Байланыс формасы

"Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 871 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбындағы "ережесін" деген сөз "қағидаларын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "ережесі" деген сөз "қағидалары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:

      тақырыбындағы "ережесі" деген сөз "қағидалары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақтағы "ережесі" деген сөз "қағидалары" деген сөзбен және "Ереже" деген сөз "Қағидалар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау кадрларды даярлау бағыттары бойынша да жүзеге асырылады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі";

      13-тармақтағы "Ереженің" деген сөз "Қағидалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бітіруші курстардың (олар болмаған жағдайда – жоғарғы курстардың) білім алушыларының білімі мен іскерлігін тексеру үшін әскери, арнаулы оқу орындарында – қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      26-тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде "Ереженің" деген сөз "Қағидалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорытынды осы Қағидалардың 7-тармағында келтірілген мемлекеттік аттестаттау кезіндегі зерделеу объектілері жөніндегі мәліметтерден тұрады, сондай-ақ мынадай бөлімдерді қамтиды: шығармашылық қызмет (өнер саласындағы орта білім беру ұйымдары үшін); кадрларды даярлау бағыттарын аттестаттау; сауалнама нәтижелері; кемшіліктер мен ескертулер (бұдан әрі – бұзушылықтар); тұжырымдар мен ұсыныстар.";

      30-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары мен кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқитын білім алушылар туралы мәліметтер;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы анықтамалар.";

      33-тармақтағы "Ереженің" деген сөз "Қағидалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың оныншы, он бесінші, он сегізінші, жиырма бірінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының 1-тармағының оныншы абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар және кадрларды даярлау бағыттары бойынша да жүзеге асырылады.".

      4. Осы қаулының 1-тармағының он бесінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Бітіруші курстардың (олар болмаған жағдайда – жоғарғы курстардың) білім алушыларының білімі мен іскерлігін тексеру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттері және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктері, әскери, арнаулы оқу орындарында – қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.".

      5. Осы қаулының 1-тармағының он сегізінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Қорытынды осы Қағидалардың 7-тармағында келтірілген мемлекеттік аттестаттау кезіндегі зерделеу объектілері жөніндегі мәліметтерден тұрады, сондай-ақ мынадай бөлімдерді қамтиды: шығармашылық қызмет (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін); мамандықтарды немесе кадрларды даярлау бағыттарын аттестаттау; сауалнама нәтижелері; кемшіліктер мен ескертулер (бұдан әрі – бұзушылықтар); тұжырымдар мен ұсыныстар.".

      6. Осы қаулының 1-тармағының жиырма бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары, мамандықтар немесе кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқитын білім алушылар туралы мәліметтер;".

      7. Осы қаулының 1-тармағының жиырма үшінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "6) мамандықтар немесе кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы анықтамалар.".

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады