Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 294 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің балансынан "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 16 мамырдағы
№ 294 қаулысына
қосымша

"Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі


Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Зауыттық
(номенклатурлық) нөмірі

1

1-сериялы Д-136 авиациялық қозғалтқыштар

дана

1

2251362001001

2

1-сериялы Д-136 авиациялық қозғалтқыштар

дана

1

2251361001062

3

Отын құйғыш жабдық

жиынтық

1

275-011

4

Рульдік бұранда төлкесінің астына қойылатын тіреуіш

дана

1

209-9920-3100

5

Көтергіш бұранданың төлкелерін бағдарлауға арналған құрылғы

дана

1

90-9943-3000

6

Көтергіш бұранда қалақтарының астына қойылатын құрылғы

дана

2

90-9915-00-05

7

Көтергіш бұранда қалақтарының астына қойылатын құрылғы

дана

2

90-9915-00-03

8

Көтергіш бұранданың қалағын көтеруге арналған ілмек

дана

1

90-9923-00

9

Сүйрейтін жетектегіш

дана

1

А3104-0000-0

10

Рульдік бұранданың төлкесін көтеруге арналған ілмек

дана

1

50-9901-00

11

Көтергіш бұранда қалақтары бекіткішінің бағыттаушы бұрандамасы

дана

2

90-9102-59

12

Рульдік бұранда төлкелерін тартуға арналған кілт

дана

1

90-9904-00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады