"Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 267 қаулысы.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайынғы негізде:

      1) Астана халықаралық форумын өткізуді қаржыландыруды;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.02.2023 № 130 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады