"Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 319 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Орталық атқарушы органдарды салалық белгісі бойынша бір қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) басқару пунктінде бірге орналастыруға рұқсат етіледі.

      3-2. Жылжымалы басқару пункттері азаматтық қорғаудың республикалық қызметтерін қамтамасыз етуге және олардың жұмыс істеуіне жауапты орталық атқарушы органдарда, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жергілікті атқарушы органдарында құрылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын бейбіт уақытта пайдалану кезінде паналаушылардың болуына және 12 сағат ішінде паналаушыларды қабылдау үшін әзірлікке келтіруге, ал атом станциялары мен күшті әсер ететін улы заттарды пайдаланатын ұйымдарда паналаушыларды шұғыл қабылдауға арналған жағдайларды қамтамасыз ететін талаптар орындалады.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының үй-жайлары "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары" ҚР ҚН 2.03-03-2014 және ҚР ҚҚ 2.04-101-2014 талаптарына сәйкес пайдаланылады.

      22. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын қойма үй-жайлары, автомобиль тұрақтары, шеберханалар ретінде пайдаланған кезде үй-жайларды құрылыстың есептік сыйымдылығынан (сақтауда тұрған мүліктен босатпастан) паналаушылардың 50 %-ын қабылдауды қамтамасыз ететіндей жүктеуге жол беріледі. Паналайтын жер режиміне ауыстыру кезінде үй-жайларды мүліктен босату 12 сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Мүлікті орналастыру және қоймаға сақтау техникалық үй-жайлар мен инженерлік-техникалық жабдықтарға үнемі еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады