"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 12 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 сәуірдегі 2020 жылғы № 196 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.04.2020 № 196 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 506-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

      "

7.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын агенттік облигациялар

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады