Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 628 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 74), 151), 152), 420) және 432) тармақшалары "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кодекске сәйкес Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 42) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 49) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 263), 264), 265), 266), 267) және 268) тармақшалары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2018 жылғы 10 қазандағы
  № 628 қаулысына
  қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен
бекітілген
 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, уранды өндіру, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральды құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясы, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, "жасыл экономиканы" дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.

      10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы:

      бәсекеге қабілеттіліктің, ұлттық және энергетикалық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың энергия көздеріне өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға және "жасыл экономикаға" көшуін қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау.

      15. Міндеттері:

      1) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, уранды өндіру, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, "жасыл экономиканы" дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;

      2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;

      4) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) көмірсутектер, уран ресурстарын молайтуды қамтамасыз ету және шикі газды қоса алғанда, оларды ұтымды пайдалану;

      6) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғат ресурстарын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат тарату мен ағарту жүйесін дамыту;

      8) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыретін іске асыруды қамтамасыз ету;

      9) реттелетін салалардағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      10) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялар:

      орталық аппараттың функциялары:

      1) реттелетін салалардағы стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      2) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      3) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      4) қоғамдық кеңес құрады;

      5) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарайды;

      6) қоғамдық кеңес мүшелерінің Министрліктің және оның ведомстволарының жанындағы өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуын келіседі;

      7) қоғамдық кеңестің және оның жұмыс топтарының құрамында өкілдік етуді жүзеге асырады;

      8) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы Министрлік атынан өкілдіктің дербес құрамын айқындайды;

      9) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамын бекітеді;

      10)  қоғамдық кеңестің құрамын және ол туралы ережені бекітеді;

      11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      12) қоғамдық кеңеске азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобаларын талқылау және ұсынымдарды тұжырымдау үшін жібереді;

      13) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізуінің мерзімдерін келіседі;

      14) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы есепті қоғамдық кеңеске ұсынады;

      15) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      16) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      17) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      18) реттелетін салалардағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды;

      19) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілейді және бекітеді;

      20) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлейді және бекітеді;

      21) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      22) реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      23) климаттың өзгеруі саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;

      24) Министрліктің құзыреті шеңберінде бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;

      25) реттелетін салалардағы техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және өз құзыреті шегінде бекітеді;

      26) көмірсутектер саласында лицензиялауды немесе рұқсат ету рәсімдерін жүзеге асырады;

      27) рұқсат ету бақылауын жүзеге асырады;

      28) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;

      29) реттелетін саладағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      30) реттелетін саладағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      31) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      32) газ және газбен жабдықтау саласындағы, жер қойнауын пайдалану және мұнай тасымалдау, магистральдық құбыр саласында, көмірсутектер және уран өндіру саласында, электрмен жабдықтау және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау саласында, жабдықтарды жобалау, салу, оларды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласында, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      33) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;

      34) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді, бекітеді және бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      35) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттар жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;

      36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң құрамын бекітеді;

      37) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;

      38) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;

      39) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға өз құзыреті шегінде тапсырады;

      40) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын мұнай өнімдерін өндіру паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;

      41) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автокөліктерге жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автокөліктерге жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      42) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      43) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      44) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      45) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін келіседі;

      46) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын әзірлейді және бекітеді;

      47) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекітеді;

      48) Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      49) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      50) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      51) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын әзірлейді және бекітеді;

      52) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      53) көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезіндегі есептер нысаны мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      54) жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды әзірлейді және бекітеді;

      55) көмірсутектер бойынша және уран өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      56) құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;

      57) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;

      58) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;

      59) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      60) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондар өткізу жөніндегі комиссияның құрамын әзірлейді және бекітеді;

      61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      62) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;

      63) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      64) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      65) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келісімшарттың орындалу мүмкіндігін, мұнай экспорты үшін олардың аумақтарында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салуды және пайдалануды қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасасады;

      66) ішкі нарық қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде қайта өңдеу үшін мұнай беру графиктерін қалыптастырады;

      67) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында ресейлік мұнайды тасымалдау құнын бекітеді;

      68) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған келісімшарттар шарттарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      69) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлесін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      70) халықаралық төрелік және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын дауларды сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етеді;

      71) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды жүргізу жөніндегі комиссияның көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарын ұйымдастырады және өткізеді;

      72) басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      73) көмірсутектерді барлау және өндіру, уран өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады;

      74) базалық жобалау құжаттарының және әзірлемелер талдауларының тәуелсіз сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады;

      75) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге және уран өндiруге келiсiмшарт жасасады;

      76) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      77) көмірсутектерді барлау мен өндіруге, уранды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;

      78) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;

      79) жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді;

      80) көмірсутектер мен уранды барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын жаңғырту туралы шешім қабылдайды;

      81) көмірсутектер мен уран бойынша келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқаруға шарт жасасады;

      82) ұлттық компания мен құзыретті органның арасындағы тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;

      83) конкурс жеңімпазы немесе тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасатын тұлға әзірлеген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасын келіседі;

      84) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асырады;

      85) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

      86) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды;

      87) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;

      88) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;

      89) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат береді;

      90) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;

      91) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      92) теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін салу мен орналастыруға рұқсаттар береді;

      93) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      94) көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін жыл сайын бекітеді;

      95) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді;

      96) жыл сайын мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарларын бекітеді;

      97) мұнай өнімдерін жеткізу жоспарларын жыл сайын бекітеді;

      98) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      99) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      100) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерін өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;

      101) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бойынша барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай берушілер бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарын (кестелерін) ұсынады;

      102) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекітеді;

      103) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізу кестесін жер қойнауын пайдаланушылар үшін бекітеді;

      104) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      105) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;

      106) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;

      107) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;

      108) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін белгілейді;

      109) мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      110) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен мұнай өнімдерінің көтерме жеткізулеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;

      111) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      112) шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      113) шикі газды факелде жағуға рұқсаттар береді;

      114) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      115) газ желілері ұйымдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      116) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      117) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      118) магистральдық мұнай құбыржолдарын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбыржолдарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      119) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді;

      120) мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      121) жаңа магистральдық құбыржол салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      122) магистральдық құбыржолдарды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      123) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      124) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      125) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      126) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;

      127) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

      128) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      129) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвесторларға ілеспе газды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      130) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шарттарды жасасады;

      131) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      132) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;

      133) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      134) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндіру, өткізу және тұтыну теңгерімін жүргізуді ұйымдастырады;

      135) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізудің жоспарын ай сайын бекітеді;

      136) магистральдық газ құбыржолдарын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын келіседі;

      137) құжаттармен расталған мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі немесе тауарлық газдың бағасын сараптауды және бекітуді жүзеге асырады;

      138) Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидаларын әзірлейді;

      139) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсім бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;

      140) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді;

      141) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингін жүзеге асырады;

      142) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды теңгерімін жасайды;

      143) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін айқындайды;

      144) мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау кестесін жасау тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау кестесін бекітеді;

      145) тауарлық газды өндірушілерді, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерін, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарын есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін интернет-ресурста жариялайды;

      146) сұйытылған мұнай газын өндірушілерді, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутектерді өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерін, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелерін, газ желісі ұйымдарының және сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін интернет-ресурста жариялайды;

      147) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты береді;

      148) көмірсутектерді өндіру, өткізу және тұтынудың ұлттық теңгерілімін жүргізеді;

      149) Қазақстан Республикасы газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін әзірлейді;

      150) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін келіседі;

      151) мұнайды және газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекітеді;

      152) өндірістік объектілерді есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      153) мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      154) мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды;

      155) теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды белгілейді;

      156) азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      157) мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекітеді;

      158) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындауды және енгізуді жүзеге асырады;

      159) реттелетін салаларда техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастырады;

      160) техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейіне және олармен өзара байланысты стандарттарға талдау жүргізеді;

      161) реттелетін салаларда үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысады және үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасайды;

      162) реттелетін салаларда стандарттау бойынша техникалық комитеттерді, сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім бойынша зертханалар мен сәйкестігін растау жөніндегі органдар жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      163) стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысына қатысады;

      164) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптама кеңесін құруды жүзеге асырады;

      165) Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде және оны орындау үшін атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен қағидаларды әзірлейді, белгілейді және қабылдайды;

      166) атом энергиясын пайдалану саласында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі және бекітеді;

      167) өз құзыреті шегінде пайдаланылып болған отын немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      168) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде халықтың сәулелену дозасын бақылау мен есепке алу саласында мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      169) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекітеді;

      170) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын бекітеді;

      171) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;

      172) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекітеді;

      173) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекітеді;

      174) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;

      175) ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын бекітеді;

      176) радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекітеді;

      177) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді;

      178) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      179) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды;

      180) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      181) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарын бекітеді;

      182) иондандырушы сәулелену әсеріне байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысын анықтау тәртібін айқындайды;

      183) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсу бойынша әрбiр пайдаланушы ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайларын ескере отырып, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбiн бекiтедi;

      184) инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;

      185) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп:

      тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларын бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды);

      электр және жылу энергетикасы, магистральдық құбыржолдар арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, оны магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;

      энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;

      186) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;

      187) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтерді бекітеді;

      188) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

      189) электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;

      190) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзғаны және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      191) салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тарифті есептеу әдістемесін келіседі;

      192) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      193) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      194) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирдің үлгісін белгілейді;

      195) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      196) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс істеуінің және оны ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындайды;

      197) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      198) қосарлас (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау мен салуды келіседі;

      199) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      200) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      201) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      202) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      203) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      204) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

      205) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;

      206) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      207) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;

      208) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      209) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      210) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      211) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      212) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      213) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      214) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броні актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      215) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      216) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      217) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      218) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      219) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      220) электр желілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      221) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      222) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      223) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      224) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      225) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      226) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      227) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      228) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      229) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      230) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      231) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      232) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      233) электр қуатын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;

      234) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау қондырғыларын салуға тендер өткізеді;

      235) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау қондырғыларын салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;

      236) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялау қондырғыларын салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;

      237) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;

      238) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

      239) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау қондырғыларының құрылысына арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      240) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      241) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау қондырғыларын салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      242) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      243) жүйелік операторды айқындайды;

      244) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      245) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      246) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      247) электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      248) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      249) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу тендерлер жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

      250) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасады;

      251) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      252) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      253) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;

      254) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;

      255) генерациялау қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      256) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

      257) бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      258) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      259) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      260) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;

      261) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;

      262) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      263) үлгілік инвестициялық шартты әзірлейді және бекітеді;

      264) шекті тарифтерді бекітеді;

      265) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;

      266) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерінің және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

      267) энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастырады;

      268) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілген жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;

      269) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      270) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      271) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      272) жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      273) қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      274) басым шартты тұтынушылар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі;

      275) аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      276) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;

      277) аукциондық сауда-саттықты өткізу мерзімдерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша жоспарланып отырған қуат шамаларын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері орналастырылатын болжамды аймақтарды (аудандарды) айқындайды;

      278) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;

      279) энергия өндiрушi, энергия беруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждарына электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;

      280) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі;

      281) климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

      282) климатты және Жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады;

      283) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      284) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      285) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

      286) табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;

      287) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады және жыл сайын ақпараттық шолу жасайды;

      288) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

      289) экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады;

      290) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғат ресурстарына мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;

      291) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      292) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібін айқындайды;

      293) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін белгілейді;

      294) қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді;

      295) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды;

      296) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды;

      297) қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды;

      298) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды береді;

      299) парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді;

      300) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      301) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;

      302) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;

      303) аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын белгілейді;

      304) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды;

      305) озық қолжетімді технологиялардың тізбелерін әзірлейді және оның тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      306) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      307) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

      308) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;

      309) өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын айқындайды;

      310) тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын айқындайды;

      311) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;

      312) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;

      313) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;

      314) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Қазақстан Республикасының Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін әзірлейді;

      315) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;

      316) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;

      317) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын әзірлейді;

      318) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      319) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      320) қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесін бекітеді;

      321) спутниктік навигациялық жүйелердің деректері бойынша қалдықтарды әкетуге мамандандырылған көлік құралдарының қозғалысын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;

      322) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;

      323) Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;

      324) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады;

      325) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлейді;

      326) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      327) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      328) квоталар көлемінің резервін басқаруды жүзеге асырады;

      329) жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін Министрліктің интернет-ресурсында өткен жылғы:

      қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпаратты орналастырады;

      330) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      331) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

      332) міндетті экологиялық аудитті өткізу туралы шешім қабылдайды және міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді;

      333) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер мен меморандумдар жасасады;

      334) қоршаған ортаның авариялық ластануына әкеп соқтырған келтірілген зиянның және сақтандыру жағдайының залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылатын құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді;

      335) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына сарқынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

      336) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;

      337) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді;

      338) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестерді құрады;

      339) әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін айқындайды;

      340) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      341) өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібін және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      342) қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      343) мыналарды:

      қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;

      мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені;

      табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;

      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;

      қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;

      мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;

      техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;

      Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасу тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмдерiн;

      парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;

      парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;

      парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;

      сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторингті, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;

      қондырғы паспортының нысанын;

      парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;

      парниктік газдар шығарындыларын өлшеу мен есепке алуды стандарттау тәртібін;

      парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларының азайюын және сіңірілуін есептеу әдістемелерін;

      жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;

      көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;

      ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерін;

      эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластауыш заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;

      қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталармен және мiндеттемелермен сауда жасау тәртiбiн;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;

      ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;

      парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;

      парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;

      қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын ;

      парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын;

      Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын;

      Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін;

      жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін;

      мыналар:

      қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер;

      қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпарат ұсынудың нысандарын;

      қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты;

      қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын;

      тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін;

      мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану қағидаларын бекітеді;

      344) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасының стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      345) топырақта химиялық заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясын бекітеді;

      346) қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекітеді;

      347) тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесін бекітеді;

      348) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекітеді;

      349) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекітеді;

      350) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;

      351) қондырғы операторы әзірлеген парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін келіседі;

      352) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      353) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу жөніндегі бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;

      354) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 47-бабының 1-тармағында көзделген объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;

      355) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

      356) Қоршаған орта мен табиғат ресурстары мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде бақылау желілерін құруды келіседі;

      357) мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсіптік білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын келіседі;

      358) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      359) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады;

      360) жастар ұйымдарымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      361) жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

      362) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;

      363) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметін даму стратегиясын және инвестициялық саясатын келіседі;

      364) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін бекітеді;

      365) жер қойнауын пайдаланушының қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау түрлерін және әдістерін айқындау тәртібін белгілейді;

      366) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және Жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін айқындайды;

      367) парниктік газдар эмиссиялары мен сіңірулеріне жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;

      368) мыналарды:

      мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;

      қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді;

      369) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;

      370) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;

      371) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы халықаралық шарттарды іске асыру жөніндегі бөлінген орталық функциясын жүзеге асырады;

      372) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісу рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функцияларын жүзеге асырады;

      373) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

      374) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

      375) қалдықтар сыныптауышын бекітеді;

      376) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

      377) нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін айқындайды;

      378) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторын айқындайды;

      379) озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес белгілейді;

      380) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;

      381) тұрмыстық қатты қалдықтар саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      382) электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      383) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;

      384) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;

      385) электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосатын ең жақын нүктені айқындау тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

      386) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      387) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      388) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      389) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;

      390) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      391) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      392) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;

      393) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

      394) резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      395) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      396) мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      397) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      398) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімділікті сақтауды қамтамасыз етеді;

      399) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті анықтайды;

      400) Министрліктің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      401) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;

      402) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырады;

      403) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында орналастырады;

      404) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына ақпарат орналастырады;

      405) ақпарат берудің сапасы мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізеді;

      406) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;

      407) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      408) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      409) төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залалдар мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеу орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шараларын қабылдайды;

      410) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      411) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындайды;

      412) Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын енгізу туралы шешім қабылдайды;

      413) атом энергетикасы, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

      414) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтар мониторингі жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;

      415) әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасының мәнін белгілейді;

      416) жер қойнауына жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      417) басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      418) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын әзірлейді және бекітеді;

      419) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      420) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсын пайдалану арқылы электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      421) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      422) көмірсутектерді барлау және өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      423) көмірсутектерді барлау және өндіру, уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      424) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      425) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      426) мұнай жеткізу кестесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      427) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекітеді;

      428) көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үйлестіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      429) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын және нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      430) қазақстандық кадрларды және көмірсутектер мен уранға қатысты өндірушілерді қолдау саласындағы операторды айқындайды;

      431) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғандағы тізілімін жасау және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      432) базалық жобалау құжаттарының және әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама операторын айқындайды;

      433) шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алу операторын айқындайды;

      434) жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      435) көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      436) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

      437) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;

      438) жұмыс бағдарламалары нысандарының мазмұнын әзірлейді және бекітеді;

      439) табиғи нысандағы міндеттемелерді орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      440) салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      441) салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердiң аумағына тұрақсыз конденсатты өткізу бойынша айналымдарына нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      442) салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынатын, газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      443) құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      444) жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықтарды және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін келіседі;

      445) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты келіседі;

      446) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты келіседі;

      447) жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге өткізуді келіседі;

      448) өз құзыреті шегінде көмірсутектер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және бекітеді;

      449) көмірсутектер саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      450) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;

      451) жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      452) мұнайды және шикі газды өндіру мен олардың айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізеді;

      453) көмірсутектерді өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық теңгерімін жүргізеді;

      454) өз құзыреті шегінде уран өндіру саласындағы құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      455) уран өндіру саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      456) уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;

      457) уран өндіру бойынша жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      458) уран өндіру кезінде жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      459) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      460) мемлекеттің басым құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      461) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларға тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      462  Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      ведомстволардың функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      5) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      7) өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;

      8) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;

      9) жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      10) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілері мен жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

      11) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;

      12) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

      13) электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

      14) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;

      15) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;

      16) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады;

      17) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi;

      18) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерді жүзеге асырады;

      19) мерзiмдер мен орындауға жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;

      20) мыналарды:

      электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуына;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын;

      электр және жылу энергиясын тұтыну, тарату өндіру тәртібін оңтайландыруды, ұтымды және үнемді пайдалануды;

      электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;

      21) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы, атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      22) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді;

      23) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;

      24) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;

      25) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

      26) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      27) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      28) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      29) ядролық материалдардың және иондандырушы сәулеленудің басқа да көздерінің экспортын, импортын, орнын ауыстыруды, транзитін және орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;

      30) атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылауды жүзеге асырады;

      31) ядролық материалдарды және иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;

      32) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;

      33) ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, иондандырушы сәулелену көздерінің жабдықтардың, қондырғылары, технологиялары, екіұдай (мақсаттағы) пайдаланылатын жабдық және оларды шығаруға байланысты жұмыстардың тиісті тауарлар мен технологиялардың, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензия беруін келіседі;

      34) сарапшы ұйым ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жататын есептеу әдістемелерін келіседі;

      35) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттардың Қазақстан Республикасының аумағында әрекетін қолданады;

      36) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;

      37) иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;

      38) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;

      39) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді;

      40) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;

      41) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;

      42) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      43) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі;

      44) санкциясыз қол жеткізуге, санкциясыз алып қоюға немесе диверсия жасауға байланысты немесе олар іс жүзінде жасалған оқиға болған жағдайда, оқиға себептері, олардың жай-күйі және салдары, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы пайдаланушы ұйымның есебін қарайды;

      45) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы пайдаланушы ұйымнан ақпарат алады;

      46) ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;

      47) радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;

      48) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар тізілімін жүргізеді және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады;

      49) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімі туралы дерекқорда қамтылған мәліметтерді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке ұсынады;

      50) иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды жүзеге асырады;

      51) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, олардың орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын деректерді алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;

      52) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, олардың орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері туралы, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түріне лицензияның бар-жоғы, экспортқа немесе импортқа лицензияның бар-жоғы туралы алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпаратты тексереді;

      53) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін тестілеу сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      54) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізетін комиссияны құрады;

      55) пайдаланушы ұйым ұсынатын жергілікті жобалық қауіп-қатер жоспарын келіседі;

      56) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды, талдауды және радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін бекітуді жүзеге асырады;

      57) атом энергиясын пайдалану саласында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі;

      58) пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;

      59) техникалық регламент талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олардың шығарылған елінде бекітілген талаптарына сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері және элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;

      60) қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарастыру нәтижелері бойынша қорытынды береді;

      61) қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын белгілейді;

      62) ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;

      63) техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін элементтер жүйелерін тіркеуді, сондай-ақ тіркеуден алуды жүзеге асырады;

      64) ядролық қондырғыларды пайдалану жобалау құжаттамасын, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;

      65) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттерді жүргізу әдістемесін келіседі;

      66) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;

      67) ядролық қондырғының әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;

      68) пайдаланушы ұйым әзірлеген белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;

      69) бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуларды, атом станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалары мен жүйелерінің өзгерістерін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген атом станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгерістерін келіседі;

      70) арнайы қабылдап алуға тиісті жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;

      71) әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттың және өзге де куәліктердің нысанын келіседі;

      72) қолданыстағы жабдық пен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттерді жүргізуді келіседі;

      73) атом станциясының әкімшілігі бекіткен жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және атом станциясының жүйелерін, жабдығын және құбырларын пайдалану бойынша жұмыс көлемдерін азайтуды келіседі;

      74) жабдықты және құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге және атом станциясының жүйелерін жұмыс параметрлері кезінде пайдалануға рұқсаттар береді;

      75) атом станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;

      76) отынды және атом станциялары белсенді аймағының компоненттерін сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;

      77) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгі мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;

      78) иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерін айқындайды;

      79) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелендіру көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;

      80) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;

      81) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;

      82) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді;

      83) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;

      84) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;

      85) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      86) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      87) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді;

      88) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;

      89) ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;

      90) радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;

      91) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;

      92) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      93) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді;

      94) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;

      95) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыныс енгізеді;

      96) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін әзірлейді;

      97) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;

      98) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарын әзірлейді;

      99) ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;

      100) осы тармақта және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      101) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;

      102) апелляциялық комиссия құрады;

      103) апелляциялық комиссияның регламентін, ережесін және құрамын бекітеді;

      104) шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырады;

      105) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      106) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарын келіседі;

      107) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;

      108) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      109) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;

      110) өндірістік және басқа да сарқынды суларды теңізге төгу үшін, осындай сулар белгіленген нормативтерге дейін тазартылған жағдайда рұқсаттар береді;

      111) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;

      112) тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;

      113) жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасын келіседі;

      114) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      115) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: табиғатты пайдалануды жобалау, шаруашылық және өзге де қызметтердің I санаты үшін нормалау);

      116) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар береді;

      117) міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      118) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;

      119) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;

      120) ең озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      121) экологиялық қауіпті технологиялар, техникалар мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;

      122) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына;

      қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуіне;

       жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;

      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуына;

      қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік процестерден жер қойнауының сақталуына;

      жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;

      жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;

      жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезінде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;

      пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына;

      зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды сулардың жер қойнауына төгілуіне;

      су сапасы нормативтерінің сақталуына;

      атмосфералық ауаны қорғау, оның ішінде көлік және басқа да қозғалыс құралдарын пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге де талаптардың сақталуына;

      қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;

      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуына;

      қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу ережелерiнiң сақталуына;

      экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуына;

      өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың  белгіленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;

      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуына;

      өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен қағидаларының сақталуына;

      мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптардың сақталуына;

      міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптардың сақталуына;

      қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;

      Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартында көрсетілген талаптардың сақталуына;

      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      123) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      124) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      125) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      126) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      127) әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;

      128) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;

      129) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      130) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      131) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды күтіп-ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      132) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;

      133) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;

      134) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер бағдарламаларын келіседі;

      135) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;

      136) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      137) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      138) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      139) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша шешімдерді өз бетінше қабылдау;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      4) өз құзыреті шегінде орындау үшін нормативтік құқықтық актілерді және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды қабылдау;

      5) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе уәкілетті органдардың қарауына осындай актілердің бастамашылық жобаларын беру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      6) орталық және жергілікті атқарушы органдарға олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      7) Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      8) халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгізу, шетелдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;

      9) тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттер.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      18. Министрлікті басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Министрліктің бірінші басшысы болып табылады.

      19. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.

      20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

      2) өз қызметінде өзінің бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өкілдік етеді;

      4) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;

      5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      6) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;

      7) ведомстволар актілерінің қолданысын жояды, толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

      8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      9) тиісті Үкімет шешімі қабылданған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет тікелей және жанама қатысатын коммерциялық ұйымдарда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіреді;

      10) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

      23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Министрліктің мүлкі

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.

      25. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамы.

      2. "ДостықЭнерго" акционерлік қоғамы.

      3. "Жасыл даму" акционерлік қоғамы.

      4. "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы.

      5. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы.

      6. "Өндірістік-пайдалану кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      7. "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті.

      17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі

      "Капиталмұнайгаз" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады