Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 752 қаулысы.

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің балансынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығымен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 752 қаулысына
қосымша

Республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің балансынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі

Р/с №

Атауы

Мүкәммалдық нөмірі

Салынған жылы

Объектінің ауданы
(ш.м.)

Жер учаскесінің ауданы
(га)

Орналасқан жері

1

Жатақхана

232202000025

2006 жыл

1739,4

0,2272

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын үй алабы, Шортанбай ақын көшесі, 2А-үй,

2

Кешен

232202000026

2006 жыл

2152,2

0,2397

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын үй алабы, Шортанбай ақын көшесі, 2-үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады