Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 803 қаулысы.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы "Семейавиа" акционерлік қоғамының мүліктік кешенінің жалпы ауданы 20,6694 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен аэровокзал кешенінің жылжымалы, жылжымайтын мүлкінің стратегиялық объектісін аэровокзал қызметінің бейінін сақтау шартымен "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.09.2018 № 557 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады