"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 299 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 68, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірлері 3, 4-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:

      "

16-1.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

Қаңтар

Қаңтар

Тамыз

Б.Ш. Шолпанқұлов

      ";

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

Тамыз

Қыркүйек

Қараша

С.Қ. Есімханов

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-2-жолмен толықтырылсын:

      "

127-2.

Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын
қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

ҰЭМ

Қазан

Қараша

Желтоқсан

А.Д. Жұмабеков

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады