Байланыс формасы

Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдарының шассиі паспорттары) және өзі жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 270 қаулысы

      "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдарының шассиі паспорттары) және өзі жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады