Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 274 қаулысы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің осы қаулыға қосымшаға сәйкес объектілерді республикалық меншiктен Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншiгіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 274 қаулысына
қосымша

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншiгіне берілетін Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Прибрежный ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 15,7084 гектар, кадастрлық нөмірі 15:220:024:148 жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын объектілердің тізбесі

Р/с

Атауы

Салынған (пайдалануға берілген, шығарылған) жылы

Өлшем бірлігі

Ауданы
(мөлшері)

1

2

3

4

5

1

Дренажды жүйесі бар және беті топырақ жасанды ұшу-қону жолағы

2016

ш. м

182 887

2

А бұру-жылжу жолы

2016

ш. м

14 053

3

Ұшақтарға арналған перрон

2016

ш. м

83 905

4

Жарық сигнал жабдығы

2016

жиынтық

1

5

Жарық сигнал жабдығының трансформаторлы қосалқы станциясы, жабдықтары бар

2016

ш. м

107

6

Алаңнан тыс электрмен жабдықтау желілері

2016

жиынтық

1

7

Байланыс желісі

2016

жиынтық

1

8

Ағынды сулар үстіндегі тазарту құрылыстары

2016

жиынтық

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады