"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 651 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына тағайындалады және төленеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия мөлшері жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2018 года № 651.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 7, ст. 67) следующие изменения:

      в Правилах назначения, выплаты и размерах государственных стипендий обучающимся в организациях образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Государственная стипендия назначается и выплачивается студентам, интернам, магистрантам, докторантам, слушателям резидентуры, слушателям подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования, обучающимся в организациях образования по государственному образовательному заказу по очной форме обучения.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Слушателям подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования размер государственной стипендии устанавливается на уровне 85 (восемьдесят пять) процентов от размера ежемесячной государственной стипендии студентов, обучающихся в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан Б. Сагинтаев