"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 691 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 40, 302-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы лицензиарды және ақпаратты криптографиялық қорғау саласында екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті органды айқындау туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

      1) мыналар:

      жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу;

      ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;

      ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар;

      2) "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат" екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады