Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 463 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 7-тармағына және 44-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында:

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің мынадай деректемелері болуға тиіс:";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбалары;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгі бар нормативтік құқықтық актілерде Заңның 22-бабында көрсетілген деректемелер қамтылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерінде Заңның 22-бабында көрсетілген деректемелер қамтылуға тиіс.";

      3-тармақта:

      9) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарының әрбір бетіне осы актiнi қабылдаған (келiскен) органның заң қызметiнің басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оның мiндетiн атқарушы (алмастырушы) адам қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтiк құқықтық шешімінің барлық парақтарының әрбір бетіне осы органда заңгер функциясын атқаратын адам не әкім, ол болмаған жағдайда – оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Нормативтік құқықтық актінің тақырыбында және мәтіні бойынша сөздерді буынға бөліп тасымалдауға жол берілмейді.

      Нормативтік құқықтық актінің негізгі түріндегі тақырып парақтың үстіңгі бөлігінің ортасында орналастырылуы тиіс.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актінің негізгі түріндегі тақырып парақтың сол жақ үстіңгі бөлігінде оң жағынан нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуі туралы мөртаңбаға ені кемінде 7,5 сантиметр (бұдан әрі – см) және ұзындығы кемінде 4 см орын қалдырыла отырып орналастырылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімінің негізгі түріндегі тақырып парақтың сол жақ үстіңгі бөлігінде оң жағынан нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуі туралы мөртаңбаға ені кемінде 7,5 см және ұзындығы кемінде 4 см орын қалдырыла отырып орналастырылуға тиіс.";

      12-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары мынадай параметрлер ("docx" кеңейтілімі бар мәтіндік редакторын қолдану арқылы) ескеріле отырып ресімделеді:";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының не олар болмаған жағдайда мiндеттерiн атқаратын адамдардың, сондай-ақ басқа келісушi адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен қол қою нәтижелерi нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi түріндегі мәтiнiнiң соңында орналастырылады.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтiк құқықтық акт үшін мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының не олар болмаған жағдайда, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдардың қолтаңбалары осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетiлген талаптар ескерiле отырып, негiзгi нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң соңында орналастырылады және елтаңбалық мөрмен куәландырылады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтiк құқықтық шешімі үшін әкімнің не ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адамның қолтаңбасы осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетiлген талаптар ескерiле отырып, негiзгi нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң соңында орналастырылады және елтаңбалық мөрмен куәландырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жоба мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы келісілгеннен кейін түпкілікті келісу келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не ол болмаған жағдайда, бірінші басшысының міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен ресімделеді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін уақытша атқару туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актінің түпнұсқасында түпкілікті келісу келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не ол болмаған жағдайда, бірінші басшысының міндетін атқарушы адамның бұрыштамасымен ресімделеді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін уақытша атқару туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Бұрыштама мемлекеттiк орган басшысының не ол болмаған жағдайда, бірінші басшысының мiндетiн атқарушы адамның лауазымының атауын, қол қоюшының жеке қолтаңбасын, қолтаңбасының толық жазылуын, күнi мен елтаңбалық мөрді қамтиды.

      Келiсу белгісі нормативтiк құқықтық актінің негiзгi түрiнiң соңғы парағының астыңғы сол жақ бұрышына орналасады және "КЕЛIСIЛДI" деген сөзден тұрады.

      Нормативтiк құқықтық акт екi немесе одан да көп мемлекеттiк органда келiсілген кезде, келiсу белгілері ұйымдардың ресми атауларының қазақ тіліндегі әліпби тәртiбімен орналастырылады.

      Бұл органдардың орыс тіліндегі ресми атаулары олардың қазақ тіліндегі жазылу тәртібіне сәйкес келуге тиіс.

      Егер мемлекеттік органдар атауларының бірінші сөздері бірдей әріптен басталған жағдайда, онда мемлекеттік орган атауының келесі әрпі ескеріледі.

      Мемлекеттік органдар болып табылмайтын ұйымдармен нормативтік құқықтық акт келісілген кезде нормативтік құқықтық актіге келісілгені туралы тиісті хат қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімін түпкілікті келісу келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не ол болмаған жағдайда, бірінші басшысының міндетін атқарушы адамның бұрыштамасымен ресімделеді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін уақытша атқару туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Бұрыштама мемлекеттiк орган басшысының не ол болмаған жағдайда, бірінші басшысының мiндетiн атқарушы адамның лауазымының атауын, қол қоюшының жеке қолтаңбасын, қолтаңбасының толық жазылуын, күнi мен елтаңбалық мөрді қамтиды.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Келісуге жіберген мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оның міндетін атқарушы (алмастырушы) адам нормативтік құқықтық актіні электрондық цифрлық қолтаңбасын қою арқылы келіседі.

      Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні келісуге жауапты болып айқындалған тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оның міндетін атқарушы (алмастырушы) адам келіседі.

      Жергiлiктi органда заң қызметі болмаған жағдайда, нормативтік құқықтық акті осы органда заңгер функциясын атқаратын адаммен, не мемлекеттік органның бірінші басшысымен, не ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адаммен келісіледі.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық акт үшін келісуге жіберген мемлекеттік органның және келісуші мемлекеттік органның заң қызметтерінің басшылары, заң қызметінің басшысы болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оның міндетін атқарушы (алмастырушы) адам, заң қызметі болмаған жағдайда – Қағидалардың осы тармағының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдар әрбір парағына қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

      "37-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімінің әрбір парағына осы органда заңгер функциясын атқаратын адам не әкім, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Бiрлесiп қабылданған не басқа мемлекеттiк органдармен келiсiлген "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтiк құқықтық актінi ұсынған кезде әзiрлеушi мемлекеттiк орган нормативтiк құқықтық актінің негiзгi де, туынды да түрiнiң бiрiншi парағында әрбiр қолтаңбаның тұсына мемлекеттiк органның аббревиатурасын жақшада қарындашпен жазу арқылы әрбір бетке қойылған қолдардың тиесiлігін көрсетедi.";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің бірлесiп қабылданған не басқа мемлекеттiк органдармен келiсiлген нормативтiк құқықтық шешімiн ұсынған кезде әзiрлеушi мемлекеттiк орган нормативтiк құқықтық актінің негiзгi де, туынды да түрiнiң бiрiншi парағында әрбiр қолтаңбаның тұсына мемлекеттiк органның аббревиатурасын жақшада қарындашпен жазу арқылы әрбір бетке қойылған қолдардың тиесiлігін көрсетедi.";

      "2-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу және олардың күшін жою тәртібі" деген 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу және олардың күшін жою тәртібі";

      39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Осы Қағидалардың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына ұсынылады.

      Алқалы мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердi ұсыну мерзімі осы актіні қабылдаған алқалы органның отырысы өткен күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

      Нормативтік құқықтық акт мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген не бірлескен акт қабылданған жағдайда көрсетілген акт мемлекеттік тіркеуге соңғы мүдделі мемлекеттік орган келіскен не қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      40. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актілер осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.

      Заңның 44-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтiк құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.

      Бірлескен нормативтік құқықтық актілерді бірлесіп қабылдаған орталық немесе жергілікті органдар күшін жойды деп таниды не тоқтата тұрады.

      Осы тәртіп өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.

      41. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін әділет органына мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) арқылы мемлекеттік органның бірінші басшысының, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде *docx форматындағы мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) нормативтік құқықтық акт;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша анықтама-негiздеме;

      3) егер нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік құқықтық актінің алдыңғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі.

      Нормативтік құқықтық актіге қазақ және орыс тілдерінде *pdf форматындағы мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) егер нормативтiк құқықтық акт жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын болса – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары;

      2) егер нормативтік құқықтық акт азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса – қоғамдық кеңестің ұсынымы;

      3) егер нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойса – міндеттерді атқаруды жүктеу туралы құжат;

      4) жүргiзiлуi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген тиiстi сараптамалық қорытындылар.

      Нормативтік құқықтық актілерге қосымшалар "excel" немесе "pdf" форматында да ресімделуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) ілеспе хат;

      2) нормативтік құқықтық актінің қазақ және орыс тілдеріндегі төлнұсқасы екі көшірмесімен баспа және электрондық түрде ұсынылады.

      Нормативтік құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда, онда осы актіні ұсынған мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдардың саны бойынша нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі төлнұсқаларын қосымша ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекiткен нысан бойынша қазақ және орыс тiлдерiндегі анықтама-негiздеме;

      4) егер нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін болса – енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік құқықтық актінің алдыңғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;

      5) егер нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойса – тиісті міндеттемелерді жүктеу туралы құжаттың көшірмесі.";

      мынадай мазмұндағы 41-2-тармақпен толықтырылсын:

      "41-2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімін мемлекеттік тіркеу үшін аумақтық әділет органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) ілеспе хат;

      2) нормативтік құқықтық актінің қазақ және орыс тілдеріндегі төлнұсқасы екі көшірмесімен баспа және электрондық түрде ұсынылады.

      Нормативтік құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда, онда осы актіні ұсынған мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдардың саны бойынша нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі төлнұсқаларын қосымша ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекiткен нысан бойынша қазақ және орыс тiлдерiндегі анықтама-негiздеме;

      4) нормативтiк құқықтық акт жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысының көшiрмелерi;

      5) нормативтік құқықтық акт азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын жағдайда, қоғамдық кеңес ұсынымдарының көшiрмесi;

      6) нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайда, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік құқықтық актінің алдыңғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;

      7) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған жағдайда, тиісті міндеттемелерді жүктеу туралы құжаттың көшірмесі;

      8) жүргiзiлуi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген тиiстi сараптамалық қорытындылардың көшiрмелері ұсынылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Осы Қағидалардың 41-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды осы актiнi қабылдаған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес органның заң қызметі басшысының мiндетiн атқарушы (алмастырушы) адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын қою арқылы келісіледі.

      Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда, онда мұндай акт мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің барлық басшыларының, олар болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес олардың міндетін атқарушы (алмастырушы) адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын қою арқылы келісіледі.

      Мемлекеттiк органда заң қызметi болмаған жағдайда, осы Қағидалардың 41-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген тиiстi құрылымдық бөлiмшенің басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес органның заң қызметі басшысының мiндетiн атқарушы (алмастырушы) адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын қою арқылы келіседі.

      Жергiлiктi органда заң қызметi болмаған жағдайда, осы Қағидалардың 41-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды осы актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органда заңгер функциясын орындайтын адам не жергiлiктi органның бiрiншi басшысы, ол болмаған жағдайда – жергілікті органның бірінші басшысының мiндетiн атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңбасын қою арқылы келіседі.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актіге берiлетiн анықтама-негiздемеге осы актiнi шығарған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес органның заң қызметі басшысының мiндетiн атқарушы (алмастырушы) адам қол қояды.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар бiрлескен нормативтiк құқықтық актiні ұсынған жағдайда, қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге оны мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оның мiндетiн атқарушы (алмастырушы) адам қол қояды.

      Мемлекеттiк органда заң қызметi болмаған жағдайда, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актіге берiлетiн анықтама-негiздемеге осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген тиiстi құрылымдық бөлiмшенің басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оның мiндетiн атқарушы (алмастырушы) адам қол қояды.

      Жергiлiктi органда заң қызметi болмаған жағдайда, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актіге берiлетiн анықтама-негiздемеге осы актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органда заңгер функциясын орындайтын адам не жергiлiктi органның бiрiншi басшысы, ол болмаған жағдайда – оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешіміне қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функциясын атқаратын адам не әкім, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу әділет органдарының актіде құқық нормасының болуы тұрғысынан заң сараптамасын жүргізуін және оны мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдауын, нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін айқындауын және мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуін қамтиды.

      Орталық органдардың нормативтік құқықтық актілеріне заң сараптамасын – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне аумақтық әділет органдары құжаттар табыс етілген күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Тиісті аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндiк аймақты белгiлеу (күшiн жою) туралы шешiм қабылдауды, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеуді (алып тастауды), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу құжаттар ұсынылған күннен кейін үш жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:

      "45-1. Заң сараптамасының нәтижелері бойынша әділет органдары нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы, не осындай актіні мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы, не актіні пысықтау үшін қайтару туралы шешім қабылдайды.

      Әділет органдары заң сараптамасын жүргізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актіні, егер осындай акті осы Қағидалардың 2-тармағының, 3-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының, сондай-ақ 4 – 33-тармақтарының талаптарын бұзып қабылданған жағдайларда, орталық немесе жергілікті органдарға пысықтау үшін жазбаша түрде МОИП арқылы жолдайды.

      Орталық және жергілікті органдар пысықтау туралы хат келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде әділет органдарының ескертулерін жою бойынша шаралар қабылдайды және осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттармен пысықталған нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына қайта ұсынады.

      Әділет органдары пысықталған нормативтік құқықтық акті МОИП арқылы қайта келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ескертулердің жойылуы, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан салыстыру жүргізеді.

      Егер нормативтік құқықтық актінің пысықталған нұсқасы белгіленген мерзімді бұзбай қайта енгізілген жағдайда, салыстырып тексеруден кейін әділет органдары мақұлдаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес болса, Қағидалардың осы тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер ішінде осындай актіні мемлекеттік тіркеу туралы шешімді орталық органдар үшін – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице-министр), жергілікті органдар үшін – аумақтық әділет органының басшысы не оның міндетін атқарушы адам қабылдайды.

      Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізіледі.

      Тиісті аумақта карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндiк аймақты белгiлеу (күшiн жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешім қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу құжаттар ұсынылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Егер әділет органдарының ескертулері жойылмаса не пысықталған нормативтік құқықтық акт белгіленген мерзімді бұза отырып енгізілсе не мерзімінде енгізілмесе, әділет органдары нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 50-тармағында көзделген негіздер бойынша нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, әділет органдары бас тартудың себептерін көрсете отырып, заң сараптамасын өткізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орталық немесе жергілікті органға МОИП арқылы электрондық құжат нысанында хат жолдайды.

      Егер нормативтiк құқықтық акт мемлекеттiк тiркеуге жiберiлгенге дейiн мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген болса, онда пысықтау барысында ол келісуші мемлекеттiк органдарға түскен кезде оны қарау және келісу мерзiмi түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

      Осы тармақтың барлық кезеңдерінде және осы Қағидалардың барлық мәтінінде мемлекеттік органдарға құжаттар МОИП арқылы электрондық құжат нысанында жұмыстан тыс уақытта түскен жағдайларда олардың түсу күні келесі жұмыс күні деп саналады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық акті үшін арналған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу рәсімі:

      1) актіде құқық нормасының болуы тұрғысынан заң сараптамасын жүргізуді және оны мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдауды, нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін айқындауды;

      2) орталық органның нормативтiк құқықтық актiсін мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындыны – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің немесе оның орынбасарының (вице-министрінің), жергiлiктi органда – аумақтық әділет органы басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бекітуін;

      3) нормативтiк құқықтық актiні оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне енгiзуді;

      4) негiзгi нормативтiк құқықтық актiнiң және оның көшірмесінің бiрiншi парағының жоғарғы оң жақ бұрышында нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртаңба қоюды қамтиды.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының және мөртаңбасының нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.";

      5) тіркелген нормативтік құқықтық актіні:

      нормативтік құқықтық актіні табыс еткен органға – төлнұсқасын;

      нормативтік құқықтық актінің көшірмесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында сақталуға қалдырылады.

      Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр жiберiлетiн данасына нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды қоса берiледi.";

      мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

      "47-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімін мемлекеттік тіркеу рәсімі осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімінің тіркелген бір көшірмесі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын) жіберіледі.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімін мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының және мөртаңбасының нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 47-2-тармақпен толықтырылсын:

      "47-2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық акт мынадай жағдайларда:

      1) негізгі нормативтік құқықтық актіде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген деректемелердің бiрi болмаса;

      2) осы Қағидалардың 41-1-тармағында көрсетілген құжаттар болмаса, әзірлеуші мемлекеттік органға бір жұмыс күні ішінде қаралмай қайтарылады.

      Мұндай жағдайда орталық немесе жергiлiктi орган анықтаған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетiлген мерзiм сақталған жағдайда оны қайта қабылдамастан, мемлекеттiк тiркеуге қайтадан ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімі осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген мерзімдер мен жағдайларда қаралмай қайтарылады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартылған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы акті шығарады және оны МОИП арқылы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.

      Бұл ретте алқалы түрде шешiм қабылдайтын орталық органдар және мәслихат кезектi (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде нормативтiк құқықтық актiнi жою туралы актiнi жібереді.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда, әділет органдарына Қағидалардың осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мерзімде нормативтік құқықтық актіні жою туралы актінің көшірмесі ұсынылады.

      Егер нормативтiк құқықтық акт бiрлесіп қабылданса және оны тiркеуден бас тартылған болса, онда мемлекеттiк органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда, олардың мiндеттерiн атқарушы адамдар нормативтiк құқықтық актiнiң күшін жою туралы бiрлескен акт шығарады.";

      мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:

      "51-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімі мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда, аумақтық әділет органына Қағидалардың 51-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде нормативтік құқықтық шешімнің күшін жою туралы актінің көшірмесі ұсынылады.";

      2) "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларында:

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімінің жобасын төлнұсқада қағаз жеткізгіште мемлекеттік органдарда түпкілікті келісу мерзімі мемлекеттік органға түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімінің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық шешімдердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық шешімінің жобасын төлнұсқада түпкілікті келісу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтiк құқықтық шешімінің барлық парақтарына келісуге жіберуші органда заңгер функциясын атқарушы адам, не әкім, не ол болмаған жағдайда – оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімінің жобасы МОИП арқылы келісілгеннен кейін нормативтік құқықтық шешім жобасының қағаз жеткізгіштегі төлнұсқасын түпкілікті келісу келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның бұрыштамасымен ресімделеді және мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін уақытша атқару туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, мөрмен куәландырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте 1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші, он екінші, он жетiншi, он сегiзiншi, жиырма үшінші, жиырма төртінші, отызыншы, отыз бірінші, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу үшінші, елу төртінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, бір жүз үшінші, бір жүз төртінші, бір жүз отыз екінші, бір жүз отыз үшінші, бір жүз отыз төртінші, бір жүз отыз бесінші, бір жүз қырық төртінші, бір жүз қырық бесінші, бір жүз елу бірінші, бір жүз елу екінші, сондай-ақ 2) тармақшасы 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады