Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 837 қаулысы.

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік мүлік республикалық меншіктен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 837 қаулысына
қосымша

Республикалық меншіктен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі

Р/с

Атауы
 

Кадастрлық нөмірі

Жалпы ауданы

Орналасқан жері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

Жалпы ауданы 0,5 га жер учаскесінде орналасқан әкімшілік ғимарат (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 06-091-062-131)

06:091:062:131/А
 

826,6 ш.м.

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговской а/о, Луговой ауылы, Смат Есімұлы көшесі, 2Б ғимарат

Құрылыстың бастапқы құны:
233 775 987,87 теңге.
Амортизация:
131 599 744,1 теңге.
Теңгерімдік (қалдық) құны:
102 176 243,77 теңге.

2

Қызметтік иттерге арналған вольер

06:091:062:131/Б

93,72 ш.м.

3

Гараж

06:091:062:131:1/Д

193,5 ш.м.

4

Қойма

06:091:062:131/В

182,15 ш.м.

5

Қалқа

06:091:062:131/в

101,7 ш.м.

6

От жағу орны

06:091:062:131/А1

17,7
ш.м.

7

Жалпы ауданы 0,5 га жер учаскесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 06-091-064-619) оның ішінде:

6:091:064:619: 3/А

127,6 ш.м.

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговской а/о, Луговой ауылы, Жамбыл көшесі, 2Б үй

Құрылыстың бастапқы құны:
150 479 752 теңге.
Амортизация:
19 562 367,79 теңге.
Теңгерімдік (қалдық) құны:
130 917 384,21 теңге.

6:091:064:619:3/Б

127,6 ш.м.

6:091:064:619:3/В

140,0 ш.м.

8

Өртке қарсы резервуар – 1 дана

06:091:064:619:3/I

-

9

Алаңқай – 1 дана

06:091:064:619:3/II

-

10

Автотұрақ – 1 дана

06:091:064:619:3/III

-

11

Трансформаторлық кіші станция – 1 дана

06:091:064:619:3/IV

-

12

Қатты қалдықтарды жинақтауыш – 1 дана

06:091:064:619:3/V

-

13

Қоқыс жинақтауыш – 1 дана

06:091:064:619:3/VI

-

14

Жалпы ауданы 1,5 га жер учаскесінде орналасқан құрылысы аяқталмаған 2 (екі) тұрғын үй объектісі (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 06-090-011-417)

-

-

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай а/о, Қордай ауылы, Орталық көшесі, 18-үй

Құрылыстың бастапқы құны:
149 124 488,20 теңге
Теңгерімдік (қалдық) құны:
149 124 488,20 теңге.

15

Жалпы ауданы 1,0 га жер учаскесінде орналасқан құрылысы аяқталмаған тұрғын үй объектісі (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 06-092-058-1951)

-

-

Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Аңдас батыр а/о, 058-есептік квартал, 1951-уч.
 

Құрылыстың бастапқы құны: 154 546 900 теңге.
Теңгерімдік (қалдық) құны:
154 546 900 теңге.
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады