Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 293 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) жалпы ауданы 49,7306 гектар жері селден қорғау бөгеттерін салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне беруді;

      2) табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн және алынған сүректі ұлттық парктің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 16 мамырдағы
№ 293 қаулысына
қосымша

Селден қорғау бөгеттерін салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

      гектармен

Атауы

Жалпы ауданы

Оның ішінде:

орманды алқаптар

орманды алқаптардың жиыны

ормансыз жерлер

ормансыз алқаптардың
жиыны

орман көмкерген

оның ішінде

тұтаспаған
орман
дақылдары

орман көмкермеген

жайылымдар

су

басқа жерлер

орман
дақылдары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

"Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жерлері

 
49,7306

 
17,4824

 
17,4824

 
0,0099

 
0,3261

 
17,8184

 
18,5264

 
7,2031

 
6,1827

 
31,9122

Барлығы:

49,7306

17,4824

17,4824

0,0099

0,3261

17,8184

18,5264

7,2031

6,1827

31,9122


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады