Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 379 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, мынадай құрамда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) құрылсын:

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

– Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, төраға

Темірбеков
Дәурен Әденұлы

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселесі бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары

Сәрсенбай
Ержан Нұрланұлы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры

Байғожина
Айгүл Мырзатайқызы

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары

Нөпіров
Жәнібек Мақсұтұлы

– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)

Перепечина
Ольга Владимировна

– Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Өксікбаев
Омархан Нұртайұлы

– Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

Плотников
Константин Федорович

– Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

Вахидов Батур Алчинович

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Монетарлық операциялар департаментінің талдау және тәуекел-менеджмент басқармасының бастығы (келісу бойынша)

      2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2019 – 2020 жылдарға арналған жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурс өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын анықтасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады