Атырау облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 152 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру ұйымдары:

      1) "Қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін № 18 Н.Крупская атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Атырау қаласы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі" "Атырау облысы Білім беру басқармасының" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – Атырау облысы білім беру басқармасының "Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      3) Мақат аудандық білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы "Доссор балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мақат аудандық білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы "Рыспай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады