Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 161 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – дендросаябақ) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті дендросаябаққа қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне дендросаябақтың жарғысына енгізілетін өзгерістерді бекітуге енгізуді;

      2) дендросаябақты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 сәуірдегі
№ 161 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      реттік нөмірі 31-жол алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын:

      "24. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".

      3. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 16-21-жол алып тасталсын.

      4. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiнде:

      "Алматы облысы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35

Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы

365,43

Еңбекшіқазақ ауданы, Ақтоғай кенті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады