтін "артық адамдар" пайда болады. Қазіргі заманғы экономика жағдайында "артық адамдар" бейресми жұмыспен қамту қатарын толықтырып, әлеуметтік шиеленіс көзіне айналуы мүмкін.

      Технологиялық өсу қашықтықтан жұмыспен қамтудың және өзін-өзі жұмыспен қамтудың белсенді түрде дамуына бастау болды. Тұғырнамалық шешімдерді (Uber, Airbnb) дамыту өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамытуға ынталандыру болды. Тек Еуропада бұл сегменттегі жұмыспен қамтуды кем дегенде 17%-ға ұлғайтып, 2025 жылға қарай платформалар арқылы транзакциялар көлемі 20 есеге өседі.

      Цифрлық технологиялар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық қызметтер цифрлық қоғамдастықтар шеңберінде ыңғайлы әрі аз шығынды шешімдерге негізделген бірлесіп пайдалану экономикасының өсуіне ықпал етеді. Олар, мысалға, BlaBlaCar немесе Airbnb сияқты бірлескен сапарлар (райдшеринг) немесе тұрғын үйді бірлесіп пайдалану қызметтері. Мұндай экономика едәуір әлеуетке ие; 2025 жылға дейін ол жылына 27%-ға өседі деп күтілуде.

      Ауқымды деректер жиынтығы теңдесі жоқ өсуді көрсетуде. Бүгінгі күні адамзат "ақпараттық дүмпу" дәуірін бастан кешіруде – 2013 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде деректердің жалпы саны 10 есеге ұлғаяды. 2015 жылы бұл нарықтың көлемі 125 миллиард АҚШ долларына жетіп, жыл сайын шамамен 10 %-ға – бағдарламалық қамтамасыз ету нарығына қарағанда, шамамен екі есе жылдамырақ өсіп келеді. Бұлтты есептеулер және деректер талдамасы – 2015 жылы технологияларды дамыту саласындағы барлық стартаптардың 46%-ы тиесілі болған жаңа цифрлық экожүйенің 2 негізі. Сансыз мүмкіндіктерден басқа, ауқымды деректерді дамыту оларды қауіпсіз түрде жинау, сақтау және олардың қоғам өмірінде шамадан тыс көп болу салдары туралы мәселені көтереді.

      Жасанды интеллект жасау жолындағы алғашқы қадам болып табылатын машинамен оқыту (өзін-өзі оқыту жүйелері) мен нейрондық желілерді әзірлеу және енгізу деректермен жұмыс істеу саласындағы жаңа технологиялардың бірі болып табылады.

      Экономикалық мегатрендтер

      Протекционизмнің өсуіне қарамастан, нарықтардың жаһандануы қазірдің өзінде қайтымсыз. Әлемдік экономикада ДСҰ қағидаттарына (Трансатлантикалық әріптестік, өңірлік Тұтастай қамтитын экономикалық әріптестік) залал келтіретін сауда режимдерін өңірлендіру, "санкциялар соғыстар" және протекционизмнің күшеюі сияқты күрделі процестер байқалуда. Экономикалар мен билікті орталықсыздандыру жүріп жатыр: "Brexit" – (Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы), Дональд Трамптың инаугурациялық сөзінде "americanism, not globalism" деген сөздермен атап өтілген АҚШ-тың жаңа фокусы. Ресей үшін қағидатты болып табылатын АҚШ-пен және Батыспен ынтымақтастық тереңдей түсуде. 2015 жылы "үлкен жиырмалық" елдері 600-ден астам шектеуші сауда шараларын енгізді. Дамыған елдердің көпшілігі мигранттар ағынын шектеуде.

      Дегенмен нарықтар мен ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін технологиялар мен ұтқырлықты дамыту, капитал ағындарының трансшекаралық қозғалысы және халықаралық қаржыландыру жаһандану процесін қайтымсыз етеді.

      Жаппай өндіруден жаппай кастомизациялауға ауысу жүріп жатыр. Ірі компаниялар арасында өнімнің сапасы, қосымша көрсетілетін қызметтер және клиентке бағдарлану деңгейі шешуші рөл атқаратын "тұтынушы үшін үздіксіз шайқас" жүргізілуде. Мarketplace цифрлық алаңдары (Aliexpress.com және басқалары) есебінен әлемдік нарықтардың қолжетімді болуы бәсекелестікті күшейтетін тағы бір фактор болып табылады.

      Әлемдік тауар айналымының төмендеуі аясында көрсетілетін қызметтердің саудасы бойынша қарқынды өсу байқалуда. Көрсетілетінқызметтердің көпшілігі цифрлық бола түсуде, ал дәстүрлі тауар өндірушілері өз ұсыныстарында түрлі көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Айталық, автоөндірушілер өз күш-жігерін машиналарды иеленіп, оларға қызмет көрсетуді ғана емес, оларды пайдалануды қалайтын жүргізушілерге бағыттай отырып, қызмет көрсету нарықтарына шығады. Мысалы, Daimler компаниясы car2go деп аталатын автомобильдерді бірлесіп пайдалану қызметін Солтүстік Америкада, Еуропа мен Қытайда 30 жерде тіркелген екі миллионнан астам клиенттер үшін іске қосты. BMW компаниясы Sixt автомобильдерді жалға беру компаниясымен әріптес бола отырып, Австралияда және Еуропаның14 елінде DriveNow деп аталатын ұқсас қызметті ұсынады.

      Әлеуметтік қолдау енді тек қана мемлекеттік жауапкершілік аймағы болып табылмайды. Әлеуметтік қолдау көрсетуде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі ерекше рөл атқарады. Мысалы, АҚШ-та корпоративтік және жеке әлеуметтік шығындардың ЖІӨ-дегі жалпы көлемі 11%-ды құрайды, бұл қазірдің өзінде мемлекеттік шығындардың 19% көлемімен шамалас.

      Экологиялық мегатрендтер

      Таза өндіріс пен жаңартылатын энергия көздеріне көшу жалғасуда. Қалдықтарды кәдеге жарату, көмірқышқыл газы шығарындыларына арналған квоталарды сақтау мәселелерге байланысты бизнес пен үкіметке көп қысым көрсетіліп отыр. Бұл бизнесті жасыл технологияларды іздеуге, әзірлеуге және енгізуге ынталандырады. Болжамдар бойынша 2020 жылға қарай әлемдік энергетикада жаңартылатын энергияның үлесі 2013 жылғы 22%-ға қарағанда, 26%-дан асады. ЖЭК-ке халықаралық инвестициялар 2001 жылғы 61 млрд. АҚШ долларынан 2015 жылы 301 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды, ал энергиямен жабдықтауға жалпы инвестициялардан ЖЭК-тің үлесі іс жүзінде, 10%-дан 19%-ға дейін екі есеге ұлғайды.

      Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты танымал болып келеді. Дамыған елдердің халқы көп уақыты мен жеке ресурстарын аурулардың профилактикасына және өз өмірлерінің ұзақтығы мен сапасын ұлғайтуға көбірек жұмсайды.

      Органикалық, экологиялық таза өнімдерге сұраныстың артуы ерекше байқалуда. Нәтижесінде 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде органикалық өнімдерді өндіруге бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы, 36 млн. гектардан 44 млн. гектарға дейін 22%-ға ұлғайды. 2020 жылы экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік нарығы 200-250 млрд. АҚШ долларын құрайды.

      Таза ауа мен таза ауыз суға қол жеткізу сияқты базалық өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету аса маңызды проблема болып қалып отыр. Мысалы, 2025 жылға қарай 1,8 млрд адам су ресурстары мүлдем тапшы елдерде немесе өңірлерде тұратын болады, ал әлем халқының үштен екісі су режимі шиеленіскен жағдайда болуы мүмкін.

      Саяси мегатрендтер

      Экономикасы үлкен елдер өздерінің экономикалық және саяси қуатын жоғалтуда. "Үлкен жетiліктің" тарихи тұрғыдан басым мемлекеттерi (бұдан әрі – G7) "көпполярлы" әлемнің пайда болуымен және бірқатар дамушы елдер мен ықпалды коалициялардың өсiп келе жатқан алып күшімен бетпе-бет келуде. 2012 жылдан бастап дамушы елдердің ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) G7 елдерінің ЖІӨ-нен асып түсті. Бүгінгі күні әлемдік ірі проблемаларды талқылауға тең дауыс беру құқығына ие елдердің үлкен тобы қатысады. "77тобы" (бұдан әрі – G77) мысалы, өздерінің экономикалық мүдделерін қанағаттандыруға және БҰҰ ішіндегі келіссөздерде өз позицияларын нығайтуға ұмтылатын дамушы елдердің коалициясы ретінде пайда болды. 2015 жылға қарай G77-ге 134-тен астам мемлекет кірді.

      Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі мәселе. Экстремизмге және терроризмге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан күш-жігерге қарамастан, террористік шабуылдар мен саяси зорлық-зомбылық қаупі, әсіресе Африкада, Таяу Шығыста және Ауғанстанда жоғары күйінде қалып отыр. Соңғы уақытта террористік актілер терроризммен байланысты "дәстүрлі" елдерде ғана емес, сонымен қатар ішкі терроризм ұлттық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретін дамыған елдерде де орын алудан. Діни экстремизм алдындағы үрей христиан, сол сияқты көптеген мұсылман елдерінде де күшейді.

      Физикалық терроризммен қатар, кибер терроризм қаупі артып келеді. Дәстүрлі террористік шабуылдарға ұқсас болуына қарамастан, кибер-шабуылдар ерекше тәсілді талап етеді. Әлемдік қоғамдастыққа ақпараттық инфрақұрылымды одан әрі нығайтып, үкімет пен жеке сектор арасындағы неғұрлым тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Айталық, халықаралық қауіпсіздік нарығы оған деген өсіп келе жатқан мүдделілікті көрсетіп отыр және 2021 жылы жоспарлы өсуі 182 млрд. АҚШ долларына дейін, жыл сайын орташа есеппен 9,5%-ға өсе отырып, 2015 жылы 105 млрд. АҚШ доллары болып бағаланған.

      Үкіметтердің көпшілігі цифрлық ақпарат арналарын халықты диалогқа тарту және азаматтарға дауыс беру құқығын ұсыну тұғырнамасы ретінде пайдалана отырып, халықпен қарым-қатынас арналарының санын ұлғайтуда. БАҚ рөлінің күшеюі, оның ішінде жаңалық ақпаратын интернетке және әлеуметтік желілерге ауыстыру есебінен күшеюі байқалады, бұл оның таралу жылдамдығын жеделдетеді және оқырманды тарту деңгейін арттырады.

      Жаһандық даму сценарийлері және олардың Қазақстанға әсері

      Жаһандық даму сценарийлерін зерделеу стратегиялық жоспарлаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде стратегияны ықтимал сыртқы сілкіністерге неғұрлым икемді етуге көмектеседі. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар алдағы әлемдік оқиғалардың үш сценарийін қамтиды және олардың әрқайсысында заманауи табысты мемлекеттің мәртебесін сақтау және нығайту үшін Қазақстанға қажетті даму жолдарын әзірлейді. Жаһандық сценарийлерді қалыптастыру кезінде Қазақстан экономикасы үшін өзекті, айқын емес салаларға: геосаяси, экономикалық және ресурстық, сондай-ақ әлеуметтік салаларға ерекше көңіл бөлінді.

      Оқиғалардың әртүрлі даму нұсқалары 2025 жылға қарай әлемнің үш әртүрлі полярлы даму сценарийі болып қалыптасады.

      "Технологиялар серпілісі" сценарийі технологиялық прогресс әлемдегі негізгі бәсекелі артықшылықтың біріне айналғанын көздейді. Дер кезінде инновацияларға инвестиция салған және оларды енгізуді қамтамасыз ете алған елдер экономиканың барлық салаларында өнімділіктің жоғары өсу қарқынына қол жеткізді. Мұндай жағдайда дамыған елдер жыл сайын орташа есеппен
2,5%-ға, дамушы елдер 4,7%-ға өсті.

      Бұл сценарий іске асырылатын болса, Қазақстанға өмірде қажетті жоғары технологиялық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің басым бөлігін импорттауға және ол үшін табиғи ресурстармен ақы төлеуге мәжбүр қалыс қалған елдер тобында мәңгі қалып қоймау үшін барлық салаларға дер кезінде технологиялық жаңғырту жүргізу өте маңызды. Негізгі құралдарды және өндірістік процестерді жаңарту, жұмыс күшінің когнитивті және технологиялық дағдылары мен құзыреттерін дамыту, жоғары білікті мамандарды тарту, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең бастысы болуы керек. Осы сценарий бойынша 2050 жылға қарай әлемнің отыз жетекші елдерінің лигасына кіруді қамтамасыз ету үшін Қазақстан 2025 жылға дейін нақты мәнінде 5,0% деңгейінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізуі қажет.

      "Біртұтас ашық әлем" сценарийі ырықтандыру, еркін сауда және халықаралық интеграция аясында жаһандану процестерін күшейтуді көздейді. Азия елдерінің рөлін күшейте отырып, дамушы елдердің озық өсуі күтілуде. Мұндай қолайлы жағдайларда дамыған елдердің өсу қарқыны жылына орташа есеппен 3,1%-ға, ал дамушы елдер қарқыны 5,2%-ға жоғарылайды.

      Мұндай сценарий іске асырылған жағдайда, Қазақстан үшін халықаралық интеграция процестеріне, әсіресе Еуразия өңірінде "Жаңа Жібек жолы" жобасына неғұрлым терең интеграция арқылы белсенді түрде қатысу маңызды. ҒЗТКЖ-ға және инновацияларға жедел ірі ауқымды инвестициялар тарту, сондай-ақ ішкі бәсекелестікті күшейту Қазақстанға неғұрлым бәсекеге қабілетті тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен әлемдік нарыққа шығуға және әлемдік сауда көлеміндегі өз үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Шетелдік инвестицияларды тарту және Қазақстанның қолайлы имиджін қалыптастыру үшін ЭЫДҰ-ның заң үстемдігін қамтамасыз етуге, экономиканың ашықтығын арттыруға және тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдарын іске асыруды жеделдету қажет. Бұл жағдайларда өзінің
2050 жылға қарай әлемнің отыз жетекші елінің лигасына кіруін қамтамасыз ету үшін Қазақстан 2025 жылға дейін нақты мәнінде 5,4% деңгейінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізуі қажет.

      "Бөлінген әлем" сценарийі протекционизм саясатының кең таралуын болжайды, нәтижесінде жалпы әлемдік өсу баяулайды, ал дамушы елдердің экономикалары өз серпінін жоғалтады. Әлемдік сауданың айтарлықтай құлдырауы күтілуде. Саяси тұрғыдан алғанда, ұлтшылдық құбылыстарының, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардың өсуі, көші-қонды шектеу аясында әлем одан сайын бөлшектенетүседі. Бұл қолайсыз сценарий дамыған елдердіңЖІӨ орташа жылдық өсу қарқынының жылына орташа есеппен
1,2%-ға дейін, ал дамушы елдерде 2,7%-ға дейін төмендеуіне алып келеді.

      Бұл сценарий іске асырылған жағдайда, Қазақстан үшін шикізат тауарларының экспортынан түсетін кірістердің азаюын өтеу мақсатында экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ассортиментін кеңейту және әлемдік нарықтарда олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Халықтың осал топтарын қорғау үшін әлеуметтік басымдықтарға баса назар аудару қажет. Шетелдік әріптестермен сындарлы қарым-қатынастарды сақтау үшін егемен, зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанның халықаралық имиджін ұстап тұру аса маңызды болады. Бұл жағдайда 2050 жылға қарай әлемнің отыз жетекші елінің лигасына кіруді қамтамасыз ету үшін Қазақстанға 2025 жылға дейін нақты мәнінде 4,3% деңгейінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет.

      Ұсынылған үш даму сценарийінің неғұрлым ықтимал
сценарийі – "Технологиялар серпілісі" сценарийі. Бүгінгі күннің өзінде өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердегі озық технологияларды кеңінен пайдалануға ауысу үрдісін көруге болады. Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан күтілетін шығуына және АҚШ-тың жаңа президентінің консервативті саясат жүргізетініне қарамастан, 2017 жылы дамыған экономикалардың өсу қарқыны жеделдеді. Консервативтік бағытты ұстанатын популист-саясаткерлерге үміттенуді жоғалтудың алғашқы белгілері пайда болуда, бұл Франциядағы президенттік сайлаудың нәтижесі арқылы көрініп отыр. Ресурстар бағаларының деңгейі тұрақтанды және шамалы өсуді көрсетеді, бұл ретте нарыққа қатысушылар орта мерзімді перспективада бағаның өсуіне қатысты оптимистік танытуда. Бұл фактілер шынайы әлемдегі оқиғалардың даму серпіні "Технологиялар серпіні" сценарийінде алдын ала айқындалған шарттармен сәйкес келеді деп есептеуге негіз болады, сондықтан да бұл сценарий 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда басым сценарий ретінде таңдап алынған.

3-тарау. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі пайымы, өсу моделі және даму мақсаттары

      Отыздық лигасына кіру жолында – Елдіңүшінші жаңғыруын іске қосу

      2017 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті Елдің үшінші жаңғыруының басталғаны туралы жариялады. Оның мақсаты жеделдетілген экономикалық өсу және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады, бұл елімізге өзінің 2050 жылғы пайымын іске асыруға және әлемнің дамыған отыз елінің лигасына кіруге мүмкіндік береді. Үшінші жаңғырту жаңарудың үш маңызды процесін қамтиды:

      бірінші – бұл жеке сектордың рөлі басым болған жағдайда технологиялық жаңғыртуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін айтарлықтай арттыруға негізделген экономиканы жаңғырту;

      екінші – бұл билікті орталықсыздандыруға және Президенттің Қазақстан Республикасының Парламентіне және Үкіметіне өкілеттіктерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік басқару институттарының тиімділігін арттыруға бағытталған саяси және институционалдық жаңғырту;

      үшінші жаңару процесі – бұл республика халқының ашықтығын, прагматизмін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қоғамдық сананы жаңғырту.

      Бірінші кезекте 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Үшінші жаңғыру мақсаттарын орындауға мүмкіндік беретін экономикалық өсудің жаңа моделін құруға бағытталған. Жоспардың мәні 2025 жылға дейін іске асыру түбегейлі маңызды жүйелі реформаларда және "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыру шеңберінде басталған, жалғастыруды қажет ететін басым саясаттарда болып табылады.

      Экономикалық өсудің жаңа моделі: экспортқа бағдарланған өнімділігі жоғары бәсекелі экономика

      Қазақстан экономикасының қағидатты трансформациясы мұнайдың жоғары бағасының дәуірі үшін тән сандық өсу басымдығынан және мемлекеттік капитализмнің үстем рөлінен бас тартуға негізделген сапалы экономикалық өсудің жаңа моделіне көшуді талап етеді. Бұл экономикалық өсудің үш негізгі факторы: экономиканың өнімділігі мен күрделілігін арттыру, құзыреттерді дамыту, сондай-ақ жеке капиталды тарту басты орынға шығатынын білдіреді. Басты міндеттердің бірі бәсекелестікті, жеке бизнестің жетекші рөлін көтермелеу және өсуді барынша ұлғайту факторы ретінде өңірлер әлеуетін ашып көрсету болып табылады. Жаңа модель қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған экономиканы құруға бағытталатын болады.

      Экономиканың өнімділігі мен күрделілігінің өсуі кәсіпорындар мен салалардың операциялық тиімділігін арттыру, ел өмірінің барлық экономикалық, саяси және әлеуметтік аспектілерін технологиялық жаңарту және цифрландыру есебінен оның көлемін ұлғайтудың негізгі факторы болып табылады. Технологиялардыңтрансферіне және бейімделуіне бағытталған қолданбалы зерттеулер мен инновацияларға, сондай-ақ қолданыстағы артықшылықтарға негізделген немесе өзекті проблемаларды шешуге бағытталған технологияларды әзірлеуге инвестициялар салуды ынталандыру үздіксіз технологиялық жаңару процесін құруға мүмкіндік береді.

      Алайда экономиканың өнімділігі мен күрделілігінің өсуі үнемі жетілдіріліп және күрделендіріліп отыратын технологиялар жағдайында шешімдер іздеу, енгізу және орындау үшін қажетті креативті дағдылар мен когнитивті құзыреттерге ие адамдар болмаса мүмкін емес. Осылайша, құзыреттерді дамыту қажеттігі, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету, салалар мен өңірлер арасындағы еңбек ресурстарының ағыны процестерін басқару ең бастысы болып отыр.

      Экономикалық өсудің жаңа моделінде бәсекелестікті және жеке бизнестің жетекші рөлін көтермелеуге ерекше орын беріледі. Бәсекелестік кәсіпорындар өнімділігінің өсуі, еңбек нарығындағы құзыреттерді дамыту, жаңа кәсіпорындардың пайда болуы есебінен жаңа жұмыс орындарын құру үшін ынталандырады. Тұтастай алғанда бәсекелі ортаны дамыту кәсіпкерлік бастаманың және жеке кәсіпкерліктің өсуіне алып келеді.

      Қабылданған дағдарысқа қарсы шаралардың салдарынан туындаған мемлекеттік ресурстардың шектеулілігін ескере отырып, жекеменшік капиталды тарту қажетті технологиялық жаңарту жүргізу мен инновацияларды дамытудың міндетті шарты болып табылады.

      Экономикалық өсудің қосымша факторы өңірлердің әлеуетін ашып көрсету болып табылады. Жергілікті экономикалық резервтерді тарту және адами капиталды жақсарту, бір жағынан, өңірлік өндіріс көлемін барынша ұлғайтуға және тұтыну нарықтарын өсіруге, ал екінші жағынан, тұтастай алғанда өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

      Отандық тұтыну нарығының аз сыйымдылығын ескере отырып, экспортқа бағдарлану тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өсіп келе жатқан көлемін өткізу нарығының шекарасын кеңейтуге және құн жасаудың жаһандық тізбегінен орын алуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымдық және логистикалық шектеулері жоқ көрсетілетін қызметтер экспорты Қазақстанның сыртқы нарықтардан қашықтығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Экспорттық нарықтардағы сауда шетелдік өндірушілермен бәсекелесу есебінен экспортталатын тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, күрделілігін және әртараптандырылуын арттыру үшін ынталандыру болып табылады.

      Экономиканың сапалы өсу драйверлері

      Сапалы өсуді қамтамасыз ету үшін экономика салаларында жаңа өсу драйверлерін енгізу талап етіледі. Базалық салаларда және көрсетілетінқызметтер салаларында олардың технологиялылығын және экспортқа бағдарлануын арттыру үшін қажетті өзгерістер болуға тиіс.

      Бірінші драйвер экономика салаларының операциялық тиімділігін арттыру және өнімді өндіруге, тасымалдауға және сатуға, технологиялық жаңару мен цифрландыруға арналған инвестицияларға шығындарды азайту есебінен, сондай-ақ жасыл экономикаға көшу үшін жағдайлар жасау есебінен экономиканың тиісті салалары өнімділігінің өсуі болуға тиіс. Бұл қазіргі салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс.

      Екінші драйвер экспортқа бағдарланған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің алуан түрлері есебінен экспортқа бағдарланған қазіргі салалардың өндіріс көлемінің өсуі болып табылады. Сонымен қатар қосылған құны жоғары тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге, жаһандық жеткізу тізбектерінен орын алуға экспортты ілгерілетуге және экономикалық айналымға табиғи және жер ресурстарын ұтымды тартуға басымдық берілуге тиіс. Нәтижесінде жаһандық нарықтағы елдің позициялары барлық негізгі экспорттық бағыттар бойынша нығайтылуы тиіс.

      Өсудің үшінші драйвері жеткізу тізбегін құру, қазіргі салалар қиылысында көрсетілетін қызметтерді дамыту, технологиялық компанияларды оқшауландыру, технологиялар трансфері және инновацияларды коммерцияландыру есебінен туындауы тиіс экономиканың жаңа жоғары өнімді салаларын қалыптастыру болады. Осыған байланысты экономика әртараптандырылады және өңірде жаңа бәсекелі артықшылықтар жасалады.

      Бұл ретте, экономика салаларында жаңа өсу драйверлерін табысты іске қосу үшін жеке инвестицияларды тарту және технологиялық құзыреттерді арттыру бойынша барынша қолайлы жағдайлар жасау шешуші фактор болып табылады.

      Жаңа экономикалық өсу моделінің бес қағидаты – 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізін қалаған шешуші өзгерістер.

      Жаңа экономикалық модельге көшу қазіргі мемлекеттік саясатта қағидатты өзгерістерді талап етеді. Бұл өзгерістер Стратегиялық жоспардың идеологиясын құрайды және оның реформаларын, мақсаттары мен басымдықтарын негіздейді. Үкімет, орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң стратегиялық және ағымдағы мiндеттерiн орындау кезiнде 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда баяндалған қағидаттарға сүйенедi.

      Осылайша, экономикалық өсудің жаңа моделі мынадай қағидаттарға:

      өнімділік пен сапаға жаппай бағдарлану: жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мен жалақыны арттыру есебінен тұтынуды ынталандырудан тауарлар мен қызметтер өнімділігінің өсуі, әртараптануы және сапасы есебінен өндірісті ынталандыруға;

      адамдардың, кәсіпорындардың және салалардың технологиялық бағытталуы: білім беруде жаттап алу мен есте сақтау әдістемесінен және жекелеген салаларда технологияларды пайдаланудан өмірдің барлық кезеңдерінде креативті, когнитивті дағдыларды дамытуға, технологияларды жаппай енгізуге және жалпыға ортақ цифрландыруға;

      бәсекелестік өсуді ынталандырушы ретінде: мемлекеттік және жекеменшік моно- және олигополияларды дамытудан, импорт алмастырудан және шетелдік таланттарды тартуға шектеулерден салаларды монополиядан шығару, экспортты ілгерілету, технологиялық компанияларды оқшаулау және таланттарды тарту есебінен бәсекелестікті көтермелеуге;

      жеке сектордың басым рөлі: өсу локомотиві ретінде мемлекеттік сектордан: жоспарлау, іске асыруға жауапкершілік, инвестициялар, кәсiпорындарға тiкелей қолдау көрсету өсу локомотивi ретiнде жекеменшiк секторға: тосқауылдарды жою, инвестицияларды ынталандыру, iске асыру үшiн ортақ жауапкершiлiк;

      өңірлердің белсенді ұстанымы және теңгерімді өңірлік даму: ресурстарды орталықтандырылған жоспарлаудан және бөлуден, ірі агломерациялардың өсуіне шоғырландырудан үлкен экономикалық дербестілікке, жауапкершілікке, бәсекелестікке және өңірлер арасындағы кооперацияға ауысу қағидаттарына негізделеді.

      Қазақстанның 2025 жылға дейінгі пайымы мен мақсаты

      Халықтың, бизнес және мемлекеттік сектор өкілдерінің күтулеріне сәйкес, Қазақстан алдыңғы қатарлы технологиялар мен дағдыларға негізделген халықтың өмір сүруінің өсіп келе жатқан деңгейі мен бәсекеге қабілетті экономикасы бар ашық, біріккен және әділ елге айналуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылға қарай стратегиялық мақсаты – бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, технологиялық жаңғырту, институционалдық ортаны жетілдіру және табиғатқа теріс әсерді барынша азайту негізінде экономиканың ЭЫДҰ елдерімен салыстырылатын адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға алып келетін сапалы әрі тұрақты өсуіне қол жеткізу.

      Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше елдерден кем емес әлеуметтік-экономикалық және институционалдық даму деңгейіне қол жеткізуге және кейіннен ЭЫДҰ құрамына кіруге бағытталған. Бұл өмір сүру сапасын арттыруға, оның ішінде БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес арттыруға мүмкіндік береді. Тұрақты даму мақсаттарына, сондай-ақ мемлекет өмірінің барлық салаларында озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын енгізу Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елдерінің қатарына кіру жолындағы прогресін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Бұл мақсатқа қол жеткізу жылына орташа есеппен ЖІӨ-нің 4,5-5,0%-дан кем емес деңгейінде экономикалық өсуге сәйкес келеді, бұл Қазақстанға 2025 жылға қарай ЖІӨ деңгейінің өсуін жан басына шаққанда 46 100 АҚШ долларына дейін (қабілетінің тепе-теңдігі бойынша бойынша) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің қажетті алғышарты болып табылады. Сонымен бірге ЖІӨ елдегі өмір сүру сапасын, азаматтардың нақты әл-ауқатының деңгейін және қоршаған ортаға келтірілген зиянды толық көрсетпейді. Осыған байланысты прогресті өлшеу және мақсатқа жету үшін халықтың өмір сүру сапасын және экономикалық өсудің сапасын өлшейтін ұлттық нысаналы көрсеткіштер көзделген.

      7x7 жоспары – жүйелі жеті реформа және "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асырудың жеті басым саясаты.

      2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспар жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған дамудың басым бағыттарының екі түрін қамтиды.

      Бірінші түрі: бұл 2025 жылға дейін ел экономикасында және әлеуметтік өмірінде болуға тиіс жеті маңызды серпінді өзгерістер.

      Екінші түрі: "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асырудың басым саясаттары – бұл "Қазақстан-2050" стратегиясында айқындалған басым бағыттар бойынша Үкімет жүзеге асыратын бағыт.


      1-сурет. 7 жүйелі реформа және 7 басым саясат жоспары





      Жеті жүйелі реформа

      2025 жылға дейінгі жүйелі реформалар қайта құрудың негізгі бағыттары бойынша басымдықтар мен міндеттерді, сондай-ақ мұндай қайта құруларды іске асыру бойынша нақты шараларды – бастамаларды – қамтиды.

      1-реформа. Жаңа адами капитал. Реформа тұрақты өсу үшін адами капиталды дамытуға және кадрларды даярлау деңгейін арттыру, білім беру жүйесін үздіксіз өмір бойы оқыту қайта бағдарлау және білім беру мен педагогикалық кадрлардың сапасын жақсарту, салалар мен өңірлер арасында еңбек ресурстарын тиімді бөлу процестерін басқару есебінен экономиканың кадрға деген ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

      2-реформа. Технологиялық жаңарту және цифрландыру. Реформа 4.0 индустриясы технологияларын, экономиканы цифрландыруды қолдана отырып салаларды технологиялық жаңғыртуға және ғылымды қажет ететін экономиканы дамыту үшін инновациялық инфрақұрылымдарды құруға және цифрландыру, ең алдымен қазіргі салаларды цифрландыру, технологиялық қайта жарақтандыру, инфрақұрылым және инновациялар құру есебінен оның өнімділігін арттыруға бағытталған.

      3-реформа. Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес. Реформа бәсекелес орта мен экспорттық әлеуетті дамыту есебінен жеке секторды өзектендіруге бағытталған. Тиімсіз мемлекеттік компанияларды жекешелендіру және жою арқылы, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік (бұдан әрі – МЖӘ) шеңберінде қызметтің жекелеген түрлерін жеке секторға беру арқылы мемлекет пен монополиялардың рөлі қысқаратын болады. Бизнес үшін кедергілер төмендейтін болады және орта кәсіпорындардың өсуі үшін шаралар қолданылатын болады, жабылу рәсімдері оңайлатылатын болады, сондай-ақ тараптардың тең өкілдік қағидатын бұрмалайтын тікелей қаржылық қолдау практикасы қысқартылатын болады. Сапа стандартын импорттаушы ел стандарттарына сәйкестендіру, кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру және экспортқа жылжытуды қолдау есебінен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басты назар аударылатын болады.

      4-реформа. Құқықтық мемлекет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Реформа заңдарды сақтау, сыбайлас жемқорлықты жою және құқықтық мәдениетке тәрбиелеу есебінен қолайлы әлеуметтік-экономикалық ахуалды құруға бағытталған. Бұл реформаның маңызды міндеті сот жүйесін халықаралық стандарттарға келтіру, меншіктік құқық кепілдігін қамтамасыз ету, заңнамалықтардың тұрақтылық деңгейін арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын тәрбиелеу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың туындауының бастапқы себебінің алдын алу процестерді оңтайландыру және цифрландыру, адами факторды азайту, сатып алудың ашық рәсімдерін енгізу есебінен қол жеткізілетін болады.

      5-реформа. Мықты өңірлер және урбандалу. Реформа өмір сапасының базалық деңгейін қамтамасыз ету кезінде өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықты қысқартуға бағытталған. Даму өңірлерге экономикалық өкілеттіктердің үлкен бөлігін беру және өңірлік басшылардың жауапкершілік дәрежесін арттыру, өңірлік деңгейде инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру есебінен қол жеткізілетін болады. Урбандану процессі агломерацияларда ғана емес, экономикалық әлеуеті бар орташа қалаларда да қамтамасыз етілетін болады. Әлеуметік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті қолдау және білім берудің озық практикасын тарату ел бойынша өмір мен жұмыс үшін базалық жағдайларды қамтамасыз етеді.

      6-реформа. Қоғамдық сананы жаңғырту. Реформа өзінің болашағына және Қазақстанның болашағына жауапкершілікті тәрбиелейтін, мықты және еліне адал адамдардың Біртұтас ұлтты қалыптастыруға, азаматтардың жеке бәсекеге қабілеттілігі мен прагматизмін арттыруға бағытталған. Ұлттық мәдениетті дамытуға және экстремизмнің алдын алуға ерекше назар аударылған.

      7-реформа. Мемлекеттік сектор өзгерістердің көшбасшысы ретінде. Реформа елдегі өзгерістер агенті ретінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөлін арттыруға бағытталған. Мемлекеттің рөлін қайта ойлау, процестерді және деректер базасын цифрландыру есебінен мемлекеттік аппараттың өнімділігін арттыру маңызды. Клиентке бағдарлану және бейімділікті дамыту табысты жеке корпорациялар деңгейінде мемлекет басқаратын үкіметтің ірі міндеттерінің бірі болады.

      "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асырудың жеті басым саясаты

      Іске асырудын басым саясаттары – ол 2025 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік бағдарламалар және жоспарлар шеңберінде жүзеге асырылатын қағидаттар мен міндеттер.

      1-саясат. Макроэкономикалық саясат бюджеттің тұрақтылығына және мұнай емес тапшылықты азайтуға, ақша-кредит саясатының икемділігі мен қаржы және құрылымдық саясаттың үйлесуін қамтамасыз етуге бағдарланған. Бұл бағытты іске асырудың негізгі нәтижесі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болады.

      2-саясат. Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі – саясатәлем нарықтарындағы базалық салалардың позицияларын нығайту, олардың операциялық тиімділігін арттыру және қайта өңдеуді тереңдету; жаңа құзыреттілікті дамыту және технологияларды бейімдеу жолымен жаңа өнімдер мен қызметтерді өңірлік нарыққа шығару; өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің құнын төмендету және сапасын ұлғайту есебінен экономика секторларының бәсекеге қабілеттігін қосымша ұлғайту арқылы қазіргі салалардың сапалы өсуін қолдауға бағытталған.

      3-саясат. Қаржылық нарықты дамыту саясаты экономикадағы қаржыландырудың, инвестициялаудың тиімді тізбегін құруға бағытталған, ол банк секторының қаржылық тұрақтылығын және экономиканы кредиттеуді арттыратуды, қаржыландырудың баламалы көздерін дамытуды, қолжетімді орта және ұзақ мерзімді қорландыруды, халықаралық қаржы орталығын дамытуды және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды қамтиды.

      4-саясат. Экономикаға жеке инвестицияларды белсенді тарту саясаты елдегі инфестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлардың құқығын қорғауды күшейту, оларды тарту бойынша шараларды жандандыру, сондай-ақ инвесторлармен жұмыста инфрақұрылымды жақсарту есебінен инфестицияларды тартуға және ұстап тұруға бағдарланатын болады.

      5-саясат. Өмір сапасын арттыру саясаты БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына сәйкес халық денсаулығын жақсарту, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру жүйесін оңтайландыру, зейнеткерлік қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру есебінен адамдар өмірінің базалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

      6-саясат. Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат халықтың өмір деңгейінің өсуі үшін дамудың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға; Қазақстаның су және жер ресурстарының сапасын арттыруға; ауа сапасын жақсартуға; қалдықсыз экономиканы дамытуға және биологиялық алуандықты сақтауға бағытталған. Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру, сондай-ақ жасыл қаржыландыру қағидаттарын енгізу маңызды бағыт болып табылады, бұл ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын қысқартуға мүмкіндік береді.

      7-саясат. Барынша белсенді сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге, әлемдік экономика интеграциялану жобаларына тиімді қатысуы және сыртқы нарықтарда елдің позициясын күшейту арқылы Қазақстан үшін неғұрлым қолайлы экономикалық жағдайлар құруға бағытталған. Халықаралық институттармен халықаралық саяси, әлеуметтік және экономикалық процестердің жағымды қатысушы ретінде Қазақстанның тығыз ынтымақтастығы жалғастырылуда.

4-тарау. Асамаңызды серпінді өзгерістер: жүйелі реформалар 1-реформа. Жаңа адами капитал

      Реформаның мәні: XXI ғасырдың жоғары сапалы және қажетті дағдыларға ие адами капиталды дамыту Қазақстан экономикасының одан әрі өсуі тәуелді болатын басым міндет болып табылады. Жаңа уақыттың құзыреттілігі жаңа қажетті дағдыларды үздіксіз үйренуге және меңгеруге дайын болуды қамтиды. Технологиялық жаңару мен цифрландыру өз жұмыс уақытын тиімді пайдаланатын, технология мен білімді қолдануға, процестерді жетілдіруге және инновацияларды жүзеге асыруға қабілетті персоналсыз мүмкін емес.

      2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидатты өзгерістер:

      дәстүрлі оқу бағдарламаларынан функционалдық сауаттылыққа, болашақ еңбек нарығында талап етілетін заманауи дағдылар мен құзыреттілікті қалыптастыруға;

      қазақстандық білім берудің жергілікті фокусынан сыртқы нарықтарда қазақстандық білім берудің қажеттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;

      педагогтарды педагог кәсібіне ынталандырудың төмен деңгейінен барынша абыройлы лауазым ретінде көтеруге;

      қалыптасқан орта және жоғары білімнен дағдылар мен құзыреттілікті өмір бойы тұрақты жетілдіруге;

      еңбек ресурстарының өнімділігіне қарамастан олардың салалар мен өңірлердегі шоғырлануынан еңбек ресурстарын салалар мен өңірлер арасында теңгерімді бөлуге өзгеретін болады.

      Алдағы міндеттер

      Адами капиталды дамытудың қажетті шарттары жоғары сапалы және қажетті дағдылармен оқыту болып табылады. Осы мақсатта білім беру жүйесінің жалпы деңгейі артатын болады: білім беру бағдарламалары жаңа экономиканың сұраныстарына сәйкес халықаралық стандарттарды ескере отырып өзектендірілетін болады, педагогикалық кадрларды даярлау және ынталандыру сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Білім беру саласындағы өзгерістер жеке бизнеспен әріптестікте іске асырылады және технологиялық және цифрлық құзыреттілікке ие білікті кадрлармен еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

      Кадрларға және осы кадрларды даярлау жүйесіне жаңа экономика сұранысын үйлестіру, сондай-ақ қазіргі жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Бұл процестің басталу нүктесі жаңа экономиканың кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ететін ұлттық болжамдау жүйесін дамыту мен қызметкерлерді қажетті дағдылармен және құзыреттілікпен қамтамасыз ететін ұлттық біліктілік жүйесін дамыту болады.

      Қазіргі еңбек ресурстарының әлеуеті барынша тиімді пайдаланылуға тиіс.Кәсіпорындар, салалар және елді мекендер арасындағы жұмыс күшінің қозғалысы барынша өнімді жұмыс орындарына біртіндеп орын ауыстыруы үшін жағдайлар жасауды талап етеді, ол еңбек ұтқырлығы мен еңбек нарығы инфрақұрылымын дамыту есебінен іске асырылатын болады. Жұмысқа орналастыру және шетелден жоғары білікті мамандарды тарту бойынша белсенді шаралар экономиканы қажетті кадрлармен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      "Білім беру экономикалық өсудің негізі ретінде" басымдығы

      Білім беру жүйесіне жаңа адами капиталды – "ХХІғасыр дағдыларына" ие, Қазақстанда жаңа экономикалық қалып негізін құрайтын мамандарды даярлауға басым рөл беріледі. Білім беру жүйесі барлық деңгейлерде білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз етуге, жаңа операциялық және технологиялық шешімдерді ұсынуға және енгізуге, жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға және толтыруға қабілетті болашақ экономика сұранысына жауап беретін кадрларды – инноваторлар мен рационализаторды дайындауға бағытталуға тиіс.Білім беру жүйесін жаңғырту білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуды, білім беру саласын цифрландыруды, білім беру ұйымдарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуді, білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамның қатысу рөлін арттыруды, білім беру саласына жеке инвестициялар тартуды талап етеді. Жаңғыртудың ең басты шартының бірі білім беру жүйесін жаңартылған бағдарлама бойынша өзінің пәніне үйретіп қана қоймай, бағдарламаларды өзгеріп жатқан уақыт талаптарына үнемі бейімдеп, оқушыларға талап етілетін практикалық дағдыларды үйрететін педагогтармен қамтамасыз ету болып табылады.

      Осылайша, бұл басымдықты іске асыру мынадай міндеттерді:

      технологиялық дағдыларды ескере отырып, түгел қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізуді;

      педагогикалық кадрларды даярлаудың мотивациясы мен сапасын арттыруды;

      білім беруді жаһандық ортаға интеграциялауды талап етеді.

      "Технологиялық дағдыларды ескере отырып түгел қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізу" міндеті

      Жаһандық экономикалық сын-қатерлер, технологияның қарқынды дамуы мен білім экономикасының өсуі білім беру мен оқытудың жаңа әдістерін қажет ететіндігін көрсетеді. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған салалық дағдыларға, сондай-ақ күрделі кешенді міндеттерді шығармашылық және инновациялық шешу дағдыларына, үздіксіз жетілдіру және командада жұмыс істеу қабілетіне ие кадрларды даярлауға бағытталуға тиіс.

      1.1 "Білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету" бастамасы. Мектепке дейінгі білім беру когнитивті дамыту және оқуға қызығушылығын ынталандыру үшін маңызды басталу нүктесі болып табылады. Балаларды 1 жастан 6 жасқа дейінгі жаста мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту жалғасын табатын болады. Бұл үшін жұмыс күні толық емес шағын орталықтар жергілікті бюджет пен МЖӘ тетіктері қаражаты есебінен біртіндеп толық жұмыс істейтін режимге ауыстырылатын болады.

      Барлық тілек білдірушілерге жұмыс біліктілігі, оның ішінде курстық даярлық бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жастар үшін тегін алғашқы жұмыс біліктілігіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін әлеуметтік лифт жасауға мүмкіндік береді. Курстық даярлықпен барлық тілек білдірушілер, оның ішінде біліктілігі жоқ жастар, аз қамтылған отбасылардың балалары, жұмыссыздар, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқу орталықтары мен колледждер базасында өз бетінше жұмыс жасайтындар, сондай-ақ жұмыс берушілер қамтылады.

      Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне еркін түсу мақсатында талапкерлерге жоғары оқу орындарына түсу кезінде түсу емтихандарын өткізу формасын таңдау құқығы берілетін болады.

      Талап етілетін жұмыс біліктіліктері бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын құру арқылы ерекше білім қажеттіліктері бар адамдар үшін барлық деңгейлерде білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

      1.2 "Білім берудің барлық деңгейлеріндегі бағдарламалардың мазмұнын жаңарту" бастамасы. Балаларды бастауыш білім алуға дайындау үшін мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруда сабақтастық құрылатын болады. Қаріпке, оқумен жазуға оқыту (оның ішінде, "Әліппе" – "Букварь"), сондай-ақ балалардың әлеуметтік, практикалық өмірлік дағдылары мен өзін-өзі тану дағдыларын ерте дамыту нөлінші сыныпта өтетін болады.

      Орта білім беру жүйесіне функционалдық сауаттылықты, сыни ойлауды, нақты өмірде білім мен дағдыларды қолдану қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу ұсынылатын болады. Оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді, бағдарламалауды, роботтехникасын және бастапқы технологиялық дайындауды дамытуға бағытталған STEM-элементтері қамтылатын болады. Бұл үшін қосымша білім беру бағдарламалары, сыныптан тыс іс-шаралар, ғылыми үйірмелер мен сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылатын болады. Жоғары сыныптарда бірқатар пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады.

      ТжКБ жүйесінде жұмыс берушілердің қатысуымен және жаңа кәсіби стандарттар негізінде әзірленген WorldSkills халықаралық талаптарына, роботтехникасына, цифрлық дағдыларға, көптілділікке негізделген жаңартылған білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарына түсуі кезінде жекелеген пәндер бойынша кредиттерді ескеруге мүмкіндік беретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына көшу жүзеге асырылады. Қазақстандық студенттер Worldskills кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту бойынша халықаралық және ұлттық чемпионаттарға қатысатын болады.

      ТжКБ жүйесінде халықаралық және кәсіби стандарттарға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және тарату кәсіпорындармен бірлесіп құрылған базалық колледждер мен құзыреттілік орталықтары арқылы жүзеге асырылатын болады. Кадрларды даярлауды жүйелендіру мақсатында ТжКБ оқу орындарын бейіндер бойынша бөлу жұмыстары жалғасатын болады.

      Білім беру бағдарламаларын өзектендіру үшін қорытындысы бойынша барынша талап етілетін мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімі жаңартылатын қолданыстағы бағдарламаларға бағалау жүргізілетін болады. Олардың өзектілігі мен қазіргі және болашақтағы бизнес қажеттіліктеріне сәйкестігін айқындау үшін бағалау жұмыс берушілердің қатысуымен жүргізіледі.

      Нарықта барынша талап етілетін бағдарламаларды таңдау үшін білім беру бағдарламаларына тұрақты түрде мониторингілеу және олардың тиімділігіне салыстыру жүзеге асырылатын болады (мысалы, бітірушілердің жалақысының деңгейі, жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі бойынша). Мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы кадрларға болжанатын қажеттіліктер мен бизнестің қатысуымен айқындалатын салалар арасындағы жұмыспен қамтылғандардың болжамды ағындары бойынша деректерді ескере отырып қайта қаралатын болады.

      Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары арасындағы кооперацияларды арттыру бойынша жұмыстар (пилоттық жобалар шеңберінде) жалғастырылатын болады. Бұл жұмыс барысында студенттер зерттеу қызметіне, ал ғылыми-зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы жоғары оқу орындарында оқыту үшін тартылатын болады. Бұл студенттерге арналған оқытудың ғылыми және қолданбалы құрамдауышын арттыруға, сондай-ақ оларды инновациялар мен технологияларды әзірлеуге және енгізуге ықпал етеді.

      Жоғары оқу орындары түлектерінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және еңбек нарығында олардың ұтқырлығын арттыру мақсатында студенттерді таңдаудың құрамдауышы есебінен жоғары оқу орындарының негізгі білім беру бағдарламаларын игеру кезеңінде қосымша біліктілік алу мүмкіндігі берілетін болады.

      1.3 "Академиялық еркіндікті және жұртшылықтың қатысуын арттыру" бастамасы. Орта білім беру ұйымдарының басқарушылық және қаржылық қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында қамқоршылық кеңестер өкілеттіктерінің спектрі кеңейтілетін болады. Қамқоршылық кеңестер мектептер мен балалар үйлерінің ішкі өмірін ұйымдастырудағы маңызды органдардың бірі болады, мектептердің өзін-өзі бағалау рәсімдері жетілдірілетін болады. Мектептерді мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесі бойынша жүзеге асырылатын болады.

      Оқу орындарының академиялық, басқарушылық дербестігін орталықсыздандыру және арттыру саясаты жалғасады. Жоғары оқу орындарына оқу бағдарламаларын әзірлеуде, кадрлық жұмысты ұйымдастыруда, сондай-ақ бюджетті басқаруда дербестік ұсынылады. Жоғары оқу орындарының алдына түлектерді еңбек нарығына дайындау бойынша міндет қойылады. Жоғары оқу орындарында ақпарат көзі болып табылатын кәсіби бағдарлану және жұмысты таңдауға және жалға алу процесіне дайындауға (түйіндеме әзірлеу, сұхбат алуға дайындау) байланысты мәселелерде оқушыларды қолдау кеңселері белсендетілетін болады.

      Жоғары оқу орындарды басқаруға, академиялық, операциялық және қаржылық қызметті бақылауға, сондай-ақ жоғары оқу орындары басшылығы қызметінің тиімділігін бағалауға белсенді қатысатын қадағалау кеңестерінің рөлі күшейтілетін болады. Тиімділікті бағалау білім беру процесінің сапасына және оқу орнын басқару сапасына, мысалы еңбек нарығында түлектердің талап етілуіне, жүргізілетін зерттеу жұмысының өзектілігіне және басқаларға байланысты болады.

      Аталған шараны іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарын басқару бойынша озық практиканың мысалы ретінде Назарбаев Университетінің тәжірибесі пайдаланылатын болады.

      1.4 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту және білім беру саласына жеке инвестициялар тарту" бастамасы. Білім берудің барлық деңгейлерінде әріптестікті кеңейту және жеке инвестицияларды тарту білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың, мемлекеттік білім беру объектілеріне жүктемені және оқушылар орындары тапшылығын төмендетудің, жеке білім беру қызметтерін дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

      Барлық толық жинақталған мектептерде білім беру мекемелерінің шығындарын қаржыландырудан "әрбір оқушыға бекітілетін ақша" қағидаты бойынша оқушылардың санына байланысты оларды оқытуға арналған шығындарды қаржыландыруды көздейтін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілетін болады. Бұл білім беру ұйымдары арасындағы бәсекелестікті қамтамасыз етеді және білім беру қызметінің сапасын арттыруға ынталандырады. Бұл ретте, білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан мектептерде орналастырылатын болады, бұл жеке секторды жеке мектептер желісін кеңейтуге ынталандыратын болады. Жеке секторды ынталандыру және қолданыстағы МЖӘ тетіктерін күшейту мақсатында мектептердің СанЕжН мен ҚНжЕ қайта қаралады, мектептерді сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталатын болады. Мектеп оқушыларын қызығушылықтары бойынша үйірмелермен барынша тарту мақсатында жеке сектор есебінен қосымша білім дамитын болады.

      ТжКБ жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландырудың нормативтері қайта қаралып, ТжКБ ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталатын болады. Дуалды оқыту шеңберінде студенттерге практикалық сабақтарды бергені және ұйымдастырғаны үшін қосымша төлем түрінде өндірістен инженер-педагогикалық кадрларды тарту үшін ынталандыру шаралары көзделетін болады.

      Жоғары білім беру жүйесінде жұмыс берушілерді тарта отырып академиялық кредиттердің игерілетін көлемін ескере отырып мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, жоғары оқу орнын кредиттік жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіру мәселесі пысықталатын болады.

      Жеке қаржыландыруды тарту шеңберінде жоғары оқу орындары мен компаниялардың өзара іс-қимылы ұйымдастырылатын болады. Компания тарапынан әріптестік үлес білім беру гранттарын бірлесіп қаржыландыруды, тағылымдамадан өту мүмкіндігін, тәлімгерлік жүйесін, тренингтер мен практикалық оқу іс-шараларын өткізу үшін алаңдар беруді қамтитын болады.Өзара іс-қимыл жеке бизнестің жоғары оқу орындары базасында оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуына және оқытудың практикалық моделін құруға, персонал біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

      1.5 "Білім беруді цифрландыру" бастамасы. Процестің барлық қатысушыларының электрондық деректер банкін және электронды форматта қажетті ақпаратты қамтитын оқушының электронды бейінін, сондай-ақ қажетті цифрлық сервистерді қамтитын білім беруді басқару жүйесі құрылады. Мысалы, балаларды бала бақшаларға қабылдау процесі автоматтандырылатын болады, орта білім беруде электрондық күнделіктер мен журналдар енгізілетін болады. Білім беруді басқару жүйесі мемлекеттік органдардың бірыңғай деректер базасына кіріктірілетін болады. Сондай-ақ Big Data технологиясын (үлкен деректерді өңдеу технологиясы) пайдалана отырып басқа цифрлық білім беру сервистері кіріктірледі.

      Барлық деңгейлерде цифрлық білім беру контенті құрылады, интерактивті және қашықтықтан оқыту әдісі таратылатын болады. Атап айтқанда, интерактивті және инновациялық технологияларды пайдалана отырып электрондық білім беру материалдары мен электрондық кітапханалар құрылады. Арнайы материалдар аз қамтылған мектеп оқушылары үшін әзірленеді. Интернет-платформасында "ашық университеттер" құру, электронды оқыту ресурстарының контентін әзірлеу, жоғары оқу орындары, ТжКБ ұйымдары мен мектептер арасындағы оқыту бағдарламаларын кіріктіру есебінен қашықтықтан оқытудың қолжетімділігі артады. Бұл "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын насихаттауға және шалғайдағы, ауылдық өңірлердегі оқушыларға арналған оқу шарттарын теңестіруге қажетті жағдайлар жасайды.

      "Педагогикалық кадрларды даярлаудың мотивациясы мен сапасын арттыруды" міндеті

      Білім сапасын арттыру заманауи білімі бар жоғары білікті педагогтарсыз, сондай-ақ технологиялар мен оқыту әдістерінсіз мүмкін емес. Болашақ педагогтарды тартудың және оқытудың тәсілдерін қайта қарау, бүгінгі педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру, мұғалім кәсібінің беделін арттыру қажет.

      1.6 "Педагогикалық кадрлардың беделін және ынталандырылуын арттыру" бастамасы. Мұғалімдердің еңбекақы төлемінің деңгейі үлгілік оқу жоспарларын қайта қарау жолымен кезең-кезеңімен артатын болады, педагогикалық қызметкерлерге нормативтік оқу жүктемесі азайтылатын болады. Бұл шара оқыту сапасын, педагогтердің кәсіптік даярлығы мен қайта даярлығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ мұғалімдерге қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасайды, бұл педагогтер үшін ынталандыру шараларының бірі болып табылады.

      1.7 "Педагогикалық оқу орындарындағы бағдарламаларды жаңарту" бастамасы. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып жаңа оқыту әдістерін енгізу және ағылшын тілінде оқыту мақсатында педагогикалық кадрларды даярлауға арналған оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. Жаңартылған жоспарлар мен бағдарламалар бойынша оқытушы құрам біліктілігін арттыру бойынша қажетті тренигтер өткізілетін болады.

      Жоғары білікті педагогикалық кадрлардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін оқу орындарында тәлімгерлік жүйесі қайта іске қосылатын болады. Тәлімгер-педагогтерді ынталандыру шаралары көзделеді.

      1.8 "Педагогтердің біліктілігін арттыру және озық педагогикалық практиканы тарату" бастамасы. Өңірлік оқу орындары мен озық оқу орындарындағы (Назарбаев Университеті, ҚМЭБИ, ҚБТУ, Назарбаев Зияткерлік мектептері және басқалар) педагогикалық кадрлар арасында білім алмасу жалғасатын болады.Оқытушылар құрамы үшін халықаралық алмасу бағдарламасы ұйымдастырылады, бұл ретте озық педагогикалық практикаларды және цифрлық және технологиялық дағдыларды дамытуға, ағылшын тілін зерделеуге ерекше назар аударылатын болады. Ағылшын тілінде мамандандырылған пәндерді оқытуға қабілетті педагогтерді даярлау және қайта даярлаудың баламалы деңгейі мен мерзімдері қамтамасыз етілетін болады.

      Педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру және озық оқу орындарының тәжірибесін тарату үшін білім берудің онлайн-платформасы құрылады. Бұл шара өңірлердегі педагогтердің озық білім беру материалдарын алуға ықпал етеді.

      Мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық кадрларының сапалық құрамын жақсартуға ерекше назар аударылатын болады. "Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту" мамандығы бойынша жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы біртіндеп ұлғайтылады, ал 2019 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды тәуелсіз сертификаттау енгізілетін болады.

      ТжКБ жүйесінің педагогикалық кадрлары мен басшыларын қайта даярлау үшін практикалық бағдарлануды және кәсіби-тұлғалық әлеуетті дамытуды көздейтін инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа моделі енгізіледі. Өндіріс мамандарына WordSkills стандарттары бойынша педагогикалық шеберлік оқытылатын болады.

      Педагогтердің кәсіби даярлығын, қалыптастырушылық деңгейін және кәсіби құзыреттілікті дамытуын, кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттер көрінісін бағалайтын біліктілік емтиханы арқылы "Педагог" кәсіби стандартында көзделген талаптарға сәйкестікке біліктілігі расталатын болады.

      1.9 "Педагогикалық ресурстарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлерге тең бөлу" бастамасы. Еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлерді педагогикалық кадрлармен толықтыру "Мәңгілік Ел жастары – индустрияға" атты әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде жалғасады. Жыл сайын еңбек күші артық өңірлердің жастарынан педагогикалық кадрларды даярлауға еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлердің жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы көзделетін болады. Бұдан әрі жобаны іске асыру шеңберінде магистранттар мен докторанттарды даярлауға басты назар бағытталатын болады.

      "Білім беруді жаһандық ортаға интеграциялау" міндеті

      Білім беру бағдарламаларының ағылшын тілін белсенді тарата отырып сыртқы нарықтарға шығуы қазақстандық білімнің сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігі мен талап етілуін арттыруға ықпал ететін болады.

      1.10 "Білім беру хабын құру және ағылшын тілінде білім беру қызметтерін дамыту" бастамасы. Қазақстан Орталық Азияда білім беру хабына айналуға ұмтылыс жасайтын болады. Қазақстандық жоғары оқу орындарына шетел студенттерін тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін университеттер әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи инфрақұрылым деңгейін беретін халықаралық деңгейге қол жеткізу үшін барлық жағдайларды жасайтын болады. Шетел әріптестерімен кеңінен ынтымақтастық: бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізу, шетел оқытушыларын, топ-менеджерлер мен студенттерді тарту, ғылыми жобаларды іске асыру, университетті басқаруға әріптестердің қатысуы арқылы болжанады. Шетелде қазақстандық білім форумдарын, көрмелерін және күндерін өткізу кеңінен пайдаланылады.

      Ағылшын тілінде жүргізілетін білім беру бағдарламаларының саны ұлғайтылатын болады, ағылшын тілінде сөйлетін мамандарды даярлауға бөлінетін гранттар үлесі артады, ағылшын тілінде оқыту үшін профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігі арттырылады, ағылшын тілінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен әзірленетін болады.

      "Кадрларды даярлау жүйесін жаңа экономика талапарына бағдарлау" басымдығы

      Қазақстанның білім беру жүйесі жаңа экономиканы өнімділікті арттыруға, кәсіпорындар мен салаларды технологиялық жаңартуға және цифрландыруға қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұған білім беру жүйесінен еңбек нарығына жаңа білікті жұмысшылардың келуі және қазіргі жұмысшыларды оқыту есебінен қол жеткізілетін болады.

      Экономиканың болашақтағы еңбек ресурстарына қажеттіліктерін бағалауға және болжауға мүмкіндік беретін жүйе құрылатын болады. Елдегі кәсіпорындардың қазіргі басшылары мен персоналдарын қайта даярлау болжанатын "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасы одан әрі дамитын болады.

      "Ұлттық болжау және біліктілік жүйелерін дамыту" міндеті

      Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс балансқа жетуі керек, бұл үшін бүгінгі таңда, 5 жылдан кейін, 10 жылдан кейін елге қандай мамандар қажет; бұл мамандар қандай дағдылар мен құзыреттіліктерге ие болуы керек?, деген сұрақтарға жауап беру қажет.

      Кадрларға сұраныс пен ұсынысты ортақ теңдікке келтіру еңбек ресурстарын дамытудың ұлттық болжау жүйесі мен ұлттық біліктілік жүйесін дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      1.11 "Сабақтардың өзекті жіктемесін қолдау" бастамасы. Еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің әртүрлі элементтері арасындағы өзара байланысты қалыптастыру негізі еңбек нарығын диагностикалаудың негізгі құралы ретінде Ұлттық кәсіптердің жіктемесі (кәсіптердің біртекті топтарының стандартталған тізбесі) үнемі жаңартып отырылатын болады. Өзекті жіктеме еңбек нарығын уақтылы және толық есепке алуға және оны дамытудың егжей-тегжейлі болжамдарын жасауға мүмкіндік береді. Жіктеме жұмыс күшіне қойылатын сапалық талаптарды қалыптастыруды және Ұлттық біліктілік жүйесін толыққанды енгізуді қамтамасыз етеді.

      1.12 "Болжау құралдарын дамыту" бастамасы. 2025 жылға қарай Қазақстанда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға кадрлық қажеттіліктерді айқындау бойынша математикалық модельдеуді, сараптамалық бағалауды және сауалнама сессияларын біріктіретін құралдар кешенін білдіретін еңбек ресурстарын дамытуды болжаудың ұлттық жүйесі іске қосылады.

      1.13 "Кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектендіру" бастамасы. Кәсіби стандарттар мамандықтардың нақты бір түрлеріне арналған бизнес талаптарының эталоны болады. Олар бизнестен мамандарды даярлауға арналған техникалық міндеттердің бірі болады және барлық мамандықтар бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктердің толық жиынтығын айқындайды. Бастама шеңберінде жаңа кәсіптік стандарттар әзірленеді және елде бұрыннан бар кәсіптік стандарттар өзектендіріледі, олар тікелей бизнестің қатысуымен бекітілетін болады.

      1.14 "Кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу" бастамасы. Кәсіби стандарттар білім беру мазмұнын және білім беру үдерісін жаңа экономика талаптарына сәйкестендірудің негізгі шарты болатын техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік базаны әзірлеу және жаңарту үшін негіз болады.

      1.15 "Тәуелсіз біліктілік сертификаттау жүйесін енгізу" бастамасы. Еңбек нарығында кәсіптік стандарттардың өлшемшарты мен талаптары жаңадан келген жұмысшыларына тәуелсіз бағалау жүргізеді, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген жұмысшыларға тікелей бизнестің қатысуымен біліктілік санатын беруге мүмкіндік береді. Білім беру процесі мен білім беру жүйесі жұмысының нәтижелерін бағалаудың аражігі ажыратылатын болады және бизнес кадрларды даярлау сапасын өзі айқындай алады.Сондай-ақ, мамандарды сертификаттауға қойылатын жалпыұлттық талаптарды қалыптастыру және біліктілікті сертификаттау саласында ведомствоаралық және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін Ұлттық біліктілік органын құру процестері пысықталатын болады.

      "Қызметкерлердің біліктілігін арттыруда кəсіпорындарды қолдау" міндеті

      Технологиялық жаңғырту дәстүрлі салалардағы еңбек ресурстарына сұраныстың қысқаруына және жаңа салалардағы сұраныстың артуына байланысты еңбек нарығында елеулі өзгерістерге алып келеді. Экономиканы сұранысқа ие кадрлармен уақтылы және сапалы ұсынумен қамтамасыз ету және барлық азаматтарды қызмет түрін ауыстыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету үшін қайта даярлау, біліктілігін арттыру және шетелде оқыту бағдарламаларына қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.

      1.16 "Қайта даярлау бағдарламаларын дамыту" бастамасы. Жұмыс біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігін, оның ішінде курстық дайындау арқылы барлық өтінім білдірушілерге беру бойынша жұмыс жалғасатын болады.Технологиялық өзгерістерді іске қосу үшін қажетті мамандарды қайта даярлау үшін қазіргі жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдары қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ашады. Бұл курстар жұмыс пен оқуды біріктіруге ыңғайлы әртүрлі форматта – кешкі оқыту нысанында, өндірістен қол үзіп және қол үзбей оқыту нысанында ұсынылады.

      Қазіргі кәсіптік білім беру ұйымдарынан басқа оқу инфрақұрылымы кәсіпорындар мен жеке провайдерлердегі оқу орталықтарымен толықтырылады. Операторлардың бәсекеге қабілетті нарығын дамыту қайта даярлау бағдарламаларын тезірек ауқымды етуге және еңбек ресурстарына сұраныстың өзгеруіне ден қоюдың жедел тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқытуды бюджеттік қаржыландырумен қатар компаниялар тарапынан бірлесіп қаржыландыру оқыту барысында алынған білімді белсенді қолдануға ынталандырады.

      1.17 "Кәсіпорындардағы басқарушы буынның біліктілігін шетелде арттыру" бастамасы. Кадрларды шетелде дайындау бойынша қолданыстағы бағдарламаларда компаниялардың басқарушы буыны мен инженерлік персоналдары үшін операциялық тиімділігін арттыру, технологияларды басқару және цифрландыру бойынша дағдыларын дамытуға бағытталған қысқа мерзімді курстардан өту мүмкіндігі көзделетін болады. Оқытуды бюджеттік қаржыландырумен қатар компаниялар тарапынан бірлесіп қаржыландыру талап етілетін білімді алуды және оларды Қазақстанда қолдануды ынталандырады. Компанияларға арналған бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері мен шарттары кеңінен жарияланатын болады. Уақыт өте келе, Қазақстан аумағында жеке операторлар базасында қайта даярлау және қайта оқыту бойынша ұқсас курстар жасалып, кеңейтілетін болады.

      "Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу" басымдығы

      Басымдық қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге бағытталған болады.Өнімділікті ынталандыру жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз етуге негізделеді. Соңғысы салалар арасындағы өнімді еңбек ресурстарын оңтайлы бөлуге ықпал ететін кәсіптік ұтқырлықты, халықты экономикалық негізделген орналастыруға және өңірлердің демографиялық теңгеріміне ықпал ететін аумақтық ұтқырлықты және барлық қазақстандықтар үшін еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер құру үшін мемлекет арсеналында бар өнімді жұмыспен қамтуды қолдаудың өзге де белсенді құралдарын қамтитын болады. Бұл ретте, төменгі өнімділік салаларында, экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін халық санатын және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлану сақталатын болады.

      Өнімді жұмыспен қамтуды қолдаудың мемлекеттік шараларына халықтың "қол жеткізу нүктесі" ретінде қызмет ететін еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру маңызды міндет болып табылады. Бұл ретте, Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін елдегі құзыретті кадрлардың жетіспеушілігі қажет болған жағдайда шетелден жоғары білікті қызметкерлерді тарта отырып орны толтырылатын болады.

      Осылайша, бұл басымдықты іске асыру мынадай:

      еңбек ұтқырлығына жәрдемдесу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары;

      еңбек делдалдығының тиімді моделін құру;

      шетелден жоғары білікті кадрларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау міндеттерін талап етеді.

      "Еңбек ұтқырлығына жәрдемдесу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары" міндеті

      Қолда бар еңбек ресурстары құрылымын өнімді жұмыспен қамту пайдасына өзгертуге бағытталғаншаралар жүзеге асырылатын болады.
Аз еңбек өнімділігі бар салаларда, экономиканың бейресми секторларында жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар санатына ерекше назар аударылатын болады. Еңбек ресурстарын экономиканың өнімділігі төмен салаларынан өнімділігі жоғары салаларға; еңбек күшінің артықтығы байқалатын және төмен өнімді өңірлерден еңбек тапшылығы бар және жоғары өнімді өңірлерге, сондай-ақ ауылдардан қалаларға; өнімсіз өз бетінше жұмыс істейтіндер, бейресми жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар санаттарынан өнімді өз бетінше жұмыс істейтіндер, кәсіпкерлер және өнімді жалдамалы қызметкерлер санатына қайта бөлуге жәрдемдесетін шаралар іске асырылатын болады.

      1.18 "Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту" бастамасы. Бастама шеңберінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.Еңбек нарығында талап етілетін қысқа мерзімді курстар халықтың ең мұқтаж топтарына: жастарға ("Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім" жобасы шеңберінде, мұнда кәсіптік білімі жоқ адамдар талап етілетін жұмыс кәсібін меңгере алады); мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен қарт адамдар (арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу есебінен) өзектендіріледі және іске асырылады.Осы жұмысқа жеке провайдерлер де тартылатын болады.

      1.19 "Бейресми жұмыспен қамтылған қызметкерлердің жұмысын қалыптастыру" бастамасы. Бейресми жұмысты қамтуды, бәрінен бұрын өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық арасында азайту үшін жеңілдетілген тіркеу, есепке алу және салық салу жүйесін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылғандарға ерекше назар аудара отырып еңбек шарттарын "заңдастыру" шаралары, "көлеңкелі" жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, профилактикалық шараларды кеңейту, "жосықсыз жұмыс берушілердің" тізілімін енгізу сияқты жазалау сипатындағы шараларды; электрондық коммерция саласында мониторинг, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жеке тұлғалар мәртебелерін өзектендіру; ақпараттық-насихаттау жұмыстары бойынша белсенді шараларды қамтитын шаралар кешені әзірленетін болады.

      1.20 "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бастамасы. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту өнімді жұмыспен қамту нысандарының бірі ретінде екі негізгі элементті қамтитын болады.Біріншіден, тәжірибелі бизнес тренерлерінің басшылығымен кәсіпкерліктің негіздерін оқыту бизнеске жаңадан келгендерге қажетті құзыреттілікті дамытуына көмектеседі. Екіншіден, ауылдар мен қалаларда өз ісін жаңадан бастаған көптеген адамдар үшін инвестициялық қаражаттың негізгі көзі болып табылатын микрокредит алуды одан әрі дамыту.

      1.21 "Ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу" бастамасы. Жұмыс күші артық орналасқан облыстардан кадрлар жетіспеушілігі байқалатын облыстарға ерікті қоныс аударуы кезінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жалғасатын болады.

      Бұл тәсіл еңбек ресурстарының қалыптасып отырған сұранысына сәйкес ішкі мигранттар ағынын одан әрі саралай отырып өңірлік квота белгіленетін "экономикалық өсу нүктелерінде" (агломерацияларға, ірі және орташа қалаларға, елдік немесе өңірлік маңызы бар ірі жобалардың орналасуына, шекара аудандарының перспективаларына) негізделетін болады.

      Көшіп-қонушыларға тұрғын үйді жалдау және біржолғы төлем мүмкіндігімен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеу бойынша жылдық шығыстарды өтеуге субсидия нысанында қаржылық қолдау көрсетілетін болады. Бұл ретте, тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстардың орнын толтыру үшін субсидиялауға, қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға көзделген қаражатты пайдалану мүмкіндігі берілетін болады. Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй қарыздарын беру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

      Көшіп-қонушыларды жұмысқа орналастыру үшін қосымша ынталандыру шаралары жергілікті атқарушы органдарды субсидиялау құқығымен, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін көшіп-қонушыларға алдын ала кәсіпкерліктің негіздерін оқыту және оларға мемлекеттік гранттар мен бау-бақша, ауылшаруашылығы мақсатындағы немесе коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін беруді қамтамасыз ете отырып, жұмыс орындарын беруге қабілетті жұмыс берушілерді тарту сияқты шаралар болып табылады.

      "Еңбек делдалдылығының тиімді моделін құру" міндеті

      Салалар, елді мекендер мен санаттар арасындағы еңбек ресурстары ағынын тиімді басқару мемлекет пен бизнестің тікелей немесе электрондық көрсетілетін қызметтер арқылы жүгінген азаматтарына қолдаудың барлық шараларын көрсетуі арқылы қатарлас арналарды біріктіретін еңбек нарығының дамыған инфрақұрылымы есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      1.22 "Электрондық еңбек биржасын енгізу" бастамасы. Онлайн-портал базасында мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарындағы, жеке агенттіктердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернет-алаңдарындағы барлық бос орындар мен жұмыс іздеушілер туралы деректерді шоғырландыру үшін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң енгізілетін болады. Электрондық биржа қаржылық шығындарсыз және ауқымды қамту географиясымен резюме мен бос орындарды электрондық форматта іздестіру үшін кең мүмкіндік береді.Азаматтарға арналған ақпараттық пакет бос орындар сипаттамасын және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдаудың тиісті қолжетімді шараларын, оның ішінде уақытша тұрғын үй алу шарттары мен мүмкіндіктері, көшіп-қонуға дайындық тәртібі, біліктілік пен ұсынылатын оқу орындары туралы ақпаратты қамтитын болады.

      Негізгі функционалмен қатар онлайн-порталдың ыңғайлы сервистері онлайн режимде кәсіптік бағдарлау, азаматтарды талап етілетін кәсіптер мен оқыту курстары, сапа болжамдары және еңбек нарығы бойынша талдама туралы хабардар ету сияқты көрсетілетін қызметтердің кең спектрін қамтитын болады.

      1.23 "Халықты жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту" бастамасы. Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына трансформация жүргізіледі.

      Жұмыссыздар мен өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар үшін кәсіптік бағдарлау, талап етілетін кәсіптер бойынша оқыту және жұмысқа орналастыру сияқты сапалы көрсетілетін қызметтердің кең жиынтығы ұсынылатын болады. Әрбір жұмыс іздеуші үшін оның дағдыларын диагностикалауға және оны тұрақты және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атаулы шаралар кешенін әзірлеуге негізделген кәсіби дамудың жеке стратегиясы әзірленетін болады.

      Жұмыс берушілерге қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары өзара іс-қимылдың белсенді және электрондық форматын енгізеді. Бос жұмыс орындарын тіркеу рәсімдерін жеңілдету, оның ішінде цифрлық арналар есебінен жұмыс берушілердің базасын едәуір кеңейтеді, ол үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары заманауи HR қызметтері ретінде жұмыс істейтін болады.

      Жұмыспен қамту орталықтары жұмысының барлық рәсімдері барынша автоматтандырылады, ал жұмыс іздеушілермен де, жұмыс берушілермен де байланыстар "бір терезе" қағидаттарына, атаулылығы мен нәтижелерге бағдарлануына негізделетін болады. Бұл ретте еңбек делдалдығының көп арналылығы жүйесінің тиімділігі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қызметтеріне қолжетімділік нүктелерінің көпүлгілілігі: халыққа қызмет көрсету орталықтары, "egov" электрондық үкімет порталы, ауылдық елді мекендер әкімдері және бірыңғай электрондық еңбек биржасы есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      1.24 "Жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін азаматтарды жұмысқа орналастыруға тарту" бастамасы. Экономиканы технологиялық жаңғырту жағдайында азаматтарды жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін жекелеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері тартылатын болады. Оларға кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша көрсетілетін қызметтер берілетін болады.Бұл үшін әділ тарифтік саясат әзірленеді.

      Олардың әлеуетін барынша күшейту бойынша мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары жеке секторға сенімгерлік басқаруға үшін берілетін болады. Осылайша, еңбек нарығында көрсетілетін қызметтер провайдерлері желісін кеңейту қамтамасыз етілетін болады, бұл азаматтар үшін еңбек ұтқырлығының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.

      "Шетелден жоғары білікті кадрларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау" міндеті

      Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін қайта құрылымдаудың өтпелі кезеңінде жергілікті жұмыс күші құзыреттілігінің тапшылығы елге жоғары білікті мамандарды – шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтар мен шетелдік жұмыскерлерді Қазақстанға тарту бөлігінде еңбек нарығынайтарлықтай ырықтандыру арқасында ішінара қанағаттандырылатын болады.Бұл ретте, Қазақстан азаматтарын қайтаруға басты назар аударылатын болады.

      Шетелден жоғары білікті кадрлар үшін ашық нарық мамандар тапшылығын қысқартуға, экономика өнімділігін арттыруға, қазақстандық қызметкерлерге еңбек нарығындағы бәсекелестікті күшейту есебінен озық әлемдік практиканы қабылдауға және жергілікті персоналды кәсіби дамыту үшін ынталандыруға мүмкіндік береді. Шетел мамандарын тарту шетел мамандарын ұлттық кадрлармен одан әрі алмастыру мақсатында жалпыұлттық біліктілікті арттыру бағдарламасын іске асырумен сүйемелденетін болады.

      1.25 "Шетелдегі жоғары білікті мамандарға Қазақстандағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру" бастамасы. Жоғары білікті кадрлар үшін жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстардың болуы туралы ақпарат жұмыс берушілерге де, Қазақстанға арналған Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарда да кеңінен таратылатын болады. Басшылық, инженерлік-технологиялық, ғылыми-зерттеу жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан азаматтарын отанға қайтаруға ерекше назар аударылатын болады.

      1.26 "Жоғары білікті шетел жұмысшыларын тарту үшін ынталандыру шараларын енгізу" бастамасы. Жоғары білікті мамандарды тарту үшін преференциальды режим құрылады, біліктілік деңгейі бойынша шетелдік қызметкерлер үшін визаларды санаттау жүзеге асырылатын болады. Жоғары білікті мамандар, кәсіпкерлер мен олардың отбасылары мүшелері үшін квоталар жойылады, экономикалық орындылығына тест жүргізу қажеттілігі, виза алу мерзімі қысқарады, елде болу ұзақтығы ұлғайтылады, құжаттарды беру процесі жеңілдетіледі.

      Ел үшін басым жобаларды іске асыруға қатысу үшін білікті шетелдік жұмыскерлерге іске асыратын жобаларының сипатына байланысты бірден 3 жылға рұқсат беріледі. Қазақстанда, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және өңдеу өнеркәсібі салаларында дербес және ұзақ мерзімді кәсіптік қызметті жоспарлайтын жұмыскерлерүшін біліктілінің сәйкестігі туралы анықтама да 3 жыл бойы жарамды болады. Бұдан басқа, отбасы мүшелеріне квотсыз жұмысқа рұқсат алуға мүмкіндік берілетін болады.

      Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) базасында визалық-көші-қон мен салық қызметтеріне, ақпаратты өңдеу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) және мамандандырылған ХҚКО қызметтеріне ғана емес, сондай-ақ тұрғын үйді, білім беру және медициналық мекемелерді іздестіруге жәрдемдесу бойынша "бір терезе" қағидаты бойынша орталықтандырылған қолжетімділікке мүмкіндік беретін АХҚО Экспат Орталығы құрылады.

      1.27 "Еңбек нарығын заңсыз көші-қоннан және өнімсіз жұмыспен қамту импортынан қорғау" бастамасы. Біліктілігі төмен қызметкерлерге олардың ағындарын шектеу мақсатында бір жылға дейінгі мерзімде уақытша жұмысқа рұқсат беріледі. Бұл рұқсаттар жасы бойынша шектей отырып және мемлекеттік бюджетке алым төлеуді сақтай отырып, жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істейтін маусымдық шетелдік жұмыскерлер мен иммигранттарға қолданылатын болады.

      Күтілетін нәтижелер

      Білім беру жүйесі өзекті мазмұны мен нәтижелі білім беру процесі арқасында отандық жұмыс берушілердің сеніміне және қоғам тануына ие болған біліктіліктің барлық деңгейлерінде еңбек ресурстарының тиімді жеткізушісі болады. Білім беру сапасының көрсеткіштері жақсарады;
2025 жылға қарай PISA тесті деректері бойынша орта мектеп білімінің сапасын бағалау математика бойынша 460-тан 480-ге дейін, оқу бойынша 427-ден 450-ге дейін, ғылым бойынша 456-дан 490-ға дейін болады.

      Реформа еңбек өнімділігінің артуы, экономиканың сапалы даму қажеттіліктерін қанағаттандыратын дағдылардың болуы, тиімді еңбек мүмкіндігі мен жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері арқасында жылдам экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білікті кадрлардың жеткілікті мөлшерін жұмыспен қамту бойынша ұсыныстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Еңбек нарығы бейресми және нәтижесіз жұмыспен қамтудың төмен деңгейі кезінде формалды етудің жоғары дәрежесімен сипатталады.Елдің еңбек ресурстары еңбек нарығы мен экономиканың өзгермелі жағдайына тез бейімделуге қабілеті кәсіби және географиялық тұрғыдан ұтқыр болады. Тиімді жұмыс істеп тұрған еңбек нарығы институттары әрбір қызметкер үшін ең жақсы орын табуға және оның жеке әлеуетінің барынша ашылуына мүмкіндік береді. Жүргізіліп отырған реформа экономикаға аз өнімді жұмыс орындарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық тобын тартуға және 2025 жылы оның үлесін аз қамтылған халықтың 40%-ының кірісін халықтың жалпы табысынан 22, 8%-дан 27%-ға дейін көтере отырып өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан 16%-дан 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

      Шетелдік жоғары білікті мамандарды қысқа мерзімді кезеңде тарту еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал шетелдік профессионалдар үшін нарықтың ашықтығы қазақстандық қызметкерлерге шетелден озық кәсіби тәжірибенің берілуіне ықпал ететін болады.

2-реформа. Технологиялық жаңарту мен цифрландыру

      Реформаның мәні: Реформа қазіргі салалар мен тұтастай экономиканың өнімділігін ұлғайтуға, сондай-ақ оның күрделілігін арттыруға бағытталған. Шығындардың төмендеуі, тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің артуы, салалардың әртараптандырылуы және жоғары өнімді жұмыс орындары санының өсуі негізгі нәтиже болады.

      2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидатты өзгерістер:

      ресурстардың көп мөлшерін тарту есебінен экономикалық өсуден неғұрлым жоғары өнімділік пен ғылымды қажет ету есебінен өсуге;

      өңдеу салаларындағы өнімділікті ұлғайтуға назар аударуданбарлық салаларға қолжетімді технологиялық қайта жарақтандыру мен цифрландыруға;

      Үкіметтің қорғауымен және бақылауымен озық технологияларды дамытудан шетелдік технологиялардытрансферттеу мен бейімдеу және өз технологияларын дамыту үшін орта құруға.

      Алдағы міндеттер

      Реформа алдында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде экономиканың технологиялық жаңаруы мен цифрлануын қамтамасыз ету арқылы өнімділікті арттыру міндеті тұр. Қысқа мерзімді кезеңде реформа бүгінгі экономика мен салаларды технологиялық жаңартуды және цифрландыруды іске қосуға бағытталатын болады, ол неғұрлым ұзақ мерзімді перспективада жаңа жоғары технологиялық, цифрлық экономиканы қалыптастыру үшін негіз жасауға мүмкіндік береді.

      "Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру" басымдығы

      Технологиялық жаңғырту қазіргі кәсіпорындардың өнімділігін арттырады, оларды сыртқы нарықтарда барынша заманауи және бәсекеге қабілетті етеді. Жаңа технологиялар жаңа жоғары өнімді кәсіпорындардың жергілікті стартаптардың,сол сияқты Қазақстан аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың пайда болуының іргетасы болады.

      Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін сақтаумен дамытудың кілті – мемлекет пен бизнестің, оның ішінде ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистикалық инфрақұрылымы, сауда, денсаулық сақтау, білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты басым бағыт салаларындағы бірлескен күш-жігерімен цифрлық құрамдауышты дамыту болып табылады.

      Аталған басымдық шеңберінде мынадай міндеттер:

      болашақ технологияларын дамыту;

      инфрақұрылымды және цифрландыруға арналған заңнаманы дамыту;

      жоғары өнімді технологиялық компанияларды тарту іске асырылатын болады.

      "Болашақ технологияларын дамыту" міндеті

      Өнеркәсіпті одан әрі жаңғыртудың маңызды бағыты – төртінші өнеркәсіп революциясы немесе 4.0 индустриясы деп аталатын элементтер қолданылатын базалық салаларды технологиялық қайта жабдықтау бойынша шаралар кешенін іске асыру. Цифрлық шешімдерді енгізу барлық физикалық активтерді өтпелі цифрландыру және оларды цифрлық экожүйеге интеграциялау негізін құруғамүмкіндік береді,бұл жаппай өндірістен жаппай дараландыруға өту негізін құруға, өндіріс икемділігін арттыруға, жаңа өнімдерді игеру уақытын қысқартуға, логистикалық процестерді жеделдетуге ықпал етеді, ол жаңа бизнес-моделдерді іске асыруға және клиенттермен жұмыс істеудің дараландырылған тәсілін қолдануға мүмкіндік береді. 4.0 индустриясы технологияларын әлемдiк практикада белсенді қолдану салалардағы өнiмдiлiкті 5-8%-ға, ал жекелеген жағдайларда 15 %-ға дейiн (машина жасау) ұлғайтуға алып келеді. 4.0 индустриясының технологиялары өнеркәсіптің капиталды қажет ететін салаларыныңкең базасы бар елдер үшін өте маңызды.

      Салаланың технологиялық даму деңгейін арттыру үшін:

      жаңа отандық технологияларды әзірлеуге және шетелдік технологияларды оқшаулауға, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс/сатып алу арқылы сұраныс жасауға;

      жаңа технологияларды енгізуге қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыруға;

      жаңа технологияларды коммерцияландырумен трансферттеуді қаржылық қолдауға;

      технологиялар сараптамасын, технологиялар бойынша консультациялық қызметтерді және салаларда/секторларда алдынала мақұлданған технологиялық шешімдерді қалыптастыруды қамтитын сараптамалық сүйемелдеуге бағытталған салалардағы тиісті технологиялық саясаттарды айқындап іске асыру қажет.

      Цифрландыруды дамыту үшін нарықтағы ойыншылар тарапынан цифрлық технологияларға сұранысты сындарлы ынталандыру маңызды. Оларды қолдануды мүмкіндігінше тиімді ету үшін жағдайлар жасау қажет, бұл олардың тартымдылығын арттырады. Мысалы, онлайн төлем процестерін жеңілдету электрондық коммерцияны, сондай-ақ салалас салаларды жедел дамыту үшін жағдайлар жасауға көмектеседі: қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығы, цифрлық банктік қызметтер, бизнес үшін ұйымдастырушылық және логистикалық цифрлық шешімдер.

      2.1 "Технологиялық процестерді стандарттау" бастамасы.Күшейіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында стандарттар саясаты елдің ғылыми-техникалық прогресін одан әрі нығайтуға бағытталатын болады. Атап айтқанда, ұлттық стандарттарды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес мерзімді жаңарту, салалық мемлекеттік органдарда стандарттау бойынша жекелеген құрылымдық бөлімшелер құру, заманауи стандарттарды алу және технологиялық құзыреттерді арттыру үшін кәсіпорындарды ынталандыру құралдарын кеңейту, аккредиттелген зертханалар желісін дамыту қамтамасыз етілетін болады. Технологиялық процестер, олардың арасындағы интерфейстер мен хаттамалар (мысалы, RFID, 4G немесе TCP / IP сияқты) стандартталатын болады. Бұл бастама қарапайымдылықты және енгізудің ең аз уақытын қамтамасыз ете отырып 4.0 индустриясыныңзаманауи технологияларын пайдалануға енгізу процесін жеңілдетеді және өнеркәсіптік өндірістің қолданыстағы тізбектеріндегі "ақылды зауыттарды" интеграциялауды жеделдетеді. Бұдан басқа, кәсіпорындарды технологиялық жаңарту және экономиканың базалық салаларында құзыреттерді оқшаулау үшін мемлекеттік тапсырыстың ішкі ресурстары пайдаланылатын болады. Жобалық тәсіл шеңберінде стандарттар, сатып алу, мемлекеттік қолдау шаралары, сараптамалық сүйемелдеу (құзыреттерді арттыру) саясаттарын қоса алғанда, салалардағы технологиялық саясатты іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдар мен даму институттарының функцияларын нақтылау бойынша дәйекті жұмыс жүргізілетін болады.

      2.2 "I4.0 құзыреттер орталығын құру" бастамасы. Инновациялық шешімдерді ауқымды ету, ел бойынша өндірістер арасында 4.0 индустрисы технологияларын сипаттау және тарату үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктер негізінде құзыреттер орталықтары мен пилотты алаңдар құрылатын болады. Аталған орталықтар ірі жергілікті және шетелдік өнеркәсіптік компаниялармен әріптестік шеңберінде ұйымдастырылады және жаңа технологияларды тестілеуге, оларды пайдаланудың практикалық тәжірибесін беруге, қажетті ұйымдастырушылық өзгерістерге арналған алаңға айналады.

      2.3 "Модельді цифрлық фабрикалар құру" бастамасы. МЖӘ негізінде модельдік цифрлық фабрикалар құру жоспарланып отыр, оларда 4.0 индустриясының технологияларын енгізу болжануда және олар өндіріске цифрлық технологияларды енгізудің тиімділігін көрсететін болады.

      2.4 "Компанияларды жабдықтарды жаңартуға ынталандыру" бастамасы.Компанияларды өндірісті жаңғыртуға және жаңа шешімдерді (мысалы, 3D принтерлер, автоматтандырылған дрондар, сенсорлар) сатып алу үшін қажетті жабдықтарды жаңартуға ынталандыру шаралары әзірленіп, енгізіледі. Бұл шаралар қаржылық,сол сияқты қаржылық емес жеңілдіктерді, ақпараттық қолдауды қамтиды. Корпоративтік және өңірлік қайта даярлау, біліктілікті арттыру және өнеркәсіптік кәсіпорындар персоналының жаңа технологияларды игеруі бағдарламаларына қолдау көрсетілетін болады.

      2.5 "Технологиялар трансферін ынталандыру" бастамасы. Мемлекет кәсіпорындармен бірлесіп саланың технологиялық міндеттері мен стратегиялық проблемаларын айқындау бойынша жұмыс жүргізілетін технологиялар трансфері бойынша басым салаларды айқындайды. Білім, құзыреттер мен технологиялар трансферінің мәдениетін дамыту мақсатында өз білімдерін жұмыс берушілер арқылы не өз фирмаларын құру арқылы жергілікті компанияларға және "стартаптарға" беретін шетелдік АТ-да және жоғары технологиялық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтардың пулы тартылатын болады.

      Технологиялар трансферіне қатысты мемлекеттік пен жеке бизнестің өзара байланысы тұрғысында технологиялардыңкері трансферін (reverse technology transfer) дамыту мақсатында шетелде жоғары технологиялық бизнесті сатып алатын қазақстандық компанияларды мемлекеттік қолдау тетігі де көзделетін болады. Әлемдік тәжірибеде дамушы елдердің компаниялары дамыған елдер активтерін сатып алатын көптеген прецеденттер бар.

      2.6 "Технологиялық брокерлерді тарту" бастамасы. Елге заманауи технологиялардың ағынын қамтамасыз ету мақсатында B2B (бизнеске арналған бизнес) форматында технологиялық брокерлік бойынша қызметтердің кең спектрін ұсыну бойынша жұмыс жандандырылып технологиялық брокерлер пулы қалыптастырылады. Технологиялық брокерлердің міндеті кәсіпорындар диагностикасын жүргізу, ынтымақтастық пен трансфер нысаны бойынша консультациялар беру және оқыту, жаңа технологияларды енгізуге қатысты ұсынымдар беру, мамандар мен әріптестерді тарту болып табылады. Кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыру үшін технологиялар трансферінің халықаралық желісіне қосылу арқылы озық технологияларды скаутингі (іздеу) жүргізіледі.

      2.7 "Жобаларға технологиялық сараптама жүргізу" бастамасы. Мемлекеттік бюджеттен қолдау табатын өңдеу өнеркәсібі жобаларына технологиялық сараптама жүргізудің бірыңғай тәсілдері/өлшем шарттары енгізіледі. Өндіріс пен өнімділіктің рентабельділігітөмен қолдау тапқан жобалар үлесі барынша қысқартылады.

      2.8 "Жасыл технологияларды дамыту" бастамасы. Жаңа технологияларды таңдағанда және енгізген кезде шетелде энергиялық тиімді және ақылды деп танылған, климаттық жарамдылығы менэкономикалық тиімділігі Қазақстан жағдайында пайдалануға мүмкіндік беретін технологияларбасым технологияларға айналады. Электр энергетикасында жаңа генерациялау қуат көздері оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілер енгізіледі, бұл электр энергиясына өсіп келе жатқан сұраныспен ескі электр станцияларын пайдаланудан шығаруға аясында өзекті болып табылады.

      Заманауи стандарттарды енгізу, энергия тиімділігін арттыру және энергия генерациялайтын станциялардың пайдалану шығындарын төмендету "Жасыл технологияларды" енгізудің негізгі факторларына айналады.

      Бұл үшін ішкі және халықаралық қаржылардың жеткілікті көлемі жұмылдырылып, қажетті инвестицияларға қолдау көрсетуге бағытталған қаржылық қызметтер құрылатын болады.

      Жасыл жобаларды қаржыландыру бойынша жаңа құралдар (атап айтқанда "жасыл" облигациялар шығарылымы) АХҚО базасында құрылатын болады.

      Қазақстанның технологиялар трансферті жөніндегі бастамасын іске асыру жалғасатын болады – "Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасы және оның қисынды жалғасы ретінде энергетикалық секторды трансформациялауға "жасыл" бизнеске көшуге, "жасыл" технологиялар мен үздік практикаларды беруге және бейімдеуге және "жасыл" қаржыларды дамытуға қолдау көрсететін "Жасыл" технологиялар және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық (бұдан әрі – ЖTХО) құрылатын болады.

      "Инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру үшін кедергілерді жою" міндеті

      Экономиканы цифрландыруды дамыту үшін телекоммуникациялар құралдарының қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету қажет. Желімен қамту және оған қол жеткізу сапасы, өткізу қабілеті ұлғайтылып, заңнамалық және әкімшілік кедергілер азайтылатын болады.

      2.9 "Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту" бастамасы. Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру бойынша жағдайлар жасау үшін сенімді, қолжетімді және қауіпсіз цифрлық инфрақұрылымды дамыту жалғасатын болады. Ауылдардың цифрлық теңсіздігін төмендету мақсатында неғұрлым перспективалы 1 227 ауылдық елді мекен үшін Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа, халықтың 95%-ы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілетін болады.

      2.10 "Технологияларды дамыту үшін заңнамалық жағдайларды қамтамасыз ету" бастамасы.Неғұрлым қолайлы технологияларды пайдалануды стандарттау және өнертабыстар мен шешімдерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету сияқты болашақ технологияларды дамытуды және экономиканы цифрландыруды ынталандыруға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер қабылданатын болады.

      2.11 "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым жасау" бастамасы.Интернеттің қазақстандық сегментіндегі ақпараттық қауіпсіздікті бұзуға байланысты оқиғаларға ден қою мәселелері бойынша үйлестіру жүзеге асырылатын болады. Зиянды кодты зерттеу зертханасы, ақпараттық қауіпсіздік заттарын зерттеу зертханасы, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сынақ зертханасы жарақтандырылатын болады. Киберқауіпсіздікті бұзуға байланысты оқиғаларға мониторингті жүзеге асыру және оларға ден қою үшін мемлекеттік органдар шеңберінде, сол сияқты мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар арасындағы әріптестік шеңберінде қажетті құрылымдар (мысалы, бейіндік қауымдастықтар арқылы) құрылады немесе күшейтіледі. Қазақстан ақпаратты беру және сақтау стандарттарды айқындау бойынша киберқауіпсіздік мәселелеріндегі халықаралық процестердің қатысушысы болады. Азаматтардың ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болуы арттырылатын болады, мектептерде
АКТ-ні қауіпсіз пайдалану негіздеріне оқыту енгізілетін болады.

      "Өнімділігі жоғары технологиялық компанияларды тарту" міндеті

      Өнімділігі жоғары технологиялық компаниялар болашақ экономиканың негізіне айналуға болуы тиіс. Бұл үшін меншікті инновациялық компаниялардың пайда болуына және дамуына, сондай-ақ жоғары технологиялық шетелдік компаниялардыжергіліктендіру үшін жағдайлар жасау қажет.

      2.12 "Жоғары өнімді технологиялық компанияларды оқшаулау" бастамасы. Трансұлттық және жоғары технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты нақты жолға қою қамтамасыз етіліп,және оларды Қазақстанға тарту үшін жағдайлар жасалатын болады.

      Шетелдік инвесторлар үшін ұлттық және өңірлік деңгейлерде барлық қолданыстағы инвестициялық қолдау шаралары туралы шет тілдеріндегі ақпаратқа қолжетімділік жақсартылатын болады. Қолдау шаралары бірінші кезекте технологияларды дамыту деңгейі жоғары және өнімділігі жоғары компанияларға, сондай-ақ жасыл технологияларды ілгерілетуші компанияларға беріледі (шикізатпен айналыспайтын компанияларға басымдық беріледі). Бұл ретте қолдау шараларына оңтайландыру жүргізіледі, тиімсіз шаралар жойылады, мемлекеттік органдар мен салалық даму институттары рөлдерінің аражігі ажыратылып нақтыланады.

      Қазақстан аумағында шетелдік компаниялардыжергіліктендіру кезінде компания жұмысы шеңберінде,сол сияқты жергілікті білім беру бағдарламаларына қатысқан жағдайда да жергілікті қызметкерлерді оқытқаныүшін компанияларға бөлінетін жеңілдіктер жүйесі әзірленіп енгізілетін болады.

      Инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі саясат өнімділігіжоғары технологиялық компанияларға қолданылатын болады.

      2.13 "Жергіліктендірілген компаниялардың өзара байланысын қамтамасыз ету" бастамасы.Жергіліктендірілген компаниялар арасындағы өзара іс-қимылдың ыңғайлылығы үшін олар, мүмкіндігінше, арнайы экономикалық аумақтарда (бұдан әрі – АЭА) және индустриялық аймақтарда (бұдан әрі – ИА) орналасатын болады. Осы мақсатта АЭА және ИА инфрақұрылымның құрылысы аяқталатын болады. ИА құрылысының тетігі мен МЖӘ қағидаты бойынша индустриялық парктер қосымша дамитын болады. Сондай-ақ басқару тиімділігі арттады. ИА басқару үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жергілікті және шетелдін ұйымдарды тарта отырып басқарушы компаниялар құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, АЭА және ИА регламенттейтін заңнама елеулі жетілдірілетінзаң әзірленуде. Осы бастаманы іске асыру инновациялық кластерлер қатысушыларына технологиялық шешімдерді тестілеу және енгізу, технологиялық платформаларды орналастыру, құзыреттер орталықтарын, моделдік өндірістерді, инкубаторларды құру, сондай-ақ экономиканың дәстүрлі, сол сияқты жаңа секторларындағы жобаларды бірлесіп іске асыру үшін консалтингтік қызметтер көрсету үшін бірыңғай жүйеге бірігуге мүмкіндік береді.

      "Жаңа экономика үшін негіз құру" басымдығы

      Жаңа экономиканы дамыту экономиканы қажетті жаңа технологиялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үздіксіз инновация процесін талап етеді. Ол үшін инновацияларға сұраныс қалыптастыруға жағдай жасау, атап айтқанда корпоративтік сектор басшыларының жаңа технологияларды енгізуге қызығушылығын арттыратын жағдай жасау қажет.

      Инновациялық даму қолданбалы және іргелі сипаттағы ғылыми-зерттеу қызметін үнемі жетілдіруді талап етеді. Бұл ретте қолданбалы зерттеулер бизнестің айқын қажеттіліктеріне сәйкес келіп, ал іргелі зерттеулердің нәтижелері жаңа технологияларды әзірлеу үшін негіз болуға тиіс. Отандық ғылыми қоғамдастықты халықаралық ғылыми ортаға қосу арқылы оны интернационалдандыру қажет. Қазақстандық зерттеу ұйымдарының шетелдік ҒЗИ-лармен барынша жоғары кооперациясы және шетелдік ғалымдарды тарту елімізге жаһандық зерттеу ортасына жылдам енуге мүмкіндік береді.

      Бұл басымдықтың шеңберінде мынадай міндеттер іске асырылатын болады:

      "цифрлық адамдарды" дамыту;

      инновацияларды ынталандыру;

      ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту.

      "Цифрлық адамдарды" дамыту" міндеті

      Цифрландыруды тарату үшін экономиканы мамандар және басқарушылар сияқты кадрлармен қамтамасыз ету керек. Қажетті дағдылар мен құзыреттерді жедел дамыту үшін алдыңғы қатардағы мамандардың айтарлықтай бөлігі шетелде және Қазақстан аумағында халықаралық орталықтар мен ұйымдарда дайындалатын болады.

      Азаматтарға цифрлық технологияның артықшылықтарын түсіндіріп, күнделікті өмірлерінде оларды қолдануға үйретіп, халық тарапынан оларға сұранысты қамтамасыз ету маңызды, бұл цифрлық өнімдер мен шешімдерге сұранысты жедел дамытуға мүмкіндік береді.

      2.14 "Экономика салаларын АКТ саласындағы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету" бастамасы.Бүгінгі таңдағы аса маңызды міндеттердің бірі экономиканың нақты салалары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау болып табылады. Заманауи цифрлық құзыреттерді қалыптастыру үшін колледждер мен жоғары оқу орындары ірі кәсіпорындармен әріптестікте шетелдік жоғары оқу орындарын және трансұлттық компанияларды тарта отырып, ІТ-мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. Цифрлық технологияларды ескере отырып, оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады. Астана қаласында кампустары бар халықаралық ІТ университетін және басқа да университеттерді ашу мәселесі пысықталады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік бойынша тиісті мамандықтарға абитуриенттерді тарту үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мамандар даярлауға грант бөлу көзделген.

      2.15 "Азаматтардың цифрлық технологияларды қолдануын ынталандыру" бастамасы. Цифрлық сауаттылықты арттыру үшін халықтың барлық санаттарын базалық және практикалық цифрлық дағдыларға оқыту процесі ұйымдастырылатын болады. Бұл бастама бастауыштан бастап кәсіби деңгейге дейінгі білім берудің барлық кезеңдерін қамтиды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне ерекше назар аударылатын болады, олардың цифрлық сауаттылығын және өнімділігін арттыру мақсатында жеңілдік шарттарымен АКТ көрсетілетін қызметтерінің базалық топтамасының құрамы айқындалатын болады. Бұл бастама күнделікті және кәсіби өмірде цифрлық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолданатын цифрлық және креативті қоғам құру үшін бағдар болады.

      "Инновацияларды ынталандыру" міндеті

      Технологияларды ұзақ мерзімді дамыту үшін қазақстандық компаниялар шетелден жаңа шешімдер мен мамандарды импорттап қана қоймай, сонымен қатар өздерінің технологиялық әзірлемелерін, оның ішінде әлемге танымал шешімдерді ел нарығының ерекшеліктеріне бейімдеуге бағытталған технологиялық әзірлемелерін жасаулары қажет. Бұл үшін жаңа және цифрлық технологияларды жеңілдету және оларға салынатын инвестицияларды анағұрлым тартымды ету мақсатында инновацияларды коммерцияландырудың толыққанды инновациялық экожүйесі керек және кәсіпорындардың инновациялық қызметке қатысуын ынталандыру қажет. Бұл міндетті іске асырудағы маңызды нәтижелердің бірі ел аумағында технологиялық стартаптардың танымалдығын және санын арттыру болады.

      2.16 "Инновациялық экожүйені дамыту және инновациялық бизнесті дамыту" бастамасы. Жаңа отандық инновациялық кәсіпорындардың (стартаптардың) пайда болуын қамтамасыз ету үшін инновациялық экожүйені дамыту жалғастырылады. Бірыңғай саясатты және идеяны іске асырудан бастап бизнес-модельді ауқымды етуге дейін толық циклды қалыптастыру мақсатында қазіргі уақытта шашыраңқы жұмыс істейтін инновациялар жүйесінің негізгі қатысушылары (Білім және ғылым, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика министрліктері, салалық министрліктер) арасында байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық кеңейтіледі.

      Жобаларды ілгерілету үшін бастапқы кезеңдерде міндеті технологиямен байланысты бизнесті жеке инвестициялар үшін тартымды деңгейге дейін жеткізу болып табылатын коммерцияландыру офистері мен бизнес инкубаторлар желісі кеңейтіліп, жаңғыртылады. Бизнес-инкубаторлар жаңа форматта, оның ішінде жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса отырып жұмыс істейді, бұл ретте стартаптарға консультациялық және тәлімгерлік көрсетілетін қызметтердің кең ауқымы ұсынылатын болады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер білім алудан бастап бизнес-жоспарлар мен жобаларды іске асыруға дейін толық даму жолынан өте алады.

      Осыған байланысты тікелей бизнес-инкубаторларды,индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін,сол сияқты олардың резиденттерін де қолдауды көздейтін бизнес-инкубациялау жүйесін дамыту бағдарламасы іске қосылады. Жоғары технологиялық стартаптарға өндірістік алаңдар түрінде, оның ішінде жұмыс істеп тұрған өндірістер базасында сервистік қолдау көрсетіледі. Стартаптар бизнес-инкубаторларда тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге, тәжірибелік үлгілер, прототиптер немесе пайдалы модельдер құруға, өз өнімдерінің аз сериялы топтамасын шығаруға мүмкіндік алады. Бұл стартаптарға өздерінің ауқаттылығын және өз әзірлемесінің өткізілетінін дәлелдеуге, сатуды және өндірістіауқымды етуді бастауға нақты мүмкіндіктер береді. Зерттеулер мен инновацияларға инвестиция салатын компанияларды дамыту үшін жерді сатып алу немесе жеңілдік шарттарымен жалға алу мүмкіндігі беріледі.

      Жоғары технологиялық бизнестің сындарлы массасын ұлғайту мақсатында технологиялар мен инновациялар саласында неғұрлым талантты мамандарды тарту есебінен Қазақстанда "Стартап Қазақстан" бастамасын іске асыру жалғастырылады. Бағдарлама халықаралық венчурлық қорларды және стартаптарды дайындау (акселерациялау) бағдарламаларын тарту арқылы жүзеге асырылады. Әріптестік желісі АҚШ, Еуропа, ТМД елдері мен Азияның жетекші инкубаторлары мен қорларын қамтиды.

      2.17 "Инновациялық жобалар мен кәсіпорындарды қаржыландыру жүйесін дамыту" бастамасы. Инновациялық жобалар мен стартаптарды қаржыландыру жоғары тәуекелмен байланысты бизнестің жеке саласы болып табылады және ерекше заңнамалық және саяси қолдау шараларын қабылдауды талап етеді. Осы себепті инновациялық гранттар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетуді және тәуекелді жеке қаржыландыруды тарту үшін жағдай жасауды қамтитын инновациялық жобалар мен стартаптарды қаржыландырудың кешенді жүйесін енгізу қамтамасыз етіледі. Инновациялық жобалар мен стартаптардың жоғары тәуекелін ескере отырып, халықаралық практикаға сәйкес оларды бақылау және бюджеттік қаржыландырудың тиімділігі жеке жобалар бөлінісінде емес, жалпы инвестициялық портфель шеңберінде қаралуға тиіс.

      Инновациялық гранттарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі жетілдіріледі. Инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін, бағалау тәсілдері әзірленетін және/немесе өзгертілетін болады, халықаралық үздік практикаға негізделген және венчурлық инвестициялау нарығына қатысушылардың белсенділігін ынталандыруға, осы салаға жеке капитал тартуға, инвестор мен кәсіпкердің өзара іс-қимыл жасау тетіктерін жетілдіруге бағытталған венчурлық қорларды ұйымдастырудың тиімді жүйесі енгізіледі.

      Жеке тәуекелді қаржыландыруды тарту және жас компаниялар мен инноваторлар үшін бастапқы жағдайлар жасау үшін ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы базасында Astana International Smart Technologies Hub халықаралық технологиялық хабы құрылады. Бұл, бір жағынан, стартаптарға венчурлық инвесторларды, адал бизнесті, жеке инвестициялар қорлары мен басқа инвесторларды және екінші жағынан, өз идеяларын коммерцияландыру үшін қаражат іздейтін бүкіл әлемнің стартаптарын және инноваторларын тартуға арналған бірегей алаң болмақ. Хабтың тиімді жұмыс істеуі және оның барлық қатысушылары арасында өзара іс-қимыл жасау үшін қолдау құралдары айқындалады, тиісті технологиялық инфрақұрылым, жаңа іске салынған инвестициялар қоры және инвесторлармен идея алмасу және кездесулер өткізу үшін әлеуметтік инфрақұрылым жасалады. Сондай-ақ идеяларды пысықтауда және тестілеуде стартаптар мен инноваторларға әріптес болатын Назарбаев Университетінің жанындағы ғылыми паркпен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Осы саладағы үздік әлемдік практикаларды қолдану тәжірибесі бар мамандар хабты басқаруға тартылады. Хабты басқаруда және оның жұмыс істеуінде Үкіметтің рөлі аз болады.

      2.18 "Кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыру" бастамасы. Компаниялардың инновациялық өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді әзірлеуге және жаңа технологияларды енгізуге қызығушылығын арттыру ынталандырылатын болады. Кәсіпорындар үшін ҒЗТКЖ мен инновацияларды ұзақ мерзімді инвестициялаудың перспективалары мен артықшылықтарын көздейтін жағдайлар заңнамалық деңгейде жасалады. Салық заңнамасына Фраскати Басшылығына сәйкес ҒЗТКЖ анықтамасын қайта қарау; ҒЗТКЖ-ға байланысты күрделі шығыстарды шегеру; сәтсіз инновациялар жағдайында шегерімге қатысты қағидаларды (патент алу туралы талап және мұндай болмаған жағдайда салық субсидияларын қайтару туралы талап) және қолайлы шығындардың тізбесін (негізгі қызметі ҒЗТКЖ болып табылмайтын компаниялар үшін ҒЗТКЖ-ға арналған шығындар) қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Квазимемлекеттік секторда басшыларды уәждеу жүйесі инновациялық қызметті (ҒЗТКЖ жүргізу және жаңа технологияларды енгізу) жүргізуге қайта бағдарланатын болады, тиісті міндеттер мен
ТНК айқындалады.

      Заманауи технологиялар импортын одан әрі дамыту мақсатында инновациялық шешімдердің шетелдік өндірушілерімен әріптестікке жәрдемдесу бойынша шаралар әзірленеді және енгізіледі.

      "Ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту" міндеті

      Қолданыстағы ғылыми зерттеулер жүйесі технологиялық жаңғыртуды белсенді қолдауға қайта бағдарланады. Әлемдік үрдістерді ескере отырып, цифрландыру, жасанды интеллект, нейрожелілер, заттар интернеті, ғарыш ғылымдары, дағдарыстарды болжау (су дағдарысы, өңірдегі соғыстар)сияқты неғұрлым өзекті тақырыптар бойынша ғылыми жобаларды өткізу және қаржыландыру қажет. Ол үшін ғылыми және/немесе ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру бойынша жобаларды жеке бірлесіп қаржыландыру көлемін 50%-ға арттыру қажет.

      Экономика мен индустрияның қажеттіліктері ғылым дамуының басты драйверіне айналуда. Өз кезегінде мемлекет ғылыми-зерттеу жобаларына гранттар беру және ҒҒТҚН коммерцияландыру кезінде ғылымды бірлесіп қаржыландыру тетігі арқылы өндіріспен байланысқа бағдарлайды.

      2.19 "Адами капиталға басты назар аудару және жас ғалымдарды қолдау" бастамасы.Болашақ ұлт ұзақ мерзімді перспективада талап етілетін дағдылар мен білімге ие болуға тиіс. Жастарды ғылымда, технологияларда, қоғамдық құрылыста болып жатқан және алдағы уақытта болатын өзгерістер үрдісіне бағдарлау қажет. Алайда, жас көшбасшы ғалымдардың болмауы жаңа бағыттарға ден қоюдың баяулауына алып келуде. Сондықтан, жас ғалымдарды қолдау гранттық қаржыландыру үшін өткізілетін конкурстар шеңберінде, сондай-ақ тікелей ЖОО мен ғылыми ұйымдар ішінде жүзеге асырылатындағы маңызды. Барлық кезеңдерде жас ғалымдарды белсенді қолдау PhD-ге және тағылымдамаларға гранттар санын ұлғайту, жас ғалымдар топтары үшін ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыру үшін шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылады.

      Жастарды ғылымға белсенді тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығы құрылады, ал ғылымды жалпыға танымал ету және жас ғалымдар санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіледі, ғылыми-танымал журналдар шығарылады және ғалым мамандығы имиджін барынша насихаттау жүзеге асырылады.

      2.20 "Қазақстандық ғылымды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялау. Ағылшын тіліне толығымен көшу" бастамасы. Қазақстан ғылымы халықаралық ғылыми қоғамдастықтан оқшауланған, оның дәлелі – сілтемеде пайдаланудың төмендігі. Қазақстандық журналдар көп жағдайда халықаралық ғылым тілі – ағылшын тіліне аударылмайды. Аталған бастама шеңберінде қазақстандық ғалымдардың Қазақстан үшін маңызы бар халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу пайызы артады. Қазақстан ғылымының жұмыс тілі ағылшын тілі болады. Міндетті түрде қазақ және ағылшын тілдерінде нұсқалары бар 3-4 ғылыми-танымал бұқаралық журналды немесе интернет-басылымдарды дамыту арқылы отандық ғылымды әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау бойынша жұмыс жалғасады. Ірі ғылыми базалармен толықтырылатын 6-8 ағылшын тіліндегі қазақстандық ғылыми журнал шығарылады. Жоғары оқу орнында ғылымды дамытуға басты назар аударылады.

      Қазақстан ғылымын халықаралық интеграциялау:

      CERN, NASA, NSF, ESF (European Science Foundation), Helmholtz Association (Германия), Вашингтондағы Карнеги институты, Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МФГАТЭ) және басқа жобаларға қатысушы мәртебесін алу;

      Human Brain Project және The Human Genome Project мегажобаларына қатысу;

      Shell, Total, Кремний даласы, Google өкілдерімен зерттеу жобаларын бірлесіп іске асыру;

      Scopus, Elsevier, Euromonitor және басқалардың халықаралық деректер базаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      Ислам елдері ұйымының ғылыми қорын дамыту;

      жас ғалымдарды Қытай ұлттық жаратылыстану ғылымдары қорының, Еуропалық одақтың ғылыми орталықтарының жобаларына оқыту және қатыстыру есебінен жүзеге асырылады.

      Қазақстан халықаралық ғылыми ұйымдардың барынша көп штаб-пәтерлерін тартатын өңірлік ғылыми хабқа айналуға тиіс.

      2025 жылға қарай Қазақстанның кемінде 10-15 ғалымы халықаралық ғылыми жобаларға қатысады, ал бірлескен халықаралық жобалар саны 2-3 есе ұлғаяды.

      2.21 "Ғылыми беделді қайта іске қосу" бастамасы. Бүгінде Қазақстанда бедел тетіктері жұмыс істемейді, олардың орнына әлі күнге дейін төрешілдік сипатқа ие, формальды, ғылымға тән емес бақылау құралдары қолданылады. Бұл жағдайда ғалымдар жұмысының тиімділігін бағалау кезінде ғылымдыкөп қажет ететін параметрлерді енгізу ең үздік құрал болып табылады.

      2.22 "Ғылыми өсу үшін қолайлы орта. Ғылымды тұрақты дамыту" бастамасы. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен ғылымды қаржыландыруды 2025 жылға қарай 1%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарын жандандырған жөн.

      Ғылыми әзірлемелердің нарыққа шығуын және бизнестің ғылымға қатысуын ынталандыру мақсатында қазақстандық әзірлемелерді коммерцияландыруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін салық преференциялары мен жеңілдіктері, оның ішінде ҚҚС бойынша жеңілдіктер көзделеді.

      Салалардың, секторлардың және кәсіпорындардың ғылым арқылы ілгерілейтін экономикаға көшуі үшін қажет (ғылымды көп қажет ететін экономика) барлық факторлармен ресурстарға аса назар аудару қажет. Айталық, жер қойнауын пайдаланушылардың ЖЖК 1 % ҒЗТКЖ бөлу практикасы "Ғылым қоры" АҚ қаржыландыратын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына қатысты да қолданылады.

      Осыдан бөлек, ғылыми әзірлемелер нәтижелерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін қолданыстағы тетіктер мен процестерді жетілдіру, оның ішінде ғылымды үш жылдық бюджеттеуге көшу (үш жылдық шарттар жасау) бойынша жүйелі мәселелер шешіледі. Бұл ғылыми процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, ғалымдардың жалақысы жөніндегі мәселені шешуге мүмкіндік береді, ғылыми нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді, төрешілдік және әкімшілік кедергілерді төмендетеді, тұтастай алғанда ҒҒТҚН коммерцияландыру жөніндегі мемлекеттік бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін арттырады.

      Базалық қаржыландыру көлемі ғылыми ұйымдар мен ғылыми ұжымдардың нәтижелілік көрсеткіштерімен байланыстырылады. Жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ең үздік ғылыми ұжымдар үшін бәсекеге түседі, сондай-ақ лайықты инфрақұрылымды қамтамасыз етуге уәждейтін болады. Базалық қаржыландырумен бірге ғылыми ұйымды инфрақұрылымдық дамыту гранттарды тарту қаражаты есебінен қолдау табады. Грант саны неғұрлым көбірек тартылған сайын, университеттің немесе ғылыми ұйымның инфрақұрылымына соғұрлым жоғары пайыз аударылады.

      Сарапшылардың құпиялылығын сақтай отырып, жобаларға ашық және жария сараптама жүргізу қамтамасыз етіледі.

      "Ғылым қоры" АҚ "іргелі зерттеулер – қолданбалы зерттеулер – ҒҒТҚН коммерцияландыру" тізбегін сүйемелдейді. "Ғылым қоры" АҚ базасында бірыңғай үйлестіру орталығымен бірге аумақтық білімді генерациялау және коммерцияландыру орталықтары құрылады.

      Ғылыми зерттеулердің заманауи инфрақұрылымы жасалады – жетекші жоғары оқу орындарының жанындағы инжиниринг орталықтары, сондай-ақ технологиялық дамудың негізгі бағыттары бойынша 2025 жылға қарай ұлттық зерттеу орталықтарының (зертханалардың) дамыған жүйесі пайда болады. Осылайша, зерттеулер жүргізу үшін "ғылыми қалалар" жүйесі құрылады және халықаралық зерттеушілер топтарын тарту үшін ең жаңа инфрақұрылымға барынша үлес қосу қамтамасыз етіледі.

      2.23 "Жоғары технологиялық өндірісте ғылыми әзірлемелердің талап етілуі" бастамасы. Ғылым дамуының басты драйвері экономика және индустрия қажеттіліктері болып табылады. Бірлесіп қаржыландыру қағидаттарында гранттарды іске асыру өндірістік консорциумдар санын арттыру; Falling Walls Lab,  K-Startup Grand Challenge және басқа да конкурстарға қатысу есебінен ғылыми жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту; іргелі және гуманитарлық зерттеулерді бірлесіп қаржыландыру қағидаттарына біртіндеп көшіру; жеке инвестицияларды тарта отырып қана, коммерцияландыру жобаларын іске асыру; "Горизонт 2020", "Фольксваген қоры" және басқа халықаралық бағдарламаларға қатысу есебінен шетелдік инвестицияларды тарту; ТҰК-пен ғылыми жобаларды бірлесіп іске асыру; жоғары оқу орындарының жанындағы коммерцияландыру офистері желісін дамыту және олардың қызметін өзектілендіру арқылы жүзеге асырылады. Жобаларды іске асыру кезінде ғылымның өңірлік өнеркәсіп алыптарымен және жүйе құраушы кәсіпорындармен өзара іс-қимылын ретке келтіру бойынша жұмыс жалғасады.

      2.24 "Ғылымның бизнес-процестерін цифрландыру" бастамасы. Ғылымның бизнес-процестерін толық цифрландыру шеңберінде ғылым бойынша ұлттық ақпараттық жүйе енгізіледі, ол мемлекеттік қолдаудың барлық түрлерін, барлық жобалар мен бағдарламаларды, олардың орындаушыларын және нәтижелерін, сондай-ақ ғылыми инфрақұрылым, материалдық-техникалық база туралы инфрақұрылымды қоса алғанда, өзекті ғылыми-техникалық ақпаратты көрсететін болады. Жүйе ғылыми салалар, өңірлер, мекемелер бөлінісінде ғылымның дамуын онлайн талдауды; авторлық құқықтарды сақтай отырып, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне және диссертацияларға онлайн қолжетімділік ұсынуды; нақты уақыт режимінде ғылыми-техникалық дамудың есептерін, статистикасын, талдауын және басқа көрсеткіштерін онлайн генерациялауды; гранттық және нысаналы бағдарламалық қаржыландыруға өтінімдер беруді толық автоматтандыруды; нақты уақыт режимінде ұлттық R&D жобаларды басқаруды; ғылыми-техникалық ақпарат жүйесінің мобильді көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етеді.

      Күтілетін нәтижелер

      Цифрлық бастамаларды және инновациялық, ғылымды қажет ететін даму бастамаларын іске асыру қосымша құнды жасау мен экономикадағы шығасыларды қысқартудың елеулі әлеуетіне ие, бұл 2025 жылдан бастап елдің ЖІӨ-нің жылына 5-6% деңгейінде өсу қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл ретте 1,7%-2,2%, яғни шамамен 30%-40% цифрландыруға ғана тиесілі болады.

      2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының ЖІӨ-дегі онлайн экономиканың үлесі ағымдағы 0,2%-дан кемінде 2,3%-ға дейін өсуге тиіс. ҒЗТКЖ шығындары бұл ретте ЖІӨ-нің 1%-ға дейін артады.

      Нәтижесінде, барлық салалар, әсіресе шикізаттық емес салалар сыртқы және ішкі нарықтардағы өнімдермен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын төмендетіп, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады, сондай-ақ өндіріс көлемін арттыру үшін ресурстарды босата алады. Зияткерлік меншікті сатудан түсетін кіріс 2025 жылға қарай біртіндеп 25%-ға дейін артады.

      Қазақстан Республикасының бүкіл халқы, бизнесі және мемлекеттік органдары, реформаның бенефициары болады, өйткені ол тыныс-тіршіліктің барлық салаларын қамтиды және мемлекеттің әрбір азаматы мен тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Реформа
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс істейтін мамандардың пайдасына жұмыспен қамту құрылымында елеулі өзгерістер әкелуге тиіс.

      Бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижесі 2022 жылға қарай Қазақстанның халықаралық цифрландыру индексіндегі (БҰҰ АКТ даму индексі) 30 елдің қатарына және 2025 жылға қарай алғашқы 25 елдің қатарына кіруін жеделдетеді.

      ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2008 жылғы деңгейге қарағанда 40%-ға дейін төмендету отандық өнімдердің өзіндік құнын тиісінше төмендетуге және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, энергияны көп қажет етпейтін өндірістер құруға, өнеркәсіптің, энергетиканың, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың негізгі құралдарын жаңғыртуға, энергия ресурстарын тиімді пайдалануға, бюджеттік ұйымдардың энергетикалық ресурстарға жұмсайтын шығыстарын төмендетуге алып келеді. ЖЭК-тен энергия өндіру көлемінің бірте-бірте өсуі (2025 жылға қарай 6%) Қазақстанда қоршаған ортаның ластану деңгейін азайтуға және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

      Экономикалық әсер мен бәсекеге қабілеттіліктің өсуіне қол жеткізуден басқа цифрландыру бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік салаларға оң әсерін тигізеді. Мұндай бастамалар қысқа мерзімді перспективада инвестициялардан тікелей қайтарымдарды болжамайды, бірақ олар елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызды (мысалы, білім беруді дамыту), сондай-ақ мемлекет рөлінің квинтэссенциясы ретінде (денсаулық сақтауды, электрондық үкіметті, "Ақылды қалаларды" дамыту) қажет. Осындай бастамалардың жиынтық әсері тұрақты әсерге ие және бірнеше жылдар өткеннен кейін ғана толық көрінеді. 2025 жылға қарай білім берудің, денсаулық сақтаудың және инвестициялық ортаның сапалы дамуының әсері басталады деп күтілуде.

3-реформа. Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес

      Реформаның мәні: Реформа мемлекеттің және мемлекеттік монополиялардың рөлін қысқартуға, бизнесті жүргізудегі кедергілерді төмендетуге, жеке кәсіпорындардың, әсіресе орта кәсіпорындардың өсуін ынталандыруға бағытталған. Негізгі нәтижелер бәсекелес ортаны дамыту, жеке секторды және кәсіпкерлік бастаманы жандандыру, шикізаттық емес экспорттың өсуі болып табылады.

      2025 жылға қарай Қазақстан үшін түбегейлі өзгерістер:

      мемлекет иелігінен алу жөніндегі бағдарламаны шектеулі
қамтудан – бағдарламаны қамтуды кеңейту, оның ішінде МЖӘ құралдары есебінен кеңейтуге;

      тізім бойынша мемлекеттік активтерді сатудың "сандық"
міндетінен – компанияларды таңдаудың және жекешелендіру бағдарламасының табыстылығын бағалаудың құрылымданған жүйесіне;

      жеке бизнес үшін күшейтілген әкімшілік бақылаудан және кедергілердің болуынан – қызметті қысқартуға және жеңілдетуге, әкімшілік бақылау деңгейін және кедергілер санын төмендетуге;

      төрелік ету мүмкіндігі бар салық жүйесінен – кәсіпорындар мен инвестициялардың өсуін ынталандыратын салық жүйесінің тұрақтылығына;

      экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шектелген көлемінен – халықаралық сападағы экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әртараптандырылған құрылымына.

      Алдағы міндеттер

      Дамудың жаңа кезеңінде жеке бизнес экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші және жаңа жұмыс орындарының пайда болуының негізіне айналуға тиіс, ал бәсекелестік өнімділік пен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін ынтаны қалыптастыратын болады.

      Бәсекелестіктің және бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру үшін мемлекеттің экономикадағы рөлін қайта қарау, ішкі нарықта жеке сектордың өсуіне жағдай жасауды қамтамасыз ету және бизнесті халықаралық нарықтарға одан әрі экспанциялау қажет. Осы міндеттерді шешу үшін мемлекеттің экономикадағы ағымдағы рөлін оны ішінара төмендету және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету арқылы өзгерту өте маңызды. Бұл жекешелендіру жүргізудің тиімді және сараланған процесінің, оның ішінде бағдарламаның мақсаттары мен объектілерін нақты айқындаумен, мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің және МЖӘ құралдарын пайдалануды кеңейтудің арқасында мүмкін болады.

      Кәсіпорындарды дамытуды ынталандыру мақсатында бизнес ашуды, жүргізуді және жабуды жеңілдету, үздік практикалар мен салалық стандарттарды ілгерілету бойынша жұмыс жалғасады, барлық бизнес субъектілерін қаржылық емес сапалы қолдау (бірінші кезекте консультациялық және ақпараттық) қамтамасыз етіледі.

      Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың қажетті көзі компаниялардың, атап айтқанда басқа салаларға көрсетілетін қызметтерді немесе аралық өнімдерді ұсынатын компаниялардың, мысалы барлық қалған салалардың бәсекеге қабілеттілігіне мультипликативті әсер ететін табиғи монополиялардың ішкі бизнес-процестерін оңтайландыру болады.

      Жеке бизнесті халықаралық нарықтарға, оның ішінде қаржылық емес қолдау шаралары мен экспортқа бағдарланған қызметтерді ілгерілету есебінен экспанциялау оның өсуінің табиғи жалғасы болады.

      "Мемлекеттің экономикадағы рөлін өзгерту" басымдығы

      Бес институционалдық реформа шеңберінде мемлекеттік меншік үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-нің 15 %-ына дейін төмендету бойынша мақсат айқындалды. Бұл мақсат бизнес үшін, оның өзін-өзі дамытуы және елде адал бәсекелестік құру үшін кеңістік ашуға бағытталған.

      Одан әрі жекешелендіру, МЖӘ құралдарын дамыту, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметінің түрлерін қысқарту, қайта реттеу, әкімшілік кедергілер мен қысымды төмендету бәсекелес экономиканың қалыптасуына және жеке бизнестің дамуына жәрдемдеседі.

      Осыған байланысты осы басымдық шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:

      жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру;

      жеке бизнесті МЖӘ құралдарын қолдануға тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      мемлекеттік функцияларды беру және қайта реттеуді оңтайландыру.

      "Жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру" міндеті

      Мемлекет экономиканың бәсекелі орта құруға болатын секторларынан толығымен шығады. Аталған міндет шеңберінде жекешелендіру бағдарламасына қатысты тәсіл қайта қаралады, рәсімдер жеңілдетіледі, компанияларды таңдау үшін нақты қағидаттар белгіленеді және активтерді бәсекелі ортаға берудің ықтимал әдістері кеңейтіледі. Жекешелендіру процесі тұрақты болады және мемлекет қатысатын тиімсіз компанияларды таратуға, сондай-ақ бәсекелі ортада жұмыс істейтін кәсіпорындарды жеке секторға беруге бағытталады.

      3.1 "Тұрақты жұмыс істейтін процесс ретінде жекешелендіру" бастамасы. Жекешелендіру бағдарламасы үшін кәсіпорындарды таңдау елдің стратегиялық даму, ұлттық қауіпсіздік мақсаттарын, мемлекеттің экономикаға қатысу негіздемесін және мерзімдерін, саладағы бәсекелестік дәрежесін, компанияның инвестициялық тартымдылығын, кәсіпорынды басқарудың әлеуметтік маңызын, тиімділігін және өзге де өлшемшарттарды негізге ала отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын тауар нарығын талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор объектілері Yellow Pages қағидатына сәйкес кейіннен жекешелендіру үшін айқындалатын болады. Жекешелендірудегі реттеуді өзгерту және кедергілерді жою бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.

      3.2 "Ашық және айқын жекешелендіруді жүргізу" бастамасы. Жекешелендіру үздік әлемдік практикаларға және айқындықтың, ашықтықтың және барлық инвесторлар топтарына әділ көзқарастың стандарттарына сәйкес, сондай-ақ қоғамдық бақылау арқылы жүргізеді. Орталықтандырылған веб-сайтта жоспарлар, рәсімдер, мерзімдер, объектілер, мәмілелердің параметрлері мен құрылымы, сату алдындағы дайындық және мәмілелер жасасу барысы, мәмілелердің нәтижелері және объектілердің жаңа иелері/операторлары туралы өзекті ақпарат қазақ, орыс және шет тілдерінде ұсынылады.

      Әлеуетті инвесторлар мен қоғам жекешелендіру барысы мен нәтижелері туралы үнемі құлақтандырылатын болады, оның ішінде халықаралық алаңдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі жарияланымдар және репортаждар, маңызды объектілер бойынша мәліметтер барысының онлайн-трансляциялары жүргізіледі.

      Бұл шаралар қоғамның мемлекетке сенімін нығайтуға ықпал етеді және мемлекеттік меншіктің, сондай-ақ ұлттық компаниялар активтерінің тұлғалардың шектелген тобының пайдасына әділетсіз қайта бөлінуіне жол бермейді, бұл бәсекелестіктің нақты өсуін ынталандыратын болады.

      "Жеке сектордың МЖӘ құралдарын пайдалануы үшін қолайлы жағдай жасау" міндеті

      Міндет шеңберінде МЖӘ рәсімін жеңілдету бойынша жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ жеке инвестициялардың құралдары және қолданылуы кеңейетін болады.

      3.3 "МЖӘ рәсімдерін және тетіктерін жеңілдету" бастамасы. Үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, МЖӘ рәсімдері мен тетіктерін жеңілдету бойынша жұмыс жалғасады. Жобаларды бағалаудың және іріктеудің стандартталған тетігі енгізілетін болады, құжаттаманы келісу және шарттар жасасу үшін кезеңдер мен мерзімдер оңтайландырылады. МЖӘ жобаларының валюталық тәуекелдерін қаржыландыру және кепілдендіру тетігі жетілдірілетін болады. Тұтастай алғанда, реттеушi ортаның ашықтығын және болжамдығын арттыруға бағытталған заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыру бөлігінде бюджет және салық заңнамасын жақсарту процесі жалғасады.

      3.4 "МЖӘ қолданылатын құралдарын және тәсілдерін кеңейту" бастамасы. Негізгі құралдар объектілерін құру және/немесе реконструкциялау туралы талап қоймай, жеке секторды тартуға мүмкіндік беретін қызметтер көрсету шарттары есебінен МЖӘ құралдарын әлеуметтік салада, мысалы денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру. салаларда пайдалану кеңейтіледі. Сондай-ақ МЖӘ құралдарын қолдану үшін объектілерді таңдауға қатысты бағдарламалық тәсіл қамтамасыз етіледі.

      "Функцияларды беру және реттеуді оңтайландыру" міндеті

      Мемлекеттің функцияларын бәсекелі ортаға беру салаларда жұмысты неғұрлым тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады, сондай-ақ жеке сектордың дамуына ықпал етеді.

      Реттеу, атап айтқанда, бақылау-қадағалау функциясы ыңғайлы болуы және жеке сектордың жұмысын жеңілдету үшін барынша жеңілділетілетін, ашық және болжамды болады.

      3.5 "Функцияларды мемлекеттен бәсекелі ортаға беру" бастамасы.
Мемлекет функцияларын бәсекелі ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жүзеге асырылатын болады. Бәсекелі ортаға беруге жататын мемлекеттік органдардың функцияларын жыл сайынғы іріктеу функцияларға түгендеу жүргізу арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      Стратегиялық функциялар мен ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiн қозғайтын функцияларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың реттеу және іске асыру функцияларын бәсекелес ортаға беру қаралуда. Беру туралы шешім нарықтардың дайындығын объективті және тәуелсіз талдау нәтижелері бойынша ғана қабылданады. Тиісінше орындалмаған жағдайда функцияларды мемлекетке қайтару тетігі белгіленетін болады.

      Алғашқы толқын шеңберінде мемлекеттік органның бірқатар функцияларын берумен және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға бақылау функцияларын мемлекеттiк органға бекітумен экологиялық аудит және бағалау қызметі саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар құрылатын болады. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар бойынша функцияларды іске асыру көзделуде.

      Бұл бастама сондай-ақ жекешелендіру, аутсорсинг және өзге де тетіктер негізінде квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бірқатар көрсетілетін қызметтерін жеке секторға беру бойынша шаралар қабылдауды көздейді. Бұл ретте стандарттау және регламенттеу мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын, халыққа және бизнеске қатысты жекелеген сақталған функциялар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жатқызылады.

      3.6 "Квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілерінің рұқсат беру жүйесін жетілдіру" бастамасы. Квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілерінің рұқсат беруші реттеуін кезең-кезеңімен реформалау жүргізілетін болады. Мұндай рұқсаттардың толық тізбесі бекітіледі, сондай-ақ оларды берудің ашық рәсімдері, қағидалары мен біліктілік талаптары регламенттеледі.

      3.7 "Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қысқарту" бастамасы. Мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларына жүргізілген ауқымды ревизия нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау салалары алып тасталады, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жөніндегі талаптар қысқарады, мемлекеттік органдардың қайталанатын және мемлекет пен тұтынушы қауіпсіздігіне қатер туғызатын тәуекелмен байланысты емес бақылау және қадағалау функциялары алып тасталады. Бақылау органдарының жеке бизнесті тексерулерінің санын және ұзақтығын қысқарту жалғасады, сондай-ақ бақылау органдарының құжаттама көлемін және тексерулер уақытын қысқартуы есебінен тексерулер рәсімі жеңілдетіледі. Тексерулер жүргізуді ұйымдастыру мемлекеттік бақылау және қадағалау ашықтығын қамтамасыз ететін бірыңғай электрондық платформада жүзеге асырылады, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін кәсіпкерлерді іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады.

      "Профилактикалық бақылау" институты енгізіледі, бұл мемлекеттік органдарды қолданыстағы анықтау және жазалау саясатының орнына құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту саясатына қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.

      3.8 "Есептілік және ақпарат беру талаптарын қысқарту" бастамасы. Есептілік және ақпарат беру бойынша талаптар жүйеге келтіріледі және қайталану алып тасталады. Сондай-ақ цифрландыру есебінен кәсіпкерлік субъектілерінің ақпарат жинауға және беруге байланысты шығасылары азайтылады. Гильотина әдісін пайдалана отырып, 2024 жылға қарай есептілік және ақпарат беру бойынша талаптар санын 50%-ға қысқарту жоспарланып отыр.

      "Жеке бизнестің өсуінынталадыру" басымдығы

      Экономиканың жаңа өсуі тұрғысында елде бизнес жүргізу жағдайларын одан әрі жақсарту, қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру қажет. Атап айтқанда, жеке бизнесті дамыту және ынталандыру табиғи ресурстармен байланысты емес тікелей шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

      Осыған байланысты мынадай міндеттерді:

      бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың дамуын ынталандыру;

      тәуекелдерді азайту және қаржыландыру қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыруды шешуге күш-жігер жұмсау қажет.

      "Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту" міндеті

      Міндет шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау есебінен бизнестің өсуі үшін жағдай жасау және оны жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

      3.9 "Бизнеске қызмет көрсету және қолдау бойынша бір терезе құру" бастамасы. Қазіргі "Атамекен" ҰКП КҚО базасында және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының тәжірибесі ескеріле отырып, бір терезе қағидаты бойынша толық форматты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚО) ашылады. Бір терезе бизнесті қолдау мен дамытудың барлық қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары бойынша толық ақпарат береді, сондай-ақ аталған бағдарламаларды іске асыруға тартылған барлық операторлардың көрсетілетін қызметтерін бірқалыпты түрде ұсынады. Сондай-ақ ақпарат және көрсетілетін қызметтер қарапайым және пайдалануға ыңғайлы веб-сайт және мобильды қосымша арқылы ұсынылады. Бұл кәсіпкерлердің көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін жеңілдетуге, бизнес үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы алу және жинау, өзге де міндеттерді шешу процесін жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді.

      3.10 "Кәсіпкерлерді сервистік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту" бастамасы. Кәсіпкерлік әлеуетті, құзыреттерді арттыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында бизнесті қаржылық емес қолдау құралдары жетілдірілетін болады. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде оқыту бағдарламаларына қатысушыларға, оларды іріктеу рәсіміне, басшылық пен тәлімгерлік деңгейіне мониторинг жүргізіледі, бұл бағдарламаның негізгі кемшіліктері мен ақауларын анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін берілетін квота кеңейтіледі, бұл көптеген кәсіпкерлерді оқытуға тарту үшін мүмкіндік береді.

      3.11 "Бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсарту" бастамасы. Дүниежүзілік банк тобының "Бизнесті жүргізу" рейтингінде елдің позицияларын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Көрсетілетін қызметтер мен тауарлар экспортының уақыты мен құнын (шекаралық және кедендік бақылау, құжаттарды ресімдеу) қысқарту, электрмен жабдықтау жүйелеріне қосылу рәсімдерінің санын азайту, кредиттік операцияларды қорғау және кредит тізілімі мен кредит бюросын қамту деңгейін арттыру, есептілікті дайындауға, беруге және салықтар мен аударымдарды төлеуге (немесе ұстап қалу) жұмсалатын уақытты қысқарту және т.б. сияқты артта қалу орын алған салаларды жақсартуға қол жеткізілетін болады.

      3.12 "Орта бизнестің өсуін ынталандыру үшін салық жүйесін үндестіру" бастамасы. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен дара кәсіпкерлер үшін тең салық жағдайларын жасауға арналған салық жүйесін өзгерту жалғасатын болады. Бұл компаниялардың өсуін және ірілендірілуін ынталандыруға мүмкіндік береді.

      3.13 "Аграрлық секторда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың кооперативтер ұйымдастыруын ынталандыру" бастамасы. Жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін реттеу үшін нормативтік құқықтық база жаңартылады.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ауыл шаруашылығы кооперациясына барынша тарту және кооперативтердің ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау көлемін одан әрі ұлғайту үшін жағдай жасау және мемлекеттік қолдау көрсету жалғасатын болады. Бұл оларға жеке мүлікке билік етуде дербестікті сақтай отырып, экономикалық қызметті енгізуге бірлесіп қатысу арқылы өздері өндіретін өнімді өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      "Тәуекелдерді азайту және қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету" міндеті

      Жеке кәсіпорындардың қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін кредиторлар мен инвесторлардың тәуекелдерін азайту мақсатында олардың төлем қабілеттілігі мен ашықтық деңгейін арттыру қажет. Міндет шеңберінде кəсіпорындарды жабу рәсімдері жеңілдетіледі, компанияларды корпоративтік басқару күшейтіледі, кредиттік-рейтингтік ұйымдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі артып, кредиттік шешім қабылдау процесі жетілдіріледі.

      3.14 "Кәсіпорындарды жабу рәсімдерін жеңілдету" бастамасы. Белсенді емес және тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорындардың үлесін азайту үшін рәсімнің ашықтығын, қарапайымдылығын арттыру және мерзімдерін қысқарту есебінен тетіктер мен заңды тұлғаларды жабу жеңілдетіледі. Заңды тұлғалардың банкроттық рәсімдерін одан әрі жетілдіру мүмкіндігі қаралады және заңды тұлғалардың банкроттық рәсімдері енгізіледі.

      3.15 "Корпоративтік басқару деңгейін арттыру" бастамасы. Корпоративтік басқару жүйесін және эмитенттер мен қарыз алушылардың тәуекелдерді басқару жүйелерінің ашықтық деңгейін арттыруға және жетілдіруге бағытталған ақпарат ашуын одан әрі жетілдіру жалғасатын болады.

      3.16 "Қарыз алушылар мен эмитенттердің қаржылық жағдайы туралы ақпараттың ашықтығын арттыру" бастамасы. Қарыз алушылар мен эмитенттердің қаржылық жағдайы туралы деректердің ашықтығын және қолжетімділігін арттыру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілетін болады. Кредиттік тарихтарды қалыптастыру және кредиттік есептерді ұсыну мәселелері бойынша кредиттік бюролардың банк институттарымен өзара
іс-қимылы күшейтіледі, ақпарат берушілердің және көрсетілетін қызметтер спектрінің тізбесі кеңейту мәселесі қаралады, үздік халықаралық практикаға сәйкес қарыз алушылардың кредитті өтеуге қабілеттілігін бағалау құралдары жетілдіріледі. Жергілікті рейтингтік агенттіктерге көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту есебінен кең ауқымды өкілеттіктер ұсынылатын болады; рейтингтік бағаларды беру жөніндегі әдіснама жаңартылады; рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау тетіктері енгу мүмкіндігі қарастырылып, олардың рейтингтік бағаларды берудегі жауапкершілігі арта түседі. Аудиторлық қызметті реттеу, оның ішінде айыппұлдар мен анық емес ақпарат үшін лицензияны қайтарып алу тетігі арқылы реттеу күшейтуі қарастырылатын болады.

      3.17 "Баламалы қаржыландыру көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бастамасы. Private eguity, факторинг, микрокредит беру, венчурлық қорлар және басқалар сияқты банктік емес қаржыландыру құралдарын дамыту үшін нормативтік құқықтық база жаңартылады. Микроқаржы институттары үшін анағұрлым арзан қаржыландыруды тарту мақсатында апекс ұйымын құру жөніндегі іс-шаралар әзірленетін болады.

      "Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыру" міндеті

      Міндет шеңберінде ұлттық стандарттарды халықаралық деңгейге сәйкестендіру және сертификаттау инфрақұрылымын дамыту есебінен өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыру көзделеді. Бұл ұлттық компанияларға өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ халықаралық өткізу нарығына шығуға мүмкіндік береді.

      3.18 "Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен жедел үндестіру" бастамасы. Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру процесі жеделдетіледі. Экспортқа бағдарланған салаларға арналған стандарттар негізгі сыртқы нарықтардың тиісті стандарттарымен үндестірілетін болады. Өзге де өнімдер мен көрсетілетін қызметтер үшін халықаралық стандарттарды таңдау талап етілетін сапа деңгейіне негізделе отырып жүзеге асырылады.

      3.19 "Сынақ базаларын, сертификаттау орталықтарын дамыту" бастамасы. Жаңа сынақ және сертификаттау орталықтары құрылады, сондай-ақ қолданыстағылары кеңейтіледі және толық жарақтандырылады. Жоғары оқу орындарының зертханалық базалары негізінде жаңа сынақ орталықтары құрылады.

      3.20 "Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты бақылау" бастамасы. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін техникалық аудит (өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын тәуелсіз бақылау) жүргізілетін болады. Мемлекеттің бизнес қызметіне артық араласуынсыз бизнесті дамыту мақсатында кәсіпорындар тәуелсіз аудит арқылы өнім сапасы тұрғысынан үнемі өз-өзіне бақылау жүргізуі пысықталатын болады. Бұл ретте, нарыққа қатысушылар функцияларының аражігі ажыратылады. Аудит қорытындылары бойынша қалыптастырылған тізбе адал компанияларды одан әрі дамуға ынталандырады және сапалы өнімдер шығаруды қамтамасыз етеді.

      "Өнімділіктің өсуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды жою" басымдығы

      Технологиялық жаңғырту мен цифрландырудан басқа өнімділік өсуінің маңызды факторы кәсіпорындардың операциялық қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Тиімділік жеке қызметті жақсарту (өндірістік процестер, материалдарды сатып алу және жеткізу процестері, әкімшілендіру процестері және т.б.), сондай-ақ ресурстарға (оның ішінде электр энергиясына, суға, газға), логистикаға және өнімдерді өткізуге арналған шығындарды азайту есебінен артуы мүмкін.

      Осыған байланысты мынадай:

      жұмыс істеп тұрған салалардың операциялық тиімділігін арттыру;

      табиғи монополиялардың операциялық тиімділігін арттыру;

      көлік-логистика және сауда инфрақұрылымын дамыту міндеттерін шешу қажет.

      "Салалардың операциялық тиімділігін арттыру" міндеті

      Экономиканың барлық секторларында төмен өнімділік жағдайында өңдеу өнеркәсібінен басқа да салаларға өнімділікті арттыруға бағытталған шаралар құралдарын кеңейту және қолданыстағы бағдарламаларды қамту қажет. Мұндай ауысу салалар арасындағы айырмашылықтарға байланысты бизнеске тікелей қолдау көрсетуден басқа жаңа тетіктер әзірлеуді талап етеді. Мысалы, ішкі автомобиль нарығын қорғауға бағытталған кедергіні жою көлік және логистика саласында парктің жаңаруын жылдамдатуға мүмкіндік береді. Сауда инфрақұрылымын жасау, мысалы электрондық сауда платформасын құру делдалдар санын және тиісінше ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнын төмендетеді.

      Өнімділік өсуінің технологиялық процестері, құралдары мен ықтимал нәтижелері туралы хабардар болуды арттыру мақсатында компаниялар басшылары мен иелерінің білім және құзыреттер деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

      3.21 "Операциялық тиімділікті арттыруды ынталандырулардың қамтылуын ұлғайту және оңтайландыру" бастамасы. Ынталандыру шараларын салалық қамту кеңейтілетін болады, атап айтқанда барлық салаларда өнімділікті арттыру үшін ынталандыру көзделеді. Бұл ретте, қолдау тетіктері әрбір жеке саладағы өнімділіктің өсуін тежейтін нақты кедергілерге байланысты салалар арасында әртараптандырылады. Қолданыстағы шаралардан тиімсіз және қажетсіз шаралар алып тасталады. Оның орнына кедергілерді жоюға және бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған өнімділіктің өсуін ынталандырудың жаңа қаржылық емес тетіктері әзірленеді.

      3.22 "Бизнесті операциялық тиімділікті арттыру құралдары туралы белсенді түрде хабардар ету" бастамасы. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстандағы компаниялардың басшылары мен иелерінің хабардарлығын арттыру үшін тұрақты негізде салалық зерттеулер мен конференциялар өткізу бойынша жұмыстар басталады. Зерттеулер мен іс-шаралардың негізгі тақырыптарының бірі өнімділікті арттыру және энергия тиімділігін жақсарту болады. Бұл зерттеулер технологиялар шолуын, операциялық тиімділікті арттыру құралдарының сипаттамасын, үздік практикалар мысалдарын, персоналдың біліктілігін арттыру әдістемелерін, экспорт нарықтарында жұмыс істеу үшін қажет ақпаратты қамтиды.

      3.23 "Өнімділікті арттыру шараларын әзірлеу және оның мәртебесін мониторингілеу үшін диалог платформасын құру" бастамасы. Экономика салаларында өнімділікті арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру жеке және квазимемлекеттік секторлар кәсіпорындарын тарту арқылы жүргізілетін болады. Бұл үшін бизнестің, банктердің және мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрақты мемлекеттік-жекешелік диалог алаңдары жұмыс істейтін болады. Алаңдар Бәсекеге қабілеттілік кеңесі шеңберінде жұмыс істей алады. Жетекші рөл Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беріледі.

      "Табиғи монополиялардың операциялық тиімділігін арттыру" міндеті

      Табиғи монополиялардың операциялық тиімділігін арттыру барлық салаларда өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Шекті тарифтер тетіктерінен басқа, инновациялық технологияларды енгізуге бағдарланған тариф белгілеудің ынталандырушы әдістері енгізілетін болады. Тариф белгілеудің ынталандырушы әдісінің негізгі өлшемшарттары ұсынылатын қызметтердің сапасы, сенімділігі және тиімділігі болып табылады.

      3.24 "Электр энергиясы мен қуаттың көтерме сауда нарығының моделін енгізу" бастамасы. Электр энергиясын өндіру сегментінің проблемаларын шешу үшін шекті тарифтер тетігін ауыстыратын электр энергиясы мен қуаттың (нысаналы модель) көтерме сауда нарығының моделі әзірленіп, енгізілетін болады. Нысаналы модель шеңберінде электр энергиясы мен қуат нарықтарының бәсекелес баға белгілеумен жұмыс істеуі көзделуде. Нысаналы модельге көшуді 2019 жылдан бастап жүзеге асыру болжанады.

      Электр энергиясының тарифтері, сондай-ақ қуат бағалары (қолданыстағы, жаңа және жаңартылатын) электр энергиясын өндіру секторының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететіндей қалыптастырылуға тиіс. Атап айтқанда, электр энергиясының тарифі электр энергиясын өндірушілердің барлық негізделген шығындарын өтеп, тіркелген пайда қамтамасыз етуге тиіс, ал қуат төлемақысы өндірушілердің инвестициялық шығындарын өтеуге тиіс.

      3.25 "Ұзақ мерзімді тарифтік реттеу жүйесін өзектілендіру" бастамасы. Энергетика саласын тиімді дамыту, оны технологиялық жаңарту және жаңа активтер құру үшін тариф белгілеу әдістері жетілдіріледі.

      Тариф белгілеудің үздік әлемдік практикасына сәйкес көрсетілетін қызметтер сапасы, сенімділігі және тиімділігі өлшемшарттары сияқты табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру тетіктері енгізіледі, бекітілетін тариф деңгейі осыларға қол жеткізуге байланысты болады.

      3.26 "Энергетика саласында бәсекелестікті күшейту және қатысушыларды шоғырландыру" бастамасы. Энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және электр энергиясының шығындарын төмендету үшін энергетика саласында құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылатын болады. Өңірлік электр желілері компанияларын (ӨЭЖ) ірілендіруге ықпал ететін тетіктер мен талаптар енгізілетін болады. ЕЖҰ электр энергиясының тарифтерін қалыптастыру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ашып көрсетуге және жариялауға, оның ішінде электр энергиясын сатып алудың, беру және тарату бойынша көрсетілетін қызметтердің және құнын көрсетуге міндетті болады. Энергия беруші компаниялар үшін біліктілік талаптары енгізілетін болады. Жылу энергиясын өндіретін және беретін субъектілердің жаңа өзара іс-қимыл тетіктері қаралады.

      3.27 "Магистральдық теміржол желісінің тариф белгілеу жүйесін жетілдіру және операциялар жүргізу қызметтерін мемлекеттік реттеуден шығару" бастамасы. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін тарифтік реттеудің оңтайлы моделін қалыптастыруға, қызметтерді көрсету шығындары мен кірістерін құрылымдауға және теңгерімдеуге,
сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа прогрессивті тәсілдер енгізіледі. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін реттеу мемлекеттің қарамағында қалады, ал жылжымалы құрамның операциялар жүргізу қызметтері мемлекеттік қадағалаудан шығарылады.

      "Көлік-логистика және сауда инфрақұрылымын дамыту" міндеті

      Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту біріншіден, Қазақстан аумағында тауарларды тасымалдау құны мен уақытын азайтуға, екіншіден, халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялануды қамтамасыз етуге бағытталады. Сауда инфрақұрылымын дамыту делдалдар санын азайтуға және тиісінше тауарларды өткізу құнын төмендетуге бағытталатын болады.

      Қазақстанның транзиттік әлеуетін іске асыру, сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау көлік-логистика жүйесінен негізгі халықаралық көлік дәліздеріне белсенді интеграциялануды талап етеді. Көлік саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасы ең жоғары деңгейге шығарылып, сондай-ақ жүктердің тасымалдануын оңтайландыруға және жеткізу мерзімдерін қысқартуға негізделуі қажет. Бұл негізгі транзиттік бағыттардың дамуын қамтамасыз етуге, қолданыстағы көлік инфрақұрылымының "тар жерлерін" жоюға және Қазақстанның барлық халықаралық көлік дәліздерін дамытуға мүмкіндік береді.

      Экономиканың жекелеген секторларында (атап айтқанда, ауыл шаруашылығында) көптеген делдалдардың болуына байланысты шығасыларды азайту мақсатында көтерме сауда-тарату орталықтарын және электрондық сауданы дамыту үшін жағдай жасалады.

      3.28 "Автомобиль жолдарының сапасын арттыру және жол бойында көрсетілетін қызметтерді дамыту" бастамасы. Республикалық автомобиль жолдары желісінің жағдайын жақсарту үшін оларды күтіп ұстауды қаржыландыру көлемі ұлғайтылады, сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарымен қамту кеңейтіледі. Бұл ретте, жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсалатын шығыстардың тиімділігін арттыру үшін автожолдарды ақаусыз күтіп ұстау жөніндегі келісімшарттардың жаңа нысандары, яғни тікелей нәтижеге бағдарланған жаңа нысандары енгізіледі. Аталған келісімшарттардың басты ерекшелігі жұмыс көлемін сандық есепке алудан жол жағдайының сапалық көрсеткіштеріне ауысу болып табылады, бұл ретте мердігер жұмыстарды орындаудың реттілігі мен технологияларын өз бетінше таңдауға құқылы.

      Жол бойындағы сервисті дамыту мақсатында халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында көрсетілетін қызмет объектілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жол бойындағы сервис объектілерінің бір бөлігін республикалық бюджет есебінен, оның ішінде "Орталық-Оңтүстік", "Орталық-Шығыс", "Орталық-Батыс" бағыттары бойынша жобалар, сондай-ақ автожолдарды реконструкциялаудың басқа да жобалары шеңберінде қаржыландыру жоспарлануда. Объектілердің бір бөлігі желілік бизнес-құрылымдарды, оның ішінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін және мүдделі инвесторларды тарту арқылы салынады, кешенді объектілер болып өзгертіледі немесе толық жарақтандырылады. Бұл ретте, жеке сектордың мүдделілігін арттыру үшін перспективалы сервис объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына орналастыру схемасы бекітіледі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың салынып жатқан және жоспарланып отырған сервис объектілеріне инженерлік коммуникацияларды тартуға рұқсат құжаттарын беру рәсімдерін жеңілдету мүмкіндігі қаралады.

      3.29 "Халықаралық көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыру" бастамасы. Транзиттік жүк ағыны әлеуетін тұрақты талдау негізінде және "тар жерлерді" жою қағидаты негізге алына отырып, көлік инфрақұрылымының қуатын ұлғайту жүзеге асырылады. Осылайша, халықаралық дәліздердің өткізу қабілеттілігі ұлғаяды, оның ішінде Алматы қаласының айналма теміржол желісі, Достық-Мойынты учаскесінде екінші теміржол жолдары салынып, Жарық-Жезқазған және Қызылорда-Шалқар теміржол учаскелері жаңғыртылатын болады. Сонымен қатар, жылжымалы құрамның санын, атап айтқанда жалғамалы платформаларды ұлғайту және автомобиль жүк көлік құралдарының паркін жаңарту үшін ынталандыру жасалатын болады.

      Кедендік өткізу пункттерінің тиімділігін арттыру мақсатында "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін стандартталған түрдегі кедендік декларацияларды берудің және табыс етудің электрондық жүйесі – "Бірыңғай өткізу арнасы" енгізілетін болады. Жүктерді тексеріп қараудың тәуекелге бағдарланған жүйесі енгізіледі және мемлекеттік қызметшілердің тексерулер кезіндегі жұмысын үйлестіру ұйымдастырылады. Қазақстандық өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жүк және жолаушылар ағындары, қала инфрақұрылымы және кедендік бақылау технологияларына қойылатын заманауи талаптар ескеріле отырып, бірыңғай кешенді шешім негізінде жаңартылады.

      3.30 "Электрондық сауданы дамыту" бастамасы. Электрондық сауданың және тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы өзара қарым-қатынастың регламенттелуін, сондай-ақ Интернет желісінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау нормаларын айқындайтын реттеу жетілдірілетін болады. Атап айтқанда, қолма-қол ақшасыз төлемдерде кездесетін қазіргі шектеулер ақпараттық түсіндіру жұмыстары және банк карталарымен қауіпсіз онлайн төлеуге қолжетімділік есебінен алып тасталады. Электрондық сауда қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі қаралады.

      "Экспортты және әртараптандыруды ілгерілету" басымдығы

      Ішкі нарықтың сыйымдылығы төмен болған кезде экономиканы әртараптандыру бағыты өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер саласын экспортқа бағдарлауды талап етеді. Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын арттыру мақсатында экспорттаушыларды қолдау тетіктері енгізілген. Перспективалы экспорттық қоржын ұғымы енгізіледі, ол Қазақстанның перспективалы өткізу нарықтарының қажеттіліктеріне және салыстырмалы артықшылықтарына негізделе отырып айқындалады.

      Бұл ретте Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендететін сыртқы және ішкі кедергілер сақталып отыр. Айталық, сыртқы нарықтардағы импорттық баждар өнімдердің құнын арттырады. Экспорттың өсуіне кедергі келтіретін қосымша фактор шетелде бизнес жүргізуде білім мен тәжірибенің жоқтығы, сондай-ақ отандық өндірушілерде ауқым әсерінің жоқтығы болып табылады.

      Осыған байланысты аталған басымдық шеңберінде мынадай екі міндетті:

      экспорттаушыларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын кеңейтуді;

      экспортқа бағдарланған көрсетілетін қызметтерді дамытуды шешу қажет.


      "Экспорттаушыларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын кеңейту" міндеті

      Экспорттаушылар сыртқы нарықтарда жұмыс істеу кезінде тарифтік және тарифтік емес кедергілердің болуы, сауда инфрақұрылымының жоқтығы, тәжірибенің және сұраныстың ерекшеліктері, өткізу арналары мен құқықтық өріс туралы хабардар болудың жеткіліксіздігі сияқты бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Міндет шеңберінде осы қиындықтарды еңсеру және экспорттаушыларға ыңғайлы нысанда қолдау көрсету бойынша шаралар іске асырылатын болады.

      3.31 "Институттарды үйлестіру және экспорттаушылар үшін
"бір терезе" құру" бастамасы.
Процестердің қайталануын болдырмау және экспорттаушылардың қолдау алу процесінің айқындығын қамтамасыз ету үшін рөлдердің аражігін нақты бөлу жүргізіледі және экспортқа қолдау көрсететін ұйымдарды (оның ішінде "KazakhExport") үйлестіру үшін тетіктер құрылады.

      Бұдан басқа, Қазақстанда экспортты қолдау бойынша барлық көрсетілетін қызметтерді біріктіретін бірыңғай онлайн-платформа әзірленетін болады. Аталған платформа базасында электрондық сервистер кешені, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын алу, қолдау шараларын көрсету, көлік және логистиканы басқару жөніндегі сервистер және экспорттаушыларға консультациялар беруге арналған қосымша сервистер іске асырылады. Платформаның инфрақұрылымы экспорттаушыларға бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандартталған түрде құжатты бір рет ұсынуға мүмкіндік береді, кейіннен мұны мүдделі мемлекеттік органдар және даму институттары көрсетілетін қызметтерді ұсыну және сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуына бақылау жүргізу кезінде өз құзыреттеріне сәйкес пайдаланатын болады.

      3.32 "Сыртқы нарықтарда тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою" бастамасы. Туындайтын сауда дауларын реттеу және сыртқы сауда кедергілерін жою мемлекеттік органдар мен жеке сектордың күш-жігерін үйлестіру (кәсіпкерлер қауымдастықтары мен одақтары арқылы) кезінде жүзеге асырылатын болады. Жеке сектордың міндеті сыртқы нарықтарға қолжетімділік жағдайларының нашарлауы туралы ақпарат беру болады. Сыртқы сауда кедергілерін жою үшін мемлекет Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭС) мүше болу шеңберінде Преференциялық сауда туралы келісімдердің, еркін сауда аймақтарының санын кеңейту; сыртқы сауда кедергілерін жою бойынша келісілген шаралар кешенін әзірлеу; жаңа өткізу нарықтарына шығумен байланысты экспорттаушының шығасыларын азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізетін болады.

      Нарыққа қолжетімділікте халықаралық келісімнің тікелей бұзылуынан туындамайтын кемсітушілік жағдайлары болған кезде (мысалы, саудадағы техникалық кедергілер) мемлекет консультациялар беру тетіктерін пайдаланады, нарыққа қолжетімділік бойынша бар шектеулерді жоюға тырысатын болады. Мемлекеттік органдар мен жеке сектордың өзара іс-қимылы экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың қолдауымен жүзеге асырылатын болады.

      3.33 "Сыртқы нарықтарда экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор өкілдіктерін дамыту" бастамасы. Басымдығы және мүдделілігі жоғары елдерде қазақстандық бизнестің тұрақты болуын және оның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, экспорттаушылар үшін сауда әріптестерін іздеуге және коммерциялық келіссөздер жүргізуге көмек көрсетуге бағытталған өкілдіктер желісі құрылады. Бұдан басқа, өкілдіктер промоутерлік іс-шаралар жүргізуге, сыртқы нарықтардағы сұраныс пен сату арналары туралы ақпарат жинауға қолдау көрсетуді, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің қазақстандық қатысушыларына қазақстандық өнімдерді экспорттаудағы кедергілерді еңсеруге жәрдем көрсетуді жүзеге асырады.

      3.34 "Экспортты ілгерілету бойынша қаржылық шараларды дамыту" бастамасы. Экспортты ілгерілетуді қаржылық қолдау шараларының тиімділігін арттыру, барлық көлемдегі (ірі, орта, шағын) көптеген компаниялар үшін қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттаушылардың өтінімдерін қарау мерзімдері мен рәсімдерін қысқарту бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Экспортты қолдау жөніндегі шаралар үшін тартылатын қаржыландыру көлемін экспорты дамыған елдердің деңгейіне дейін шамамен ЖІӨ 1% ұлғайту мақсатында Экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай операторды дамыту оның қаржылық тұрақтылығын және әлемнің қаржы институттары мен экспорттық-кредиттік агенттіктер тарапынан сенім дәрежесін арттыруға бағытталатын болады. Бұл қажетті ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тартуға, сондай-ақ ДСҰ шеңберінде көзделген шектеулер ескеріле отырып, кредиттер мен сақтандырудың құнын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.

      "Экспортқа бағдарланған көрсетілетін қызметтерді дамыту" міндеті

      Көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту үшін кедергілер жойылады және айтарлықтай экспорттық әлеуетке ие көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету қамтамасыз етіледі. Мұндай көрсетілетін қызметтерге медицина және білім беру туризмі саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, туристік көрсетілетін қызметтер, қаржы және іскерлік көрсетілетін қызметтер, транзиттік көлік және ғарыш қызметтері жатады.

      3.35 "Туристік саланы дамыту үшін жағдай жасау" бастамасы. Жол, жол бойындағы, коммуналдық және өзге де инфрақұрылымдарды, бос уақыт өткізу объектілерін және туристік бағдарларды, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман шаруашылығын дамыту үшін заңнама жетілдіріледі және шаралар қабылданады.

      3.36 "Шетелдік туристерді тарту үшін ақпараттық-жарнамалық науқандарды іске қосу" бастамасы. Қазақстан және оның туристік объектілері туралы өзекті ақпараты бар елдік веб-портал өзектілендіріліп, қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ туризмді ілгерілету жөніндегі жарнамалық-маркетингтік жоспар, елдік және ұлттық туристік бренд те әзірленетін болады. Бірінші кезектегі елдер үшін жеке ақпараттық-жарнамалық стратегиялар әзірленеді.

      3.37 "Көші-қон бақылауы рәсімдерін және визаларды ресімдеуді жеңілдету" бастамасы. Кіру визасын ресімдеуге құжаттар беру, шақыртуларды ресімдеу және мемлекеттік органның шешімімен анықтама алу процесін жеңілдету үшін визалық көші-қон интернет-порталы ұйымдастырылады, визаларды онлайн беру рәсімі енгізіледі және ADS (Approved Destination Status) визаларын беру тетігі жетілдіріледі. Визалық көші-қон режимі біріздендіріле отырып, мемлекеттік физикалық шекара арқылы өту процесі жеңілдетілетін болады. Бұл ретте, бірінші басымдықтағы елдердің жолаушылары үшін "72 сағатқа визасыз транзит" режимі енгізілетін болады. Көші-қон режимін бұзғаны үшін әкімшілік қамауды қолданусыз және сот шешімін күтусіз тікелей өткізу пункттерінде айыппұлды онлайн төлеу практикасы енгізілетін болады.

      3.38 "Медициналық туризмді дамыту" бастамасы. Жақын және алыс шет елдерден медициналық туристерді тарту үшін жетекші медициналық орталықтар мен санаториялық-курорттық мекемелер (кластерлер) базасында алдыңғы қатарлы сапалы медициналық және сауықтыру қызметтері қалыптастырылады.

      Медициналық туризм саласындағы негізгі қатысушылар, бірінші кезекте, халықаралық аккредиттеуден өткен қазақстандық медициналық ұйымдар болады. Пациенттерге бағдарланған сервисті дамыту және қонақжайлылық қағидаттарын, медициналық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін уәждеу тетіктерін енгізу бойынша іс-шаралар жалғасады.

      Медициналық көрсетілетін қызметтердің әлемдік нарығында қазақстандық медициналық туризм бренді медициналық туризм бойынша әлемдік компаниялармен және қауымдастықтармен әріптестік өзара қарым-қатынастарды құру және кеңейту есебінен ілгерілейтін болады.

      3.39 "Қаржылық және іскерлік көрсетілетін қызметтерді дамыту" бастамасы. АХҚО аумағында ағылшын құқығы қағидаттарына және жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген ерекше құқықтық режим, сондай-ақ тәуелсіз реттеу, елге шетелдік инвестицияларды, шетелдік қаржы институттарын және біліктілігі жоғары кадрларды, қаржы институттарын және біліктілігі жоғары кадрларды тарту үшін жеңілдетілген салықтық, оңайлатылған визалық және еңбек режимдері қолданылатын болады. Озық шетелдік компанияларды шоғырландыру және қаржы мен инвестициялар саласында адами капиталды арттыру АХҚО-ның жергілікті сараптама орталығы ретінде құрылуының алғашқы кезеңінде аталған бағытта экспорттың өсуіне әлеуетті түрде жанама ықпал етеді.

      3.40 "Қазақстандық дәліздерді және транзиттік сервисті ілгерілету" бастамасы. Қазақстандық көлік сервистерін шет елдерге ілгерілету бойынша тұрақты жұмыс іске қосылады. Шетелдік жүк жөнелтушілермен жұмыстар жүргізу арқылы транзиттік теміржол тасымалдары кезінде кері жүктеу ұлғаятын болады. Трансқазақстандық бағдарларға жаңа клиенттерді тарту мақсатында жаңа бағдарлар мен бәсекеге қабілетті сервистер қалыптастырылатын болады.

      3.41"Ғарыш қызметтерін және сынақ қызметін дамыту" бастамасы. Қазақстанның жолсерік топтамасын қолдау мен дамытуға арналған және айтарлықтай экспорттық әлеуетке ие ғарыш аппараттарының құрастыру-сынақ кешені жұмыс істейтін болады. Еуропа, Азия және Африка елдері негізгі өткізу нарықтарына айналады. Кешен заманауи жабдықпен жарақтандырылады және ғарыш техникасы құрамдауыштарын жасауға және Еуропа мен Ресейде шығарылатын барлық ғарыш аппараттары түрлерінің ғарыш кеңістігінің факторларына ықпал етуіне сынақ жүргізуді қамтамасыз етеді. Экспорттық әлеуетті іске асыру үшін Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуі жетілдіріледі, қажетті ІТ инфрақұрылымы құрылады, шетел сарапшыларын тарта отырып, маркетинг жөніндегі персонал оқытылады және даярланады.

      Күтілетін нәтижелер

      Жеке сектордың экономикалық белсенділігі айтарлықтай өседі, шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-гі үлесі 35% - ға дейін ұлғаяды. Бірінші кезекте, 2020 жылға қарай бұл мемлекеттің экономикадағы үлесінің ЖІӨ-де ЖҚҚ 15% дейін азаюы, әкімшілік кедергілердің әлсіреуі және реттеуді оңтайландыру есебінен болады, жиынтығында бұл ЭЫДҰ-ның бәсекелестік орта индексі бойынша 2,2 балл деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шағын, орта және ірі кәсіпорындарды дамыту (орта кәсіпкерлік үлесі ЖІӨ-де ЖҚҚ-ның 15% жеткен кезде) түрлі қаржылай емес қолдау шараларын көрсету, көлік-логистика және сауда инфрақұрылымын дамыту (логистика тиімділігінің индексі бойынша 38-орынға қол жеткізу) есебінен ынталандырылады, бұл ұлттық валютадағы несие қоржыны көлемінің үлесі ЖІӨ-нің 50% деңгейінде болған кезде қарыз қаражатына жоғары сұраныс есебінен бәсекелес ортаның өсуіне және қаржы секторының дамуына серпін береді.

      Өнімділігі жоғары салаларды дамыту Гарвард Университетінің индексіне сәйкес экономиканың "күрделілік" деңгейін арттыра отырып (55-орынға қол жеткізу), экономиканы əртараптандыруға жəне жалпы экспорт көлемінде шикізаттық емес экспорттың 50% деңгейіндегі анағұрлым жоғары үлесі есебінен экономиканың құрылымдық дағдарыстарға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бюджеттің мұнай емес тапшылығын 6%-ға дейін немесе одан төмен азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңғыртудың әсері экономикамен жанама байланысы ғана бар көптеген салаларда да сезіледі. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде өз позициясын арттыруды жалғастырады.

4-реформа. Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет

      Реформаның мәні: Реформа заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үздік алдын алу тетіктерін белсенді қолдану, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру есебінен қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуал құруға бағытталған. Реформаны іске асыру бизнес жүргізу тәуекелдерін төмендетіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартады.

      2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидаттық өзгерістер:

      заң шығарушылықтан – заңдарды сақтауға және құқық қолдану практикасын қамтамасыз етуге;

      объективтi құқықтық қорғау кепiлдiгiне жеткіліксіз дәрежеде сенімді болудан – мемлекеттік билік институттарына, күшті және тәуелсiз сот жүйесіне жоғары сенiм білдіру деңгейіне;

      сыбайлас жемқорлық үшін жазалаудан – сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын жасау мүмкіндігіне жол бермеуге;

      кейбір құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа төзуден – әрбір азаматтың өз құқықтарын білуіне және заңдардың сақталу құндылығын түсінуіне.

      Алдағы міндеттер

      Экономиканың жедел өсуі үшін заңның үстемдігін және меншік құқықтарына кепілдік беруді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жалғастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлықты толығымен қабылдамау ахуалын қалыптастыру қажет. Бизнес өкілдері, жергілікті және халықаралық сарапшылар Қазақстанның 2025 жылға дейін құқықтық дамуындағы негізгі басымдықтар ретінде осы бағыттарды бірауыздан бөліп көрсетіп отыр8.

      Күрделі және жиі өзгеретін заңдарды сақтау айтарлықтай қиындық туғызады, ал азаматтардың құқықтарын бұзу және сот жүйесіне қалыптасып отырған сенім білдіру деңгейі "ойын қағидаларын" бұрмалайды. "Заңнаманы жетілдіру және заңдардың сақталуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету" басымдығының негізгі міндеттері заңдардың сапасын, түсінікті болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың сенім білдіру деңгейі жоғары, әділ, тәуелсіз сот арқылы қорғалуға кепілдік беру болып табылады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында алдын алу шараларын қолдану практикасын жалғастыру және процестерді жеңілдету және ашықтығын арттыру есебінен пара беру алғышарттарын жою, толығымен автоматтандыру және есептілік арқылы лауазымды адамдардың құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасау мүмкіндігін шектеу қажет. Жаңа цифрлық технологиялардың даму шамасына қарай оларды қолдану мүмкіндігін қарау қажет.

      Құқықтық қоғам құрудағы табыстың маңызды құрамдас бөлігі құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Қоғамның жоғары құқықтық мәдениетінсіз, қоғамдағы заңдардың рөлін және құқық бұзушылықтар арқылы қоғамға келтірілетін залал деңгейін түсінусіз заңдардың сақталуы және сыбайлас жемқорлықтың болмауы мүмкін емес.

      "Заңнаманы жетілдіру және заңдардың сақталуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету" басымдығы

      Бұл басымдық шеңберінде заңдардың адал сақталуына кедергі келтіретін себептер жойылады: заңнаманың тиісті сапасы, заңдардың орындалуы қамтамасыз етіледі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетігі жақсартылады, сот жүйесінің тәуелсіздігі күшейтіледі және қоғамның мемлекеттік институттарға сенім білдіру деңгейі артады. Қазақстанда құқық қорғау жүйесі халықаралық стандарттарға барынша жақын болады. Мынадай:

      заңнаманың сапасын және тұрақтылығын арттыру;

      бостандық пен меншік құқығын қорғау тетіктерін жақсарту;

      сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету міндеттері шешілетін
болады.

      Заңнаманың және құқық қолданудың сапасын, тұрақтылығын арттыру" міндеті

      Сапасы жоғары болжамды заңнама ел ішіндегі өмір сүру сапасының деңгейін арттырады, Қазақстанды халықаралық бизнес үшін анағұрлым бәсекеге қабілетті әрі тартымды етеді. Заңды екіжақты түсіндіру мүмкіндігін жою, қайталануды болдырмау, заңнамадағы өзгерістер мен жаңалықтардың болжамдылығын қамтамасыз ету қажет. Ең алдымен, бұл халық пен бизнес үшін маңызы жоғары заңдарға қатысты болады.

      Заңнаманы, оның нормативтік деңгейлерін және құқық құрылымын одан әрі жаңғырту ұлттық заңнаманың, оның базалық салаларының даму басымдықтарын, ведомстволық норма шығармашылық рөлін, құқықтық реттеу тетігінде заңнамалық және заңға тәуелді актілер үлесінің оңтайлы арақатынасын айқындауға бағытталатын болады. Бұл ретте ұлттық заңнаманы дамытудың басымдықтарын айқындау бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету призмасы, жаһандық әлемдегі біздің құқықтық жүйемізді тартымды ету арқылы жүргізілетін болады. Мемлекет пен азаматтың (ұйымның) арасындағы қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындайтын құқық туралы дауларды шешетін әкімшілік әділет мәселесі қаралатын болады. Қоғамдық-құқықтық сипаттағы дауларды шешу тәртібін процестік оқшаулау және заңдастыру мәселесі қаралады. Әкімшілік іс жүргізу қылмыстық және азаматтық іс жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысаны болады.

      4.1 "Заңнаманың сапасын арттыру" бастамасы. Экономикалық әсер талдауын енгізу, реттеушілік әсерді бағалауды кеңінен пайдалану, жобаларды анағұрлым сапалы дайындау, консультациялар жүргізу үшін жеткілікті мерзім бөлу арқылы заң жобаларын дайындау бойынша процестер және институционалдық мүмкіндіктер жақсартылады.

      Мемлекеттің құқық шығармашылық рөлі ең алдымен азаматтық айналым субъектілеріне қызмет үшін (әсіресе кәсіпкерлік) көбірек еркіндік беруге, оның ішінде құқық диспозитивтілігі қағидатын кеңінен қолдана отырып, еркіндік беруге бағытталады. Сөзсіз және әрқашан мемлекеттің қарамағында болатын, сондай-ақ бірқатар жағдайларда анағұрлым "икемді" және нақты нормативтік-құқықтық реттеуді қажет ететін мемлекеттік монополиядан тыс болуы мүмкін, қатаң нормативтік-құқықтық реттеуге жататын салалар мен аялар нақты айқындалатын болады. Бұл реттеу белгілі бір жағдайларда институционалдық ортаның дайындық шамасына қарай мемлекеттік емес субъектілерге берілуі мүмкін.

      Заңдардың сапасын арттыруға бағытталған қылмыстық құқық жетілдірілетін болады. Оның нормалары заң нақтылығы және салдардың болжамдылығы талаптарына сай болады, яғни жеткілікті деңгейде нақты тұжырымдалады және заң ережелерін ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін жоя отырып, заңды іс-әрекетті заңсыз іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік беретін түсінікті өлшемшарттарға негізделеді.

      4.2 "Құқық қолдануды жақсарту" бастамасы. Көптеген сарапшылар отандық заңдардың сапасы жеткілікті деңгейдегі жоғары, бұл ретте олар нашар орындалады деп атап өтуде. Заңдар мен өзге де нормативтiк актілердің іске асырылуының ұйымдық-құқықтық тетіктері айқындалады, оның ішінде құқық қолданудың тиімділігін бағалауға байланысты олардың орындалуын мониторингілеу және бағалау жүргізіледі. Құқықтық мониторинг шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді қолдану нәтижелерінің сараптамасын енгізу қаралатын болады.

      4.3 "Заңнаманы жаңарту процесін регламенттеу" бастамасы. Құқықтық актілерді, әсіресе халық пен бизнестің қызметін тікелей регламенттейтін құқықтық актілерді жаңартудың ең көп жиілігі шектеулі болады. Ықтимал тәуекелдер болжамын және заңның қабылдану негізділігін немесе сындарлығын бағалауды қоса алғанда, заң жобаларын бағалау рәсімдерін жетілдіру арқылы заңнаманың тұрақтылығына қол жеткізілетін болады. Барлық өзгерістер халық үшін қолжетімді форматта жарияланады және қажетті түсініктемелерді қамтиды.

      "Меншік құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жақсарту" міндеті

      Меншік бостандығы мен құқықтарын қорғау азаматтар мен бизнестің мемлекетке сенім білдірудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі болып табылады.

      4.4 "Қылмыстық заңнаманы қылмыстық сипаттан арылту және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру" бастамасы. Салықтық, кедендік және басқа да құқық бұзушылықтарды қоса алғанда, қоғамдық қауіптілік дәрежесі жоғары емес экономикалық құрамдарды қылмыстық сипаттан арылту және ізгілендіру бойынша жұмыс бұдан әрі жалғасатын болады. Енгізілген өзгерістердің нақты әсері заманауи талдамалық және пікіртерім әдістері арқылы бағаланатын болады.

      Қылмыстық заңнаманы қылмыстық сипаттан арылтуға оның жазалау сипатын төмендету, құқық қорғау стандарттарын енгізу есебінен қол жеткізілетін болады. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі үшін тәуекелдерді есепке ала отырып, ең алдымен экономикалық қылмыс саласында қылмыстық саясатты бұдан әрі ізгілендіру мүмкіндіктері айқындалатын болады.

      Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру бизнес ортаға қысымды бұдан әрі төмендетуді, ашықтықты қамтамасыз етуді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларымен байланыстарды қысқартуды және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді қамтиды. Оң өзгерістер, мысалы, айыппұлдарды ерікті түрде төлеу, салықтық құқық бұзушылықтар кезінде қылмыстық жауапкершілікті алып тастау бойынша өзгерістер одан әрі қолданылады. Ізгілендіру ең алдымен алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды ізгілендіру құқық бұзушылықтарды қалпына келтіруге, әкімшілік-құқықтық шаралармен қақтығыстардың алдын алуға бағытталады. Олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен құқық бұзушылық сипатына мөлшерлес болуы қағидатының сақталуы қамтамасыз етіледі.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау бойынша соттар мен соттардан тыс инстанциялар арасында өкiлеттiктердi шектеудің нақты тұжырымдамасы әзірленеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңартылған заңнама қолдану үшін қарапайым және тиімді болады, сонымен бірге құқықтар мен заңды мүдделерге қол сұғудан негізінен соттан тыс қорғауға бағытталады.

      Бұл өзгертістердің жергілікті жерлерде практикалық қолданылуын ынталандыруға және бақылауға ерекше назар аударылады.

      4.5 "Дамыған елдердің базалық қағидаттарын енгізумен қылмыстық процесті жаңғырту" бастамасы. Сотқа дейінгі процестің дамыған елдердің базалық қағидаттарына сәйкес келетін моделі кезең-кезеңмен енгізілетін болады, ол адам құқықтарын қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартудан қорғау кепілдіктерін нығайтуды, айыптауды төмендетуді, қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау кезінде объективтілікті арттыруды білдіреді. Қорғаушы тарапқа дәлелдер жинау және оларды сотқа ұсыну бойынша көптеген мүмкіндіктерді берумен, қылмыстық процесте айыптау және қорғау тараптарының жарыспалылық қағидаты күшейтілетін болады.

      Қылмыстық-процессуалдық құқық шеңберінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қылмыстық сот жүргізудің негізгі қағидаттары іске асырылатын болады. Белгіленген тәртіп негізсіз айыптау мен соттаудан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адамды айыптаған немесе соттаған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етеді.

      Заңдылықты мүлтіксіз сақтау қамтамасыз етілетін болады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепілдіктерінің жүйесі күшейтіледі, жасырын тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезінде осындай әрекеттердің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдалану үшін жауаптылықты күшейтумен, жеке өмірге қол сұқпаушылық қамтамасыз етіледі.

      4.6 "Азаматтардың мүдделерін қорғау сапасын жақсарту" бастамасы. Заң көмегін көрсетудің стандарттары мен қағидаттары заңнама жүзінде бекітіледі, кірістері төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесі жақсартылады, ауылдық жерлерде адвокаттық қызметтерге қол жетімділік қамтамасыз етіледі. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заң әзірленетін болады.

      Бітімгерлік рәсімдері мен дауларды соттан тыс реттеу тетіктерінің қолданысын, оның ішінде сот тәртібінде де, соттан тыс тәртіпте де жеке-құқықтық даулар (медиация, делдалдық және басқасы) арасында ымыраға қол жеткізудің әртүрлі жолдары мен тәсілдерін бекіту арқылы кеңейту болжанады.

      4.7 "Қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны қолдануды шектеу" бастамасы. 2016 жылдан бастап тәркілеу институтының қысқартылған түрі пайда болды – тәркілеуге қылмыс жасау құралдары мен қылмыстық жолмен алынған кірістер жатады. Тәркілеу институтын одан әрі ізгілендіру мүмкіндіктері айқындалатын болады. Қылмыстық кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің шектеу әлеуеті бар баптарын тұрақты негізде анықтау мақсатында кәсіпкерлермен және инвесторлармен жұмыс жүргізіледі. 2025 жылға дейін Қылмыстық кодексте және басқа да құжаттарда өзгерту әлеуеті 50 бапқа дейін болатын мүлікті тәркілеуді кезең-кезеңмен қысқарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Тәркілеуді қолдану негіздері қысқарады және мүліктің заңсыз жолмен сатып алынуына дәлелдер ұсынудың нақты өлшемшарттары белгіленетін болады.

      4.8 "Рейдерліктен нормативтік-құқықтық қорғауды қамтамасыз ету" бастамасы. Рейдерлік және бәсекелестікті жою мақсатында заңсыз қысым көрсету туралы өтініштерді қараудың ерекше тәртібі көзделетін болады. Осылай арнайы алгоритм және рейдерлікке қарсы іс-шаралар жүзеге асырылатын өлшемшарттар ұсынылады.

      4.9 "Үздік практикалар тәжірибесі бойынша әкімшілік әділет жүйесін құру" бастамасы. Азаматтардың мемлекеттік аппаратпен қарым-қатынасында азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған сот (немесе квазисоттық) институты ретінде әкімшілік әділет органы енгізіледі. Жария құқықтықтық сипаттағы дауларды шешу тәртібін процестік оқшаулау және заңдастыру мәселесі қаралатын болады. Әкімшілік іс жүргізу қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысанына айналады.

      4.10 "Құқық қорғау жүйесін дамыту" бастамасы. Құқық қорғау органдарын дамыту, олардың жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру жалғасады. Кадр саясатының тұрақтылығы қамтамасыз етілді, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен тәртібіне қойылатын талаптар артады. Құқық қорғау органдарының құрылымдары мен функциялары оңтайландырылатын болады, ұйымдастыру-басқарудың тиімді тетіктері белгіленеді және құқық қорғау органдарына тән емес функциялардан толық босатумен функциялар тиімді бөлінеді. Құқық қорғау органдарының қызметін бағалаудың нақты өлшемшарттары айқындалады, ал олардың жұмысының басты көрсеткіші азаматтардың оларға деген сенімдерінің деңгейі болады.

      4.11 "Құқық қорғау органдарын және соттарды цифрландыру" бастамасы. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл бұрмалау мен сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ осы істер бойынша іс жүргізуді үнемді етуге және тиісінше адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға нұқсан келтірмей, мемлекеттік бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Құқық бұзушылықтар туралы өтініштер беру, айыппұлдар төлеудің цифрлық жүйесі құрылады, бұл адами фактордың теріс әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Құқықтық статистиканың көлемді деректерімен жұмыс істеу үшін талдамалық құралдар енгізіледі.

      Бірыңғай сот практикасының ашық электрондық жүйесі құрылады. Сот процесінің кез-келген қатысушысы оны қызықтыратын сипаттамалар бойынша барлық сот актілерімен таныса алатын болады. Сондай-ақ, қараудың сапасын және өтініштің нәтижесін, не өтініш берушінің қанағаттануын бағалау жүйесін енгізу және/немесе кеңінен қолдану болжанады.

      4.12 "Кәсіпкерлік кодексті дамыту" бастамасы. Кәсіпкерлік кодексті одан әрі дамыту кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жария және жеке мүдделердің теңгерімін қамтамасыз етеді. Кодекс кәсіпкерлікті реттеудің отандық және шетелдік ең үздік тәжірибесін ескере отырып, бизнес саласындағы әкімшілік кедергілердің артуы үшін басты заңды тосқауыл болады.

      "Сот төрелігін және сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету" міндеті

      Заңдардың сақталуы үшін жағдай жасаудағы аса маңызды міндет құқық бұзушылықтар үшін жазаның сөзсіз болу қағидатын және соттың тәуелсіздігі қағидатын қамтамасыз ету болып табылады.

      4.13 "Сот жүйесінің тәуелсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету" бастамасы. Сот жүйесі тәуелсіздіктің халықаралық қағидаттарына сәйкес жетілдіріледі. Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды іске асыру шеңберінде сот жүйесінде меритократия қағидаттары қамтамасыз етіледі. Судьялардың кадрлық ұтқырлығы арттырылатын болады, олардың сот әкімшілігі органдарының жұмысына қатысуының және оқыту бағдарламаларын іске асырудың жаңа тетіктері енгізіледі. Соттар мен судьяларды мамандандыру бойынша жұмыс жалғасады, қосымша мамандандырылған соттарды құру мүмкіндігі қаралады.

      Сот билігінің қызметін толық, объективті және қалтықсыз жариялау қамтамасыз етілетін болады.

      4.14 "Алқабилер сотының қолданылу тетігін жақсарту және оның аясын бұдан әрі кеңейту" бастамасы. Алқабилер сотының жұмысын ұйымдастырудың байланыстарды, оның ішінде судьялармен байланыстарды шектеуді, жауаптылықты арттыруды және басқаларды қамтитын белгілі әлемдік моделі таңдалады және қабылданады. Сотта үміткерлердің және алқабилерді іріктеу жүйесінің сапасын арттыру үшін алқа билер отырысына үміткерлер тізімін (бірыңғай, қосалқы, қосымша) автоматтандырылған түрде қалыптастыруға баса назар аударылатын болады. Болашақта алқабилер соты қолданылатын қылмыстық істер санатын одан әрі арттыру қаралады.

      4.15 "Сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыру" бастамасы. Атқарушылық іс жүргізу сот актілерін жеке орындау институтын дамыту, сот орындаушыларының іс жүргізу әрекеттерін барынша автоматтандыру арқылы жүзеге асырылады.

      4.16 "Қылмыстық-құқықтық шараларды жетілдіру" бастамасы. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шаралар кеңінен қолданылатын болады. Қылмыстық жазаларды орындау жүйесі жалпыға танылған халықаралық стандарттарға жақындатылады. Бас бостандығынан айыру орындарында адамның қауіпсіздігі, жазаның осы түрін өтеп жатқан адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталады. Сотталған адамның күндізгі уақытта мекеме шегінде жүріп-тұруы мен адамдармен қарым-қатынас жасауы, түнгі уақытта жеке үй-жайда оқшаулану мүмкіндігі болатын, ұстаудың камералық тәртібіне біртіндеп көшу жүзеге асырылатын болады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қоғамның толық мүшелері ретінде әлеуметтендіруге бағытталған жүйелік шаралар қабылданатын болады.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейту" басымдығы

      Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу елдегі сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейін төмендету үшін басты міндет болып табылады. ЭЫДҰ Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің негізгі төрт қағидатының бірі ретінде алдын алу шараларын белгілейді. Ағымдағы мақсат – халықтың және бизнестің тарапынан "заңсыз әрекеттерге деген талапты", сондай-ақ оларды жүзеге асыру мүмкіндігін төмендетіп, алдын алу шараларын айтарлықтай күшейту.

      Басымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі, алдын алу шараларын ауқымды қолдануға және қылмыстық-құқықтық құралдарды әсіресе сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салаларда нақты пайдалануға бағытталатын болады.

      Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мынадай:

      сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары процестерді оңтайландыру және оңайлату;

      дерекқорлар және талдама есебінен ашықтықты арттыру міндеттері қойылды.

      "Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары процестерді оңтайландыру және оңайлату" міндеті

      Азаматтар мен бизнес үшін маңызды қызметтер мен функцияларды оңайлату және цифрландыру, олардың ашықтығын арттыру заңсыз әрекеттерді жасаудың қажеттілігі мен мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының аса маңызды салаларында кезең-кезеңмен қолданылатын болады, оларға нәтижесі бойынша "сыбайлас жемқорлықтан еркін аймақтар" деген жария мәртебе беріледі.

      4.17 "Азаматтардың мемлекетпен байланыстарын одан әрі оңайлату" бастамасы. Халықтың мемлекетпен өзара іс-әрекеттесуінің барлық нүктелеріне аудит жүргізіледі және оңайлатуға немесе автоматтандыруға әлеуеті бар мемлекеттік қызметтер мен функциялар айқындалады, электронды түрде немесе "бір терезе" қағидаты бойынша қол жетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі артады. Болашақта "бір өтініш" қағидаты енгізіледі (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қосымша құжаттар ұсынусыз, өтініш пен жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі негізінде көрсетіледі). Келесі қадам "Барыншы белсенді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" тұжырымдамасын іске асыру болады, бұл кезде азамат қандай да бір сұрау салусыз мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудың қажеттілігі туралы автоматты түрде хабарлама алады.

      4.18 "Процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ету" бастамасы. Мемлекеттік органдарда белгілі бір өлшемшарттарға жатқызылатын барлық процестер автоматтандырылады. Бірқатар мемлекеттік функцияларды құру мүмкіндігі, мысалы, блокчейн сияқты құқықтарды белгілеу және өзгерту процесін автоматтандыратын және даулы мәселелерді болдырмайтын технологиялар базасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу зерделенеді.

      4.19 "Сатып алу жүйесін жетілдіру" бастамасы. ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес, сатып алу процесін жосықсыз ұйымдастыруға күдік туындағанда немесе анықталған жағдайда әрекетте туралы мемлекеттік сатып алу қатысушысына нұсқау әзірленетін болады. Сатып алудың бірыңғай тәсілдерін белгілеу, жауаптылықты және бақылауды күшейту мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын реттеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

      "Дерекқорлар және талдама есебінен ашықтықты арттыру" міндеті

      Деректердің ашықтығы заңға қайшы әрекеттерді жасау үшін алғышарттарды жоюға қажетті шарттарының бірі болып табылады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды және олардың алдын алу бойынша ұсынымдарды қалыптастыруды оңайлатады.

      4.20 "Бірыңғай дерекқорлар құру" бастамасы. Осы бастаманың шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне, оның ішінде "электрондық үкімет" порталында ведомствоаралық интеграция жүргізу жоспарлануда. Мысалы, бірыңғай дерекқорлар мемлекеттік сатып алу салаларын, жер учаскелері туралы деректерді және басқаларын қамтиды.

      4.21 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болжаудың заманауи әдістерін енгізу" бастамасы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және болжау дерекқорларды пайдалана отырып барынша белсенді талдаманың заманауи әдістерімен толықтырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде анықталған ұсынымдарды енгізу сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен шарттарды жою мақсатында заңнамада бекітіледі.

      "Тұрақты құқықтық мәдениетті қалыптастыру" басымдығы

      Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстардың үлкен бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, біршама бөлігі заңдарды білуді, түсінуді және сақтауды білдіретін құқықтық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыру саласында жүргізілуде. Бұл ретте кейбір мемлекеттік органдарға азаматтардан түсетін өтініштердің айтарлықтай бөлігі (30-50 %) заңдарды түсіндіру қажеттілігімен байланысты. Басымдықтың басты міндеттері – заңдардың және нормативтік құқықтық актілердің халыққа түсінікті тілдік стильде және форматта берілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына құқықтық оқытудың заманауи форматтарын енгізуді қамтамасыз ету. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда қоғамдық бақылау бағдарламаларын жалпыға танымал ете отырып, оны таратуға азаматтардың өздерін тарту үшін маңызды орын беріледі.

      Болашақта мынадай:

      заңдардың сақталмауына және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту;

      қоғамдық бақылауды жалпыға танымал ету және мемлекеттік институттарға сенімді арттыру міндеттерінің шешілуіне басты назар аудару қажет.


      "Заңдардың сақталмауына және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту" міндеті

      Азаматтар мен бизнестің өз құқықтары туралы хабардар болуы, оларға құқықтық қоғамның артықшылықтарын түсіндіру сыбайлас жемқорлыққа төзушілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

      4.22 "Құқықтық тәрбие және білім беру бағдарламаларын кеңейту" бастамасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және білім берудің қолданыстағы бағдарламасы құқық қорғаудың басқа да аспектілеріне, оның ішінде адам құқықтары, Еңбек кодексі қолданылады Бағдарлама азаматтарға арналған іс-шараларды және жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілер үшін түсіндіру жұмыстарын қамтиды. Электрондық құқықтық білім беру тұжырымдамасы енгізілетін болады. Заңнаманы қолданудың мағынасы мен қағидаттарын түсіндіретін оңайлатылған форматтағы өзекті құқықтық құжаттардан тұратын ашық ақпараттық-құқықтық ресурс құру жоспарлануда. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын, мемлекеттік қызметшілердің арасында заң жөніндегі сауаттылығын арттыру, азаматтардың күнделікті өмірінде аса қажет болатын құқық салаларындағы өзекті проблемалар бойынша ақпараттық ресурстардың көлемін кеңейту мен сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасады.

      4.23 "Заңдарды сақтамауға төзбеушілікті дамыту бойынша қолданылатын жанама шараларды кеңейту" бастамасы. Әрбір азаматқа сыбайлас жемқорлықтың зардабын түсіндіретін, заңдарды сақтамау мен сыбайлай жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша түсіндіру бағдарламасы кеңейтілетін болады. Нәтижелерін ашық жариялаумен төзімсіздік деңгейін тұрақты түрде өлшеу жоспарланады.

      "Қоғамдық бақылауды танымал ету және мемлекеттік институттарға сенімді арттыру" міндеті.

      Қоғамдық бақылау құқық бұзушылыққа қарсы күреске әрбір азаматты тартуға мүмкіндік береді.

      4.24 "Қоғамдық бақылау бағдарламаларын танымал ету" бастамасы. "Азаматтық бақылау" және "Мемлекеттік қызметтегі этика" сияқты заңдарды сақтауды қоғамдық бақылау бағдарламаларын тарату және жария ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Заңнамада анонимділік қағидатын және теріс пайдаланулар туралы хабарлайтын адамдарды қорғау, сондай-ақ осындай адамдарға кедергі келтіретіндерге қатысты санкциялар көзделеді.

      4.25 "Мемлекеттiк институттарға сенiм деңгейi бойынша тиімділіктің басты көрсеткiштерiн енгізу" бастамасы.

      Электронды үкімет базасында оны мониторингілеу және ашық жариялаумен, мемлекеттік институттарға қоғамның сенім деңгейін бағалайтын тиімділіктің басты көрсеткіші енгізілетін болады. Мониторингтің нәтижелері мемлекеттік институттар мен олардың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерін марапаттау және олардың үздік тәжірибесін тарату үшін пайдаланылатын болады.

      4.26 "Сөз бостандығы мен БАҚ-ты дамыту" бастамасы. БАҚ қоғамдық мүддені қорғаушы рөлін атқара алуы үшін ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесіне сәйкес олардың ақпаратқа қол жеткізуін және пікірлерін еркін білдіруін, журналистік тергеп-тексеру және басқаларын жүргізу кезінде журналистерді және ақпарат көздерін қорғауға кепілдік беруді қамтамасыз ету қажет. Этика, кәсібилік деңгейін көтеру, БАҚ-ты ырықтандыру және оның ашықтығы үшін БАҚ бәсекелестік қолдау табады, ол тәуелсіз ақпараттық ресурстарды және халықаралық Мемлекеттік органдар басшыларының жұртшылыққа есеп беру практикасы одан әрі дамытылады.

      Күтілетін нәтижелер

      Сыбайлас жемқорлықты қысқарту бойынша оң өзгерістер (Transparency International сыбайлас жемқолықты түйсіну индексі 435 балға дейін өседі) және құқықтық мәдениетті тәрбиелеу экономикаға кешенді ықпал етеді. Олар жеке инвестицияларды ынталандыру (бұл жанама түрде негізгі капиталға инвестициялардың өсуіне өзінің үлесін – 2025 жылға қарай ЖІӨ-ден 19,4%-ға дейі береді), жеке бизнестің өсуі, адами капиталды тарту және дамыту бойынша жүйелік реформалар шеңберінде қабылданатын шаралардың әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді. Елде сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі сыбайлас жемқорлықтан залалды жылына 2%-ға дейін қосымша экономикалық өсуге айналдыруға мүмкіндік береді. Аталған реформа бойынша қабылданған шаралар TheWorldJusticeProject заң үстемдігі индексі бойынша позицияларды әлемде 55-60-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.

5-реформа. Мықты өңірлер және урбандалу

      Реформаның мәні. Реформа еліміздің барлық аймақтарында өмір сүру сапасын қамтамасыз ету кезінде жергілікті әлеуетті (экономикалық резервтерді) тиімді пайдаланумен қамтамасыз етілетін өңірлердің экономикалық өсуі есебінен еліміздің ЖІӨ-арттыруға бағытталған.

      2025 жылға қарай Қазақстанда орын алатын қағидатты өзгерістер:

      орталықтандырылған жоспарлаудан және ресурстарды бөлуден – экономикалық дербестік пен бюджетті ұтымды пайдалану үшін өңірлердің жауапкершілігіне;

      бюджеттен трансферттер мен субсидиялар бөлу арқылы өңірлерді қолдаудан – өңірлерді дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуға;

      ұлттық жоспарлардың "шартты" орындалуынан – аймақаралық бәсекелестік және кооперация жағдайларында нәтижеге бағдарлануға;

      ішкі дамуды ескере отырып аймақтық жоспарлаудан – бірыңғай экономикалық нарық ретінде аумақтық дамуды үйлестіруге;

      бүкіл елдегі өмір сүрудің базалық деңгейін теңестіру тәсілінен – өмір сүрудің негізгі сапасына және барлық азаматтар үшін ұтқырлыққа.

      Алдағы міндеттер

      Реформа аясында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, урбандалу және байланыста болуды қамтамасыз ету және барлық өңірлерде өмір сүрудің базалық деңгейін қамтамасыз ету сияқты үш басты басымдық айқындалды.

      Өңірлік саясаттың бағыты шығыстарды теңестіруден өңірлердің меншік кірістері өсімін ынталандыруға ауыстырылатын болады. Өңірлердің бәсекеге қабілетін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарды ынталандыру жүйесін қалыптастыру қажет. Өңірлік саралауды азайтуға қол жеткізу ресурстарды өңірлер арасында қайта бөлу есебінен емес, өңірлердің өздері жүзеге асыратын даму жолдары мен көздерін іздестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай ауысу фискалды және бюджеттік саясатты өзгертуді, жеке инвестицияларды тарту бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін жандандыруды және өндірістің экспортқа бағдарлануын талап етеді. Бұдан басқа жоспарлау жүйесінің "төменнен-жоғарыға" жүйесін енгізу арқылы өңірдегі мүдделерді ескеруді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өзгеріс енгізу қажет.

      Нашар дамыған өңірлерге субсидиялар мен трансферттер беру саясатынан алшақтау тұрақты сипатқа ие болуы тиіс, бұл оларда өмір сүрудің базалық деңгейін сақтау және қамтамасыз ету үшін қажет. Базалық деңгейде барлық өңірлерде сапалы білім беру, денсаулық сақтау қызметтері, қолжетімді баспана, қоршаған ортаның сапасын арттыруды қамтамасыз ету қажет.

      "Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру" басымдығы

      Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мынадай:

      өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету;

      өңіраралық бәсекелестікті пен кооперацияны дамыту міндеттерін шешу қажет.

      "Өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету" міндеті

      Бұл міндет өкілеттіктерді одан әрі беру есебінен өңірлердің экономикалық, кадрлық дербестігін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге дербестікті ұлғайту жергілікті билік органдарының есептілігін күшейтуді білдіреді.

      5.1 "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді одан әрі беру" бастамасы. Өкілеттіктерді одан әрі беру: орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жергілікті биліктің жоғары тұрған органдарынан төменгі тұрған органдарына дейінгі мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін қамтиды.

      Республикалық деңгейде қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті, бірыңғай салықтық, бюджеттік, көліктік-коммуникациялық және энергетикалық, әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету және басқа да сияқты бірқатар стратегиялық мәселелер сақталатын болады. Өңірлердің олардың алдына қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі үшін саясаттың қажетті шараларын дербес айқындау бойынша өкілеттіктері кеңейтілетін болады. Атап айтқанда, бұл бизнеске қолдау көрсету, инвестиция тарту, жұмысқа орналасуға ықпал ету, инфрақұрылымды дамыту сияқты қолдау жолдарын таңдауға қатысты.

      Бұл ретте, өкілеттіктерді қайта бөлу тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жаңа функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін операциялық және техникалық институционалдық дайындығын қамтамасыз етумен сүйемелденетін болады. Жаңа функциялар мен өкілеттіктерді орындау үшін тиісті кадрлық және материалдық-техникалық ресурстар қамтамасыз етілетін болады.

      5.2 "Өңірлердің экономикалық дербестігін арттыру" бастамасы. Жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттерге және субсидияларға тәуелділігін төмендету және олардың мықты жақтары мен бәсекеге қабілеттілік әлеуеттеріне сәйкес өңірлердің экономикасын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға ынталандыру қажет.

      Жергiлiктi атқарушы органдардың кірістік базасы капиталдың ұлттық нарығына инвестициялық қарыздарды тарту және кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру нәтижесінде салықтық базаны арттыру есебінен кеңейтілетін болады.

      5.3 "Жергілікті жерлерде кадрлар ресурсын басқару" бастамасы.

      Биліктің барлық деңгейлерін білікті кадрлар құрамымен қамтамасыз ету үшін штатты күшейту және жергілікті атқарушы органдардың біліктілігін көтеру, сондай-ақ олардың еңбегіне ақыны кеңейтілген өкілеттіктер мен функцияларға сәйкес көтеру бойынша шаралар қабылданатын болады. Өңірлердегі бағалау мен еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі шеңберінде қызметкерлердің қызметі мен құзіреті нәтижелерін ескере отырып, өңірлерде бағалау мен бонустық жүйенің алдыңғы қатарлы әдістерін кезең-кезеңмен енгізу қамтамасыз етіледі.

      5.4 "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын одан әрі нығайту" бастамасы. Өңірлік маңызы бар қалалар, ауылдар, елді мекендер, ауылдық округтер деңгейінде өкілетті жергілікті өзін-өзі басқару органын құру мәселесі пысықталады, бұл жергілікті қауымдастықтың бюджетті бекітуге қатысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің кіріс көздерін одан әрі арттыру мәселесі де қаралады. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында ауылда мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік қолдау шаралары көзделетін болады.

      5.5 "Жергілікті биліктің есептілігін қамтамасыз ету" бастамасы. Жергілікті биліктің есептілігі тиісті мәслихаттар, халық, бизнес пен сараптамалық қауымдастық алдында тұрақты есеп берудің толықтығын, ашықтығын, қолжетімділігі мен дұрыстығын арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Азаматтар жергілікті деңгейде мемлекеттік қаржыны басқару және бюджетті құру туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізеді. Бюджеттік процесс бөлігінде мәслихаттардың құзіретін арттыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. Бұдан басқа, бюджеттік процес туралы ашық және дұрыс ақпарат ұсынуды қоса алғанда, мәслихаттарға қажетті қолдау көрсету үшін тәуелсіз зерттеу ведомствосын құру мүмкіндігі қаралатын болады.

      "Өңіраралық бәсекелестік пен кооперацияны дамыту" міндеті

      Өңірлерді дамыту үшін маңызды ынталандыру республикалық бюджеттен инвестициялық қаражаттарды алу үшін бизнесті жүргізудің жеңілдігі мен жарыспалылығы бойынша өңірлердің рейтингі негізінде олардың арасындағы бәсекелестік болуы тиіс. Бұл ретте, бәсекелестік өңірлерді оқшаулауға себеп болмай, керісінше, мүмкіндіктерді іздестіру және ресурстарды оңтайландыру бойынша аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз етуі тиіс болады.

      5.6 "Бизнесті жүргізудің жеңілдігі жөніндегі өңірлік рейтинг жүйесін енгізу" бастамасы. Экономикалық көрсеткіштерге және бизнес пікіртерімдері нәтижелеріне құрылған рейтингілер түріндегі аймақтарды салыстыру құралы әзірленеді және енгізіледі. Рейтингінің негізгі мақсаты, мысалы, желілерге қосылуды, жерге қол жеткізуді, іс-әрекеттердің айқын бағыттарын қамтамасыз ету есебінен, экономикалық даму, бизнес үшін жағдай жасау бөлігінде өңірлер арасындағы бәсекелестікті ынталандыру болады. Рейтинг жыл сайын жаңартылады, ашық түрде жарияланады және оның негізінде өңірлердің арасындағы үздік практиканы жинау мен тарату жүзеге асырылатын болады.

      5.7 "Республикалық бюджеттен инвестицияларды негіздеу процесін енгізу" бастамасы. Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жергілікті жобаларды анықтаған кезде мемлекеттік бюджеттің қатысуы инфрақұрылымның дамуымен шектелген, жеке сектормен бірлесіп қаржыландырылатын жобаларға басымдық берілетін болады. Салым бірлігіне шаққанда ең көп адам санын қамтитын және өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңартуға, цифрландыруға және экспортқа бағдарланған тауарларды шығаруға бағытталған жобаларға басымдық беріледі.

      5.8 "Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ынталандыру" бастамасы. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралдарының бірі бірнеше өңірдің дамуындағы синергетикалық әсер алу үшін өңірлердің арасындағы кооперация болады. Аумақтық кластерлерді және өңірлераралық инвестициялық жобаларды құруды көтермелеу үшін оларды қаржыландыруға бюджет қаражаты бөлінетін болады (барлық заңнамалық тосқауылдарды жою болжанады).

      5.9 "Перспективалы елді мекендердің дамуын үйлестіру" бастамасы. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру нәтижесінде өңірлердің дамуы үйлестірілген және келісілген болады. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе хаб-қалаларында макроөңірлердің экономикалық белсенділік орталықтарымен, капиталдарды, ресурстарды, алдыңғы қатарлы технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді шоғырландырудың бірыңғай экономикалық нарығын құруға бағытталған шараларды іске асыру жалғасады.

      "Урбандалу және байланысты қамтамасыз ету" басымдығы

      Урбандалу мен қалалық ортаны дамыту деңгейі жалпы елдің даму деңгейін көрсетеді және одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды фактор болып табылады. Орташа және шағын қалаларға мемлекеттік және жеке инвестицияларды, сондай-ақ еңбек ресурстарын тарту үшін мынадай:

      орташа және шағын қалалардың басымдығымен реттелетін урбандалу;

      экономикалық өсу орталықтары арасында көліктік байланыстылықты қамтамасыз ету шаралары іске асырылатын болады.

      "Орташа және шағын қалалардың басымдығымен реттелетін урбандалу" міндеті

      Мемлекет әсіресе ірі қалалар – агломерациялар орталықтарының ықпал ету аймағында орналасқан шағын және орташа қалалардың экономикалық дамуына, "SmartCity" тұжырымдамасы негізінде қалалық ортаны басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге, перспективалы елді мекендер мен өңірлердің дамуын үйлестіруге назар аударады.

      5.10 "Орташа және шағын қалаларды дамыту" бастамасы. Облыстық және аумақтық маңызы бар орташа және шағын қалалардың дамуына ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшін әлеуметтік инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтер саласын дамытуды басымдау, жеке кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасау, өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде орташа және шағын қалаларда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында "2020 жылға дейін өңірлерді дамыту" бағдарламалары және аумақтарды дамыту бағдарламалары қайта форматталады.

      Қолда бар әлеуетті ескере отырып, облыс орталықтарының және басқа да орташа қалалардың дамуы жөніндегі жұмысты негізінен жергілікті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. "Орталықтың" қатысуы ең алдымен ұлттық ауқымдағы ірі мемлекеттік жобаларда көзделеді.

      Сонымен бірге, перифериялық аумақтар депопулясының алдын алу мақсатында оларға жеке инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу арқылы перспективалы шағын және моноқалаларды дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. Қалаларды тиімді дамыту мақсатында қалалық басқару, экономикалық саясат, бюджетті қалыптастырудың, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды қолдауға арналған қаржылық құралдардың және басқаларының қазіргі заманғы қағидаларын ескеретін тиісті тұжырымдама қабылданатын болады. Ірі қалалар функционалды қалалық аудандар деп аталатын іргелес елді мекендермен қатар дамитын болады.

      Осы мақсатта тірек ауылдарда және шағын қалаларда көрсетілетін қызметтер, өңдеу өнеркәсібі салаларын дамытуға қажет шаралар қолданылатын болады.

      5.11 "SmartCity тұжырымдамасын іске асыру" бастамасы. Қазақстанның барлық қалаларында "SmartCity" тұжырымдамасы іске асырылатын болады, ол ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалану мен басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдануды көздейді. Қала өмірінің барлық салаларына, оның ішінде қаланың әлеуметтік, көліктік, инженерлік, энергетикалық, тұрғын үй және ақпараттық инфрақұрылымын басқару, коммуналдық қызмет көрсету, қала салуды жоспарлау, "ақылды" ғимараттар салу қоса алғанда цифрлық технологияларды енгізу қажет. "SmartCity" тұжырымдамасына көшу "ақылды қалаларды" салудың ұлттық стандарттарын енгізуді және аймақтық даму саласында тиісті бағдарламалық құжаттарды қайта қарауды талап етеді.

      "Экономикалық өсу орталықтары арасында көліктік байланысты қамтамасыз ету" міндеті

      Экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендердің қол жетімділігін арттыру және тұрақты өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жол және теміржол желісін салу және реконструкциялау қажет.

      5.12 "Шұғыла қағидаты бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру" бастамасы. Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент хаб-қалаларындағы орталықтарымен елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Макроөңірлер шегінде қалалар мен қала маңы араларында байланысты қамтамасыз ету үшін қала маңы көлігінің интеграцияланған инфрақұрылымы құрылады.

      Хаб-қалалар арасындағы жолға уақытты қысқарту мақсатында "Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы" бағыты бойынша "Орталық-Оңтүстік" жобасы, "Астана –Павлодар –Семей – Қалбатау – Өскемен" бағыты бойынша "Орталық-Шығыс" жобасы, "Астана –Арқалық – Торғай – Ырғыз – Шалқар –Қандыағаш" бағыты бойынша "Орталық-Батыс" жобасы іске асырылады. Облыс орталықтары хаб-қалалармен қосылатын болады, сонымен бірге облыстар шеңберінде орташа және шағын қалалар "шұғыла" қағидаты бойынша облыстық орталықтармен біріктірілетін болады.

      5.13 "Көлік қолжетімділігін арттыру" бастамасы. Таңдалған бағдарлар бойынша тасымалдау құнын азайту үшін көлік компанияларымен ұзақ мерзімдік келісімшарттарға көшу жүзеге асырылады және тиісті мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

      Бұл ретте, бірінші кезекте көліктік компанияларға қаржылық емес қолдау көрсету және мемлекет шығыстарын ұлғайтуға алып келмейтін қолдау қаралады. Мысалы, "бағдарлар топтамаларын" сату есебінен тасымалдар құнын субсидиялау тетігін іске асыру мүмкіндігі қаралады, онда көліктік компания көп сұранысқа ие емес бағдарларда тасымал құны бойынша өздеріне міндеттемелер қабылдайды және сұранысқа ие бағдарларда жоғары бағаларды белгілеу құқығын алады.

      Бұдан басқа, жергілікті жерлерде қалалар мен жақын орналасқан елді мекендер арасында қызмет көрсетудің тиісті деңгейіндегі үздіксіз және қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануы тиіс. Бұл үлкен қалалардың әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымына жүктемені азайтуға және еңбек көші-қонын дамыуға мүмкіндік береді.

      "Барлық өңірлерде өмір сүрудің базалық деңгейін қамтамасыз ету" басымдығы

      Кез келген өңірдің тартымдылығы, оның бұдан әрі даму перспективалары және тұрғындардың әл-ауқаты деңгейі халықтың өмір сүру сапасымен айқындалады. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру – елдің леуметтік-экономикалық саясатының басты мақсаты. Өңірлердің ЖӨӨ арттыру салдары өңірлік еңбек нарықтарында сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті күшейту және өңірлер арасында халықтың өмір сүру сапасы мен кірісі бойынша айырмашылықты арттыру болуы мүмкін. Өмір сүрудің базалық деңгейін ұстап тұру үшін мынадай:

      базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету;

      экологиялық ахуалды жақсарту міндеттері іске асырылады

      "Базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету" міндеті

      Әсіресе шағын қалаларда және ауылдық жерде денсаулық сақтау және білім беру салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында білікті кадрларды дайындау, материалдық-техникалық базаны жақсарту, ресурстарды тиімді пайдалану, базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша объектілердің жұмыс істеу жағдайларын жақсарту қажет.

      5.14 "Өңірлерде сапалы білім мен денсаулық сақтаудың қол жетімділігі" бастамасы. Денсаулық сақтау инфрақұрылымы инвестицияларды тартуды және жеке меншік сектордың үлесін ұлғайтуды, ғимараттың дизайнына және инфрақұрылымын сүйемелдеуге технологиялық жаңашылдықтарды енгізуді көздейтін денсаулық сақтау желісін дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарының негізінде халықтың қажеттіліктерін есепке ала отырып қалыптастырылатын болады.

      Бұдан басқа инвестициялық жоба шеңберінде созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттерді қашықтықтан мониторингілеу бойынша мобильдік қосымшалар мен гаджеттерді енгізумен SMART-медицина технологиясын жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Медициналық ұйымдар қажетті IT-инфрақұрылымымен, интернет желісіне қол жеткізумен және көзделген қаражат шегінде меншікті бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған сертификатталған медициналық ақпараттық жүйелермен жасақталатын болады.

      Шалғайдағы елді мекендерде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында мектептердің жай-күйі жақсартылады және олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Интерактивті және инновациялық технологияларды қолданумен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады. Жақын орналасқан елді мекенде тұратын мектеп оқушылары үшін тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) ашу және мектеп көлігін іске қосу жұмысы жалғастырылады.

      5.15 "Өңірлерде денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландыруды қамтамасыз ету" бастамасы. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту қағидаты негізінде трансформациялау арқылы, оның ішінде тарифтік саясатты жетілдіру және негізгі құралдар амортизациясын өтеу мен бірлесіп төлем жасау тетігін жетілдіру мәселесін пысықтау арқылы денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін жетілдіру мүмкіндігі қаралады.

      Негізгі шаралар барлық әлеуметтік әріптестерді (мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтар) тарту арқылы қаржыландыру көздерін әртараптандыруға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде теңгерімделуді және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – АМСК) қаржыландырудың басым бағыты болады.

      Денсаулық сақтау мен білім беруде әлеуметтік саланың объектілерін салуға МЖӘ тетігін қолдану практикасы жалғасатын болады. Жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігі анықталған жағдайда, республикалық бюджеттен трансферттер өңірлердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіндегі елеулі үйлесімсіздіктерді жою және ұлттық мәні бар жобаларды іске асыру үшін ғана бөлінеді.

      5.16 "Жеке қауіпсіздікке кепілдік беруді қамтамасыз ету" бастамасы. Елдің әрбір өңірінде азаматтардың жеке қауіпсіздігінің базалық деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. Негізгі бағыт – ең жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың, мысалы, ұрлықтың алдын алу болады. Жаңа қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге, жасалған қылмыстарды ашуға және азаматтарды қорғау деңгейін арттыруға бағытталған жобалар, мысалы, "Ұрлыққа жол берме" форматындағы жобалар әзірленеді және енгізіледі.

      5.17 "Ауыз судың қолжетімділігін қамтамасыз ету" бастамасы. Халықты сапалы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ағынды суларды тазартудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау және су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы объектілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасатын болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай барлық қалалар орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі, ал ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету деңгейі 80 % құрайды.

      "Экологиялық ахуалды жақсарту" міндеті

      Қазақстанның экологиялық стандарттарын, оның ішінде елді мекендердің тозаңдылығы, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктің атмосфераға шығарындыларын, энергияның баламалы көздерін енгізу және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша дамыған елдердің деңгейіне дейін көтеру қажет.

      5.18 "Экологиялық стандарттарды қайта қарау" бастамасы. Халықаралық тәжірибе мен ел мүмкіндіктері негізінде Қазақстанның экологиялық стандарттарының тізімі техникалық және экономикалық тұрғыдан қайта қаралады.

      Тұрақты даму жөніндегі шараларды одан әрі мониторингілеу және әзірлеу үшін ластанудың өңірлік ерекшелігін, сондай-ақ эмиссия нормативтерін белгілеу кезінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, ластайтын заттар тізбесі айқындалатын болады.

      Бұдан басқа, әлемдік және халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар тұрақты негізде жандандырылады.

      5.19 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласын дамыту" бастамасы. ЭДЫҰ елдерінің алдыңғы қатарлы практикасын есепке ала отырып, "құрғақ" және "дымқыл" және басқа түрлері қағидаты бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әрі – ТҚҚ),бөлек жинауды; қоқыс шығаратын компаниялардың пресс-компакторы бар сұрыптау желілерін орнатуын, қайталама өнім, энергетикалық ресурстар (биогаз, электр қуаты), компос алумен, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша объектілерді салуды қамтитын тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) кәдеге жарату жөніндегі жүйелік шаралар қабылданады. Бағдарлама шеңберінде ТҚҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасалады, өңірлер ішінде және арасында қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар арасында, ынтымақтастық орнатылады. Бұдан басқа, халықтың экологиялық жағдай жөнінде хабардар болуын арттыру бойынша ақпараттық кампания ұйымдастырылады.

      5.20 "Ластаушы төлейді" қағидатын енгізу" бастамасы. Қоршаған орта ластануының алдын алу үшін қоршаған ортаға зиян келтірудің дәлелденген фактісіне негізделген "ластаушы төлейді" қағидаты бойынша үздік халықаралық тәжірибе зерделенеді және алынады, ол мемлекет тарапынан табиғатты қорғау жөніндегі іс-шаралардның кез келгенін субсидиялауды болдырмайды және қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілікті табиғатты пайдаланушыға жүктейді.

      5.21 "Компаниялар үшін кешенді экологиялық рұқсаттарды енгізу" бастамасы. Шекті жол берілетін эмиссияларды нормалауға негізделген кәсіпорындарды командалық-әкімшіліктік реттеудің орнына соңғы технологиялық әзірлемелерді қолданатын ("Қолданыстағы ең үздік технология" қағидаты негізінде) кешенді экологиялық шешімдерді ынталандыру жүйесі енгізілетін болады.

      Бұдан басқа, қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты дәлелдеріне негізделген жазалау мен айыппұлдар жүйесі енгізіледі. Алымдар мен айыппұлдарды жинау бөлігінде жүйені үйлестіру жүргізіледі, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріс салалары үшін залалды бағалаудың қағидалары бірегейлендіріледі, бұл өндіріп алуды айқын және объективті етуге мүмкіндік береді.

      5.22 "Кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау процесін өзгерту" бастамасы. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының экологиялық сауатты басқару шешімдерін қабылдауы үшін қоршаған ортаның жағдайына және халықтың денсаулығына кез келген шаруашылық қызметі әсерінің сипатын, белсенділігін және тәуекелдік дәрежесін анықтау процесі қоршаған ортаға әсер етуді бағалау процесіне өзгертілетін болады.

      5.23 "Қоршаған ортаны қорғау саясатын белсенді ілгерілету" бастамасы.Жарияланымдар (электрондық жіберілімдер, журналдар, телевизия), қағидалар мен қағидаттарды түсіндіре отырып, реттеуіш пен компаниялар арасында тікелей байланыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер үшін салалық наградаларды табыстау арқылы "жасыл экономиканы" кеңінен ілгерілетуге назар аударылатын болады.

      Күтілетін нәтижелер

      Әрбір өңірдің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын пайдалану, жергілікті жерлерде мүмкіндіктерді кеңейту, өңірлік мемлекеттік аппараттар қызметкерлерінің уәждерін күшейту, бизнесті жүргізудің жеңілдігін арттыру (Бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша Қазақстан Республикасының өңірлерінің ұлттық рейтингі арқылы өлшенетін болады) мен еңбек ресурстарының ағыны мен одан әрі урбандалу (урбандалған халықтың 60 % деңгейіне қол жеткізу күтілуде) үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету есебінен өңірлердің арасындағы ЖӨӨ бойынша айырмашылық 2,7 белгісіне дейін төмендейді (ЖӨӨ көрсеткіштері ең жоғарғы 8 өңір бойынша орташа мәннің көрсеткіштері ең төменгі 8 өңір бойынша орташа мәнге қатынасы) және өңірлердің теңгерімді экономикалық өсуі қамтамасыз етілетін болады. Әсіресе салыстырмалы түрде алғанда даму әлеуеті төмен өңірлерде өмір сүрудің базалық сапасын ұстап тұру БҰҰ-ның адам дамуы индексіндегі Қазақстанның позициясын 56-дан 40-ға дейін көтеру, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, нәрестелер өлімін төмендету (1000 тірі туған нәрестеге сәйкесінше 7,2-ге дейін), мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың 80 %-ын қамту сияқты өлшемдерде көрініс табады.

6-реформа. Қоғамдық сананы жаңғырту

      Реформаның мәні: "Қоғамдық сананы жаңғырту" реформасы күшті және жауапты адамдардың бірыңғай ұлтын қалыптастыруға бағытталған. Оның негізгі нәтижесі тұрғындардың өз болашағына деген жауаптылығының, жеке бәскелелістікке қабілеттілігі мен прагматизмінің артуы, сондай-ақ ұлттық мәдениетті ілгерілету және экстремистік идеологияның тарауына жол бермеу болып табылады.

      Қазақстанда үшін 2025жылға қарай орын алатын қағидатты өзгерістер:

      "тек өзімнің және өзіме жақын ортамның қамын ойлаймын" деген көзқарастан – қалаға және елге қамқорлық жасайтын "жауапты азаматқа";

      жас ұрпақтың еліктеуі үшін іріктемелі үлгілерден – өмірдің барлық салаларындағы рөлдік модельдерге;

      шетелдік мәдениетті ішінара қабылдаудан – елде де, одан тыс жерлерде де ұлттық мәдениетті ілгерілетуге.

      Алдағы міндеттер

      Саяси жүйені және экономиканы сәтті жаңғырту үшін халықты барынша тарту талап етіледі. Сондықтан кең ауқымды түрленулер қоғамдық сананы жаңғыртумен қатар жүруі тиіс, бұл мықты да, жауапты адамдардың біртұтас

      ұлты болып қалыптасуға мүмкіндік береді. Бұл процестің маңызды шарты жүргізіліп отырған жаңғырту сәттілігінің іргетасы ретінде ұлттық бірегейлікті сақтап қалу болып табылады. Бұл үшін келешек ұрпақты Қазақстандық табысты тұлғалардың үлгісінде тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де насихаттау, сондай-ақ қоғамда экстремизмге нөлдік төзімділікті қалыптастыру қажет. Отбасылық саясатты қалыптастырудағы жеке көзқарасымызды айқындаудың маңызы зор, өйткені адами капиталдың сапасына әсер ететін барлық әлеуметтік институттар арасында отбасының маңызы ерекше. Әрбір адамның тұлға ретінде дамуы да өзгеше маңызды, бұл жоғары білікті, жауапты адамдар резервін қалыптастырады. Бұдан басқа, осындай резервті қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын одан әрі насихаттау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін мүмкіндік беру, сондай-ақ "жауапты азаматтарды" тәрбиелеу қажет. Өз еліне, өз ауылына, қаласына, өңіріне, өз отанына деген сүйіспеншіліктен басталатын патриотизмге тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Ел Президенті "Туған жер" бағдарламасын ұсынды, ол кейін "Туған ел" деп аталатын ауқымды бағдарламаға ұласуы тиіс.

      "Өмірге прагматикалық көзқарасты қалыптастыру" басымдығы

      Прагматикалық көзқара өзінің ұлттық және жеке ресурстарын нақты түсінуді, оларды үнеммен жұмсауды, өзінің болашағын жоспарлай білуді танытады. Өзінің біліміне, салауатты өмір салтын ұстануына және кәсіби жетістіктеріне назар аудара отырып, өмір сүруге ұтымды көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеуге баса назар аударылады. Нәтижесінде, жеке адам ретінде де, тұтастай ұлт ретінде де, өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылу ел дамуының негізі болады. Осыған байланысты күш-жігерді мынадай:

      "жауапты азамат" бейнесін танымал ету;

      салауатты өмір салтын танымал ету және бұқаралық спортқа қолдау көрсету міндеттеріне бағыттау қажет.

      "Жауапты азамат" бейнесін танымал ету" міндеті

      Міндеттің аясында қоршаған әлемге жауапты қарауға, жергілікті және ұлттық деңгейде қоғамдық өмірге белсене араласуға, қатысушылық пен бастамашылық сезімін дамытуға бағытталған әрбір азаматтың сана-сезімін жаңғыртуға үшін негіз қамтамасыз етілетін болады. Бұл халықтың бойында заманауи қоғамның жаңа мәдениеті – ұстамдылық, ауқаттылық және рационалдылық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламада жаңа жаңғыртылған қоғам құру үшін негізінен жастарға сенім артылады.

      6.1 "Азаматтардың бойында "меншік иесі" мәдениетін дамыту" бастамасы. Білім беру қызметі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жеке өзінің меншігі үшін ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншік үшін де жауапты болу тұрғысынан жүзеге асырылады. Әлеуметтік бастамалардың картасы

      әзірленіп, жүзеге асырылатын болады, өздерінің ұсыныстарын беру және маңызды мәселелер бойынша шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі арқылы азаматтардың елді мекендердің әлеуметтік өміріне тартылуын қамтамасыз етеді.

      6.2 "ҮЕҰ, мемлекет және бизнестің үшжақты әріптестігі жүйесін құру" бастамасы. Әлеуметтік бастамаларды іске асыру, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде үкімет емес ұйымдырдың (бұдан әрі –ҮЕҰ) мемлекетпен және бизнеспен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін алаң және тұрақты құқықтық база құрылады. Жобалардың, бағдарламалардың нәтижелері мен ықпалын қоса алғанда, ҮЕҰ қызметінің әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың кешенді әдістемесі әзірленеді және енгізіледі. Азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысу жүйесін жетілдіру үшін қоғамдық кеңестер қызметі, қоғамдық бақылау жүйесі жетілдіріледі, сондай-ақ жаңа әлеуметтік технологиялар енгізіледі.

      6.3 "Халық арасында "экологиялық" мәдениетті дамыту" бастамасы. Жеке және өнеркәсіптік тұтыну кезінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану идеясын таратуға бағытталған ақпараттық-насихаттау қызметі жүзеге асырылады.

      "Салауатты өмір салтын танымал ету" міндеті

      Міндеттің аясында салауатты өмір салтын ұстанатын, таза және экологиялық тағамдармен дұрыс тамақтанатын, спортпен айналысатын адамдардың санын көбейтуге ерекше назар аударылатын болады. Салауатты ұлтты қалыптастыру үшін жағдай жасау адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттырады, денсаулық сақтау шығыстарын азайтады, өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін және еңбек өнімділігін арттырады.

      6.4 "Бұқаралық спортпен айналысуды насихаттау" бастамасы. Ең алдымен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің қол жетімділігін арттыру және мәдени-бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу есебінен спортпен айналысуға халықты жаппай тарту қамтамасыз етілетін болады. Спорттық объектілер халықтың тығыздығын, көлікке қолжетімділігін және спорттың дамып отырған түрлерін ескере отырып орналастырылатын болады. Дене шынықтыру дайындығының балалар-жасөспірімдер клубтарының желісін құру және жалпы білім беретін мектептердің жанында Отбасылық спорт күнін өткізу бойынша жұмыс жалғасады. Халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпы ұлттық жүйесі қалыптастады, оның шеңберінде азаматтардың жеке ерекшеліктеріне байланысты таңғы және өндірістік гимнастиканы қоса алғанда, қозғалу белсенділігінің көлемі блйынша ұсынымдар әзірленеді және енгізіледі.

      Жұқпалы емес аурулардың дамуы тәуекелінің басқарылатын факторларының әсерін төмендету жөніндегі шараларды, оның ішінде тұзды және қантты шамадан тыс пайдалануды, алкоголь мен темекіні тұтынуды төмендету арқылы дұрыс тамақтануды насихаттауды жалғастыру қажет.

      6.5 "Цифлық платформалар негізінде салауатты өмір салтын насихаттау" бастамасы. Жиі кездесетін және қауіпті аурулар, олардың алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану қағидаттары, спортпен шұғылдану мүмкіндіктері туралы ақпарат, оның ішінде осы саладағы жүргізіліп жатқан акциялар мен бастамалар туралы мәліметтер әлеуметтік желілерде және мобильді қосымшаларда насихатталады.

      6.6 "Спорт саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту" бастамасы.Спорттық менеджмент, спорт жаттықтырушысы, спорттық медицина, спорттық психология сияқты мамандандыру бойынша оқу орындарында бейінді спорттық білім беру бағдарламаларын құру және жақсарту мүмкіндігі қаралатын болады. Негізгі мақсат әуесқойлық және кәсіби спорт саласында мамандарды даярлау сапасын арттыру болады.

      "Ұлттық бірегейлікті сақтау" басымдығы

      Қоғамдық сананы жаңғырту процесінде ұлттық салт-дәстүрді, тілді, музыканы, әдебиеті сақтаудың маңызы зор. Қазақстанда әрбір адам жеке үлесі мен жеке кәсіби қасиеттері бойынша бағаланатын меритократиялық қоғам құрылады. Осыған байланысты, бәсекеге қабілетті азаматтың "рөлдік модельдерін" таңдап, оларды танымалы етуді жүзеге асырудың маңызы айрықша зор.

      Ұлттық деңгейде әлемдік нарықтарға шыға алатын, бәсекеге қабілетті, қол жетімді мәдени ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету талап етіледі. Мәдениет саласында талантты және перспективалы қайраткерлерді одан әрі ынталандыру және қолдау көрсету, сондай-ақ барлық мәдениет ұйымдарының қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізе отырып, мәдени өнімдерге жоғары сұранысты жандандыру қажет. Салауатты өмір салтын насихаттайтын бағдарламалармен қатар бос уақыт мәдениетін қалыптастыру, әдебиетке, өнерге, тарихқа және қасиетті жерлерге деген қызығушылықты арттыру бойынша шараларды іске асыру талап етіледі.

      Сонымен бірге, отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Отбасы мен неке, отбасылық тәрбие мен қоғамдағы әйелдер мен ерлердің теңдігі мәселелері алдыңғы қатарда болуы тиіс. Сондай-ақ, экстремизмнің таралуына жол бермеу бойынша дәйекті және жүйелі жұмыс істеудің маңызы зор.

      Осыған байланысты күш-жігерді мынадай:

      бәсекеге қабілетті, қол жетімді мәдени ортаны қалыптастыру, шығармашылықты қолдау;

      отбасылық құндылықтарды сақтау және гендерлік кемсітушілікке жол бермеу;

      экстремизмнің таралуын болдырмау міндеттерін шешуге бағыттау қажет.

      "Бәсекеге қабілетті, қол жетімді мәдени ортаны қалыптастыру, шығармашылықты қолдау" міндеті

      Мәдениетті өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде тану отандық мәдениетті әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялауды, сондай-ақ Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын елімізде және шетелде кеңінен танытуды, өзінің мәдени брендтерін қалыптастыруды талап етеді. Осы міндеттің шеңберінде халықтың қалың тобы арасында талғам мен жоғары эстетикалық құндылықтарды тәрбиелеу, олардың сабақтастығын, саланың инновациялық дамуын ынталандыру және еліміздің мәдени өміріне кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасалатын болады. Бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамытуға құрылған құндылықтар жүйесі, шығармашылық белсенділік және мәдениеттің сұранысқа ие болатын өнімдерін жасау қабілеті ықпал етеді. Бұл ретте, тарихи тәжірибе мен дәстүрлер жаңғырту сәттілігінің маңызды алғышарты және міндетті шарты болады.

      6.7 "Үш тілділік бағдарламасын енгізу" бастамасы. Шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін үйрету мүмкіндіктерімен халықты барынша мол қамту қамтамасыз етіледі. Білім берудің барлық деңгейлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша үш тілдікті енгізу жалғасады. Бағдарлама шеңберінде қазақ әліпбиін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру жүзеге асырылады.

      6.8 "Әлемдегі үздік білімге қол жеткізу"бастамасы. Осы бастаманың шеңберінде әлемдік үздік тәжірибенің оң элементтерінің қолданыстағы мәдени-білім беру модельдерімен және стандарттарымен синтезделуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік кітаптар қазақ тіліне аударылатын болады.

      6.9 "Шығармашылықтыынталандыру және оған қолдау көрсету" бастамасы. Талантты адамдарды іріктеу, оларға қолдау көрсету және оларды танытудың үздіксіз тұтас жүйесі құрылады, сондай-ақ дуальды оқытудың "мектептен үлкен өмірге дейін" қағидаты бойынша өмір бойы үздіксіз білім алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Қолайлы креативті ортаны қалыптастыру үшін шығармашылық бірлестіктердің, мәдениет ұйымдарының, мәдени-туристік кластерлердің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға жағдайлар жасалады. Бұл ретте, бос уақыт мәдениетінің әлемдегі аса танымалы және сұранысқа ие нысандары, сондай-ақ әдебиет пен өнерге қоғамдық қызығушылықты арттыру кең насихатталады.

      6.10 "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын ұйымдастыру"бастамасы. Өзіміздің ұлттық рәмізімізді құру және тарихи-мәдени объектілерді адамдар көп баратын жерлерге айналдыру, оларды барлық қазақстандықтардың ұлттық санасында сабақтастырып, елдің бірыңғай рухани белдеуіне біріктіруге мүмкіндік береді. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін ұлттық санада нығайту үшін киелі жерлердің географиясындағы олардың рөлі мен орны бойынша әрбір қазақстандыққа білім беру қамтамасыз етіледі. Киелі жерлер бойынша ішкі және сыртқы мәдени-туристік бағдарлар іске қосылады, оларды елде және әлемде кеңінен таныту қамтамасыз етіледі.

      6.11 "Өлке тану жұмысын ұйымдастыру және әлеуметтік бастамаларды қолдау" бастамасы. Бұл бастама шеңберінде білім беру, экология және абаттандыру, өңірдің тарихын зерделеу, мәдени-тарихи ескерткіштер мен жергілікті маңызы бар мәдени объектілерді қалпына келтіру саласында өлкетану жұмыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері мен жастар атынан өзінің туған жеріне қолдау көрсету үшін ұсынылатын әлеуметтік бастамаларға жәрдем көрсетіледі.

      "Отбасылық құндылықтарды сақтау және гендерлік кемсітушілікке жол бермеу" міндеті

      Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасының жан-жақты дамуына ықпал ететін қажетті жағдайларды жасау, ана, әке болуды және балаларды қорғау мемлекеттік отбасылық саясаттың негізі болады. Қазақстанның гендерлік саясаты қоғамның барлық салаларында ерлер мен әйелдердің паритеттік құқықтарға, жеңілдіктерге, міндеттерге және мүмкіндіктерге жетуге, сондай-ақ жыныстық белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін жеңуге бағытталатын болады.

      6.12 "Отбасылық және гендерлік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру" бастамасы. Осы бастаманың шеңберінде отбасылық қатынастар, ана мен баланы қорғау, балалардың тәрбиесі үшін жауапкершілікті арттыру саласында ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, жыныстық белгілері бойынша кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына жол бермеу мәселелерінде заңнаманы жетілдіру қамтамасыз етілетін болады. БҰҰ халықаралық талаптарына, Тұрақты даму мақсаттарына және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жыныстық белгілері бойынша кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына жол бермеу және олардың жолын кесу саласындағы заңнамалық актілерді жетілдіру жалғасады.

      6.13 "Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік реттеу және оған гендерлік әсерді бағалауды енгізу арқылы гендерлік теңдік институтын нығайту" бастамасы. Гендерлік саясат саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін уәкілетті орган айқындалады. Гендерлік тәсілдер, оның ішінде гендерлік статистика мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланады, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

      6.14 "Ерлер мен әйелдерді тең дәрежеде жұмыспен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау" бастамасы. Ұлттық шоттар жүйесіне бейресми секторда, күтім бойынша ескерілмеген үй еңбегінде, үй еңбегінде, жалдау бойынша үй жұмысында және басқаларында жұмыспен қамтылуды өлшейтін гендерлік-сезімтал көрсеткіштер қосылатын болады. Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек режимі мен еңбекті қорғау бойынша заңнама жетілдіріледі, еңбек жағдайлары жақсартылады, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу мен кеңейту мүмкіндіктері қаралады. Жұмыспен қамтылуға және кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдемдесу арқылы, оның ішінде әдетте ер адамдар жұмыс істейтін экономика секторларында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетіледі.

      6.15 "Кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті барлық ресурстарға ерлер мен әйелдердің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету" бастамасы. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ерлер мен әйелдер тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі. Тұрақты негізде тұрғылықты жері, жасы, мүгедектігі мен мүліктік жағдайы бойынша гендерлік аспектіде әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге талдау жүргізіледі. Әкімшілік ауыртпалық тосқауылдарын, шектен тыс нормативтік шектеулерді, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлерлігінің дамуы тосқауылдарын қысқарту бойынша саясат жетілдіріледі.

      6.16 "Гендерлік ағартуды ілгеріленту" бастамасы. Барлық жастағы адамдарды қамтитын және гендерлік стереотиптерді жоюға ықпал ететін гендерлік білім беру және халықты ағартудың дамыған жүйесі жұмыс істейді. Гендерлік теңдікке және деректерді жинау мен талдауды қоса алғанда, атап айтқанда мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың алдында гендерлік ықпалды бағалау бөлігінде гендерлік аспектілерді жан-жақты есепке алуға бағытталған білім беру мен біліктілікті арттыру бағдарламалары кеңейтілетін болады.

      6.17 "Ерлер мен әйелдердің тең әріптестігіне негізделген отбасылық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы отбасы институтын нығайту" бастамасы. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді ілгерілету, мәдени-ағарту және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтау бойынша жұмыс күшейтіледі, отбасы саясаты проблемаларын зерделеу бойынша институционалдық құрылымды айқындау мәселесі қаралады. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу үшін қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, асырап алу, баланы қабылдайтын отбасы сияқты балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту бойынша, сондай-ақ отбасылық типтегі балалар үйлерін құру бойынша жұмыс жандандырылатын болады. Заңнамалық реттеу шеңберінде кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар үшін жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қаралады. Барлық мүдделі тараптарды тартумен ата-аналардың, соның ішінде жалғыз басты ата-аналардың құзіреті моделі әзірленетін болады. Әкенің рөлін арттыру институты күшейтіліп, бала тәрбиеп отырған әкелердің құқықтарын іске асыру үшін тең жағдайлар қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде отбасыларға кәсіби көмек көрсету саласындағы ҮЕҰ-ның қызметі (отбасын ресурстық қолдау, дағдарыс орталықтары, сенім телефондары) күшейтілетін болады.

      "Экстремизмнің таралуына жол бермеу" міндеті

      Қазақстанда барлық дін өкілдерінің заң алдындағы теңдігі мен діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауға және діни нанымдарға құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастар қалыптасты.

      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы – әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылады, оның тарихы қазіргі әлемнің жағдайымен және оның даму динамикасымен, халықаралық саясат пен экономикадағы өзгерістермен, экстремизм мен терроризмге қарсы тұруымен тығыз байланысты. Осыған байланысты, деструктивті ағымдар идеологиясы таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау өте қажет.

      6.18 "Ұлттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық нормаларды уақтылы енгізу және дұрыс қолдану" бастамасы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде терроризм, этникалық және діни экстремизм, заңсыз көші-қон, нашақорлық және есірткі бизнесі, адам саудасы, компьютерлік қылмыс, атыс қаруын заңсыз дайындау және оның айналысы, сыбайлас жемқорлық сипатындағы, сондай-ақ ақша жылыстату саласына жататын халықаралық қылмыстың алдын алуға және оның таралуының жолын кесуге бағытталған құқықтық нормаларды уақтылы енгізу және дұрыс қолдану бойынша жұмыс жалғасатын болады.

      6.19 "Экстремизмнің алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру" бастамасы. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көпшілікке экстремизмнің қауіпі туралы объективті ақпаратты ұсынуға бағытталған жобалар арқылы мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы аясында жүзеге асырылатын болады. Спорттық-ойын-сауық іс-шараларының, лагерьлер мен клубтардың әлеуеті пайдаланылады. Бұл іс-шаралар патриотизм сезімін сіңіруге, зайырлы және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға жәрдемдесетін болады.

      6.20 "Экстремизмнің таралуына жол бермеу бойынша нақты алдын алу жұмыстары" бастамасы. Радикалдық идеялар таралуының алдын алудағы ең тиімді нысан оны таратушылармен нақты оңалту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осыған байланысты мынадай: тиісті кадрлармен, әдістемелік, материалдық-қаржылық ресурстармен қамтамасыз етумен елдің барлық өңірлерінде оңалту орталықтары (қызметтері) желісін ұйымдастыру; радикалдық көзқарастағы адамдарды оңалтумен айналысатын мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру; мұсылман дінінің өкілдерін нақты теологиялық оңалтуға барынша тартуды қамтамасыз ету шараларын іске асыру мүмкіндігі қаралатын болады.

      6.21 "Радикалдық идеологияны ұстанушылар үшін оңалту орталықтары мен бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру" бастамасы. Радикалды идеологияның ұстанушылары үшін оңалту орталықтары мен бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі бастаманы іске асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен жүйелі түрде ынтымақтастық орнатылады. Бұдан әрі көптеген өңірлерде құзіретті мамандарды тартумен осындай орталықтарды ұйымдастыру мүмкіндігі қаралады.

      6.22 "Экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарға діни қызмет өкілдерінің қатысуын күшейту" бастамасы. Бұдан былай экстремизмнің таралуының алдын алу бойынша жұмыстарға ресми діни қызмет өкілдері тартылатын болады. Ресми түрде тіркелген діни бірлестіктердің әлеуеті дін саласында заң жобасы, ақпараттық-түсіндіру және өзге де қызметте пайдаланатын болады.

      Күтілетін нәтижелер

      Қоғамдық сананы сәтті жаңғырту Стратегиялық жоспарды іске асыру ұсынатын мүмкіндіктерді толық пайдалана алатын азаматтардың белсенді, жауапты және іскер қоғамын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте бұл білім алу, шағын және орта бизнесті бастау және дамыту, еңбек ұтқырлығы, инновацияларды қолдану және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде пайдалану бөлігіндегі мүмкіндіктер. Алға қойылған тапсырмаларды орындау жергілікті қоғамдастықтардың және жекелей алғанда әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін және прагматизмін арттырады, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық процестерге белсенді қатысу мәдениетін дамыту, мемлекет істерін басқарудағы азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ҮЕҰ пен бизнестің қатысу тетіктерін жетілдіру арқылы жалпы қоғамның эволюциялық даму деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қалған өзгерістермен бір жиынтықта – экономика, бизнес және басқа да салаларда – БҰҰ Қазақстанның адами даму индексі бойынша өсуі күтілуде.

7-реформа. Мемлекеттік сектор өзгерістер көшбасшысы ретінде

      Реформаның мәні: мемлекеттік органдардың рөлін, олардың жүзеге асырылуын өзінің үлгісінде көрсете отырып, елдегі өзгерістердің бастамашысы мен оның жетекшісі ретінде арттыру. Бұл шаралар жұмыстың өнімділігін, технологиялылығын, бейімділігін, клиентке бағдарлануын және ұйымдастыру мәдениетін қамтиды, бұларды орындау жұмыс сапасын жеке корпорациялардың үздік үлгілері деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Реформаны жүзеге асыруға бағдарламалар мен саясатты әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға қоғам өкілдерін тарту арқылы "Назар аударатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың рөлі ерекше.

      2025 жылға қарай Қазақстанда орын алатын қағидатты өзгерістер:

      ішкі процестерде технологияларды шектеулі пайдаланудан – технологияларға өнімділікті арттыратын қозғаушы күш ретінде қарауға;

      проблемалар мен қажетті әрекеттерді дербес айқындаудан – проблемаларды бизнеспен және халықпен әріптестікте шешуге;

      тәуекелді барынша азайту және нақты инновацияларды қолданудан – мемлекеттік органдарда және бүкіл елдегі өзгерістерді қолдау және кеңінен таратуға;

      регламенттерді сақтау мен мерзімдерді қайткенде де орындау басымдығынан – бастамашылдық және нәтижелілік басымдығына.

      Алдағы міндеттер

      Мемлекеттік аппарат аталған реформаның бастау көзіне "Өзгерісті өзіңнен баста" қағидатын қояды. Мемлекеттік органдардағы өзгерістер басқа реформалардың басымдықтарынан кейін болады. Бұл бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер еңбегінің өнімділігін арттыру үшін олардың жұмысын технологиялық жаңғыртуға қатысты. Сондай-ақ бизнесте қолданылатын үздік тәжірибелерден алынған жаңа қағидаттар мен әдістерді енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізіледі, ол азаматтардың қанағаттану дәрежесіне бағдарлануды білдіреді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді әсіресе жергілікті деңгейде жедел және сапалы көрсету клиентке бағдарлану қағидаттары негізделетін болады. Бизнес-практиканың нәтижелілік, бейімділік сияқты басқа да маңызды белгілері де мемлекеттік қызмет саласында дамитын болады.

      "Мемлекеттік органдардың жұмысын цифрландыру" басымдығы

      Мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысына цифрлық технологияларды енгізу қажет. Бұл ретте, цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен сүйемелденуі тиіс. Аталған басымдықтың аясында мынадай:

      мемлекеттік органдардың ішкі процестерін цифрландыру және реинжирингілеу;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері қаралады.

      "Мемлекеттік органдардың ішкі процестерін цифрландыру және реинжирингілеу" міндеті

      Бүгінгі күні мемлекеттік органдар жұмыс істейтін іс жүргізу және құжат айналымы стандарттарының басым бөлігі өзектендірілмеген, осының салдарынан процестер күрделене түсіп, шешім қабылдау мерзімдері баяулайды. Мемлекеттік органдардың ішкі процестерін жаппай цифрландыруды енгізу осы проблеманы шешуі тиіс.

      7.1 "Мемлекеттік органдардың ішкі процестерін цифрландыру" бастамасы. Ішкі процестерді цифрландыру ақпараттық жүйелерді дамытуды (мысалы, сот ісін жүргізу процесін автоматтандыру), процестерді интеграциялауға арналған платформаларды құруды (мысалы, ұлттық геоақпараттық жүйе) және инфрақұрылымды дамытуды (мысалы, бұлттық құжат айналымы) қамтиды. Ішкі құжаттарды орналастыру және олармен алмасу мақсатында мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін қолжетімді платформа құру статистикалық және есептік деректермен, талдамалық материалдармен жедел алмасып отыруға мүмкіндік береді.

      7.2 "Мемлекеттік органдардың ішкі процестерін оңтайландыру" бастамасы. Процестерді оңайлату және ресурстарды оңтайландыру мақсатында жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың жұмысына "сканирлеу" жасалады. Қысқартудың негізгі қағидаты қайталануды жою, процесс элементтерін оңайлату және қысқарту, мысалы, келісулер кезіндегі сатыларды және қағаз жүзінде сүйемелдеуді талап етуді қысқарту болуы керек. Бұл ретте функцияны оңтайландыру нәтижесінде босаған адами ресурстар мемлекеттік органдар қызметінің өзге бағыттары үшін кадр көзі бола алады.

      "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" міндеті

      Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету техникалық шараларды іске асыруды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жеке басының жауапкершілігін арттыра отырып қауіпсіздік шараларына үйретуді талап етеді.

      7.3 "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша техникалық шараларды іске асыру" бастамасы. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жабдық, бағдарламалық қамтылым, жаңа технологияларды қолдану процестері және басқалары сияқты барлық маңызды салаларды қамтитын техникалық шаралар іске асырылады. Мемлекеттік қызметшілер үшін шағын электрондық құрылғыларды пайдалану бойынша нормативтік құқықтық шектеулерді төмендетуге, жұмыс мақсатында Интернет желісін пайдалануды кеңейтуге бағытталған шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте құпиялылыққа қойылатын талаптарды қоса алғанда, қауіпсіздіктің қажетті деңгейі сақталатын болады.

      7.4 "Мемлекеттік қызметшілерді ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оқыту" бастамасы. Мемлекеттік қызметшілерді жаңа технологияларды қауіпсіз пайдалануға үйрету үшін мысалы, Интернет желісін, бұлттық технологияларды, шағын компьютерлер, планшеттер, смартфондарды пайдалану бөлігінде қағидалар мен талаптарға, қоғамдық орындарда электрондық-ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу қағидаларына оқытуды қамтитын бағдарламалар жүргізіледі. Цифрлық сауаттылық, АКТ пайдалану мәдениеті және заманауи технологияларға сенім дамытылады.

      "Нәтиже және азаматтардың мүдделеріне бағдарлануды арттыру" басымдығы

      Нәтижеге бағдарлануды дамыту жалпы саясаттардың және атап айтқанда, жекелеген мемлекеттік қызметшілердің нәтижелілігін арттыру жолымен жүзеге асырылады. Осы қасиеттерді дамыту мынадай:

      нәтижелілікті қамтамасыз ету әдістерін жүйелендіру;

      жұмысқа бейімділік әдісін дамыту;

      клиентке бағдарланушылық негізінде сапаны арттыру міндеттері шеңберінде іске асырылатын болады.

      "Нәтижеге бағдарлану тәсілдерін жүйелендіру" міндеті

      Нәтижеге бағдарлану, сапалы және дұрыс түсіндірілген деректерді қамтамасыз ету, сондай-ақ жобалар мен даму бағдарламалары барынша нәтижелі болуы үшін жобалық басқаруды қолдану мемлекеттік органдар жұмысының жалпы тиімділігін елеулі көтеруге мүмкіндік береді.

      7.5 "Нәтижелерге қол жеткізу бойынша ынталандыру жүйесіне көшу" бастамасы. Жеке компаниялардағы ынталандыру қағидаттарына ұқсас мемлекеттік қызметкерлерді олардың нақты нәтижелерге қол жеткізуіне байланысты материалдық ынталандыру жүйесі біртіндеп және барлық жерде жетілдірілетін болады. Жауапкершіліктің артуына және соңғы нәтижеге әсер етуіне байланысты "кепілденділірмеген", сыйақы (бонустар) мөлшері де артатын болады. Нәтижелерді бағалау мемлекеттік қызметшілер үшін – жылдық жеке жоспарларын; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларын орындауы негізінде; мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет көрсету сапасының индикаторларына, өмір сүру сапасына, инвестиция тартуына; Үкімет мүшелері үшін – интегралды макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуі бойынша жүргізілетін болады.

      7.6 "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру" бастамасы. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде процеске емес, нәтиженің сапасына бағдарланған нысаналы индикаторларды, сондай-ақ іске асыру, нәтижелерді мониторингілеу мен бағалау тетіктерінайқындау есебінен сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге аса назар аударылатын болады.

      Іске асыру процесінде шешім қабылдауда жауапкершілік пен дербестілік мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ең төменгі мүмкін болатын басқару деңгейлеріне бөлінетін болады.

      Мониторингілеу және бағалау жүйесі бағдарламаларды іске асыру барысында бүкіл бағдарламаны/саясатты тұтастай қайта қарауды және қайта бекітуді талап етпестен, түзету шараларын енгізуге мүмкіндік беретін болады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін әзірлеу, іске асыру және әсерді бағалау сатыларында мемлекеттік саясаттар мен бағдарламалардың экономиканың (салалардың, қоғамның, жекелеген нарық ойыншыларының) жағдайына әсерін талдау практикасын енгізу есебінен тұрақты мониторингілеу мен бағалау күшейтіледі.

      7.7 "Статистикалық деректердің сапасын арттыру" бастамасы. Статистикалық деректерді, әсіресе, олардың нәтижелілігін бағалау үшін бағдарламалар мен жобалардың нәтижелері туралы деректерді жинақтау жүйесі жетілдіріледі. Кемшіліктері бар салаларда ақпараттың толықтығы мен объективтілігі, жоғары нақтылау деңгейі, деректерді жаңартудың тұрақтылығы мен уақтылығы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, тиісті рейтингтік елдік баға жасау үшін халықаралық ұйымдар пайдаланатын деректердің сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

      7.8 "Жобалық басқаруды қолдану" бастамасы. Мемлекеттік органдардың ішінде, бірінші кезекте, ірі өзгерістерді талап ететін жобаларды әзірлеу мен іске асыру сияқты салаларда пайдалану үшін жобалау тәсілдерін қолдану бойынша іс-шаралар іске асырылады. Ең жаңа, мысалы, цифрлық технологиялармен байланысты тақырыптар бойынша бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу үшін Agile сияқты заманауи тәсілдер қолданылады. Бұл ретте, мемлекеттік органдар арасында жобалық басқарудың үздік тәжірибелерімен алмасу жолға қойылатын болады.

      "Жұмыста бейімділік тәсілін дамыту" міндеті

      Әлемде болып жатқан өзгерістердің ауқымдылығы мен жиілілігін ескере отырып, болып жатқан процестерге ден қою жеделдігін арттыру, сондай-ақ озық түрде және әлемдік трендтерді ескере отырып, мемлекеттік органдардың процестері мен іс-қимылдарын жетілдіру қажеттігі туындайды. Бұл үшін өзгерістер мен бейімділікке жедел ден қоюды көтермелеу қажет.

      7.9 "Жаңа және инновациялық жобалар үшін "байқап көру және қателесу" әдісін қолдану" бастамасы. Жаңа тәсілдер мен инновациялық шешімдерді енгізу, көбіне алдына ала болжанбаған тәуекелдермен және жасырын кемшіліктермен ұштасады. Мемлекеттік органдардың жұмысында жобаны іске асыру барысында оның сенімділі мен орындылығын тексеру үшін, сондай-ақ тиімсіз болған жағдайда, жобадан уақытында бас тарту үшін пилоттық режимде тәжірибе жасау (іске қосу, тестілеу және шешімдерді түзету) мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі тиіс. Сәтті жобалар орталық және жергілікті басқару органдары арасында одан әрі тираждалуы міндетті болады.

      "Клиентке бағдарланудың негізінде сапаны арттыру" міндеті

      Мемлекеттік органдардың іс-қимылдары тікелей халық пен бизнестің мүдделерін қанағаттандыруға бағдарлануы тиіс. Клиентке бағдарлануды арттыру көрсетілетін қызметтер мен атқарылған жұмыс бойынша тұрақты кері байланыс алу есебінен жүргізілетін болады, бұл мемлекеттік органдарға, бірінші кезекте, неғұрлым өзекті мәселелерді шешетін жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

      7.10 "Ақпараттың қолжетімділігін арттыру" бастамасы. Мемлекет ұсынатын қызметтерге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жоспарлары мен қызметінің нәтижелеріне қатысты бүкіл ақпарат ашық түрде қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте ақпаратты ұсыну мен таратудың "Ашық Үкімет" порталдары мен әлеуметтік желілер сияқты заманауи нысандары пайдаланылуы тиіс. Үкімет порталы кері байланыс ұсынуды жеңілдетуге, деректерді өзектілендіру мен визуалдандыруды автоматтандыруға және неғұрлым сапалы, әлеуметтік маңызы бар талдаманы ұсыну үшін жетілдірілетін болады.

      7.11 "Еститін мемлекетті" дамыту" бастамасы. "Еститін мемлекет" қағидаттарына сәйкес әріптестікке бағдарлана отырып, бизнес пен азаматтардың шешімдер мен маңызды мемлекеттік құжаттарды дайындауға қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі. Қоғамдық кеңестердің, азаматтармен "кері байланыстың", бизнес өкілдері қатысатын сарапшылық кеңестердің рөлі күшейтіледі; мобильді қосымшалар мен "электронды үкімет" негізінде азаматтармен цифрлық іс-қимыл жасасу тәсілдері қалыптастырылып, танымал етіледі. Азаматтарға ығайлылықты арттыру үшін қоғамдық кеңестерде, мысалы, "Ашық үкімет" негізінде, қатысудың цифрлық әрі ыңғайлы тетігі жасалуы мүмкін. Азаматтар мен бизнес өкілдері өз пікірлерін білдіруге, бағдарламалар мен саясаттарды әзірлеу кезінде ескерілетін, қабылданған өзгерістер бойынша идеялары мен шешімдерін ұсынуға мүмкіндік алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерінде азаматтық белсенділікті арттыру үшін бірыңғай диалог платформасы қалыптастырылатын және әлеуметтік пікіртерімдердің жаңа әдістері жүргізілетін болады.

      7.12 "Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың қанағаттану деңгейіне бағдарлану" бастамасы. Халықтың қанағаттануы тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде пайдаланылатын болады. Қанағаттанушылықты зерттеу тұрақты негізді жүргізілетін болады. Өлшеу әдістемесі бекітілетін, көрсеткіш барынша декомпозицияланатын болады. Азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылығының нысаналы деңгейі мен мониторингілеудің іріктелген нәтижелері ашық түрде қолжетімді болады. Азаматтардың тек мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ғана емес, сонымен қатар мектептерге, ауруханаларға қанағаттанушылығы да өлшенетін болады.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесі мен мемлекеттік бақылау қағидалары жетілдіріледі, жаңа мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері қабылданады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесі мен мемлекеттік бақылау жүйесін тәуекелдерді уақтылы анықтауға және басқаруға, ақпараттық технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, оларды даму резервтерін айқындауға бағдарлау арқылы жетілдірілетін болады.

      "Мемлекеттік сектордағы сананы жаңғырту" басымдығы

      Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдар еліміздегі қоғамдық сананы жаңғыртудың "өзгерістер агентіне" айналады. Мемлекеттік қызметшілерді құндылықтар жүйесін нығайту, уәждеу мен жұмысқа жауапкершілікпен қарауы бүкіл елдегі қоғамдық сананың жаңғыруына түрткі болады. Мемлекеттік сектордағы сананы жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарлама екі: "басшылардан бағыныстыларға" және "тікелей мемлекеттік қызметшілерге" деген бағыт бойынша өтетін болады.

      Бұл басымдық:

      басшыларды бағыныстыларды уәждеу және жұмысының тиімділігі деңгейін өзгертуге тарту;

      ұйымдастыру мәдениетін дамыту және мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру деген екі міндетті қамтиды.

      "Басшыларды бағыныстыларды уәждеу мен жұмысының тиімділігі деңгейін өзгертуге тарту" міндеті

      Мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғыртуға жасалатын ең маңызды қадам тікелей басшылары тарапынан қолдауды қамтамасыз ету болып табылады. Басшылар бағыныстылармен жұмыс істеудің неғұрлым заманауи тәсілдері туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

      7.13 "Басшыларды бағыныстылардың тиімділігін арттыру мен уәждеу тәсілдеріне оқыту" бастамасы. Неғұрлым табысты тәсілдерге шолу бойынша материалдар әзірленіп, таратылады, халықаралық сарапшылардың қажетті тренингтері мен таныстырылымдары ұйымдастырылады. Мемлекеттік органдардың түрлі департаменттерінің басшылары арасында тәжірибе алмасу үшін семинарлар ұйымдастырылды. Оқыту фокусы тәсілдердің іс жүзінде қолданылуы мен олардың нәтижелеріне аударылатын болады.

      "Ұйымдастыру мәдениетін дамыту және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру" міндеті

      Бұл міндет мінез-құлықтың көтермеленетін моделін әзірлеуге бағытталған.

      7.14 "Мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастыру мәдениетін әзірлеп, жылжыту" бастамасы. Бөлімше ішінде де, сол сияқты ведомствоаралық мәселелер бойынша да мемлекеттік қызметшілер арасындағы өзара іс-қимылды көтермелейтін, мемлекеттік қызметішлерге арналған прагматикалық, тиімділік, кәсібилілік және тағы басқалар сияқты құндылықтар жүйесі әзірленіп, танымал етілетін болады.

      Құндылықтар жүйесін жылжыту мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетін өзгерту жөніндегі кешенді бағдарламаның негізгі элементтерінің біріне айналады.

      7.15 "Мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру" бастамасы. Мемлекеттік қызметтің жеке сектордағы жұмысқа қатысты бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, бүкіл мансаптық жолында кәсіби даму үшін қосымша жағдайлар жасауды, жетістіктерді жариялауды қамтитын мемлекеттік қызметтің мәртебесін қалыптастыру және жылжыту бойынша іс-шаралар қабылданатын болады.

      Мемлекеттік қызметшілерге нәтижеге бағдарлана отырып, еңбекақы төлеу және сыйақы беру жүйесін одан әрі жетілдіру жүргізілетін болады. Еңбекақы төлеу және сыйақы беру деңгейі жұмыстың күрделілігіне, шешім қабылдау аясына, жауапкершілік деңгейіне, мемлекеттік органның алдына қойылған міндеттерге қол жеткізудегі үлесі мен қызметтегі жеке нәтижелеріне байланысты болады.

      Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына ерекше назар аударылады. Кәсіби даму басқарудың озық технологиялары мен әдістемелерін меңгеруді, инновациялық ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, құзыретті басшылардан үйрену мүмкіндігін, неғұрлым табысты сарапшылардан, жеке және квазимемлекеттік сектордың ірі компанияларында және тағы басқа жерлерде тағылымдамадан өтуді қамтиды.

      Барлық мансаптық деңгейлердегі неғұрлым талантты мемлекеттік қызметшілер, олардың жетістіктері, табысты жобалары, инновациялық ұсыныстары туралы ақпаратты мемлекеттік қызметкерлер арасында да, сол сияқты жастар арасында да тарату үшін ауқымды ақпараттық науқан өткізілетін болады.

      Күтілетін нәтижелер

      Мемлекеттік аппараттағы өзгерістерді іске қосу Стратегиялық жоспардың қалған реформаларын енгізуді және олардан әсер алуды жылдамдатады. Өзгерістердің катализаторы рөлінде бола тұра, мемлекеттік сектор басқару әдістерінің бейімділігі мен заманауилығы бөлігінде жеке сектормен жақындаса алады, шешімдер қабылдауды жеделдетеді және көрсетілетін қызметтердің өзінің тиімділігін арттыру және неғұрлым ықшам аппаратты қалыптастыру есебінен мемлекеттік шығындарды үнемдеуді жүзеге асыра алады.

      Азаматтарды мемлекеттің қызметіне тарту мемлекеттің күш-жігерін нақты тіршілік сапасын жақсартуға неғұрлым тиімді трансляциялауға мүмкіндік береді. Клиентке бағдарлану халық пен бизнес тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылығын арттырады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексінде 51.44 (102 орын) процентильден 60-75 процентильге дейін (80 – 100орын) көтеріледі.

5-тарау. Эволюциялық жол: "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыру басым бағыттары 1-саясат. Ынталандырушы макроэкономикалық саясат

      Саясаттың мәні: Макроэкономикалық саясат тұрақты экономикалық өсуді, жұмыспен қамтуды, баға деңгейінің тұрақтылығы мен мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, тиімді ақша-кредит саясаты мен ынталандырушы салық саясатын жүргізу, инфляция деңгейін кезең кезеңімен төмендету, бюджет шығыстарын ұтымды ету және фискалдық орталықсыздандыру макроэкономикалық саясаттың негізгі қағидаттарына айналады.Жалпы жинақтардың ЖІӨ-нің кемінде 25-30 % деңгейіне дейін өсуі үдемелі өсудің шартына айналады, бұл өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру, бизнестің "көлеңкеден" шығуы және инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған, тиімді ақша-кредит саясатын жүргізу арқылы халықтың, мғемлекет пен бизнестің нақты кірістерін арттыру есебінен, салыстырылатын елдердің деңгейіне сәйкес келеді.

      1-міндет. Макроэкономикалық және құрылымдық саясатты үйлестіру

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі тұрақты экономикалық даму, жұмыспен қамту мен баға деңгейінің тұрақтылығы бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін ақша-кредит, салық-бюджет саясатын үйлестіруді қамтамасыз ететін болады.

      Ақша-кредит, салық-бюджет, сыртқы экономикалық және құрылымдық саясаттарды үйлестіру үшін негізгі міндет осы саясаттарды әзірлеу және іске асыру кезінде жүйелі тәсілдерді қалыптастыру мен пайдалану болып табылады.

      2-міндет. Ақша-кредит саясатын күшейту

      Ел экономикасының теңгерімді өсуін қолдау және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инфляция деңгейін біртіндеп 4 %-ға жеткізу және кейін аспайтын деңгейде ұстап тұру ақша-кредит саясатының негізгі міндетіне айналады. Инфляцияның нысаналы деңгейіне қол жеткізу үшін теңгенің құбылмалы айырбас бағамы режимі кезінде пайыздық саясатқа баса назар аудара отырып, ақша-кредит саясатының құралдар жүйесі қолданылатын болады.

      Ұлттық Банктің нарықтық мөлшерлемелерді базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінде ұстап тұруға бағытталған пайыздық саясаты инфляциялық күтулер мен айырбас бағамына қатысты күтулерді неғұрлым тиімді реттеуге мүмкіндік береді, осылайша ақша нарығындағы құбылмалылықты шектеуге және ұзақ мерзімді пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыруға, шетел валютасындағы активтерге сұранысты төмендетуге және долларландыру деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

      Қаржылық тұрақтылықты сақтап тұру пруденциалды реттеу, қадағалау және инспекциялау әдістерімен қамтамасыз етіледі. Бұл қызметтің маңызды бағыты, олардың тұрақтылығын арттыру мақсатында есептіліктің дұрыстығы және банк капиталының сапасы бойынша талаптарды арттыру болады. Банктердің кредиттік белсенділігі капиталдық тұрақтылығы мен сапасын арттырудың салдарына айналады.

      Ұлттық Банктің халық пен бизнесті тұрақты, уақтылы хабардар ету мен қажетті және жеткілікті түсіндірмелер беруге бағытталған ақпараттық-коммуникациялық қызметі кқшейтілетін болады.

      3-міндет. Экономиканың өсуін қолдауға арналған салық-бюджет саясаты

      Экономиканың одан әрі өсуін сақтау және бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін біртіндеп азайту үшін мемлекеттік қаржының салықтық түсімдерінің тұрақтылығын нығайту салық-бюджет саясатының негізгі міндетіне болады.

      Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды қысқарту, мұнай емес сектордан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру есебінен мұнай емес тапшылық 2016 жылы ІЖӨ-нің 9 %-нан
2025 жылы ЖІӨ-нің 6 %-на дейін қысқаруы тиіс.

      Мемлекеттік бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында нарықтық бағаларды бұрмалауға әкеп соқтыратын және жеке сектордың дамуына теріс ықпал ететін қолдау бағдарламалары біртіндеп қысқартылатын болады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың кəсіпорындары үшін бюджеттік қаржыландыру да біртіндеп төмендейтін болады. Өзін өзі ақтайтын жобаларды көбіне қарыз капиталын тарта отырып, даму институттары қаржыландыратын болады. Мемлекет жеке инвестицияларды ауыстырмай, жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандырады.

      Ұлттық қордың активтерін тұрақтандыру және сақтау үшін Ұлттық қордан республикалық бюджет шығыстарын қаржыландыруға қаражат тарту көлемі мұнай емес сектордан түсетін кірістердің өсуіне байланысты біртіндеп төмендейді.

      Жалпы, орта мерзімді перспективада бюджет тапшылығы қалыпты борыштық жүктемені және үкіметтің ішкі және сыртқы міндеттемелері бойынша төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ЖІӨ-ге қатысты 1 % аспайтын деңгейде сақталады.

      Бюджетаралық қатынастар шеңберінде жергілікті және өңірлік мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдардың дербестігін арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Орта мерзімді кезеңде бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты халыққа Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдендірілген бюджеттік қызметтер ұсынуда өңірлердің тең фискалдық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

      Салық әкімшілдендіруді ырықтандыру мен кедендік әкімшілендіруді жүйелендіру, сондай-ақ салықтық есептілікті жеңілдету және барынша азайту саясаты жалғастырылады.

      Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағытқа ие болуы тиіс. Бұл үшін ынталандыру, оның ішінде білімге және өзін, өзінің отбасы мен қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын компаниялар мен азаматтарды салықтан босату практикасын көздейтін шаралар кешені әзірленетін болады.

      Салық жүйесін реформалаудың негізгі міндеті мемлекет пен салық төлеушілердің мүдделері теңгерімінің сақталуын ескере отырып, салық салуда жаңа тәсілдерді қолдану, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада бюджет кірістерінің тұрақтылығын сақтау және ұлғайту болып табылады.

      Салық жүйесін жетілдіру мақсатында:

      өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдарды "көлеңкеден" шығаруға әкелетін, бөлшек сауда және ауыл шаруашылығына арналған бірыңғай салық негізінде жеңілдетілген салық режимдерін енгізу;

      жеке тұлғалар үшін табыстар мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялауды енгізу;

      әлеуметтік салық мөлшерлемелерін қайта қарау жолымен еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендету;

      азаматтарды салықтарды ерікті түрде төлеуге ынталандыру – салықтықәкімшілікті жеңілдету;

      қолма-қол ақшасыз айналымды салықтық ынталандыру, қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және арнайы салық режимдерін реформалау есебінен көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету;

      жаңа кен орындарын өндіруді ынталандыру арқылы инвестициялық қызметті арттыру;

      адал салық төлеушінің мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Салықтық тексерулерге бастамашылық жасау үшін негіздемелер 56 %-ға (32-ден 14-ге дейін) азаяды, бұл 2025 жылға қарай тексерулер санын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.

      2019 жылдан бастап ірі салық төлеушілермен өзара іс-қимыл жасасу үшін салықтық және кедендік бақылаудың ұштасуын, сондай-ақ қосымша тексерулердің қажеттілігі болмауын болжайтын, көлденең мониторингілеу енгізіледі. 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту көзделіп отыр. Салық төлеушінің сенімділігіне байланысты салықтық әкімшілендіруге сараланған тәсіл енгізіледі.

      2019 жылдан бастап ерікті негізде ҚҚС бойынша бақылау шотын енгізу жолымен ел ішінде сатып алынған тауарлар бойынша дебеттік сальдоны қайтару тетігі көзделетін болады. Жеделдетіп қайтарудан басқа, бұл тетік ҚҚС жалтару схемаларын қолдануды елеулі қиындатады.

      Өтпелі кезеңнен кейін сауда саласында көлеңкелі айналымды төмендету мақсатында 2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимінен сауда саласы алып тасталады. Патент негізіндегі арнайы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі қысқартылып, қол өнеріне қолданылатын болады.

      2020 жылдан бастап шаруа қожалықтары үшін жердің бағалау құнынан кіріске салық салу объектісі өзгереді, бұл жалпыға бірдей декларациялау талаптарына сәйкес келеді.

      Жеке табыс салығының прогрессивті шәкілін енгізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мөлшерлемесінің ұлғаюына, 2020 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілуіне байланысты әлеуметтік салық мөлшерлемесін ықтимал төмендету мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсаттар үшін 2019 жылы өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар сәйкестендіріледі және оларды заңды айналымға тартуға арналған тәсілдер әзірленеді.

      4-міндет. Мемлекеттік борыш деңгейін қауіпсіз деңгейде ұстау

      Бюджетке борыштық жүктемені төмендету және борышты ел үшін қауіпсіз деңгейде ұстап тұру мақсатында жыл сайын үкімет борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру лимиттері мен жергілікті атқарушы органдары борышының лимиттері белгіленеді.

      Көлемдерін Үкіметпен келісу арқылы квазимемлекеттік сектордың сырттан қарыз алуын шектеу мүмкіндігі қарастырылды.

      Инвесторлық базаны кеңейту және Үкіметтің борыштық бағалы қағаздар шығару стратегиясын жетілдіруін қоса алғанда, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту жалғастырылады.

      Жалпы, елдің борыштық саясаты бюджет тапшылығын қаржыландыру және елдің борышын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру үшін қолайлы шарттарда үкіметтік қарыз алуларды жүзеге асыруға бағытталады.

2-саясат. Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі

      Саясаттың мәні: Экономика салаларын дамыту саясаты еліміздің әлемдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруде жаңа бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруға бағытталатын болады. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында, әсіресе қызмет көрсету саласында жаңа индустриялар мен экономиканың перспективті салаларын құру және дамыту ынталандырылатын болады.

      1-міндет. Базалық салалардың әлемдік нарықтардағы позицияларын нығайту

      Базалық салаларды дамыту саясаты, бірінші кезекте, өңірлік және әлемдік нарықтардағы өнімділік пен бәсекеге қабілеттікті арттыруға, табиғи ресурстарды тартуға және өңдеуді барынша тереңдетуге, қосылған құнның жаһандық тізбегіне енгізуге және жаңа экспорттық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді өсіруге бағытталатын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Агроөнеркәсіп кешеніндегі саясат ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді тереңдетуге, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігі мен экспортқа бағдарланған экологиялық таза өнім өсіруге бағдарланатын болады.

      Ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамуын алады. Кооперативтердің барлық түрлеріне, атап айтқанда, өндірістік, дайындау және өңдеуге жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Бұл жер, өндірістік, еңбек ресурстарын қолданудың тиімділігін арттыруға, өнімді, техниканы өндірудің озық технологияларын бірлесіп қолдануға, өндірілген ауылшаруашылық тауар өндірушілер (бұдан әрі – АШТӨ) өнімдерін делдалсыз, тікелей сауда желілеріне және қайта өңдеуге тұрақты өткізуді жолға қоюға мүмкіндік береді.

      Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына инвестициялар тарту мақсатында, Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының тәжірибесін ескере отырып, жаңа инвестициялық қорлар құру мәселелері пысықталатын болады. Толыққанды сақтау, логистика және тиімсіз делдалдық құрамдауыштарды болдырмайтын ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу инфрақұрылымын құру, сондай-ақ аграрлық машина жасауды дамыту нысаналы бағыттарға айналады.

      Ауыл шаруашылығы дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін қолдану және заманауи технологияларды енгізу үшін, халықаралық мамандарды тартумен және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін оқыта отырып, модельдік фермалар желісі құрылатын болады.

      Ауыл шаруашылығында жануарлар мен өсімдік өнімдерін сәйкестендіру және қадағалау технологиялары қолданылады. Сонымен қатар, субсидиялар бөлу процесін автоматтандыру, ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу мен кепілге беруді автоматтандыру жоспарланып отыр. Су және жер ресурстарын тиімді басқару және шөлейттенумен күресу үшін геоақпараттық жүйелер жаппай қолданыс табады.

      Технологияларды тиімді трансферттеу және аграрлық ғылымды дамыту мақсатында отандық ауыл шаруашылығы ҒЗИ мен ЖОО-ның халықаралық ғылыми қоғамдастықпен өзара іс-қимылы жандандырылатын болады, негізгі міндет асыл тұқымды гендік қорды дамыту, өсімдік шаруашылығында өнімділікті арттыру, нақты жер өңдеуді дамыту, сондай-ақ ресурстар тиімділігін арттыру болады.

      Азық-түлік қауіпсіздігін ескере отырып, өнімнің басым түрлері бойынша экспорттық әлеуетке қолдау көрсетілетін болады. Азия елдеріне (Қытай, Үндістан, Иран және басқалар) экспорттың жоғары өсу қарқыны күтілуде, бұл бағыттар тиісті логистикалық бағыттарды құруды талап етеді.

      Органикалық өнім өндіру ауыл шаруашылығы өндірісінің, атап айтқанда, дамыған елдерге экспорттық әлеуетін дамытудың перспективалық бағытына айналады. Меншікті органикалық өнімдер өндірісін сертификаттау жүйесі енгізіледі, өнімнің сапасын анықтау бойынша мамандандырылған зертханалар дамытылады.

      "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ны АӨК-тің Экспорттық орталығы ретінде қайта құра отырып, ауылшаруашылығы өнімін әлеуетті өткізу нарықтарына жылжытуға мақсатты қолдау көрсетілетін болады.

      Өнімділікті арттыруға, шикізатты өндеуді тереңдетуге және агротехнологияларды енгізуге бағдарланатын субсидиялау тетіктері оңтайландырылатын болады, Сонымен біз мезгілде өндірушілерді барынша отырып, субсидиялаудан қолжетімді және қайтарымды кредиттеуге біртіндеп көшу іске асырылатын болады. Қаржы құралдары түпкілікті нәтижеге және өңірлерді мамандандыруға байланыстырылатын болады.

      "ҚазАгро" АҚ холдингі арқылы АӨК-ді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру, холдингтің еншілес ұйымдары арқылы тікелей кредиттеуді кезең кезеңімен азайту және кейін АӨК субъектілерін кредиттеу үшін жеке қаржы ұйымдарын (кредиттік серіктестіктерді, микроқаржы ұйымдарын, екінші деңгейлі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ),лизингтік компанияларды) қаржыландыруды ұлғайту арқылы жалғастырылатын болады.Кредиттік серіктестіктер мен кооперативтер желісін кеңейту және дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Кредиттік серіктестіктер мен кооперативтердің, қызмет стандарттары мен қағидаларын әзірлеу, кредиттік серіктестіктердің қызметін бақылау-қадағалау функциялары бар өзін-өзі реттейтін ұйымдары құрудың мүмкіндігі қарастырылатын болады.

      Өсімдік шаруашылығы өнімін тиімді дамыту мақсатында қайта өңдеу және өнімдерді өткізу инфрақұрылымымен байланыстыра отырып, өндірістің өңірлік мамандандыру қамтамасыз етіледі. Өсімдік шаруашылығында өсімдік шаруашылығы өнімін сақтау инфрақұрылымын салу, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалануды ынталандыру қамтамасыз етіледі, сондай-ақ жоғары репродукциялы тұқым өндіру және пайдалану ынталандырылады.Басымды ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ынталандыру қамтамасыз етіледі. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, бір жылдық және көпжылдық шөптердің, жем-шөптің, майлы дақылдардың және өзге де басымды дақылдардың алқаптарын ұлғайту, аралас жемдерді өндіруді және сұранысқа ие өнімдерді экспорттауды ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылады. Топырақты рекультивациялау және мелиорациялау тәсілдері жаңартылады.

      Мал шаруашылығының жем-шөп қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында мал дақылдарын өндіру өндірісіне жұмсалған шығындарды және мамандандырылған техника мен жабдықты сатып алу кезіндегі инвестициялық шығындарды субсидиялау есебінен азығы дақылдары өндірісінің өсуін ынталандыру қамтамасыз етіледі.

      Мал шаруашылығында еттің көлемі мен сапасының өсуін қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды тектік қорды ұлғайтуға, сондай-ақ жем-шөппен қамтамасыз етуді арттыруға аса назар аударылатын болады. Республикалық палаталар мен мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал өнімінің сапасын бақылау, селекциялық және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарының сапасын бағалау тетіктері күшейтіледі.

      Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде диагностикалық, профилактикалық және жою іс-шаралары өткізілетін, халықаралық стандарттарға сай келетін ветеринариялық диагностикалық және иммундық-профилактикалық препараттарды пайдалануды ұлғайту жүргізілетін болады.

      Тау-кен металлургия кешені

      Тау-кен металлургия кешені дамыту саясаты өндіру көлемін ұлғайтуға, одан әрі қайта бөлуді дамытуға және қосылған құнды ұлғайтуға бағытталады.

      Ресурстық базаны кеңейту және инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында инвесторлардың құқықтарын сақтауды кепілдендіру, олардың капиталын қорғау, әкімшілік рәсімдерді түбегейлі жеңілдету бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілетін болады. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар мен минералды қорлар туралы жария геологиялық есептілікті толығымен халықаралық стандарттарға көшіру жүзеге асырылатын болады.

      Жер қойнауын пайдалану саласында деректердің толықтығын, сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ете отырып, инвесторларға арналған геологиялық ақпарат жүйелендірілетін Ұлттық деректер базасы құрылатын болады.

      Геологиялық барлауға және өндіру мен өңдеуді технологиялық дамытуға инвестициялар тарту үшін және өндіру саласының кадрлық әлеуетін қамтамасыз етуге және шикізат базасы мен өндіруді дамытуға технологиялар трансфертін экономикалық және фискалдық ынталандыру көзделетін болады.

      Шетелдік инвесторларды тарту мақсатында АХҚО шеңберінде шағын және жаңа жер қойнауын пайдаланушылар үшін ("junior miners") жеке биржа алаңы құрылатын болады.

      Тау-кен жабдықтарын пайдалануды оңтайландыру, қауіпсіздікті, ішкі логистиканы арттыру, сондай-ақ өнімділік пен энергия тиімділігін арттыру мақсатында "Индустрия 4.0" санатындағы мамандандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу белсенді түрде ілгерілетілетін болады.

      Еңбек өнімділігі мен өндірістің экологиялылығын арттыру мақсатында дәстүрлі жүйе құратын металлургиялық салаларды қайта құрылымдау мен жаңғырту жалғастырылатын болады.

      Машина жасау, құрылыс, мұнай-газ секторы мен көлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімдер шығаруға маманданатын, қуаттылғы 0,3-2,0 млн. тонна шағын зауыттарды (шағын металлургия) іске қосу арқылы саланы әртараптандыру белсендірілетін болады.

      Қара металлургияны дамыту болат алу үшін жоғары сапалы шикізат өндіру, жаңа буынды ферроқорытпалар өндіру, болаттың жаңа түрлерін өндіру мен жоғары легірленген болат ассортиментін кеңейту бойынша басым бағыттарды іске асыруға бағытталатын болады.

      Түсті металлургияны дамыту базалық металдарды өндіруді кеңейтуге, сондай-ақ жоғары технологиялық өнімдер мен терең өңдеу өнімдерін, атап айтқанда, өнеркәсіптік құрылыс үшін жаппай импортталатын өнімдердің көлемін арттыруға және номенклатурасын кеңейтуге бағытталатын болады.

      Отын-энергетика кешені

      Саланы дамыту саясаты өндіру көлемін ұлғайтуға, өңдеуді тереңдетуге және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделетін болады.

      Орта мерзімді перспективада өндіру көлемін ұлғайту Қашаған кен орны мен Теңіз кен орнының болашақта кеңейту жобасы шеңберінде іске асырылатын болады.

      Өңдеуді тереңдету мақсатында мұнай өңдеу және жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мұнай өнімдерін өндіру, сондай-ақ ілеспе мұнай газын өңдеу және өндіруге арналған технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жалғасады. Газ химиясын, газды мотор отыны нарығын дамыту мен шалғай аудандарды газдандыру үшін жоғары қайта бөлу газын және қосылған құны жоғары газ-химия өнімдерін алуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым жасалады.

      Мұнай өңдеу үшін экономикалық тұрғыдан рентабельді жағдайлар жасау үшін түрлі мұнай өнімдеріне арналған экспорттық кедендік баждар мен акциздерді қайта қарау мәселелері пысықталады.

      Қазақстан саланың өзінің технологиялық әлеуетін дамыту тұрғысынан ең перспективалы ресурстық салалардың бірі болып табылатын атом саласын дамытуды жалғастырады.

      Ядролық отынның толық циклін құру мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургия зауыты негізінде атом электр станцияларына арналған жылу шығарушы жинақтарды өндіру зауыты салынады.

      Электр энергетикасын дамыту саясаты генерациялау мен тасымалдаудың теңгерімді және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге бағытталатын болады. Басымды энергетикалық объектілерді (оның ішінде ұлттық және өңірлік электр желілерін) жаңғырту және салу, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті өңірлік электр желілерін салу және реконструкциялау, ішкі және сыртқы нарықта қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын сақтау мақсатында өнеркәсіп үшін тарифтерді ұстап тұру негізгі бағыттарға айналады.

      Электр қуатын өндіру сегментінің проблемаларын шешу үшін бәсекеге қабілетті бағамен жұмыс істейтін электр энергиясы мен қуат нарығының жұмыс істеуі қарастырылатын электр энергиясы мен қуаттылықтың көтерме сауда нарығының модельдерін (нысаналы модель) әзірлеу және енгізу жоспарланып отыр. Электр энергиясының өзіндік құны тарифтік реттеу жүйесін жетілдіру арқылы төмендетілетін болады.

      Энергия тиімділігін арттыру және энергия шығындарын төмендету мақсатында өнеркәсіп арасында да, сол сияқты халықтың арасында да энергияны тұтынуды интеллектуалдық басқару жүйелерін, энергия үнемдеу технологиялары енгізу ынталандырылатын болады.

      Жаңартылатын энергия көздері одан әрі дамытылады.

      2-міндет. Индустрияландыруды тереңдету және жаңа қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға шығару

      Неғұрлым жоғары қайта бөлу өнiмдерiн өндiру мақсатында жоғары технологиялық өнiмдер өндiрiсiн дамыту және жаһандық қосылған құн тiзбектеріне (ҚҚТ) енгізу үшiн қолайлы жағдайлар жасалады.

      Саясат өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға, еңбек өнімділігін арттыруға және дайын өнім экспортының көлемін арттыруға назар аударатын болады.

      Индустрияландыру және өңдеу өнеркәсібі салаларында құн жасаудың технологиялық тізбектерін дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жалғастырылады.

      Тұрақты индустрияға өту үшін жоғары технологиялық қайта бөлу тауарларын шығаруға қабілетті, жүйе құрайтын жобалар іске асырылатын болады. Бұл "салмақ орталығы" индустриялдық кәсіпкерліктің шекті массасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, сыртқы жағдайлардың өзгерісіне икемді және жылдам бейімделетін өнеркәсіпті құруға мүмкіндік беретін, жоғары технологиялық ШОБ-ты дамыту бойынша шаралар алдын ала қабылданатын болады.

      Жабдықтың жұмыс істеу режимдерін оңтайландыру, өнімділік пен еңбек қауіпсіздігін арттыру, логистиканы, өнім сапасын жақсарту, сұранысты болжауды жақсарту, өнімді нарыққа шығару уақытын қысқарту, сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өндірісте "Индустрия 4.0" технологияларын (Big data, 3D-шығару, робот техникасы, сенсорлар, машиналық оқыту, қосымша шынайылық) енгізу негіз болады.

      Өңдеу секторын дамытуға инвестициялар салатын кәсіпорындар үшін салық салудың жеңілдетілген режимін қолдану, күшейтілген экспорттық қолдау және еңбек өнімділігін арттыру бөлігінде қолдау көрсету қарастырылатын болады. Экономиканың негізгі салаларының өнімдерін қолдану және өңдеу арқылы қосылған құнның өсуі негізгі өлшемшартқа айналады.

      Өңдеу секторын жаһандандыру және жергіліктендіру мақсатында жекелеген секторларға технологияларға, сол сияқты өткізу нарықтарына рұқсат берілетін жетекші шетелдік өндірушілер тартылатын болады. Өндірісті жергіліктендіру мен технологияны трансферттеу мақсатында импорттық тауарлардың ірі мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу шеңберінде офсеттік саясат элементтері қайта қаралатын болады.

      Машина жасауда, бірінші кезекте, базалық салалар тұтынатын өнімдер өндірісі дамиды. Әлемдік өндірушілерді тартуға байланысты бұрғылау кешендері, астық тасығыштар, контейнер тасығыштар, комбайндар, жаткалар мен сепкіштер, тракторлар мен бульдозерлер, тау-кен жабдықтары, электр жабдықтары, локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондары сияқты жаңа соңғы өнім түрлері игеріледі.

      Екінші басымды бағыт – толықөндіріс циклын құруға бағдарлана отырып, отандық компаниялардың әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығына негізделетін, көлік құралдарын, олардың бөліктерін, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарды өндіру.

      Агрохимия және өнеркәсіпке арналған химиялық заттарды өндіру химия өнеркәсібін дамытудың басым секторларына айналады. Жоғары ғылымды қажет етуіне байланысты, осы секторларды дамыту кластерлік тәсілдің негізінде жүзеге асырылады. Мұнай-газ химия өндірісінің (полипропилен, полиэтилен) төңірегінде пластик өнімдерін өндіру дамитын болады.

      Энергия үнемдеуші, адамның денсаулығы мен экология үшін қауіпсіз жоғары технологиялық материалдарды өндіру басымды бағыт болып табылады.

      3-міндет. Жаңа индустриялар мен қызмет көрсету саласын дамыту

      Цифрландыру мен технологиялық революция экономиканың дәстүрлі салаларының негізінде және төңірегінде жаңа индустриялардың туындауына мүмкіндік жасайды. Жаңа индустриялар тауар өндірісінде де, сол сияқты қызмет көрсету саласында да туындауы мүмкін.

      Жоғары өнімді қызмет көрсету экономиканың жаңа "өсу нүктесіне" айналуы тиіс. Аэроғарыштық қызметтер, инжиниринг, АКТ, білім беру, медициналық туризм, заң қызметтері сияқты экспортталатын қызметтердің құрылымын әртараптандыру жоспарланып отыр.

      Көліктік көрсетілетін қызметтерді дамыту. "Нұрлы жол" бағдарламасында көзделген заманауи логистикалық хаб құру "Бір белдеу, бір жол" мемлекетаралық жобасы шеңберінде Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

      Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан логистиканы Еуропаға дейін тартуға, мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру үшін халықаралық деңгейдегі сервистік инфрақұрылымды және сауда-логистикалық орталықтар желісін қалыптастыруға, авиа-хабтарды дамытуға мүмкіндік береді. Саланы тиімді басқару жүйесін қамтамасыз ету көліктік көрсетілетін қызметтер нарығына мемлекеттің қатысуын біртіндеп қысқартады және көлік субъектілеріне техникалық, экологиялық және біліктілік талаптарына сәйкестігін айқын бақылау тетігін қалыптастырады.

      "Ашық аспан" саясаты іске асырылатын болады, бұл Қазақстанды әлемдегі ең ірі сауда-өнеркәсіптік және қаржы орталықтарымен қосуға, авиалогистиканың құнын төмендетуге, туристік және жүк ағындарын арттыруға мүмкіндік береді.

      Әлемнің тораптық транзиттік нүктелерінде көлік-логистикалық объектілер құру бойынша шаралар қабылданатын болады. Қазақстан үшін халықаралық теңіз порттарына қол жеткізуді кеңейту мен әртараптандыру маңызды басымдық болып табылады.

      Инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді құру. Базалық және өңдеу салаларында индустриалды жобаларды іске асыруға мамандандырылған жобалау, технологиялық сараптама және консалтинг, техникалық аудит және қадағалау, технологияларды бейімдеу және жүйелі интеграциялау сияқты бәсекеге қабілетті инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді құрудың жоғары әлеуеті іске асырылатын болады. Осы бағытта осы секторларды дамытуда жинақталған тәжірибенің синергиясы және кейін шетелдік нарықтарға шыға отырып, әлемнің жетекші инжинирингтік компанияларын тарту маңызды.

      Әлеуметтік экономиканы дамыту. Білім беру мен денсаулық сақтауға жеке инвестицияларды тартуға және осы салалардың көрсетілетін қызметтерді экспорттауының өсуіне жағдай жасалады. Бұл қызметтердің экспорттық әлеуетін іске асыру локомотиві Назарбаев Университетінің халықаралық деңгейдегі кластерлері болып табылады. Халықаралық кеңістікке тиімді интеграциялану үшін әлемнің жетекші клиникаларымен, ЖОО-ларымен және зерттеу институттарымен стратегиялық әріптестік жолға қойылатын болады.

      Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтерді дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту шеңберінде қазақстандық IT-қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру, "бұлтты" технологияларды енгізу, деректерді сақтау және өңдеу, бағдарламалау қызметтерін енгізу, электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ Қазақстанның аумағын жылдамдығы жоғары интернетпен қамтуды арттыру ұсынылады. Astana Hub және "Алатау" инновациялық технологиялар паркі" АЭА базасында, сондай-ақ "Назарбаев Университеті" базасында инновациялық орталықтарды дамыту есебінен Қазақстандық IT-компаниялардың экспорттық әлеуетін арттыру жоспарлануда. Қазақстандық компаниялардың экспорттық әлеуеті зерттеледі, оның негізінде экспортқа арналған IT-қызметтер тізілімі әзірленетін болады.

      IT-стартаптарын қолдаудың толық циклына жағдай жасау мақсатында ЭКСПО-2017 объектілерінің бірінің негізінде Astana Hub құрылады. Бұл халықаралық технологиялық паркі ИТ-бизнесті, әзірлеушілер мен шетелдік инвесторларды тартуға арналған алаң ретінде қызмет етеді. Жобаны қаржыландыру тетігі АХҚО шеңберінде іске асырылатын болады, хаб үшін кадрлармен негізгі қамтамасыз етуші Назарбаев Университеті болады.

      Қаржылық қызметтерді дамыту. Банктік, сақтандыру қызметтері мен активтерді басқару қызметтерінің сапасын арттыру жоспарланып отыр. Банктерде тәуекел менеджменті мен ақпараттық қауіпсіздіктің сапасын арттыру, блокчейн технологияларын қолдану бойынша шаралар қабылданатын онлайн-банкингке және қолма қол ақшасыз есеп айырысуға толық көшу іске асырылатын болады. Жоғары экспорттық әлеует АХҚО қызметі (қаржылық талдама, төрелік, есепке алу, fintech, төлем жүйелері) шеңберінде іске асырылатын болады.

      Сауда қызметін дамыту. Транзакциялық шығасыларды төмендету, өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында мынадай бағыттар айқындалды: нарықтарды жаңғырту, ірі ретейлердің франчайзингтік жобаларын қолдау, сауда объектілерін дамыту және B2B, B2C, C2C электрондық коммерция платформаларын дамыту. Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары үшін электрондық коммерция алаңын құру сапалы өнімге, әсіресе ауылдық жерлерде қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Отандық электрондық сауда алаңдарын халықаралық электрондық сауда алаңдарымен (Alibaba, Amazon, Ebay) интеграциялау тауарларды экспорттауға, сондай-ақ көліктік-пошта қызметтері үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

      Туризмді дамыту. Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан – бес туристік кластерлері құрылып, дамытылады. Астана қаласы іскерлік, медициналық және білім беру, Алматы қаласы – іскерлік және халықаралық тау шаңғысы, Шығыс Қазақстан – экологиялық/тұрақты (оның ішінде аграрлық, орманшылық, шытырман оқиғалы), Оңтүстік Қазақстан – мәдени (оның ішінде рухани, этнографиялық), Батыс Қазақстан – жағажай туризмі орталықтары ретінде айқындалады.Бұл ретте, туристік кластерлер құруда табысты тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлі) инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Кейін әзірленген тәсілдер Қазақстанның басқа да өңірлеріне таратылатын болады, бұл саяхатқа алуан түрлі бағыттары көп бірыңғай туристік желісін құруға мүмкіндік береді.

      Мысалы, Жібек жолы шеңберінде, көршілес елдердің туристік объектілерін қамти отырып, өңіраралық туристік пакеттер ерекше даму алатын болады. Осының шеңберінде тарихи, археологиялық, киелі объектілер реставрацияланатын болады.

      Жүріп-тұруы шектеулі (зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған) топтарға қызмет көрсетудің, қол жетімділік және маршруттары қауіпсіздігінің арнайы стандарттары енгізілетін болады. Білім беру процесінде (оның ішінде қоғамдық және дене тәрбиесінде) балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша кешенді шаралар қабылданады. Заманауи инфрақұрылымның болуына байланысты жұмыс спорт (қысқы спорт түрлері), бизнес (форумдар, конференциялар), денсаулық сақтау және білім беру сияқты туристік бағыттар жылжытылатын болады.




      4-міндет. Ұлттық экономиканы жаңғыртудағы ұлттық холдингтердің рөлі

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, "Бәйтерек" ҰБХ және "ҚазАгро" ҰБХ ұлттық холдингтері экономикалық өсудің жаңа моделін құруда белсенді рөл атқаратын болады. Бұл ретте, бұл холдингтердің рөлі мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды өткізушілер рөлінен экономиканың жеке секторының дамуымен қарама-қайшылыққа түспей, елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін мемлекеттік және коммерциялық мақсаттарды көздейтін, заманауи тиімділігі жоғары, ықшам және кәсіби институттардың рөліне өзгеруі тиіс. Бұл ұйымдардың активтері мен функционалы экономиканы әртараптандыруға, цифрлық және технологиялық жаңғыртуға бағытталатын болады.

      Бұл ретте, олардың стратегиялық рөлінің сәттілігінің негізгі факторы корпоративтік басқару деңгейі жоғары, "yellow pages" қағидаттарына сәйкес холдингтердің тән емес функцияларын және міндеттерін оңтайландыру және активтерді бәсекелес ортаға берумен, жаңа салаларды дамыту мақсатында инвестициялық қызметтің тәсілдерін жетілдірумен квазимемлекеттіктен жоғары технологиялық және тиімді институттарға трансформациялану процестерін тиімді аяқтау болып табылады. Барлық холдингтер бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес көздерден қорландыруды оның ішінде қоса инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды жалғастырады.

3-саясат. Қаржы нарығын дамыту

      Саясаттың мәні: қаржы секторын дамыту саясаты банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру мен экономиканы кредиттеуді, баламалы қаржыландыру көздерін дамытуды, "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту мен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды қамтитын қаржыландырудың тиімді тізбегін қалыптастыруға бағдарланған.

      1-міндет. Банк секторының тұрақтылығын арттыру

      Бұл міндеттің мақсаты төлем қабілетсіздігі тәуекелдерін төмендетуге және 2015 жылы басталған, капиталдың жеткілігі бойынша банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсыныстарын кезең кезеңмен енгізуді жалғастыруды көздеген қадағалау функцияларын орындау есебінен қаржы секторының тұрақтылығын арттыру жөніндегі Ұлттық Банктің жұмысы болып табылады.

      Банк қызметін пруденциялдық реттеуді, халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, банк қызметінің тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жалпы қаржы жүйесін институционалдық дамытуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады.

      Заңнаманы жетілдіру мақсатында Ұлттық банкке жедел бақылау және тәуекелге бағдарланған қадағалауды қолдану бойынша құқықтар беру, аудиторлық және бағалау компанияларының жауапкершіліктерін күшейту, акционерлердің ашықтығын қамтамасыз ету және корпоративтік басқаруды жақсарту, банктердің дәрменсіздігін реттеу режимін жетілдіру жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      Банк секторын сауықтыру бойынша міндеттерді шешу шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің баланстарын "жаман" кредиттерден тазарту және, қажет болған жағдайда, акционерлер тарапынан банктерді толық капиталдандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.

      Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің стандарттарына көшу шеңберінде проблемалардың туындауы мен тәуекелдердің іске асырылуын күтпей, дағдарысты құбылыстарды алдын-ала ескерту бойынша жұмыстарды күшейтетін қадағалау процессі – Базель ІІ-нің екінші құрамдауышын енгізу бойынша ұсынымдар әзірленеді. 2025 жылға қарай ағымдағы реттеу режимінің Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің (Базель ІІІ) жеке капиталдың жеткіліктігі мен өтімділігі жөніндегі негізгі қағидаттарына ауысуы бойынша жұмысы жалғастырылады.

      Жалпы, Ұлттық банк пен Үкіметтің жұмысы банк секторында нарықтық жағдайларды бұрмалайтын факторларды төмендетуге бағытталады, атап айтқанда: мемлекеттің араласуы және мемлекет қаражаты есебінен жеке банктерді қолдау азайтылады, банк секторындағы корпоративтік басқарудың транспаренттігі мен тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады, экономиканы қаржыландырудағы квазимемлекеттік институттардың рөлдері біртіндеп азаяды, банк секторында, оның ішінде, жаңа капитал, жаңа банк өнімдері мен қызметтерді әкелуге қабілетті шетелдік қаржылық институттарды қоса алғанда, нарыққа жаңа жеке қатысушылардың кіруіне бөгет болатын кедергілерді төмендету арқылы бәсекелестікті арттыру шаралары қабылданады.

      2-міндет. Экономиканы ұзақ мерзімді кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету

      Банк жүйесін тұрақты қорландыру базасының болмауы экономиканы кредиттеу бойынша банктердің мүмкіндіктерін шектейтін, банк секторының тұрақтылығын арттыру бойынша негізгі кедергілердің бірі болып табылады. Ұлттық валютада орта мерзімді және ұзақ мерзімді қорландыруды қалыптастыру үшін депозиттік базаны күшейту және депозиттердің мерзімдерін ұлғайтуды ынталандыру бойынша шаралар қабылданады. Сонымен бірге қаржы секторының қалған құралдары үшін бағалық бағдарға айналатын және қаржылық делдалдықты ынталандыратын, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі қисығын құру, сақтау үшін қажетті борыштық құралдарды шығару қамтамасыз етіледі.

      Ішкі қорландыру көздері сонымен қатар тұрғындар мен отандық кәсіпорындардың бос ресурстары есебінен артатын болады. Халықтың жинақтарын қорландыру, жеке капиталдың шамадан тыс кетуін және репатриациялау көзі ретінде тартуға мүмкіндік беретін Private Banking құралдары дамытылады.

      Банктердің теңгерімдерін "жаман кредиттерден" тазарту, қор нарығын дамыту және халықтың жинақтарын инвестициялауға мүмкіндіктерді кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктен заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру кезінде табыстарды мойындау тетігі жетілдіріледі; қарыз бойынша берешектері кешірілген кезде пайда болған жеке және заңды тұлғалардың табыстары салық салудан босатылады. Бизнеске осындай берешектермен проблемаларды уақтылы шешуге және кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін банктік борыштарды жедел қайта құрылымдау тетігі енгізіледі. Банктердің нарықтық емес активтерін секьюриттеудің тиімді тетіктерін енгізу есебінен банк секторының борыштық міндеттемелерін қайта қаржыландыруына жағдай жасалады.

      Ипотекалық тұрғын үй кредиттерінің қолжетімділігін арттыру және банктердің ипотекалық кредиттеуін жандандыру бойынша жұмыстар жалғастырылады, ипотекалық кредиттерді секьюриттеу тетігі енгізіледі.

      Бұл ретте елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай ұзақ мерзімді кредиттер үлесін өсіре отырып, несие қоржынын 50% дейін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі, бұны ұзақ мерзімді кредиттер үлесінің өсуімен, Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің көрсеткіштерімен салыстыруға болады.

      3-міндет. Қаржылық қызметтер мен қор нарығын дамыту

      Банктік және басқа да қаржылық қызмет түрлерінің белсенді енуі нарық сұранысын ескеретін өнімдерді шығару есебінен ғана емес, сонымен бірге жаңа технологияларды енгізу есебінен де жүзеге асырылуы тиіс. Осы міндетті шешу үшін банктердің цифрлық технологияларды пайдалану, банктік қызметтердің жаңа тиімді түрлерін кеңейту және дамыту, қашықтықтан қызмет көрсету бөлігінде белсенділігін одан әрі арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады, бұл шығыстарды оңтайландыруға және олар көрсететін қызметтердің құнына оң әсер етеді.

      Қор нарығын белсендіру

      Реттеуші ортаны одан әрі жетілдіру барлық құнды қағаздарды ұстаушылар туралы бірыңғай деректер базасын құру мақсатында құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын оңтайландыру бағытында жүзеге асырылатын болады, бұл клиенттердің шығысыларын қысқартуға, мәмілелерді тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді оңтайландыруға және құнды қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

      Құнды қағаздардың биржадан тыс нарықтарының ашықтығы артады және осы нарықта айналымдағы қаржылық құралдарға сұранысты ынталандыруға бағытталған шаралар алдын ала қабылданады. Нарыққа қатысушыларды құнды қағаздармен жасалған биржадан тыс мәмілелер және құнды қағаздарға қалыптасқан бағалар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ биржадан тыс нарықта айналымдағы қаржылық құралдарға сұранысты ынталандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

      Жаңа технологияларды енгізу, электрондық сауданы инвесторлардың сауда-саттықтарға қашықтықтан қол жеткізу жүйелеріндамыту, акционерлердің жалпы жиналысында электрондық дауыс беру жүйесін құру жолымен құнды қағаздарды сату шарттарын жеңілдету жоспарлануда.

      Құнды қағаздарды шығару проспектісінің электронды форматына ауысу және оны қаржылық есеп беру депозитарийінде эмитенттер орналастырған ақпараттар негізінде автоматты түрде жаңарту жолымен құнды қағаздарды шығаруға байланысты рұқсат беру рәсімдерін одан әрі оңтайландыру жүргізіледі.

      ДСҰ-ға кіру және капиталдың халықаралық нарықтарымен интеграциялануы жағдайында отандық делдалдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инвестициялық банкингті дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жалғастырылады.

      Құнды қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар тиімді жасау үшін формальды тәсілден тәуекелге бағдарланған реттеуге және құнды қағаздар нарығының субъектілерін қадағалауға өту бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Зейнетақылық активтерді басқару нарығын дамыту

      Зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару бойынша функцияларды бәсекелі ортаға беру есебінен экономиканың басымды секторларын қаржыландыру үшін "ұзын" ақшаларды бере алатын зейнетақылық активтерді басқару компаниялары атынан стратегиялық инвесторлар класы құрылады. Стратегиялық инвесторлардың пайда болуы эмитенттер үшін қор нарығында қаржыландыруды тартуға қосымша ынталандыру болады. Сонымен бір уақытта жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыз етудің алдыңғы жүйесінің кемшіліктерін ескеру қажет.

      Салым салушыларға оның зейнетақылық жинақтарын инвестициялық басқару стратегиясын және басқару компаниясын таңдау құқығы берілетін болады, бұл да зейнетақылық қызметтер нарығында бәсекені қамтамасыз етеді.

      Қорландыруға сұранысты қамтамасыз ету

      Қорландыруға сұранысты қамтамасыз ету үшін эмитенттерді қолдау бағдарламасын енгізу арқылы жеке компанияларға құнды қағаздар нарығында қаржыландыруды тарту үшін ынталандырулар жасалады, сондай-ақ тұрғындар үшін өзінің жинақтарын түрлі құнды қағаздарға инвестициялауға (оның ішінде қолжетімді қаржылық құралдардың базасын арттыру арқылы және реттеуші талаптарды ырықтандыру есебінен) мүмкіндіктері артады.

      Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектор компанияларын қазақстандық қор биржасына шығару жүзеге асырылады.

      Мемлекеттің экономикаға қатысуының айқындығын арттыру және бизнесті мемлекеттік қолдау процестерінің нарықтық қағидаттарына сәйкестігін арттыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және қор нарығының құралы арқылы мемлекеттік қолдауды ұсынуға жағдайлар жасалады.

      Инвесторлық базаны кеңейту мақсатында, брокерлік қызмет көрсетуді, активтерді басқаруды, капитал мен эмитенттер нарығын талдауды, консалтингтік қызметтер мен андеррайтингті қоса алғанда, қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынатын инвестициялық банктердің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалады.

      Өзге де банктік емес қаржылық қызметтерді дамыту

      Сақтандыру секторын институттық дамыту және тұрақтылығын арттыру бойынша, венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін заңнаманы жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылады.

      Баламалы қаржыландыру көздерінің тартымдылығын арттыру мақсатында инвестицияларға кепілдік беру және шығындарды өтеу жүйелерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылады.

      Инвестициялық құрамдағы ерікті жинақтаушы сақтандыруды дамыту үшін өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар салымшыларға ұсынылатын инвестициялық өнімдер тізбегін кеңейтеді. Сақтандыру қызметтерінің тізбегін кеңейту және сақтандыру компанияларының тұрақтылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

      ШОБ секторын, оның ішінде мемлекеттік қолдау есебінен жедел өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында факторинг нарығын дамыту бойынша шаралар енгізіледі. Лизингтік, оның ішінде дамыту институттары есебінен қызмет көрсету нарығын дамыту саясаты жалғастырылады. Құқықтық нормалар осы қаржылық қызметтердің ерекшеліктерін жақсы көрсетуі үшін заңнамаға қажетті өзгерістер енгізіледі.

      Қаржылық қызметтерді цифрландыру

      Жаһандық сауда қаржыларын, төлем құралдары мен жүйелерін дамыту, қаржылық қызметтерді алу шығасылары мен уақытын қысқарту үрдістері қызметтердің, оның ішінде қаржы секторында да цифрландыруды жеделдетеді.

      Кредиттеу және сақтандыру қызметтері, бұлтты бухгалтерия мен есептілік бойынша көрсетілетін қызметтер, кредиттік досьені енгізу цифрландырылады, бұл қағаз құжаттаманы ұсыну бойынша талаптарды қысқартады.

      Цифрлық қызметтер көрсетуді белсенді енгізу шеңберінде блокчейн-технологияларды енгізу үшін жағдайлар жасалатын болады.

      Қаржылық қызметтерді алу үшін коммерциялық интернет пен мобильдік құрылғыларды пайдалану белсенді қарқынмен дамитын болады. Жеке тұлғалар арасында кредиттеу сияқты жаңа бизнес модельдері енгізіледі.

      Цифрлық қаржылық қызметтердің өсуі қолма қол ақшасыз төлемдер үлесін ұлғайтады және көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға ықпал ететін болады.

      4-міндет. "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту

      "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту: капитал нарығы, активтерді басқару, дәрменді жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару (Private banking), қаржылық технологиялар мен исламдық қаржыландыру сияқты бес стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

      Баламалы қаржыландыру көздерін дамыту үшін АХҚО базасында қаржы биржасын дамыту жұмысы жалғасады. АХҚО ерекше құқықтық мәртебеге ие және ЕХРО-2017 инфрақұрылым базасында жеке аумағы бар. АХҚО инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды: ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген коммерциялық және азаматтық құқықты, тәуелсіз реттеу режимін; салықтық жеңілдіктерді; жеңілдетілген тіркеу режимі мен тартымды инвестициялық климатты қамтамасыз етеді.

      Капитал нарығын дамыту үшін әлемнің озық биржаларымен ынтымақтаса отырып, АХҚО технологиясы жоғары биржаларын құру есебінен қажетті экожүйе және сапалы биржалық инфрақұрылым қалыптастырылатын болады. Озық әлемдік тәжірибеге сәйкес қор нарығының ашықтығын дамыту және шетелдік инвесторлардың тарту үшін АХҚО реттеу мен биржасының инфрақұрылымы қамтамасыз етілетін болады. АХҚО биржасы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ірі активтерінің акцияларын орналастыру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар АХҚО биржасында өңір үшін жаңа "жасыл" қаржыландыру, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар құралдары шығарылатын болады.

      Халықаралық қаржы орталығы базасында ақылды келісімшарттар алгоритмі орнатылған арнайы криптографикалық жетондар (криптотокендер) шығару жолымен қорландыруды тартуға жағдай жасау туралы мәселе пысықталатын болады. Жаңа қаржы институттарының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету және жаңа технологияларды пайдаланатын клиенттерді қорғау үшін реттеу тетігі жасалатын болады.

      Қазақстанда ақылды келісімшарттар мен таратылған тіркелім технологияларын дамыту қаржы нарығының кеңдігі мен тереңдігін арттыра отырып, жеке инвесторлар (жеке тұлғалар) көп болу үшін ұйымдастырылған қаржы нарығына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ шығасыларды айтарлықтай азайтады.

      АХҚО активтерді басқару саласындағы жергілікті нарықты және сараптаманы дамыту жөніндегі қызметі бастапқы сатысында активтерді басқару нарығында қызмет көрсететін халықаралық компанияларды тартуға бағытталатын болады. Халықаралық басқарушы компанияларды тарту елде стратегиялық инвесторлар класын құрудың катализаторына айналады, Private Banking құралдарын дамытуға түрткі болуға мүмкіндік береді.

      АХҚО қаржылық технологияларды дамыту үшін тартымды экожүйелер құру жұмыстарын жалғастырады. Икемді реттеу енгізілетін, сондай-ақ финтех-компаниялар мен жеке кәсіпкер-инженерлер үшін офис кеңістіктерін қамтитын қаржылық технологиялардың арнайы орталықтарын құру, кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларын өткізу, қаржылық технологияларды дамыту жөніндегі жергілікті және шетелдік компаниялар мен институттарды тарту, шеберлік сыныптары мен оқу бағдарламаларын өткізу, зерттеу зертханаларын құру, қаржылық технологияларды жылжыту бойынша конференциялар мен іс-шаралар өткізу қарастырылатын болады.

      Исламдық қаржыландыру индустриясына жаңа қарқын беру үшін АХҚО базасында қолайлы құқықтық және реттеу ортасы жасалады және жаңа исламдық қаржыландыру құралдары әзірленетін болады. Қазақстан заңнамасы исламдық өнімдерді сәйкес дәстүрлі өнімдермен қатар қарастырады, сондықтан исламдық қаржыландыру үшін ұқсас шарттар қолданылады.

      Халықаралық исламдық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жалғастырылатын болады.

      5-міндет. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, қаржылық инклюзивтілікті, халықтың қаржылық өнімдермен және қызметтермен қамтылуын арттыру

      Халықтың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі қаржы секторында қосымша қатерлер төндіреді. Қаржылық сауаттылықты тұрақты арттыру әрбір қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушының күнделікті міндетіне айналуы тиіс. Бір мезгілде қаржылық қызметтерді алудың барлық кезеңінде халыққа өз құқығын қорғайтын тетіктердің толық жиынтығын қамтамасыз ету қажет.

      Қаржылық білімді арттыру, бюджетті жоспарлау дағдыларын дамыту және қаржылық өнімдерді пайдалану бойынша сараланған шешімдер қабылдау бойынша шаралар қабылданады.

      Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар мен эмитенттерді қоса алғанда, инвесторлардың қаржылық сауаттылығын, олардың бағалы қағаздар нарығындағы процестер туралы, онда жұмыс істейтін субъектілердің қызметі туралы хабардар болуын арттыру жалғасатын болады.

      Халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру сақтандыру құралдарын танымал етуге, сақтандыруға сенімді арттыру және тарихи қалыптасқан халықтың мемлекет тарапынан әлеуметтік және басқа көмектерге бағдарланушылығын төмендетуге бағытталатын болады.

      Исламдық қаржылық өнімдерге сұранысты арттыру мақсатында халық пен бизнестің исламдық қаржыландырудың мәні мен оның қолжетімділігі туралы хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Сонымен қатар жаңадан ұсынылып жатқан реформаларға халықтың сенімсіздігін жою үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.

      Қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқығын қорғауды қамтамасыз ету, тәуекелі жоғары кредиттеу және көлеңкелі реттелмейтін кредиттік нарық қауіптерін шектеу үшін халыққа қарыз берудің жеке тәртібі көзделетін болады. Жеке тәртіп заңды тұлғаларға төлем және қайтарымдылық шартымен ақша беруді де, сол сияқты заттарды (қызметтерді) беруді де қарастыратын, бірақ банктік қарыз беру шарты немесе микрокредит беру шарты болып табылмайтын барлық қарыз беру шарттарына қатысты болады.

      Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қаржылық ресурстарды (мысалы, біріккен "халықтық" қаржыландыру, инвестициялау, кредиттеу) тартудың баламалы тетіктерін реттеудің ықтимал шарттары қарастырылатын болады.

      Халық пен кәсіпкерлер үшін кредиттің қолжетімділігін ұлғайтудан басқа, банктегі есеп айырысу және жинақ шоттарының болуы сияқты басқа да базалық қаржылық өнімдер мен қызметтерді қамтамасыз ету жұмысы жалғасатын болады. Мұндай өнімдерге қолжетімділікті, оның ішінде цифрландыру арқылы арттыру қаржылық жағынан дамыған және шалғай өңірлер арасындағы алшақтықты төмендетуге мүмкіндік береді.

4-саясат. Инвестицияларды белсенді тарту

      Саясаттың мәні: Мемлекеттік инвестициялық саясат қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, инвесторлар құқығын қорғауды нығайтуға, инвестицияларды тарту және ұстап қалу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл ретте институционалдық ортаны жетілдіру, мемлекеттің инвестициялық саясатының ашықтығы мен айқындылығын арттыру инвесторлардың сенімін нығайтудың маңызды факторлары болып табылады, Қазақстан Республикасындағы экономикалық белсенділікті арттыруға және өңдеуші секторды дамытуға ықпал етеді.

      1-міндет. Реттеуді және инвесторлардың мемлекетпен өзара
іс-қимылын жаңғырту есебінен инвестициялық ахуалды жақсарту

      Инвестициялық ахуал институционалдық ортаны жетілдіру, инвестициялық заңнаманың және мемлекеттік саясаттың ашықтығын арттыру, инвестициялық преференциялар беру, шетелдік мамандарды тартуға арналған жеңілдетілген режим, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту және бизнес жүргізу жеңілдігіне арналған жағдайларды қамтамасыз етудің арқасында жақсаратын болады.

      Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестицияларды тарту бойынша шаралар үздік халықаралық практиканы ескере отырып, басқа ауқымды нарықтарда жұмыс істейтін инвесторлардың қолайлы, ең аз қосымша күш жұмсай отырып, қазақстандық активтерге инвестиция сала бастайтын мүмкіндіктері болатындай әзірленуі және іске асырылуы тиіс.

      Қазақстандағы және жетекші шетелдік нарықтардағы инвестиция салу шарттарының үйлесімділігі мен үндесуі ұзақ мерзімді перспективада сақталуы тиіс.

      Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің шеңберіндегі белсенді жұмыс жалғасатын болады. Инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі мен жалпыға бірдей халықаралық практика ескеріле отырып, оңтайландырылады.

      Инвестицияларды тарту шараларын жоспарлау және іске асыру алуан түрлі инвестициялардың өзара байланысын және оларды кешенді түрде дамыту мүмкіндігін ескеретін болады.

      Кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет мәселелерін қозғайтын негізгі заңдар мен құқықтық актілер бойынша толық және егжей-тегжейлі өзекті ақпарат жариялауды қамтитын ағылшын тіліндегі тиісті ақпаратқа қол жеткізу жақсаратын болады. Жоспарланып отырған іскерлік айналымда ағылшын тілін пайдалануды кеңейту, нормативтік құжаттар мен оқыту бағдарламаларын ағылшын тіліне аудару, тек ағылшын тілін білген кезде қазақстан экономикасына инвестициялармен байланысты қызметті кедергісіз және табысты жүргізуге болатындай жағдайға жеткізеді. Бұл жаңа инвесторларды тартудағы ақпараттық кедергілерді айтарлықтай төмендетеді.

      Технологиялық жаңғырту және экономиканы дамыту міндеттерін назарға ала отырып, құзырлы және қажетті адами ресурстарды тарту үшін визалық және көші-қон режимін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

      Еркін экономикалық аймақ және индустриялық аймақ тәжірибесі ескерілетін болады, ол инвестиция тарту тетіктері ретінде олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


      2-міндет. Инвесторлар құқығын қорғауды күшейту есебінен инвестициялық ахуалды жақсарту

      Инвестор құқықтарының көлемі мен сол құқықтарды қорғау тетіктері инвестициялық ахуалдың негізгі элементтері болып табылады.

      Инвесторлар құқығын қорғаудың негізгі кепілдіктерін тиісінше орындауға басымдылық беріледі. Бұл инвесторлармен өзара іс-қимыл кезінде әділдік және тең құқылық қағидаттарын қамтамасыз етуді, неғұрлым қолайлы режимді қамтиды.

      Инвесторлармен өзара іс-қимыл кезінде әділдік және тең құқылық қағидатын қолдану әлеуетті инвесторлар қатарын кеңейту және қазақстандық экономиканы қаржыландыру шарттарын жақсарту үшін негіз болып табылады. Қазақстанға келген кез-келген инвестор өзінің бәсекелестерімен тең жағдайларда жұмыс істейтініне сенімді болуы тиіс.

      Инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында инвесторлардың проблемаларын сотқа дейін шешу және шағымдарын басқару тетіктері әзірленетін болады. Бұл жерде Kazakh Invest, Инвестициялық омбудсменнің, Инвесторларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штаб), сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы ерекше рөл атқарады. Инвесторлардың шағымдарын жүйелі және тұрақты түрде қадағалау, сондай-ақ проблемаларды шешудің тиімді әдістері ерекше рөл атқарады.

      Соттардың біліктілігі мен кәсіби білімін арттыруды қоса алғанда инвестициялық даулар бойынша сот жүйесі мен сот практикасын жетілдіру жұмысы жүргізілетін болады. АХҚО юрисдикциясында әрекет ететін инвесторлар ағылшынның Жалпы құқығына негізделген арнайы құқықтық жүйеге қол жеткізе алады.

      Халықаралық практиканы ескере отырып, жаңа форматтағы халықаралық инвестициялық келісімдер жасасу жөніндегі тәсілдер әзірленетін болады.

      Инвестициялық ахуалды жақсартуға берешек толық өтелген және қылмыстық сөз байласу немесе жасырын ниет болмаған кезде салықтық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту ықпал етеді. Салық саласындағы келіспеушіліктерді сотқа дейін шешу мақсатында Салық омбудсмені институты енгізілетін болады.

      3-міндет. Отандық және шетелдік инвестицияларды барынша белсенді тарту

      Инвестицияларды барынша белсенді тарту әлемдік инвестициялық қоғамдастыққа, ең әуелі экспортқа бағдарланған инвестицияларға Қазақстан экономикасының бәсекелес артықшылықтары туралы ақпаратты айқындауға және беруге бағытталады. Инвесторларды тарту үшін сол сияқты өнімдерді экспорттау үшін де инвесторлардың қызығушылығын тудыратын және елді дамыту мүддесіне сай келетін бәсекеге қабілетті салалалар (кіші салалар) және нақты елдер анықталатын болады. Отандық инвесторлар да бұл ретте мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға байланысты ақпараттар мен мүмкіндіктерге шетелдік инвесторлар сияқты қол жеткізе алады.

      Әлеуетті инвесторлармен келіссөздер өткізіліп, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, барынша жоғары қосылған құны бар жаңа, жаңғыртылған өнімдер мен қызметтерді меңгеруге, әзірлеуге және енгізуге бағытталған инвестицияларды тартуға ерекше назар аударатын инвесторлардың елге келу сапары ұйымдастырылады.

      Сондай-ақ инфрақұрылымдық және сервистік жобаларға жеке сектордың қатысуын ұлғайту бойынша шаралар қабылданатын болады. Ол үшін жекешелендіру бағдарламасының әлеуеті және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі пайдаланылатын болады.

      Отандық кәсіпорындардың өндірістік және технологиялық қуаттарын дамытуға, олардың басқарушылық әлеуетін халықаралық стандарттарға дейін жақсартуға бағытталған шетелдік және жергілікті компаниялар арасындағы байланысты дамыту шаралары іске асырылатын болады.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне кіретін даму институттарының қызметін қорландыруға сыртқы бюджеттен тыс қаражат тарту практикасы жалғастырылып, кеңейтілетін болады.

      Салалар мен өңірлер бөлінісінде инвесторларға арналған "Инвестициялық жобалар картасы" қалыптастырылады, халықаралық практикаға сәйкес әлеуетті инвесторлар үшін жобаларды "жинақтауды", қаржылық модельдер құруды, тизерлер дайындауды, data-room ұйымдастыруды қамтитын инвестициялық жобаларды сүйемелдеу функциясы енгізіледі.

      4-міндет. Инвестицияларды тарту үшін инфрақұрылымды жетілдіру

      Заманауи инвестициялық инфрақұрылым Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметке байланысты практикалық мәселелерді шешудің жеңілдігі мен жылдамдығын қамтамасыз етуі тиіс.

      Шетелдік инвестициялар тартуды кең өкілеттіктері бар және шетелдік өкіл желілері мен өңірлік филиалдары бар инвестициялар жөніндегі "Kazakh Invest" мамандандырылған ұлттық инвестициялық компания "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асыратын болады. "Kazakh Invest" инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен шарттарын талқылаған кезде бірыңғай келіссөз жүргізушінің және инвестициялық жобаларды іске асыруға қажет әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай арнасының функциясын атқаратын болады.

      Әріптес банктер мен инвестициялық компаниялардың, сондай-ақ, шетелдік инвестордың жобаға енуін тиімді сүйемелдеуге арналған консультациялық және техникалық қызметтердің өнім берушілерінің желісі қалыптастырылады.

      Еркін экономикалық аймақтардың жұмысы үйлестіріледі және өңірдің ерекшеліктерін және логистикалық құрамдас бөлігін ескере отырып, әрбір ЕЭА бойынша инвестициялық жобалардың әлеуетті тізімі қалыптастырылады.

      Жобаның салалық ерекшелігіне байланысты жобаларға немесе мемлекеттік кепілдік тетіктеріне мемлекет қатысуының түрлі схемалары әзірленеді. Перспективалық, қолданыстағы және жаңа, бірінші кезекте экспортқа бағдарланған жобаларды іздестіру бөлігінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарымен өзара тығыз іс-қимыл қамтамасыз етіледі.

      АХҚО-ның дамуы сондай-ақ капитал нарықтарының жұмыс істеуіне байланысты компаниялардың экожүйесін қалыптастыру есебінен инвестицияларды тарту бойынша инфрақұрылымды кеңейтуге ықпал етеді.

      Білім беру мекемелерімен жұмыс іске асырылатын және перспективалық инвестициялық жобаларды кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

      5-саясат. Жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету

      Саясаттың мәні: Өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мемлекет саясаты халық үшін Конституциямен кепілдендірілген ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен толық әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін әлеуметтік қамтамасыз ету нормаларын кезең-кезеңімен жақсартуға бағдарланған. Өмір сүрудің жоғары сапасы оның ішінде сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау, сондай-ақ тұрғын-үй жағдайларын жақсарту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (бұдан әрі – ТКШ) саласындағы іс-шаралардың тиімділігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі. БҰҰ тұрақты даму мақсатарына сәйкес негізгі нәтиже азаматтардың әлеуметтік саламаттылығын қамтамасыз ету болады.

      1-міндет. Әлеуметтік саламаттылықты қамтамасыз ету

      2025 жылға дейін Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі бастапқы сатыдағы міндеттерінің бірі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында, зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды дамытуда, әлеуметтік қызмет көрсету және көмектің атаулылығы жүйесін жаңғыртуға әлемдік стандарттарына қол жеткізу үшін жүйелі реформалар арқылы әлеуметтік саламаттылықты қамтамасыз ету болып қалады.

      Ең аз әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету

      Экономикалық өсу мен бюджеттік мүмкіндіктерге байланыстырылған ең төмен әлеуметтік стандарттар кезең-кезеңімен халықаралық баламаларға жақындай түседі.

      Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері мен құрылымы – мемлекеттіңбарлық базалық әлеуметтік төлемдерін есептеудің негізі ретінде тұтыну себетінің нақты құнын көрсете отырып, тұрақты негізде қайта қаралады, сол арқылы халықтың, оның ішінде базалық зейнетақы мен базалық жәрдемақы алушыларға қолайлы өмір сүру деңгейіне кепілдік берілуі тиіс.

      Кедейлік шегін айқындау әдістемесі оңтайландырады: бірінші кезеңде оның деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына қатысты артады, кейіннен кезең-кезеңімен ел бойынша орташа кіріспен байланыстырылады, ол табысы аз халыққа әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсерін тигізеді.

      Жалақының ең аз мөлшерін кезең-кезеңімен өзгерту мәселесі пысықталады, ол барынша дамыған елдердегі сияқты елдегі орташа жалақыға қатысты айқындалатын болады және ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан асып түседі.

      Еңбек қауіпсіздігін және қорғауды қамтамасыз ету

      Тәуекел-менеджментке негізделген еңбекті қорғауды басқарудың стандартталған инновациялық жүйесі енгізіледі.

      Алдағы уақытта қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша стандарттарына кейіннен қайта қарау және өзектілендірумен кең ауқымды түгендеу жүргізу күтілуде.

      Сақтау мониторингі стандарттардың электрондық деректер базасын енгізу есебінен шешілетін болады.

      Еңбекті қорғау саласында кадрларды дамытуға оқытудың жаңа түрлері мен тәсілдерін енгізу есебінен қол жеткізілетін болады (өзекті бағдарламалар, қашықтықтан оқыту, тренажерлар және имитациялық модельдер, басқалар).

      Зейнетақы жүйесін дамыту

      Зейнетақы жүйесі одан әрі дамиды, бұл ретте өнімді және формальдандырылған жұмыспен қамтуды ынталандыруға басты назар аударылады.

      Біріншіден, зейнетақы жасына жеткендерің барлығына мемлекеттің бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына "байланысты" болады. Осылайша, жұмыс істейтін азаматтар бұрын жұмыссыздармен немесе зейнетақы жарналарын төлемегендермен салыстырғанда үлкен мөлшердегі базалық зейнетақы алады.

      Екіншіден, базалық зейнетақыдан басқа жұмыс істеген зейнеткерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алады, онда зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрамдауышының шеңберінде жұмыс істеген зейнеткердің 10% зейнетақы жарналарына қосымша оның жұмыс берушісінен 5% зейнетақы аударымдары жинақталады.

      Жұмыс істеген зейнеткер үшін зейнетақы төлемдерінің үшінші көзі оның ерікті зейнетақы жинағы болуы мүмкін.

      Әлеуметтік сақтандыруды дамыту

      Әлеуметтік сақтандыру жоспарлы түрде дамытылады және өнімді және формальдандырылған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады.

      Біріншіден, бұл әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда жұмыс істейтін азамат пен оның отбасында бірнеше төлем көзі болуының арқасында қамтамасыз етіледі. Мысалы, еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда мемлекеттік бюджеттен мүгедектік бойынша базалық жәрдемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілікті жоғалту бойынша төлемдер, сондай-ақ жұмыс беруші аударымдарының есебінен жиналған, жеке сақтандыру компанияларының төлемдері қолжетімді болады.

      Екіншіден, зейнетақы жүйесіне ұқсас, әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу өтілі мен төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады: кірістерді ауыстыру коэффициенттері (жұмысын жоғалту, асыраушысынан айрылу, еңбекке қабілеттілігін жоғалту) ұлғаяды, төлемдердің ұзақтығы (жұмысын жоғалту) ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды.

      Әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту

      Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде атаулылық күшейтілетін болады. Еңбекке жарамсыздар үшін көмек сөзсіз қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге жұмыс істей алатын табысы аз адамдар үшін көмек әлеуметтік келісімшарт негізінде қолжетімді болады. Бұл табысы аз адамдарды қолдау өз өмірін нашарлататын жағдайларды (мысалы, қажетті кәсіби дағдылардың болмауы) еңсеруге және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған белсенді шараларға қатысуға дайындығына байланысты болатынын білдіреді.

      Мемлекет тарапынан барынша белсенді тәсілді кезең-кезеңімен енгізу әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды аспектісі болады. Қолдау органдары, көмекке жүгінген адамдарға қызмет көрсетуден басқа халықтың аз қамтылған санаттарын ауылдық жерлерге аса назар аудара отырып, ақпараттық жүйелер арқылы табысы аз адамдарды өздігінен анықтайды.

      Арнайы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігі мен сапасын күшейтуді көздейтін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады.

      Атаулылықты күшейтуге қызмет көрсетудің өтініш білдіру тәсілінен барынша белсенді тәсіліне көшу арқылы қол жеткізіледі. Аутсорсинг шеңберінде жеке және азаматтық сектор ұйымдары Мұқтаж адамдардың әлеуметтік тіркелімін қалыптастыра отырып, мақсатты контингентті анықтайды. Олар жасына, тыныс-тіршілік шектерінің дәрежесіне, өмір жағдайына, жеке қажеттіліктеріне байланысты алушылар санаттарына бөлінеді. Тізбе деректерінің негізінде қызметтерге қажеттілік және қаржыландыру көлемі анықталып, атаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.

      Қолжетімділік қонаққа қабылдайтын отбасыларында мұқтаж және партонатты күтімдегі жұмыспен қамтылмаған отбасы мүшелерін; әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының базасында жеке сектор, қалалар мен ауылдарда МЖӘ қағидаттары негізінде құрылған аз сыйымды көп бейінді үйлер, сондай-ақ шалғай ауылдардағы "мобильді қызметтерді"; мемлекеттік мамандандырылған интернат-үйлерін жұмысқа тарту есебінен күшейтілмек.

      Жеке сектордың сапасын және қатысуын күшейтуге қызмет көрсетудің жаңартылған стандарттары мен экономикалық тұрғыдан ақталған тартымды тарифтер себеп болады. Стандарттарға қызмет көрсетудің көлемі, мерзімі мен ұсыну шарттары, олардың жан басына шаққандағы нормативтерге негізделген құны, сапа индикаторы және ұсынылатын қызметтердің нәтижелерін бағалау кіреді.

      Мұқтаж жандар біліктілігі туралы, көрсетілетін қызмет түрлері, жұмыстарының нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын Мамандардың бірыңғай тізілімін құру арқылы әлеуметтік қызметтерді алу нысанын таңдау мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте мемлекет мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін реттеуші және бақылаушы рөлді өзіне сақтап қалады.

      2-міндет. Қолжетімді және сапалы денсаулық сақтау саласын дамыту

      Қазақстан денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуға қол жеткізген елдер қатарына қосылатын болады. Денсаулық сақтауды қаржыландыру әртараптандырылады және тұрақты дамуға және саланың жаһандық бәсекеге қабілеттілігі жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіледі.

      Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру

      Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациенттерге бағдарлануын арттыру деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделетін болады. Жинақталған білім базасының тұтастай қамтылған цифрлық деректері клиникалық және саяси шешімдерді интеграциялаған қолдаудың негізгі көзіне айналады. Ол үшін денсаулық сақтау салысындағы статистика және жіктеу ЭЫДҰ елдерімен үндестіріледі, барлық деңгейдегі өзекті деректерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Телемедицина, роботтандырылған әдістер және денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект енгізу бойынша жобаларға қолдау көрсетілетін болады.

      Профилактикаға және ауруды бастапқы кезеңде басқаруға қайта бағытталу

      Нақты профилактика және ауруды бастапқы кезеңде басқару мақсатында генетикалық зерттеулер мен дербестендірілген медицинаны енгізудің мүмкіндіктері қарастырылады.

      Бұл тәсіл одан әрі жинақталған статистикалық деректер базасы негізінде шешімдерді қабылдау, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу арқылы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің дамуына ықпал етеді. Бұл қоғамдық денсаулық қорғау қызметінің жұмысын профилактикаға, тәуекелдерді бағалауға және ауруларды бастапқы сатыда басқаруға қайта бағдарлау шараларын іске асыру бойынша мүмкіндік береді.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу

      Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі
(бұдан әрі – МӘМС) енгізілетін болады, оның шеңберінде азаматтардың, жұмыс беруші мен мемлекеттің халықтың денсаулығын қорғау бойынша ынтымақты жауапкершілігі қағидаты іске асырылады. Бұл ретте, медициналық ұйымды сол сияқты дәрігерді де таңдау мүмкіндігі беріледі.

      Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының даму басымдықтарын ескере отырып, шектелген ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді стратегиялық сатып алу жүйесі енгізілетін болады.

      БМСК және бәсекелестік ортаны дамыту

      Сектордың тиімділігіне қызметтерді амбулаториялық деңгейде шоғырландыру және үйлестіру есебінен мамандандырылған қызметтермен толық интеграциялау арқылы қол жеткізілетін болады. Бастапқы деңгейде бәсекелес ортаны дамыту пациентке бағдарланған модельді енгізуге мүмкіндік береді, бұл жағдайда көмек көрсету тұратын жеріне тікелей жақын жерде қол жетімді болады.

      Медициналық ұйымдарды басқарылатын жекешелендіру медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігі үшін жеке сектордың құзыреттері мен ресурстарын тартуға бағытталатын болады. Мемлекеттік сектор БҰҰ-ның "Тұрақты даму мүддесінде жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру және жандандыру құралдарын күшету" тұрақты дамудың 17-жаһандық мақсатына сәйкес денсаулық сақтауда жеке секторды дамытуға нақты бағыт берілетін болады.

      Мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру процесі жалғасады.

      Медициналық және фармацевтикалық білім беру мен ғылымды жаңғырту

      Медициналық және фармацевтикалық білім беру мен ғылымды жаңғырту жетекші шетелдік университеттермен стратегиялық әріптестік арқылы үздік практикалар мен стандарттарды трансферттеу негізінде жалғасады. Бұл білім беру, ғылым және практиканы интеграциялауды қамтамасыз етеді.

      Медицина жұмыскерлерін лицензиялау және сақтандыру жүйесін енгізу

      Қауіпсіз және білікті медициналық көмек көрсету үшін кәсіби қызметті лицензиялаудың жаңа жүйесін енгізу және іске асыру мүмкіндігі қаралатын болады.

      Сонымен бірге медициналық жұмыскерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін кәсіби тәуекелдерді басқарудың құрамдауышы ретінде медициналық көмек көрсету практикасымен интеграциялау бойынша мәселені пысықтау жоспарлануда.

      Дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру

      Сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тиісті фармацевтикалық практикалар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін қамтамасыз ету жүйесі бойынша фармацевтикалық инспекторат пен фармацевтикалық инспекцияны жетілдіру және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігін мониторингілеу, медициналық өнімдерді қадағалау жүйесін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

      3-міндет. Тұрғын үй инфрақұрылымының қолжетімділігін және жайлылығын арттыру

      Тұрғын үй саясаты жер учаскелерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және азаматтарға жеке тұрғын үйлерді салуға осы жер учаскелерін бөлу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталатын болады. Жылына 40 мыңнан астам жер учаскелерін инженерлік желілермен жыл сайын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

      Пилоттық жоба шеңберінде облыс орталықтарында, моно және шағын қалаларда негізінен отандық құрылыс материалдарын қолдана отырып (90%-ға дейін), бірыңғай сәулеттік стильде аз қабатты жеке тұрғын үйлер салынады.

      Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктердің кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен бөлінген қаражат тартылатын болады. Тартылған қаражат "револьверлік" негізде тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуы есебінен кері қайтады. 2025 жылдың соңына дейін 8,5 млн шаршы метр кредиттік тұрғын үй енгізіледі, ол 120 мыңнан астам азаматты тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

      Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселелерін шешу үшін сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға алу құралы пайдаланылады. Осы мақсатта жыл сайын шамамен 3 мыңға жуық пәтер салынады.

      Жалпы 2022 жылға қарай 53 млн. шаршы метр, 2025 жылға дейін - 96,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 900 мыңнан астам пәтер салу жоспарлануда.

      Тұрғын үй-коммуналдық саладағы саясат сапалы коммуналдық қызметтерді үздіксіз беруді қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, энергияны үнемдейтін және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалануға бағытталған болады.

      Пәтер иелері мен басқару органдарының өзара іс-қимылы мен жауапкершілігін бөлудің оңтайлы тетіктері айқындалады, коммуналдық инфрақұрылым секторында объектілерді жаңғырту, инновациялық технологиялар мен материалдарды трансферттеу және коммерцияландыру бойынша жұмыс жалғасады.

      Сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында сектордың ашықтығын, ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету, тарифтерді қалыптастыру жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі шаралар қабылданатын болады.

      Цифрландыру шеңберінде саланың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының субъектілерін толық қамтуды қамтамасыз ететін бірыңғай деректер базасы енгізілетін болады.

6-саясат. Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау

      Саясаттың мәні: Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат су мен жер ресурстарының сапасын, ауа сапасын жақсартуға, баламалы энергия көздерін дамытуға, климаттың өзгеруіне бейімделуге, сондай-ақ экономиканың декарбонизациясы және энергия тиімділігін арттыруға бағдарланған. Негізгі нәтиже халықтың өмір сүру сапасының, экологиялық қауіпсіздіктің өсуі, экологиялық тәуекелдер мен экологиялық тапшылықты төмендету, сондай-ақ орнықты даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру болады.

      1-міндет. Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу

      Климаттың өзгеруі туралы Париж келісімін іске асыру және ЭКСПО негізінде Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығын құру бойынша одан әрі шаралар елдің жасыл экономикаға көшуі үшін мәнді қадамдар болады.

      Жасыл экономикаға жататын анықтамаларды кеңейтумен қатар Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы сондай-ақ Париж келісіміне сәйкестендіріледі. Жасыл экономиканы дамыту бағыттары климаттың өзгеруін болдырмауға және парниктік газдар шығарындыларын жасыл технологияларды қолдану арқылы азайту жөніндегі қабылданған міндеттемелерге қол жеткізуге бейімделуге ықпал етеді.

      2-міндет. Қаржыландыру көздерін анықтау және жасыл қаржы мен инвестициялар тартуды есепке алу

      Жасыл технологияларды қаржыландыру үшін халықаралық қорлар мен жеке инвестициялар, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер пайдаланылады.

      Инвестициялар 124 ел үкіметтерінің бастамасы бойынша құрылған "Жасыл" климаттық қор шеңберінде дамушы елдерде парниктік газ шығарындыларын шектеу және азайту мақсатында, сондай-ақ климаттың өзгеру салдарына бейімделуге көмектесу үшін бөлінеді. Осы қормен және Еуропалық қайта құру және даму банкі белсенді ынтымақтастықта Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларды ұлғайту және бірлескен жобаларды іске асыру күтілуде.

      Мемлекеттік қаражат МЖӘ жобалары шеңберінде бөлінеді. Бұл ретте қаржы ресурстарын жоспарлау жылдам және икемді түрде жүргізіледі, себебі жасыл технологиялар үнемі жетілдірілуде және өндіріс процестер тез арзандауда. Осыған байланысты жасыл экономикаға көшуге жұмсалатын қаражаттарды одан әрі жоспарлау және есепке алу үшін қолданылатын жоба технологияларын бағалау үшін айқын өлшемшарттар анықталады.

      Шығарындыларға квоталар саудасы нарығын дамыту бойынша жұмыс жалғасады және оны шетелдік нарықпен интеграциялау үшін шаралар қабылданатын болады.

      Бұдан басқа Қазақстан АХҚО инфрақұрылымы және құрылып жатқан Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы базасында жасыл қаражаттар саласындағы өңірлік көшбасшы болуға ниетті..

      3-міндет. Жасыл технологияларға инвестицияларды ынталандыру

      Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экологиялық таза өндіруге, парниктік газ шығарындыларын азайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне төзімді технологияларды қолдануға инновацияларды және инвестицияларды ынталандыру және көтермелеу жалғастырылады.

      Осы мақсатта салық салу мен тарифтерді белгілеу бөлігінде қолданыстағы заңнама жетілдіріледі және өндірісті жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу, ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы арқылы энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды іске асыру жалғастырылады.

      Электр энергиясы секторында зияткерлік есепке алу жүйесін/"ақылды электр желілерін"/және электр энергиясын сақтау жүйесін одан әрі енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.

      4-міндет. Экономиканы декарбонизациялау

      Дамытудың осы бағыты бойынша жасыл инвестициялық жобаларды ішкі, сол сияқты халықаралық көздерден іске асыру үшін мемлекеттік және жеке қаржы ресурстарын жұмылдыру арттырылады.

      Экономиканы декарбонизациялау бойынша нақты шаралар әзірлеу мақсатында көмірқышқыл газы шығарындыларының қоршаған орта жағдайына, бизнес жүргізу жағдайларына, өмір сүру сапасына, азаматтардың денсаулығы мен өнімділігіне экономикалық әсерін кешенді бағалау және бағдарламалық салалық құжаттарда есепке алу жүргізіледі.

      Өңірлерді одан әрі газдандыру бойынша жұмыстармен қатар, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары жаңғырту және газды пайдалануға көшу ынталандырылатын болады.

      5-міндет. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мен қорғау

      Елдің су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және қорғау үшін ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық секторда су үнемдеу бойынша жүйелік шаралар әзірленеді және енгізіледі.

      Ауыл шаруашылығында жалпы су тұтынуды төмендету; заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу; жабық топырақты аудандардың үлесін ұлғайту; ірі инфрақұрылымдық объектілерін – каналдарды, су қоймаларын қалпына келтіру, оларды ұстап тұру үшін меншік құқықтары мен жауапкершілікті анықтау бойынша шаралар жалғастырылатын болады.

      Тұрақты және жайылма суарылатын сұранысқа ие жерлерді суару суымен қамтамасыз ету үшін ирригациялық және дренаждық желілерді қалпына келтіру жалғастырылады.Су ресурстарын мониторингілеу, оларды болжамдау және тиісінше бақылауды қамтамасыз ете отырып, басқару және суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін және мелиорациялық іс-шаралардың орындалуын мониторингілеу жүйесін жетілдіру жоспарлануда.Су ресурстары тапшылығын ұлттық сол сияқты өңірлік деңгейде қысқарту үшін трансшекаралық су ресурстары суларын бөлу, жерасты суларын пайдалану, жаңа инфрақұрылым салу, су объектілерінің су жинау алаңдарының ормандылығын ұлғайту және табиғат қорғау мақсатындағы су жіберуді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Өнеркәсіптегі су ресурстарын тиімді пайдалану саясатының негізгі бағыттары энергетика, өндіру және металлургия салаларында суды үнемдеу, ағынды суларды қайта пайдалану және айналмалы сумен жабдықтау технологияларын енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда суды пайдалануды жалпы төмендету; жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін суды жинау және тазалау стандарттарын еуропалық деңгейге дейін көтеру болады.

      Коммуналдық шаруашылықта тұрмыстық техника мен сантехникаға арналған суды үнемдеу стандарттарын жетілдіру; су тасқыны ағындарын тежеу және жыл бойы өзгермелілікті өтеу үшін су қоймалары мен резервуарларды салу; су ресурстары мол бассейндер, сондай-ақ қазіргі кезде қолжетімді емес ресурстар есебінен тапшылығы бар жерлерді қамтамасыз ету үшін су таратқыш және каналдарды салу; ағынды суларды тазарту станцияларын және тұзды және тұздылау су тазарту қондырғыларын салу; бассейндік жүйелерді қалпына келтіруге, орман отырғызуға, арналарды қалпына келтіруге, қалдық тұнбаларды тазалауды қоса алғандағы кешенді тәсілдер бойынша шаралар жалғастырылатын болады.

      Үкімет суды тұтынуға теріс әсер ететін және бюджетке елеулі ауыртпалық салатын мемлекеттік қолдау түрлерін реформалайды, сондай-ақ су шаруашылығының, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздіктің барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін көп мақсатты су инфрақұрылымдарының (КСИ) үлесі арттырылады.

      Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану үшін Орталық Азия, Қытай және Ресей елдерімен гидрологиялық және гидрохимиялық ақпаратты бірлесіп іріктеу және алмасу үшін ынтымақтастық орнатылады. Үкімет жоғарыда аталған елдермен ҚР аумағын су ресурстарының жеткілікті көлемімен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты және көп жақты халықаралық құқықтық құжаттарды жасасу бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

      Сондай-ақ жерлердің шөлейттенуіне қарсы күрес әрі қарай жалғасатын болады. Жер ресурстарын жүйелі түрде бағалау және түгендеу жүргізіледі, жер ресурстарының сапасын сақтауға және қалпына келтіруге ынталандыратын жерді пайдаланудың экономикалық тетіктері енгізіледі, шөлейттену процесін тоқтату бойынша жұмыстар іске асырылатын болады.

      6-міндет. Жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) дамыту, дәстүрлі энергия көздерін жетілдіру

      ЖЭК саласындағы әлемдік үрдістерді ескере отырып, ЖЭК саласына жаңа міндеттер қою қажет, атап айтқанда олардың елдің жалпы энергия балансындағы үлесін арттыру және бірыңғай энергетикалық жүйеге интеграциялау арқылы дамыту.

      Ол үшін жоспарлаудың, әкімшілендірудің және тарификациялаудың икемді жүйесін болжайтын ЖЭК қолдаудың аукциондық тетігін енгізу бөлігінде ЖЭК саласындағы заңнама жетілдіреді. ЖЭК нарығында әкімшілік кедергілер төмендетіледі.

      ЖЭК қолданатын Энергия өндіруші ұйымдар тізбесінде көзделген ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша ЖЭК объектілерінің рұқсат етілген максималды қуаттылығын жыл сайын бекіту мүмкіндігі қарастырылуда.

      Сонымен бірге, дәстүрлі энергия көздерін өндірушілерге және тұтынушыларға қолданылатын технологиялар мен өндірістік қуаттардың тиімділігін арттыру және жаңғырту, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына түсетін жүктемені азайту бөлігінде қойылатын талаптар күшейтіледі.

      7-міндет. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау

      Эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді, бірегей эталондық учаскелерді және жалпы табиғи экологиялық жүйелерді сақтаудың ең тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ұлғайту бойынша жұмыс жалғастырылады. 2025 жылға дейінгі кезеңде тағы да 2 ұлттық парк және 3 табиғи резерват құру жоспарланып отыр.

      Осыған сүйене отырып, репрезентативтілікті қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға қарай Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданын мемлекет ауданының 10-12 % дейін жеткізу жоспарланып отыр.

      Қазақстан аумақтардың ормандылығын ұлғайту және оны 4,8 % дейін жеткізу, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау, жабайы аңдардың, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған түрлерінің санын сақтау және ұлғайту, еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда аң – құс өсіруді дамыту, балық түрлерінің популяциясын сақтау және тауарлық балық шаруашылығы мен аквамәдениетті дамыту арқылы биологиялық алуан түрлілікті сақтау саясатын одан әрі жалғастырады.

      2015 жылы БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп әзірленген, жер ресурстарын тұрақты басқару (бұдан әрі – ЖРТБ) бойынша ұлттық стратегияға сәйкес 2025 жылға дейін Қазақстандағы жерлердің тозу және шөлейттену проблемасын жүйелі түрде шешуге бағытталған ЖРТБ бойынша стратегиялық шараларды іске асыру жұмыстары жалғасын табады.

      Сандық өсу ормандар мен ағаш өсіру көлемдерін ұлғайту, сондай-ақ облыс орталықтарының айналасында жасыл аймақтар құру, жеке ағаш өсіруді дамыту, сондай-ақ республика аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту есебінен болжанып отыр.

      8-міндет. Қалдықтары аз экономиканы дамыту

      Тиісті оқытудан өткен инженерлік-техникалық кадрлардың, сонымен қатар, басқарушы персоналдың жеткілікті санын қамтамасыз ету бөлігінде қалдықтары аз экономиканы дамыту саясаты жалғастырылады. Халықтың эко-мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүргізіледі.

      Өндіріс және тұтыну қалдықтарының айналымына қатысты қолданыстағы заңнаманы талдау жүргізіледі. Қалдықтардың пайда болуын азайтуға ынталандырушы халықаралық озық тәжірибеге негізделіп, қалдықтарды мемлекеттік басқару саясаты қайта қаралады. Қалдықтарды өңдеушілер институтын дамыту мақсатында оларды ынталандыру тетіктері және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу инфрақұрылымын және кәсіпорындарын қалыптастыру және олар тұрақты жұмыс істеу үшін ынталандыру енгізу бойынша шаралар әзірленеді.

      9-міндет. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару

      Қалдықтарды басқару саласындағы саясат қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар ала отырып қалдықтықтарды өңдеуге бағытталған. Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік қалдықтарды өңдеуді ынталандыру және дамыту үшін қолданыстағы экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

7-саясат. Барынша белсенді сыртқы экономикалық саясат

      Саясаттың мәні: Сыртқы экономикалық саясат, бір жағынан, экономикалық дипломатия құралдарын пайдалану арқылы, халықаралық ұйымдарда, көпжақты экономикалық интеграциялық бірлестіктерде мемлекеттік мүдделерді ілгерілету және қорғау жолымен әлемдік экономикаға одаң әрі, тереңірек интеграциялануға бағдарланған. Екінші жағынан, елдің сыртқы экономикалық байланыстарын жолға қою және нығайту, өзара тиімді сауда құру арқылы, одан да көп қазақстандық компанияларды сыртқы сауда қызметіне тарту арқылы, қазақстандық экспорттық өнімнің қосылған құнының бәсекелесу қабілеті мен сапасын арттыру жолымен елдің экономикалық өсуі мен дамуына жәрдемдесуге бағдарланған.

      1-міндет. ЕАЭО шеңберінде ұлттық мүдделерді ілгерілету

      Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы экономикалық өсу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, қазақстандық өнімнің сыртқы нарыққа қолжетімділігі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

      ЕАЭО шеңберінде тек қана экономикалық ынтымақтастық мәселелері қаралады. ЕАЭО ұлттық органдарынан жоғары тұратын органдарының тең құқылық және консенсус қағидаттарына сәйкес жұмыс істеуі интеграцияның тиімділігін арттыру үшін түйінді шарттардың бірі болып табылады. Қазақстан ЕАЭО мәртебесін тек қанаэкономикалық интеграцияға бағытталған халықаралық ұйым ретінде сақталуын қамтамасыз етуді жалғастырады.

      ЕАЭО-ның ішкі нарығы жұмыс істеуінің негізгі қағидаттарының бірі-ішкі нарыққа өзара қолжетімділігі үшін кедергілердің болмауы, алып қоюлар мен шектеулердің ең аз саны. Кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс жалғастырылады, бұл кооперация және ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

      Ішкі еркін нарық құрудың маңызды тетігі жыл сайын өзектілендірілетін алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі "Жол карталары" болуы тиіс.

      ЕАЭО жаңа Кеден кодексінің күшіне енуі бизнес үшін қағидатты жаңа жағдайлар жасайды, кедендік рәсімдерді елеулі түрде жеңілдетеді. Кедендік әкімшілендіру саласында жаңа тәсілдер енгізіледі, атап айтқанда:

      электрондық кедендік декларациялаудың басымдылығы және жазбаша декларациялауды тек қана белгілі бір жағдайларда қолдану;

      тауар декларациясын олардың негізінде толтырылған құжаттарды кеден органына ұсынусыз тапсыру мүмкіндігі;

      кедендік декларацияны тексеру нәтижелері бойынша, ол солардың негізінде толтырылған құжаттарды сұрату не тауарларды тексеруге байланысты кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу қажеттігі анықталмаса, тауарларды шығару мерзімін кедендік декларация тіркелген сәттен бастап, 4 сағатқа дейін қысқарту;

      тауарлар шығарылған сәтке дейін басталған кедендік бақылау аяқталмаған жағдайда, тауарларды кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз етумен шығару мүмкіндігін белгілеу;

      уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру;

      жекелеген кедендік рәсімдердің мазмұны мен шарттарын нақтылау;

      Одақтың кедендік шекарасынан тауарлардың жекелеген санатын өткізу тәртібі мен шарттарын оңайлату.

      ЕАЭО шартының мемлекеттік сатып алуға қатысты нормаларын іске асыру нәтижесінде, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына тең және әділетті қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      ЕАЭО Қазақстанның энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауылшаруашылығындағы өндірістік және экспорттық әлеуетін іске асыру үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашады.

      2025 жылға қарай мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы құрылады, ол өзара саудада эскпорттық кедендік баждар мен шектеулер қолданбауды көздейді. Сондай-ақ 2025 жылға қарай газ тасымалдау инфрақұрылымына ЕАЭО бойынша әріптес елдердің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген. Ортақ электр энергетикалық нарықты 2019 жылға қарай қалыптастыру жоспарланып отыр.

      Халық үшін қауіпсіз және сапалы дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ортақдәрілік заттар нарығының жұмыс істеуі бойынша жұмыс жалғастырылады.

      Көрсетілетін қызметтердің белгілі бір секторлары бойынша бірыңғай нарық құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірыңғай нарық барлық мүше-мемлекеттердің аумағында қызмет көрсету еркіндігін болжамдайды және тиімді бәсекелестікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті кемсітушіліксіз шарттарында жүзеге асыру сияқты негізін қалайтын қағидаттарға негізделеді. Көрсетілетін қызметтің өнім берушілеріне қызметті заңды тұлға құру талабынсыз өз мемлекетінде алынған рұқсаттың негізінде, персоналдың кәсіби біліктілігін мойындаумен көрсету мүмкіндігі беріледі.

      Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясат ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі мен нарықтарының дамуын теңгерімдеуге, ішкі және сыртқы нарықтардағы өндірушілерді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті дамытуға, кооперациялық тізбектер және инновациялық-технологиялық прогресс үшін база құру үшін жағдайларды қамтакмасыз етуге, бірлесіп өндірген өнімді жаһандық нарықтарға ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіптік ынтымақтастық одан әрі дамиды.

      Мүше-мемлекеттер өнімдерінің ЕАЭО жалпы нарығындағы үлесін ұлғайту, оқшауландыру деңгейін арттыру, қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және ЕАЭО мүше-мемлекеттер өнеркәсібінің жаңа секторларын құру үшін шаралар қабылданады.

      2016 жылы күшіне енгізілген ЕАЭО және Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімінің мысалы бойынша ЕАЭО елдерімен сауданы кеңейту және экспортты әртараптандыру мақсатында Индиямен, Мысырмен, Израильмен, Иранмен, Сербиямен, Сингапурмен еркін сауда аймағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде, Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету пысықталуда.

      ЕАЭО-ның үшінші елдермен ынтымақтастығын сауда келісімдерін жасасу нысанында кеңейтуі Қазақстанның экспорттық әлеуетін ұлғайту, өнімді инвестициялар мен озық технологияларды елге тартуға қатысты мүдделеріне толығымен сай келеді

      2-міндет. Жалпы мемлекеттің және қазақстандық өндірушілердің экономикалық мүдделерін ДСҰ шеңберінде ілгерілету, ұсыну және қорғау.

      ДСҰ шеңберінде өтпелі кезеңнің аяқталу және кең ауқымды бәсекелестікке дайындалу тұрғысынан ішкі экспорттық рәсімдерді жетілдіру, қазақстандық экспорттаушылар үшін кедергілерді жою және оларды қолдау мүмкіндіктерін барынша пайдалану бойынша жұмыс жандандырылады.

      ДСҰ-ның мүшесі бола отырып, ДСҰ ережелерінің ашықтығы, айқындылығы мен тұрақтылығының арқасында Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің әлемдік нарыққа қол жеткізу шарттарын жақсартты, сауда дауларын реттеу және кемсітушілік шараларының алдын-алу бойынша тиісті құралдарға қол жеткізді. ДСҰ-ға мүше елдердің экономикасына қатысудың неғұрлым кең мүмкіндіктеріне сондай-ақ, қазақстандық инвесторлар да ие болды.

      Қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылардың ДСҰ шеңберінде демпингке қарсы тергеп-тексерулерді жүргізу қағидалары мен рәсімдері туралы хабардарлығын арттыру маңызды міндет болып табылады.

      Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу процесінде қабылдаған міндеттемелерді орындауы қолданыстағы және әзірленетін ұлттық заңнаманы Ұйымның қағидаларына үндестіру арқылы қамтамасыз етіледі, тұрақты негізде оның органдарымен тиісті ақпарат алмасу жүзеге асырылатын болады.

      Қазақстанның экономикасы үшін әлеуетті қызығушылықты білдіретін бағыттар бойынша ДСҰ-ға мүшелердің міндеттемелерін орындауын бақылауға қатысу практикасы кеңейтілетін болады.

      ДСҰ қағидаларында рұқсат етілген шаралармен өсуін ынталандыру, өндіріс пен экспортты әртараптандыру жөніндегі ұсыныстар тұрақты негізде әзірленетін болады.

      ДСҰ кіруден барлық артықшылықтар мен пайдаларды алу үшін елдің экономикалық даму векторын экспорттық-шикізат экспансиясы стратегиясынан жоғары қосылған құны және терең өңдеуі бар шикізаттық емес экспорт стратегиясына ауыстыру бойынша шаралар кешені іске асырылатын болады.

      3-міндет. ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты тереңдету

      ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты басымдылықтарының бірі болып табылады, себебі Қазақстанның мақсаты осы ұйымға кіру.

      Озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын имплементациялау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады, оның бірінші кезеңі еуразиялық континеттің 13 еліндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды әзірлеуге және іске асыруға бағытталған ЭЫДҰ бәсекеге қабілеттілігінің Еуразиялық бағдарламасы болды. Осы бағдарлама шеңберінде жер қойнауын пайдалануға инвестиция тарту, өңірлік бәсекеге қабілеттілік, инновациялық саясат, білім беру сияқты салаларда бірқатар жобалар іске асырылуда.

      Қазақстанның ЭЫДҰ-мен құрылымдық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүргізуге және мемлекеттік басқару, қалалық даму, ШОБ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, жасыл экономика, әлеуметтік саясат сияқты салаларды реформалау жөніндегі ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі ұлттық Жол картасын бекітуге бағдарланған Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасына қол қою болды. Бастапқыда 2015 – 2016 жылдарға арналған Ынтамақтастықтың елдік бағдарламасы 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды.

      ЭЫДҰ-мен белсенді өзара іс-қимыл Қазақстанның ЭЫДҰ-нің комитеттері мен жұмыс органдарына қатысуы және Ұйымның басшылық қағидаттарына қосылу арқылы іске асырылады. Бекітілген тиісті іс-қимылдар жоспарының шеңберінде қазақстанның ЭЫДҰ-ның комитеттері мен жұмыс органдарына қатысуы деңгейін ұлғайт бойынша жұмыс жалғасын табады.

      4-міндет. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық

      Қазақстан мен Еуропалық одақ (бұдан әрі – ЕО) арасында кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім өзара сауданы дамытуды, экономикалық байланыстарды кеңейтуді, экономиканың өндірістік секторларына инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауды және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен айқындылығына кепілдік бере отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы инвесторлар мен кәсіпкерлердің экономикалық қызметтерін инвестициялау және жүзеге асыру үшін өзара кемсітпеушілік жағдайларын беруді көздейді. Келісімде, сондай-ақ тауарларды кедергісіз транзиттеу бойынша өзара міндеттемелер бар, бұл қазақстандық өнімдерді ЕО нарығына экспорттауға ықпал етуі тиіс.

      Еңбек ресурстарын қажетті дағдылармен өсіру, оның ішінде жоғары білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалатын экономиканың сол секторларында шетелдік білікті мамандарды тарту арқылы экономиканы әртараптандыру және жаңғырту бойынша міндеттерін шешуге ықпал ететін болады. Осы тұрғыдан Қазақстан ЕО-ге келісімдік негізде мамандарды тарту бойынша қосымша кепілдіктер берді, өз кезегінде мұндай кепілдіктерді көпжақты негізде ДСҰ-ның мүше елдеріне ұсынады.

      Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің шеңберінде көзделген, Келісіммен бекітілген ұлттық режим қағидаты және базалық тәсілдер, сондай-ақ баға бағамы және өтпелі кезеңдер бойынша уағдаластықтар қазақстандық өнім берушілерге мемлекеттік сатып алудың еуропалық нарығына кемсітпеушілік, ашық және болжамды шарттармен шығуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, Қазақстан экспорттық монополияға тыйым салуды, ішкі нарықтағы бағаларды реттеуді жоюды, еуропалық компанияларға мұнай мен газ кен орындарына кемсітусіз қол жеткізулерін қамтамасыз етуге ұмтылатын болады.

      5-міндет. Инвестицияларды өзара көтермелеу және іскерлік байланыстарды екіжақты форматта қарқындатуға жәрдемдесу

      Қазақстан өнімді инвестиция мен технология көздері болуға қабілетті басым елдермен тығыз екіжақты экономикалық қарым-қатынасты дамытуды жалғастырады.

      Қазақстан инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 46 екіжақты және 1 көпжақты келісімге қол қойды. Түркия, Хорватия, Бахрейн, Сауд арабиясы, БАӘ және т. б. елдермен жаңартылған және жаңа екі жақты инвестициялық келісімдерге қол қойылады. Қазақстан әлемдік тәжірибе негізінде инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы халықаралық келісімдер жасасуға ортақ тәсілдерді әзірлеу бойынша қажетті қадамдар қабылдайды.

      Әлеуетті инвесторларға визалық рәсімдерді оңайлату бөлігіндегі жұмыс жалғастырылады. Астана Халықаралық қаржы орталығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭЫДҰ, ЕО, Малайзия, Монако, БАӘ мен Сингапур елдері үшін, жалпы алғанда, 45 ел үшін визасыз режим енгізілген.

      Бүгінгі таңда қазақстандық визалардан босату туралы дипломатиялық паспорттардың иелері үшін 66 елмен, ал қызметтік паспорттардың иелері үшін Қазақстан 43 елмен келісімге қол қойды. Сонымен қатар, бүгінгі күні Қазақстан азаматтары үшін визалардан босату туралы 20 мемлекетпен екіжақты келісімге қол қойылған.

      Қазақстан үшін инвестициялық, сауда-экономикалық, технологиялық, туристік дамыту мәселелері жөніндегі әріптес ретінде қызығушылық тудыратын елдермен визалық режимді өзара ырықтандыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады. Бұл бизнес-контактілерді кеңейтуге арналған рәсімдерді едәуір жеңілдетеді, әкімшілік кедергілерді төмендетеді, Қазақстанның ашық және өзара тиімді іскерлік қарым-қатынасқа бағытталған мемлекет ретіндегі имиджін арттырады.

      6-міндет. Өңірлік ынтымақтастықты кеңейту

      ТМД елдері Қазақстанның басымды сауда әріптестері болып қалуда. Біздің еліміз ТМД еркін сауда аймағының шеңберінде преференциалдық режимнің мүмкіндіктерін тауарлар саудасы үшін кеңінен пайдаланады.

      Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, құру, қызметі және ТМД қатысушы – елдердің инвестицияларын жүзеге асыру туралы Келісімді әзірлеу жүргізілуде.

      Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы географиялық жақындығына байланысты және сауда-экономикалық байланыстарын тереңдету үшін әлеуетіне байланысты маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстандық экспорттаушылардың Орталық Азия елдерін шикізаттық қана емес, терең өңделетін тауарлармен толықтыруға өндірістік, технологиялық мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты дамыту қазақстандық бизнеске таяу Шығыс, Оңтүстік Азия, сондай-ақ ҚХР батыс өңірлерінің нарығына кедергісіз шығуға мүмкіндік береді.

      7-міндет. "Бір белдеу, бір жол", көлік дәліздерін дамыту

      Қазақстан Батыс Қытай мен Еуропа арасында, Ресей мен Орталық Азия елдерінің арасында оңтайлы жағдайға ие, Каспий теңізі арқылы Таяу Шығысқа, Орталық Азия елдері арқылы Оңтүстік Азия елдеріне қол жеткізе алады.

      Қазақстан сауда-көлік логистикасы және инфрақұрылым саласындағы халықаралық бастамаларға белсене қатысуды жалғастырады.

      "Бір белдеу, бір жол" бастамасын іске асырудан барынша жақсы әсер алу мақсатында отандық көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, логистикалық орталықтарды құру және сауда рәсімдерін жеңілдету саясаты жалғастырылады.

      Азия Даму Банкінің Орталық Азиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының шеңберінде көліктік-логистикалық бағдарларды дамыту бөлігінде одан әрі қадамдар жасалатын болады.

6-тарау. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды іске асыру тәсілі

      Стратегиялық жоспар реформалардың кешенді жоспары және саясаттар жинағы болып табылады, оның жетістігі нақты мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты міндеттер мен бастамаларды толық ауқымды іске асыру арқылы айқындалады. Бұдан басқа, реформалар мен саясаттарды жүзеге асыру барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес пен азаматтық қоғамның үйлестірілген әрекетін талап етеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес 2025 жылға дейінгі стартегиялық жоспар "Қазақстан-2050" стратегиясынан кейінгі бірінші деңгейдегі құжат болып табылады. Қазақстанның стратегиялық даму жоспары Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы, мемлекеттік бағдарламалар, мемлкеттік органдардың стратегиялық жоспарлары аумақтарды дамыту, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компанияларды дамыту стратегиялары арқылы іске асырылады.

      2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды табысты іске асыру төрт қағидатқа негізделген.


      1-қағидат. Реформаларды іске асыру нəтижелері үшін нақты жауапкершілік

      Стратегиялық жоспардың реформаларын, саясаттарын және жалпы мақсаттарына қол жеткізуді бақылауды Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.

      Әрбір реформаның және саясаттың орындалуына жауапкершілік Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Президент Әкімшілігі Басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі кураторларға жүктеледі. Әрбір реформа мен саясат кураторлары министрлер мен мемлекеттік орган басшылары деңгейіндегі міндеттер кураторлары арасында жауапкершілікті бөлу арқылы оның міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.

      Міндет кураторларының Жұмыс тобын қолдауды ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін өзгерістерді іске асыру үшін жобалық офис шеңберінде Үкімет қалыптастырған жобалық офистер жүзеге асырады. Проблемаларды жедел және кешенді шешу үшін жобалық офистерге мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері кіреді.

      Бұл тәсіл, бірінші кезекте, айтарлықтай өзгерістерді не әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестірілген іс-қимылын талап ететін реформалар мен саясаттар шеңберіндегі міндеттер мен бастамаларды орындауға қолданылады. Басқа міндеттер мен бастамаларды министрліктер мен мемлекеттік органдар тиісті мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды орындау шеңберінде және оның ағымдағы қызметі шеңберінде жүзеге асырады.


      2-қағидат. Енгізу нəтижелері үшін жауапкершілікті бизнеспен жəне қоғамдастықпен бөлісу

      Бизнес, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар Стратегиялық жоспарды іске асырудағы жауапкершілікті өзара бөліседі. Ол үшін бизнестің атынан "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы, азаматтық қоғам атынан Қазақстанның Азаматтық альянсы кеңесінің және үкіметтің арасында бірлесіп іске асыру туралы Келісімге қол қою жоспарланып отыр.

      Бірлесіп іске асыру, реформа шеңберінде бастамаларды жүзеге асыру жолдарын табу үшін консультациялар мен пікір алмасу жүргізуді, сондай-ақ Стратегиялық жоспардың реформаларының мақсаттары мен мақсаттарына қол жеткізуді мониторингілеуді болжайды. Әр бастаманы іске асыру барысында жүйелі түрде оларға бағытталған және олардың өмір сүру деңгейін жақсартатын халық топтары анықталады.

      Бірлесіп іске асыру шеңберінде үкімет қажетті заңнамалық, реттеуші және институционалдық жағдайлар жасауды, кедергілерді жоюды, сондай-ақ қажетті саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бизнес тарапынан мемлекеттік органдарға қажетті консультацияларды беруге белсенді түрде қатысу, сондай-ақ операциялық тиімділікті арттыру бойынша, технологиялық жаңару, қызметкерлердің құзыретін дамыту және тағы басқалары бойынша
іс-шараларды өткізу арқылы өнімділігі мен өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру үшін нақты шаралар күтіледі. Азаматтық қоғам өкілдері құзыретті дамытуға және халықтың қоғамдық санасын жаңғыртуға бағытталған іс-шараларға қатысады.


      3-қағидат.Міндеттерге және бастамаларға басымдық беру

      Күш-жігерді шоғырландыру және нәтижесін тез арада алу үшін бастамаларға олардың маңыздылығы деңгейіне, іске асыру күрделілігіне және шұғылдылығына қатысты басымдық беріледі. Барынша басымдық мына сипаттамаларға сәйкес келетін бастамаларға беріледі:

      Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен жалпы ұлттық нысаналы индикаторларына қол жеткізуде айтарлықтай күтілетін әсері бар;

      елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірнеше бағытына күтілетін әсері бар;

      оларды іске асыру үшін талап етілетін ресурстар мен күш-жігерге қатысты күтілетін жоғары әсері бар;

      ұзақ мерзімді перспективада ел дамуы үшін нәтижелер беретін не қол жеткізілген табыстар мен прогрестерді көрсететін тез нәтижелер әкелетін;

      олардың орындалуы басқа бастамаларды іске асыруды бастауға өте қиын болып табылатын.


      4-қағидат. Нәтижеге назар аудару және тәуелсіз бағалау

      Міндет кураторларына міндеттерді орындаудың және нысаналы индикаторларға қол жеткізудің барынша тиімді әдісін таңдауда белгілі бір еркіндік беріледі. Жұмыс топтары мен жобалық офистер жұмысының тиімділігі бастамаларды орындау нәтижелерімен емес, міндеттерді орындау нәтижелері және нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша бағаланады.

      Стратегиялық жоспардың іске асырылуын мониторингілеу жыл сайынғы негізде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарын іске асыру нәтижелерін ескере отырып, нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижесі бойынша жүргізіледі. Реформаларды жүзеге асыру процесінде есептілікті барынша азайту және жеңілдету үшін операциялық мониторингтің стандартты құралдары, оның ішінде цифрлық технологиялар негізінде қолданылады.

      Іске асыруды бағалау мемлекеттік жоспарлау әдіснамасына сәйкес жүргізіледі.Тәуелсіз бағалауға қол жеткізу үшін сыртқы ұйымдар, оның ішінде халықаралық ұйымдар тартылуы мүмкін (мысалы ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк немесе басқалар).

      Мониторинг және бағалау процесі нысаналы индикаторлардың, реформалардың, міндеттердің және/немесе бастамалардың күтілетін нәтижелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін өзгерісіне (немесе жоюға) жол береді.

7-тарау. Түйінді нысаналы индикаторлар

      2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторлары (бұдан әрі – ТҰИ) 2021, 2025 жылдарға қарай және 2050 жылы қол жеткізілуге тиіс нысаналы нәтижелерді көрсетеді.


Сала

ТҰИ деңгейі

Индикатор

Өлшем бірлігі

Мәндері

2016 жыл

2021 жыл

2025 жыл

2050 жыл

Әл-ауқаттың өсуі

Экономикалық өсу

I

Жан басына шаққандағы ЖІӨ

Номиналды мәндегі ағымдағы АҚШ долларында

7 715

13 190

18 500

33 270

Номиналды мәндегі халықаралық долларда (СҚТ бойынша)

26 048

34 600

46 100

60 000

II

Еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу қарқыны

2016 жылғы деңгейден 2016 жылға қарай өсу %

-

4,4

4,7

4,5

Экономиканың сапалы өсуі

Макроэкономикалық тұрақтылық

I

Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығы

% ЖІӨ-ден

9,0

<6,6

<6,0

-

Инфляция

кезең соңындағы %

8,5

3,0-4,0

3,0-4,0

-

Әртараптандыру

I

Тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспорт үлесі

экспорттың жалпы көлеміндегі %

44,6

45,9

50,0

70,0

II

Экономика күрделілігінің индексі

Рейтингтегі орны
(балл)

78
(-0,5)

70
(-0,3)

55
(0)

16
(1,5)

Бизнес орта және кәсіпкерлікті дамыту

I

ЖІӨ-гі шағын және орта бизнес үлесі

ЖІӨ-ден %

26,8

30,0

35,0

50,0

ЭЫДҰ бәсекелестік ортасының индексі(Product Market Regulation)

балл

-

2,7

2,2

1,5

II

Экономикадағы орта кәсіпкерлік үлесі

ЖІӨ-ғы ЖҚҚ %

4,8%

10%

15%

20%

Экономикадағы мемлекет қатысатын кәсіпорындардың үлесі (2020 жылға дейін)

ЖІӨ-ғы ЖҚҚ %

18,3%

15%

-

-

ҚР өңірлерінің бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша ұлттық рейтингі

Орташа баллдың өсімі

-

Деректер 2018 жылдан бастап қолжетімді болады

Технологиялар және инновациялар

I

БҰҰ АКТ дамыту индексі

Орны

52
 

30
 

25
 

15
 

II

Кең жолақты Интернет желісіне қол жетімділікпен қамтамасыз етілген перспективалық АЕМ саны

Бірлік



1227


Экономикадағы ҒЗТКЖ-на шығындар

ЖІӨ %

0,14

0,5

1,0

3,0

Қаржы нарығы және инвестициялар

I

Негізгі капиталға инвестициялар

ЖІӨ %

16,4

17,1

19,4

30,0

II

Ұлттық валютадағы несие қоржынының көлемі

ЖІӨ-ден %

18

≥30

30-50

50≤

Инфра-құрылым

I

Логистика тиімділігінің индексі

Орны

77

40

38

30

Өмір сүру сапасының өсуі

Денсаулық сақтау

I

Туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы

жыл

72,3

73,3

75,0

84,0

II

Нәресте өлім-жітімі

1000 тірі туғандарға шаққандағы саны

8,6

7,8

7,2

3,5

Ана өлім-жітімі

100 мың тірі туғандарға шаққандағы саны

12,7

11,0

10,0

9,0

Білім беру

I


PISA тестіне сәйкес орта білім беру сапасын бағалау

Математикадан орташа балл

460

470

480

510

Оқу бойынша орташа бал

427

440

450

510

Ғылым бойынша орташа бал

456

465

490

510

II

QS-WUR рейтингісінде белігіленген Қазақстан жоо-ның саны, ТОП-200

бірлік

0

2

3

-

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамту

балалардың жалпы санының %

64,5

70,0

80,0

90,0

Кіріс пен жұмыспен қамту

I
 

Халықтың ең аз қамтылған 40%-ның табысының үлесі

халықтың жалпы табысының
%-ы

22,8

24,9

27,0

34,5

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,9

≤5

≤5

3-4

II

Өнімсіз еңбекпен қамтылғандар үлесі

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар-
дың жалпы санынан %

16,0 24

10,0

7,0

5,0

I
 

Урбандалу деңгейі

%

55,6

58,0

60,0

70,0

Өңірлер арасында ЖӨӨ дамуының айырмашылығы

n есе

3,2

3,0

2,7

2,5

II

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі

мың шаршы метр

9619

5348

96081

363121

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу:
- қалаларда

 
%

 
 
 
88,0

 
 
 
98,0

 
 
 
100,0

 
 
 
-

- АЕМ

52,3

64,0

80

-

Жасыл экономика және қоршаған орта

I
 

ЖІӨ энергиялық сыйымдылығы (қоршаған ортаға прокси-көрсеткіш ықпалы)

2008 жылғы деңгейден төмендеу %

28 26

30

40

50

II

Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергия үлесі
 

өндірудің жалпы көлемінен %
 

0,9
 
 

3
 
 

6
 
 

5027
 
 

Иституттар

I
 

Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness)

Орны
(процентиль)

102
(51,44)

100–115
(55–60)

80–100
(60–75)

30–50
(75–90)

II

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі Corruption Perception Index, НГО Transparency International)

балл

29

32

35

62

Заң үстемдігі индексі (Rule of Law Index, "The World Justice Project" ҮЕҰ)

Рейтингтегі орны
(ұпай)

73
(0,50)

65–70
(0,51)

55–60
(0,53–0,54)

25–30
(0,66–0,70)

Тұрақты мониторингті жүзеге асыру үшін кешенді халықаралық көрсеткіштер индекстері



ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

Рейтингтегі орны

52

46

40

30



БҰҰ-ның адам дамуы индексі

Рейтингтегі орны

56

48

40

30


      Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторларын анықтау тәсілдері

      Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторлары және олардың нысаналы мәндері Қазақстанның 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену бойынша мақсатына қол жеткізудегі прогресті өлшеу, Қазақстанның позициясын 30 дамыған елмен салыстыру, сондай-ақ берілген Стратегиялық жоспарда қамтылған реформалар мен саясаттардың орындалуын бағалау үшін анықталған.

      Әлемдегі дамыған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейін, сол сияқты халықтың өмір сүру сапасының деңгейін көрсететін факторлардың жиынтығы бойынша айқындалды. ЭЫДҰ-ға мүше болуы, әл-ауқат деңгейі (жан басына шаққандағы ІЖӨ) және Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (Дүниежүзілік экономикалық форум), Адами даму индексі (БҰҰ), Мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Дүниежүзілік банк), Құқықтың үстемдігі индексі (World Justice Project), Дүниежүзілік бақыт индексі (БҰҰ) және Жемқорлықты қабылдау индексі (Transparency International) халықаралық индекстердегі позиция сияқты факторлар бойынша салыстыру жүргізілді. Факторлар жиынтығы бойынша ең жақсы мәндерге ие 30 ел таңдап алынды. Олардың қатарына Швейцария, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Финляндия, Германия, Жаңа Зеландия, Канада, Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Австрия, Бельгия, Жапония, Израиль, Франция, Оңтүстік Корея, Испания, Сингапур, Чехия, Эстония, Чили, Польша, Португалия, Италия, Латвия, Біріккен Араб Эмираттары және Словакия енді. Бұдан әрі бұл елдер индикаторлардың нысаналы мәндерін анықтау үшін қолданылды.

      Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторлары өлшеудің
13 саласы бойынша прогресті қадағалап отырады. Өлшеу салалары көрсеткіштердің айтарлықтай толық кешенін қамтитын Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексімен өлшенетін, Ең жақсы өмір индексімен (ЭЫДҰ), "Қазақстан-2050" Стратегиясының және Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамамен өлшенетін салаларды салыстыру жолымен анықталды. Өлшеу салалары сондай-ақ ел дамуының осы кезеңінде сындарлы болып табылатын, мысалы, өңірлердің дамуы сияқты Стратегиялық жоспардың реформалары мен басым саясаттарының бағыттарын ескереді. Өлшеу салалары үш топқа біріктірілген: әл-ауқаттың өсуі, экономикалық өсу сапасы және халықтың өмір сүру сапасы.

      "Әл-ауқаттың өсу" тобына экономикалық өсуді өлшеу саласы кіреді. "Экономикалық өсу сапасын" қадағалау үшін макороэкономикалық тұрақтылық, әртараптандыру, бизнес орта және кәсіпкерлікті дамыту, технологиялар және инновациялар, қаржы нарығы және инфрақұрылым сияқты салалар енгізілген. "Халықтың өмір сүру сапасы" денсаулық, білім беру, табыс және жұмыспен қамту, өңірлік даму, жасыл экономика және қоршаған орта және институттар арқылы өлшенеді.

      Әлемнің дамыған елдеріне қатысты Қазақстанның прогресін салыстыру үшін жүйелі түрде мониторингілеу мақсаттарында жалпы танылған халықаралық индекстер айқындалған. Халықаралық индекстердің маңыздылығы елдегі жағдайды бағалау үшін оны шетелдік сарапшылар мен инвесторлардың кеңінен қолдануы, ол Қазақстанның назарынан тыс қалмауы тиіс.

      Индикаторолардың нысаналы мәндерін есептеудің базалық алғышарттары

      Орташа жылдық халық саны 2017 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда 18 048,6-дан 19 834,8 мың адамға дейін өседі деп болжануда, бұл ретте жұмыспен қамтылған халық саны орта есеппен 0,25% жылдық өсімді ескере отырып, 8 750 адамға жетеді. 2020 жылдан бастап инфляция деңгейі 3-4% белгісінде тоқтайды, теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы 330 деңгейінде белгіленген, Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 55 доллар деңгейінде, ал металдардың әлемдік бағасының орташа жылдық өсу қарқыны 2,6% деңгейінде. Бұл ретте белгіленген деңгейден шикізаттың әлемдік бағасының асып түсуі Ұлттық қорға аударымдар жасау арқылы жойылады деп болжануда. Сондай-ақ Қазақстанда шикі мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі
2016 жылдан бастап 29,3 млн. тоннаға өседі және 2025 жылы 107,3 млн. тоннаны құрайды деп болжанып отыр.

      Индикаторлардың нысаналы мәндерін бағалау тәсілдері

      Индикаторлардың нысаналы мәндерін бағалау тәсілдері олардың ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырды. Жаһандық деңгейде Қазақстанды басқа елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік беретін халықаралық индикаторлар үшін, мақсаттар үздік әлемдік практикаға сәйкес белгіленді. Бұл тәсіл Қазақстанға әлемдік көшбасшылармен салыстырылатын өсу сапасын қамтамасыз етуге назар аударуға мүмкіндік береді.

      Әрбір индикатор бойынша әлемдік үздік практикаға сәйкес келетін деңгей, әлемнің 30 дамыған елінің мәндері негізінде анықталды. Индикаторлардың әрқайсысы бойынша 2025 жылға арналған нысаналы мән 2050 жылға арналған нысаналы мән негізінде есептелді, бұл Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кірудің ұзақ мерзімді бағдары болып табылады. Осылайша нысаналы мән бастапқыда 2050 жылға белгіленді және әдеттегідей бүгінгі көшбасшы елдердің арасында 2015 – 2016 жылдар деңгейінің орташа мәніне тең қабылданды.

      Есептеу негізінде алынған 2021, 2025 және 2050 жылдарға арналған нысаналы мәндер сарапшылар пікірлері ескеріле отырып тексерілді және бейімделді. Бұдан басқа әрбір көрсеткіштің нысаналы мәндерін бағалау кезінде бастамалардың 2017 – 2021 жылдардағы іске асырылуының кейінге қалдырылған әсері болжанды: бастаманы енгізуді бастау мен алғашқы нәтижелер алу арасында белгілі бір кезең өту керек. Көрсеткіштерді бағалау әдісіне қарамастан өршілдіктің жоғары деңгейі мен нысаналы мәндерге қол жеткізу арасында теңгерімділік сақталды. Индикаторлардың нақты мәндерін түзету жағдайында нысаналы мәндерге тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады