Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысы.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 177 қаулысымен
бекітілген

Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі

      Халықаралық ұйымдар

      1. Азия Даму Банкі (АДБ/АDВ)

      2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ/WНО)

      3. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы

      4. Дүниежүзілік почта одағы

      5. Дүниежүзілік туристік ұйым

      6. Дүниежүзілік тағы табиғат қоры (WWF)

      7. Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ/GЕF)

      8. Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ/UNІСЕF)

      9. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ/ЕВRD)

      10. Еуропалық Комиссия (ЕК/ЕС)

      11. Еуропа Одағы (ЕО/ЕU)

      12. Ислам даму банкі (ИДБ/IDВ)

      13. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА/ІАЕА)

      14. Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ/ІВRD)

      15. Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көптарапты агенттік (ИККА/МIGА)

      16. Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ/IDА)

      17. Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі халықаралық қауымдастығы (INТАS)

      18. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ/ІLО)

      19. Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ)

      20. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO)

      21. Заңнамалық метрология жөніндегі халықаралық ұйым

      22. Халықаралық полиция (ИНТЕРПОЛ)

      23. Халықаралық көрмелер бюросы

      24. "Меrсу Соrрs Іntеrnаtіоnаl" халықаралық мейірбандық корпусы

      25. Халықаралық армия спорты одағы

      26. Халықаралық электр байланысы одағы

      27. Халықаралық статистика институты

      28. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК/ІFС)

      29. Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамдастығының халықаралық федерациясы (ІFRС)

      30. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ІFАD)

      31. Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ)

      32. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО/UNESСО)

      33. Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы (БҰҰ/UN)

      34. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО/FАО)

      35. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/OSСЕ)

      36. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ/ОЕСD)

      37. Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымы

      38. Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО/UNIDO)

      39. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕБ/UNV)

      40. Біріккен Ұлттар Ұйымының ЖИТС жөніндегі бағдарламасы (БҰҰ/ЖИТС/UNAIDS)

      41. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ/UNDP)

      42. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП/UNEP)

      43. Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарлама (ОАЭАБ/SРЕСА)

      44. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы (БҰҰ ЖКББ/UNHCR)

      45. Біріккен Ұлттар Ұйымының Есiрткi және қылмыс жөнiндегi басқармасы (БҰҰ ЕҚБ/UNODC)

      46. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қызметке арналған қоры (ЮНФПА/UNFPA)

      47. Орталық Азия менеджментті дамыту қоры

      48. Азия және Тынық мұхиты өңірі елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТӨЕАЭК/ЕSСАР)

      49. "Халықаралық түрме реформасы" (РRІ) халықаралық қоғамдық бірлестігі

      50. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО)

      51. Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ)

      52. ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қор

      Мемлекеттік ұйымдар

      53. Америка халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД/USAID)

      54. "Вrіtіsh Соunсіl" Британ кеңесі (БК/ВС)

      55. Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ)

      56. Дания халықаралық даму агенттігі (DANIDA)

      57. Ұлыбритания халықаралық даму департаменті (DFID)

      58. Египеттің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен ынтымақтастық жөніндегі қоры (ЕТМДЕТЫҚ/ЕFТССІS)

      59. АҚШ Мемлекеттік департаменті

      60. "АЕСІ" Испания халықаралық ынтымақтастық агенттігі

      61. Канада халықаралық даму агенттігі (СIDA)

      62. Канада қоры (Саnаdа Fund)

      63. Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (КОІСА)

      64. Қалпына келтіру жөніндегі кредиттік ведомство (КfW)

      65. Кувейт араб экономикалық даму қоры (КАЭДҚ/КFАЕD)

      66. Малайзия техникалық ынтымақтастық бағдарламасы (МТСР)

      67. НАТО-ның ғылыми комитеті

      68. Даму жөніндегі неміс қоғамы (DEG)

      69. Нидерландтың Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасы - РSO Бағдарламасы

      70. Нидерланды экономика институты (NЕІ)

      71. Сауд даму қоры (СДҚ/SDF)

      72. "Sеntеr" – Нидерланды Экономикалық істер министрлігінің агенттігі

      73. Үндістан Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасы (ІТЕС)

      74. Түркия халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ТІСА)

      75. Ұлыбританияның "Кnоw Ноw Fund" қоры (КНF)

      76. Израиль Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық орталығы (МАШАВ Бағдарламасы)

      77. Швеция даму агенттігі (SIDА)

      78. Швейцария инвестицияларға жәрдемдесу ұйымы (SOFІ)

      79. Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA)

      80. Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі (JBIС)

      81. "Ядролық қатерді азайту жөніндегі бастама" (NTI) америка қоры

      82. Америка азаматтық зерттеулерді дамыту қоры (СDRF)

      83. Абу Даби муниципалитеті

      Шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар

      84. Азияның дүлей зілзалаларды азайту орталығы (ADRS)

      85. "Үміт тізбегі" Франция кардиохирургтерінің қауымдастығы

      86. "Вrіtіsh Ехесutіvе Sеrvісеs Оvеrsеаs" Британ қоры (ВЕSO)

      87. Германия Қызыл Кресі (DRК)

      88. "Каритас" Германия қоғамы

      89. Германия академиялық алмасулар қызметі (DAAD)

      90. Карл Дуйсберг атындағы Германия қоғамы

      91. "Баршаға арналған нан" Германия мейірбандық қоғамы

      92. Германия алапестер қоғамы

      93. Германия халық мектептері бірлестігі

      94. Германия ашыққандарға көмек көрсету қоғамы

      95. Германия дамуға көмектің ортақ ынтымақтастығы қоғамы

      96. Германия өзара көмек серіктестіктері мен кассаларының бірлестігі

      97. Германия дамуға көмек көрсетудің еңбек қауымы

      98. "Дамуға көмек көрсету Мизереор/Орталығы" Германия қоры

      99. "Корlіngwerк" Германия үкіметтік емес ұйымы

      100. "Меdісо Іntеrnаtіоnаl" Германия үкіметтік емес ұйымы

      101. "Теrrе dеs Ноmmеs" Германия үкіметтік емес ұйымы

      102. "INKOTA – қолөнер" Германия үкіметтік емес ұйымы

      103. Германия халықаралық ынтымақтастыққа арналған жинақ кассалары қоры

      104. "САRЕ Dеutsсhlаnd" Германия үкіметтік емес ұйымы

      105. "SOS Кіndеrdorf е.V. Dеutsсhlаnd, Rеnаtаstr" Германия қоры

      106. "Неrмаnn-Gmеіnеr-Ғоnds е.V. Dеutsсhlаnd" Германия қоры

      107. "Аguіlа" Германия қоғамы

      108. "Сhrіstliсhе Вrudеrgеmеіnеdе Ғuldа" Германия қоры

      109. "DAHW" Германия үкіметтік емес ұйымы

      110. Германия педагогикалық алмасулар қызметі

      111. "Іntеrnаtіоnаlеr Ніlfsfоnds е.V." Германия қоры

      112. ГФР Евангелие дамуға көмек орталығы

      113. Түрме қызметтері халықаралық қауымдастығының Еуропа бюросы (Рrіsоn Fеllоwshір Іntеrnаrіоnаl)

      114. "Ашық қоғам" институты

      115. Сервантес институты (Іnstіtutо Сеrvаntеs)

      116. Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО)

      117. "Интер Национес" Испания институты

      118. "Мәдениет бейбітшілік үшін" Испания қоры (Fundасіоn "Сulturа dе Раz")

      119. Испания Қызыл Кресі (СRЕ)

      120. Канада жергілікті бастамалар бағдарламасы (Lосаl Іnіtіаtіvе Рrоgrаm)

      121. Канада климаттың өзгеруі жөніндегі бастамаларды қолдау қоры

      122. "Таза су" Корея халықаралық клубы

      123. Шетелдегі шығыс медицинасының корей қызметі

      124. "Қазақстан – Корея" Корея достық қоғамы

      125. Халықаралық сауда орталығы

      126. "Іntеrnаtіоnаl NGO Тrаіnіng аnd Rеsеаrсh Сеntеr (ІNTRАС)" Ұлыбритания үкіметтік емес ұйымы

      127. "Әлеуметтік ынтыматастық" Испанияның үкіметтік емес ұйымы (ОNG Соореrасіоn Sосіаl)

      128. "Қазақстандағы Миссиялар қауымдастығы" Испанияның үкіметтік емес ұйымы (Аsосіасіоn Міsіоn Каzаkhstаn ОNG)

      129. "Адали" Испанияның үкіметтік емес ұйымы (ОNG "Адали")

      130. "NUFFІС" Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Нидерланды ұйымы

      131. "НІVOS" дамушы елдермен ынтымақтастықтың Нидерланды гуманитарлық институты

      132. "ІАС" Нидерланды халықаралық ауыл шаруашылығы орталығы

      133. Иран Ислам Республикасы Қызыл жарты ай қоғамы

      134. "Аралды құтқарудың халықаралық қоры" қоғамдық қоры (ІFАS)

      135. Түрік мәдениеті мен өнері мәселелері жөніндегі біріккен комитет (ТЮРКСОЙ)

      136. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл жарты ай қоғамы

      137. ГФР мәдениет және білім министрлері тұрақты конференциясы

      138. "САRІТАS РОLSКА" Польша қоры

      139. АҚШ Үкіметінің гуманитарлық көмек бағдарламасы (СНАР)

      140. Саскачеван сауда және экспорт серіктестігі (SТЕР, Канада)

      141. "Франция – Қазақстан" достық федерациясы

      142. Александр Гумбольдт атындағы қор

      143. Конрад Аденауэр атындағы қор

      144. Фридрих Науманн атындағы қор

      145. Ганс Зайдель атындағы қор

      146. Генрих Белль атындағы қор

      147. Дамуды азаматтық зерттеулерді қолдау қоры (СDRF)

      148. Абу Даби даму қоры

      149. Әйелдердің даму қоры

      150. "Сорос – Қазақстан" қоры

      151. Фридрих Эберт қоры (Германия) (ФЭҚ/FЕS)

      152. ГФР Халықаралық көші-қон және даму орталығы

      153. "НІLКА (НІLF Каzакhstаn)" Швейцария қоры

      154. "Unіtеd Wау Іntеrnаtіоnаl" корпоративтік қоры

      155. "ІССО" Нидерланды қоры (Дамушы елдермен ынтымақтастыққа арналған шіркеуаралық ұйым)

      156. Заид бен Сұлтан Әл Нахаян атындағы қайырымдылық-ізгілік ұйымы

      157. Шейх Халиф Бен Заид Әл Нахаян қоры

      158. "International Fund for Houbara Conservation – Kazakhstan" (Интернешнл Фанд Фо Хубара Консервейшн – Казахстан)" корпоративтік қоры

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 177 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 38-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 507 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 293-құжат)

      4. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1214 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 645-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады