"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 896 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23,143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 48-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19- I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8- I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54, 55-құжаттар; № 16, 56-құжат):

      1) 210-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "210-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу

      1. Валюталық шартты ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндетті болып табылатын, уәкiлеттi банктің осындай валюталық шартты немесе есептік нөмір берілген валюталық шартты ұсынбай валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргiзуi –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 217 және 218-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша ақпаратты ұсыну тәртібін бұзуы

      1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялар бойынша жүргізген төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы хабарламаны ұсыну мерзімдерін бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы хабарламада толық емес не анық емес мәліметтерді ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Валюталық бақылау агенттерінің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақпаратты ұсынудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерді бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Валюталық бақылау агенттерінің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақпаратта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген толық емес не анық емес мәліметтерді ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Валюталық бақылау агенттерінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақпаратты ұсынудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерді бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Валюталық бақылау агенттерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша толық емес не анық емес ақпарат ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      218-бап. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есептілікті ұсыну тәртібін бұзу

      1. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікте толық емес не анық емес мәліметтерді ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есептілікте толық емес не анық емес мәліметтерді ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 243 және 244-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "243-бап. Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін есептілікті ұсыну тәртібін бұзуы

      1. Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) резиденттермен және бейрезиденттермен операциялар туралы есептілікті ұсынудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) резиденттермен және бейрезиденттермен операциялар туралы есептілікте толық емес не анық емес мәліметтерді ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      244-бап. Валюталық шарт үшін есептік нөмірді алу немесе есептік нөмір берілген валюталық шарттар бойынша ақпарат пен есептілікті ұсыну тәртібін бұзу

      1. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген жағдайларда валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) талаптарына әсер ететін мән-жайлардың туындауын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда есептік нөмір берілген капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша есептілікті және (немесе) ақпаратты ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның есептік нөмір берілген капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша толық емес не анық емес есептілікті (жеке тұлғаларды қоспағанда) ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе.

      Толық емес есептілік ретінде валюталық шарт бойынша есептілікте көрсетілуі талап етілетін көрсеткіштердің болмауы түсініледі.

      Анық емес есептілік ретінде валюталық шарт бойынша есептілікте іс жүзіндегі деректерге сәйкес келмейтін көрсеткіштердің көрсетілуі түсініледі.";

      4) 251 және 252-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "251-бап. Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау

      Уәкiлеттi банктердегі банк шоттарына ұлттық және (немесе) шетел валютасын:

      1) экспорттан түсетін ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы түсiмдi;

      2) резиденттің импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін бейрезиденттің пайдасына аударған, бейрезиденттің мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызбау түрінде жасалған, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамауы –

      есептелмеген ұлттық және (немесе) шетел валютасы сомасынан жиырма пайыз мөлшерінде, бірақ екі мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе.

      Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық және (немесе) шетел валютасының сомасы экспорт немесе импорт жөніндегі шарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асып түсетін және егер осы әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайларда басталады.

      252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұза отырып жүргізу

      1. Резиденттер арасында тыйым салынған валюталық операцияларды жүргізу, төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүргізбеу, мұндай талап Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленсе, Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасынан жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін бұзуы, сондай-ақ айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін бұзуына әкеп соққан уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетел валютасын белгіленбеген бағам бойынша сатып алуы және (немесе) сатуы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 253-баптың 5) тармақшасында "Президенті" деген сөз "Үкіметі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 463-бапта ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламаға және валюталық шарттарды есептік тіркеуге, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.".

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 15-бапта:

      екінші бөлікте:

      57) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "57-1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын;";

      мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "59-1) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын;";

      60) және 61) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;

      61) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпаратты ұсыну қағидаларын;";

      69) тармақшада "және сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары

      Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау органы ретінде:

      1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналым тәртібін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

      3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға біліктілік талаптарын белгілейді;

      4) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды лицензиялау тәртібін белгілейді және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар береді;

      5) айырбастау пункттерін ашу тәртібін қоса алғанда, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру тәртібін белгілейді және уәкілетті банктердің айырбастау пункттерінің куәліктерін береді;

      6) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды есептік тіркеу, жүргізілген валюталық операциялар туралы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары туралы хабарлау және валюталық операциялар мониторингі мақсаттары үшін ақпарат ұсыну тәртібін қоса алғанда, валюталық операциялар мониторингін жүзеге асыру және валюталық операциялар және Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары бойынша ақпарат ұсыну тәртібін белгілейді;

      7) резиденттердің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

      8) арнайы валюталық режим шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсаттар береді;

      9) мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен бейрезиденттер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;

      10) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы өзге функцияларды орындауға құқылы.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат):

      1) 30-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операциясына лицензия банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:

      қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде – өз қызметін айырбастау пункттерін ашу арқылы ғана жүзеге асыратын ұйымдарға;

      қолма-қол ақшасыз шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде – өзге ұйымдарға беріледі.";

      2) 47-бапта:

      2-тармақтың б) тармақшасында "лицензияны" деген сөзден кейін "және (немесе) лицензияға қосымшаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақтың екінші бөлігінде "лицензиядан" деген сөзден кейін "және (немесе) лицензияға қосымшадан" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 48-бапта:

      1-тармақта:

      к-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "к-2) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның берілген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметті қатарынан күнтiзбелiк он екі ай бойы жүзеге асырмауы;";

      мынадай мазмұндағы к-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "к-3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның және (немесе) оның айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;";

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте "лицензияның" деген сөзден кейін "және (немесе) лицензияға қосымшаның" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте "лицензияның" деген сөзден кейін "және (немесе) лицензияға қосымшаның" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 50-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-6) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуы;";

      6-тармақтың д) тармақшасының сегізінші абзацы алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат; 2001 ж. № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 15, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат;2013 ж., № 14, 72-құжат):

      82-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында берілген вексель валютасы теңге болып табылады. Резиденттің бейрезиденттермен операциялар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында шығарған шетел валютасындағы вексель айналысына жол беріледі.".

      5. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      3-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары;".

      2-бап. Осы Заң, осы Заңның 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 5-тармағын қоспағанда, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады