Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 580 қаулысы.

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес объект республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Қызылорда облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген объектіні қабылдау - беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы каулы кол койылған күңінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2018 жылғы 20" қыркүйектегі
№ 580 қаулысына
қосымша

Республикалық меншіктен Қызылорда облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілетін объект

Р/с

Объект атауы

Түгендеу
немірі

Салынған
жылы

1

2

3

4

1.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Нығмет Нұрмақов, Жүсіп Қыдыров көшелері бойымен Ақмешіт мөлтек ауданына дейін, бұрыннан бар каналдың жағасымен Ыдырысов көшесі бойымен 1 -ші КНС-ке дейін, одан әрі Шымбай көшесі бойымен Сара Есова көшесінің жанындағы теміржол өткелінің тұсынан теміржолдың арғы бетіне өтіп, Титов қыстағының жанымен, Қызылжарма ауылдық округінің жерімен ағынды суларды биологиялық тазалау станциясына дейін орналасқан КНС-12- ден шығатын қысымды коллектор, Қызылорда қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазалау станциясына дейін Қызылорда қаласының аумағындағы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 3,9651 гектар, кадастрлық нөмірлері 10:156:041:1771, 10:156:041:1772 бөлінетін жер учаскелерінде орналасқан кадастрлық нөмірлері 10:156:004:1771:1, 10:156:041:1772:1 Қызылорда қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазалау станциясына дейінгі №1 және №12 кәріздік сорғы станциялары бар басты қысымды коллекторлар

233001000001

2007



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады