Шығыс Қазақстан облысына Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге 2013 жылы республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 620 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына 019 "Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша ұсынылған 6167349000 (алты миллиард бір жүз алпыс жеті миллион үш жүз қырық тоғыз мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредит негізгі қарызды өтеу мерзімдерін өзгерту бөлігінде мына тәртіппен қайта құрылымдалсын:

      1) 3200000000 (үш миллиард екі жүз миллион) теңге сомасындағы негізгі қарызды өтеу мерзімін 2018 жылғы 30 сәуірден 2018 жылғы 10 желтоқсанға өзгерту;

      2) 2800000000 (екі миллиард сегіз жүз миллион) теңге сомасындағы негізгі қарызды өтеу мерзімін 2018 жылғы 31 тамыздан 2020 жылғы 31 тамызға өзгерту (167349000 теңге 2018 жылғы тамызда өтеуге жатады);

      3) негізгі қарызға өсімпұлды (айыппұлдарды) қосымша келісім жасалған күні капиталдандыру және капиталдандырылған қарызды 2020 жылғы 31 тамызда өтеу.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады