"Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 819 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президенті қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
     

Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:

      1) "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат):

      1-тармақтың 14) тармақшасы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне;" деп жазылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне ерекше мәртебе берілсін.";

      2) "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығында      (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:

      "11. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады