Батыс Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 838 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысының мына мәдениет және білім беру ұйымдарына:

      1) "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Қадыр Мырзалиевтің есімі;

      2) "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық қазақ драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Хадиша Бөкееваның есімі;

      3) "Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесіне Мұқадес Есламғалиұлының есімі;

      4) Орал қаласының білім беру бөлімінің "№ 30 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімі берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады