Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 859 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., №1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183,184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23,429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I,  128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат, 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 13 шілдеде № 132 (29113) "Егемен Қазақстан" және № 132 (28511) "Казахстанская правда" газеттерінде; 2017 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 152-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) тараптардың бірінің талап етуі бойынша мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiлі бір нысандағы бланкiде жасау, егер заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, аталған тұлғаның мөрімен бекемдеу сәйкес келуге тиіс қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.";

      2) 303-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кепiлзат – кепiлге салынған мүлiктi кепiл берушi кепiл ұстаушының иелiгiне беретiн кепiл түрi.

      Кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiлге салынған зат кепiл ұстаушының құлпы салынып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн. Кепiл мәнi кепiл туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.";

      3) 307-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Егер кепіл нысанасы жылжымайтын мүлік болған жағдайда кепіл туралы шартта оның бағасы көрсетілуге тиіс.

      Кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен және кепіл нысанын бағалаусыз, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттарының (машина жабдығын және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.

      Кепіл туралы шартта кепiлге қойылған мүлiк тараптардың қайсысында екендігі және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс";

      4) 309-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Шартта басқа жағдайлар көзделмесе, кепіл заты жылжымалы мүлік болған жағдайда кепіл құқығы оны пайдалану нәтижесінде алынған бөлінетін жемістерге, өнімге және кірістерге (соның ішінде кейіннен иемденген активтер мен ауыстырылған активтерге) қолданылады, .

      Бұл ретте, кепіл құқығы бөлiнетiн жемiстерге, өнiмге және кірістерге (сондай-ақ кейіннен иемденген активтер мен ауыстырылған активтерге) талаптың нақты қанағаттандырылған кезіне тек кепілге қойылған жылжымалы мүлікпен қамтамасыз етілмейтін талап көлемінде қолданылады.";

      5) 327-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кепiл берушi айналымдағы тауарларды кепiлге салу шарттарын бұзған жағдайда кепiл ұстаушы кепiлге салынған тауарларға өзiнiң белгiлерiн қою арқылы шарттың бұзылуы жойылғанға дейiн олармен операциялар жасауды тоқтата тұруға құқылы.".

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жер учаскесі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетін бағасымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі мүмкін.

      Бұл ретте жер учаскесін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың меншігіне ресімдеу жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      2) 12-бапта:

      43-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және табиғи монополиялар субъектілері қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілері қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін құрылған және жылжымайтын мүлікті тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 46) тармақшамен толықтырылсын:

      "46) нысаналы аймақ – пайдаланудың ортақ режимімен жер учаскелерінің нысаналы белгілеулер тобын қамтитын шартты аймақ.";

      3) 14-1 бапта:

      1-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияға жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру жатады.";

      2-тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияға жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру жатады.";

      4) 27-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;";

      5) 43-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себепті осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұратылып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін беру негіздемесін, нысаналы мақсатын, алаңын, орналасқан жерін, құқық түрін, жалдау мерзімін көрсете отырып, жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты халыққа қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы тоқсанына кемінде бір рет орналастыруға міндетті.

      Осы тармақтың ережелері осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстің 44, 44-1 және 45-баптарында көзделген тәртіппен берілген жер учаскелеріне, осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерге қолданылады.";

      6) 44-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себепті осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұратылып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.";

      7) 44-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет меншігіндегі, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесі сұратылған кезде жер учаскесін беру, осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай ретпен жүргізіледі:";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себепті осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұратылып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.";

      8-тармақтың сегізінші бөлігі алып тасталсын;

      8) 45-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себепті осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің сұратылып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.";

      9) 48-бапта:

      1-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себепті осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұратылып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.";

      10) 84-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Коммерциялық мақсаттарды және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсаттарынан туындамайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздемейтін өзге де иеліктен шығару жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару болып танылмайды.";

      11) 107-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өзге де нысаналы аймақтарға бөлінеді.";

      12) 109-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына (ондай жобалар болған жағдайда) және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.

      Тұрғындар саны 5 мыңға дейінгі елдi мекендерде белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар болмаған жағдайда, осы елдi мекендi дамыту мен онда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасымен жердi пайдалануға жол берiледi.

      Елдi мекендердiң жер учаскелерінің нысаналы мақсаты осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген нысаналы аймақтарға сәйкес айқындалады.

      Жер учаскесі бір нысаналы аймақ шеңберінде пайдаланылған жағдайда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.";

      13) 145-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік бақылау жерге түгендеу жүргізу, зерттеп-қарау, жерді пайдаланумен байланысты схемалар мен жобаларды әзірлеу, жердің мемлекеттік кадастрын және мониторингін жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.";

      14) 147-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) жер учаскесін алған адамдар тізімі бар ақпаратты уақтылы орналастыру;

      4) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізудің уақытылығына.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) жер учаскесін алған адамдар тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуына;

      15) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) өткізілуінің уақтылығына мемелекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.".

      3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-бап; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11,
102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113- құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      2-бөлімнің, 4-тараудың және 19-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау";

      "4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау"

      "19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау";

      2) 3-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау";

      3) 4-бапта:

      41) тармақша алып тасталсын;

      58) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында басқару, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";

      4) 2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау";

      5) 13-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      18-37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-37) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;";

      2-тармақта:

      6) тармақшасы алып тасталсын;

      9) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мыналарға тексерулер арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады:";

      11) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 15-бапта 15-1) тармақша алып тасталсын;

      7) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау";

      8) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері, өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады.

      Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Субъектіге бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.";

      9) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан тұрады.";

      10) 21-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдары мыналарға бақылау жүзеге асыруға міндетті:".

      4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат); 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 48-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      2) 49-баптың 3-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;";

      11) тармақша алып тасталсын.

      5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат;
№ 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10,
52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат.; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат, 2017 ж., № 4, 7-құжат, №7, 14-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      13-тараудың, 73, 74, 77, 119 және 125-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары"

      "73-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа енгізілетін табиғат пайдаланудың арнайы шарттары" ;

      "74-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруді қарау және оны беру мерзімі";

      "77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату, одан айыру";

      "119-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары";

      "125-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 49-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "49-1-бап. II, III және IV санаттағы объектілерге арналған жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамындағы құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу тәртібі";

      2) 1-бап мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-1) қоршаған ортаға эмиссияларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі – нақты уақыт режимінде деректерді жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен онлайн байланысы бар, ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссияларды мониторингтеу және бақылау жүйесі;";

      3) 17-бапта:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптама жүргізу бойынша қызметті үйлестіреду және оған әдістемелік басшылық жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасы немесе қала құрылыс жобаларының кешенді қала құрылыс сараптамасы құрамында І-санатты объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік эколгиялық сараптама жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "31-1) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік зертханалық-талдамалық бақылау бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;";

      4) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

      Қоршаған ортаға әсердi бағалау – ұйғарылатын шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдануын, бүлiнуiн және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар әзiрленетiн рәсiм.";

      5) 47-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      6) 48-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу және пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган шаруашылық қызметтің І санаттағы жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) қарайды және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қоса бере отырып, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен береді.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 4-тармағының талаптары құрылысы жұмыс істеп тұрған І санаттағы объектілердің аумағында жоспарланып отырған ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу мен пайдалану жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) қолданылмайды.";

      7) 49-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. І санаттағы объектілер бойынша жобалардың мемлекеттік экологиялық сараптамасы құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының құрамында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      4. Ведомстводан тыс кешенді теріс сараптама қорытындысы берілген жағдайда, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілмейді. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды қайтадан алу ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін қайтадан ұсынылған жобалар үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      8) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:

      "49-1-бап. II, III және IV санаттағы объектілерге арналған жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамындағы құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу тәртібі.

      1. II, III және IV санаттардағы объектілерді салу жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша жобалардың экологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

      Жобалардың экологиялық сараптамасы құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бір бөлігі болып табылады.

      2. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысы табиғат пайдаланушылардың құрылыс, шаруашылық қызметі кезеңіне арналған эмиссиялардың нормативтерін қамтиды.

      3. ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілерді салу жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезеңінде эмиссиялардың нормативтерін қамтитын ведомстводан тыс кешенді сараптама бөлімі табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімінде есепке алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу органдарына береді.

      5. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы берілген жағдайда, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілмейді. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды қайтадан алу ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін қайтадан ұсынылған жобалар үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      9) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері

      1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама осы Кодекстің 49-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың белгіленген құжаттар топтамасын ұсынған кезден бастап I санаттағы объектілер үшін қырық бес жұмыс күні, II санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні, III және ІV санаттағы объектілер үшін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      2. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының құрамындағы жобалар бойынша жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.

      3. Тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.

      Осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын жобалар мен оларға қоса берілетін материалдар бойынша ескертпелер болған кезде сарапшылар мұндай ескертпелерді мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттарын ұсынған тұлғаға:

      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін жиырма жұмыс күні өткенге дейін жібереді және ескертпелер берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды тапсырыс беруші жояды;

      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден бастап IІ санаттағы объектілер үшін он бес жұмыс күні өткенге дейін жібереді және ескертпелер берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды тапсырыс беруші жояды;

      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден бастап III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күні өткенге дейін жібереді және ескертпелер берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды тапсырыс беруші жояды.

      Ескертпелер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы жасалады.

      Бұрын берілген ескертпелер жойылғаннан кейінгі қосымша ескертпелер мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын беруден бас тарту үшін негіз бола алмайды.";

      10) 51-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      11) 69-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға мiндеттi.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын табиғат пайдаланушылар шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмайды.

      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен бір мезгілде берiледi. Қызметін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың осы Кодекстің
72-бабының ережелеріне сәйкес рұқсат алуға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелген, табиғат пайдалануды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне беріледі.";

      12) 72-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.

      2. І, ІI және ІІІ санаттардағы пайдаланатын объектiлері бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

      1) рұқсат алуға өтiнiмдi;

      2) эмиссия нормативтерін қамтитын құрылыс жобаларының мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын;

      3) І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
іс-шаралар жоспарын қамтиды.";

      13) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа енгізілетін табиғат пайдаланудың арнайы шарттары

      1. Табиғат пайдаланушы жүзеге асыратын қызмет түрлерi үшiн Қазақстан Республикасының зандарында арнайы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететiн табиғат пайдаланудың арнайы шарттары енгiзiлуi мүмкiн.

      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа табиғат пайдаланудың арнайы шарттарын енгiзу туралы шешiмдi рұқсат берген органдар қабылдайды. 

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдаланудың өзге шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа енгiзуге тыйым салынады. 

      4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа табиғат пайдаланудың арнайы шарттарын енгiзу тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      5. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа енгізілген табиғат пайдаланудың арнайы шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.";

      14) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруді қарау және оны беру мерзімдері

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін орган өтінім тіркелген күннен бастап І және ІІ санаттағы объектілер үшін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде, ІІІ санаттағы объектілер үшін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде өтінімді оның толықтығы мәнімен қарайды.

      Белгіленген мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігі салдарынан қабылданбайды.

      Өтінім қайтарылған кезде табиғат пайдаланушыға қайтарудың дәлелді себептері көрсетіле отырып бас тарту жіберіледі.

      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін орган қабылданған өтінімдерді:

      1) I санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде;

      2) ІІ санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      3) ІІI санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      4) IV санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      3. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.";

      15) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Табиғат пайдаланушыға I, II және III санаттағы объектiлерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат:

      1) осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар ұсынылған;

      2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келген және I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзу қамтамасыз етілетін шарттар сақталған жағдайда берiледі.";

      15) 77-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату, одан айыру";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат жаңа рұқсаттың қолданыс мерзімі басталған кезден бастап өз қолданысын тоқтатады.

      Жаңа рұқсатты беру қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады.";

      17) 99-баптың 2-тармағы алып тасталсын

      18) 101-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілерді салу (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) жобаларын іске асырудан қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы табиғат пайдаланушының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы қорытындысында айқындалған эмиссиялар нормативтерінің шегінде жүзеге асырылады.";

      19) 114-бапта:

      5), 6), 7), 8), 9), 17), 22), 24), 28), 35) және 37) тармақшалар алып тасталсын;

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;";

      20) 115-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жолымен жүзеге асырылады;";

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізу;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      21) 13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары";

      22) 119-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "119-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру және профилактикалық бақылау нысанында, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғат пайдаланушылардың объектілерінде жүргізілмейді.";

      23) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "125-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғат пайдаланушыларға қатысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортадағы көздердегі эмиссияларға автоматтандырылған мониторинг мәліметтерінен алынған мәліметтерді талдау жасау жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізеді.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды бақылау субъектілерінің өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      3. Бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық хат ресімдейді және жібереді.

      4. Ақпараттық хат жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ақпараттық хат мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ақпараттық хатта алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) курьерлік не пошта қызметімен;

      3) электрондық тәсілмен – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      5. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хатты алған бақылау субъектісі, ол тапсырылған күннен кейінгі келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға оны жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын табыс етуге міндетті.

      Ақпараттық хатта көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ақпараттық хат тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды, белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімінде бермеу бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      7. Субъектілерге қатысты бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі тоқсанына бір реттен артық емес жүргізіледі.";

      24) 130-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесін орнатуға құқығы бар.";

      25) 132-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі эмиссиялардың санын, сапасын және олардағы өзгерістерді, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі арқылы бақылап отыру үшін эмиссияларды байқауды қамтиды.";

      26) 285-2-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы осы Кодекстің талаптарына сәйкес өндірушілерден және импорттаушылардан өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен қаражатты:";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қалдықтарды жинаудың және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізуге, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қайталама ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану жөніндегі зауыттар (өндірістер) салуға, қайталама ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, электрлік қуаттау станцияларының желісін құруға және дамытуға;";

      27) 287-бапта:

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларды кодтау осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қалдықтар сыныптауышы негізінде жүргізіледі.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қалдықтар сыныптауышында қалдықтың тиісті түрі болмаған, сондай-ақ өндіріс технологиясы өзгерген немесе өзге шикізаттық ресурстарға ауысқан, не қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгеретін жағдайларда, қалдықтың қауіптілік деңгейін және оларды кодтауды, табиғат пайдаланушы, қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларды кодтау әдістемесіне сәйкес айқындайды.

      6. Қалдықтарды қауіптіліктің белгілі бір деңгейіне және белгілі бір код белгілеуге жатқызуды осы бапқа сәйкес табиғат пайдаланушы өз бетінше немесе қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Осы баптың 5-тармағына сәйкес қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындауды және оларды кодтауды табиғат пайдаланушы айқындаған кезде

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғат пайдаланушының өтініші бойынша қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындауды және оларды кодтау әдістемесіне сәйкес қалдықтар сыныптауышына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.";

      28) 293-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етпей, жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтың меншік иелерін ауыстыруға тыйым салынады.".

      6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; 2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 51-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 52-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 54-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда олардың жұмыс істеуімен байланысты инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салу.";

      7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат, № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат, № 6, 50-құжат;№ 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат;№ 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-І, 110-құжат;№ 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-II, ст. 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-І, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 453-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тіркеу әрекеттері уәкілетті мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.";

      2) 456-баптың кестесінде 3, 3.1., 3.1.1., 3.1.2., 3.1.3., 3.1.4., 3.1.4.1., 3.1.4.2., 3.1.4.3., 3.1.4.4., 3.2., 3.2.1., 3.3., 3.4., 3.5., 3.6., 3.7., 3.8., 3.9., 3.10., 3.11., 3.12., 3.13., 3.14., 3.14-1., 3.15., 3.15-1., 3.16., 3.17. және 3.18.-жолдар алып тасталсын;

      3) 457-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 461-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 1 еселенген мөлшері;";

      5) 582-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық органдары салық төлеушіні тіркеу және тіркеу есебі кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және мынадай:".

      8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 7-баптың 1-тармағының 50-1), 52), 53), 67) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 7-1-баптың 1-тармағының 22-1 және 23) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.";

      4) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      5) 21-бапта:

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылысжайлар, өнім, жабдық, көлік құралдары, жер, су, ауа, азық-түлік өнімдері және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтірілуі мүмкін өзге де объектілер мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау нысандары болып табылады.

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері (эпидемиялық маңызды объектілер) екі топқа бөлінеді:

      1) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер;

      2) эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер.

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган өз кұзыретті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісу арқылы бекітеді.

      4. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады. 

      Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген мерзімділікпен ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.

      Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәуекелдерді басқаруды бағалау жүйесіне сәйкес ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерулерден босатылады.

      Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер ғана жүргізіледі.

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының оныншы бөлігінде көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      5. Өнім қауіпсіздігінің мониторингі профилактикалық бақылау және қадағалау болып табылады және:

      1) камералдық бақылау жүргізу;

      2) өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";

      12-тармақтың 16) және 19) тармақшалары алып тасталсын;

      6) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      7) 62-баптың 8-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексеру және (немесе) профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:";

      2) тармақша алып тасталсын.

      9. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат;
№ 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы
11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 347-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беруді техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидалары соттар қызметінің ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтылуын жүзеге асыратын органмен белгіленеді.";

      2) 370-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Бейнеконференциябайланыс құралдарын қолдану тәртібін соттар қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.";

      3) 591-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулы оған шағым жасау мерзімі өткеннен кейін орындауға енгізіледі. Қаулыға шағым жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қаулысы заңды күшіне енгізілгенге дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейді.

      Өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған тұлғаның және оның қорғаушысының қатысуы бейнеконференциябайланыс арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.";

      4) 592-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Бейнеконференциябайланыс құралдарын қолдану тәртібін соттар қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.".

      10. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат.; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      293, 296 және 326-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде міндетті энергия аудиті қорытындысының болмауы";

      "296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергоаудитті жүргізу тәртібін сақтамау";

      "326-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдаланудың ерекше шарттарын орындамау";

      мынадай мазмұндағы 163-1 және 413-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "163-1-бап. Сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, сауда-саттыққа қатысушылардың тауарларды өткізу қызметін үйлестіру";

      "413-1-бап. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы";

      290, 291, 520, 624, 636 және 696-баптарының тақырыптары алып тасталсын;

      2) 159-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "159-бап. Монополистік қызмет

      1. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -

      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -

      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын, монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру арқылы терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -

      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын, монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұруды қоспағанда, терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -

      монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi -  

      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, - 

      жеке тұлғаларға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе.

      Бәсекелестікке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған нарық субъектісі мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған:

      1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер туралы ақпарат алмаған;

      2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерге өздерінің қатысуын тоқтату бойынша шұғыл шаралар қабылдаған;

      3) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер фактілері туралы толық ақпаратты барлық тергеу барысында өтініш берген кезден бастап хабарлаған;

      4) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерді жасау салдарынан тұтынушыларға келтірілген залалды ерікті түрде өтейтін кезде әкімшілік жауаптылықтан босатылады.";

      3) мынадай мазмұндағы 163-1-баппен толықтырылсын:

      "163-1-бап. Сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, сауда-саттыққа қатысушылардың тауарларды өткізу қызметін үйлестіру

      1. Сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, сауда-саттыққа қатысушылардың тауарларды өткізу қызметін үйлестіру, егер бұл әрекеттер бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келетін болса және әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса – 

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық елу есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 175-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:

      1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 1-тармағында көзделген хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімінің сақталмауы;

      4) осы бақылау мен қағадалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер осы лауазымды тұлғалар әрекет ететін мемлекеттік органның құзыретіне осындай талаптар жатпаса, талаптардың орындалуын тексеру;

      5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;

      6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;

      8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау жүргізудің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабында көзделген белгіленген мерзімдерін асыру;

      9) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең iшiнде оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру немесе профилактикалық бақылау мен қадағалау бұрын жүргiзілгенге қатысты бақылау субъектісі (объектісі) мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргiзу;

      10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізу;

      11) тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
141-бабында көзделген мерзімділігін бұзу;

      12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау –

      лауазымдық тұлғаға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 280-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу

      1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде қосылған құн салығын төлеушінің көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға Қазақстан Республикасы салық заңнамасының шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру жөніндегі талабын бұза отырып, шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруі – 

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      6) 290-бап алып тасталсын;

      7) 291-бап алып тасталсын;

      8) 293-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде міндетті энергия аудиті қорытындысының болмауы

      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде міндетті энергия аудиті қорытындысының болмауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) 294-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалану –

      жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      10) 296-бапты тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін сақтамау

      1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін сақтамау –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады";

      11) 326-бапта:

      тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "326-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдаланудың ерекше шарттарын орындамау

      1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдаланудың ерекше шарттарын орындамау –

      лауазымды тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Егер экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушыға бірнеше өндірістік объектіге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдаланудың ерекше шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша жойылады.";

      12) 392-бапта:

      екінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер-";

      13) мынадай мазмұндағы 413-1-баппен толықтырылсын:

      "413-1-бап. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы

      1. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы –

      қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып не онсыз, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

      қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салып не онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе: Осы бапта заңды тұлғалар деп әлеуетті радиациялық қаупі бар бірінші және екінші санатты объектілермен атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер түсініледі.";

      14) 520-бап алып тасталсын;

      15) 624-бап алып тасталсын;

      16) 636-бап алып тасталсын;

      17) 684-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151(екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 184, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (алтыншы, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екiншi бөлiгiнде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397(төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 405 (бірiншi бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші бөлігінде), 410-1, 413, 413-1, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 453, 454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456, 456-1, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 467, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (бірінші бөлiгiнде), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 551 (екiншi бөлiгiнде), 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (екiншi бөлiгiнде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      18) 687-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 140 (бірінші бөлігінде), 345, 346, 348, 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      19) 689-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 292, 293, 296 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды."; 

      20) 691-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "691-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 589 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 625 (теңіз және әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтар бөлігінде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.

      2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 333 (бірінші бөлігінде),
464 (бірінші бөлігінде), 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 561, 571 (бірінші бөлігінде, автомобиль және теміржол көлігіндегі бұзушылықтардан басқа), 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 586, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 609, 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi және теміржол көлігіндегі бұзушылықтардан басқа), 627, 628, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. 

      Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық баптары бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (бірінші бөлігінде, автомобиль және теміржол көлігіндегі бұзушылықтардан басқа), 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609, 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi және теміржол көлігіндегі бұзушылықтардан басқа), 627,
631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары құқылы.

      3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң
230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 563 (бірінші бөлігінде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған, бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 565-1,
565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін),
626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық баптары бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

      2) осы Кодекстiң 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған, бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы."; 

      21) 692-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 637 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 638 (бірінші бөлігінде), 639, 640, 641-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      22) 693-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 87, 88, 89, 90, 93 (екінші бөлігінен басқа), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігіндегі екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";

      23) 696-бап алып тасталсын;

      24) 697-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 140 (екінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігіндегі екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 325, 326 (бірінші және екінші бөліктерінде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (екінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 465-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";

      25) 713-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 201-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      26) 797-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Кодекстiң 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394, 395, 396, 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 572, 573, 574, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 593 (екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде), 597 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 612 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 613 (екiншi бөлiгiнде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып, жеткiзу арқылы ұстап алу себептерi жойылғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;";

      27) 802-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабының 2-1-тармағында көзделген жағдайлардағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне барып, профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiз болып табылады.

      Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 5-тармағы мен 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы респонденттерге бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асырған кезде, бақылау және қадағалау жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда қолданылмайды.";

      28) 804-бапта:

      бірінші бөлікте:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (139 (екiншi бөлiгi), 326 (үшінші және төртінші бөліктері), 333 (екiншi бөлiгi), 397 (төртінші бөлiгi), 399 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (416 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 464 (екінші бөлiгi), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөлiктерi), 638 (екінші бөлігі)-баптар;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (415 (екінші бөлігі),
419 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 462, 463-баптар);";

      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) атом энергиясы жөніндегі органдар (413, 413-1, 414, 416 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша) 462, 463-баптар;";

      51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "51) монополияға қарсы органның (159, 160 (екінші бөлігі), 163-1-баптар).";

      үшінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);";

      29) 812-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстің 333, 334, 571, 572, 574, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 625, 626, 627, 628, 629, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.";

      11. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде
"Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 9-1-тарауының және 112-1, 112-2, 112-3, 152-1,
169-1-баптарының тақырыптарымен толықтырылсын:

      "9-1-тарау. Ақпараттық құралдар";

      "112-1-бап. Ақпараттық құралдар";

      "112-2-бап. Ақпараттық құралдардың түрлері";

      "112-3-бап. Ақпараттық құралдарды енгізудің ерекшеліктері";

      "152-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелерін ресімдеудің тәртібі";

      "169-1-бап. Тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу кезінде бәсекелестікті қорғау туралы талаптар";

      132-баптың, 2-параграфтың,140, 141, 145, 146, 147, 148, 151, 152, 155, 156, 199, 200 және 201-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "132-бап. Бақылау және қадағалау субъектілері мен объектілері. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар";

      "2-параграф. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";

      "140-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жалпы мәселелері";

      "141-бап. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) топтарға бөлу";

      "145-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт";

      "146-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні тіркеу";

      "147-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі";

      "148-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімі";

      "151-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезіндегі шектеулер";

      "152-бап. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі";

      "155-бап. Бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау мен қадағалауды жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері";

      "156-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген тексерудің және профилактикалық бақылаудың әрекетсіздігі";

      "199-бап. Нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, нарық субъектісінің қызметін реттеу функциялары берілген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екені туралы хабарлама"

      "200-бап. Экономикалық шоғырлану";

      "201-бап. Экономикалық шоғырлануды реттеу";

      63 және 142-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      2) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өзінің атауы бар мөрді иелене алады.

      Мемлекеттік органдарға және қаржы ұйымдарына жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қоюды талап етуге тыйым салынады.";

      3) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығаруға қатысуы

      Жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер (бұдан әрі – сараптамалық кеңестер) арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.";

      4) 62-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін нақты саладағы реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес алдын ала реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізуге тиіс.";

      5) 63-бап алып тасталсын;

      6) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-бап. Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер

      1. Сараптамалық кеңес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан:

      кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Сараптамалық кеңестер мүшелерінің құрамына Ұлттық палатаның, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кіреді.

      Сараптамалық кеңестер отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар сараптамалық кеңестің мүшелері мәртебесін олардың жанында сараптамалық кеңес құрылатын орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органда олар аккредиттелген кезден бастап қана иеленеді.

      4. Аккредиттеу туралы куәлік нысанын, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізудің тәртібін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      Аккредиттеу туралы куәлік үш жылдық мерзімге беріледі.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда қатарынан екі реттен артық аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алады.

      5. Сараптамалық кеңестің отырыстарына сараптамалық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері сенімхатпен расталатын өкілдері қатысады.

      Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердiң құрамдары осы органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.

      6. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобалары сараптамалық кеңестiң қарауына жатпайды.

      7. Нормативтік құқықтық актінің жобасын, Қазақстан Республикасы халықаралық шартының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты қарауды сараптамалық кеңестің мүшелері сараптамалық кеңестің мүшелеріне тиісті жобаны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы хабарламаны дереу жіберу арқылы, отырыс өткізбей жүзеге асырады.

      Сараптамалық кеңестің отырысы сараптамалық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.

      Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақырту не нақты уақыт режімінде бейнеконференциялық байланыс немесе интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.

      8. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын жағдайда, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.

      9. Сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";

      7) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері

      1. Орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдар кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде, орналастырғаны туралы хабарламаны сараптамалық кеңестерге және Ұлттық палатаға жібереді.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды беру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мерзім хабарлама сараптамалық кеңеске келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сараптамалық қорытындыны алу бойынша талап тиісті аумаққа карантиндік режім енгізілуімен карантиндік аймақты белгілеу туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда карантиндік немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы көздейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларына қолданылмайды.

      Осы тармақтың ережелері кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдар жобаларының тұжырымдамаларына қолданылады.

      2. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есептеулер нәтижелері қамтылуға тиіс.

      3. Осы бапта және осы Кодекстің 66-68-баптарында көзделген талаптар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.";

      8) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "66-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамалары, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар

      1. Сараптамалық қорытынды сараптамалық кеңес мүшесінің немесе Ұлттық палатаның жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық акт жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде міндетті қосымша болып табылады.

      Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

      2. Сараптамалық қорытындыларды сараптамалық кеңес мүшелері немесе Ұлттық палата әзірлеуші мемлекеттік органға осы мемлекеттік орган айқындаған мерзімде, бірақ сараптамалық кеңес мүшесі хабарламаны алған кезден бастап он жұмыс күнінен кем емес мерзімде береді.

      Сараптамалық қорытындыларды белгіленген мерзімдерде ұсынбау нормативтік құқықтық акт жобасына сараптамалық кеңес мүшесінің немесе Ұлттық палатаның ескертпелерсіз келіскені деп саналатындығын білдіреді.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардарға әзірлеуші мемлекеттік органдардан осы тармақта белгіленген мерзімде сараптамалық қорытындыны ұсынбаған сараптамалық кеңес мүшелерінен немесе Ұлттық палатадан сараптамалық қорытындыларды алуды талап етуіне тыйым салынады.

      3. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде, заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, мемлекеттік орган осы қорытынды берген сараптамалық кеңестің тиісті мүшесіне немесе Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық акт жобасына ол қабылданғанға дейін міндетті қосымша болып табылады.";

      9) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "67-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату)

      Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары тиісті органда, Ұлттық палатада немесе сараптамалық кеңесте қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.";

      10) 80-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуі арқылы, оның ішінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңдары;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

      4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;

      6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары деңгейінде реттегіш құралдар пайдаланыла отырып, жүзеге асырылады.

      Реттегіш құралдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ықпал ету тәсілдерін, оның ішінде осы Кодекстің 81-бабында көзделген мемлекеттік реттеу нысандары мен құралдарын білдіреді.

      Ықпал ету тәсілдері деп заңнамада кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне жүктеменің туындауына әкелетін талаптарды белгілеу түсініледі.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      11) 81-бап мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) ақпараттық құралдарды енгізу;

      10-2) міндетті қатысуға (мүшелікке) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу;";

      11) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "82-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдар енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi

      1. Егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған жағдайда, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

      Реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзге де ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.

      2. Реттегіш құралдар осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілер арқылы енгізіледі.

      3. Реттеушілік әсерді талдауға реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы заң жобаларының тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобалары жатады.

      Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды немесе реттеуді қатаңдатуды енгізгенге дейін және кейін реттеушілік әсерді талдау жүргізу туралы талап, мыналарға:

      1) авариялар, дүлей апаттар немесе өзге де төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі мәселелерді реттеуге;

      2) есірткі заттар, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлардың айналымын, азаматтық және қызметтік қару-жарақтың және оған арналған патрондардың айналымын реттеуге;

      3) сақтандыру топтары мен банктік конгломераттардың құрамына кіретін қаржылық ұйымдар мен тұлғаларды реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;

      4) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда арнайы валюталық режімді енгізуге;

      5) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілер жобаларына;.

      6) тиісті аумақта карантиндік режімді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы, сондай-ақ жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда карантинді немесе шектеуші іс-шараларды белгілеу туралы шешімдер қабылдауға;

      7) заңдық жауапкершілікті енгізуге;

      8) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мәселелерді реттеуге қолданылмайды.

      4. Жаңа реттеу құралын енгізу немесе реттеуді қатаңдату Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметін реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      2) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау;

      3) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеу жағдайы туралы жылдық есепті қарау және мақұлдау;

      4) сараптама топтарының ұсынымдарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау;

      5) Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асырады.

      Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия:

      1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекет ету;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметін реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар енгізу;

      3) Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құзыретіне кіретін мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарына шақыру және оларды тыңдау;

      4) мемлекеттік және өзге ұйымдардан қажетті материалдарды сұрау және алу;

      5) тұрақты және уақытша әрекет ететін сараптама топтарын құру және олардың ережесін бекіту.

      Осы тармақтың талаптары өңірлік маңызы бар актілердің жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң жобаларының тұжырымдамаларында және Қазақстан Республикасының заң жобаларындағы реттегіш құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдату жағдайларын қоспағанда, осы баптың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда қолданылмайды.

      Өңірлік маңызы бар актілер деп мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімдері қабылдаған нормативтік құқықтық актілер түсініледі.";

      13) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "83-бап. Реттеушілік әсерді талдау

      1. Кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау болып табылады.

      Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты болып табылады.

      2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін, оның ішінде оларға қатысты бұрын реттеушілік әсерді талдау жүргізілмеген қолданыстағы реттегіш құралдар бойынша жүргізіледі.

      Енгізілген реттегіш құралдардың, сондай-ақ қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдау жыл сайын реттеуші мемлекеттік органдар бекітетін қайта қарау жоспарларына сәйкес, оның ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, Ұлттық палатаның негізделген ұсыныстарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      Осы Кодекстің 80-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қатысты қайта қарау жоспарын жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының негізделген ұсыныстарын ескере отырып, бекітеді.

      Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау бойынша жоспарларды мемлекеттік органдардың орындамауы туралы ақпарат Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады.

      3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.

      Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады.

      4. Реттеушілік әсерді талдауды осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың жобаларына қатысты мемлекеттік органдар, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

      Бұл ретте реттеушілік әсердің талдауын реттеуші мемлекеттік органдар, оларға қатысты олардың әзірлеушілері реттеушілік әсерді талдау жүргізілетін өңірлік маңызы бар актілерді қоспағанда, жүргізеді.

      5. Реттеушілік әсерді талдау жүргізу жаңа реттегіш құралды енгізудің немесе реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты болып табылады.

      6. Кәсіпкерлік жөніндегі мемлекеттік орган:

      1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік органдардың, Ұлттық палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;

      2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы:

      1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларында әзірлеушілердің, өңірлік кәсіпкерлік палатасының және өзге де тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;

      2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;

      Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, мақұлдануы жаңа реттегіш құралды енгізудің немесе реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты болып табылатын, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның қарауына шығарылады.

      8. Реттеушілік әсерді талдаудың және реттеушілік әсерге баламалы талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.";

      13) 84-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) кәсіпкерлікті реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу";

      "4) табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде жүзеге асырылатын міндетті көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту";

      төртінші бөлік алып тасталсын.";

      15) 85-баптың 2-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тексеру парақтарының нысандарын әзірлейді және бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) бақылау мен қадағалау органдарының тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалауды есепке алу жөнінде ақпарат алмасу бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмысының жай-күйі туралы есептерін қарайды;";

      мынадай мазмұндағы 10-1), 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия қызметін қамтамасыз етеді";

      "13-1) ақпараттық құралдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      13-2) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингін өткізеді;

      13-3) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингін өткізудің әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      16) 86-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өткізілуін жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарау және шешімдер қабылдау, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы;";

      17) 90-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізу;

      2-2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау бойынша жұмыстың мән-жайы туралы есептерді ұсыну;";

      18) 90-6-бапта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың іс-әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға жібереді;";

      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) мемлекеттік монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Осы баптың 7-1) тармақшасына сәйкес табиғи монополиядар және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жүзеге асырылатын, жеке және заңды тұлғалар үшін алынуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын, сондай-ақ олардың өз қызметін немесе әрекеттерді (процесстерді) жүзеге асыруға құқығын растайтын қызметтерді көрсетумен байланысты қызмет (әрекеттер, процестер) міндетті көрсетілетін қызметтер болып табылады, бұл ретте жеке және заңды тұлғалардың аталған көрсетілетін қызметтерді алмау әкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауаптылыққа алып келеді.";

      19) 90-7-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыру және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындау кезінде өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімін ұсынған кезде:";

      20) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;";

      21) 95-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы беру мөлшерлемелерін субсидиялау;";

      22) 98-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      23) 107-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері осы Кодекстің 83-бабына сәйкес жүргізілетін реттеушілік әсерді талдаудың негізінде белгіленеді.";

      24) 109-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуі тиіс.";

      25) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:

      "9-1-тарау. Ақпараттық құралдар

      112-1-бап. Ақпараттық құралдар

      1. Ақпараттық құралдар деп нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдарға немесе бір мезетте төмендегі барлық өлшемшарттарға сәйкес келетін өзге де тұлғаларға ақпарат ұсыну талабы түсініледі:

      1) ақпаратты ұсыну міндетті болып табылады және оны ұсынбау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады;

      2) ақпарат жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.

      2. Осы тараудың ережелері салықтық, кедендік, қаржылық және саясат саласындағы, сондай-ақ бір реттеу субъектісіне қолданылатын ақпараттық құралдарға қолданылмайды.

      Осы тараудың мақсаттары үшін қаржылық саясат деп қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдары болып табылмайтын сақтандыру нарығына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, қаржы ұйымдары ірі қатысушыларының, эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру топтарының және банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың, төлем қызметтерін көрсететін нарық субъектілерінің қызметімен, валюталық құқықтық қатынастарды реттеумен, қаржылық қызметтерді көрсетумен, сондай-ақ қаржы құралдарын шығарумен, айналымымен, өтелуі және жойылуымен байланысты қарым-қатынастар жиынтығы түсініледі.

      112-2-бап. Ақпараттық құралдардың түрлері

      Ақпараттық құралдардың мынадай түрлері болады:

      1) мемлекеттік органдарға жүйелі негізде ұсынылатын мерзімді есептілік;

      2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде ғана ұсынылатын жағдайды қоспағанда, мемлекеттік органның бастамасы бойынша бір реттік ақпарат ұсыну;

      3) рұқсат беру рәсімдерінің немесе басқа да бастамашылық жолданымдардың шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік органның бір реттік ақпарат ұсынуы;       

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда үшінші тұлғаларға ұсынылатын ақпарат.

      112-3-бап. Ақпараттық құралдарды енгізудің ерекшеліктері

      1. Ақпараттық құралдар нормативтік құқықтық актілерде тікелей көзделген жағдайларда ғана енгізіледі.

      2. Ақпараттық құралдар тізбесі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бекітіледі.

      3. Нақты ақпараттық құралдарды көздейтін нормативтік-құқықтық актілердің нормалары қолданысқа енгізілгеннен кейін реттеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақпараттық құралдардың түпкілікті тізбесіне толықтырулар енгізуге бастамашылық етуі тиіс.

      26) 120-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органдар Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік монополия субъектілерінің өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар жүргізеді.";

      27) 129-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 5-тармағында және осы Кодекстің 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектiлеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу құқықтық мәртебесiне, меншiк нысандарына және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодекстің 130 және 131-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында тізбеленген қатынастарға, ішкі бақылау бөлігінде "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының күші қолданылады.

      8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар аталған салаларда қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      28) 132-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "132-бап. Бақылау және қадағалау субъектілері мен объектілері. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар

      1. Қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері бақылау мен қадағалау субъектілері болып табылады.

      Бақылау мен қадағалау субъектiсінде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, бақылауға және қадағалауға жататын мүлік бақылау мен қадағалау объектісі болып табылады. 

      2. Бақылау мен қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.";

      29) 135-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) қадағалау субъектілерінің жедел ден қою шараларын, жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін шаралар қолдану құқығымен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру, профилактикасы мен бақылау жөніндегі бақылау және қадағалау органының қызметі болып табылады.";

      30) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "137-бап. Бақылау және қадағалау нысандары

      1. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне бақылау және қадағалау мынадай нысанда жүзеге асырылады:

      1) ұйымдастырылу және өткізілу тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге заңдарында айқындалатын тексерулер;

      2) егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау және қадағалау.

      2. Профилактикалық бақылау мен қадағалау:

      1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға;

      2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармайтын профилактикалық бақылау мен қадағалауға бөлінеді.

      3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау мен қадағалау органы жүзеге асыратын, профилактикаға, бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайларын жою үшін адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекетке олардан төнетін қауіп-қатердің профилактикасы мен алдын алу мақсатында ұсынымдар беруге бағытталған бақылау мен қадағалау болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасалады.

      Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында және "Салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.

      4. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтінім берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүргізуді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес өрескел бұзушылықтар айқындалған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес, бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.

      Егер бару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтінім берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса, осы Кодекстің 147-бабы 2-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, 141-147-баптарының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауға таралмайды.

      5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мынадай талаптар сақтала отырып, жүзеге асырылады:

      1) бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

      3) бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша бұзушылықтар айқындалған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмастан, бірақ міндетті түрде бақылау мен қадағалау субъектісіне бұзушылықты жою тәртібі түсіндіріле отырып, олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалары) жасалады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылау және қадағалау өткізу үшін Қазақстан Республикасының салалық заңдарында мақсаттарын, құралдарын, өткізу тәсілдерін, субъектілер тізбесін, өткізу жиілігін, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылау және қадағалау өткізуді есепке алу тәсілін міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылау және қадағалау өткізу тәртібі анықталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының күші бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау мүмкін еместігіне қатысты бөлігінде мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізуде қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөлігінің 3) тармақшасының әрекеті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын профилактикалық бақылауға қолданылмайды.

      6. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармайтын профилактикалық бақылауды талдаудың нәтижелері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.";

      31) 138-бапта:

      3), 10), 11), 14), 15), 33), 34), 37), 40), 45), 46), 62), 65), 72), 73), 79), 84), 85), 86), 88), 94), 108), 112) тармақшалар алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ықтимал радиациялық қауіпті 3 және 4-санаттағы объектілермен жұмысты жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясын пайдалану саласында;";

      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) еңбек заңнамасын және халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауға;";

      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) Қазақстан Республикасының төлемдер мен төлем жүйелерi туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының сақталуына;";

      64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "64) тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жер атауын немесе фирмалық атауын пайдалануға;";

      32) 139-бапта:

      15), 16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) ықтимал радиациялық қауіпті 1 және 2-санаттағы объектілермен жұмысты жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясын пайдалану саласында;";

      33) 2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";

      34) 140-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "140-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мен профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың жалпы мәселелері";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бақылау және қадағалау органдары мынадай:

      1) мемлекеттік органның лауазымды адамының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару;

      2) профилактикалық бақылау өткізу кезінде қажетті ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанына қатысты қажет ақпаратты сұрату;

      3) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісін шақырту әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау мен қадағалау нысандарының бірі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау болып табылады.

      2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.";

      3-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, 137-баптың және осы параграфтың әрекеті мыналармен байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға:";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда нарықтарында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатттарды бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (малдарды союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;";

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында жануарлар дүниесін пайдалану талаптарының сақталуына;

      балық шаруашылығының су айдындарында балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемінің, балық аулау мөлшерлерінің және құрал түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулардың, кездейсоқ аулаудың сақталу, сондай-ақ балық ресурстары және басқа да су жануарларын аулау бөлігінде есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) жүргізілуіне;

      жануарларды ұстаудың тәсілі мен құралдарының түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдаланудағы шектеулер мен тиымдар бөлігіндегі аңшылық шаруашылығы аумағында;

      10) жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтар мен қолайсыз пункттерде, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді бақылауға және қадағалауға;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      16) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімдерінің, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға темекі өнімдерінің сатылуын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандардың ойын-сауық орындарында болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына;";

      17), 20), 23), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:

      "26) ықтимал радиациялық қауіпті 1 және 2-санаттағы объектілермен жұмысты жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясын пайдалану саласында қолданылмайды.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, осы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуі тиіс осы тармақтың бірінші бөлігінің 13), 15), 22) және 26) тармақшаларында (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады. .";

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің 13) және 22) тармақшаларында көрсетілген тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелуге жатады.

      Бақылау мен қадағалау органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы анықтаған нысан бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты өткізген тексерулер туралы мәліметтерді ұсынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне (қайта құру тәртібінде құрылған заңды тұлғаларды және қайта құрылған заңды тұлғалардың құқықтық мұрагерлерінен басқа) мемлекеттік тіркелген соң үш жыл бойына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулер және профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер жүргізуге тыйым салынады.";

      35) 141-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "141-бап. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) топтарға бөлу

      1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау бақылау мен қадағалау субъектілерін төрт топқа бөлу ескеріле отырып, жүргізіледі.

      2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер, осы баптың
3-тармағы оныншы бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау мен қадағалау және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармайтын профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.

      Салдарының ауырлық деңгейін ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүддесіне бақылау және қадағалау субъектісі қызметінің нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органымен жүргізілетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.

      Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мемлекеттік бақылау және қадағалаудың мына салаларында:

      1) ықтимал радиациялық қауіпті 1 және 2-санаттағы объектілермен жұмысты жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясы саласында;

      2) өрт қауіпсіздігі саласында;

      3) салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін, әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету саласында;

      4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;

      5) эпидемиологиялық әсері жоғары объектілерге қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;

      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тәуекелдердің жоғары дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылау және қадағалау жүргізу кезінде қолданылады.

      Объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексеру жүргізу кезеңділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес, бірақ жиілігі жылына бір реттен артық емес айқындалады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында эпидемиологиялық әсері жоғары объектілерге қатысты ерекше тәртіпте тексерулер жүргізудің кезеңділігі жарты жылда бір реттен жиі емес айқындалады.

      Бақылау және қадағалау субъектiсінiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiне және осы дамуға әсер ететiн факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектiлерiн (объектілерін) әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары болып табылады.

      Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтары "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) ескерілген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Жартыжылдық кестелер бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты тексеру жүргізудің ерекше тәртібі тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып жасалады.

      Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың он бесінші қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың он бесінші сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінің жобаларын келісу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Тексерулердің жартыжылдық кестелерінің жобаларында сол бір бақылау және қадағалау субъектiлері белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган кестелердің жобаларын реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектiлерді тексерулер жүргізу кестелерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.

      Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың оныншы желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың оныншы мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшысы бекіткен тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

      Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      3. Екінші топқа бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай өздеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.

      Жоспардан тыс тексерулер осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел деңгейін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындауға негіз болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімдері жасалады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың оныншы желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың оныншы мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жиілігі жылына бір реттен артық емес айқындалады.

      Осы тармақтың үшінші - тоғызыншы бөліктері мына жағдайларда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге қолданылмайды:

      1) егер бару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болған;

      2) егер бару "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеумен байланысты болған;

      3) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астық сапасын айқындау үшін оларды қабылдау, тиеп-жөнелту және сандық-сапалық есепке алу кезінде сынамаларды, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарында сақталатын мемлекеттiк астық ресурстарын іріктеумен байланысты болған;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаппай ықтимал қатер төндірген жағдайларда, бұл бұзушылықтардың профилактикасы және алдын алу мақсатында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған;

      5) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін бірнеше бөліктерге бөліп, негізгі жабдықтың істен шығуына, тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын жаппай шектеуге алып келген электр станциялар, қазандықтар, электр және жылу желілерінде технологиялық бұзушылықтардың пайда болғаны туралы хабарлама түскен кезде өрт, жарылыстар болған жағдайларда.

      Осы тармақтың оныншы бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін осы Кодекстің 114-бабының 3-тармағы 7) тармақшасына сәйкес нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу жеткіліксіз болған және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау және қадағалау талап етілетін жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың оныншы бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін:

      1) бақылау және қадағалау органдары, барлық қолда бар ақпаратты, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталын пайдалану және нақты фактімен байланысты және ықтимал тәуекелі бар бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) шеңберін анықтау мақсатында басқа мемлекеттік органдардан сұрау салу арқылы талдау жүргізеді;

      2) бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің қосымша тізімі жасалады;

      3) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған фактілер ғана бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу нысаны болып табылады.

      Осы тармақтың оныншы бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы негізсіз шешім қабылдағаны үшін бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады.

      4. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру тәртібінің негізінде әзірленеді.

      Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялығы ескеріле отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.

      Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірге тексеру парақтарына қатысты актілерді бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекстің 137-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Төртінші топқа өздеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ғана жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай бақылау және қадағалау осы Кодекстің 137-бабына және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын осы баптың 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызуды, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылғандарға және тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылмағандарға бөлуді әрбір бақылау және қадағалау саласы үшін реттеуші мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      8. Бірінші және екінші топқа жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері):

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіпте үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруден және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және қадағалаудан босату жағдайлары белгіленген;

      3) егер субъектілер "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі болып табылған жағдайларда үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.";

      36) 142-бап алып тасталсын.

      37) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "143-бап. Тексеру парақтары

      1. Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.

      Бекітілген тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

      2. Сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын, бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптар тізбесі тексеру парағы болып табылады.

      Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бөлек-бөлек жасалады.

      Біртекті топтар ретінде бірдей талаптар қойылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) ұғынылады.

      Тексеру парағы мынадай жағдайлар ескеріле отырып жасалады:

      1) талаптар осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленуге тиіс;

      2) сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптар енгізіледі;

      3) талаптар жалпы сипатта бола алмайды және басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемені қамти алмайды;

      4) талаптардың тұжырымдалуы мейлінше қысқа болуы, анық және әртүрлі түсінілмейтін мағынаны қамтуға тиіс.

      3. Тексеруге және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және қадағалауға тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана жатады.";

      38) 144-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;

      2) жоспардан тыс тексерулер.

      Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында осы Кодекстің 141-бабының 2-тармағында айқындалған мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын тексеру – ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.

      Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздері:

      1) тексерудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) егер субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты екі және одан көп рет ұсынбаған және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, тексерудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшаттарында айқындалған, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;";

      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) оларды жоймау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіруге әкеп соғатын нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

      6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне нақты зиян келтіру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері туралы өтініштері;

      7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектiсі азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;

      8) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы бақылау және қадағалау субъектісінің өтінішіне байланысты қайта тексеру;";

      11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      39) 145-бапта:

      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы акті

      1. Тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.

      "Салық және бюджетке өзге де міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуді қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауды, мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауды тағайындау туралы акт негізінде жүргізеді.";

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзiне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумағының учаскесi көрсетiледi.

      Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеру тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;";

      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы Кодекстің 155-бабында көзделген бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;

      11) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі;";

      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) заңды тұлға басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау жөніндегі актіні алғандығы немесе алудан бас тартқаны туралы қолы.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы актіде:

      1) актінің нөмірі мен күні;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, жөні (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;

      4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге тартылған мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;

      5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізімі, аумақ учаскесі көрсетіледі.

      Заңды тұлға филиалының және (немесе) өкілдігінің бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актінде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;

      6) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тағайындалған профилактикалық бақылау және қадағалаудың мәні;

      7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің мерзімі;

      8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде тексеру парақтарының талаптары;

      9) осы Кодекстің 155-бабында көзделген бақылау және қадағалау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;

      10) актіге қол қою уәкілеттігіне ие адамның қолы, және мемлекеттік органның мөрі;

      11) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні алу немесе алудан бас тарту туралы заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның қолы.";

      40) 146-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "146-бап. Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы актіні тіркеу

      1. Мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексеру мен профилактикалық бақылау және қадағалауды қоспағанда, тағайындау туралы акті, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акті міндетті түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеледі.

      Тағайындау туралы акт, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімін ұзарту туралы қосымша акт объектілерді міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тіркеледі.

      Мемлекеттік кіріс органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) көзделген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асырылатын салықтық қарсы тексерулер мен профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде тексерілетін бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды хабардар етеді.

      Тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.

      2. Бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актісі және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен мерзімдерді ұзарту туралы қосымша актісі тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда, оны бақылау және қадағалау субъектiсінiң орналасқан жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну арқылы тiркеледi.

      Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы оныншы бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда бақылау және қадағалау субъектісінің орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде  бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы тіркеледі.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеруге жататын талаптардың тармақтарын (бар болған жағдайда) көрсете отырып, тексеру парақтарын ұсынады.

      Тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актілерді, мерзімдерді ұзарту және оларды жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту туралы, қатысушылардың құрамын өзгерту, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және оның нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

      3. Тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргiзу қажеттiлігi қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қатерді дереу жоюды талап ететiн, қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда,
сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тiкелей олардың жолын кесу қажеттiлігiне қарай және дәлелдемелерді бекiту үшiн кезек күттірмейтін iс-қимылдар жүргізуге байланысты тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеру тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.";

      41) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "147-бап. Тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау мен қадағалау органы тексерудің басталу күні мен нысанасын көрсете отырып, осы тексеруді жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бақылау мен қадағалау субъектiсіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.

      Осы Кодекстің 141-бабы 3-тармағының оныншы бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында, 144-бабының 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезiнде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау органы тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру мен қадағалаудың басталатыны туралы, тексеру басталатынан бір тәулік бұрын бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанын көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне хабарлауға міндетті.

      Бақылау және қадағалау органы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің басталуы туралы хабарламаны қолма-қол табыс етеді, табыстағаны туралы хабарламасы бар тапсырыстық пошта жөнелтімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық пошта мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.

      2. Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу қажеттілігі болған жағдайларда, жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.

      3. Мемлекеттiк органдардың объектiге тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшiн келген лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне:

      1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгi қойылған бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актiнi;

      2) қызметтік куәлігін;

      3) қажет болған кезде режімдi объектiлерге баруға арналған құзыреттi органның рұқсатын;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына немесе оның уәкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) тексеруді немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қағадалауды тағайындау туралы актіні берген, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісін тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылауға жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағымен бақылау және қадағалау субъектісін таныстырған күн – тексеру немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің басталған күні болып есептеледі.

      4. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актiнi қабылдаудан, тексеру парағымен танысудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органы лауазымды тұлғасының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда, хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi немесе бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.

      Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізбеу үшін негiз болып табылмайды.

      5. Тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды тұлға (тұлғалар) ғана тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізе алады. Бұл ретте, тексеру немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргiзетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн, бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісі мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi орган тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актiде көрсетiлмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейiн ауыстыру себебi көрсетiле отырып хабардар етiледi.

      6. Бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органдарының тексеру және профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізуі қажет болған кезде, осы органдардың әрқайсысы тексеруді және бақылауды және қадағалау субъектісіне бару арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.

      Сол бір мәселелер шеңбері бойынша бірнеше бақылау және қадағалау субъектісіне бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылауды мен қадағалауды жүргізу қажет болған кезде, мынадай мәселелер бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды қоспағанда, осы орган бақылау және қадағалаудың әрбір субъектісіне тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi:

      1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      2) бақылау-касса машиналарының болуы;

      3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;

      4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың төлнұсқалылығы;

      5) лицензияның болуы;

      6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

      7) көліктік бақылау немесе ішкі істер органдарының бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі.";

      42) 148-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "148-бап. Тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу мерзімдері

      1. Тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және:

      1) микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жұмыс күнінен аспауға тиіс және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын:

      2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілері үшін:

      жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

      ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспауға және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

      3) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспауға және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

      4) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескеріле отырып:

      техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспауға және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

      техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт сағатынан аспауға және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзім болуы тиіс.

      2. Тексеру немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу мерзімін бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның міндеттерін атқарушы):

      1) шетелдік мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде ақпарат алу;

      2) оған қатысты тексеру немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізетін тұлғаның тұрған жерін анықтау;

      3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге бір рет қана ұзарта алады.

      Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзiмдерi ұзартылған жағдайда мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды ұзарту туралы қосымша акт ресiмдейдi, онда тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен тіркелген күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.

      Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдері ұзартылған жағдайда бақылау және қадағалау органы бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) бұл туралы міндетті түрде хабардар етеді.

      Бақылау және қадағалау органы тексеру мен бақылау және қадағалау субъктісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу мерзімін ұзарту туралы хабарлама ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тапсырылғаны жөніндегі хабарламамен тапсырыстық пошта жөнелтімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъекті бұрын мұндай мекенжайды бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық поштасының мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.

      Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргiзудiң, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.";

      43) 151-бапта:

      баптың тақырыбы және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "151-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мен профилактикалық бақылау жүргізу кезіндегі шектеулер

      Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезiнде:";

      4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;

      5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;

      6) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган оған қатысты бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау жүргiзілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргiзуге;";

      44) 152-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "152-бап. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерудiң нәтижелерi бойынша:

      1) тексеру нәтижелері туралы актіні;

      2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды жасайды.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексеру нәтижелері туралы актіге:

      1) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым не "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген өзге де құжат;

      2) болған кезде, өнімдердің үлгілерін (сынамаларды) іріктеу, қоршаған орта объектілерін тексеріп-қарау актілері, жүргізілген зерттеулер (сынаулар) мен сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тексеру жүргізу барысында тексеру парақтарының талаптарын бұзушылық анықталған тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша біреуден аспайтын ұйғарым берілуі мүмкін.

      Ұйғарым осы Кодекстің 152-1-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес жасалады.

      Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тағайындау туралы актіні (хабарламаны), тексерістер нәтижелерін қоспағанда тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тексеру нәтижелері туралы акт және ұйғарым үш данада жасалады.

      Бақылау және қадағалау органы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдану және басқа да iс-қимылдар үшiн бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғыза отырып беріледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.

      4. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда тексерілетін субъект бұзушылықтарды жою туралы мерзімін ұзарту туралы өтінішпен тексеру жүргізген мемлекеттік органға үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүгінуге құқылы.

      Өтініште тексерілетін субъект бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және мерзімді ұзартудың объективті себептерін көрсетуге міндетті.

      Тексеруді жүргізген мемлекеттік орган өтініште жазылған дәлелдерді ескере отырып, үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою мерзіміне түзету жүргізу немесе жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мерзімді түзеуден бас тартылған жағдайда мемлекеттік орган бас тарту себебін көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымда белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі аяқталған соң ұйғарымда белгіленген мерзім ішінде бақылау және қадағалау субъектісі тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына ұйғарымда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынады.

      10. Бақылау және қадағалау субъектісі тексеру нәтижесінде анықталған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында көрсетілген елеулі және елеусіз бұзушылықтар анықталған ұйғарымның орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне ұйғарымның орындалуы туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

      Ұйғарымдарды орындау туралы ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы сұрау салуды алғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органына тиісті ақпаратты ұсынуға міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес ақпаратты ұсынбаған жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының
1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы";

      45) мынадай мазмұндағы 152-1-баппен толықтырылсын:

      "152-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      1. Тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде жүргізілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы, бұзушылықтар бар болған жағдайда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын профилактикалық бақылауды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасайды.

      2. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымда:

      1) ұйғарымның жасалған күнi, уақыты және орны;

      2) бақылау және қадағалау органының атауы;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;

      4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;

      5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу күні, орны және кезеңі;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сай анықталған бұзушылықтардың тізбесі;

      7) ұсынымдар және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға нұсқаулар;

      8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға), сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде қатысқан адамдардың ұйғарыммен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

      9) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.

      3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалу мерзімі оны нақты орындау мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайларды ескере отырып, бірақ тексеру нәтижелері туралы акт және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым тапсырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнге белгіленеді.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындау мерзімдерін анықтау кезінде:

      1) бақылау және қадағалау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктердің болуы;

      2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;

      3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1,2 және 3 қосымшаларында көзделген тиісті рұқсаттарды алу немесе хабарламаларды беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісімдерді және басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.

      4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым үш данада жасалады.

      Бақылау және қадағалау органы анықталған бұзушылықтар туралы ұйғарымның бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да iс-қимылдар үшiн бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғыза отырып табыс етіледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржылай шығындар қажет болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі қарсылық болмаған кезде үш жұмыс күнінен кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты мерзімдерін көрсете отырып, ұсынуға құқылы, ол тексеру жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісіледі.

      6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімінің аяқталуы бақылау және қадағалау субъектісіне қорытындыны (бұзушылық болмаған жағдайда) не бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындау туралы актіде көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс ету күні болып саналады.

      7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымда белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі аяқталған соң бақылау және қадағалау субъектісі ұйғарымда белгіленген мерзім ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізген бақылау және қадағалау органына ұйғарымда көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде анықталған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне ұйғарымды орындау туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды жолдайды.

      Ұйғарымдарды орындау туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды алғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органына тиісті ақпаратты ұсынуға міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес ақпаратты ұсынбаған жағдайда бақылау мен қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы";

      46) 154-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) немесе олардың көшірмелерін немесе бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдарды тексеру нәтижелері туралы актіге тіркеу үшін алуға, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтінішпен жүгінуге тыйым салынады.";

      3-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектілері жұмысының белгіленген режиміне кедергі жасамауға;";

      5), 6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектісіне кедергі жасамауға, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсініктеме беруге;

      6) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде олардың нысанасына қатысты қажетті ақпаратты бақылау және қадағалау субъектісіне табысу етуге;

      7) бақылау және қадағалау субъектісіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды олар аяқталған күні немесе "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде табыс етуге;

      8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.";

      47) 155-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "155-бап. Бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:

      1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы объектіге тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу үшін келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруге немесе профилактикалық бақылауға және қадағалауға мынадай:

      осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің кезеңділігі сақталмаған;

      бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдерден асып түскен немесе олар өтіп кеткен;

      осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол мәселе бойынша соған қатысты бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындаған;

      егер бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы алдыңғы тексеруде немесе профилактикалық бақылауда және қадағалауда бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144–бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;

      осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;

      жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығы шегінен шығатын кезең үшін тексеру тағайындалған;

      соған сәйкес өкілеттіктері жоқ адамдарға бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тапсырылған;

      осы Кодекстің 147-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруге немесе профилактикалық бақылауға және қадағалауға алынған бірнеше бақылау және қадағалау субъектілеріне бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылауды және қадағалауды бір актіде көрсеткен;

      бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау мерзімдері осы Кодексте белгіленген мерзімнен артық ұзартылған;

      осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда, жол бермеуге;

      2) егер мәліметтер жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау нысанасына жатпайтын болса, сондай-ақ актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, ондай мәліметтерді ұсынбауға;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымға және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңда негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;

      5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ ол лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі жасамастан, аудио- және видеотехника құралдарының көмегімен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізетін, лауазымды адамның жекелеген әрекеттерін тіркеуге;

      6) үшінші тұлғаларды өзінің мүдделері мен құқықтарын ұсыну, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруге немесе профилактикалық бақылауға және қадағалауға қатысуға тартуға құқылы.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектілері немесе олардың уәкілетті өкілдері, бақылау және қадағалау органдары:

      1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және орынжайларына кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге;

      2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге және бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымға қоса тіркеу үшін табыс етуге, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау міндеттеріне және нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні екінші данасында алғаны туралы белгі жасауға;

      4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау аяқталған күні жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні және бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды екінші данасында алғаны туралы белгі жасауға;

      5) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      6) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес әсер етудің зиянды және қауіпті өндірістік факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      7) хабарламаны алған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған мерзімдерде бақылау және қадағалау объектісінің орналасқан жерінде болуға міндетті.";

      48) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерудің және профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығы

      1. Егер бақылау және қадағалау органы жүргізген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодексте белгіленген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жарамсыз деп танылады.

      Жарамсыз деп танылған тексеру актісі мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуының дәлелі болып табылмайды.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың осы тексеру актісінің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның күшін жою үшін негіз болып табылады.

      Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісінің тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою туралы және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың жарамсыздығымен байланысты бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның күшін жою туралы өтінішті қарауы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы бақылау және қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.

      2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылықтарға:

      1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) хабарламаның болмауы, сол сияқты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу туралы хабарламаның мерзімдерін сақтамау;

      4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;

      5) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген ерекше тәртіп бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің кезеңділігін бұзу;

      6) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;

      7) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауы;

      8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеу міндетті болған жағдайда, оны тіркемей бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу;

      9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің мерзімдерін бұзу;

      10) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулердің нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар болмаған кезде, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу жатады.";

      49) 169-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгiленген тыйымдар, егер нарық субъектісінің (субъектiлерiнiң) қаралып отырған тауар нарықтарының біріндегі үлесi жиырма пайыздан аспаса не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары болып табылатын тауарларды және сауда-саттықты сатып алу, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылас келiсiмдерге қолданылмайды.";

      50) мынадай мазмұндағы 169-1-баппен толықтырылсын:

      "169-1-бап. Тауар сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу кезінде бәсекені қорғау туралы талаптар

      1. Сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастырушыларға сатып алуды жеткізушілердің және сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруге тыйым салынады.

      2. Тауар сатып алуды ұйымдастырушылар деп:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер;

      2) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқару холдингіне, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;

      3) жер қойнауын пайдаланушылар;

      4) табиғи монополиялар субъектілері түсініледі.

      3. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар деп өз мұқтажы және (немесе) өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілерінің мұқтажы үшін меншікті мүлкін өткізу (немесе) тауарларды сатып алу үшін сауда-саттық жүйесін пайдалана отырып, сауда-саттықты ұйымдық және техникалық тұрғыдан қамтамасыз ететін тұлғаларды қоспағанда, сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей сауда-саттық жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық тұрғыдан қамтамасыз ететін тұлғалар түсініледі;

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сатып алуды ұйымдастырушыларға:

      1) мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлесiнiң) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;

      2) тиісті тауар нарығында сауда жүйелері арқылы тауарлар сату жүзеге асырылатын тұлғалар жатады.

      4. Сатып алуды ұйымдастырушылар, электрондық форматта өткізілетін сатып алуды қоспағанда, монополияға қарсы органға:

      1) жыл сайынғы сатып алу жоспарын тиісті электрондық порталға орналастыру жағдайын қоспағанда, бекітілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей осындай жоспарды;

      2) есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша жүргізілген сатып алу туралы ақпаратты ұсынады.

      5. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын монополияға қарсы органға жүргізілген сауда-саттық туралы ақпаратты ұсынады.

      6. Электрондық форматта жүргізілетін тауар сатып алу мен сауда-саттық операторлары монополияға қарсы органның талабы бойынша:

      1) тауар сатып алу мен сауда-саттық жүргізу мониторингін нақты уақыт режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық тауар сатып алудың немесе сауда-саттықтың ақпараттық жүйесіне;

      2) сатып алу мен сауда-саттықты жүзеге асыру процесіне қатысты құжаттамаға және өзге де ақпаратқа тұрақты қолжетімділікті ұсынады.";

      51) 171-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "171-бап. Нарық субъектілері келісімдерінің жобасын алдын-ала қарау

      1. Осы Кодекстің 169-бабына сәйкес жол беріледі деп танылуы мүмкін келісімдерге қол жеткізуге ниет білдірген нарық субъектілері қажетті құжаттарды электрондық нысанда қоса бере отырып, келісім жобасының осы Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен монополияға қарсы органға жүгінуге құқылы.

      2. Монополияға қарсы орган өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде осы баптың 1-тармағында көрсетілген нарық субъектілерінің келісімдері жобасының осы Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдайды.";

      52) 174-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын түрлі шығындарға, сату көлемі, төлеу шарттары, шарттың қолданылу мерзімдері ескерілетін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушіліксіз қолданылуына байланысты әртүрлі бағалар қолданылатын жағдайларды қоспағанда, нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақталған себептерсіз әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;";

      53) 175-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тауар биржасындағы және электрондық сауда алаңдарындағы сауда-саттық барысында қалыптасқан бағасы, егер мұндай баға осы Кодексте шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде белгіленбеген болса, монополияға қарсы орган бекітетін тәртіппен монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайды.

      Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) бағаны орнату фактісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзушылықтарына іс тергеу арқылы жүзеге асырылады.";

      54) 196-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыруды.";

      55) 199-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "199-бап. Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама

      "1. Осы Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, жозықсыз бәсекелестік, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері, осы Кодекстің 169-бабының 1-тармағында көрсетілген нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерінің белгілері, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің (әрекетсіздігінің), келісімдерінің белгілері болғанда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен, нарық субъектісіне, мемлекеттік, жергілікті атқару органына, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымға олардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама монополияға қарсы органға көрсетілген белгілердің болуы туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.

      Хабарламаны беру тәртібін және оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді.";

      56) 200-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "200-бап. Экономикалық шоғырлану

      1. Монополиялық жағдайдың туындауын және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына монополияға қарсы органның алдын ала келісімі не осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер (әрекеттер) туралы хабарламасы қажет.";

      57) 201-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "201-бап. Экономикалық шоғырлануды реттеу";

      58) 218-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екенін көрсететін нақты деректер болған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) объектінің немесе тергеп-тексеру объектілерінің атауы;";

      59) 221-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезінде:

      1) тергеп-тексеру объектісінің аумағына және орынжайларына кедергісіз кіруге;

      2) тергеп-тексеру объектісінің автоматтандырылған дерекқорына (ақпараттық жүйелеріне) және өзге де электрондық жеткізгіштерге қол жеткізуге;

      3) тергеп-тексеру объектісінің қызметкерлерінен тергеп-тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрдегі түсіндірмелерді монополияға қарсы орган белгілеген мерзім ішінде сұратуға;

      4) тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мамандарын және басқа да адамдарды сарапшы ретінде тартуға;

      5) тергеп-тексеру объектісінің орынжайы мен аумағында орналасқан заттарды, электрондық және қағаз құжаттарды және басқа да ақпарат жеткізгіштерді қарап-тексеруге;

      6) тергеп-тексеру объектісінің дерекқорынан (ақпараттық жүйелерінен) және өзге де электрондық жеткізгіштерден құжаттардың, ақпараттың көшірмелерін түсіріп алуға;

      7) мыналарға:

      тергеп-тексеру объектісі қызметкерлерінің және тергеп-тексеру объектісінің аумағындағы өзге де адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне);

      тергеп-тексеру объектісінің орынжайлары мен аумақтарына;

      тергеп-тексеру объектісінің орынжайындағы немесе аумағындағы мүлікке аудио-, фото- және бейнетіркеу жүргізуге;

      8) сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеуге құқығы бар.

      Сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеу тәртібі осы Кодекстің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының осы бапта көзделген барлық құқықтары жергілікті уақыт бойынша сағат
9.00-18.00 аралығында және тергеп-тексеру нысанасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының өкілеттіктерін іске асыру негізгі уақыттан тыс кезде (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.";

      60) 226-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) нарық субъектілеріне:

      осы Кодекс нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;

      бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

      осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

      экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыру кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттілігі туралы орындалуы міндетті ұйғарымды беруге;";

      61) 246-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) қосалқы келісімшарт жасасу орталығы болып табылады.

      Қосалқы келісімшарт жасасу деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіп кәсіпорындары қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсингтің бір нысаны түсініледі.".

      12. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI,  114-құжат; 2016 ж., № 7-II,  55-құжат, № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2,  3-құжат; № 4,  7-құжат; № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 148-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Соттарға электрондық құжат нысанында құжаттарды беру, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу тәртібін соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.";

      2) 202-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Бейнеконференц-байланыс құралдарын қолдану тәртібін соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.".

      13. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы
3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 197 және 199-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      2) 17-баптың 6) және 10) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 191-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      4) 193-баптың 2), 8) және 14) тармақшалары алып тасталсын;

      5) 197 және 199-баптар алып тасталсын;

      6) 200-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаты беріледі, ол Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімдерін қалыптастыру кезінде ескеріледі.".

      14. "Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., №9, 18-құжат):

      1) 20-1-бапта:

      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      2) 42-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарих және мәдениет ескерткiшіне немесе оның қорғау аймағына зиян келтiрген жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiшін немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкiн болмаған кезде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.".

      15. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат; 2017ж., №9, 17-құжат; 22-құжат, №11, 29-құжат):

      1) тақырыбы және 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Көлiк жүктері мен объектiлерін күзету;

      Темір жол, әуе көлігіндегі жүктер мен көлік объектiлерін күзетудi әскерилендiрiлген күзет қызметтерi жүзеге асырады.

      Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмшелері атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.

      Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктерін күзетудi Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнаулы бөлiмшелерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнаулы қызметтерi жүзеге асырады.";

      3) 24-1-баптың 9-тармағы алып тасталсын.

      16. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11- 12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-бапта:

      9) тармақша алып тасталсын;

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) қаржы ұйымдарының (айырықша қызметі банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      2) 15-баптың екінші бөлігінің 54) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 62-5-баптың 7) және 16) тармақшалары алып тасталсын.

      17. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат;
2016 жылғы 20 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      3-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестіктер түрлерінің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер өзге де заңнамалық актілермен реттелуі мүмкін. Аталған қоғамдық бірлестіктердің өзге де заңнамалық актілермен реттелмеген қызметі осы Заңмен реттеледі.".

      18. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      48-1-бап алып тасталсын.

      19. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8,  84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1,  2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128,
129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат;
№ 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2 құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат, №11, 29-құжат):

      1) 26-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жалға алушы тұрғын үй-жайға уақытша тұрғындарды олармен жалдау шартын жасаспай-ақ тұрғызуға құқылы. Уақытша тұрғындардың тұру шарттарын жалға алушы белгілейді. Уақытша тұрғындар кез келген уақытта жалға алушының талап етуі бойынша, басқа тұрғын үй–жай берілместен кемінде жеті жұмыс күні бұрын ескерте отырып шығарылуға тиіс.";

      2) 41-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-1-бап. Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау

      Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясының (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

      Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      3) 41-2-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын.

      20. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат;
№ 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13 құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., №9, 18-құжат):

      1) 25-2-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 25-4 бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-4-бап. Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

      Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      21. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10,
48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат, 2017 ж., №4, 7-құжат):

      31-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

      22. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат, 2017ж., №4, 7-құжат):

      1) 43-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аудит жүргізу ол үшін осы Заңның 59-бабына сәйкес міндетті болып табылатын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау;";

      2) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің атқарушы органының айрықша құзыретіне осы Заңның 43-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысында айқындалған, осы серiктестiктің жылдық қаржылық есептілігінің аудиті үшін аудиторлық ұйымның көрсетілетін қызметтеріне төлем мөлшерін айқындау жөніндегі мәселе жатады.";

      3) 59-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті серiктестiктің есебінен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын, серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізуді бақылауды жүзеге асырады және серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы мәселені шығарады.".

      23. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат.; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      10-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кепіл ұстаушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді кепіл беруші орындаған соң осы міндеттеме орындалғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға жібереді.".

      24. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9,15-құжаттар, № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9,
46-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар; 2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 32) және 33) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, табиғи монополиялар субъектілерін желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтер көрсету және квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары қызметтерін көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, табиғи монополиялар субъектілерін желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтер көрсетуге, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары қызметтерін көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметтерді алушыларға "бір терезе" қағидатымен беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету және жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      33) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары көрсететін қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.";

      2) 5-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы "тануға тыйым салынады." деген сөздер "тануға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік үшін төлемақы талап етуге;

      12) тұтынушылардан осы Заңның 7-бабының 24) тармақшасында көзделген ақпаратты ұсынғаны үшін төлемақы алуға;

      13) тұтынушылардан қосымша материалдарды, ақпаратты сұратуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген қосымша талаптарды қоюға;

      14) олар үшін табиғи монополия субъектісі немесе оның үлестес тұлғалары табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қосу үшін техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жүргізетін тұтынушыларға басымдықтар беруге;

      15) жұмыстарды техникалық шарттарға сәйкес жүзеге асыратын нарық субъектілерінің қызметін шектеуге тыйым салынады.";

      3) 7-баптың бірінші бөлігінің 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және өзге де заңмен қорғалатын құпияға қатысты мәліметтерді қоспағанда, бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, желілердің өткізу қабілеттерінің, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) инженерлік коммуникациялары схемасының бар екендігі туралы жаңартылатын ақпаратты тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;";

      4) мынадай мазмұндағы 7-5-баппен толықтырылсын:

      "7-5-бап Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қосуға арналған техникалық шарттар

      1. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу мынадай:

      1) техникалық шарттарды беру туралы өтініш беру;

      2) табиғи монополия субъектісінің ұсынылатын құжаттардың толықтығын қарау;

      3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беру туралы тұтынушының өтінішін қарау;

      4) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беру;

      5) жұмысқа өтініш берушінің техникалық шарттарға сәйкес жұмыс жүргізу;

      6) көрсетілетін қызметке қосылу кезеңдерінен тұрады.

      2. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосуға өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосуға өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен тұтынушыданқызметтерді көрсету ақысы алынады.

      3. Техникалық шарттарды беруге арналған өтініште:

      1) заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      2) өтініш берушінің мекенжайы;

      3) көрсетілетін қызметке қосу орны;

      4) көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемі;

      5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

      6) өзге мәліметтер көрсетіледі.

      4. Техникалық шарттарды беру туралы өтініш нысаны және өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі уәкілетті органмен табиғи монополиялар саласында реттелетін көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізу құқықтарын ұсыну тәртібіне сәйкес белгіленеді.

      5. Тұтынушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда техникалық шарттарды беру туралы өтініш табиғи монополия субъектісімен 2 жұмыс күннің ішінде қайтарылады.

      6. Өтінішті қабылдаған жағдайда техникалық шарттарды беру туралы өтінішті табиғи монополиялар субъектісі 5 жұмыс күннің ішінде қарайды, оның қорытындылары бойынша келесі шешімдердің бірі пайдаланады:

      1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттар беру;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тарту.

      7. Мынадай жағдайларда:

      1) талап етілетін көрсетілетін қызмет көлемін ұсынуға қажетті бос техникалық қуаттың болмауы;

      2) көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті желілердің немесе өзге мүліктің болмауы кезінде техникалық шарттарды беруден бас тартуға жол беріледі.

      8. Техникалық шартарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтің бос техникалық қуатының тапшылығын есепткумен немесе қызметті көрсетуге қажетті өзге мүліктің не желілердің болмауы туралы уәжделген ынталандыруды ұсынады;

      2) бас тартумен бірге техникалық шартарды беруден бас тарту шешімінің көшірмесін, уәжделген негіздемені және бас тарту негізділігін растайтын ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      9. Уәкілетті орган техникалық шарттарды беруден бас тартуды алумен байланысты:

      1) 7 жұмыс күннен кешікітірмей өтініш берушіге техникалық шарттарды беруден бас тарту негізділігін растау немесе табиғи монополия субъектісінің қызметіне тексеруді бастау үшін уәкілетті органға шағым беру қажеттілігі туралы хат жібереді;

      2) табиғи монополия субъектісінің талап етілетін көрсетілетін қызмет көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуаттың немесе желілердің не өзге мүліктің болмауы фактісі анықталған жағдайда табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны орындау қорытындылары бойынша қызметке қосылу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін өзгерісіне бастамашылық етеді.

      10. Көрсетілетін қызметке қол жеткізуді ұсынған кезде табиғи монополия субъектісіне:

      1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін ақы алуға;

      2) реттелетін көрсетілетін қызметті көрсетуге жатпайтын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттарын және өзге құжаттарын ұсынуын талап етуге;

      3) өтініш берушіге көрсетілетін қызметке қосылған кеде қол жеткізудің техникалық шарттарын сақтаудан басқа өзге талаптар қоюға;

      4) көрсетілетін қызметтерге тең емес қол жеткізу шарттарын жасауға;

      5) көрсетілетін қызметке қол жеткізудің техникалық шарттарына сәйкес жұмыс жасайтын нарық субъектілерінің қызметін шектеуге;

      6) техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жобасын келісуді талап етуге тыйым салынады.

      11. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталуы туралы хабарламасын алған күннен бастап 2 жұмыс күннің ішінде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексереді. Орындалған жұмыстардың техникалық шарттарға сәйкес келуі кезінде табиғи монополиялар субъектісінің қызметіне қосылу 1 жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылады.

      12. Орындалған жұмыстардың техникалық шарттарға сәйкес келмеуі кезінде табиғи монополия субъектісі 1 жұмыс күннің ішінде техникалық шарттардың айқындалған бұзушылықтарын көрсете отырып қызметке қосудан бас тартады және бұл туралы өтініш берушіге сәйкессіздік анықталған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      13. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді талап ететін құрылыс объектілері үшін табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беру өтініші сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық үлгіде келіп түседі, олар жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қажетті бастапқы деректерді қалыптастырады.

      14. Табиғи монополия субъектілері сәулет және қала құрылыс органдарының өтінімі бойынша техникалық шарттарды электрондық үлгіде:

      1) техникалық күрделі емес объектілер үшін – 2 жұмыс күннің ішінде;

      2) техникалық күрделі объектілер үшін – 5 жұмыс күннің ішінде жүзеге асырады.

      15. Техникалық шарттар жобалау мен құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі.";

      5) 14-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-3) өзінің интернет-ресурсында осы Заңның 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісімен ұсынылатын желілердің бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылығы, орындары, өткізілімділігі туралы тоқсан сайын жаңартылатын ақпаратты, сондай-ақ реттелетін коммуналдық көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) инженерлік коммуникациялар желілерінің схемаларын орналастыру;";

      6) 18-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-5-бап. Табиғи монополиялар саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

      Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      25. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-II, 145-құжат; 2015 жылғы 20 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      16-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      3-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;".

      26. "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      27. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ,
130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат, 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      18-1-бап алып тасталсын.

      28. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат;
2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21,122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1-бап. Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау

      Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      29. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 13, 65-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., 2016 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) фитосанитариялық зертханалары бар өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын;";

      3) 7-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.";

      4) 9-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау

      1. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      5) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалауды уәкілетті орган ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық құрылымдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай:

      1) ақпараттық жүйелердегі;

      2) басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларындағы;

      3) өсімдіктердің карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келген;

      4) ашық дереккөздердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.

      Бармай профилактикалық бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметі карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу, әкету, өндіру, дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің іс-әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кеш емес мерзімде ұсыным жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, ол ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ұсыным қолы қойылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеу күнінен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен пошта жіберілімін алғаны туралы хабарланған күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде табыс етілген күннен кейінгі күні орындалуы қажет.

      Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға әкеп соғады.

      Бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау және қадағалаудың жиілігі деректер мен ақпараттың түсуіне қарай айқындалады.".

      30. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9,
18-құжат):

      4-5-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазба қызметі және мерзімді немесе интернет-ресурсты қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты үздіксіз жария таратудың өзге нысаны болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектілері бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және оған жол бермеу, бақылау субъектілеріне уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында көзделген тәртіпте жүргізіледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде ұсыным жіберіледі.

      Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлаған күннен бастап;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсынымды жолдаған уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылауды тағайындауға әкеп соғады.

      Субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі бір реттен артық емес жүргізіледі.".

      31. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат.; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1,
2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік метрологиялық бақылау − уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің осы Заңның және өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын бақылау жөнiндегi қызметi;";

      2) 5-баптың 2-тармағының 16) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 16-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      4) 22-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау

      "24-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау:

      1) өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды;

      2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын бақылауды қамтиды.

      2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      3. Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган метрологиялық бақылау субъектісіне бармай, метрологиялық бақылау субъектісі қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оған жол бермеу, метрологиялық бақылау субъектісіне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және метрологиялық бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар деректерді:

      1) ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты;

      2) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін;

      3) метрологиялық бақылау субъектісінің қызметі жөніндегі әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша метрологиялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтардың сипаты қоса берілген хабарлама бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.

      9. Хабарлама қол қойдырылып немесе жіберу мен алу фактісін растайтын басқа да тәсілмен метрологиялық бақылау субъектісіне жеке табыс етілуі тиіс.

      Бұл ретте, төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама метрологиялық бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – хабарламада алу туралы метрологиялық бақылау субъектісін белгілеген күннен бастап;

      2) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган метрологиялық бақылау субъектісін аккредиттеу органында тіркеу (қайта тіркеу) кезінде өтініште көрсетілген метрологиялық бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны метрологиялық бақылау субъектісі орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі сұрау салудың өзінде көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, оны табыс етілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде орындауы тиіс.

      11. Метрологиялық бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген уәкілетті органға хабарлама табыс етілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      12. Уәкілетті орган метрологиялық бақылау субъектісі берген хабарламаны орындау туралы есепке талдау жүргізеді және бақылау (қадағалау) субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау және (немесе) растамау туралы қорытынды жасайды.

      Осы тармақта көрсетілген қорытындылар метрологиялық бақылау субъектісі хабарламаның орындалуы туралы есепті берген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалады.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау метрологиялық бақылау субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындауға әкеп соғады.";

      6) 27-бап алып тасталсын;

      7) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

      1) тексерудің тағайындалуы туралы актіні және қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау үшiн айқындалған объектiлерге кедергiсiз кiруге;

      2) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтерге сұрау салуға және оларды алуға;

      3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;

      4) сынаудан және түрiн бекiтуден, тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;

      5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi өтіп кеткен болса, тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;

      6) өлшем құралдарын оның өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн:

      инспекциялық тексеру құнын бюджеттік қаражат есебіне жатқызып;

      инспекциялық тексеру жүргізу шығыстарын бұзушылық фактісі сараптамасының нәтижелері расталған жағдайда тексерілетін тұлғалар есебінен өтей отырып инспекциялық тексеруді жүргiзуге;

      7) өлшемді орындау әдістемелерін қолданудың дұрыстығына тексеру жүргізуге;

      8) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi ұйғарымдар беруге;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.".

      32. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Лизинг алушы таратылған немесе банкрот болған кезде, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер лизинг бағасы төленбесе, лизинг нысанасы лизинг берушiге қайтарылуға тиiс.

      Лизинг алушы банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лизинг нысанасы мүліктік массаға енгiзiлмейдi.

      Лизинг нысанасына тыйым салуға және оны тәркiлеуге жол берiлмейдi.".

      33. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат, 2017 ж., 2017 жылғы 14 шілдеде
№ 133 "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 17-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген жалпы негіздерден басқа, күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның күші:

      1) жалғыз құрылтайшының талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) жалғыз құрылтайшының және/немесе заңды тұлғаның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмағанда;

      3) жалғыз құрылтайшыны іздеу жарияланған жағдайларда тоқтатыла тұрады.

      Лицензияны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған кезде оның қолданысы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қайта жаңартылады.

      Күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру (қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, күзет қызметін алдын ала тоқтаусыз жүзеге асыруға арналған лицензия күшінің тоқтатылуы:

      1) жалғыз құрылтайшы соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;

      2) жалғыз құрылтайшының Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

      3) жалғыз құрылтайшыға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      4) жалғыз құрылтайшыға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырылады.";

      2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Мемлекеттік бақылау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметіне, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері күзет қызметінің субъектілеріне (объектілеріне), мамандандырылған оқу орталықтарына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бармай, олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және оған жол бермеу, күзет қызметінің субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталығына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге уәкілетті орган ведомствосы және (немесе) оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері бақылау (субъектілеріне) объектілеріне бармайтын профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      5 Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінде бар деректерді:

      1) осы Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты;

      2) сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді;

      3) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда күзет қызметі субъектісіне, мамандандырылған оқу орталығына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектіге бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде ұсыным жіберіледі.

      7. Ұсыным күзет қызметі субъектісіне, мамандандырылған оқу орталығына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектіге жеке қол қойдырылып немесе жіберу мен алу фактісін растайтын басқа да тәсілмен табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) пошта арқылы – тапсырыс хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлаған күнінен бастап;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері күзет қызметі субъектісінің, мамандандырылған оқу орталығының, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері сұрау салған кезде хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде орындалуы тиіс.

      9. Күзет қызметінің субъектісі, мамандандырылған оқу орталығы, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъект ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсынымды жіберген уәкілетті органға, уәкілетті орган ведомствосына және оның аумақтық құрылымдық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      11. Күзет қызметі субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталықтарына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге қатысты бармай профилактикалық бақылау жылына кемінде бір рет жүргізіледі.".

      34. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж, № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 8 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Бағалаушылар палаталарының қызметін бақылау

      Уәкілетті орган осы Заңның талаптарын бағалаушылар палаталарының орындауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.".

      35. "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 385-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2011 ж., № 21, 173-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):

      16-баптың 4-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;".

      36. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II,
55-құжат, 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      11-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, оның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар, егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мүшелерi (қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал көрсетілген бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қоғамдық бірлестік қызметін "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде жүзеге асыра алады.".

      37. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003ж., № 19-20, 148-құжат; 2004ж., № 23, 142-құжат; 2006ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007ж, № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008ж., № 13-14,
58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011ж., № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж, № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат;
№ 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 жылғы 22 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-бапта:

      7) тармақша алып тасталсын;

      32-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-4) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 32-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "32-5) астық қолхаттары тіркеушісін анықтау бойынша ашық конкурс жариялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      3) 6-1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;";

      4) 6-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-3-бап. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау

      Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      5) 12-1 және 21-баптар алып тасталсын;

      6) 33-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-1-бап. Нан қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру

      1. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру уәкілетті органмен дербес не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізіледі.

      2. Астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеру жүргізуде уәкілетті органға жәрдемдесуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Уәкілетті органның қызметкерлеріне астық қабылдау кәсіпорнының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруіне тыйым салынады.

      4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астық қабылдау кәсіпорынының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.";

      7) 33-2-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақ алып тасталсын.

      38. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 15-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      2) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-1-бап. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау

      Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      39. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-3) бірыңғай сәулеттік стиль − құрылыста пайдаланылатын, құрылыс салынатын белгілі бір ауданға тән бірыңғай белгілер жиынтығы. Негізгі өлшемшарттары сәулеттік стиль, түр-түсі бойынша шешім, қабаттылығы, әрлеу материалдары болып табылады. Жеке құрылыс салу ауданы үшін сәулеттік стиль, түр-түсі бойынша шешім, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршау, жабын түрі мен учаске аумағында шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы негізгі өлшемшарттар болып табылады.";

      2) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған және анықталған бұзушылықтар сараптама жүргізу мерзімінде жойылмаған жағдайда, жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйымдарды жауапкершілікке тарту үшін негіз теріс сараптама қорытындысы болып табылады.

      Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей ықпал ететін бұзушылықтар анықталған кезде, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";

      3) 20-баптың 22-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-2) объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік реттеу және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әзірлеу және бекіту;";

      4) мынадай мазмұндағы 31-2-баппен толықтырылсын:

      "31-2-бап. Құрылыс объектісіне барып профилактикалық бақылау және қадағалау

      1. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асыратын құрылыс объектісіне барып, профилактикалық бақылау және қадағалау ескерту-профилактикалық сипатқа ие.

      2. Құрылыс объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес жүргізіледі.

      3. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар басымдықты ескере отырып, құрылыс объектісіне барып, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге құқылы. Басымдық мынадай тәртіппен белгіленеді:

      1) өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар;

      2) арнайы жасанды микроклимат құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін әкімшілік республикалық басқару органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар музейлердің, мемлекеттік архивтердің ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты объектілер;

      3) әлеуметтік маңызы бар объектілер (мектептер, бала бақшалар, ауруханалар, емханалар, мәдени маңызы бар объектілер және т.б.);

      4) тұрғын-үй объектілері;

      5) көліктік инфрақұрылым объектілері;

      6) сумен жабдықтау және су бұру объектілері;

      7) басқа ғимараттар мен құрылыстар.

      Бұл ретте бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын және квазимемлекеттік сектордың объектілеріне басқа тең жағдайларда басым тәртіппен барады.

      Салынып жатқан объектіде авариялық жағдай туындаған жағдайда сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы объектіде басым тәртіппен болады.

      4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаусыз, бұзушылықты жою туралы ұйғарым жасалады.

      Бұл ретте тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде белгіленген өрескел бұзушылықтар болған кезде, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.";

      5) 33-бапта:

      4-тармақтың 3) және 4) тармақшалары және 5-1-тармақшасы алып тасталсын;

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық тұрғыдан күрделі емес құрылыстар салу;";

      6) 34-баптың 2-3-тармағының 5) тармақшасындағы "хабарлауға міндетті." деген сөздер "хабарлауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) іс жүзінде өлшеулер жүргізе отырып, пайдалануға енгізуді қабылдау актісіне қосымшаны толтыруға міндетті.";

      7) 34-2-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде объектінің орналасқан жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісін объектінің техникалық сипаттамаларын, сәйкестік туралы декларацияны және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен олардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны қоса бере отырып, жіберуге;";

      8) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:

      "47-1- бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары

      1. Елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерінде қала құрылысын игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) елді мекеннің белгіленген тәртіпте бекітілген бас жоспары негізінде әзірленеді.

      2. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары қалалар мен ауылдық елді мекендердің бас жоспарларында белгіленген жоспарлау құрылымының элементтеріне, қала құрылысы регламенттеріне, елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерінің біріңғай сәулет стилінің тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді.

      3. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы – қаланың немесе ауылдық елді мекеннің жекелеген бөліктері мен функционалдық аймақтары үшін әзірленетін қала құрылысы құжаттамасы.

      Халық саны 20 мың адамға дейінгі шағын қала немесе ауылдық елді мекеннің аумағы үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бас жоспармен қатар әзірленеді.

      4. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында:

      1) функционалдық-қала құрылысын аймақтарға бөлудің айқындамасы бар аумақтың жоспарлау ұйымының негізгі бағыттары;

      2) қызыл, сары сызықтар мен құрылыс салуды реттейтін сызықтарды;

      3) халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру, көше-жол желілерін және көліктік қызмет көрсетуді, инженерлік коммуникацияларды трассалауды ұйымдастыру үшін аумақты резервтеу;

      4) көшенің көлденең қималары;

      5) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;

      6) қала құрылысының жария шектеулері;

      7) инженерлік коммуникация жоспары;

      8) жол инфрақұрылымын дамыту жоспары;

      9) елді мекен бөлігінінің бірыңғай сәулеттік стилінің тұжырымдамасы және өзге де талаптар белгіленеді.

      5. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы елді мекеннен тыс жерде орналасқан аумақта да әзірленуі мүмкін.

      6. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы оны толық іске асырғанға дейін қолданылады және бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттілігіне негізделген жағдайларды қоспағанда, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жатпайды.";

      9) 60-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұрғын үйлерді салуды; ";

      10) 64-1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиясы бар тұлғалар орындаған жеке тұрғын үйлер;";

      11) 68-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Объектіні салуды жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімін алуға міндетті. Тапсырыс берушіде жерге тиісті құқығы және егжей-тегжейлі жоспарлаудың бекітілген жобасына сәйкес функционалдық аймағы болса, онда объектіні салу үшін ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарынан шешім алу талап етілмейді.

      Объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті құқық (жер пайдалану не жеке меншік құқығы) берілген жерлерде ғана жол беріледі.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген және ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен сыртқы инженерлерлік желілер мен құрылыстардың жобалары инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілермен және жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен қосымша келісуге жатпайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары жерге тиісті құқық беру туралы шешiм негiзiнде тапсырыс берушіге инженерлiк қамтамасыз ету мен коммуналдық қызмет көрсету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттар мен объектіні салудың сәулет тұжырымдамасымен сәулет-жоспарлау тапсырмасын бередi.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте техникалық тұрғыдан күрделi емес объектiлердi энергиямен жабдықтау желiлерiне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудiң басталғаны туралы жобалаушы немесе электрмен жабдықтау желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым хабарлауға құқылы.";

      12) 73-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілуі тиіс.

      Қабылдау актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді. Пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оны бекіткен күн және объектіні пайдалануға енгізген күн болып есептеледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрамды бөліктерін идентификаттаудың және техникалық мәліметтерінің құқықтық кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.";

      14) 74-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      15) 75-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларацияның, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырушы тұлғалармен бірге атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақтылымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және оны тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға (объектінің пайдалануға қабылдауға дайын болуына соңғы тексеру жүргізуге) міндетті.".

      40. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат, 2017 ж., №11, 29-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 88-2 мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау"

      1. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      2) мынадай мазмұндағы 88-6-баппен толықтырылсын:

      "88-6-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай талдаудың және ақпараттық жүйелердің деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) ұлттық инфрақұрылым операторы;

      2) тасымалдаушылар;

      3) вагондар операторлары;

      4) локомотивтік тартқыш операторлары;

      5) тармақ иелері;

      6) қосалқы темір жол көлігінің қызметтері бақылау субъектілері болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және бақылау субъектісіне (объектісіне) әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау салдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

      2. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган ұсыным ресімдейді және ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.

      3. Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      5. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсынымды жолдаған уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен артық емес жүргізіледі.".

      41. Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 11, 29-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-бапта:

      3-тармақта:

      18), 34), 38), 44) тармақшалар алып тасталсын;

      55-26) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

      "55-26) палубалық шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау бойынша қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      2) 8-3-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын палубалық шағын көлемді кемелер палубалық шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      3) 39-баптың 2-тармағының 8) және 14) тармақшалары алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:

      "43-1-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу тәртібі

      1. Профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы талдаудың және ақпараттың жүйелер деректерінің, сондай-ақ басқа да мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.

      2. Кемелерді, порттарды, порттық құралдарды, жағалау объектілері мен теңіздегі құрылыстарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын кеме иелері, жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, тексеру субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау және қадағалау салдарларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

      5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай бақылау мен қадағалау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасалады.

      6. Ұйғарым қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      7. Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұйғарым мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұйғарымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұйғарымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұйғарымды жіберген уәкілетті органға ұйғарым табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды белгіленген мерзімде орындамау. бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің тоқсандық тізіміне енгізу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындауға әкеп соғады.

      11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жиілігі жылына бір реттен артық емес жүргізіледі.".

      42. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 3) және 3-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) заңды тұлғаларды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;";

      3-2) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;";

      2) 18-бапта:

      3) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;

      7) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк бақылау жүргізу:";

      3) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауардың шыққан жерінің атауының немесе фирмалық атауының пайдаланылуына мемлекеттік бақылау

      Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауардың шыққан жерінің атауының немесе фирмалық атауының пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      4) 23-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 24-баптың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкімдіктерде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыруға;";

      6) 24-2-бап алып тасталсын.

      43. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат;
2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      2) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау)

      1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай:

      1) ақпараттық жүйелерден;

      2) фитосанитариялық есепке алу мен есептілікпен;

      3) өсімдіктерді қорғаудың қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;

      4) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектілеріне мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органда бар деректерді және (немесе) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау ұйымдарынан, субъектілерінен, мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарынан түсетін деректерді талдау, салыстыру арқылы жүргізіледі.

      Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосы және (немесе) оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын жүзеге асырады.

      Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша оның іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган ұсыным ресімдейді және оны бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жолдайды.

      Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен табыс етілген болып саналады.

      Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына және (немесе) оның аумақтық құрылымдық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу арқылы мемлекеттік фитосанитариялық бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.";

      3) 19-5-бап алып тасталсын.

      44. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Параментінің Жаршысы 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 жылғы 31 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-баптың 23) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 14-бапта:

      1-1 және 1-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      1-2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-тармақтың 6-1) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 14-1-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру актісін жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды және қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай:

      1) ақпараттық жүйелерден;

      2) ветеринариялық есеп алу мен есептіліктен;

      3) басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларынан;

      4) ветеринария жүйесіне кіретін ұйымдардан түсетін;

      5) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.

      Бармай профилактикалық бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бақыланатын өнімдерді әкелу, әкету, өткізу, өндіру, дайындау, өңдеу, залалсыздандыру, сақтау, тасымалдау және сатумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың мақсаты бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілеріне профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды және қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын жүзеге асырады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектілерінің (объектілерінің) іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер ұсыным жасайды, ол бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Ұсынымдарда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсіндірмелер, орындау мерзімі көрсетіледі.

      Ұсыным қол қойдырылып немесе төменде тізілген тәсілдердің бірімен бақылау және қадағалау субъектісіне мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – алу туралы белгілеген күні;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен табыс етілген болып саналады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным табыс етілген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелерін ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен және оның аумақтық бөлімшелерімен арнайы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды және қадағалауды тіркеу журналында есепке алуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілген болуы тиіс.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тексеру актісі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленеді.".

      45. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 жылғы 22 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.

      3. Бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

      Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармасының органдары меншік, тіркеу нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, мінез-құлқы ауытқымалы және ерекше режимде ұсталатын балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдары, меншік нысанына қарамастан балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалыс, сауықтыру мен бос уақытын ұйымдастырылуына құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдары бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Республикалық жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың және отбасыға қабылдағысы келетін тұлғалардың деректер банкінде, бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесінде, уәкілетті органдар мен мемлекеттік органдардан мәліметтерін әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органмен ұсыным ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау субъектісіне жіберіледі.

      9. Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      11. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі бір реттен артық емес жүргізіледі.".

      46. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат, 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 жылғы 31 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 1-тармағының 31-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 9-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      47. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4,28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196 құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат, 2017 ж., №4, 7-құжат):

      1) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Жай акциялар бойынша дивиденттер

      1. Егер қоғамның жарғысында қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан, жарты жылдық немесе жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу көзделсе, осындай төлем қоғамның тиісті кезең үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен ғана жүзеге асырылады. Акционерлердің жалпы жиналысының жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі.

      Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.

      Қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

      2. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мына мәліметтер:

      1) қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және өзге де реквизиттері;

      2) дивидендтер төленетін кезең;

      3) бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;

      4) дивидендтерді төлеудің басталатын күні;

      5) дивидендтер төлеудің тәртібі мен нысаны;

      6) төлем агентінің атауы (болса) қамтылуы тиіс.

      3. Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысы жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап тоқсан күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.

      Эмитентте немесе бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есептеу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.";

      2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивиденттер

      1. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.

      Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.

      Дивидендтерді төлеу дивидендтерді алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейінгі күннен бастап тоқсан күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.

      Эмитентте немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу осы тармақтың үшінші бөлімінде көрсетілген мерзімде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуы тиіс.

      Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауға тиіс.

      Дивидендтер алу құқығы бар және қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер толық төленбейінше қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.

      2. Артықшылықты акция бойынша дивидендтің кепілдікті мөлшері оның мәні тұрақты және жалпы қолжетімді болған жағдайда, қандай да бір көрсеткішке қатысты белгіленген түрінде де, индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.

      3. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қоғам қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында осы Заңның 23-бабы 2-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында санамаланған мәліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшері туралы ақпаратты жариялауға міндетті.";

      3) 34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.";

      4) 36-баптың 1-тармағының 17-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1) нәтижесінде елу және одан да көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны акционерлік қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алыуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы;";

      5) 53-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Заңның 18-бабының 1-тармағының екінші және үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жарияланған акциялар саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялар саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;".

      48. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж, № 14, 102-құжат; 2006 ж, № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж, № 8, 52-құжат; 2008 ж, № 6-7, 27-құжат; 2009 ж, № 17, 81-құжат;
№ 24, 134-құжат; 2010 ж, № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж, № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж, № 16, 83-құжат; 2014 ж, № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, 2015 ж., №8, 45-құжат):

      6-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әуе көлігін пайдалануға қатысты көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган;"

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарына жүктеледі.".

      49. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушы - жеке немесе заңды тұлға (дара кәсіпкер);".

      50. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2,
1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат, 2017 ж., № 9, 17-құжат):

      1) 19-2-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      2) 19-7-баптың бірінші бөлігінде:

      5) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) автокөлiк құралы жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы бөлігінде халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестiгiн бақылау;";

      10-1), 12), 13) тармақшалар алып тасталсын;

      3) мынадай мазмұндағы 19-17-баппен толықтырылсын:

      "19-17-бап. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган тексеру субъектісіне (объектісіне) бармай талдаудың және ақпараттық жүйелер деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.

      2. Бақылау субъектілері:

      1) такси тасымалдаушылары және ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтері;

      2) автовокзал, автостанция және жолаушыларға қызмет көрсету бекеттері;

      3) жолаушылар мен жүк тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобиль тасымалдаушылары;

      4) жүк жөнелтуші және (немесе) жүк алушы ретінде әрекет ететін тұлғалар;

      5) қауіпті жүк тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобиль тасымалдаушылары;

      6) ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобиль тасымалдаушылары;

      7) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын автомобиль тасымалдаушылары;

      8) тез бұзылатын жүктерді тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді беретін автомобиль тасымалдаушылары;

      9) техникалық қарап тексеру операторлары;

      10) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      11) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар болып табылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды бақылау субъектісіне (объектісіне) өз бетінше жою құқығын беру және тексеру субъектісіне (объектісіне) әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      4. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша бақылау субъектісіне міндетті түрде анықталған бұзушылықтарды жою тәртібін түсіндірумен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасалады.

      6. Ұйғарым қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      7. Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ңұсқама мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым табысталған күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      9. Бақылау субъектісі ұйғарымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұйғарымды жіберген уәкілетті органға ұйғарым табысталған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тоқсандық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі жылына бір реттен артық емес жүргізіледі.".

      51. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 21-22, 150-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат; № 20, 153-құжат; 2009 ж., № 2-3, 14-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013ж., № 14, 75-құжат):

      17-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мониторинг объектілері болып табылатын не меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектісі болып табылатын мүлік бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің:";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мониторинг объектілері болып табылатын не меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектісі болып табылатын мүлік бар шаруашылық жүргізуші субъектілер:".

      52. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      17-2-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарнама саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын.

      53. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14,75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бақылау және қадағалау органдары жүргiзетiн тексерулердiң және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау мен қадағалаудың есебiн жүргiзедi;";

      мынадай мазмұндағы 12-7) және 12-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-7) тексеруді және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне барып профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімін ұзарту туралы қосымша актінің, тексерудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне барып профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері туралы актінің, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      12-8) реттеуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;";

      2) 12-баптың 3-тармағының 19) және 20) тармақшалары алып тасталсын.

      54. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      5-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 12-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-7) сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      2-1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.

      55. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 жылғы 19 маусымдағы № 115 (28494) "Казахстанская правда" газетінде; 2017 жылғы 20 маусымда "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ-да жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) тауар – көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;";

      мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) электрондық сауда алаңы – электрондық сауданы жүзеге асыруға қажеттi және электрондық сауда процесiн автоматтандыруды, сондай-ақ ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді және ашуды қамтамасыз ететін есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылым, дерекқорлар, телекоммуникациялық құралдар және басқа да жабдық кешенi.";

      2) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау;";

      3) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауда уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      4) 29-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушының, қажет болған жағдайда:

      1) сатып алушылардың электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету шарттарын айқындауға;

      2) делдалдан электрондық сауда алаңында жүргізілген мәмілелердің қорытындысы жөніндегі ақпаратты орналастыруды талап етуге құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Электрондық сауда электрондық саудадағы делдал ұсынатын электрондық сауда алаңдарында сауда жасау арқылы жүзеге асырылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Электрондық саудадағы делдал:

      1) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;

      2) егер мұндай жағдайларды сатып алушы айқындаса, сатып алушының электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін орындауы үшін жағдайларды;

      3) сатушының талабы бойынша электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттықтың қорытындысы жөніндегі ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге;";

      5) 33-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      56. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж. № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат, № 24, 126-құжат):

      1) 2-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) арнаулы пошта байланысы – арнаулы жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, күзетуді, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын курьерлік пошта байланысының түрі;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) арнаулы жөнелтілімдер – мемлекеттік құпиялар не мемлекеттік органдардың таралуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрамбөліктері (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, жіберілімдер, метиздер;";

      2) 8-бапта:

      1-тармақта:

      8-2) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру;";

      2-тармақтың 2), 4), 8) және 9-6) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 18-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Радиожиілік ресурсын пайдалану құқығы байланыс қызметі ауқымдағы радиожиілікті пайдалана отырып радиожиілік спектрінің жеткіліксіз көлемімен көрсетілген жағдайда конкурстық негізде беріледі. Бұл ретте, байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға, конкурс (немесе аукцион) өткiзу қағидаларына сай келетiн заңды тұлғалар конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға жiберiледi.";

      4) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында белгілеген тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін әрбір пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық қызметтермен тегін жалғанымдарды тәулік бойы ұсынуды қамтамасыз етеді.";

      5) 22-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы пошта байланысы қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы пошта байланысы қызметтерін ұсынады.";

      6) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      7) 28-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi

      1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық құжаттамасына және рұқсаттарына, өлшемдеріне құжаттық бақылау жүргізу, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерiн бақылау-өлшеу аппаратурасы мен радиотехникалық бақылау құралдарының көмегiмен бақылау (аспаптық бақылау) арқылы жүзеге асырылады және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Радиожиілік спектрін пайдалану радиобақылау объектісі болып табылады.

      3. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер радиобақылау субъектілері болып табылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      5. Бақылау-өлшеу аппаратурасы және радиотехникалық бақылау құралдары деп әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісін тіркейтін, метрологиялық тексеруден өткен радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсінген жөн.

      6. Радиобақылауды уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерi уәкiлеттi органның басшысы не оны ауыстыратын адам бекiткен радиобақылаудың жоспар-кестесiне сәйкес жүргiзедi.

      Радиобақылаудың жоспар-кестелерiн аумақтық бөлiмшелер әрбiр тоқсанға жасайды.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің (объектісінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.

      8. Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жолдауға құқылы.

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

      12. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен артық емес жүргізіледі.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсат берілген, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғының жұмысында бөгеуiлдер туындаған жағдайда:

      1) бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық өлшемдерiнiң, оның iшiнде қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерiнiң нормалар мен стандарттарға сәйкестiгiне көз жеткiзуi қажет. Егер олар нормаларға сәйкес келмесе, радиоэлектрондық құралдардың иелерi сипаттамалардың нормаларға сәйкес келтiрiлуi жөнiнде шаралар қабылдауға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыруға тиiс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуiл туындаған кезде бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi уәкiлеттi органға жүгiнедi;

      2) уәкiлеттi орган бөгеуiлдердiң көздерiн және сипатын, олардың туындау себептерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою шараларын қабылдайды;

      3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың белгiленген өлшемдерiнiң және (немесе) жұмыс режимiнiң бұзылуы, олардың қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы қатар құрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың өзара әсерiне негiзделген интермодуляциялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда, уәкiлеттi орган бөгеуiлдердi жою жөнiнде нұсқама немесе ұсыным бередi;

      4) иелікке берілген жиiлiктердегi бөгеуiлдердi жою мүмкiн болмаған кезде уәкiлеттi орган радиожиiлiктердi жаңадан иелікке беруді жүргiзедi;

      5) әдейі жасалмаған, өнеркәсiптiк немесе технологиялық сипаттағы бөгеуiлдер болғанда уәкiлеттi орган бөгеуiл көзiн анықтау және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.

      14. Шет мемлекеттердiң байланыс әкiмшiлiктерiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуiлдерге наразылықтар келіп түскен кезде, уәкiлеттi орган халықаралық келiсiмге сәйкес осы наразылықтардың құқықтық негiзiн айқындайды, егер наразылықтар негiзделген болса, бөгеуiлдердiң себептерiн анықтайды және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.

      15. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға басқа да мемлекеттердiң аумағында орналасқан көздерден бөгеуiл жасалып отырған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық келiсiмге сәйкес бөгеуiлдердi жою жөнiнде шаралар қабылдайды.

      16. Радиобөгеуiлдер мен тиiстi рұқсаты жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың қолданысын анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды уәкiлеттi орган жүргiзедi.";

      8) 28-7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті орган радиобақылау жүргізу мақсатында қызметтік куәлігін көрсеткен кезде уәкілетті органның лауазымды адамдарының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;";

      9) 36-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін ұсынатын ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің байланыс операторлары анықтама қызметтерін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын жариялау мақсатында сұрау салу бойынша бір-біріне өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге рұқсат беруге құқылы. Ақпарат осы Заңның және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып беріледі.";

      10) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Байланыс қызметтерін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін ұсыну уақыты туралы ақпарат беру байланыс қызметтерін пайдаланушының орналасқан жері бойынша Астана уақыты бойынша жүргізіледі.".

      57. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат;
2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат):

      1) 18-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;";

      2) 23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы кредиттік бюролармен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда оларға ақпарат бередi.";

      3) 24-баптың 5-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кредиттiк бюроларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:".

      58. "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2,
3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж.,
№ 4, 7-құжат, № 9, 17-құжат):

      1) 1-бапта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кеме – ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде "өзен-теңiзде" жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар), сондай-ақ шағын көлемді кеме болып табылмайтын өзге кеме;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Кеме қатынасының тiркелiмi – кемелердi, палубалы шағын көлемді кемелерді жіктейтін және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) техникалық қадағалау - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу және iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексерудi қамтитын кемелердiң, палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметiнiң құрамдас бөлiгi;";

      мынадай мазмұндағы 46) тармақшамен толықтырылсын:

      "46) палубалы шағын көлемді кеме – бортқа, арақабырға мен тіреуіш бағандарға сүйенетін кеме корпусындағы төсем және жинақта тұмсығынан артқы бөлігіне дейін су өткізбейтін көлденең жабыны бар шағын көлемді кеме;";

      2) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      3) 9-бапта:

      1-тармақтың 26-28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-28) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      2-тармақтың 7) және 10) тармақшалары алып тасталсын;

      4) 15-4-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сыныптауға, техникалық қадағалауға және куәландыруға ішкі суларда жүзетін кемелер, "өзен-теңізде" жүзетін кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелер жатады.";

      6) 17-баптың 12) және 14) тармақшалары алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 17-2-баппен толықтырылсын:

      "17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің тәртібі

      1. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.

      2. Кеме иелері, ішкі су жолдарында кемелерді, порттарды, жағалау объектілерін, кеме қатынасы шлюздері мен құрылысжайларды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.

      Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілері мен теңіздегі құрылысжайларды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.

      3. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) беру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

      5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.

      6. Ұйғарым қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      7. Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұйғарым мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұйғарымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі нұсқамада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, нұсқаманы жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жолдауға құқылы.

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің тоқсандық тізіміне қосу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

      11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жылына бір реттен артық емес жүргізіледі.";

      9) 20-баптың 8-тармағы алып тасталсын.

      59. "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      7-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      60. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың 70-22) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      3) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

      1. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау алдын алу-профилактикалық сипатқа ие, оны жүргізу тәртібі осы бапта айқындалады.

      2. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      3. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың құралы қолда бар ақпаратты талдау болып табылады.

      4. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мынадай шарттар міндетті түрде сақтала отырып жүзеге асырылады:

      1) электр энергетикасы саласындағы бақылау органының бақылау субъектілеріне (объектілеріне) баруына тыйым салынады;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және бақылау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

      3) электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, бірақ бақылау субъектісіне оны жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалары) жасалады.

      5. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.

      6. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:

      1) электр энергетикасы кәсіпорындары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынатын ақпаратты және ай сайынғы есептілікті талдау;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы туралы ақпарат келіп түскен кезде, өз құзыретінің шегінде оларды сақтау мәселелері бойынша ақпаратты сұрату;

      3) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысу кезінде құжаттамалар мен материалдарды зерделеу арқылы жүргізіледі.

      7. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кәсіпорындарына және тұтынушылардың электр қондырғыларына қатысты жүргізіледі.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.

      9. Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде электр энергетикасы саласындағы бақылау органына профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғамен келісілген оны нақты жою мерзімдерін көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.

      Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының мерзімі өткен соң бақылау субъектісі электр энергетикасы саласындағы бақылау органына ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат береді.

      11. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жолдауға құқылы.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

      13. Бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде жүргізіледі.";

      4) 12-баптың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын.

      61. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат;
2010 ж.,№ 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      11-баптың 8-тармағы алып тасталсын.

      62. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 44) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау – уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқықты шектеу сипатындағы, оның ішінде шұғыл ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;";

      2) 9-баптың 1-тармағының 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимум емтиханын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 33-1-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 40-баптың 1-тармағының сегізінші бөлігі алып тасталсын;

      5) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту

      Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және уәкілетті органның рұқсаты негiзiнде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      Балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсiмiн молайтуды жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырады.";

      6) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган, уәкілетті орган ведомоствосы және оның аумақтық бөлімшелері олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүргізеді.

      5. Профилактикалық бақылау субъектілері аңшылық, балық шаруашылығының субъектілері болып табылады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.

      9. Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      10. Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен табыс етілген болып саналады.

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      12. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жолдауға құқылы.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

      14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен артық емес жүргізіледі.";

      8) 52-бапта:

      1-тармақта:

      4-тармақша алып тасталсын;

      8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жеке тұлғалардан жануарлар дүниесі объектілерін аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін сот шешім қабылдағанға дейін сақтау үшін алып қоюға;

      9) жеке тұлғалардан заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға;

      10) жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;";

      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      9) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;";

      10) 55-бапта:

      2-тармақтың 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "сотқа жіберуге міндетті." деген сөздер "сотқа жіберуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған жеке тұлғаларды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткiзуге;

      4) жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен олардың одан әрi тиесiлi болуы туралы мәселенi шешуге міндетті.".

      63. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат;
№ 11,102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат, 2017 ж., №11, 29-құжат):

      1) 7-баптың бірінші бөлігінің 14-тармақшасы алып тасталсын;

      2) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға,
сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттің дайындаушы зауытының шетелдік сәйкестік сертификаттарына қолданылмайды.";

      3) 39-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.".

      64. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

      Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      2) 38-бап алып тасталсын.

      65. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      6-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы алып тасталсын.

      66. "Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шаруашылық және өзге қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.".

      67. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      8) тармақша алып тасталсын;

      9-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";

      2) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау;";

      3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау";

      4) 8-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;";

      5) 10-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;";

      6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау

      "1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, жаңғырту және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.";

      7) 33-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

      68. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат):

      16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

      Бақылау субъектілері ойын бизнесінің ұйымдастырушылары болып табылады.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ойын бизнесінің ұйымдастырушылары уәкілетті органға ұсынған есептілікті банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банк шоттары бойынша ақшаның бар-жоғы және қозғалысы туралы анықтамаларды, уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан сұрау салу арқылы алынған мәліметтерді және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

      7. Бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.

      8. Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жолданған ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табысталған болып саналады.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табысталған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жолдаған уәкілетті органға ұсыным табысталған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жолдауға құқылы.

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу жиілігі тоқсанына бір реттен артық емес жүргізіледі.".

      69. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14,
117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №21-II, 130-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №8-II, 68-құжат):

      19-баптың 3 және 3-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұйымдар (қаржы ұйымдарынан, микроқаржы ұйымдарынан басқа), жылдық қаржылық есептерін есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

      3-1. Қаржы ұйымдары (банкноталар, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау ерекше қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржы ұйымдары қаржылық есептерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде табыс етеді.".

      70. "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы:

      1) 4-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сараптама ұйымын айқындау, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жасау қағидасын сақтауын бақылау бойынша ашық конкурс өткізу;";

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-2) сараптама ұйымын анықтау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      3) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мақта өңдеу ұйымдарын:

      мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын лицензиялық бақылау;";

      4) 9-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      5) 29-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 32-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын.

      71. "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 56-құжат):

      12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын мемлекеттік бақылау

      Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын мемлекеттік бақылау тексеру және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      72. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 жылғы 26 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы:

      1) 6-баптың 2-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;";

      6) және 7) тармақшалар алып тасталсын.

      73. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):

      1) 6-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

      1. Уәкілетті органдар машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

      2. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      74. "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):

      6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      75. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 1-бапта:

      27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

      28) уәкілетті орган – жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      28-1) тармақша алып тасталсын:

      2) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметтеріне бағалар

      Тіркеуші органмен іске асырылатын жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметтеріне бағалар уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен орталық мемлекеттік органдар қатарынан анықталатын уәкілетті органмен белгіленеді."

      3) 18-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметі мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

      3. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды.

      Ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алуға жататын объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде енгізеді.

      Құқық белгілейтін құжатта сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерінен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына осындай алшақтықтарды анықтау мақсатында өтініш беруге құқылы, соның нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.";

      4) 18-1-бапта:

      1 және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) құқықтық кадастрды сүйемелдеу талаптарын және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында статистикалық және өзге есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жылжымайтын объектілерді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";

      5) мынадай мазмұндағы 18-2 және 18-3-баптармен толықтырылсын:

      "18-2-бап. Тіркеуші органның құзыреті

      Тіркеуші орган:

      1) қол жеткізу қағидаларына сәйкес құқықтық кадастры сүйемелдеу және пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық ақпаратты уәкілетті органға ұсынады;

      3) мемлекеттік тіркеуді жүргізгенге дейін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке алып келетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдерін сақтау бойынша осы Заңның 9-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерді жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бұзушылық фактілерін айқындайды және олар туралы уәкілетті органға хабарлайды;

      4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, ғимараттарды, құрылыс-жайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласында құқықтық кадастрға мәліметтердің енгізілу анықтығын қамтамасыз етеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді мемлекеттік бақылау

      1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік бақылау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші орган қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан:

      1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;

      2) құқықтық кадастрды жүргізу;

      3) қызмет алушылардың жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу мерзімдерін сақтау жөніндегі фактілерді анықтау және олар туралы уәкілетті органға хабарлау бойынша жүзеге асырылады:

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері тіркеуші органға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жібереді. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған кезде уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.";

      6) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

      1) нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін:

      электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;

      жылжымайтын мүлікті сатып алушыны:

      құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен орталық мемлекеттік органдар қатарынан анықталатын белгіленген уәкілетті органға сәйкес төлем сомасы туралы немесе төлеуден босату туралы хабардар етеді;

      жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:

      бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларын;

      тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;

      2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін соманы төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында көзделген кез келген тәсілмен "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеуге төлейді.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлегеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, төлем сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі;

      3) тіркеуші орган:

      құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлегенін растайтын электрондық чектің болуын, төлемнің толықтығын және электрондық чек пен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;

      құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлегені немесе төлеуден босатылғаны расталған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады;

      осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді;

      тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады."

      7) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды:

      1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

      2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) берген кезде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады;

      3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.";

      8) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бір құқық белгілейтін құжат екі немесе одан да көп мемлекеттік тіркеу объектілерін қамтыған жағдайда өтініш берушіге өтініште тіркеудің барлық объектілерін көрсетуі қажет немесе мүдделі адамдар мемлекеттік тіркеудің әрбір объектісін тіркеуге жеке өтініш беруге тиіс.

      Құқық белгілейтін құжатта мемлекеттік тіркеудің бірнеше объектілері болған кезде, өтініште біреуі ғана көрсетілетін жағдайларда тіркеуші орган өтініш берушіге тіркеудің басқа объектілерін мемлекеттік тіркеу және бұл үшін тиісті төлем енгізу қажеттігін көрсетуге құқылы.";

      9) 23-бапта:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Электрондық тiркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн төлегенi немесе төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.";

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, нотариатты расталмаған мәміленің жылжымайтын мүлігіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырыла алады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      10) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жүргізілмейді. Өтініш берушінің талабы бойынша құжаттарды тіркеуге қабылдауды жүзеге асыратын орган бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама береді. Мұндай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақталуға жатады.

      Құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.";

      11) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай жағдайларда:

      1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;

      2) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;

      3) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

      4) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, өтініш берушінің осы Заңның
21-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;

      5) мемлекеттік органдардан, егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;

      6) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін;

      7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым толық төленбеген кезде;

      8) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені туралы немесе тұлғаны алым төлеуден босату туралы растау түспесе, тоқтатыла тұрады.";

      12) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бастапқы және кейінгі объектілерге бұрын туындаған құқықтарды есептік тіркеуді жүзеге асыру кезінде тіркеуші орган құқық иеленушіден жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа техникалық паспортты ұсынуды талап етуге құқылы емес. Қажет болған жағдайда, жүйелі тіркеу жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өтеусіз жүзеге асырады.".

      76. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар):

      1) 1-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 4-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 5-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 39-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 1-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, сондай-ақ әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары;

      1-1) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;";

      5) 59-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Заңның 6-бабында көзделген құзыретке сәйкес жергілікті атқарушы органдардың білім саласындағы қызметі болып табылады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Білім беру ұйымдары білім беру қызметіне жыл сайын өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына табыс етеді.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауы тексерулер және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      6) 65-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құрған оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ оларды бақылау мен аккредиттеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      77. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      1) 1-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аккредиттеу жөніндегі орган – аккредиттеу субъектілерінің бірлестігі сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктер берген заңды тұлға;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) инспекциялық тексеру – аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігін аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын тексеру;";

      15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1) қайта бағалау – аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмысты орындау құзыреттілігін бағалаудың кезекті рәсімі;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) өтініш беруші – аккредиттеуге немесе қайта бағалауға өтінім берген заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) техникалық сарапшы – сәйкестігі бағаланатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар, Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің немесе аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмысты орындау құзыреттілігін бағалауға қатысуға тартылған жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27) аккредиттеу аттестатының күшін жою – сот тәртібінде аккредиттеуді толық жою рәсімі;

      28) зерттеп-қарау жөніндегі топ – аккредиттеу жөніндегі орган тағайындаған, жетекшіден (аккредиттеу жөніндегі органдағы тағайындалған аккредиттеу жөніндегі аудитор-сарапшыдан) және аккредиттеу жөніндегі аудитор-сарапшылардан және техникалық сарапшылардан тұратын мамандар тобы, олардың саны негізделуі және аккредиттеу субъектісімен келісілуі тиіс.";

      2) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) отандық өндірушілердің және аккредиттеу субъектілерінің мүдделерін қорғау;";

      3) 7-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген, аккредиттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған аккредиттеу субъектілерінің және ұйымдардың тізілімін жүргізуге;";

      4) 8-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және нормативтік құқықтық актілердің аккредиттеудің аккредиттеу ұсынылған салаларындағы нормативтік құжаттардың талаптарын, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның әрбір аккредиттеу субъектісімен келісілген талаптарын орындауға;";

      5) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қайта бағалау аккредиттеу материалдарын өзектілендіру, аккредиттеу салаларын кеңейту және қысқарту, инспекциялық тексерулер, аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу сияқты алдыңғы бағалаулар барысында жинақталған тәжірибе ескерілуі тиістігін қоспағанда, алғашқы бағалауға ұқсас жүргізіледі.

      Қайта бағалауға өтінімді өтініш беруші аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.";

      6) 22-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу салаларын кеңейту кезінде орналасқан жері бойынша зерттеп-қарауды техникалық сарапшы (техникалық сарапшылар) жүргізуі мүмкін.";

      7) 26-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инспекциялық тексеру жүргізу кезінде немесе қайта аккредиттеу процесінде сәйкестікті бағалау нәтижелерінің дұрыстығына әсер ететіндер мыналар:

      аккредиттеу саласынан тыс қызметті жүзеге асыру;

      аккредиттеу субъектісінің нормативтік құжаттарда және аккредиттеу субъектісі белгілеген рәсімдерде көзделген сәйкестіктерді растау жөніндегі жұмыстардың кезеңдерін орындамауы;

      аудитор-сарапшы ретінде аттестатталмаған тұлғаның сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды (бағалау, талдау) орындауы;

      уәкілетті емес тұлғаның сертификаттау жөнінде шешім қабылдауы сияқты аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкессіздіктер анықталғанда;";

      8) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау

      1. Аккредиттеу жөніндегі органның Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган аккредиттеу жөніндегі органға және аккредиттеу субъектісіне бармай, аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

      3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын аккредиттеу жөніндегі органға және аккредиттеу субъектісіне (объектісіне) беру және аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты болып табылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар мынадай деректерді:

      1) ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты;

      2) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін;

      3) аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісінің қызметі бойынша әртүрлі ақпараттар көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары, сертификаттаудан бас тарту және оларды беру туралы деректерді электрондық есепке алу өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын жүзеге асырады.

      6. Аккредиттеу жөніндегі органның немесе аккредиттеу субъектісінің іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың сипаты қоса берілген хабарлама ресімдейді және оны бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

      7. Хабарлама қол қойдырылып жеке немесе жіберу мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен аккредиттеу жөніндегі органға немесе аккредиттеу субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Бұл ретте төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама аккредиттеу жөніндегі органға немесе аккредиттеу субъектісіне мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – хабарламаға аккредиттеу жөніндегі органның немесе аккредиттеу субъектісінің алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) электрондық тәсілмен – аккредиттеу субъектісін аккредиттеу жөніндегі органда тіркеу (қайта тіркеу) кезінде өтініште көрсетілген аккредиттеу субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табысталған болып саналады.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны аккредиттеу жөніндегі орган немесе аккредиттеу субъектісі сұрау салудың өзінде орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, оны табыстаған (алған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

      9. Аккредиттеу жөніндегі орган немесе аккредиттеу субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген уәкілетті органға хабарлама табысталған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықты жіберу және оны қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      10. Уәкілетті орган аккредиттеу жөніндегі орган және аккредиттеу субъектісі ұсынған хабарламаны орындау туралы есепке талдау жүргізеді және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау және (немесе) растамау туралы қорытынды жасайды.

      Осы тармақта көрсетілген қорытындылар аккредиттеу жөніндегі орган және аккредиттеу субъектісі хабарламаны орындау туралы есепті берген күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалады.

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау аккредиттеу жөніндегі органға немесе аккредиттеу субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындауға әкеп соғады.".

      78. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11,
102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      79. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Респуликасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):

      1) 4-бапта:

      3-3) тармақша алып тасталсын;

      3-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-4) кепілдендіру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 4-1 және 4-2-баптар алып тасталсын;

      4) 11-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      5) 13-2-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 24-баптың 3-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: сот орындаушысының әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және сот санкция берген қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен берілуге тиіс.";

      6) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау

      Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      80. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат):

      1) 5-бапта:

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:

      "1) келесі бір реттік операцияларды жүргізу кезінде:

      электрондық ақшаны иеленуші сәйкестендірілмеген жеке тұлғалар "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;

      клиент-жеке тұлға не көрсетілетін қызметті берушінің пайдасына төлем жүргізу бойынша қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банк шотына ақша салу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;

      клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент банк шотын пайдаланбай қолма-қол ақшасыз ақша төлемін немесе аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай ақша төлемінің немесе аударымының сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;

      клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент-жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау бойынша операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;

      клиент-жеке тұлға осындай клиенттің банк шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200000 теңгеден не 200000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;

      клиент-жеке тұлға мемлекеттік органдардың пайдасына, қолма-қол ақшаларды қабылдауға арналған жабдықтар (құрылғылар) арқылы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті төлеу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде.

      2) Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу мақсаттары үшін орталық депозитарий жүйесінде жеке тұлғаларға арнап шот ашу кезінде, егер мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1)–5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржылық мониторинг субъектілері клиентпен қашықтықтан орнатылған іскерлік қарым-қатынастар шеңберінде трансшекаралық төлемдерді қоспағанда, клиентті (оның өкілін), бенефециар меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру бойынша шараларды қолданбай, осы баптың 3-тармағының 6)-тармақшасында көзделген операцияларды мына жағдайларда жасауға құқылы:

      1) клиент салықтарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша операцияларды, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын жүзеге асыру кезінде;

      2) клиенттің банктік шотына ақша аудару.";

      2) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы мониторингінің субъектісі уәкілетті орган күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешім шығарғанға дейін осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес берілген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізбейді.

      Қаржы мониторингінің субъектісі ақпарат хабарланған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешімін алмаған жағдайда, аталған операцияны жүргізуге кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.".

      81. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 11, 52-құжат):

      1) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1-бап. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және барып профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Әкімшілік дереккөздерге барып профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау мыналарды:

      1) әкімшілік деректерді жинауға арналған, келісілмеген нысандарды;

      2) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;

      3) әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің анықтығын;

      4) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

      4. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылауды ресми көздерден уәкілетті органдар алған деректерді мониторинг, талдау және салыстыру арқылы уәкілетті орган жүргізеді.

      6. Әкімшілік дереккөздерге қатысты барып профилактикалық бақылау:

      1) орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және басқа да мемлекеттік орган – уәкілетті орган бойынша;

      2) жергілікті атқарушы органдар және поселке, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері – аумақтық статистикалық органдар бойынша жүзеге асырылады.

      7. Бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша әкімшілік дереккөздердің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда:

      1) орталық мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және басқа да мемлекеттік орган бойынша – бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) жергілікті атқарушы органдар және поселке, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері – бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды рәсімделеді және жіберіледі.

      8. Қорытынды әкімшілік дереккөздерге жеке қол қойдырылып тапсырылады немесе оны табыстау туралы хабарламасы бар тапсырыс хат немесе ресми көздерден алынған электрондық мекенжай бойынша (әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстары) не алғанын жазып алуды қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдары қолданыла отырып жіберіледі.

      9. Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалады.

      10. Әкімшілік дереккөз қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қорытындыны жіберген уәкілетті органға, қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық білдіруге құқылы.

      Әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының белгіленген мерзімде орындалмауы әкімшілік дереккөзге барып профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне енгізу арқылы әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.";

      2) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:

      "12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді тапсыру кестесінде көрсетілген мерзімде тапсырмауын, сондай-ақ, анық емес алғашқы статистикалық деректерді тапсырғанын анықтау түрінде жүзеге асырылады.

      3. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды рәсімделіп, респондентке жіберіледі.

      4. Қорытынды респондентке жеке қол қойдырылып тапсырылады немесе оны табыстау туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен; ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарламамен немесе ресми көздерден алынған электрондық мекенжай бойынша не алғанын жазып алуды қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдары қолданыла отырып жіберіледі.

      5. Респондентке тіркеу орны бойынша қорытынды жіберіледі.

      6. Қорытынды мына жағдайларда тиісті дәрежеде жеткізілген болып танылады:

      1) қорытындыны алғаны туралы респонденттің қойылған қолының болуы;

      2) тапсырыс хатпен жіберілетін қорытынды респондентке (жеке тұлғаға) жеке өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелеттік жастағы отбасы мүшелерінің біріне табысталғаны туралы жіберушіге қайтаруға жататын хабарлама қолхат бойынша беріледі.

      Заңды тұлғаға бағытталған қорытынды басшыға не өзінің тегін, аты-жөнін және лауазымын көрсете отырып қорытындыны алып, табысталғаны туралы хабарламаға қолын қоятын уәкілетті тұлғасына беріледі;

      3) респонденттің тіркелген мекенжайы бойынша тапсырыс хатпен жіберілген, бірақ көрсетілген мекенжай бойынша болмауы (тұрмайды, болмайды) себептері бойынша табыс етілмеген қорытынды;

      4) Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе респондент немесе оның өкілі қол қойған, статистикалық нысанда ұсынылған, респондент бұрын көрсеткен электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарлама қорытынды жіберу;

      7. Респондент хатты (қорытындыны) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізген немесе табыс еткен тұлға органға (лауазымды тұлғаға) қайтарылатын хабарламаға тиісті белгі қояды.

      8. Респонденттің хатты (қорытындыны) қабылдаудан бас тартуы бұдан әрі процестік әрекеттер жасауына кедергі болып саналмайды.

      9. Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күн ішінде орындалады.

      10. Респондент қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қорытындыны жіберген уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне қарсылықты жеткізе отырып жолдауға құқылы.

      11. Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне әкімшілік іс жүргізу құқығын береді.

      12. Респондентке бармай профилактикалық бақылауы статистикалық нысанда белгіленген мерзімде жүргізіледі.".

      82. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):

      63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот орындаушысы мүліктің борышкерге тиесілі екенін анықтап, оны тізімдемеге енгізеді, өндіріп алу мөлшеріне қарай барлық мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салады және тыйым салу туралы қаулыны тиісті органдарға және мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жібереді.".

      83. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VII, 161-құжат; 2016 жылғы 26 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 1-1) және 1-2) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 5-баптың 9) және 11) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 8-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тұтынушы шарт бойынша (туристік қызмет көрсетуге арналған шарттарды және қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттер сатып алу шарттарын қоспағанда) міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның мөлшерден тыс қомақты (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі бойынша талапты белгілеу;".

      84. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат, 14; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 71, 72-құжаттар, № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 18-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 19-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi әзірлеу және бекіту;";

      3) 20-баптың 5), 11), 12) және 31) тармақшалары алып тасталсын;

      4) 66-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;

      5) 117-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылау міндеті жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын іздеу және бағалау, өндіру, жер қойнауын геологиялық зерттеу кезінде минералдық шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.";

      6) 118-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      3-тармақ алып тасталсын.

      85. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат;
№ 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 маусымдағы Заңы):

      1) 14-баптың 1-тармағының 7), 8), 25-1), 25-2), 25-3), 41-65), 41-66) және 41-67) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 15-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын есепке алуды жүргізеді;";

      3) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның табиғи монополиялар аясындағы құзыреті

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

      1) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;

      2) табиғи монополияларды реттеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға енгізеді;

      3) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар салаларын табиғи монополиялар субъектілері аталған салалар шеңберінде ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу нысанасына талдауды жүзеге асырады және жүргізілген талдау қорытындысы бойынша табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы қорытынды енгізеді;

      4) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне қосу туралы ұсыныстарды енгізеді;

      5) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар саласында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне қосу не одан шығару қажеттілігі туралы қорытынды қалыптастырады және оны табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға енгізеді;

      6) сарапшылық кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      7) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсiтпейтiн әдістемелерін әзірлейді, бекітеді және қолданады;

      8) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізеді;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шартының жобаларын, сондай-ақ табиғи монополиялар саласына жататын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;

      10) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      11) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеу және бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      12) табиғи монополиялардың тиісті салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілейді;

      13) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополия субъектісінің реттеп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      14) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде осы нарықтың табиғи монополия жағдайында екені анықталған жағдайларда реттеуді енгізеді;

      15) азаматтық авиация саласында кемсітпейтін қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;

      16) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтеріне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындауға міндетті ұйғарымдарды енгізеді;

      17) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар субъектілері туралы заңнамасын бұзған жағдайларда, орындауға міндетті ұйғарымды, оның ішінде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлікті иеліктен шығару туралы ұйғарымды енгізеді;

      18) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларын табиғи монополиялар субъектілері саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзгертуге бастамашылық жасайды;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;

      20) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 1-тармағының талаптарын ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендетуге бастамашылық жасайды;

      21) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополия субъектісін оңалту жоспарын келiседі;

      22) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополия субъектісі өз құзыреті шегінде белгілеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, олардың реттеп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітеді;

      23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді;

      24) тұтынушыларға әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополия субъектісі келтірген шығынды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдайды;

      25) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге не өзгертуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуды өтінім беру нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздейді;

      26) тұтынушыларды коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын шешімдерден басқа, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша қабылданған шешімдермен таныстырады;

      27) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді;

      28) мыналарға:

      әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауына;

      шығындары әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополия субъектісінің реттеп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуларға бақылауды жүзеге асырады;

      29) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы хабарлайды;

      30) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастырады;

      31) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар туралы ақпаратты олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастырады;

      32) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      4) мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:

      "15-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

      1) қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға енгізеді;

      2) бағаларды мемлекеттік реттеу мен баға белгілеу тәртібін және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің бағалар мониторингін жүзеге асырады;

      4) қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;

      5) қоғамдық маңызы бар нарық субъектiлерiнiң тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың алдағы өсуі туралы хабарламаларын қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзеді;

      6) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне орындалуы міндетті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы ұйғарымдарды ұсынады;

      7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда сотқа iшкi рейстерде әуежай қызметтерiн көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсiне ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi орындауды мәжбүрлеу туралы талап қояды;

      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қозғайды және қарайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолданады.";

      5) 16-7-бап алып тасталсын;

      6) 47-бапта:

      6-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданыс мерзімі өткен;";

      8-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арнайы ұшуды орындауға рұқсат берудің алдында ұшуды қауіпсіз орындау үшін әуе кемесінің жай-күйіне бағалау жүргізуге және оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге міндетті. Арнайы ұшуды орындаған кезде әуе кемесінің бортында жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.";

      7) 65-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әуежай қызметiнiң құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтері (жұмыстары) кіреді, олардың тізбесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді.

      2. Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан аз болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекіткен Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әуежайды пайдаланушы әуежай аумағына жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат бере алады.".

      86. "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):

      19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Биоотын өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      87. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) ұлттық компания – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі және қызметін ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:

      "38) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және өңірдің экономикасын дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын акционерлік қоғам нысанындағы өңірлік даму институты.";

      2) 166-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдік берілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.";

      3) 179-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешімдерді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация біреуден артық болмайды.".

      88. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау

      Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      89. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар):

      30-бап алып тасталсын.

      90. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау

      Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.".

      91. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат):

      1) 6-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      2) 15-бапта:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындайды және ол:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;

      2) ұлттық операторға шикі газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;

      3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.

      4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындайды және ол:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;

      2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;

      3) ұлттық операторға тауарлық газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;

      4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасының құжаттамалық расталған есептеулерін алдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей сараптамаға жібереді.";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар жоспарланатын кезең басталғанға дейін бес айдан кешіктірілмейтін мерзімде ұлттық операторға мыналарды көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жібереді:";

      мынадай редакциядағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Егер келесі жылы мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың бағасы тараптардың келісімі бойынша өзгермесе, онда шарттар осы баптың 5-7, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдерді сақтамай жасалуы мүмкін.";

      3) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      92. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 5-бапта:

      13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары және құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      15) тармақша алып тасталсын;

      2) 7-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтыну нормативтері мен электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауына;

      4) энергия аудитінің жүргізілуіне;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      3) 13-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалануға;";

      4) 16-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде, ал ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратындар алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.";

      5-1-тармақ алып тасталсын.

      93. "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):

      1) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

      1. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі телерадио хабарларын тарату саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылау объектісі болып табылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай, қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

      3. Теле-, радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары бақылау субъектілері болып табылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және болдырмау, бақылау субъектісіне (объектісіне) уәкілетті орган бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жолдайды.

      6. Ұсыным қол қойдырылып жеке немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуі тиіс.

      Төменде тізілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алу туралы белгілеген күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлаған күннен бастап;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сауал салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      8. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жолдауға құқылы.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

      10. Бақылау субъектiсiне (объектісіне) бармай бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты профилактикалық бақылау жүргізу жиілігі аптасына бір реттен артық емес жүргізіледі.";

      3) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Теле-, радиоарнаның меншік иесі не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, аты, сондай-ақ теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты ауысқан не өзгерген жағдайда шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке алу жүзеге асырылады.".

      94. "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.".

      95. "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат):

      1) 1-баптың 18) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер, табиғи монополиялар субъектілері желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге, табиғи монополиялар субъектілері желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      19) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қызметтеріне қол жеткізудің ортақ терезесі болатын ақпараттық жүйе.";

      2) 11-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік корпорация "бір терезе" қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;".

      96. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2013 ж., № 10-11, 55-құжат, 2015 ж., № 15, 78-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 8-I, 65-құжат):

      1-баптың 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер, табиғи монополиялар субъектілері желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қызметтерін көрсету "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге, табиғи монополиялар субъектілері желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;".

      97. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат, № 22-V, 152-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өз мүшелерінің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар (одақтар), өзін-өзі реттейтін ұйымдар:";

      2) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комитеттер Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының), өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерінен тұрады. Комитет мүшелерінің санын төралқа айқындайды және олар үшеуден кем болмауға тиіс.".

      98. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33) факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда борышкер (банкрот) өз дебиторына өзінің мүліктік талабын үшінші тұлғаға береді немесе беруге міндеттенеді, ал үшінші тұлға борышкердің (банкроттың) дебиторына талап ету құқығын айырбастау үшін борышкердің (банкроттың) билік етуіне ақшаны немесе басқа да мүлікті береді немесе беруге міндеттенеді;

      34) реверсивті факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда дебитор үшінші тұлғаға өзінің борышкер алдындағы міндеттемесін береді, ал үшінші тұлға борышкер алдындағы дебитордың міндеттемелерін орындайды.";

      2) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Оңалту және банкроттық рәсімдерінің өткізілуіне мемлекеттік бақылау

      1. Оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Әкімшінің қызметін мемлекеттік бақылау:

      1) тексерулер;

      2) профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға:

      1) әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдарды есепке алу;

      2) камералдық бақылау;

      3) сұрау салуларды жолдау;

      4) рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты қабылдау жатады.

      4. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      3) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсімінде және банкроттық рәсімінде шешім қабылдау тәртібі

      1. Кредиторлар жиналысының жалпы құқықтық тәртібі және шешім қабылдау тәртібі осы бапқа сәйкес белгіленеді.

      Кредиторлар жиналысының жалпы құқықтық тәртібі және шешім қабылдау тәртібі:

      борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату кезінде осы Заңның 99-бабының 6-тармағымен;

      оңалту жоспарын келісу кезінде осы Заңның 26-1-бабымен;

      оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде осы Заңның 26-2-бабымен белгіленеді.

      2. Кредиторлар жиналысы, оған сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы, кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, заңды болып табылады.

      3. Кредиторлар жиналысының шешімдері осы Заңның 26-1 және
26-2-баптарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысыныа қатысатын кредиторлар дауыстарының санынан көпшілік дауыстармен қабылданады.

      Әкімші кредиторлар шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын "талаптардың бір теңгесі – бір дауыс" қағидаты бойынша айқындайды.

      Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, онда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.

      Кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін кредиторлардың тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптары:

      1) кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырған;

      2) сот шешімі бойынша тек қана тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптарының ішінен кредиторлардың талаптар тізілімін қалыптастырған жағдайларда есепке алынады.

      Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды.

      4. Кредиторлар жиналысы шешімдер қабылдаған кезде:

      1) осы Заңның 72-бабының 3-тармағына немесе 90-бабының 4-тармағына сәйкес дауыс беру құқығынан айырылған кредиторлардың;

      2) қалған кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін борышкерге қатысы бар үлестес тұлғалар болып табылатын кредиторлардың дауыс беру құқығы жоқ.

      Кредитор талаптарын қанағаттандыру бойынша оның дауыстарының саны қанағаттандырылған талаптар санына азаяды.

      Кредитор дауыс беруден бас тартқан жағдайда, жиналыс шешім қабылдаған кезде кредиторлардың дауысын айқындау мақсатында кредитор кредиторлар жиналысына қатысушы деп саналмайды.

      Кредитор кредиторлар жиналысына дәлелсіз себеппен екі рет қатыспаса, мұндай кредитордың дауыс саны кредиторлар жиналысының заңдылығын айқындаған кезде есепке алынбайды.

      Растайтын құжаты болған кезде:

      1) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;

      2) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің кредиторлар жиналысына қатысуына кедергі келтіретін төтенше жағдайдың туындауы;

      3) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша өзге де себеп дәлелді себеп ретінде танылады.

      5. Борышкер немесе әкімші кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.

      Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.

      Кредиторлар жиналысының отырысын қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.

      Кредиторлар жиналысының хаттамасы үш данада жасалады, олардың біреуі оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі, үшіншісі әкімшіде қалады.

      Кредиторлар жиналысының хаттамасына:

      жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының;

      жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;

      кредиторлардың кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен уақыты туралы тиісінше хабардар етілгені туралы куәландыратын құжаттардың;

      борышкердің немесе әкімшінің қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.";

      4) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

      "26-1-бап. Оңалту жоспарын келісу

      1. Оңалту жоспарын келісу кезінде кредиторлар жиналысы екінші және төртінші кезектер құрамында, әр кезек бойынша жеке қанағаттандырылуға жататын кредиторлар дауысының жалпы санынан елу пайыздын астамын құрайтын дауыстарға ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқылы болады.

      2. Оңалту жоспары оған бір уақытта:

      1) екінші кезектегі кредиторлардың дауыс санынан дауыстардың көпшілігі;

      2) төртінші кезектегі кредиторлардың дауыс санынан дауыстардың көпшілігі дауыс берген жағдайда келісілген болып саналады.

      Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген бір немесе екі шарт орындалмаған жағдайда, оңалту жоспары келісілмеген болып саналады.";

      5) мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:

      "26-2-бап. Оңалту жоспарына өзгерістер және (толықтырулар) енгізу

      1. Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде кредиторлар жиналысы әр кезек құрамында жеке қанағаттандырылуға жататын кредиторлар дауыстарының жалпы санынан елу пайыздан аса дауыстарды құрайтын алдағы кезектер құрамында және (немесе) бір кезек құрамында мұндай кредиторлары бар, талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, мүдделері оңалту жоспарына енгізілетін өзгерістермен және (толықтырулармен) қозғалатын кредиторлар қатысқан жағдайда құқылы болады.

      2. Кредиторлар жиналысының оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімі алдағы кезектер құрамында және (немесе) бір кезек құрамында мұндай кредиторлары бар, талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, мүдделері жоспарға енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен қозғалған кредиторлармен, егер оған әр кезек бойынша жеке дауыстардың көпшілігімен дауыс берілген жағдайда қабылданады.

      3. Осы бапта көзделген шарттар орындалмаған жағдайда оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу келісілмеген болып саналады.

      4. Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бойынша жеке дауыс беру кезінде кредиторлар дауыстары тең келген жағдайда кредиторлар жиналысының шешімдері "талаптардың бір теңгесі – бір дауыс" қағидаты бойынша кредиторлар жиналысына қатысатын, сырттай дауыс бергендерді қоса алғанда кредиторлар дауыстарының жалпы санынан дауыстардың көпшілігімен қабылданады.";

      6) 48-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлгі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс қозғау туралы ұйғарымда мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңның 50-бабының 1-тармағында көзделген шектеулерді қолдану туралы міндеті қамтылуы тиіс.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соттың iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмелерін сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк және өзге де органдарға, оның iшiнде "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және борышкердің орналасқан жері бойынша аумақтық әдiлет органына жібереді.";

      7) 73-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион өткізу арқылы мүлікті (активтерді) сатуды, қаржы лизингін, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, факторингті, реверсивті факторингті, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға алмастыруды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.

      Осы Заңның мақсаттары үшін қаржы лизингі деп оңалту рәсімі қолданылған борышкер, лизинг беруші және лизинг нысанасын сатушы арасында жасалған үшжақты шарт түсініледі, мұндағы лизинг беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және шартта келісілген лизинг нысанасын борышкерге белгілі бір төлемақыға және белгілі бір шарттарда уақытша иеленуге және кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге міндеттенеді.";

      8) 75-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) қаржы лизингі шартын жасасуға келісім беру;";

      9) 76-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) дебиторлық берешекті сату туралы немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;

      4-2) оңалтуды басқарушының реверсивті факторинг шартын жасасуына келісім береді;".

      10) 89-баптың 2-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату немесе ақшалай талапты беру арқылы қаржыландыру шартын (факторинг) жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдарды анықтаған кезден бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) хаттамаға қол қойған кезден бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде реверсивті факторинг шартын жасасуға;";

      11) 90-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Егер кредиторлардың мәлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар есептелген болса, онда мұндай кредиторлар борышкер банкрот деп танылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайтадан мәлімдейді.

      Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге де құжаттарды ұсынуға құқылы.

      Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есептеледі.";

      12) 93-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау;";

      13) 94-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;

      7-2) банкроттықты басқарушының реверсивті факторинг шартын жасасуына келісім береді;".

      99. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжат; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар, 2017 ж., № 11, 29-құжат):

      1) 1-баптың 29) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 12-баптың 1-тармағында:

      63) тармақша алып тасталсын;

      70-15), 70-17) және 70-29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-15) құтқарушыларды және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекітеді;";

      "70-17) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекітеді;";

      "70-29) сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекітеді;";

      3) 16-бапта:

      3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) өртке қарсы қызметке туындаған өрттер, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгеруі туралы дереу хабарлауға;";

      3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға немесе осы ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріне қызмет көрсету үшін объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға;";

      4) 25-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы-құтқару, жедел-құтқару, суда-құтқару, авиациялық-құтқару қызметтерін және өзге де мамандандырылған қызметтер мен құралымдарды құрады.

      3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшылары объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға құқылы.";

      5) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Құтқарушыларды аттестаттау

      1. Құтқарушылар аттестатталуға және қайта аттестатталуға жатады.

      2. Құтқарушыларды аттестаттау:

      1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау дайындығының дәрежесін;

      2) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық дайындығына сәйкестігін анықтау мақсатында өткізіледі.

      3. Құтқарушылар бастапқы, қайталап, кезеңдік және кезектен тыс аттестатталуға жатады:

      1) бастапқы аттестаттауға құтқарушы боламын деп шешкен азаматтар жатады;

      2) қайталап аттестаттау алдыңғы аттестаттауда анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін құтқарушылардың қызметін қайтадан бастау үшін өткізіледі;

      3) құтқарушыларды кезеңдік аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі;

      4) құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын құтқару жұмыстарының түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.

      4. Аттестаттауды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.

      "Халықаралық сыныптағы құтқарушы" деген сыныптық біліктілікті уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы құтқарушыларға олар жұмыс істейтін авариялық-құтқару құралымының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан береді.";

      6) 28-бап алып тасталсын;

      7) 36-бапта:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

      4. Тексеру және профилактикалық бақылаудың түрлері мен оларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      8) 76-баптың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Декларация әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым дербес не декларация әзірлеу құқығына аттестатталған басқа ұйым жүзеге асырады.";

      9) 79-баптың 8-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

      100. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2017 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-баптың 6-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреттері шегінде тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.";

      3) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бекіткен жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.";

      Жол және басқа жұмыстар өндірісі туралы хабарлама "Рұқсаттамалар және хабарламалар" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында белгіленген тәртіпте жұмыс өндірушілерге жіберіледі.

      4) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "92-бап. Міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылау

      Техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібін сақтауын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".

      101. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат, 2017 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      6-баптың 1-тармағының 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылауды тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыруға;".

      102. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.";

      2) 18-бапта:

      2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Рұқсат немесе хабарлама тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес алдын ала реттеушілік әсерге талдау рәсімін жүргізуі тиіс.";

      "6. Рұқсат немесе хабарлама тәртібі мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізбеген жағдайда алып тасталуы тиіс.

      Рұқсат немесе хабарлама тәртібін алып тастау осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда ескерілген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаға рұқсатсыз қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру немесе хабарлама жіберу құқығына алып келеді.";

      3) 19-бап алып тасталсын;

      4) 22-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) рұқсат беру кезінде конкурс немесе ұжымдық қарау рәсімін пайдалану туралы;";

      5) 32-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) өтініш берушінің лицензия алуға және (немесе) олардағы деректерге (ақпаратқа) берілетін құжаттардың жарамсыздығы белгіленген";

      6) 33-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 35-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияларға қосымшалардың қолданысы тоқтаған кезден бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, лицензиялық қызмет тоқтатылатын бір жыл үшін лицензиялық алым төлеуді қоса алғанда, жыл сайын лицензиялық алым төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.";

      8) 45-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Лицензиат немесе екінші не үшінші санаттағы рұқсат иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті жүгінуі рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Лицензиаттың, екінші немесе үшінші санаттағы рұқсат иесінің ерікті жүгінуіне байланысты рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның уақытша тоқтаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.

      7. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген негіздеме бойынша уақытша тоқтатыла тұрған рұқсаттың немесе рұқсатқа қосымшаның қолданысын жаңарту лицензиаттың немесе екінші не үшінші санаттағы рұқсат иесінің рұқсат беру органына жүгінуі арқылы жүзеге асырылады.

      Рұқсат беру органы осы жүгінудің негізінде үш жұмыс күнінің ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын жаңарту туралы шешім қабылдайды.

      8. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын жаңарту туралы шешім қабылданған кезден бастап, лицензиаттар, екінші не үшінші санаттағы рұқсат иелері үшін рұқсатқа жыл сайынғы төлемдер жөніндегі міндеттемелер жаңартылады.";

      9) 51-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібінде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданады (қорытынды жасалады).

      3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

      4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды өтініш берушінің қызметті жүзеге асыру үшін сақтауын дербес тексереді.";

      10) Заңға 1-қосымшаның кестесінде:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:


8.

Мұнай және газ саласындағы тау-кен (көмірсутекті шикізат), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға арналған лицензия

1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру.
2. Көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар).
3. Мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары.
4. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды құрлықта; теңiзде; iшкi су айдындарында бұрғылау.
5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі).
6. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынаудан өткізу.
7. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою.
8. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту.
9. Құрлықтағы; теңiздегі көмірсутекті шикізат кен орындарында мұнайдың төгiлуiн болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар.
10. Мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану.
11. Көмірсутекті шикізат кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын, технологиялық регламенттерін, техникалық-
экономикалық негiздемесiн жасау.
12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.

Иеліктен шығарылмайтын;
1-класс

      ";

      реттік нөмірі 17, 19, 20, 22, 23, 26-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.

Атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң тiршiлiк циклiнiң кезеңдерiне байланысты жұмыстарды орындауға арналған лицензия
 

1. Ядролық қондырғылар, радиоактивтi қалдықтарды сақтау қоймалары.

Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-класс

2. Ядролық қондырғыларды, радиоактивтi қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану.

3. Ядролық қондырғыларды, радиоактивтi қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару.

4. Ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезiнде жұмыстарды және жобаларды басқару.

      ";

      "

19. 

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы дайындау жөніндегі қызметке арналған лицензия

 
 
 
 
 

Иеліктен шығарылмайтын;
1-класс
 

20. 

Ядролық сынақтар жүргiзу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке арналған лицензия

 
 
 
 
 

Иеліктен шығарылмайтын;
1-класс
 
 

      ";

      "

22.

Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия

1. Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау.
 

"Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау" кіші түрі үшін, "иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау" кіші түрі үшін (қол жүгі мен багажын, рентгендік дифрактометрлерд, спектометрлерді, талдағыштарды тексеріп қарауға арналған рентгендік жабдықтарды қоспағанда)- иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және
26-бабының 1,
2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-класс.
"Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау" түршесі үшін (қол қоймасы мен багажын, рентгендік дифрактометрлер-ді,
спектометрлерді, талдағыштарды тексеріп қарауға арналған рентгендік жабдықтарды қоспағанда) - иеліктен шығарылмайтын;
1-класс

23.

Радиоактивтi заттармен, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия

1. Радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау
 

Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-класс
 

2. Радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану.

3. Радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау.

4. Радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу.

5. Табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу.

      ";

      "

26.

Ядролық материалдармен жұмыс iстеуге арналған лицензия
 

1. Ядролық материалдарды өткiзу.
 

Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-класс

2. Ядролық материалдарды пайдалану.

3. Ядролық материалдарды сақтау.

      ";

      реттік нөмірі 27-жол алып тасталсын;

      12) осы Заңға 2-қосымшаның кестесінде:

      реттік нөмірі 4, 5, 6, 87-4, 140, 338, 339, 342, 343, 345, 347, 347-1, 347-2, 347-3, 351, 352, 353, 362, 363, 364, 365 және 369-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "      

4.

Нарық субъектісін біріктіру немесе қосу арқалы қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы өтінішті қарау 

Нарық субъектісін біріктіру немесе қосу арқалы қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы монополияға қарсы органның (тыйым салу туралы) бұйрығы


5.

Егер сатып алғанға дейін мұндай тұлға (тұлғалар тобы) нарықтың осы субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне, пайларына) иелік етпесе немесе көрсетілген нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестердің, пайлардың) жиырма бес пайызынан астам үлесін пайдалануға құқық алатын, тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы өтінішті қарау  

Егер сатып алғанға дейін мұндай тұлға (тұлғалар тобы) нарықтың осы субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне, пайларына) иелік етпесе немесе көрсетілген нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестердің, пайлардың) жиырма бес пайызынан астам үлесін пайдалануға құқық алатын, тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы (тыйым салу туралы) бұйрық 


6.

Егер мәміленің (өзара байланысқан мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе беретін нарық субъектісінің
негізгі өндірістік құралдарының және материалдық емес активтерінің баланстық құнының он пайызынан асып түссе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) басқа нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін меншікке алу, оларға иелік ету және пайдалану, соның ішінде жарғылық капитал есебінен төлеп алу (беру) бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы қолдаухатты қарау 

Егер мәміленің (өзара байланысқан мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарының және материалдық емес активтерінің баланстық құнының он пайызынан асып түссе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) басқа нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін меншікке алу, оларға иелік ету және пайдалану, соның ішінде жарғылық капитал есебінен төлеп алу (беру) бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы монополияға қарсы органның (тыйым салу туралы) бұйрығы


      ";

      "

87-4.

Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу

Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымды аккредиттеу туралы куәлік

Әрекет ету мерзімі – 3 жыл
 

      ";

      "

140.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы


      ";

      "

338. 

Сот сарапшысы біліктілігін алу 

Сот сарапшысының сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына арналған біліктілік куәлігі 

Конкурс немесе алқалық қарау рәсімі қолданылады
 

339. 

Сот сарапшысын аттестаттау 

Аттестаттау комиссиясының қорытындысы 

Конкурс немесе алқалық қарау рәсімі қолданылады