Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 881 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      137) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 339-75), 339-76) және 339-77) тармақшалармен толықтырылсын:

      "339-75) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      339-76) бюджеттік жоспарлау жөніндегі және білім және ғылым саласындағы орталық уәкілетті органдармен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;

      339-77) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі іске асыратын Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады