"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 260 қаулысы.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына және 39-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 618-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды екі жылдан аспайтын мерзімге белгілеуге құқылы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау:

      1) конституциялық құрылыс негіздерін қорғауға;

      2) елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      3) ішкі нарықты қорғауға;

      4) ұлттық экономиканы дамытуға;

      5) отандық тауар өндірушілерді қолдауға белгіленуі мүмкін.";

      8-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның реттік нөмірі 6-жолы алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады