Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 40 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3-1 және 3-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

3-1.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

Әділетмині,
ЖС (келісім бойынша)

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Н.В. Пан,
А.Қ. Қыдырбаева

3-2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Н.В. Пан,
А.Қ. Қыдырбаева

      ";


      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген жолдан кейін "ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген жолмен толықтырылсын;

      "ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі" деген жолдан кейін "Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген жолмен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады